Мұхит Мералыұлы (1841-1918): өмірбаяны мен шығармашылық мұрасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Құрманғазы атындағы саз колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Мұхит Мералыұлы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал-2012


Өмірбаяны

Мұхит (Мұхамбеткерей) Мералыұлы (1841 -1918 жж. ) - қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақбақай ауылында дүниеге келген. Халық композиторы, әнші-ақын, күйші-домбырашы. Ауқатты отбасынан шыққан. Мұхиттың туған ағалары Паңгерей, Шәңгерей, Сақыпкерей, Жанша, Жүсіптер шетінен өнерпаз (әнші, күйші әрі скрипка да тартқан) адамдар болған. Өмірін өнер жолына арнаған тек Мұхит болды. Ол ел ішіндегі той-жиындарда, ұлан-асыр жәрмеңкелерде, қан базарларда домбыра тартып, ән салды. Орынбор, Қостанай, Жаманқала, Қазалы, Троицк, Ақтөбе, Арал, Атырау облыстарын аралап, әнші даңқы шықты: "Әнші Мұхит", "сал Мұхит" атанды. Мұхит уақыт, қоғам, өмір туралы "Дүние-ай", "Зәуреш" әндерін толғады. "Паң көйлек", "Қыпшақ", "Дөң асқан", "Кербез" әндері Мұхиттың әншілік өнерінің сан-қырлы, жаратылысын, табиғатын ашады. Ойлы да қуатты, асқақ, бірде даланың жібек самалы боп желпіген нәзік, сырлы, мөлдір лиризмге тұнған әндерін асқан шеберлікпен орындай жүріп, өзінің әншілік дәстүрін жасады. Мұхит сұлу ат мініп, сәнді киінді; қасына ойыншы, саятшы, палуан, зергер, жыршы, күйшілерді ертіп жүрді; шәкірттері көп болды. Мұхит тек әнші, ақын ғана емес, күйшілік өнерімен де танылды. Ол Боғда, Есбай, Тазбала, Сәулебай, Абыл күйлерін өте әсерлі орындап, өзі де күй шығарды. Мұхиттың бір күйін Затаевич нотаға түсірген. Мұхиттың әншілік, ақындық, күйшілік мұрасын біздің заманға балалары - Шоң мен Нөу; немерелері - Шайқы, Лұқпан, Ғұбайдолла жеткізді. Мұхит әндерін орындаушылық дәстүрін ілгері дамытып, халықарасына насихаттаушы - Ғ. Құрманғалиев, Т. Ибрагимова, Н. Әбілова, т. б. Мұхит әндері жеке жинақ болып басылып, оның шығармашылығы туралы зерттеулер де жазылды. Қазақстан композиторлары Мұхиттың туындыларын өздерінің шығармашылығында кеңінен пайдаланды. Мұхиттың "Алуаш" әнін Е. Г. Брусиловский "Жалбыр", "Үлкен Оразын", "Қыз Жібек", "Дүние-ай" әнін "Ер Тарғын" операларында пайдаланды. Б. Г. Ерзакович "Айнамкөз" әнін өзінің ішекті аспаптар квартетіне ал "Зәуреш" әнін Л. М. Шаргородский мен С. И. Шабельский "Симфоньеттасына" тақырып етіп алды. 1918 жылы туған жерінде көз жұмды.

Шығармалары

Мұхит Мералыұлы (Мұқамбеткерей. 1840-1918) - елiмiздiң батыс өлкесiндегi ауызша-кәсiби әншiлiк мектептiң негiзiн қалаушы дарабоз өнер иесi. Ол тiршiлiкте өнердi бәрiнен жоғары қойып, атақты, дәулеттi ұрпақтан бола тұра өмiрдiң нарқын байлықтан, барлықтан iздемей, барша саналы өмiрiн өнерге бағыштайды. Оның халық арасына кең тараған «Айнамкөз», «Үлкен Айдай», «Кiшi Айдай», «Зәуреш», «Паңкөйлек», «Дүние», «Ақ Иiс» әндерi - қазақ музыка мәдениетiнiң алтын қорындағы арналы үлгiлер. Бұл авторлық қолтаңбасы айқын туындылар кең тынысты кәсiби шебер әншiлер репертуары арқылы жеткен едi. Ал халықтық үрдiстен алшақтамаған, әнсүйер информаторлар жалғастырған «Алуаш», «Жайма қоңыр», «Дағанау», «Демалыс», «Дүние-ау», «Еркем» және т. б. туындылары өз алдына бiр төбе. Әндерi бүкiл өлке өнерiн көз алдыңызға әкелетiн сазгердiң өскен ортасы ежелден жыраулардың, тарихтан белгiлi айтыс ақындары мен жыршылардың ордасы болды әрi XIX ғасырда шырқау шыңына көтерiлген даңқты күйшiлiк мектептерге тұспа-тұс келдi. Осындай екi түрлi өнерден сусындап өскен Мұхит шығармашылығына бұл жанрлардың ықпалы зор болды. Композитор туындыларының құрылымынан, даму желiсi мен әуендiк-интонациялық бағытынан, ладтық түзiлiмiнен осы қалыптасқан дәстүрлердiң әсерi айқын сезiледi.

Халық талантының әндерi өткен ғасырдың отызыншы жылдарынан бастап Қазақстан композиторларының жазбаша кәсiби музыкасындағы бастау алар қайнарға айналды. Мәселен «Дүние», «Үлкен Айдай» /2-түрi/, «Жайма қоңыр» әндерi, Е. Брусиловский жазған қазақтың алғашқы «Қыз Жiбек», «Ер Тарғын» операларында қолданылды; Б. Ерзаковичтiң («Қазақ квартетi»), Л. Шаргородский мен С. Шабельскийдiң («Симфониеттасы»), Б. Жұманиязовтың (фортепианолық вариациялары), Қ. Қожамьяровтың («Зәуреш») вокалды-симфониялық поэмасы және қазiргi заман жас буын сазгерлер туындыларында кеңiнен пайдаланылып, өз өмiршеңдiгi мен маңыздылығын дәлелдеп келедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхит Мерәліұлы (1841-1918): Батыс Қазақстан ән мен күй өнеріндегі рөлі мен шығармашылығы
Ақтан Керейұлы (1850-1912): шығармашылық өмірбаяны мен әдеби мұрасы
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889): өмірбаяны мен ағартушылық-педагогикалық қызметі
Ахмет Байтұрсынұлы: өмірбаяны, шығармашылық мұрасы және ахметтану зерттеулері
Абай Құнанбаев: өмірбаяны, қоғамдық қызметі және шығармашылық мұрасы
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889): өмірбаяны, ағартушылық еңбегі және шығармашылығы
Абай Құнанбайұлы: өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметі және әдеби-шығармашылық мұрасы
Иоганн Себастьян Бах (1685-1750): өмірбаяны және шығармашылық мұрасы
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889): ағарту қызметі мен педагогикалық-әдеби мұрасы
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889): қазақ ағартушылығы мен педагогикалық мұрасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz