Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Қалдықтар туралы түсінік.

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтар.

Өндіріс қалдықтары қауіптілік дәрежесі.

Қалдықтар– табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар
мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар. Қалдықтардың барлық түрлерін
есептегенде өндірілетін табиғи заттар мен энергияның тек 2%-ы ғана пайдаға
асырылады. Қалған 98%-ы әр түрлі қалдықтарға айналады.

Қалдықтар туралы жалпы түсінік. Адам баласыының кез-келген шаруашылық
әрекеті әр түрлі қалдықтармен биосфераны ластайды, бұл халықтың денсаулығы
мен өміріне, флора мен фауна түрлерінің қысқаруына, қоршаған ортадағы тепе-
теңдікке қауіп-қатер тудырады. Кең үйінділерін, өнеркәсіп тастандыларын,
қоқыстарды, қала шөп-шаламдарын тек қоршаған ортаны бұзатын ластағыштар деп
санауға болмайды, олар құнды шикізат көздеріне жатады. Қазіргі кезеңдегі
ғылым мен техниканың даму деңгейіне сәйкес әбден жетілдірілген
технологияның жоқтығына байланысты, оларды өндеп құнды өнімдер алу әзірше
жолға қойылмаған, сондықтан бұларды сақтауға, жоюға, тасуға, көмуге,
зиянсыз түрде айналдыруға көптеген қаражат, энергия, уақыт жұмсалып
отыр.Қалдықтар шығаратын негізгі көздерге өнеркәсіп, ауыл-шаруашылығы, үй-
жай шаруашылығы жатады.

Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халықшаруашылық маңызы
өте зор.Екінші реттік энергоресурстар дегеніміз тікелей тап осы өндірістің
өнімдерінің, қалдықтарының, жанама жөне аралык өнімдерінің энергетикалық
потенциалдары. Екінші реттік энергоресурстар 3 топқа бөлінеді: 1)жанғыштар
(Н2, СН4, СО, пеш газдары, май, шайыр целлюлоза және т. б.); 2) жылу
(бөлінген газдардыкі, өнімдердікі, жанама өнімдердікі, суытылатын судыкі,
экзотермиялык реакциялардыкі); 3) технологиялық аппараттардан шығатын газ
бсн сұйықтықтардың қысымы. Екінші реттік энергоресурстар химиялық
өндірістің азот күкірт, фосфор, хлор қосылыстарын, соданы шығаратын және
мұнай-химия салаларыңда пайдаланылады. Жанғыштар қазандыктарда отын ретінде
қолданылады. Бөлінген жылу калдықтарды өндейтін кондырғыларда, жылу
айырбастағыштарда кейбір заттарды кыздыруға қолданылады, осы жағдайлармен
жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады. Қысым утилизациялык
турбиналарда компрессорларды, насостарды, желдеткіштерді жүмыс істетуге
қолданылады және электроэнергия алуға пайдаланылады. Екінші реттік
энергетикалық ресурстарды жүзеге асыру жылу мен энергияны үнемдеумен қатар,
атмосфераға бөлінетін жылу мөлшерін азайтып, қоршаған ортаны қорғауға
себебін тигізеді. Череповец мсталлургиялық комбинатына карасты зауыттың
жылу электр орталығында барлық казандықтар екінші реттік ресурстарды
пайдалану арқылы жұмыс істеуде. Құс фабрикаларында қалдық болып шығып
отырған кұс жүндері жоғары сапалы мал жемін - күрамында 85%-ке дейін белогі
бар ұн алуға арзан шикізат ретінде қолдануын тауып жатыр. Мұндай өндіріс
Германияда жаксы жолға қойылған, 3 т қалдықтан 1,2 т ұн алынады. Қалдықтар
проблемасы қолымызда бар заттарды тиімді пайдаланумен тікелей байланысты.
Бір көргенде, мысалы, күйіп кеткен лампалардан вольфрам алу түкке тұрмайтын
іс сияқты. Жанып кеткен бір лампочкада 10 мг-дай вольфрам болады, ал оның
миллионында ~ 10 кг. Өнеркәсіпте осы қымбат, тапшы металдың 10 кг алу үшін
кұрамында вольфрамы бар минераддар — вольфрамит, шеелиттің 1 тоннадан кем
емес көлемі өңделеді, сонымсн қатар, біраз энергия мөлшері жүмсалады.
Вольфрам оксидінің геологиялық қоры не бәрі 1 млн. тоннадай. Жер шары
масштабымен есептегенде ашылған қор 50 жылға ғана жетуі мүмкін, бұрынғы
Одаққа кіретін мемлекеттерді есепке алмағанда, жылына дүниежүзі бойынша
вольфрам рудасыньң 25 мьң тоннасы өндіріледі. Бұл мәлімет вольфрам
қосылыстарын тастауды азайту тиімді екеніне ерекше көңіл аударудың
қажеттілігін көрсетіп отыр. Румынияның аяқ-киім өнеркәсіп институтында тері
қалдықтарынан табиғи терінің қасиетінен айырмашылығы жоқ материал шығаруға
бағытталған пластикалық масса алу жолы жасалып өндіріске енгізілген. 1 кг
қалдыктан 0,9 кг материал алынады. Ерекше назар аударуға және кідіртпей
оңдеуге жататын калдықтарға тұрмыстық қалдықтар жатады, себебі осы
қалдыктардың мөлшері мен әртүрлі аурулар эпидемиясының арасында тікелей
байланыс бар. АҚШ-та тұрмыстық қатты қалдықтардың 41%-і "айрықша қауіпті"
болып топтастырылады, ал Венгрияда " 33,5%-і, Францияда — 6%-і, Ресейде —
10%-і, Ұлыбританияда - 3%-і, Италия меи Жапонияда - 0,3%-і. Жылына Москва
қаласынан шығатын тұрмыстық қалдықтың мөлщері 16 млн. м3 , Алматыдан — 3
млн. м3 үстінде. Жылына үлкен қалаларда бір адамға шаққанда жалпы 300 кг
тұрмыстық қалдық келеді, оның ішінде азық-түлік калдыктарының жылдық
мөлшсрі 80-90 кг. 1 т азық-түлік қалдықтарының құнарлығы орта есеппсн 250
кг дәнді жсм-шөптікіне пара-пар келеді. Ресей ғалымдарының мәліметтеріне
сүйенсек, осы мөлшерді жем ретінде мал өсіру саласында пайдаланғанда 45 кг-
ға дейін шошқа етін алуға болады. Тұрмыстық қалдықтарды пайдаланбай
тастайтын болсақ, онда әртүрлі ауруларды қоздыратын ошақтың көзін ашуымен
қатар, біраз жер көлемін пайдасыз жерге айналдырамыз. Қала қалдықтарында
әртүрлі компоненттерге келетін мөлшер массалық %-пен алғандай: қағаз (30-
40), азық-түлік қалдықтары (30-40), металдар (2-4), ағаш (1,5-3),
кездемелер (2-4), шыны (3-6), тастар (1-2), тері, резина (1-2), пластмасса
(1-1,5). Қала сыпырындысын жинайтын негізгі жер қоқыстар үйіндісі, шамалы
мөлшері қайтадан өнделеді немесе арнайы ұйымдастырылған зауыттарда
жағылады.

Тұрмыстық қалдықтарды бірнеше бағытпен өндеуге мүмкіндік бар, мысалы,
тыңайтқыш, жанатын газ және синтетикалық мүнай, құрылыс плиталарын, қағаз
және тағы да көптеген заттарды алуға болады. Ең алғашкы қоқысты жағуға
арналған зауыт 1975 жылы Москва қаласында ашылған, оның жылдық өнімділігі
150 мың тонна шамасында. Жану процесінің нәтижесінде бөлінетін жылу іске
асырылып, бу қазаңдықтарды жылытуға пайдаланылса, шлактан іріктеп жиналған
металл қалдықтары металлургия өнеркәсібіне, ал шыққан шлактар кұрылыс
материалдарын өндіруге колданылады. Тұрмыстық қалдықтарды жою, яғни негізгі
мақсатын орындаумен бірге, зауыт басқа өндірістерге шикізат ретінде кажетті
өнімдерді — жылу, металл, шлактарды да шығарады. Мысалы, Мәскеудің N1 қоқыс
жағатын зауытынан шыққан шлакты зерттеу арқылы алынған мәліметтерге (Г.И.
Сидоренко, 1990 ж.) сүйенсек, жылына тұрмыстық қалдық, жинайтын жерге тек
Мәскеудің өзінен мынадай көлемде металдар тасталады екен: Мо - 8,3 т, Со -
11,4 т, V - 12,4 т, Аg - 27,6 т, Иі - 75 т, 5Ь - 115 т, 5п - 244 т, F - 353
т, Сг - 689 т, РЬ - 1573 т, Сu - 2180 т, Zn - 6762 т. Бұл мөлшер жыл бойына
үлкен кең орындарынан алынатын мөлшерге эквивалентті. Санкт-Петербург
маңындағы Горелово поселкесінде 1972 жыддан бастап тұрмыстық қокысты
өндсйтін зауыт қызмет етуде, оның ең негізгі шығаратын өнімі компост
(тыңайткыш), бірақ-та қоқыстың 30%-і, яғни пластмасса, резина, тері, ағаш,
металдан тұратын бөлігі өнделінбейді. Жылдық өнімділігі 110 мың тонна
төңірегінлегі зауыт 1975 жылдап бастап Ташкентте іске қосылған. Жыл сайын
тұрмыстык қоқыстан 400 т кара және 5 т түсті металдар, 20 мың т компост
алынады. Компост деп микроорганизмдермен ыдырау нәтижесінде өсімдіктер мен
жануарлар қалдықтарынан шыкқан органикалық тыңайтқыштарды айтады. Оны алуға
көң, көң бөкпесі және құстар саңғырығы, шьмтезек, қала сыпырындысы,
ағаштардың түскен жапырақтары, сабан және т. б. тұрмыстық қалдықтар
колданылады. Қордаландыру процесінің нәтижесінде органикалық массадагы
өсімдіктер сіңіруге қолайлы қоректік заттектер (азот, фосфор) түрлерінің
мөлшері жоғарылайды, патогеңді микрофлора залалсызданады, целлюлоза мен
пектин заттектері азаяды, сонымен катар тыңайткыш топырақка еңгізуге
қолайлы сусымалы түрде алынады. Өте тапшы органикалық тыңайткыштардың (көң,
шымтезек) орнына компост кеңінен пайдалануға жатады. Тұрмыстық қалдықтардың
барлық түрі компост алуға жатпайды. Егерде қоқыстағы азык-түлік
қалдықтарының мөлшері 20%-тен төмен болса, олардан тұрмыстық тынайтқыш
алынбайды. Себебі қалдықтарды қордаландыру аэробты микробтардың қатысуымен
жүретін биохимилык процесс. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіп саласы
ІІІ қауіптілік сыныбы - қауіптілігі орташа қалдықтар
Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу
Қалдықтар түрлері
ҚАНТ ЗАУЫТЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІН ТАЛДАУ
Қалдық туралы жалпы мәліметтер, олардың құрылымы, классификациясы
Қалдықтар. Қалдықтарды жіктеу
Өндірістік экологиялық бақылаудың мақсаты
Өндіріс қалдықтарының тірі ағзаларға әсері
Өндірістік кәсіпорындардың Каспий маңы өлкесіне антпропогенді әсері
Пәндер