Аударма және өркениет
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Аударманың мәдениеттанулық мәселелері
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2 Аударманың онтологиялық салыстырмалығы
2.1 Лингвомәдениеттану және аударма мәселесі
(Тіл. Мәтін. Дискурс.)
2.2 Концептсфера. Аудармадағы интерпретация және түсіну мәселесі
2.3 Аударма эквиваленттілігі мәдени.коммуникативтік эквиваленттілік
ретінде
3 Аударма және өркениеттік өрістегі мәдениеттер сұхбаты
3.1 Коммуникация құралдарының күрделенуі және өркениеттілік
өрісі
3.2 Аудармашы тұлғасына қатысты ойлар. Аудармашының
көшпелі.маргиналды тезаурусы
3.3 Өркениеттілік үрдістер аясындағы қазақ мәдениетіндегі
аударма ісі
Қорытынды

Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым-қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы, аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі-маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік “сахнасында” өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын “тайға таңба басқандай” айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет “ұлы көштен” қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс. Мәдени сұхбат үрдісі аясында ұлттық мәдениеттің жаңғыруы өзге мәдениеттер даярлаған мол мұраны жатсынбай, сіңіре білу қабілетіне барып тіреледі.
Адамзат жазулы тарихта жүргеніне біраз уақыт болғандықтан көптеген рухани құндылықтар қағаз бетіне түсірілген мәтін ретінде тіршілік етіп жатқандығы кімге де болса мәлім. Сол мол қазынаны өзіміздің бай мәдени мұрамыздай көріп, одан шығармашылық шабыт алу үшін, алдымен, сол қазынаны түсінікті ететін амал-тәсіл керектігі даусыз. Ендеше, түрлі тілде сөйлейтін адамзаттың ортақ мұрасын өз мәдени мұрамыздың іргелі бөлігі деп қарауға мүмкіндік берер аударма мәселесі бүгінгі таңның өзекті тақырыбы.
2003 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” кешенді Мемлекеттік бағдарламасы [1] қабылданған болатын. Ол Қазақстан Республикасының “Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы” [2], “Мәдениет туралы” [3], “Ұлттық мәдени қор мен мұрағаттар туралы” [4] заңдарына сәйкес қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламада гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын

Аударма және өркениет (монография)
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Аударманың мәдениеттанулық мәселелері
1.1 Аударма туралы түсінік және оның қалыптасу кезеңдері
1.2 Аударманың мәдениет тарихында пайда болуы және
оның мәдениеттер сұхбаттастығын қалыптастырудағы рөлі
2 Аударманың онтологиялық салыстырмалығы
2.1 Лингвомәдениеттану және аударма мәселесі
(Тіл. Мәтін. Дискурс.)
2.2 Концептсфера. Аудармадағы интерпретация және түсіну мәселесі
2.3 Аударма эквиваленттілігі мәдени-коммуникативтік эквиваленттілік
ретінде
3 Аударма және өркениеттік өрістегі мәдениеттер сұхбаты
3.1 Коммуникация құралдарының күрделенуі және өркениеттілік
өрісі
3.2 Аудармашы тұлғасына қатысты ойлар. Аудармашының
көшпелі-маргиналды тезаурусы
3.3 Өркениеттілік үрдістер аясындағы қазақ мәдениетіндегі
аударма ісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Бұл зерттеуде өркениет феномені болып табылатын аударма мәдениеттанымдық парадигма аясында қарастырылады. Ол үшін ізденісте аударманы қажет еткен тілдердің пайда болу, бөліну тарихынан бастап, адамзат мәдениетіндегі қарым-қатынас куәгері болған аударма ісінің өз тарихы, аудармаға қатысты теориялық ізденістер тарихы, аударманың лингвомәдениеттанулық контексті, аударманың мәдениеттер сұхбаттастығының жемісі – өркениеттілік өнімі екендігі, отандық мәдениеттегі аударма ісі, аудармашы тұлғасының көшпелі-маргиналды тезаурусы және т.б. қамтылды.
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани бастауларының көзін ашып, бар-жоғын түгендеп, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап, бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат қойып отыр. Бүгінгі күрделі де қиын әлемнің замана талабына сай болу үшін, мәдени-өркениеттік бәсекелестік “сахнасында” өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмау үшін өзгенікін де біліп, саралап отыру керек. Ғаламдық сипаты күн өткен сайын “тайға таңба басқандай” айқындала түскен заманда мәдени бірегейлік тағдыры толғантқан ұлттық мәдениет “ұлы көштен” қалмастың да қамын ойлағаны жөн. Ол үшін ұлттық мәдениет өзінің өміршеңдігін ұзартатын жалғыз жол – өркениеттер арасындағы мәдени сұхбат жолын ғана бетке алуы тиіс. Мәдени сұхбат үрдісі аясында ұлттық мәдениеттің жаңғыруы өзге мәдениеттер даярлаған мол мұраны жатсынбай, сіңіре білу қабілетіне барып тіреледі.
Адамзат жазулы тарихта жүргеніне біраз уақыт болғандықтан көптеген рухани құндылықтар қағаз бетіне түсірілген мәтін ретінде тіршілік етіп жатқандығы кімге де болса мәлім. Сол мол қазынаны өзіміздің бай мәдени мұрамыздай көріп, одан шығармашылық шабыт алу үшін, алдымен, сол қазынаны түсінікті ететін амал-тәсіл керектігі даусыз. Ендеше, түрлі тілде сөйлейтін адамзаттың ортақ мұрасын өз мәдени мұрамыздың іргелі бөлігі деп қарауға мүмкіндік берер аударма мәселесі бүгінгі таңның өзекті тақырыбы.
2003 жылы Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған “Мәдени мұра” кешенді Мемлекеттік бағдарламасы [1] қабылданған болатын. Ол Қазақстан Республикасының “Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы” [2], “Мәдениет туралы” [3], “Ұлттық мәдени қор мен мұрағаттар туралы” [4] заңдарына сәйкес қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламада гуманитарлық білімнің мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын қалыптастыру міндеті қойылған. Бұл бағдарлама, біріншіден, әлемдік мәдениеттің озық классикалық шығармаларының (мейлі ғылыми, мейлі әдеби, мейлі философиялық болсын) толығымен қазақ тіліне аударылуын көздесе, екіншіден, қазақ халқының бай рухани мұрасын дүйім жұртқа кеңінен таныту әрі тарату үшін орыс және басқа да әлем тілдеріне аударуды да көздеп отыр. Қарап отырсақ, жалпы бағдарлама түгелдей дерлік аударма ісімен байланыстылығын танытады. Бұл да осы қарастырылып отырған тақырыптың теориялық зәрулігін білдірсе керек. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында [5] қойылған модернизация міндеттемелері әлеумет өмірінің сан саласын қамтығанмен, өзінің түпкілікті мағынасында қоғамды гуманизациялауға бағытталған. Онда да әлемдік адамзаттық құндылықтарды тарату мен тасымалдау жолы аударма ісіне барып тірелетіндігі белгілі.
Тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі өзіндік бірегей орнының нығаюы мәдени-тілдік алыс-берісті арттыру ісіне, яғни аударма ісіне де тәуелді. Елдер мен халықтар арасындағы саяси-экономикалық, рухани, мәдени байланыстар ауқымының ұлғаюы аударма ісінің білікті мамандарын ғана даярлауды қажет етіп қоймай, сонымен қатар, тәржіма туралы теориялық зәру мәселелерді күн тәртібіне ұсынады.
Жер шарын мекендеген мыңдаған халықтардың түрлі тілде сөйлеу факті, сонымен қатар, күн өткен сайын өсіп келе жатқан мәдениетаралық коммуникация аударма ісін күнделікті қажеттілікке айналдырып отыр. Аударма әрі көне, әрі жаңа өнер. Аударманы өнер деп атаудың өзі де оның мәдени әлеуетінен хабардар еткендей. Ал сол аударма барысында орын алатын мәдениеттер сұхбаты өркениеттілік болмыс-бітімнің өзіндік ерекшелігін сомдайды. Ендеше, аударманы зерделеу – оны өз еншісіне айналдырған тілтанудың, әдебиеттанудың ғана жеке ісі емес, мәдениеттану сынды әмбебап әрі пәнаралық ғылымның да ортақ ісі болмақ.
Осы монографияға атау болып отырған мәселенің өзектілігі мен маңыздылығы мәдениеттер арасындағы сұхбаттастыққа тікелей байланысты болғандықтан, аударма ісін мәдени байланыстар мен өзара ықпалдастықты негіздеудің күрделі феномені ретінде қарастыруға мүмкіндік аламыз.
1 АУДАРМАНЫҢ МӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Аударманың мәдениеттанулық мәселелеріне не жатпақ деген сұрақ туындары заңды. Ол үшін, алдымен, аударманың мәдени феномен екендігі де, оның адамзат мәдениетімен тығыз байланыстылығы да шүбә келтірмес айғақтар екендігін еске сала кеткіміз келеді. Әрине, аударма – мәдени құбылыс. Өйткені, біріншіден, аударманы қажет етуші де, жасаушы да адам. Ал адам мен мәдениетті бөліп-жарып қарастыра алмайсыз, себебі мәдениет – адами болмыс ету нәтижесі. Екіншіден, аударма – мәдениетаралық байланысты жеңілдетіп, мәдениеттердің жандануына, баюына үлкен ықпал ететін құбылыс.
Аударманың, соның ішінде, әсіресе, көркем-әдеби, поэтикалық аударманың әдебиет, поэзия сынды өнер қатарына жататындығы да қисынды. “Прозадағы аудармашы – құл, ал поэзиядағы аудармашы – қосавтор” деген В. Жуковскийдің қанатты сөзі бекерден бекер айтылмаса керек. Ол аударманың өнер ретіндегі көрінісін танытады. Сонымен, аударманың мәдениеттің айнасы болып есептелетін өнерге де тікелей қатысы барлығы оның мәдениеттанулық құбылыс ретінде анықталуына тағы бір себеп болады. Сөйтіп, аударма – шығармашылық әрекет түрі ретінде де мәдениеттанулық зерттеу нысанына қойылар талаптар биіктігінен көрінеді.
Аударманың адамзат мәдениеті тарихында көрінуі және де жалпы мәдениеттер арасындағы қарым-қатынасты өрбітуге тигізген ықпалы да, әрине, өз алдына, үлкен мәдениеттанулық мәселе.
Аударма ісінің мәдениеттің мәйегі болып есептелетін тіл мәселесімен етене тығыз байланыстылығы бүгінгі таңда кең жайылып келе жатқан “дефистік (hyphnated) ғылымдар”, немесе пәнаралық зерттеулер жемісі – лингвомәдениеттанулық ізденіс аясын көрнекілейді.
Аударма деген жалпылама ұғым ауқымында жатқан барлық құбылыстар (ауызша тілмаштық, жазбаша тәржіма, еркін баяндау, әңгіме ету және тағысын тағылар...) адамзат мәдениетімен, адамның мағыналық қызметімен, рәмізділік аясымен тығыз байланысты құбылыстар. Оған қоса, аударма ісі, расында да, мәдениетаралық байланыстарды нәтижелі ететін әрі өзі сол қарым-қатынастардың салдары ретінде пайда болатын қызмет. Сондықтан да аударманы пәнаралық ізденістер шекарасында – мәдениеттануда зерделеудің өзіндік қисыны бар.
Сонымен, аударма – мәдени құбылыс. Мәдениетті кең философиялық тұрғыдан адами болмыс нәтижесі деп анықтаймыз. Адами болмыс дегеніміз не? Ол – уақытқа тәуелді шексіз көп түрөзгерістерді басынан кешірген пенденің өзін-өзі қалыптастыру процесі. Адами болмыс қашанда мүмкіншілікті болмыс, ықтималдылық процесс.
Адамды адам ретінде ерен етіп тұрған да, оның өзіндік әлемі – мәдениетіне тіреуіш болып тұрған да нағыз адами болмыстың іргетасы – мән-мағыналық кеңістік, рәміздік кеңістік, таңбалық кеңістік. Мән-мағыналық, немесе рәміз-таңбалық кеңістік абстрактілі бейнелерден, ұғымдардан, сөздер мен таңбалардан, рәміздерден, эйдостардан (идеялардан) тұрады. Фиксацияда, көшіруде, аударуда – осылардың бәрінің адам үшін мәні бар нәрсені көбейтуінде мәдениеттің негізгі қыры да, сыры да танылады. Ол мәдениеттің кумулятивтік, жинақтаушылық рухын баяндайды.

Аударма ұғымы мен оның мәнін, әсіресе, мәдениеттанулық ғылым аясындағы мазмұнын ашып көрсету осы бөлімшенің алға қойып отырған міндеті. Соған қол жеткізу үшін аударма түсінігін талдаудан бастаған жөн. Айтылған сөзді ауызша қотару барысындағы тілмаштық болсын, хатқа түсірілген сөзді жазбаша тәржімалау болсын, жалпы, мән-мағынаны тасымалдау (хабарлау, баяндау, әңгімелеу) болсын – бәрі-бәріне қатысты, жалпылама алғанда, аударма деуге негіз бар. Макроконтексте аударма дегеніміз адами әлемнің заңды процесі әрі кез келген жанның табиғи қабілеті. Бір тілдің өз ішінде әлдебіреудің айтқанын, жазғанын одан басқа адам қабылдау, түсіну барысында өзінің “ішкі” тіліне аударады деуге болады. Өйткені әрбір адамның “өз тілі” бар, сондықтан басқа адамның айтқанын біз үнемі аударма заңдылығымен қабыл аламыз.
Кезінде Р. Якобсон “Аударма туралы” деген эссесінде [6, 22 б.] аударманың үш түрін көрсеткен екен:
1) бір тілдің өзінің ішіндегі тілішілік аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін сол тілдің басқа белгілерімен сипаттау – түсініктеме, талдау, мазмұндау, бір тілдің ескі нұсқасында жазылған шығарманы жаңаша сөйлету (мысалы, көне түркі тіліндегі жәдігерлерді бүгінгі қазақ тілінде түсінікті етіп жеткізу) және т.б.;
2) сөздің төл мағынасындағы аударма, немесе, тіларалық аударма, яғни бір тілдің лингвистикалық белгілерін басқа тілде беру;
3) семиотикааралық аударма, немесе трансмутация, яғни тілдің лингвистикалық белгілерін бейлингвистикалық белгілер жүйесі арқылы қайталау. Мысалы: белгілі роман не повесть желісінде фильм түсіру немесе қойылымдар даярлау.
Осыдан, былайша айтқанда, аударма болып есептелмейтін “аударманың” екі формасы бар екені көрініп тұр. Біріншісін Якобсон аудармадан басқа сөзбен жеткізеді: тілішілік аударма немесе басқа атау беру, “rewordіng”. Сондай-ақ, үшіншісі де аударма болып есептелмейтін семиотикааралық аударма немесе трансмутация. Бұл екі жағдайда да сөз “аударманың” аудармасы, интерпретациясы туралы болып тұр. Осыдан тура өз мағынасындағы аударма бар және жанама мағынадағы аударма бар деп айтуға болатын секілді.
Аударма ұғымының тар және кең мағынасы бар. Тар мағынасында аударма деп бір тілдің ауызекі немесе жазулы ақпаратын (мәтінін) екінші бір тілде түсінікті етіп жеткізуді айтады. Тар мағынасындағы аударма жалпы аударма ұғымының көпке үйреншікті, дағдылы түсінігін білдіреді. Расында да, аударма дегенде ана тілімізден басқа тілде жазылған көркем-әдеби шығарма мәтіні немесе басқа да керегі болып тұрған ақпарат, хабарлама және т.б.-ны өзімізге түсінікті түрде өз тілімізде бізге жеткізуді көз алдымызға елестетеміз.
Кең мағынасында аударма деп қандай да болмасын мәдени ақпарат түрін, мәдени мәтінді өзінің үйреншікті арнасынан басқа түрге ауыстыру, оны сол мәтін жазылған, айтылған, жасалған “тілден” (бұл тұста тіл деген тар лингвистикалық мағынада қолданылып тұрған жоқ) басқа бір тілге мән-мағынасын бұзбай жеткізуді айтады. Мысалы, айтулы немесе жазулы тілге негізделмеген мәдени салалар: көркемсурет, музыка, би және т.с.с. өз алдында тілдік кейіпке келе алады. Өйткені біз көркемсурет идеясын, музыканың рухын, бидің қимыл-қозғалыстарының мәнін тілге сала аламыз, яғни тіл арқылы “сөйлете” аламыз. “Тілсіз тілдер” ұғымы осыдан барып шығады, “мәдениет – метатіл” деген түсінік туындайды.
Бәріміздің білетініміздей, адамзаттың бір тілде ғана емес, бірнеше мыңдаған тілдерде сөйлейтіндігінен барып аударма қажеттілігі туындайды. Тілдердің көп түрлі болуына биологиялық тұрғыдан алғанда еш негіз жоқ. Өйткені барлық адамзат балалары биологиялық бір түр өкілдеріне жатады. Шындығында, адам тек нәсілдік белгілері бойынша: терілерінің түсіне, бас сүйектерінің көлемі мен формасына, қан құрамына және т.б. белгілері бойынша ғана бірнеше топқа бөлінеді. Осыны негізге алсақ, онда әлемде бес-алты тіл ғана болуы тиіс еді. Қазіргі заманда, әртүрлі есептеулер бойынша әлемде төрт-бес мыңға жуық тілдер бар көрінеді. Жалпы бар тілдердің нақты санын беру өте қиын екендігін де айта кеткен жөн, өйткені көп жағдайда сөз қандай да бір дербес тіл туралы әлде сол тілдің диалекті туралы болып жатқандығын ажырату қиын. Сонымен, мұндағы мәселе биологиялық себептен мүлдем басқада жатыр деген сөз. Әрине, адамзат тек қана биологиялық-табиғи өмірлік бағдарлама шегінде қалып қоймай, өзінің жаратылыс табиғатынан тысқары жатқан, одан мүлдем бөлек заңдылықтарға, яғни шынайы адами-мәдени әлем заңдылықтарына да тәуелділік танытатыны бәрімізге аян.
Аударма дегеніміз не? Аударманың түп сырына, терең тұңғиығына (философиясына) “сүңгімес” бұрын ұғымның өзін анықтап алу керек. “Аударма” деген сөз күнделікті тұрмыстық деңгейде жалпыға мәлім және де түсінікті болып көрінгенімен де, көптеген басқа сөздер сияқты, ол да бірмағыналы жайдақ сөз емес. Сондықтан оны пайдалану барысында үнемі нақтылап отыру да керек. Сөзді қолдану жағдайы мен контекст аударма терминінің қай мағынада алынғандығын нақтылап береді. Аударманың ғылыми анықтамасын біз сол аударманы арнайы зерттейтін тілтанулық ғылым саласы – аударматанудан көптеп кездестіреміз. Сол анықтамаларды келтіру ретіне сай өзіміздің зерттеу жұмысымызда көрініс тапқан аударма мәселелерін нақтылаймыз. Сонымен, қазіргі таңда аударманың алуан түрлі анықтамалары бар. Аударманың өзіндік теориясын беруге ұмтылған әрбір зерттеуші, әдетте, зерттеу объектісіне өзіндік анықтама береді.
Француз аудармашысы және аударма теоретигі Э. Кари аудармаға берілген анықтамалардағы алуантүрлілікті келесідей түсіндіреді: “Аударма ұғымы, шындап келгенде, өте күрделі ұғым. Бұл аударманың біздің заманымызда кездесетін түрлерінің көптігінен ғана туындап отырған жоқ. Ол аударманың ғасырлар бойы әрдайым өзгеріп отыруына да байланысты құбылыс. Мүмкін, нақ осы жағдай өзінікінен бұрын берілген анықтамалармен не келісіп, не оны жоққа шығарып отырған ғалымдардың өз ойларын тұжырымдауын қиындататын да болар” [7, 5 б.].
Ғылыми терминнің ұтымдылығы оның бірмағыналығы, бірізділігінде болса, онда, ең алдымен, аударма сөзінің ондай талапқа сай еместігін, яғни көпмағыналы екендігін айта кеткен жөн. Ол, ең аз дегенде, екі ұғымға қатысты: аударма – мәдени-интеллектуалды әрекет, яғни процес ретінде алынған аударма және аударма – сол әрекеттің, сол процестің нәтижесі, әрекет өнімі ретінде алынған аударма, басқаша айтқанда, аудармашы жасаған сөз туындысы ретінде алынған аударма. Аударма жасау нәтижесінде пайда болған жаңа туындыны ғалымдар өзара “транслат” деп те атайды.
Аудармашы тұлғасына қатысты ойлар.
Аударматану ғылымындағы беделді авторлардың анықтамаларын келтірейік. А.В. Федоров: “Аудару дегеніміз бір тілдің көмегімен осыдан бұрын басқа тіл арқылы көрсетілген шығарманы анық және толық жеткізу” [8, 10 б.] деп анықтаса, Я.И. Рецкер: “Аудармашының мақсаты – түпнұсқаның стилистикалық және экспрессивті ерекшеліктерін сақтай отырып, басқа тілдің көмегімен оның мазмұнын біртұтас және нақты жеткізу” [9, 7 б.] деп біледі; ал Ж. Мунэн: “Аударма – тілдер байланысы, билингвизм құбылысы. Бұл – билингвтің кез келген нормадан ауытқуға, интерференцияға саналы түрде қарсы күресетін жағдайы” [7, 7 б.] деп анықтайды. Басқаларды қоя тұрып, аударма теориясымен арнайы айналысып жүрген ғалым-зерттеушілердің анықтамаларын келтіргеннің өзінде сан саққа кеткен ойға куә болдық. Осынау келтірілген немесе одан да басқа көптеген аударма анықтамаларынан қорытындылай келе айтатынымыз: аударма – белгілі бір о бастағы мәтіннің (түпнұсқаның) барлығын басқа тілге түсінікті етіп жеткізу процесінің жүргізілуін алғышарт етіп қоятын әрекет түрі. Ендеше, аударма құбылысын қарастыру барысында түпнұсқа мен көшірме, бастапқы негіз бен кейінгі туынды арақатынасы, олардың эквиваленттілігі туралы мәселелер бой көтереді. Оларға арнайы тоқталатын тараушалардың болуына байланысты осы жазылғанмен шектелеміз.
Біздің зерттеп отырған мәдениеттанулық ғылым аясындағы аударма мәселесі туралы сөз болғанда, ең алдымен, аударманың – қоғамдық-мәдени құбылыс екендігін айта кету керек. Яғни аударма тек қана абстрактілі ойлау қабілеті бар, өзін қоршаған орта туралы көзқарастарын шартты белгілерге айналдыра алатын, сөйтіп, сол белгілердің мән-мағынасы туралы келісімге келе алатын жеке адамдар өмір сүретін қоғамда, сол қоғам туындататын мәдениетте орын алады.
Осы жоғарыда айтылған аударма түсінігінде “аудару дегеніміз түсіну” деген тезиске де өзіндік орын табылады. Сөз бұл жерде бөтен тілден өз тіліңе аударып түсінуде ғана емес, яғни “өзімдікіөзгенікі” арақатынасында ғана емес, сөз бұл жерде “өзіңдікін өзіңнің түсінуіңде” де болуы мүмкін. Басқаша айтар болсақ, мәселе “ішкі аудармада” деген сөз. Өз тіліңде жазылған мәтінді түсіну процесінің өзі өзге тілден өз тіліңе аудару процесіне пара-пар күшті қажет ететін күрделі процесс. Немесе, бір тілдің өзінің ескі түрінен, не болмаса, диалектісінен сол тілдің қазіргі әдеби күйіне аудару мәселесі де жоғарыдағылар қатарына жатады.
Аудармаға коммуникациялық теория тұрғысынан берілген анықтама Р.К. Миньяр-Белоручевке тиесілі: “Аударма туралы ғылымның нысанасы – екі тілді қолдану арқылы жүзеге асатын жай ғана коммуникация емес, түпнұсқаның аудармашы мен қабылдаушының өзара әрекеттесуін корреляциялайтын қызметтен құралатын коммуникация. Бұл коммуникацияның орталық буыны аудармашының қызметіне барып тіреледі, немесе сөздік әрекеттің ең күрделі түрлерінің бірі болып табылатын аударма осы сөздің толық мағынасындағы аударма болып есептеледі” [10, 25 б.].
Демек, аударма нәтижесінде екі сөз туындысы мен екі қабылдаушы қалыптасады. Аударма қандай да болсын коммуникация компоненттерін қосарландыра түседі. Аударма теориясын ұқсастық туралы, шынайы әлем заттарының ұқсастығы туралы, шынайы әлемнің адам санасында көрініс табуының ұқсастығы мен адамзат тілдерінің ерекше көркем мүмкіндіктерінің ұқсастығы туралы іргелі білім деуге болады
Біз тілдердің шындықты түрліше бөлшектеп, бірдей құбылыстар мен заттарды олардың алуан түрлі белгілеріне назар аудара отырып, түрліше түзіп, түрліше “дауыс беріп”, өмірді түрлі бояуларда көрсететіндігін білеміз. Алайда, түрлі мәдениет пен алуан түрлі тілдік сана иегерлері мұндай айырмашылықты түсіне білуге де қабілетті. Сондықтан, егер аударманы бір шындықты басқа тілдің көмегімен бейнелеудің құралы ретінде қарастырсақ, онда “аударылмайтын ұғымдар” мәселесі мүлдем туындамай, аударма проблемасы оңай шешілетін болады.
Аударма – құндылықты қайта таныту. Егер кез келген сөз туындысы шындықтың фрагментінің индивид санасы арқылы бейнеленуі болса, онда аударма бейненің бейнесі, көріністің көрінісі болып табылады. Аударма шындықтың тікелей тура өзінің емес, оның Басқаның санасымен сарапталған көрінісі болады, өйткені біз фактінің бейнеленуін емес, факт туралы басқа біреудің ойын аударамыз. Аударма Басқаның ойын қаншалықты анық жеткізе алады және ол қаншалықты қажет, аудармашылық “адалдықтың” шекарасы қайда? Осындай сұрақтар легі аудармамен айналысатын әрбір адам алдында толассыз туындап отырары сөзсіз.
Аударманың анықтамаларынан аудармашы тұлғасын да жалпы түрде бейнелеу мүмкіндігін табамыз. Аудармашы – ең аз дегенде, екі мәдениетке бет бұрған, екіжақты Янус секілді, екі (әлде одан да көп) тілді тұлға. Аудармашылық қызмет қоғамның бүкіл өмірімен байланысын танытып, аударманың өркениет дамуындағы рөлі мен орнын көруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірбиені иемдену басқа тілдердегі әлемді басқаша тұжырымдау, көруден, басқаша дүниетаным тәжірбиесінен, әлемді басқаша тану жолдарынан көрініс береді.
Осы ізденіс жұмысында аударманы мәдениеттанулық мәселе етіп жаңа бір қырынан қарастыруды көздеп отырғанымыз белгілі. Бірақ сол ізденіс барысында аударманы арнайы зерттеу пәні қылатын аударматанудан біржола қара үзіп кетуге де болмайды, өйткені ол ғылым саласының аудармаға енді ғана пәнаралық аймақ ретінде “ауыз сала бастаған” мәдениеттанудан гөрі жинақтаған мағлұматтары да, әдіс-тәсілдемелері де жетерлік. Жалпы, аударманы, оны арнайы зерттейтін ғылыми пәндерге қатысты жазған авторлардың анықтамаларын тұжырымдай келе, аударманың мәдениеттанулық мәселе екендігін мойындауға, сөйтіп, аудармаға жаңа бір мәдениеттанулық анықтама беруге әбден болатын сияқты.
Аударма теориясы аударма тәжірибесі, практикасымен тығыз байланыста дамыған дүние. Тағы бір ескеретін нәрсе – аударма теориясында аударуға даярланған түпнұсқа мәтін тілін – түпнұсқа тілі (ТТ) дейді, ал аударма жасалып отырған тілді – аударма тілі (АТ) дейді. Осындай керекті деп табылған мағлұматтардан соң енді тікелей аударма теориясының бастамасын сол кәрі тарих қойнауынан мәтін қазбалай отырып табуға болады екен. Аударма тарихы сонау көнегөз қария Цицероннан бастап осы замандағы аударма теоретиктеріне дейін ешкімді ұмыт қалдырған жоқ. Бірақ біз монография көлемін ескере отырып, ең маңызды-маңызды деген тұлғаларға, олардың аударма туралы айтқан, жазған пікірлеріне тоқталамыз.
Римнің ұлы шешен ділмары – Марк Тулий Цицерон (б.д.ғ.106-43) Эсхил мен Демосфен сөздерінің аудармасына берген алғысөзінде өзін ұлы шешен-жазушының қарапайым аудармашысына теңейді. Бұл салыстыруымен ол Рим қоғамының аудармашы мамандығына қалай қарайтындығын танытты. Өйткені біз Цицерон трактаттарынан аударма, аудармашы, аудармашылық қызмет туралы кейбір теориялық ой түйіндерді кездестіреміз. Сондай-ақ, Цицерон еңбектерінен біз ең алғаш рет аударма теориясы категориясының оппозициясын, ал нақтырақ айтсақ, еркін аударманың сөзбе-сөз аудармаға қарама-қарсы қойылғанын анықтаймыз.
Әулие Иероним деген атпен аударма тарихында Көне Өсиет мәтінін латын тіліне аударып, “Вульгатаны” даярлауымен өзіндік орын алған ғұламаның әдеби мұрасының ішіндегі бізге жеткені – Паммахиге хат деп аталады әрі ол Иеронимнің аудармашылық кредосын анықтайтын құжат болып табылады. Аударудың ең жақсы тәсілі туралы Паммахиге хат [11] мәтініне көңіл аударсақ, оны біз риторика және аударма теориясы туралы арнайы трактат дей алмаспыз, бірақ ол аудармаға қатысты кейбір қағидаларды тұжырымдауымен, антикалық авторлардың беделін және өзінің жеке аудармашылық тәжірибесін арқау ете отырып, аударманың кейбір заңдылықтарын анықтауға күш салғандығымен қызықты. Сол себепті бұл құжат аудармашылық ой тарихындағы күрделі еңбек деп танылған.
Бұл сәлемдемені жазуға не себеп болды десек, кезінде Иеронимге аударма жасау барысында түпнұсқа мазмұнын өзгерттің деген айып тағылса керек. Хатында Иероним өзінің әдейілеп ештемені бұрмаламағандығын айтады әрі аударманың негізгі принципі сөзбе-сөздіктен аулақ болып, жеке дара сөздердің мағынасын беру емес, ойды жеткізу екендігін түсіндіреді. Ол аударма жасауда кейбір нәрселерді түгел жеткізу мүмкін еместігін түсінді және бұл түпнұсқа формасына келетін зиян болғанмен, мазмұнға зиян келтірмейтіндігін білді. Сонымен бірге, аударылатын мәтін бастапқы тілдің нормасына емес, аударылатын тілдің нормаларына сәйкес келуі қажет деп білді Иероним ақсақал.
Француз Қайта Өрлеуінің өкілі, жазушы, аудармашы, типограф Этьен Доле (1509-1546) есімі елге танымал. Оның атын атамай өткен бір де бір аударма туралы ғылыми жұмысты таппайсың. “Француздың ұлы аудармашылары” деген мақаласында Е. Эткинд: “Франциядағы аударма тарихы трагедиядан басталады”, – дейді [12, 467 б.]. Мұнда ол Этьен Доленің инквизиция қолынан қаза тапқандығын меңзеп тұр. Доле 1546 жылы Парижде 37 жасында отқа өртеліп өлтірілді. Инквизицияның мұндай шешім шығаруына Платонның диалогтарын аудару барысында (”Антиохты”) Доленің бір ғана “rien du tout”, яғни “тіпті”, “мүлде” деген сөзді қосып жіберуі себеп болды.
Э. Доленің “Бір тілден екіншісіне жақсы аудару тәсілі туралы” деген трактаты 1540 жылы жарияланған еді [13]. Ол трактат Еуропадағы толығымен аударма мәселесіне арналған назариялық шығарманың алғашқысы болып табылады. Оны кейде мамандар “аудармашылардың тұңғыш хартиясы” деп те атайды. Доле француз тіліне “traducteur” (тәржімашы) және “traductіоn” (аударма) деген сөздерді енгізген адам болып есептеледі. Оның алдында француз тілінде аударма түсінігін латын тілінен еніп, сәл-пәл түрін өзгерткен ”translater”, аса нақтылық танытпайтын “tourner”, “mettre” (”бетін аудару”, “қайтара айту”) деген ұғымдар арқылы білдіріп жүрген болатын.
Аудармашылық қызметтің аударатын тілге әсер ету сипаты жазулы тарихтағы екі мың жыл ішінде бірнеше мәрте талқыланды. Осы төңіректегі қызу дау-дамайлар, әсіресе, қандай да бір тілдің сын сәтте қалған кезінде, яғни қайсыбір қоғам өз тілінің көркемдік мүмкіндіктерін мойындату қажеттігін сезінген кезінде орын алып отыратын. Мысалы, бәрімізге белгілі, Ресейде Петр патша жүргізген реформалармен қатар тілдік кірме сөздер – неологизмдер қаптап кетті. Дәп сол кезде орыс тілін өзге бөтен формалардан тазарту әрекеттерімен М.В. Ломоносов, В.К. Тредяковский, А.П. Сумароков және т.б. белсенді түрде айналыса бастайды. Ресейлік ғылымдағы шишковистер мен карамзинистер арасындағы қызу пікірталастардан тілдің болашағына, оның көркемдік әлеуетіне және тілді жетілдіру жолдарына көзқарастың әр түрлі болғандығын көруге болады.
Ондай процестер қай тілде болсын кезігіп отырады. Мысалы түрік тілін тазарту жайлы айтқан Зия Көкалып болсын [14], қазақ тілінің мұң-мұқтажын жоқтаған М. Дулатов [15], А. Байтұрсынов [16] және т.б. ана тілдерінің ақпараттық-экономикалық басымдылық танытқан мәдениеттің шылауында кетпеуін көздеп, тілдегі кірме сөздермен шұбарлану сынды үрдістерге тойтарыс боларлық механизмдер іздегенін жақсы білеміз.
Осы мағыналас көзқарастарды тағы да мысалдап келтірер болсақ, онда Франциядағы Плеяда (1556) атты әдеби мектеп төңірегінде бас біріктірген жас ақындар аударма ісі француз әдебиетінің дамуын тежеді деген қағиданы ұстанғандығын айта аламыз. Ал 1549 жылы Плеяданың ақын-теоретигі Жоашен Дю Белленің (1522-1560) Француз тілін қорғау және даңқын шығару деген трактаты жарық көрді [17]. Аударма теориясы мен тарихы үшін Дю Белленің трактаты үлкен қызығушылық туғызды. Онда автордың XVI ғасырда бірқатар француз гуманистерінің аудармашылық қызметке деген қарым-қатынасын тереңірек түсінуге және аударманың шынайы өмірде аударатын тілдің дамуын тежейтіндігі немесе оны дамытуға дем беретіндігі туралы айтқан ойларын білуге болады.
Аударма тарихында Дю Белленің есімі аудармашылық скептицизм, яғни аударма мүмкіндіктеріне күмән келтіретіндігімен белгілі болған. Осыған орай А.В. Феодоров былай дейді: Егер орта ғасырларда аудармашылар өз қызметінің нәтижелілігіне еш күмән келтірмесе, Қайта Өрлеу дәуірінен бастап, ондай күмәндану пайда бола бастайды. Рас, басында ол тек поэзияға қатысты туындаған болатын [8, 26 б.].
Дю Белленің трактаты бүгінгі таңда, Ж. Мунэннің айтуы бойынша, аудармаға қарсы барлық аргументтердің антологиясы болып табылады. Трактаттың авторы аударма проблемасын оған дейін сараптаған ежелгі заман әдебиетшілерінің еңбектерімен жақсы таныстығын білдіреді. Дю Белленің “аудармашылық скептицизмінің” уәж-аргументациялары неде екендігін анықтап көрейік. Біріншіден, Дю Белленің кез-келген аудармаға қарсы еместігін атап өту қажет. Ол да, Данте сияқты, поэтикалық шығармаларды толық аударып жеткізу мүмкіндігіне күмәнмен қарайды. Бірақ оның трактатының пафосы ұлттық тілді дамыту жолындағы аудармаға берілетін рөлге байланысты. Дю Белле трактатының ең басты мақсаты – француз тілін қорғау мен оның даңқын аспандату. Сондықтан, аударма мәселесі де француз тілінің даму проблемасы тұрғысынан қарастырылады.
Дю Белленің пікірін саралай отырып, біз мына бір тарихи оқиғаны ескеруіміз қажет: Францияда XVI ғасырдың І-жартысында классикалық тілдерді білмейтін, бірақ классикалық әдебиет шедеврларымен танысқысы келетін оқырман қауымы қалыптасты. Нәтижесінде аударма әдебиетке деген сұраныс артты. Сол мезетті пайдаланып білімі таяз әрі қай кезде болмасын өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарай бермейтін аудармашылар пайда болды. Мұндай құбылыстың мәдениет тарихында кездесуі бір бұл емес. Бұған дәлел ретінде кеңес одағында темір тор құлағаннан кейін қаптап кеткен аударма әдебиеттің қандай сапада болғандығын ескерсек те жеткілікті, тіпті, шындығына келсек, қазіргі өзіміздің жасап жүрген аудармалар арасында да кемшіліктер аз деп айта алмаспыз.
Дю Белленің пікірінше, аудармашы қызметінің ең маңызды сипаты – адалдық, яғни түпнұсқа мәтіні мен авторға деген адалдық. Дю Белле аудармашылық еңбектің пайдасы туралы айтқанда мынандай тіркестерді көп қолданады: адал аудармашы, дәл аудармашылар шеберлігі және т.б. [17, 242-249 бб.]. Ал сәтсіз аударма жасаған тәржімашыларды Дю Белле опасыздар дейді, өйткені олар аударатын шығарманың да, аударылған автордың да даңқын аяқ асты етіп, байыбына бара қоймаған оқырмандарға ақтың орнына қараны ұсынып, алдайды деп түсінеді. Дю Белле оларға қатысты итальян тілінен алынған белгілі – “traduttore – traditore” (”аудармашы – сатқын”) деген өткір тіркесті пайдаланады. XVI ғасырдағы француз тілінде “traditeure” сөзі опасыз деген мағынада қолданылған.
Шындығында, түпнұсқаға адалдық – аударманың басты қасиеті. Аудармада дәлдікті талап ету заңды құбылыс. Мәселе Дю Белленің дәлдік деп нені түсінгендігінде болып тұр. Оның аударма дәлдігі дегенінің не екендігін түсіну үшін француз аудармашысының нені мүлдем аударылмайтын нәрсе деп түсінгендігін де білуіміз керек.
Дю Белле үшін сөз таңдау – ең ауыр да жауапты іс. Соған байланысты Дю Белле аудармашыға қойылатын алғашқы талап – оның жалпы қолданыста орныққан қарапайым да кең тараған сөздерді пайдалануы керек деп біледі. Бұл позицияда Дю Белле неміс аудармашы-реформаторы Мартин Лютерге жақын тұр. Сонымен, сөз таңдаудағы бірінші талап өз тіліңдегі жалпы қолданыстағы лексиканы пайдалануға талпынуды аңғартады. Екінші талап көркемдік тәсілдер, метафора, аллегория, теңеу, салыстыруларға қатысты. Олар жалпы лексикадан гөрі нақты бір халықтың мәдениеті, тарихымен тікелей байланысты. Көбінде, олар аударма арқылы басқа мәдениетке тап болғанда өз көркемдігін жоғалтып алады немесе мүлдем түсініксіз болып қала береді.
Дю Белле үшін тілдік шығарма формасын сол қалпында аудармада беру қиын, өйткені ол әрбір тілдің тек өзіне ғана тән қасиеттерінің болуына байланысты. Тілдің өзіне тән ерекшелігі аудармаға қойылатын басты талапқа – автор қойған шектен шықпауға – қарама-қарсы. Дәл осы шешілуі қиын қарама-қайшылық Дю Белленің аудармаға деген скептицизміне негіз болды. Ал мағынаға қатысты онда ешқандай күмән тумаса керек. Цицерон мен Иероним еңбектерінен бастау алатын аудармадағы мағынаны мағынамен беру дәстүрін Дю Белле адал аудармашыларға міндетті нәрсе ретінде қабылдаған.
XII ғасырдағы жас ақынның мұндай пікірлері көкейкестілігімен таң қалдырады. Шындығында, семиологтар мен әдебиетшілердің және өзге де теоретиктердің көзқарасы бойынша, мәтін дегеніміз ашық жүйе, ол оқырмандардың қолына тиген сәтте автормен байланысын толық үзетін көрінеді. Оқырман автор көрген нәрсені емес, тек өзіне керек жерін ғана көре біледі. Аудармашы да, қарапайым оқырман да өзінің когнитивті тәжірибесіне, өзінің тезаурусына сүйене отырып, түпнұсқа мәтінін ұғынуы мүмкін.
Аудармашы өз қызметі барысында түпнұсқа мәтінінен алған әсерін ғана басшылыққа алумен шектелмеуі тиіс. Оның мәтінді қарастыруы терең эстетикалық, философиялық, лингвистикалық, мәдениеттанымдық, тарихи сындарлылықты талап етеді. Түпнұсқаны аудармашының оқуы – шынайы герменевтикалық іс-әрекет. Мәтіннен шынайы рахатты [18] аудармашы сол мәтінді толығымен өзі үшін шешкенде, онда жатқан терең ойларды түсінгенде немесе соған жақындағанын сезінгенде ғана алса керек. Осыдан кейін аудармашылық еңбектің екінші кезеңі – мәтінді аударма тілінде қайта сөйлету кезеңі келеді.
Дю Белле тілді байытудың көзі – басқа ұлт сөздерін орынды-орынсыз кіргізуде емес, өзің аударып отырған тілдің стиліне еліктей отырып, латындықтар сияқты, сөзжасамдық әрекет етуде деп біледі. Сонымен, еліктеу – тіларалық, мәдениетаралық қызметтің ерекше түрі ретінде алынады.
Тілдегі еліктеу мәселесі еркін және сөзбе-сөз аударма мен интерпретация жайлы тақырыпты тағы да алдымызға тартты. Дю Белле еліктеу арқылы ұлттық тілді байытудың мүмкін екендігін көреді. Ол еліктеудің арқасында латын тілі көркемдігі жағынан грек тілімен бір деңгейге жетті деп есептейді. Енді дәп сол жолмен француз тілін де әлемдік деңгейге көтеруге болады деп үміт артады. Ол өзінің бұдан төрт ғасыр бұрын жазылған еңбегінде көріпкелдікпен француз тілі грек, латын тілдерінің деңгейіне жететіндігіне сенім білдірген. Не айтатыны бар, расында да солай болып шықты дейміз.
Шындығында, біраз уақыт өткеннен кейін француз тілі де бүкіл Еуропаға тараған тілге айналып, Дю Белленің трактаты тек Францияда ғана емес, бүкіл Еуропадағы әдебиеттің даму жолын екі мың жылдыққа анықтап берді. Ал соңғы кезде философияның “сәндік үлгісі”, киімдегі сән үлгісіндей, сол Францияда, француз тілінде “пішілетіндігін” еске алсақ, онда, әрине, Дю Белле үшін де, Франция үшін де, әсіресе, француз тілі үшін де қуанатынымыз белгілі.
XVI ғасырдың екінші жартысында француз әдеби тілі латын тілін қоғамдық өмірдің түрлі аймақтарынан ығыстыра бастады. Француз тілінде прозалық жанрда тарих, география, философия және өзге де ғылыми еңбектер жазылды. Өз тілінде оқуға мүмкіндік алған жаңа француз оқырманының ғылыми білімге деген қызығушылығы классикалық және сол замандағы тілдерден ғылыми еңбектер аудармаларын жасау сұранысын туғызды. Сол дәуірдегі қарқынды дамып келе жатқан аудармашылық қызметте Жак Амионың (1514-1598) орны ерекше болған.
Амионы XVI ғасырда аудармашылардың ханзадасы деп атаған екен. Ол өзінің аудармашылар арасындағы беделіне Плутархтың Салыстырмалы өмір сипаттамалары атты еңбегін тәржімалау барысында ие болыпты. Аталған аударма 1559 жылы жарыққа шыққан еді. Амионың сөз саптауы қарапайымдылығымен, табиғилығымен таң қалдырады. Оның тамаша аудармаларының болуы өз алдына да, француз тілін жетілдіруге қосқан үлесі – өз алдына. Амионың француз тілін дамыту жолындағы рөлін зерттеушілер Германиядағы М. Лютердің рөлімен салыстырады. Амионың замандасы, атақты жазушы, моралист-философ Мишель Эйкем де Монтень ол туралы былай деген екен: “Барлық француз жазушыларының ішінен мен Жак Амионы бірінші орынға қояр едім... Соның шығармашылық еңбегінің арқасында ғана қазірде біздер французша сөйлеуге, французша жазуға тырысамыз...” [19, 319 б.].
Жоғарыда үстірт атап өткеніміздей, неміс гуманисті Мартин Лютер (1483-1546) қазіргі неміс тілінің негізін қалаған болатын. Неміс тілінің тарихшылары латын тілінің қалыптасуына Цицеронның ықпалы қандай болса, неміс тілінің қалыптасуы мен дамуында Лютердің де алатын орны дәл сондай жоғары деп ерекше атап көрсетеді. Филолог Лютер үшін Інжілді неміс тіліне аудару оның өмірінің мәні әрі негізгі мақсаты болды.
1522 ж. Виттенберг қаласында Жаңа өсиеттің неміс тіліне Лютер даярлаған аудармасы жарық көреді. Аудармаға бар болғаны 3-ақ ай ғана уақыт кетіпті. Ақиқатына келсек, аудармамен Лютер жалғыз өзі айналысқан жоқ. Ол үшін Виттенбергте арнайы аудармашылар тобы құрылды. Солардың барлығына бас-көз болған Лютер еді. Інжіл мәтіндерін түсіндіруде М. Лютерге оның досы және ізбасары Меланхтон және басқа да білімдарлар, латын, көнееврей, грек тілдерін жетік білетін мамандар көмектесті.
М. Лютердің өз ұлтының мәдениетіне сіңірген еңбегі Інжілді неміс тіліне толықтай аударғанында ғана тұрған жоқ. Ол бұл жұмысқа кіріскен кезде неміс тілінде Інжіл аудармаларының біршама нұсқалары жарық көріп үлгерген де еді. Мысалы, Иоган Ментельдің жасаған аудармасын айтуға болады [20, 169]. Сондықтан Лютердің аударма еңбегіне берілетін баға оның аудармасының өзіне емес, оның жазу стиліне берілген баға деп ұғу керек.
М. Лютердің аударма стратегиясы да осы концепция негізінде құрылады. Біріншіден, аударма мәтінін түпнұсқа мәтініне сай мағыналы, нақты және дәл беру керек. Екіншіден, оны әрбір адамға түсінікті ету қажет. М. Лютер сөз саптау барысында қарапайым адамдардың күнделікті қолданатын тіліндегі сөздерге жүгінеді. Ол өзінің аудару әдісін былай деп түсіндіреді: “Латын тілінің әріптерінен бұл немісше қалай айтылады деп сұраудың берері шамалы, керісінше, неміс отбасындағы ананың, көшедегі баланың, базардағы қарапайым адамдардың қалай сөйлейтініне қарап, соған сәйкес аудару қажет”, – дейді [21, 150 б.].
М. Лютердің басшылығымен жасалған Інжіл аудармасы тек Германияда ғана емес, бүкіл Еуропа аударма тәжірбиесінің дамуындағы әлемдік шедеврлердің бірі болып табылады. Кейінгі неміс тіліндегі Інжіл аудармалары Лютердің нұсқаларына сүйене отырып, оған өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, бүгінгі неміс тіліне, қазіргі ғылыми білімге сәйкестендірілді.
М. Лютер жасаған Інжіл аудармасы жалпынемістік ұлттық тілдің негізін қалады және жоғары дәрежелі әдеби жәдігерге айналды. Ол барлық ұлтқа ортақ неміс тілін жасауға тырысуы арқылы ұлтына орасан зор лингвистикалық қызмет көрсетті, яғни орфография нормаларын, фонетикалық транскрипция, грамматикалық формаларды реттеді. Лютерлік Інжіл жарық көрген соң неміс тілі ғылыми қарым-қатынас пен әдебиет тілі ретінде латын тілін басып озды.
Аударманың түрлі оқиғаларға бай тарихы бар екендігін жоққа шығару мүмкін емес. Аударманың тарихи дамуын тізбектеп болсын, топтап болсын көрсетіп беруге болады. Мысалы, “Бабылдан кейін” (“После Вавилона”) кітабының авторы Дж. Стейнер [22] өз еңбегінде соған талпыныс жасайды.
Дж. Стейнер аударма тарихын төрт негізгі кезеңге бөлген еді:
1) 1791 жылға дейін – аудармашылардың өздерінің эмпирикалық ойтұжырымдарын жасау кезеңі;
2) 1946 жыл – аударма теориясының пайда болып, аударматанудың терминологиясы мен методологиясының қалыптасу кезеңі;
3) ХХ ғ. 40-шы жылдары – құрылымдық лингвистика, коммуникация теориясының пайда болу кезеңі;
4) Қазіргі пәнаралық зерттеулер кезеңі.
Стейнер ұсынған кезеңдеме аударма туралы ізденіс жүргізушілерге аса қызық. Өйткені Стейнер әу бастан-ақ назарын аудармаға қатысты оқиғаларға салады. Стейнердің кезеңдемесі аударманың нақ өзінің құбылыстарын (нені, кім, қашан аударды дегенді) ғана емес, аудармаға деген теориялық көзқарастың өрбуін да тілге тиек етеді. Сонымен, Стейнер аударма тарихының төрт кезеңін бөліп көрсетті.
Бірінші кезең Цицеронның Эсхил мен Демосфен сияқты грек шешен-риторларының сөздерін, Горацийдің “Поэзия өнері” (“Поэтическое искусство”) секілді туындыларын қалайша аударғандығы, нақтырақ айтсақ, қалай аудармағандығы туралы толғауларынан басталып ХІХ ғ. басындағы неміс ақыны Фридрих ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz