Астықты кептірудің тəртіптері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ коммерциялық емес акционерлік қоғамЫТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ
Тағам өнімдерінің технологиясы және қауіпсіздігі кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Астықты кептіру əдістерінің жіктелуі

Орындаған: Мекенова Жансая ТПРП-310к
Тексерген: Кожагулов О.

Алматы 2018ж.
Жоспар
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-4
ІІ. Астықты кептіру əдістері мен тəртіптері
2.1. Астықты кептіру əдістерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-9
2.2 Дəндерді қабат күйінің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9-13
2.3 Астықты кептірудің тəртіптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13-15
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
IV.Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17

І. Кіріспе
Қазіргі заманғы аграрлық ғылым бірінші кезекте жаңа жиналған астықты қауіпсіз сақтауды қамтамасыз ету және әлемдік нарықта оның бәсекеге қабілеттігін көтеру мәселерлін қарастырады.
Бүгінгі күнге өнімді сапалы жинау нәтижесінде оны ұзақ сақтау мәселесі туындайтыны бәріне мәлім. Көптеген жағдайларда шаруа қожалықтарында дәнді дақылдарды қоймаға орналастыру мен сақтауға арналған үй-жайлардың жеткілікті саны жоқ. Сондықтан фермерлер астықты ұзақ уақыт сақтау үшін бейімделмеген қырмандарды және ашық алаңшаларды пайдалануға мәжбүр. Бұл өз кезегінде астықтың сапасына әсерін тигізеді және шаруа қожалықтарының экономикалық залал шегуіне алып келеді. Астықтың құны өнімді жинау кезінде неғұрлым төмендейді, ал жүкті тасымалдау бағасы керісінше көтеріледі, осыған байланысты астықты элеваторларға шығару мақсатқа сай емес. Бұған қоса элеваторларда астықты кептіру, тазалау және сақтау қымбат тұрады. Бұл ретте көптеген астық кептіргіш жабдықтары қазіргі таңда табиғи және нақты тозды, олардың төмен тиімділігі автокөліктердің бірнеше сағат бойы тұруына әкеледі.
Дымқыл астықты ысырапсыз және залалсыз сақтау қажеттілігі астықты сақтаудың жаңа тәсілдері мен технологияларын іздестіруге түрткі болып отыр. Осындай технологияның үлгісі астықты сақтаудың ауа кірмейтін тәсілі болып отыр. Аталған тәсіл дымқыл астықты астық кептіргіштерді қолданбастан сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды.Астықты бунттарда сақтау үшін синтетикалық полимерлік жамылғыларды пайдалану өнімнің сақталуын қамтамасыз ететін тағы бір тәсіл болып табылады. АҚШ, Англия, Германия және Индия сияқты елдер осы технологияны белсенді пайдаланушылар болып отыр.Мысалы, АҚШ-та құрғақ астықты сақтау үшін арнайы препараттармен өңделген, капронмен бекемделген жамылдығыларды қолданады. Олар кеміргіштерді үркітеді, сонымен қатар зиянды жәндіктерді жояды. Кейінірек осы елде астық қоймалары ретінде винил қаптары да пайдаланылатын болды.Англияда дымқылы аса жоғары астықты сақтаудың өзіндік тәжірибесі бар. Мысалы, герметикалық жабық үй-жайлар дымқылдылығы 15-тен 26%-ға дейін құрайтын астықты сақтау үшін пайдаланылады.Австралиядағы көптеген штаттар астықты сақтау қоймаларын тапшылығын болдырмау үшін мол өнім жинаған жағдайда уақытша қолданылатын жартылай жерасты қоймаларды ұйымдастырады.
Біздің елде де астықты сақтаудың тиімді өз әдістері бар. Сонымен 1960 жылдары Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының қазақстандық филиалы бірқаттар зерттеулер жүргізді, оның барысында полиэтилен, полиамид, және полипропилен жамылғылары төсеніш материалы ретінде пайдалануға болатыны анықталды. Бұдан басқа асфальт пен топырақ алаңшаларында орналасқан астық жамылғылардың осы түрлерімен жабылуы мүмкін. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде астықты уақытша сақтау үшін полиэтиленді пайдалану экономикалық көзқарастан мақсатқа сай әдіс болатындығы айқындалды.
Көптеген елдер әртүрлі газдар мен сұйықтықтардың өтпеуін қамтамасыз ету мақсатында астықты сақтау үшін синтетикалық жамылғыларды осы күнге дейін пайдаланады. Сөйтіп Франция дымқылы 21%-дан асатын астықты сақтау үшін синтетикалық жамылғыларды белсенді пайдаланады.Соңғы жылдары астықты сақтаудың ауа кірмейтін жаңа технологиялары пайда болды. Атап айтқанда Қазақстанда астықты сақтау үшін материал ретінде үш қабатты икемді полиэтилен шлангілерді (жеңдерді) пайдалану әдісі практикаға енгізілуде. Полиэтиленді сақтау қоймалары климат жұмсақ елдерде де ойдағыдай қолданылатынын айта кету керек. Біздің елімізде осы технологияға орталық және солтүстік өңірлердің астық өндірушілері қызығушылық танытады.
Осыған орай астықтың және оның өңделген өнімдерінің ғылыми-зерттеу институты елдің солтүстік бөлігінде герметикалық полиэтилен шлангілерде астықты сақтау режимдерін әзірледі.Жаңа технологияны Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы құрылымындарының базасында сынақтан өткізу шешілді. Осылайша дымқылы аса жоғары және қоқысы көп шамамен 50 000 тонна жаңадан жиналған өнім полиэтилен қоймаларына сақтауға тапсырылды. Жалпы алғанда осыған ұқсас 30-ға жуық сыйымды орындар жасалды, олардың әрқайсысында 200 тоннаға дейін астық сақтауға болады.

Астықты кептіру əдістері мен тəртіптері
2.1 Астықты кептіру əдістерінің жіктелуі
Астық кептіруде кептірудің жылу энергиясы астыққа қыздырылған газбен (ауамен немесе ауа мен отынның жану өнімімен қоспасымен) берілетін конвективті əдісі ана ғұрлым кең тараған. Конвективті кептіруді дəндер тығыз қозғалыссыз, гравитациялық қозғалыста, жалған қойыртпақты, селкілдеп қайнаған, құлама немесе өлшемді қабат күйінде болуы мүмкін. Дəндер қабатының күйі дəндердің кептіру агентімен жанасатын белсенді қабатының шамасын, яғни кептіру үдерісінің қарқындылығын белгілейді.
Дəстүрлі жəне анағұрлым тараған əдіс - конвективті кептірумен қатар басқа тəсілдер əзірленіп, қолданыс табуда.
Жылу дəндерге қыздырылған қабаттан кондукциямен (жылуөткізгіш) ерілуі мүмкін, соған байланысты кептірудің бұл əдісі кондуктивті деп аталады. Қыздырылған қабат ретінде бумен, ыстық сумен немесе газбен ысытылған құбырлар қолданылады. Пайда болған су буын кептіру камерасына жіберілген суық немесе қыздырылған ауа сіңіріп алады. Кондуктивті кептіру жылдамдығы қыздырушы қабаттың температурасы мен дəндер қабатының қалыңдығына тəуелді. Кондуктивті кептіруді ұн тарту, жарма зауыттарында көбінесе, астықты өңдеуге дайындауда дəндерді ысытып, ылғалдылығын азайту үшін пайдаланады. Оны конвективті кептірумен қатар кейбір шетел фирмаларында астықкептіргіштер қолданады.
Кондуктивті жылу беру вакуум-кептіргіштерде пайдаланады. Вакууммен кептіру кəдімгі конвективті кептіруге қарағанда, үдерістің қарқындылығын көтеріп, дəндердің едəуір төмен температурасында ылғалын жоюға мүмкіндік береді. Вакуум тереңдеген сайын (қысым азайғанда) кептіру камерасындағы температура да төмендейді, ал бұл жылудың қыздырлған қабаттан дəндерге өтуін қарқындатады.
Терморадияциялық кептіруде жылудың дəндерге жеткізілуі инфрақызыл сəулелену генераторларынан немесе күн сəулесімен жүзеге асырылады. Соңғы жылдары дəндерді кептіру үшін жылу көзі ретінде күн энергиясын пайдалануға көп көңіл бөлінуде.
Қарапайым ауа-күнмен кептірудің де мəні жоғалған жоқ. Бұл тəсілді құрғақ, ашық ауа райында арнайы құрылған ағаш, кірпіш, асфальт немесе сазбетонды алаңқайларда кептіру ұсынылады. Дəндерді ылғалдылығына қарай қалыңдығы 100...150 мм қабатпен шашып тастайды, яғни 1 т дəндерге шамамен 15 м2 алаң қажет. Ауа райы қолайлы болғанда дəндердің ылғалдылығын 3- 4%-ға төмендетуге, арасында дəндерді араластырып, желпу арқылы кептіру үдерісін жеделдетуге болады. Күнмен кептірген жағдайда дəндердің тұқымдық, азық-түліктік қасиеттері толық сақталады, егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу тез жүреді, дəндердің зақымдалуы төмендейді. Сонымен бірге күнмен кептіру көп еңбек сіңіруді қажет етеді, метеорологиялық жағдайға тəуелді, арнай жасақталған алаңқайларды қажет етеді.
ИҚ сəулелендіруде дəндер бетіндегі жылу ағынының тығыздығы конвективтік кептірумен салыстырғанда, 20...100 есе жоғары. Алайда, дəндердің кесінді қасиеттері мұндай қарқынды қыздыруды болдырмайды. Астық дəндері инфрақызыл сəулені нашар өткізеді. Мысалы, жарық сəулелерді пайдаланған кезде қалыңдығы бір дəндер қабат өткізгіштігі 20%, ал екі дəндер қалыңдықта бар болғаны 5%.
Үздіксіз сəулелендіруде дəндерде кептіруді едəуір тежейтін температуралық градиент пайда болады. Егер дəндер қабатын салқын ауамен кішкене жылдамдықпен желдетсе, дəндердің беткі қабатының салқындау салдарынан температуралық градиент бағыты өзгеріп, жылу - ылғалөткізгіштің кептіруге ықпал етеді. Дəндердің температурасы төмендеп, ылғалдың диффузиялық коэффициенті азайғанына қарамастан, кептіру жылдамдығы жоғарылайды. Осциллирлеуші тəртіпті, сонымен қатар өңдеудің құрама əдістерін қопсытқан қабатты ИҚ сəулелендірумен үйлестіре қолданғанның пайдасы көп, мысалы, қабаттыжалған қойыртпақты күйге келтіру.
ИҚ сəулеленуді зерттеу жұмыстарын осы əдісті дəндерді кептіру құрылғыларында алдын ала қыздыру үшін пайдалану бағытында дамыту қажет. Сəулелену генераторлары ретінде, табиғи газды немесе сұйық отынды жағу өнімдерімен жылытылатын газ жанарғысы немесе панельдер пайдаланылады.
Астықты жиілігі жоғары электр өрісінде қыздырып, кептіру əдісі де қолданыла бастады. Жоғары жиілікті қыздыру поляризация құбылысына негізделген. Дымқыл дəндердегі полярл молекулалар (дипол) өз осьтерін өріс бойымен орналастыруға тырысады. Молекулалар тербелісі бөлшектердің өзара бір-бірімен үйкелуіне байланысты, нəтижесінде дəндернен жылу бөлініп шығады.
Кептірудің бұл əдісінің ерекшелігі - астық массасының қызуы жəне центрге бағытталған температура градиентінің пайда болуында. Бөлінетін жылу көлемі өрістің кернеуі мен жиілігіне, сонымен бірге дəндердің диэлектрлік қасиеттеріне байланысты. Ылғалдылық өскен сайын диэлектрлік шығындар көтеріледі, соған байланысты бөлініп шығатын жылу көлемі де артады.
Өнеркəсіптік жағдайда шамды генераторлар қолданылады. Құрылғылардың жалпы пайдалы əсер коэффициенті жоғары болмағандықтан, жоғары жиілікті кептіруде энергияның меншікті шығыны едəуір өседі.
Жалпы астық дəні үшін кептірудің құрама əдістерінің болашағы зор, мысалы, дəндер қабатының əртүрлі күйінде конвективті-кондуктивті немесе радиациялық-конвективті жылуөткізуді үйлестіріп пайдалану.
Дəндерді қозғалыссыз қабатта кептіргенде кептіруші агент температурасы қатаң шектеледі. Ол дəндерді қыздырудың рұқсат етілген температурасынан аспайды. Соған байланысты кептіру үдерісі ұзақ уақыт алады да, кебу аймағы бүкіл қабатты қамтығанша созылады. Кебу аймағының қабат қалыңдығынан өту жылдамдығы дəндердің ылғалдылығы мен кептіру агентінің параметрлеріне байланысты.
Жылу мен ылғалдың ауысу жиілігі негізінен алғанда дəндер температурасы мен кептіргіш ортаның ауасымен, яғни жылуды сырттан алумен айқындалатын су буынан бөлінетіндігімен белгіленеді. Сондықтан кептіру əдістерінің сұрыптау негізінде кептірілетін дəндерге жылу берудің тəсілдері қолданады.
Қазіргі таңда қолданылып жүрген қондырғыларда астыққа жылу кептіргіштің қозғалмасы кептіру агентінен (ысытылған ауадан немесе түтіндетілген газының қосындысынан), яғни Əдеттегі конвективтік əдіспен беріледі. Конвективті кептіру кезінде астық тығыз қозғалмайтын, гравитациялық қозғалатын, жалған құрылған, тербелмелі қайнатылған, құйылмалы немесе аспалы қабат жағдайында болуы мүмкін.
Астыққа жылу ысытылған беткі қабаттан кондуктивтік тəсілмен соның жылу өткізгіштігін пайданалу арқылы берілуі мүмкін. Қыздырылған жоғары қабат ретінде бумен, ыстық сумен немесе газбен жылытылатын құбырлар пайдаланылады. Кондуктивтік кептіруді астықты кептіру мен қыздыру үшін астық өңдеу өндірістерінде жүзеге асырады. Кептірілетін астықта ауаның қысымының көлемін кеміткен кезде оның құрамындағы ылғал төменгі температурада да буланып ұшып кетеді. Мұндай тəсіл вакуум-кептіргіш деп аталады, бұл ретте кондуктивті жылу бергіш қолданылады. Вакуум тереңдеген сайын кептіргіш камерадағы температура төмендейді, ал бұл болса, жоғарғы қыздырудан астыққа баратын жылудың берілуін жеделдетеді.
Жылуды астыққа жылу сəулелері немесе радиация нəтижесімен хабарлауға болады күн көзінде кептіру немесе инфрақызыл сəулемен кептіру. Мұндай тəсілді радиациялық деп атайды. Алайда, бұл əдістің өнімділігі төмен, механикаландыруға келмейді, ауа-райының жағдайына байланысты, сондықтан да кең түрде қолданылмайды. Инфрақызыл сəулелендіру кезінде астықтың беткі қабатына түсетін жылу тасқыны тығыздығының конвективтік кептіруге қарағанда, 20-100 есе артық екендігін атап өткен жөн. Жиілігі жоғары электр желісінде қыздыру мен кептірудің мүмкіндігі бар. Бұл əдістерді конвективтік кептірумен сəйкестендіре отырып астықты алдын ала қыздыру үшін қолданудың тиімділігі зор. Астықтың жоғарғы қабатында ылған өте көп болған жағдайда оны механикалық тəсілмен сығу, орталықтан қысымдау арқылы да жоюға болады. Түйістіріп сорбциондық кептіру, мысалға алғанда, ылғал жəне құрғақ дəндерді араластыру кезінде гигроскопиялық заттармен қосалыстыру жағдайында ылғал дəндерді судан арылтуға арналады. Сорбенттер ретінде хлорлы кальций мен ауылшаруашылық жəне басқа да өндірістердің əртүрлі қалдықтары қолданылуы мүмкін.Астықты алдын ала қыздыру арқалы сапырлыстыру қолданылатын кептіргіштер де пайдаланылатын жиынтық кептіргіштердің конвективті түйістіру, конвективті-кондукталық, конвективті-радиациялық, əдістері мен тəсілдері неғұрлым 133 болашақта пайдалануда тиімді. Изотермиялық əдіс жоғарғы техникалық экономикалық көрсеткіштер кезінде астық кептіргіштердің жоғарғы өнімдігін қамтамасыз өтеді. Бұл əдісті қолданған кезде кептірудің алғашқы кезінің өзінде астықты қыздыруды шекті- мөлшерлі дəрежесінде жүргізеді, ал бұдан соң келесі кезендерде сапырлыстырылып жатқан астықтың температурасын бір қалыпты ұстайды, бұл дəндердегі ылғалдықтың булану жылдамдығын азайуды қамтамасыз етеді.
Мұндай тəсілді сондықтан да сапырылыстыру-изотермиалық деп атайды. Тəсілдің принциптігі мынада: дымқыл астық алдын ала қыздырылатын камераға жіберіледі, оны ол жерде, мəселен, бидай үшін 100 о С жəне күріш дəндері үшін 70 о С мөлшерінде келіп тұратын ыстық жағдайда дəндердің сусылдап түсіп жатқан кезінде қыздырады. Сөйтіп, кептіру агенті өтетін негізгі камерасына 250-350 о С мөлшеріндегі температурада келіп түседі. Негізі қыздыру камерасында астықты одан əрі қыздыру мен рецеркуляциялайтын астықпен араластырғаннан кейін осы араластырылған дəндер жылу алмастырғышқа келіп түседі. Жылу масса алмастырғыштан кейін астықтың бір бөлігі салқындатқыш шахтасына келіп түседі, ал қалған рециркуляцияланатын астық изометриялық кептіруге арналған шахтаға жөнелтіледі, онда ол астықтың түріне жəне мақсатына байланысты 70-120 о С температурада кептіріледі.
Сөйтіп, астықты кептіру үшін В6-10-49 үлгідегі астық кептіргіштерде қыздырылған бу құбырларынан дəндерге жылу берудің кондуктивті əдісін қолданады, ал астық массасынан ылғалды аластау үшін конвективті əдіс пайдаланылады.
Конвективті жəне контактілі кептіруді үйлестіруде құрама əдісті Целинная, РД-2х25 70 жəне басқа үлгідегі астық кептіргіштерде қолданады. Астықтың қозғалыссыз тығыз жатқан қабатында конвективті кептіру собықтағы сортты жүгері тұқымын, тұқымдық мақсаттағы басқа да дəндерді үрленетін қабаттың қалыңдығы 1,5- тен 3,5 метрге дейінгі жағдайға СКП үлгісіндегі кептіру камераларында жылдамдығы 0,2-0,3 мсек жағдайда кептіру агентін 500- 1000 мтонна - сағат жұмсау арқылы жүргізіледі.
Астықты ылғалдылығы 18 %-ға дейінгі кептіру қажет болған кезде жəне оны салқындатуда астықты ауа арқылы белсенді түрде желдету қолданылады. Еліміздің оңтүстік аудандары үшін жылу насостарын күн қуаты аккумуляторымен үйлестіру күн коллекторымен зор практикалық мəнге ие болады. Бұл күн қуатын пайдалануды басқару арқылы жылу насостық қондырғылар жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта астық қабылдау бөлімшелерінде кептірудің рециркуляциялық тəсілдері көптеп қолданыла бастады. Рециркуляциялық кептірудің үш əдісі белгілі болып отыр: 1- қысқа мерзімді қыздыру, жанаспа жылу-ылғал алмасуы, салқындату: аралық жəне түкпілікті; 2-алдын ала қыздыру жəне бір бөлігін кептіру, жанаспа-ылғал алмасуы, кептіру жəне астықты салқындату; 3-жанаспа қосымша қыздыру, жылу-ылғал алмасуы, астықты қыздыру мен кептіру, астықтың бір бөлігін салқындату. Екінші жəне үшінші əдістер изометриялық немесе рецеркуляциялық-изометриялық деп аталады.
2.2 Дəндерді қабат күйінің сипаттамасы
Тығыз қозғалмайтын қабат. Мұндай қабатта дəндердің контактысы бекітілген жəне олардың кептіргіш агентпен шайылатын беткі қабаты өзгеріссіз. Қозғалыссыз қабаттағы кептіру қарқындылығы көбінесе, дəндермен мен кептіруші агент арасындағы сыртқы жылу-ылғалалмасумен анықталады. Кептіруші агент қозғалыссыз қабат арқылы өткенде оның параметрлері уақыт ішінде ғана емес, кеңістікте де, яғни қабат қалыңдығынан өзгереді. Осыған сəйкес дəндердің температурасы мен ылғалдылығы да өзгереді. Кептіруші агент кіретін жерге жақын орналасқан дəндер қабаттары тезірек қыздырылып, кептіріледі. Қозғалыссыз қабатқа тəн кептірудің біркелкі еместігі арасында дəндер қабатын желдету бағытын өзгерту арқылы жеткізіледі.
Желдетілетін қозғалыссыз қабат қалыңдығын дəндердің бастапқы ылғалдылығына қарай қабылдайды. Əдетте, ол 0,6...1,5 м аралығында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық ылғалдылығының жіктелуі
Астық кептірудің қазіргі технологиясы
Астық түйірін кептірудің негізгі үрдістері. Астық түйірін кептіру техникасы
Астық түйірін кептіру
Астық өнімдерін сақтау жайлы мәлімет
Бидайдың тыныс алуы
Астық сақтаудың негізгі тәсілдері
Астық өнімдерін сақтау
Ақшыл уыт өндіретін цех жұмысын ұйымдастыру
Дәнді дақылдарды сақтау
Пәндер