Шошқаларға тәуліктік азық рационын құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Шошқаларды күтіп-бағу және шошқалардың
өсіп-өну ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-6
2.2. Шошқаны азықтандыру нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-9
2.3. Мегежіндерді күтіп-бағудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... 10-14
2.4. Торай емізетін мегежіндерді азықтандыру нормалары ... ... ... ... ...15-19
2.4. Буаз мегежіндерді азықтандыру нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... 20-21
2.5. Торайларды азықтандырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ..22-25
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26-27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28-29

І. КІРІСПЕ БӨЛІМ

Шошқа шаруашылығы ет өндіруді шапшаң ұлғайтуға болатын мал шаруашылық-
биологиялық ерекшеліктерге байланысты: аса өсімтал (мегежін бір туғанда 10-
12 торай туады); буаздығының ұзақтығы - 112-114 күн, яғни жыл ішінде екі
рет торай алуға болады.
Шошқалардың ішек-қарын жолдары күйіс қайыратын малдармен салыстырғанда
рациондағы амин қышқылдарының құрамына, В тобы витаминдерін қамтамасыз
болуын жоғары мөлшерде қажет етеді.
Шошқа организмі амин қышқылдарын, витаминдерді өте көп қажет
етеді.
Азықтандыру үшін бүршақ дақылдарының дәндерін, тамыржемістілер
мен түйнекжемістілерді, шөптерді, шөп ұнын, ұн тартқаннан кейін және
майхана өнеркәсіптерінің қалдықтарымен, жануар тектес азықтарды,
қоректік тамақтардың калдықтарын пайдаланады. Шошқа азығы қоректілігінің
негізгі бөлігі (60-90 % шошқаның топтарына байланысты дөнді дақылдар
(арпа, жүгері, бидай, кебек т.б.) рацион құрамында болуы қажет.
Бұл азықтар углеводтарға бай болады, ал витаминдерге және
минералдық, толық бағалы белоктық заттар жеткіліксіз болады
(протеин). Рацион қоректілігін 10-30% шырынды азықтар ұстайды.
Бұған жататындар: картоп, азықтық және қант қызылшасы, сиыр жоңышқасы,
сұлы, бұршақ сұлы қоспалары.
Шошқаның каротинге деген қажетін бұршақ дақылдарнан жасалған шөп
ұнымен азықтандыру, витаминді пішен, сәбіз, арнайы препараттар ғана
қанағаттандыра алады. Шошқлардың қоректік заттар мен энергияны
пайдалану тиімділігі жасына, тірілей салмағына, жынысына,
табиғаттың климаттық жағдайына, азықтандырудың түріне байланысты.
Азықтандыру түрлері рационмен сипатталады. Азықтандыру түрлері рацион дағы
азық топтарына байланысты.
Шаруашылықтағы негізгі азықтық дақылдардың түріне қарай шошқаларды
азықтандыру мынадай түрге бөлінеді:
- рациондағы жемнің (концентрированный) мөлшері 50 55%-ке
дейін болады.
- үздіксіз көк шөппен қамтамасыздандыру ұйымдастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – торай емізетін мегежендерді азықтандыру
ерекшеліктерімен танысу, азықтандыру рациондарын құру.
Курстық жұмыстың міндеттер: шошқаларды азықтандыру ерекшеліктері,
торай емізетін мегежендерді азықтандыру рациондары, мегежендері азықтандыру
нормалары туралы түсінік беру.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Шошқаларды күтіп-бағу және шошқалардың
өсіп-өну ерекшеліктер

Шошқаларды алғашқы рет шағылысуға 9-10 айлығында 100-110 кг салмаққа
жеткенде, қабандарды 10-11 айлығында 120-130 кг салмаққа жеткенде жібереді.
Ферма құрамына кіретін үйлер мен құрылыстар өндірісті дұрыс
ұйымдастыру үшін неғұрлым қолайлы жағдайлар қамтамасыз етілетіндей болып
орналастырылады. Қора-жайларды неғұрлым қолайлы орналастыру ферманың
аумағын, ферма ішіндегі көлік жолдарын, сондай-ақ су, канализацияны, жылу
және электр жүйелерін ықшамдауға мүмкіндік береді. Бұл үшін ферма үйлері
мен құрылыстары арасында қолданылып жүрген технологиялық және құрылыс
нормаларын, сонымен бірге өртке қарсы, санитарлық және зоотехникалық мал
дәрігерлік талаптар бойынша анықталған айырмашылық ережелерін сақтау қажет.
Әрбір ферма қоршалып тасталады. Оның аумағының шекарасын бойлай ағаш
отырғызылады.
Ферманың аумағын жолдар мен өндірістік алаңдардың бедеріне
сәйкестендіре, жербеті суларының ағып кетуі үшін, еңістер мен науалар
(арықтар) жасап отырып көгалдандыру жоспарлары бойынша көріктендіреді.
Кешен мен ферманың аумағындағы үйлер мен құрылыстарды орналастырған
кезде аумақты аймаққа бөлу принциптерін қамтамасыз еттетін мал дәрігерлік-
санитарлық талаптар ескеріледі. Ферманы мынадай топтарға бөледі: өндірістік
және қызметпен қамту бағытындағы аймақ; өндірістік аймаң малды күтіп-бағуға
арналған барлық қораны және қолдан ұрықтандыру пунктін қамтиды.
Шошқа қораларын аймақтық шеңберінде орналастыру негізгі өндірістік
тасқындарды (азық, қи, мал, еңбек ететін адамдар) ұйымдастыруға қолайлылық
туғызуға тиіс.
Торайлайтын мегежіндерді төлдетуге және мегежіндерді торайымен бірге
күтіп-бағуға арналған шошқа қораларының басқа қораларға қарағанда
мүмкіндігінше қолайлы жағдайлармен орналасқаны жөн.
Аяңталған өндірістік циклді кешендер мен ірі фермалардың өндірістік
аймағы репродукция және бордақылау аймақтарына бөлінуі тиіс.
Репродукция аймағы жер бедері бойынша жоғары және бордақылау алаңына
қатысы бойынша жел жағына орналастырылады. Өндірістік аймаққа машиналардың
кіруін шектеу үшін төсеніштер қоймасын, мал тиеуге арналған рампаны, қи
қабылдағышты, сондай-ақ, дайын азықты қабылдау пунктін өндірістік аймақтық
шекарасына орналастырады. Өндірістік аймаққа кіреберісте санитарлық және
дизенфекциялық барьер жасалынады. Аймақ қоршалып тасталады. Қызметпен қамту
бағытындағы аймақ көмекші шаруашылықты, қойманы және қосалқы үйлерді,
сондай-ақ, мал дәрігерлік объектілерді қамтиды. Аймақтық құрамында мыналар
болады: азық дайындау бөлмесі, азық қоймалары, ферма көлігінің тіркеме
құралдарына котельный, қызмет басындағы үйлер, тұрмыстық қызмет үйлері.
Әрбір шошқа фермасында мал дәрігерлік пункт, сондай-ақ, дезинфекция
құралдарының қоймасы болуы тиіс.
Мал ұстауға арналған қоралар күн сәулесі бірқалыпты және жақсы түсетін
жағында болғаны жақсы. Малды ылғалдылығы 70% азықпен азықтандырады.
2.2. Шошқаны азықтандыру нормалары

Шошқаны азықтандыру толық теңестіру және астықты, ақуызды азықты,
витаминдерді, минералды қоспалар мен түрлі стимулярларды тиімді пайдалану,
бәрінен бұрын толық рационды құрама жем мен жемді қолдану арқылы ойдағыдай
қамтамасыз етіледі. Құрама жем мен жемді құрамында шырынды, т.б. көк
азықтыр бар рационмен қосып азықтандырады.
Жоғары сапалы құрама жемді шошқаларға сол қалпында береді, өйткені оны
булау бірқатар витаминдерді, антибиотиктерді ыдыратып және оның биологиялық
құндылығын төмендетіп жібереді. Азықтандырудың жемдік типінде оны сумен сөл
шылап беру ұсынылады. Әсіресе, арнайы түйіршіктелген жемді пайдалану жақсы
нәтиже береді. Олар біркелкі, мал жаңсы жейді, бұрқылдамайды және
тасымалдау кезінде өздігінен сортталмайды, ұзақ сақталады.
Шошқа шаруашылығында азықтандырудың таза жемдік типінде, әсіресе,
оңтүстік аймақтарда, құрғақ азықпен автоматты оттықтардан өз бетімен
азықтандыру кең таралып отыр.
Азықтандырудың жемді-картоп немесе тамыр жемісті жем типі кезінде
рационның құрамына кіретін барлық азықты араластырып, шошқаларға 70%-ке
дейінгі ылғалдылықта, қойытылған түрінде береді.
Дәнді азықты тек қана ұнтақталған түрінде пайдаланады, дәнді әр бөлігі
кемінде 1 миллиметр күйінде беруге болмайды.
Түйнек тамыр жемістерді сол қалпында береді. Бірақ оларды алдын ала
жуып, ұсақтамайды. Сүрлем мен пішенді паста тәрізді болғанша ұсақтайды.
Картопты булап беру ұсынылады, өйткені булап берген жағдайда оның
қоректілік заттарын шошқалардың пайдалануы едәуір (20% -ке дейін) артады.
Шырынды азықтардың барлығын бұзылып кетпеу үшін жегізуден 1-2 сағат
бұрын әзірлейді. Азықты жылжымалы және тұрақты азық таратқыштармен таратып
береді.
Барлық жастағы және өндірістік топтағы шошқаларды тәулігіне 2 рет
азықтандырады. Азыңты неғұрлым жиі салу, тіпті, енесінен бөлінген
торайларды азықтандыру кезінде де онша пайда бермейді. Суару автоматтардан
жүзеге асырылады.
Екі айға дейінгі торайларды азықтандыру нормасы. Практикада еметін
торайларды өсірудің екі әдісі бар: енесінің бауырында 2 айға дейін ұстау;
енесінің бауырында 3-4 аптаға дейін ұстап, онан әрі жасанды сүтке немесе
арнаулы құрама азыққа көшіру.
Қай жағдайда болсын, еметін торайлардың жақсы өсуі үшін енесінің сүтті
болуы қажет. Үш аптаға дейінгі қоректік заттар қажеттігін ене сүті өтейді.
Бұған қарамастан, осы кезде оларды үстеме азыққа үйрету қажет. Торайлар
өсімдікті, азық жеуді неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым енесінен бөлуге жақсы
дайындалады, олардың асқазан жүйесі жақсы жетіледі, екі айлығында салмағы
да кеп болады.
Шошқаларға тәуліктік азық рационын құру. Шошқалардың жемшөп
құрамындағы қоректік заттарға қажеттілігі олардың жасына, салмағына,
физиологиялық жағдайына және өнімділігіне байланысты болады.
Шошқалар, әсіресе, сапалы протеинді азықтармен қоректенуді қажет
етеді. Олардың рационында 1 азық өлшеміне 100-110 г қорытылатын протеин, ал
торайлары еметін мегежіндерге 120-130 г болуы тиіс. Құрамында протеині көп
мал азықтарына астық және бұршақ тұқымдастар, күнжара, азықтың ашытқы және
жануар тектес азықтар жатады.
Қабандарға, екі жастан асқандарына әр 100 кг салмаққа 1,5-1,6 азық
өлшемі қажет, ал жас қабандарға 2,4-2,5 азық өлшеміндей мөлшерде берілуі
керек. 1 азық өлшеміне сәйкес 120-140 г протеин, 8-10 г ас тұзы, 6-7 г
кальций, 5-6 г фосфор, 10-20 мг каротин болуы тиіс.
Аналық шошқаларға, екі жастан асқандарына әр 100 кг салмаққа 1,5 азық
өлшемі мөлшерінде берілуі керек, ал екі жасқа дейінгі мегежіндерге 2,5-3
азық өлшемі болуы тиіс.
Сонымен қатар ер 1 азық өлшеміне 100-120 г қорытылған протеин, 8-10 г
ас тұзы, 6-7 г кальций, 5-6 г фосфор және 8-10 мг каротин болуы тиіс.
Аналық шошқалардың рационында жем азықтарынан бөлек 10-30% картоп пен
тамыр түйінді жемістер, 5-10% құрама сүрлем, 5-10% бұршақ тұқымдас шөп, жаз
айларында 20-30% көк балауса мен бақша дақылдары берілуі керек.
Мегежіндерді тек құнарлы жем азықтарымен азықтандыру нәтижесінде олардың
денесін май басып, сүттілігі төмендейді және әлсіз торайлар туады.
Жас төлдерді бордақылау жағдайында құнарлы жем азықтарын олардың
салмағына байланыстырып береді.
Малдың салмағы Құрама жемнің мөлшері
15-25 кг 1,3-1,5 кг
25-40 кг 1,8-2,2 кг
40-60 кг 2,5-2,8 кг
60-80 кг 3,0-3,2 кг
80-100 кг 3,3-3,6 кг
Аса бағалы азық ретінде бордақылауға арпа, қарабидай (45%-ке дейін),
тары пайдаланған тиімді, сұлы, жүгері және майлы дақылдарды пайдалану
бордақылаудың нәтижесін төмендетеді.

2.3. Мегежіндерді күтіп-бағудың ерекшеліктері

Шошқа өсіретін шаруашылықтарда асыл тұқымды мегежіндерге баса назар
аудару керек. Олардың дене бітімі берік, төлшіл, сүтті және түрлі ауруларға
өте төзімді болуға тиіс. Өте арық мегежіндерді одан әрі ұстауға болмайды.
Өйткені олар торайды аз туады, әрі олары өте әлсіз болады.
Мегежіндердің төлі әлсіз болмау үшін олардың азық рационында протеин,
минералдық тұздар мен витаминдер қажетті мөлшерде болуын қадағалаудың зор
маңызы бар. Торайлауға бір апта қалғанда мегежіндерге берілетін азықты,
негізінен, балғын азық есебінен 20-25% азайтады, ал екі күн қалғанда және
торайлағаннан кейін 2 күн бойы үн быламығы мен су ғана береді. Суды
мегежіндерге олар торайларын алғаш рет емізіп болғаннан кейін береді, ал 5-
6 сағат өткен соң кебектің немесе сұлының сұйық быламығымен суарады.
Торайларды емізіп жүрген мегежіндерді 5 күн бойы төулігіне 3-4 рет
азықтандырады. Содан соң бірте-бірте кәдімгі рационға көшіреді.
Мегежіндер күтіп-бағылатын қора жүйелі түрде дезинфекцияланып, ұдайы
таза ұсталуы керек. Торайлау науқанында тәжірибелі шошқа өсірушілер күні-
түні кезекке тұрады.
Торайлағаннан кейін торайларды, мегежіндерді әбден тазартып,
санитарлық-гигиеналық өңдеуден өткізеді. Содан соң торайларды, ең алдымен,
әлсіздерін енелерінің бауырына салып, ауыздандырады. Торайлар ең алғаш
емген емшегіне үйреніп алады да, қалғандарын анда-санда болмаса ембейді.
Торайлары емшегінің санынан көп болса, оларды екі кезекпен азықтандырады.
Мегежіндер желінсау ауруына, ал торайлар асқазан, ішек ауруларына
шалдықпас үшін желінді үнемі таза ұстау керек және оны күн сайын марганец
қышқылды калийдің ерітіндісімен (1 литр қайнатып суытылған суға 1 грамм)
сүртіп, содан соң анемияның (қаназдық) алдын алу үшін торайларды туған
күнінен бастап, енелерінен бөлгенше 1 литр қайнаған суға күкірт қышқыл
темір (3 г) мен күкірт қышқыл мыс (1 г) қосылған қоспаның ерітіндісін
бүріккішпен мегежіннің желіні мен емшегіне жүйелі түрде бүркіп отырған да
дұрыс. Бұл уақытты онша көп алмайды, әрі пайдалы.
Торай туғаннан кейін үшінші күннен бастап бордан, ағаш көмірінен,
сүйек ұнынан тұратын минералдық қоспаларды енелерінен бөлінгенше мол етіп
бере беруге болады. Бесінші күннен бастап 50-70 грамнан қаймағы алынбаған,
ал жиырмасыншы күннен бастап көп сүт беріледі. Торайларды алғашқы күннен
бастап ішкенінше суара беруге болады. Оларды енелерінен бөлінгеннен кейін
(әдетте, екі айлығында бөледі) жарық, таза да құрғақ қораларда топтап
ұстайды. Олар 4 айға толғанда және тірілей салмағы 35 килограмға жеткенде
(анағұрлым қарқынды өсетін кезеңі) бордақыға қойылады. Ол 3 айдан 4 айға
(одан ұзартпау қажет) дейін созылады.
Карантиндік аймаққа 1200 шошқаға арналған карантиндік шошқа қорасы,
шошқа соятын бөлмесі бар мал дәрігерлік пункт, екінші мал дәрігерлік-
санитарлық өткізгіш, малды санитарлық өңдеуден өткізетін алаң, әстакадалы
таразыға тартатын бөлме жатады. Бұл аймақ келген малды қабылдауға және
өңдеуге, оларды карантинде ұстап, содан кейін бордақылау ғимараттарының
блоктарына өткізуге арналған.
Әдетте, бордақылауға тірілей салмағы 35-40 кг 4 айлық төл қабылданады.
8-9 ай толғанда оның тірілей салмағы 105-110 килограмға жетеді де, етке
өткізеді.
Шошқалар 2 қатарға орналастырылған, мөлшері 2,86 х 4,43 м, 68-
станоктар бар қораларда бордақыланады. Станоктар 1,1 метр қақпалары жалпы
есікке шығатын темірбетон панельдерден жасалған. Малды күтіп-бағу,
тынықтыру және азықтандыру үшін станоктарда мөлшері 2,8 х 1,83 метр шойын
тордан салынған саңылаулы едені бар, серуендету алаңына іргелес жатқан
мөлшері 2,86 х 3,2 м, есікке қарай еңістеу кірпіш еденді алаңдар жасалады.
Бордақылаудың тасңынды өндірістік процесі мынадай циклдерге бөлінеді:
1) малды қабылдау және оны санитарлық өңдеу; 2) оларды карантинге қою; 3)
бордақылау кезінде күтіп-бағу; 5) етке өткізу. Шошқа күтіп-бағылатын қораны
жылытқыш желдеткішпен бірге кіретін ауаны электркалориферлермен қыздыруды
да іске асырады. Артық жылу мен ылғалды сыртқа шығарып және бөлуге тиісті
шамаға дейін шоғырланған зиянды заттарды сіңіріп жіберу, сондай-ақ, ауаның
қажетті параметрлерін қамтамасыз ету үшін ауаны ішке тартып, сыртқа
шығаратын желдеткіштің құрылысы қарастырылған. Желдету қарқыны жыл
маусымдары бойынша реттеледі.
Қысқы кезеңде - ауа ағыны сағатына 65778 текше метр құрайды. Ауа ағыны
мал бордақылайтын қораға өнімділігі сағатына 8230 текше метр П-1, П-8
жүйесімен беріледі.
Ауаны соратын жүйе 0,6-320 №6 желдеткіштерімен жене СФО-601-Т
калориферлерімен жабдықталған. Әрбір сору жүйесіне ауа қабырғаға бекітілген
ЖМ-5 жалюзді тор арқылы келеді де, сорылған ауа шошқа күтіп-бағылатын
қоршаудың жұмысшы аймағына тартылған сым тордың саңылауы арқылы беріледі.
Ластанған ауаның төменгі жақтағы бөлігі (30%) осьті желдеткішті В-1, В-8
жүйесінің еденасты жеделдету арналары арқылы, ал қалған бөлігі (70%) шошқа
қорасының жоғарғы жағынан ВО№7 желдеткішті В-9, В-44 шығару жүйесімен
шығарылады.
Өтпелі кезеңде-ішке кіретін ауа ағыны сағатына 105600 текше метр
құрайды, Ол П-9, П-16 жүйесімен іске асырылады. Ауа соратын жүйенің
әрқайсысында бір-бірден Ц-4-70 №12 желдеткіші жұмыс істейді. Екінші
желдеткіш ажыратылған ауа соратын камераға жалюзді бір ғана тор арқылы
енеді. Ал қалған торлар жабық тұрады, ауа мал бордақылайтын қораның жоғарғы
ауа өткізгіштің саңылаулары арқылы беріледі.
Жазғы кезеңде сағатына 440 000 текше метр таза ауа келіп тұрады. Ауа
ағыны жұмысшы аймаққа өнімділігі сағатына 8230 текше метр П-1, П-9
жүйесімен беріледі. Жүйелер 0,6-320 №5 желдеткіштерімен жабдықталған. Мал
бордақылайтын алаңның жоғарғы жағына ауаны П-9, П-16 ауа соратын жүйемен
беру жобаланған. Әрбір жүйеде екі-екіден Ц-4-70 №12 желдеткіші жұмыс
істейді. Жаздыгүні жалюзді тордың үшеуі де ашық болады. Ауа В-1, В-8 және В-
9, В-44 шығару жүйесімен шығарылып отырады.
Ауа соратын желдеткіш станциясы қалқанының маркасы - ПУЭН-14, ал
шығаратын жүйенің басқару станциясы қалқанының маркасы - ЩШМ. Қабылданған
реттеу жүйесі автоматты түрде мал бордақылайтын микроклимат параметрлерін
реттеп тұрады.
Қолайлы микроклимат жасау. Шошқаларды түрліше кешендерде күтіп-
баққанда жалпы зоогигиеналық талаптармен қатар, бұл мал басқаларына
қарағанда жылуды көбірек қажет ететін болғандықтан, олардың тіршілігінің әр
түрлі кезеңдерінде температуралық режим мәселесі де ерекше көңіл аударады.
Шошқаларды қораға көптеп орналастыру оларды күтуге жұмсалатын еңбек шығынын
қысқарту және азықты үнемдеу қажеттігін, ең алдымен, репродукторлы шошқа
шаруашылығы кешендерінде қолайлы климат жасауға жаңаша қарауды керек етеді.
Бір қорада тұрған мегежіндер мен торайларға екі басқа микроклиматтық аймақ
керек. Сондықтан да желдету мен жылытудан басқа еденнің қажетті тұсын
жылытатын электрмеханикалық құралдар қажет.
Шошқаның 2 жасқа дейінгі өсетінін ескеріп жас мегежін азықтандыру
деңгейін оның салмақ қосып, жетілуіне 1кг қосымша салмаққа 4 а.ө. есебінен
өсіреді. Екі жасқа дейінгі мегежінді буаздық кезеңінде тірілей салмағына
қарамай тірілей салмағы 181-200кг мегежін азықтандыру нормасымен
қоректендіреді.
Жақсы күйлеп, дұрыс ұрықтану үшін ұрықтандыруға 14 күн қалғанда 100кг
тірелей салмағына шаққанда сақа мегежінге – 1,5-1,8кг, екі жасқа дейінгі
жас мегежінге – 1,8-2,4кг құрғақ зат келетіндей етіп азықтандырады. Азық
құрғақ затының әр 1кг-да – 1,5кг а.ө. 105г қорытылатын протеин, 6г лизин,
140г шикі жасұнық, 5,8г ас тұзы, 8,7г кальций, 7,2г фосфор, 11,6мг
каротин, 7мг В1, 23мг В2, 1,16мг В3, 29мг В4, В12 витаминдері болуға тиіс.
Мегежіннің тым семиіруінің де нәтижелі ұрықтануға кері әсер ететінін
ескереді.
Қоңы көтеріліп, күйі келген мегежін нәтижелі ұрықтанғаннан кейінгші
114 тәуліктен соң әрқайсысының салмағы 1,2-1,3кг тартатын орташа 10-12
торай туады. Мұншама көп төлдің эмбрионалдық өсіп дамуына егежін денесінен
көптеген органикалық және материалдық заттар жұмсалады. Айталық, 10-12 бас
торайдың эмбрионалдық дамуына 1,5-1,7кг белок, 150-160г калций, 80-85г
фосфор жұмсалуын қамтамасыз ету үшін мегежін денесіндегі қоректік заттар
қорын 1,5-2 есе молайты, оны азықтандырудың жалпы энергетикалық
қуаттылығын 25-45% өсіреді. Ол үшін 100кг тірілей салмағына шаққанда 2
жасқа дейінгі буаз жас мегежінге – 1,8-2,4кг жастан асқан сақа мегежінге –
1,2-1,6кг, торай емізетін мегежінге 3кг құрғақ жеткізеді. Оның 1кг-да және
буаз мегежін азығында – 1,05 а.ө., 11,6Мдж АЭ, 140г шикі протеин, 105г
қорытылатын протеин, 6г лизин, 3,6г метионин+цистин, 8 г лизин, 4,8г
метионин + цистин.

2.4. Торай емізетін мегежіндерді азықтандыру нормалары

Мегежіннің қоректік мұқтаждығы жасына, тірілей салмағы мен
физиологиялық ахуалына байланысты өзгереді. Мысалы, қысыр мегежіннің күйін
келтіру үшін ұрықтандырудан 10-14 күн бұрын азықтандыру деңгейінің жалпы
қоректілігі 25-30 пайыз (негізгі азықтандыру нормасына қосымша 0,5-0,6а,ө.-
не) жоғарылатса, мегежін буаздығының соңына қарай оған қоса және 15-20
пайыз (0,,3-0,4а.ө.) жоғарылатады.
Торайларын емізетін мегежіндер сүт беру кезінде азық қоректілігіне,
энергия қажеттілігіне ерекше талапты.
Торайларын емізетін аналықты азықтандыру – оның жасына, салмағына,
торайларының санына, торайларды бөліп алу мерзімен байланысты. Сонымен
қатар, аналықтың торайлағаннан кейінгі кезеңдерінің ерекшеліктерін де
ескеріледі.
Торайлағаннан кейінгі, алғашқы бір сағат мегежінді азықтандырмайды.
Міндетті түрде таза жылы сумен мегежінді суарады. Торайлағаннан кейінгі 5-6
сағаттан соң 0,5-0,7 кг жем концентраттармен быламық түрінде азық береді.
Осыдан бастап азықтандыруды толық мөлшерге жеткізеді. Шырынды азық беру
торайлағаннан кейінгі 3-4 күннен соң басталады.
Мегежіннің торайларды емізу кезеңі туғаннан бастап айырып алғанға
дейін созылады. Туғаннан кейінгі 26 күннен 60 күнге дейінгі мерзім
аралығында әрбір 5-6 сағаттан кейін – 500-700г сұлы және кебекті сұйық
быламық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шошқаның гигиенасы жайында
Шошқа гигиенасы туралы
Шошқаның гигиенасы жайлы мәлімет
Шошқалардың гигиенасы
Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыруда күкірттің маңызы
Қабанды нормалап азықтандыру ерекшеліктері
Шошқаларды күтіп-бағу және шошқалардың өсіп-өну ерекшеліктер
Шошқа шаруашылығы
Шошқаның гигиенасы жайлы ақпарат
Торайды бордақылау кезеңі азық нормасы мен рационын келтіру
Пәндер