Несие беру кезеңі


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің формалары және оның маңызы
1. 1 Несиелеу принциптері және олардың орындалуының негіздері . . . 5
1. 2 Несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формалары және оларға сипаттама . . . 14
2. Банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз етудің формаларына талдау және олардың несиелік тәуекелдерді азайтудағы маңызы
2. 1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің бірінші реттегі қаржы көздері . . . 27
2. 2 Кепілдік және кепіл болушылық . . . 29
3 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етуді жетілдіру жолдары
3. 1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибелері . . . 33
3. 2 «Альянс Банк»-нің несие портфелінің сапасын жақсарту бағытындағы жұмысы . . . 36
Қорытынды . . . 40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъект сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлеріне олардың істеген еңбектері үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтары үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі.
Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржы көздердің ең негізгілерінің бірі - несие болып саналады. Несие дегеніміз - бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай формамен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.
Шаруашылық субъектісі банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтару мүмкіншілігін, әрбір коммерциялық банктердің несие беру, өтеу, несие проценті ставкаларымен және басқадай талаптарымен танысып алдын ала танысу қажет. Банк мекемелері әдетте несие сұраушы субъектінің өтем қабілеттілігімен өтемпаздығын мұқият тексереді.
Нарықтық экономикада несие банк жүйесінде маңызды рөл атқарады. Несиенің экономикадағы алатын орны елеулі екендігіне ешбір күмән жоқ. Олай болса, бұл тақырыптың өзекті екеніне көз жеткізуге болады. Жұмыстың мақсаты банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету, яғни қарызға берілген банктік несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету формаларын және несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қатынастарды көрсетеді. Оның көмегі арқылы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, қарыз капиталына айналуы және белгілі уақытқа қолдануға ақылы түрде беріледі.
Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық, лизингтік, трастылық қаржылық банктік операцияларды пайдалану жаңғыртылады, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі, несие ставкасы де өзгереді.
Курстық жұмыстың мақсаты - банктік несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің негізгі формаларын ашып көрсету және несиелік тәуеклдерді азайтудағы маңызы.
Курстық жұмыстың алға қойылған мақсатына жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:
- банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз кту формаларын қарастыру;
- несиелеу принципін теориялық жағынан зерттеу;
- несиелік тәуекелді азайту туралы мәселелерді қарастыру;
- несиелеу кезінде туындайтын несиелік тәуекелдерді басқарудың ерекшеліктерін қарастыра отырып, алдын ала жолдарын табу;
- қазақстандағы банктің неселік портфелінің сапасын жақсартудың жолдарын көрсету.
Зерттеу пәні Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің формалары және оның маңызы мен басқару әдістері және оларды жүзеге асыру формалары.
Зерттеу объектісі банктік ссудалардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету формалары.
Курстық жұмыстың құрылымы . Курстық жұмыс кіріспеден, 3 негізгі бөлімнен, қорытынды, қолданған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Банктік несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етудің формалары және оның маңызы
1. 1 Несиелеу принциптері және олардың орындалуының негіздері
Несие - нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Құнның қозғалысы - бұл несиенiң қозғалысының жүзін сипапайды. Несиелiк қатынастардың пайда болатын экономикалық негiзiне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбiне несиенi ақша ретiнде түсiнедi. Бiр жағынан қарағанда бұган негiз де бар сияқты. Себебi, қазiргi шаруашылықта қарыз көбiне ақшалай түрде берiлуде. Бiрақ бұл жерде ақша мен несиенiң әр түрлi ұғымды бiлдiрiп, әр түрлi қатынастарды түсiндiретiнін естен шығаруға болмайды.
Сонымен қатар, несие мен қаржы категорияларын бiр санайтындар да аз емес, несие - бұл ақшалай қаражаттың екi жақты қозғалысын, яғни қаражаттың уақытша берiлуiн және уақыт өткен соң қайтарылуын баяндаса, ал қаржы - сол қаражаттың бір жақты қозғалысын бейнелейдi, яғни қаржы: дотация, субвенция, субсидия түрiнде берiлсе, олар кайтарымсыз сипатқа ие.
Несие - бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға (қарызға) берiлетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi.
Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынасының бір жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субъектiлерi және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиенi алушы және оны қайтаруга міндеттi, несиелiк қатынастың екiнші жағы. Борышқор және қарыз алушы бiр-бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсiнiктерi әр түрлі. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдерi кешігуi мүмкiн, бiрақ бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономи калық қатынасты емес, сондай-ақ ада адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұгым. Ал қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлга.
Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiң құрылымының элементiне берiлетiн объекті де жатады. Беру объектiсi - бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.
Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып абылады. «Кредит» деген сөз, «қарызға», «несие» деген «kredo»- сенемiн деген магына беретiн латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория ретiнде әр турлi экономикалық қоғамдарда қызмет етедi. Ол тауар өндiрiсiнiң пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрiнедi. Несие қатынастарын ақша қатынастары сияқты үнемi даму үстiнде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның дәулеттi топтарынан мүлiксiз шаруалар мен кәсiпкерлерге тұтыну муктаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамымен несие ақша түрiнде беріле бастады.
Құндық қатынасты ерекше формасы сияқты несиенiң пайда болуы шаруашылық жүргiзуi бiр субъектiден босаған құн шаруашытлық мәмiледе қолданысқа түсетiн, бiрақ бiр уақыттарда жаңа қайта өндiру цикiліне ене алмайтын кезде ғана жүзеге асады. Несиеге байланысты бұл құн қосымша қаражатқа уақытша қажеттiлiгi туып отырган басқа субъектiге өтедi және қайта өндiру процесiніц шеңберiнде қызметiн жалгастыра береді. Бiрақ, несиелiк қатынастардың пайда болуың экономикалық байланысқа түсуге дайын меншiк иелерi сияқты бiр-бiрiне қарсы тұралатын тауар иеленушiлер арасындагы айырбас ауқымынан iздеген жөн. Тауарларды Қолдан-қолға өткiзу сияқты тауар айырбастау және қызмет көрсетумен ауысу несиелiк қатынастардан туындаған экономикалық жемiс.
Несиелiк қатынастар пайда болатын және дамығын нақты экономикалық негiзде қаражат айналымы мен ауыспалы айналым, яғни несиелiк қатынастың материалдық негiзi боп құн козғалысы саналатын болады.
Қарызға алуына несиенi кедей болғаны үшiн алмайды, ол өзнiң меншiктi қорларының ауыспалы айналым мен капитал айналымының объективтi күшне толық шамада жетпей тұрғандықтан өз iсiн алға бастыру үшiн алады.
Несие объективтi қажеттiлiктен туындаған және ол когамдық өндіріс процесiнде маңызды рөл атқарады. Несие ақшалай капиталдың қарызга трансформациясын қамтамасыз етедi және несие берушiлер мен қарызга алушылардың арасындагы қарым-қатынасты бiлдіредi.
Оның көмегімен мемлекеттiң, халыктың, ұйымдардың және кәсiпорындардың табыстары мен бос (еркiн) ақшалай қаражаттары жинақталып, уақытша пайдаланудың төлемiне аударылатын несие капиталына айналады.
Несие - ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo» - сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңбек құралдары және т. б) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.
Несие - нарықтық экономика жағдайында қарыз капиталының қозғалысының теориясы, яғни қарызға берілетін ақша капиталы болып табылады. Несие ақша капиталын қарыз капиталына айналдыруды қамтамасыз етеді де, қарыз беруші мен қарыз алушының арасында қатынастарды көрсетеді. Несие құндық экономикалық категория, тауар-ақша қатынастарының элементі. Іс жүзінде несие ақшаны немесе тауарларды пайызбен қарызға беру. Ал ссуда - тек қана ақшалай күйде қарызға беріледі. Несиелік қарым-қатынастар экономикадан белгілі бір әдістемелік негізге сүйенеді. Солардың бірі ссудалық капитал нарығындағы кез келген операцияны практикалық ұйымдастыруда қатаң сақталады.
Несие теориясы және оның дамуы. Несиені зерттеу барысында таным әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым ежелден келе жатқан ғылым. Ол саяси экономиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экономикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады. Ғалымдар бүгінгі таңда экномика ғылымының алдында бір жағынан теориялық талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екенін айтуда[4] .
Теорияны тәжірибеден оқшау қарыстырмау керек екені түсінікті. Барлық теориялық проблеммалардың соңы тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.
Экономикалық әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері мен заңына қатысты саясат орын алуда. Несиенің мәнін зерттеуде натуралистік және капиталдық жасампаздық теориясы қатаң қадағаланатындығы байқалады.
Натуралистік несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың екіші жартысында пайда болды. Бұл теорияның негізін А. Смит пен Д. Рекардо салды. Одан әрі оны француз экномистері Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық Д. Мак - Куллах дамытты. Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несие объектісі заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материялдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады[5] .
Бұған қарамастан натуралистік теорияның маңызын несиенің қазіргі заманғы теориясының қалыптасуы мен дамуына байланысты еш кемітуге болмайды. Натуралистер өндіріс процесінде қалыптасатын несие нақты капиталды құрамайды, деп дұрыс есептеді. Олар несиенің рөлін өсірмей, несие пайызының түсетін табыстың көлемімен өзгерістеріне тәуелді екенін дәлелді екенін дәлелдеді.
Несиенің капиталдық жасампаздық теориясы натуралистік қарама қарсы идеяны ұстанады. Оның тұжырымдамасы бойынша несиеге экономиканың дамуында шешуші рөл беріліп, оны ұдайы өндіру процестерінен алыстатады. Несие ақшамен және байланыспен теңестіріледі. Бұл теорияның негізін салушы, ағылшын экономисі Дж. Лонның ойынша несие елдің барлық пайдаланылмаған мүмкіндіктерін қозғалысқа келтіріп, байлық пен капиталдың жиналуына себеп болады. Ол банктерді делдалдар ретінде емес, капитал жасаушылар деп қарастырады.
Бұл теорияның қолданушылары а ғылшын экономистері Г. Макмед, Дж. Кейнс, Ф. Хоутри, И. Шумперет(Австрия), А. Ган (Германия) болды. Олар ақша мен несиені сатып алу күшіне сай байлық деп есептеді. Несие пайда әкеледі, сондықтан ол “өндіргіш капитал” болып табылады, ал, банктер “несие фабрикасы”. Бұл екеуі де несиені, яғни капитал жасайды. Олар банктер барлығын, депозиттерді, яғни капитал жасайды деп пайымдайды. Сондай - ақ олар банктер шексіз депозиттерді, соған сәйкес несие мен капитал жасайды деп есептейді. Міне, осындай несие ауқымының шексіз кеңеюі қайта өндірудің, экономикалық дамудың қозғаушы күші екенін ұйғарып, экономиканың тұрақты дамуына әсер етеді. Сондықтан олардың теориялары “өтемпаздық теориясы” деген атауға ие болды. Олар несиеің шегін, несие ауқымының шексіз кеңеюі инфляция мен оның зардаптарына әкелетінін ұмытып кетті.
1929 - 1933 жж. әлемдік дағдарыс несиенің капиталдық жасампаздық теорияның абыройын жоққа шығарды. Алайда, оның оңтайлы нәтижелері болмай қалған жоқ. Оны Дж. Кейнс пен оның ізбасарлары оларды дағдарыстарстың және екінші дүниежүзілік соғыстың зардаптарын жою үшін пайдаланды. Олар экономиканы несиемен реттеудің принциптерін негіздеді: экономикаға несие салымдарының инвестициясын кеңейту жолымен несие пайызын төмендетуге болады. Дж. Кенстың тұжырымдамасы бойынша айналымдағы ақша жиынтығы пайызға, пайыз - инвестицияға, инвестиция - өндіріске, өндіріс - табысқа, табыс - бағаға әсер етеді. Сондай - ақ ол ақшаның белгілі бір деңгейге дейін пайызға әсер етпейтінін, ал инвестицияның пайызға үнемі әсер етпейтінін мойындады[5] .
Батыс және Еуропамен 24 - тен астам дамыған елдердің қамтитын Еуропа Одағы АҚШ - тан капитал қорланымының кіші көлемімен және несие нарығының жеке сараланым (сегмент) операцияларының жеткілікті дамымауымен ерекшеленеді. Мұндай тенденциялар Жапонияның несие капиталы нарығына да тән.
Егер Қазақстанның несие нарығына тоқталатын болсақ, онда оның сараланымдары әр түрлі деңгейде екенін, сондай - ақ ол енді енді қалыптасып келе жатқанын атауға болады. Мысалы, Қазақстан ақша және капитал нарығының сараланымы елдегі өндірістік және жеке қорланымның және банк жүйесінің жақсы дамымағанына байланысты едәуір жетілді.
Ипотека нарығы алғашқы даму сатысында, оның инфрақұрылымы мен заңдық базасы жасалуда. Бірақ, бұл нарықты әзірге даму сатысында деп айтуға болмайды, ол ипотекалық несиелеудің Батыс үлгісінен алшақ жатыр.
Қор нарығы кенжелеп қалған. Оның заңдық базалары мен инфрақұрылымы әлдеқашан әзірленіп, биліктің ынтасы болса да, ол әлі даму тұрғысынан енді - енді оянып келе жатыр. Егер мемлекеттік бағалы қағаздар қалыпты дамыса, ал корпарациялық бағалы қағаздар түрлі объективті себептерге байланысты мүлде дамымаған.
Капиталдық жасампаздық теорияны ары қарай монетаристер дамытуда. Оқулықтың алдыңғы бөлімінде атап өткеніміздей, М. Фридмен экономиканы реттеудің негізгі құралдары - несиенің пайыздық мөлшерлемелері мен айналымдағы ақша жиынының өзгерісі болып табылады деп есептейді. Шын мәнісінде пайыздық мөлшерлемелерді реттей отырып, экономикаға салынатын несие салымдарының ауқымын кеңейтуге немесе аясын тарылтуға болады. Сондай-ақ, айналымдағы ақша жиынтығын реттеуге, ең соңында өндіріске және баға мен инфляцияның деңгейіне де әсер етуге болады.
Монетаризм теориясы дамыған елдердің экономикалық саясатында кеңінен қолданылуда. Бүгінгі таңда оның маңызы несиенің пайыздық мөлшерлемесін өзгерте отырып, ақша жиыны мен инфляцияның өсуін тежеуге қол жеткізуге болып отыр.
Қазақстан да несие теориясының жемістерін тәжірибеде кеңінен пайдаланып отыр. ҚР Ұлттық банкі мен үкіметі ақша несие реттеуінің монетаристік теориясын қолдана отырып, 1994 - 1997 ж ж. өршіген инфляцияны басты және елдегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиенің мақсаты - бұл принцип несиелік оерациялардың басым бөлігіне таратылады, несие берушіден алынған қаражаттардың мақсатты қолданылуының қажеттілігін көрсетеді. Тәжірибеде несие шартының бір бөлігінде беріліп отырған несиенің нақты мақсаты және банк қарыз алушының осы шартты сақтауын қадағалайды. Бұл міндеттемені бұзу несиені мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету немесе айыппұлдық, ссудалық пайыз енгізуге болады.
Несиенің дифференциялық сипаты - қазіргі несиенің дифференциялдық принциптерінің мазмұны өзгерген десе де болады. Біріншіден, ол мерзімділік қағидаттарымен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан данесиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негзінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип несиелік келісім жасалғанаға дейін және банктер нсиелік ресурстарға деген сұраныстарын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің диффренциациялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау болып табылады. Бұл принцип несие ұйымдарының әртүрлі категориялы потенциалды қарыз алушыларға диференциалды тұрғыда қарауын анықтайды.
Несиенің төлемділігі - бұл принцип қарыз алушының банктен алған несие ресурстарын тікелей қайтарып қана қоймай, оларды қолдану құқығына ақы төлеуді көрсетеді. Несиеге ақы төлеудің экономикалық мәні қарыз алушының несиеге қолданудан алған қосымша пайдасын несие берушімен бөлісуін білдіреді. Бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылытындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшрлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады[3] .
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескерілетін басты факторларына мыналар жатады:
- орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
- банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі;
- өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері;
- банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс) ;
- несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады) ;
- несиенің сүралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
- еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынан банктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады) .
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz