Басқару қызметінің құжаттары
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Мекемелер мен кәсіпорындардағы негізгі құжаттар
1.1. Ұйымдық-құқықтық
құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
1.2. Өкімдік

... ... ... ... ... ... 12
1.3. Мекеменің жеке құрамы бойынша
құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4. Ақпараттық-анықтамалық
құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2. Негізгі бөлім
2.1. Мекемедегі стандарттар мен
құжаттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.2. Мекемелер мен кәсіпорындарда іс қағаздарын жүргізу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27
Кіріспе
Қазақ тiлiнің мемлекеттiк тiл pemiндe қызмет emyiнiң алғы шартmарының
бiрi - оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет emyi және соған орай
ic қағаздарының қазақша жүргiзiлyi. Іс қағаздарының, ресми құжаттардың тiлi
бiр жүйеге түспей, стильдiк жағынан қалыптаспай, мемлекеттiк ресми
құжаттардың барлығы алдымен қазақ тiлiнде жазылмай, барлық құрылымдағы ic
қағаздары қазақ тiлiнде жүргiзiлмей қазақ тiлiнiң қолданыс аясы, қызмет
қарымы өpiciн кеңейте aлмайды. Іс қағаздары қоғам өмiрiнде үлкен қызмет
атқарады. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маңызы өте
зор. Мемлекет, республика, қала, кәciпopын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда
ic қағаздары ақпараттың та-былмас қайнар көзi бола алады. Құжаттар
фактiлердi, оқuғаларды, қоғам өмірінің құбылыстарын дәлелдейтiн айғақ
қызметiн де атқарады. Іс қағаздары - басқару қызметiндегi негiзгi бiр сала.
Ұйымдар мен мекемелердiң, кәсiпорындардың қызмет emyi барысында шығарған
түрлi шешiмдерi, басқару icmepi, атқарған қызметi ic қағаздарынан айқын
көрiнедi. Сондықтан халық шаруашылығын басқаруды жетiлдiру, оны ұйымдастыру
деңгейiн көтеру онда құжаттармен жұмыс icтeyдің қаншалықmы ғылыми
негiзделгенiне тiкелей байланысты. Іс қағаздарын жүргiзу - басқару
үрдісінің ажырамас бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Мекемелер арасындағы
ақпарат алмасу хат, жеделхат, телефонхат сuяқты құжаттар арқылы icкe асады.
Yкiмeттiң басқару icтepi жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сuяқты
құжаттар арқылы жүргiзiледi. Іс қағаздарын жүргiзу - мекеме жұмысының нақты
құжаттармен, деректермен реттелген, дәйектелген жүйесi. Құжаттау дегенiмiз
кез келген мeкeмeнің қызметiн, әpeкemiн көpcememiн құжаттарды жасау,
толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та, мекеме iшiнде дайындалған
құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен жұмыс та, сондай-ақ оларды
қабылдау, mipкey, ол бойынша жұмыс icmey, орындалуын бақылау, құжаттарды
қолдануға дайындау, мұрағатқа дайындау сuяқты толып жатқан жұмыстар кipeдi.
Қазақстан Республикасында ресми құжаттарды ресімдеудің бірыңғай
ережесін ендіру мақсатын көздеп дайындалған арнайы мемлекеттік стандарт
бар. Осы курстық жұмысым мекемедегі стандарттар мен құжаттар тақырыбына
арналады.

1.1. Ұйымдық-құқықтық құжаттар
Кез-келген мекеменің қызметі ұйымдық-құқықтық құжаттар дайындаудан
басталады. Ұйымдық-құқықтық құжаттарға: жарғы, ереже, штаттық кесте, жұмыс
тәртібі, лауазымдық нұсқаулық және т.б. жатады.
Ұйымдық-құқықтық құжаттардың басты мақсаты – ұйымды құру, құрылымын,
штаттық кестесі мен құрамын белгілеу, құрылымдық бөлімшелерінің өзара қарым-
қатынас жасау тәртібін, кәсіпорын қызметкерлері үшін ішкі еңбек тәртібін
анықтау.
Ұйымдық-құқықтық құжаттарды қолданысқа енгізу құжаттарды тиісті басшы
(жоғары тұрған органның басшысы немесе құжаттың санатына байланысты
құрылымдық бөлімшенің басшысы) бекіткеннен кейін іске асырылады.
Ұйымдық-құқықтық құжаттардың қолданылу мерзімі шектеусіз болады және
ресми түрде күшін жойғанға дейін (ескіргенінің орнына жаңасын енгізгенге
дейін) заңдық күшін сақтайды. Тәжірибе көрсеткендей, әдетте кәсіпорын
қалыпты жұмыс істеген жағдайда ұйымдық-құқықтық құжаттар шамамен төрт-бес
жылда бір рет қайта жасалады не өзгеріске ұшырайды. Ұйымдық-құқықтық
құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кәсіпорын басшысының бұйрығы
(өкімі) арқылы жасалады.
Іскерлік қызметтегі ең бір тиімді құрылым – жауапкершілігі шектеулі
серіктестік (мұнан былай – ЖШС) екенін өмір көрсетіп отыр.
Ол жұмыс істей бастағаннан-ақ үлкен көлемдегі ұйымдық-өкімдік,
қаржылық және басқа да іскерлік құжаттардың легін қабылдау, қарау, жөнелту,
бақылау және сақтау қажеттілігі пайда болады. ЖШС жетекшісі осындай
құжаттар легіне әлдебір себептермен жете көңіл бөлмеген жағдайда, ол
қағаздың астында қалады. Нәтижесінде оның іскер әріптестері өздері күткен
құжатты дер кезінде ала алмай, жүйкелерін жұқартса, оның өзі қай құжатты
кімге және қашан орындауға тапсырғанын есіне түсіргісі келіп қиналады.
Мұндай жағдайға түспес үшін ЖШС жетекшісі іс қағаздарын жүргізуді
тиянақты ұйымдастыруы керек. Енді осы жұмысты қалай тиімді шешуге
болатынына тоқталайық.
Әрбір ЖШС-де болуы тиіс құжаттарды шартты түрде мынадай топтарға
бөлуге болады:
1. Құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттар:
• Құрылтай шарты және жарғы;
• Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
• Статистикалық карта;
• Салық төлеушінің куәлігі;
• Жер теліміне меншік құқы немесе жалға алу жағдайындағы жерді уақытша
пайдалану құқы туралы куәлік;
• Жылжымайтын мүлікке меншігі туралы немесе осы мүлікті жалға алғаны
жөніндегі шарт туралы куәлік;
• Лицензиялауды қажет ететін, яғни, жарғылық қызмет түрлерін іске асыру
құқына лицензия.
2. Ұйымдастырушылық құжаттар:
• ЖШС-тің құрылымы және штат кестесі;
• ЖШС-тің басшыларының (егер олар бірнешеу болса) қызметтік (лауазымдық)
өкілдіктерін бөлу туралы бұйрық;
• Ұжымдық шарт;
• ЖШС-тің құрылымдық бөлімшелері, қоғамдық ұйымдары, филиалдары мен
өкілдіктері туралы ереже;
• ЖШС қызметкерлерінің (жалдамалы персонал, құрам) лауазымдық
нұсқаулығы;
• Ішкі айналымдағы басқа құжаттар (нұсқаулықтар, әдістемелік ұсыныстар
және т.б.).
3. Басқару қызметінің құжаттары:
• ЖШС-те өткен жалпы жиналыстардың хаттамалары;
• ЖШС-тің басқа органдары мәжілістерінің (басқарма, бақылау кеңесі,
тексеру комиссиясы) хаттамалары;
• Шаруашылық-қаржылық қызметінің негізгі мәселелері бойынша ЖШС
жетекшісінің бұйрықтары;
• Мемлекеттік органдардың ЖШС қызметіне қатысты мәселелер бойынша
нормативтік құқылық актілері.
4. Бухгалтерияның қаржылық және есеп беру құжаттары.
5. ЖШС қызметінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және
мемлекеттік емес құрылымдармен арадағы қатынас қағаздары.
6. Кадрлық құжаттар:
• Қызметкерлермен жеке еңбек шарттары;
• Қызметкерлердің жеке істері (жеке карточкалары);
• Жеке құрам және кадрлар бойынша бұйрықтар;
• Қызметкерлердің еңбек кітапшалары;
• Еңбек дауларын, қызметкерлердің шағымдарын (арыздарын) қарау, сондай-
ақ, еңбек тәртібін бұзу және өндірістегі бақытсыздық жағдайлары
фактілерін тексеру бойынша құжаттар (материалдар).
7. Еңбек шарты бойынша құжаттар:
• Шаруашылық шарттары (келісімдері) және іскер әріптестермен солар
бойынша хат жазысулар;
• Сот органдарына жазылған талап арыздар және олардың шешімдері, сондай-
ақ, олардың орындалуы бойынша хат жазысулар;
• Еңбек шартына қатысты нормативтік актілер.
8. Өндірістік-шаруашылық қызметін жоспарлау бойынша құжаттар:
• күнтізбелік мерзімге (ай, тоқсан, жыл) жұмыс жоспарлары мен олардың
орындалуы туралы анықтамалар;
• өндірістік жоспарларды орындау және басқа да мәселелер бойынша
өткізілген қызметтік жиналыстардың құжаттары (материалдары).
9. Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының ЖШС-тің қызметін
тексеру құжаттары мен осы мәселелер бойынша хат жазысулар.
10. Анықтамалық-ақпараттық құжаттар.
Мұндай құжаттарды жүйелеу (әрине, ол ЖШС-тің жарғылық қызметінің
ерекшеліктерін ескере отырып реттеліп отырады) ЖШС жетекшісінің бұйрығымен
номенклатура түрінде ресімделіп, әр іске тиісті есеп (индекстеу) нөмірі
берілуі тиіс.
Номенклатуралық істі қалыптастыру барысында ЖШС жетекшісі оның мынадай
талаптарға жауап беруі керектігін ескеруі қажет:
1) ЖШС қызметі барысында жинақталатын құжаттар легін түгел қамтуы;
2) номенклатуралық істің тақырыбы ондағы құжаттардың мазмұнын қысқа,
дәл және анық көрсетуі жөн;
3) істегі құжаттарды нөмірлеу олардың маңызы және өзара байланысы
бойынша жүргізіледі. Алдымен нормативтік құқықтық құжаттар орналастырылады.
Мұндайда жоғары тұрған органдардың қаулылары мен бұйрықтары ұйымның
бұйрықтарының алдында тұрады. Мұнан ары қарай жоспарлы және есептік
құжаттар ретімен келеді. Бұл жөнінде кітаптың тиісті бөлігінде толығырақ
баяндалады.
Номенклатуралық істер ашылған күннен бастап ұйымның мұрағатына
жіберілгенше немесе жойылғанша ЖШС-тің құрылымдық бөлімшелерінде, яғни
орындаушыларда (жауапты адамдарда) сақталады.
Тұрақты сақталуда тұрған құжаттарды істен алуға және беруге тыйым
салынады. Мұндайға тек қана сот және тергеу орындары талап еткенде рұқсат
беріледі. Солай етілген күнде құжаттардың расталған көшірмесі және алыну
себептері туралы акт іске тігілуі керек. Номенклатуралық істерді ЖШС
ғимаратынан алып шығуға ерекше жағдайларда бірінші басшы рұқсат береді.
Іс қағаздарын жүргізу үшін ЖШС жетекшісі құжаттар легіне орай
құжаттамалық қызмет (кеңсе) ұйымдастырады немесе іс жүргізуші тағайындайды.
Ал оның негізгі міндеттері мынадай болуы тиіс:
• почтаны (хат-хабар) алу (соның ішінде жеткізіліп берілген қағаздар да
бар) және оларды арнайы журналда тіркеу;
• тіркелген құжаттарды қарау үшін ЖШС басшыларына (өкілеттеріне орай)
тапсыру;
• қаралған құжаттарды басшылардан алып, оларды басшының нұсқауына орай
нақты орындаушыларына қол қойдырып тапсыру;
• ЖШС-те дайындалған құжаттарды почта арқылы немесе басқадай жолдармен
(қолма-қол тапсыру, факс және т.б.) тиісті жерлерге жөнелту;
• Орындалған құжаттарды бақылаудан шығару;
• Орындалу мерзімі біткен құжаттар туралы ЖШС басшысын хабардар ету;
• ЖШС басшысының тапсыруы және қызметкерлердің сұрауы бойынша құжаттарды
көбейту;
• Құжаттардың қозғалысы бойынша мүдделі адамдарға анықтама беру;
• ЖШС басшыларының тапсырмалары бойынша құжаттар мәтінін компьютерде
теру;
• Қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес номенклатуралық істерді
сақтау, ұйымның мұрағатына өткізу немесе жою;
• ЖШС-тің ішкі айналымдағы құжаттарын құрылымдық бөлімшілерге уақытында
жөнелтіп отыру;
• ЖШС басшыларының тапсырмалары бойынша басқа да қосымша техникалық
жұмыстарды орындау.
Құжаттық қызметті (кеңсе) ұйымдастырып, оның құқықтары мен міндеттерін
тізімдеген тиісті ережені жасаған соң мына мәселелерді ЖШС-тің бірінші
басшысының бұйрығымен бекіту керек:
1) фирма басшылары арасында лауазымдық міндеттерді (өкілеттіктерді)
бөлісу;
2) ЖШС-тің құрылымдық бөлімшелері, филиалдары және өкілеттіктері
туралы ереже мен қызметкерлер үшін лауазымдық нұсқаулықтар (міндеттер);
3) ЖШС-те іс қағазын жүргізу жөніндегі нұсқаулық;
4) шаруашылық шарттарын дайындау, бекіту және олардың орындалуын
бақылау тәртіптері;
5) ЖШС-тегі еңбек тәртібі (жұмыс күні режимі) ережелері;
6) еңбекақы және сыйақы төлеу, сондай-ақ, ақшалай несие және жәрдемақы
беру тәртібі туралы;
7) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария
туралы тәртіптер;
8) коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер тізімі.
Кез келген ЖШС-тің құжаттарында жариялай бермейтін көптеген ақпараттар
бар, сондықтан құжаттардың дұрыс айналымы мен сақталуы мәселелеріне
жауапкершілікпен қарау керек.
Кәсіпорын қызметінде барынша кең тараған ұйымдық-құқықтық құжаттарға
мыналар жатады:
● ұйымның жарғысы;
● штаттық кесте;
● ішкі еңбек тәртібі;
● лауазымдық нұсқаулық.
Енді осы құжат түрлеріне жекелеп тоқталып өтелік.
Жарғы
Жарғы ұйымның құрылтай құжаттарының бірі болып табылады. Ол ұйымның
құқықтық мәртебесін, меншік нысанын, қызметінің мақсаты мен міндеттерін,
басқару, тарату және қайта құру тәртібін анықтайды. Бұл құжатты кәсіпорынды
ұйымдастырушы адамның өзі немесе тапсырыс арқылы арнайы фирмалар
дайындайды. Құрылтайшылар бірнешеу болса, құжат құрылтайшылардың жалпы
жиналысында бекітіледі, олардың қолдары қойылып, нотариат куәландырады.
Содан кейін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуден
өтеді. Осынау рәсімдер тізбегі тиісінше орындалғаннан соң заңдық күшке ие
болады.
Штаттық кесте
Кез келген заңды тұлғаны (компанияны, кәсіпорынды, ұйымды, фирманы)
құрарда әуелі оның ұйымдық құрылымы мен штатын айқындап алу керек. Бұл
мәселені дұрыс әрі дер кезінде шешу заңды тұлға (бұдан әрі – компания)
құрылтайшыларына, олардың қандай ұйымдық-құқықтық формалар мен меншік
түріне жататындығына қарамастан, жоспарланған экономикалық көрсеткіштерге
қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Штаттық кесте ұйым бөлімшелеріндегі қызметкерлердің сандық және
сапалық құрамын, сондай-ақ олардың атқаратын қызметтеріне сәйкес
белгіленген айлық еңбекақыларының мөлшерін белгілейтін ұйымдық-құқықты
құжатты білдіреді.
Қызметкерлер туралы ереже
Ұйымның Қызметкерлер туралы ережесінде кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру
мәселелері, қызметкерлердің еңбекақысы, демалыс беру тәртібі, қызметкерлер
мен басшылықтың құқықтары мен міндеттері, жұмыс режимі көрсетіледі.
Қызметкерлер туралы ереже ұжымның жалпы жиналысында талқыланады,
оған заң кеңесшісі бұрыштама соғады, басшының орынбасары қол қояды және
кәсіпорын директоры бекітеді. Қызметкерлер туралы ереже ұжымдық еңбек
шарттарын жасауға негіз болады.
Лауазымдық нұсқаулық
Лауазымдық нұсқаулық – кәсіпорын қызметкерінің функциялары, міндеттері
мен құқықтары айқындалатын құжат. Лауазымдық нұсқаулық еңбек қатынастарында
даулар, келіспеушіліктер пайда болған жағдайда қажет. Лауазымдық нұсқаулық
негізінде қызметкермен еңбек шарты жасалады.
Лауазымдық нұсқаулықты кадр қызметі жасайды, кәсіпорынның басшысы
бекітеді. Лауазымдық нұсқаулыққа енгізілетін барлық елеулі өзгерістер
бастықтың бұйрығымен ресімделеді. Сауатты жасалған лауазымдық нұсқаулық
қызметкердің міндеттері туралы айқын түсінік береді және еңбек дауларын
дұрыс шешіп отыруға көмектеседі.
1.2. Өкімдік құжаттар
Ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың атқарушылық-басқарушылық
қызметінің бір нысаны - өкімдік құжаттар шығару. Осы құжаттардың негізінде
басқарудың маңызды міндеттері шешіледі. Қолданыстағы заңдарға сәйкес
басқару органдары өз құзыретіне қарай бұйрықтар, шешімдер, өкімдер секілді
өкімдік құжаттар шығарады.
Ұйым құзыреті шегінде негізгі мәселелер бойынша нормативтік немесе
жеке акті қабылдау қажет болған барлық жағдайларда шешімдер мен бұйрықтар
үнемі шығарылады. Өкімдер мен нұсқаулар жекелеген мәселелер бойынша және
қаулыларды, шешімдер мен бұйрықтарды орындауды ұйымдастыру үшін шығарылады.
Шешім (қаулы)
Шешім немесе қаулы – алқалы органның (директорлар кеңесі,
акционерлердің жалпы жиналысы және т.б.) құжаты. Өндірістік мәселелелер
бойынша дайындалады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жергілікті
мемлекеттік басқару туралы Заңына сәйкес Мәслихаттар (7-бап) және Әкімдер
(37-баптың 3-тармағы) нормативтік-құқықтық сипаттағы шешімдер қабылдайды.
Шешім ШЕШТІ, ШЕШІЛДІ, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ, ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ деген сөздерді
пайдалана отырып, басқа басқару құжаттары секілді ресімделеді. Шешімге
(қаулыға) алқалы органның төрағасы және оның мүшелері немесе Төраға мен
хатшы қол қояды.
Өкім
Өкім – кәсіпорынның күнделікті өндірістік-шаруашылық және әкімшілік
қызметінің жедел мәселелері бойынша директор немесе оның орынбасары
шығаратын құжат.
Өкім кәсіпорынның ішкі құжаттатрына арналған бланкілерде ресімделеді
және оған директор немесе оның орынбасары қол қояды.
Өкімнің мәтініне мыналар кіреді:
- нақты тапсырма (жұмыс);
- орындаушының жауапкершілігі;
- орындау мерзімі.
Өкім беру бөлігі, әдетте, қазақ тіліндегі мәтінде Міндеттеймін,
Белгілеймін және т.б. сөздермен аяқталады.
Нұсқау
Нұсқау – бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, тапсырмаларды және с.с.
орындауды ұйымдастыруға байланысты мәселелер бойынша өкімдік құжат.
Нұсқауға кәсіпорын басшысы немесе өз құзыреті шегінде оның орынбасары қол
қояды. Нұсқаудың өкімдік бөлігі ҰСЫНАМЫН деген сөзбен басталады. Нұсқау
басқа өкімдік құжаттардан бөлек жалпы бланкіде ресімделеді.
Бұйрық
Бұйрық – дара басшылық негізінде іс-әрекет жасайтын министрліктер,
ведомостволар, бөлімдер, басқармалар, мекемелер, бірлестіктер, ұйымдар,
кәсіпорындар басшылары шығаратын құқықтық акті. Бұйрық негізгі шұғыл
міндеттерді шешу үшін шығарылады.
Бұйрық басқару құжаттарының ішінде ең көп тараған түрі. Ол көбіне
басқару тәжірибесінде жиі қолданылады.
Бұйрық мекеменің немесе оның құрылымдық бөлімшелерінің құрылу,
таратылу, қайта ұйымдастырылу; оларға өзгеріс енгізу мақсатында ережелерді,
нұсқаулықтарды бекіту; кәсіпорынның жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру,
жоспарлау, есеп беру, жабдықтау, өнімдерді сату және басқа да өндірістік
мәселелер, сондай-ақ кадр мәселелері бойынша жұмысқа қабылдау, ауыстыру,
босату және т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық шығару арқылы басшы
қызметкерлердің алдына негізгі міндеттерді қояды, түбегейлі мәселелерді
шешу жолдарын көрсетеді. Бұйрық осы кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін
орындауға міндетті. Жекелеген жағдайларда, бағыныштылығына байланыссыз
ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың үлкен тобына қатысты болуы да мүмкін.
Төмендегі құжаттар бұйрықпен ресімделуге жатады:
● кәсіпорын үшін тұрақты сипаттағы және орындалуы міндетті жұмыстарды
ұйымдастыруға байланысты шешімдер мен тапсырмалар;
● ережелерді, жарғыларды, тәртіптерді, нұсқаулықтарды және с.с.-ды
бекіту және енгізу;
● құрылымдық бөлімшелерді қайта құру, құру, тарату мәселелері;
● кәсіпорын жұмысының қорытындылары, хабарландыру, жүргізілген
тексеріс қорытындылары;
● қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату;
● қызметкерлерді көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту және басқа да
кадрлық мәселелер.
Бұйрықтар нақты қажеттік туындаған кезде ғана шығарылуы керек.
Бұйрыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу тек бұйрық арқылы ғана
жүргізіледі.
Бұйрық шығаруға төмендегілер заңдық негіз бола алады:
● Қазақстан Республикасының заңдары;
● Қазақстан Республикасы Үкіметінің жарлықтары, өкімдері;
● Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, өкімдері;
● кәсіпорын қызметін құқықтық реттеудің қажеттігі, кәсіпорын алдында
тұрған шұғыл және негізгі мәселелерді шешу.
1.3. Мекеменің жеке құрамы (қызметкерлері) бойынша құжаттар
Мекеменің басқару қызметі кадрларды іріктеуді және орналастыруды,
азаматтарды жұмысқа қабылдауды, басқа жұмысқа ауыстыруды және босатуды да
қамтиды. Қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, босату, кезекті еңбек демалысын
беру, көтермелеу кезінде ресімделетін құжаттар жеке құрам бойынша құжаттар
тобын құрайды. Бұл жеке құрам бойынша бұйрықтар, өтініштер, мінездемелер,
еңбек кітапшалары, жеке карточкалар, сондай-ақ жеке іске тігілетін барлық
құжаттар.
Кадр құжаттарының маңызы оларда азаматтардың еңбек етуге, білім алуға,
зейнетақымен қамсыздануға және басқаларына құқықтарын іске асыруға қажетті
мәліметтер белгіленетіндігінен көрінеді. Ал бухгалтерлік есеп үшін кадр
құжаттары бастапқы есептік құжат болып табылады. Осы құжаттар негізінде
бухгалтерлік есеп жүргізіледі. Сөйтіп, жеке құрам бойынша бұйрықтардың
негізінде бухгалтер жалақы, үстемақы, сыйлықақы, іссапар шығыстарын және
с.с.-ды есептеп төлейді.
Кадр құжаттарын жүргізуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының
тиісті заң актілерінде белгіленген. Бастапқы есептік құжаттардың
бірегейлендірілген нысандары бекітілген. Қажетіне қарай осы бастапқы
есептік құжаттарға қосымша деректемелер енгізуге болады. Бұл ретте бастапқы
есептік құжаттың бірегейлендірілген нысандарының барлық деректемелері
(коды, нысанның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz