Жүсіп Баласағұнның Құтты білік дастаны


Ғылыми комментария
А. Қ. Егеубаев . Жиырма томдық. 5-т. ; Ж. Баласағұн. Құтты білік- көне түркі тілінен аударып, алғы сөзі мен түсініктері. - Алматы: Таймас, - 536 б. 2007ж
Мазмұны
Кіріспе
1. 1. Дастанның идеялық мазмұны
1. 2. «Құтты білік» дастаны
I. Аннотация
Ж. Баласағұни «Құтты білік» дастанын 1069 жылы Қашқар қаласында жазған. Ақын дастанын жасы елуге келгенде он сегіз ай ішінде жазып бітіргенін айтады. Поэма 85 тараудан тұрады. Поэманың тақырыбы - адамгершілік, ізгілік. Ақын Грек ойшылдары сияқты дүниенің негізі - жер, су, ауа, от, -дейді. «Құтты біліктегі» кейіпкерлер саны - төртеу. «Құтгы білік» дастанының үш қолжазбасы сақталған. Қазіргі қазақ тіліндегі аудармасы Ферғана, Мысыр қолжазбаларының басылымынан алынған. Бұл әзіз кітап төрт ұлы ұғым, төрт қымбат қасиеттердің сұхбатынан құралған. Бірі - Әділдік, екіншісі - Дәулет, Үшіншісі - Ақыл, төртіншісі - Қанағат. Олардың әрқайсысына жеке-жеке түркіше ат берген. Әділдікке «Күнтуды Елік» атын беріп, хан орнына қойған. Дәулетке «Айтолды» деген ат беріп, уәзір орнына қойған. Ақылға «Өгдүлмүш» атын беріп, уәзірдің ұлына балаған. Қанағатқа «Одғұрмыш» деп ат беріп, уәзірдің туыс, ағасы деп санаған. Ғұлама өз пікірлерін, ой толғаныстарын солардың арасындағы пікірлесу, сауал-жауап сөздер арқылы әңгімелеп, желілеп жеткізген.
II. Автор туралы мәлімет
Көне дәуірдегі түркі халықтары мәдениетінің тербеліп өскен бесігі Шу мен Іле өзені аралығында ұлан байтақ өлкеде ХІ ғасырда аты әлемге әйгілі ақын, философ, қоғам қайраткері Жүсіп Хас хажиб Баласағұн музыкант отбасында дүниеге келген. Жүсіп жыл қайыру дәстүрі бойынша санағанда барыс жылы, яғни, 1021 жылы туған. Жүсіп Баласағұни - өз кезінің көрнекті ғалымы ретінде математика, астрономия, табиғат тану, тарих және араб, парсы тілдері сияқты білім салаларын зерттеуге айрықша үлес қосқан ғалым.
Жүсіп туралы жазба деректер көзін ақынның өз шығармасы ''Құтты біліктен'' ғана табамыз.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны
Сонау ХІ ғасырда жазылған Жүсіп Хас Қажыбтың «Құтты білік» дастаны сол кезеңде ел өмірінде маңызды орын алғаны тарихтан белгілі. Тіпті авторға осы еңбегі үшін «хас хаджиб» лауазымы берілгені анық. Заманынан озып туған Жүсіп Баласағұнның еңбегі сан салалы зерттеу нысанасына алынды. Бұл еңбектің қанша заман, қанша дәуір өтсе де, өз құндылығын жоймайтын құнды тарихи жәдігер екені айдан анық нәрсе.
ХІ ғасырда қозғалған мәселелер бүгінгі жаһандану дәуірінде де маңызды мәнге ие болып отыр. Сол дәуірде қозғалған ел басқаруда адамгершілік, имандылық, ізгілік, әделеттілік, білімділік қағидаларын тұтынудың өзектілігі арта түспесе кеміген емес. Бұл тамаша тарихи туындының қай кезеңде де мәнін жоймай отырған себебі де осында.
Дастанның басты мақсаты - бақытты қоғам құру, берекелі де құтты ел түзу. Сондықтан да отбасын ұстаудан бастап, мемлекет құру, ел басқару ісіне дейінгі ұстанымдарды баяндайды. Әр нәрсенің бастауы бар екені анық болса, онда ең әуелі бала тәрбиесіне көп көңіл бөлсе, болашақта жақсы отбасы, мықты мемлекет, бақытты қоғам құруға болады. Ал, бақытты, ізгілікті қоғам құру жер бетінде адам баласы пайда болғаннан бері келе жатқан барша адамзаттың арманы. Бұл арманға жетуге кедергі тудыратын - тәрбиенің кемшіндігі. Дастанда автор:
«Адам жайлы баяндайын енді мен,
Қадір тапқан ақыл, білім, иесімен», - дейді .
Адам баласы жаратылысынан ақылды, білімді болып тумайтынын білеміз. Бұл қасиеттер адамға еңбек арқылы келеді. Отбасындағы тәлім-тәрбие, қоршаған ортада болып жатқан жақсы-жаман құбылыстар, қоғамдық құрылыс, халықтың әлеуметтік жағдайы - осы факторлардың бәрі де адам баласына әсер етпей қоймайтыны шындық. Ал, осы толып жатқан жақсы-жаманды құбылыстарды ажырату үшін біріншіден, негізі мықты қаланған тәрбие мен білім қажет. Сонда ғана жұмыр басты пенде ақылмен, оймен, парасаттылықпен жақсы-жаманды ажырата алады.
Дастандағы «Жаман-жақсы жараспайды ешқашан, Түзу-қисық қабыспайды ешқашан» деген жолдар жоғарыда айтылған ойымызды нақтылай түседі.
Ал, қазіргі ХХІ ғасырды табалдырығын аттап отырған адамзат баласын білімсіз, тәрбиесіз деп айту қиын. Жаман мен жақсыны ажырата алмайды деу де ақымақтық. Осы жерден сауал туындауы әбден мүмкін, адам білімді, ақылды болса неге ізгілікті қоғам құрылмай жатыр, заманымызда неге сұмдардың айы оңынан туып тұр? Бұл сұраққа да дастаннан жауап табуға болады:
Заң алдында бәрі бірдей мен үшін,
Кесем әділ. Болмайды ешбір келісім . . .
Біл, әділ заң - басқарудың тұғыры,
Бегі әділ ме?! Берік елдің жұлыны!
Бек елінде тура заңды ұстаса,
Бар тілекке жетер қолы қысқасы .
Қоғамдағы әділдіктің жеңіліс тауып, әділетсіздіктің жеңіп кетуінің себебі елді билеп отырған азаматтардың арына байланысты. «Заң алдында бәрі бірдей мен үшін» деп отыратын бүгінгі биліктегі азаматтар, қалтаның қамын ойламай, сонау ықылым замандардан өнеге етілген адамгершілік қағидаларын, әділеттілік қағидаларын ұстануы тиіс.
Ал, елді билеп отырған бек қандай болу керек, бойына қандай қасиеттерді сіңіру керек, ел-жұртына қандай пайда келтіру керек осы мәселелердің бәрі дастанда Огдүлміштің бектік туралы айтқан жолдарынан табуға болады. Бектің бойындағы қасиеттер: асыл текті ер, күшті, батыл, епті, қайсар, ержүрек, ақылды, пәктік, білімді, зерек, шыншыл, жұртқа сыйлы, көңілі тоқ, көзі тоқ, пейілі кең, сөзі шоқ, елін сүйер ер, ізгі құлық, сергек сезім, сабырлы, әділ, арлы, ұятты, намысты, жігерлі, сақ, сөзі берік, ісі айқын.
Жүрсін бектер бес нәрседен алыстап,
Жақсы атымен, дақ тигізбей намысқа.
Ұшқалақтық - бірі, екіншісі - сараңдық,
Үшінші - ашу, оған егіз надандық.
Қырсығың сор, бетті жер қып жүргізер,
Бесінші - өтірік, жерге тірі кіргізер!
Бек бұлардын бойын аулақ ұстасын,
Атын сақтап, бақса сөздің нұсқасын.
Ең қорлығы - өзімшілдік, залымдық,
Өзімшілдік - торланғаны бағыңның .
Жоғарыдағы айтылған жақсы қасиеттер және бес жаман қасиеттен бүгінгі ел тізгінін ұстап жүрген азаматтар өмірлік ұстаным етсе, қоғам ізгілену жолына түсер еді. Әрине қазақта «Бес саусақ бірдей емес» және «Бір құмалақ бір қарын майды шіртеді» деген тағы бар. Өмір болған соң жақсы мен жаман қатар жүретіні тағы бар.
Барлық аштар жесе ақыры тояды,
Сұғанақ көз көрде ғана қояды.
Жер бетінде адам баласы пайда болғаннан бергі келе жатқан ашкөздік, көреалмаушылық, қанағатсыздық т. т. осындай пенде бойындағы келеңсіз қасиеттерді данышпан дарын иесі Жүсіп Баласағұн осылай түйін жасайды. Қазақта «Өзім тойсам да, көзім тоймады» деген мақал бар. Яғни адам бойындағы қанағатсыздық та осы жерде көрініп қалатындай. Өзімде ғана болса екен, өзім ғана байысам екен, өзімнің абыройым өссе екен деген адам баласы бүгінгі қоғамда да, өткен тарихта да болғаны және бола беретіні анық. Солай бола тұрса да, адам болып туылғаннан кейін Алланың махаббатымен жаратылғаннан соң, адам - деген атқа лайық ғұмыр кешкен әлдеқайда артық, әлдеқайда жоғары.
Бүгінгі адам баласы ар-ұятты, ұлттық намысты, ата-баба дәстүрін сырып тастаған қоғамда осындай «Құтты білік» туындысының маңызы арта түскені бүгін және болашақ үшін де өте-мөте маңызды. «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» деген мына заманда осындай туындыларды насихаттау арқылы тұтас қоғамды тәрбиелеуге әбден мүмкін.
Ұяты бар адамдар пәк, момын да,
Ұятты іске тигізбейді қолын да.
Күшті болса кімде ұят құрыштай,
Сақтар арын, арамды орып қылыштай.
Кімге тәңір берсе ұят, намысты,
Оған қоса берген құт, даңқты!
Барша арманнан сақтаса, ұят сақтайды,
Игі іске бастаса ұят бастайды.
Ұят - қасиет, нұр құяды ер өңіне,
Сүйрейді ұят ізгіліктің төріне .
Жер бетінде адам пайда болғаннан бастап, осы адамзат баласын қалай бақытты өмір кешіреміз, қалай ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, мейірбандылыққа, парасаттылыққа тәрбиелейміз деген ой мазалап келе жатқаның және бүгінгі қоғам ойшылдарының да көкейкесті мәселесі болып отыр.
Жоғарыда айтылған мәселелерді қалай шешуге болады, қандай жолмен, қандай ережемен, қандай тәрбие арқылы қоғамды ізгілендіре аламыз деген сұрақ туындайды. Әрине, Абайдың қалыптастырған «толық адам» тәрбилей алуымыз қажет. «Толық адам» тәрбиелейтін адамның өзі кемел ұстаз болуы қажет. «Толық адам» деңгейіне көтерілген адам ғана адам ұлт ұстазы деген атқа лайықты болуы керек. Бұл жөнінде жалғыз бір ұлттың ұстазы емес, барша адамзаттың ұстазы атанған Әбу Насыр Әл-Фараби «Қайырымды қала» еңбегінде: «Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет, және оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы қажет. Сонан кейін ол бақытқа жету үшін не істеуге тиіс екенін біліп соған әрекет жасауы керек. Әртүрлі индивидтердің түрліше қасиеттерінің айтылғанынан мынадай айқын қорытынды шығады: білуі тиіс болған (нәрселер) мен бақытты кез келген адам біле бермейді. Бұл нәрсе кезкелген адамға бітетін қасиет емес. Ол үшін (екінің бірінде) ақылгөй ұстаз керек. Кейбір кісілер азын-аулақ қана басшылықты керек етеді, басқа бір адамдар - көп басшылықты қажет етеді. Бірақ басшылықтың бұл екі түрі болғанның өзінде ол адам, егер сырттан итермелеуші, немесе талпындырушы болмаса, үйреткен, берілген ақылдың бәрін бірдей орындай бермейді. Бұл жағдай адамдардың көпшілігіне тән нәрсе. Сондықтан ол осының бәрін үйрететін және тиісті амалдарды орындауға итермелейтін адамдарға зәру болады, - деп жазады.
Ал осы бақыт жайлы ойды Жүсіп Баласағұн:
Кімдер жомарт - сол бақыттың иесі,
Бақыт берген жанға бақыт тиесі! яғни, адам бойындағы жомарттығы мен дархандығы басым болса сол адам бақытты дейді. Ал, адам бойына осындай ізгі қасиеттерді сіңіретін әрине отбасы. Отбасындағы ұстаздар яғни, ата-анасы өз ұрпағына жаны ашыса заманға лайық озық білімді меңгерген бала тәрбиелеп шығатынына сенеміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz