Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі адамгершілік тәрбиесі


Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі адамгершілік тәрбиесі»
Орындаған: 4г КДО топ студенті
Алимова К. С.
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Жоспары
Кіріспе
1. Мектеп жасына дейінгі балаларды жан - жақты тәрбиелеудегі балабақшаның ролі
2. Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбие беру
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Адамның бір қызығы бала деген «Бала - адамның бауыр еті» - деп бұрынғылар текке айтпаған ғой. Шынында да ет жүрегі елжіремейтін адам кемде - кем шығар. Бала - біздің болашағымыз. Ертеңімізге ие де сол жеткіншек ұрпақ. Сондықтан олардың тағдырына немқұрайлы қарау - біздің адамгершілік арымызға жат болар еді.
Әсіресе қазіргідей экономикалық және рухани дағдарысқа ұшырап отырған шақта қоғамның ең қорғаусыз, бейкүнә өнімдері - балалар өзіне айрықша назар аударуды қажет етеді. Оларға жасап отырған қамқорлығымыз көңіл көншірліктей ме және жас ұрпақтың жан - жақты еркін дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін не істеуіміз керек?
Бала ертегіні жақсы көреді. Ертегіні оқып немесе мазмұнын айтып берсең, бар ынтасымен тыңдайды және қайталап айтып беруге тілек білдіреді. Баланың ой - өрісін дамытып, білмекке құштарлығын арттыру үшін көбіне оларды жаңа ойыншық т. б заттармен, суреттермен таныстырып, кітапшалар оқып беріп, қызықтыра білген жөн. Бала жаңа ойыншықтарға өте құмар - ақ. Сондықтан мүмкін болса балаға қолдан ойыншықтар жасап, өздеріне жасатып үйретсек қызыққан үстіне қызыға түседі. Біз жас жеткіншіктерді адамгершілікке бағыттау мақсатында ойындар ұйымдастыру арқылы оларды қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде барлық күш жігерін жұмсауға, кезегін төзімділілікпен күтуге, ойыншықтарын өзара бөлісуге, құрбыларына сүйкімді, қолғабыс жасауға тәрбиелеуді көздеуіміз қажет. Бүгінгі таңда мектеп жасына дейінгі тәрбие жұмыстарына бағытталған жұмыстарды ұйымдастыруда, ең алдымен, балалардың танымдық белсенділігін дамытып, эстетикалық адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінеді. Бұл мақсаттың орындалуы кітап оқуға ынталандырудың түрлі тәсілдері болып табылады.
Еліміздің ертеңгі болашағы - бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақ. Сондықтан отбасынан бастап қоғамдық мекемеге дейінгі ұрпақ тәрбиесіне, оның жан - жақты дамуына аса жауаптылықпен қарау баршамыздың негізгі міндетіміз.
Баланың өмірінде 3 жастан 5 жасқа дейінгі аралықтағы кезең ерекше орын алады. Мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық істеріне толық құқықты қатысушы ретінде ата - аналармен жұмыс жүргізудің жаңа әдістерін қолдану қажеттілігі туып отыр. Осы мақсатта ата - аналармен бірге тренингтер, пікір сайыстар, дөңгелек үстелдер, отбасылық сайыстар, танымдық - тәжірбиелік шаралар өткізіліп тұрады. Балабақшада ата - аналардың көмегімен 200 түп саялы және жеміс ағаштары отырғызылып, ені 9 м, ұзындығы 46 м ауланы кеңейтуде ата - аналар белсенділік танытты.
«Бала - ұрпақ еркесі» деген ұғым ерекше ескеріліп, бүгінгі күннің алға қояр ең маңызды мақсаты да осы. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі ретінде - тұрақты өзгеріп тұрған әлемде табысты бейімделуге қабілетті. Бұл бала тұлғасының дамуы мен қалыптасу үшін жағдайлар жасайды. Өйткені ел өміріндегі өзгерістер қоғам болашағына жауап беретін жан - жақты жетілген, білімді, парасатты жаңа азамат тәрбиелеп өсіруді көздейді. Бұл жұмыс баланы нәрестелік шағынан отбасы, балабақша, мектеп болып бірыңғай сабақтастықта, үздіксіз жүзеге асырылатын процесс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz