Музыкалық есту қабілеті
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 тарау. Оқушылардың музыкалық қабілеттерін анықтаудың теориялық негіздері
1.1 Музыкалық қабілеттің құрылымы мен музыкалық қабілеттің деңгейі ... ... ... 6
1.2 Оқушылардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары ... ..17
1.3 Дарынды оқушылардың музыкаға қабілеттерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2 тарау. Оқушылардың музыкалық қабілетін дамытуды ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
2.1 Музыка пәні арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 Оқушылардың музыкалық қабілеттіліктерін жетілдіруде қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.3 Музыка сауатына арналған сабақтарды өткізу және оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
2.4 Оқушылардың музыкалық қабілеттерін арттыруда қазақтың ауыз шығармашылығын қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...48
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...59
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 2
Кіріспе
Қазақстан Республикасы этикалық мәдени білім беру тұжырымдамасында Жан-жақты қалыптасқан тұлға, ең алдымен шығармашылық қабілетке ие болуы қажет деп, жеке тұлға шығармашылығын қалыптастыруға ерекше мән берілсе, ал Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында үздіксіз білім беру жүйесінің үш ілгері мақсаттарының ішіндегі ең негізгісі шығармашылық қабілет екені анық айтылған.
Қазіргі күні музыкалық педагогикада педагог музыканттың шығармашыл іс-әрекетін дамыту, оны тұлғаның қалыптасуына бағыттау, сезімталдық шығармашылық арқылы өзін, қазақ музыка өнерін тану сиақты мәселелердің бары айқындалды.
Көне заман философ ойшылы Пифагор музыканың акустикалық заңдарын ашса, Платон, Аристотель музыканы - адамның ізгілік және әсемдік әлеміне ықпал етудің маңызды құралы, мінез-құлықты түзету, жеке тұлғаның психологиялық көңіл-күйін жасау құралы ретінде қарастырған.
Әбу-Насыр әл-Фарабидің пікірінше: музыка - табиғаты терең, жан-жақты сыры, әсері бар құбылыс. Оның ерекше атап көрсеткен ойы музыкалық әуеннің адам бойында үлкен эмоциялық тебіреніс күш туғыза алатын құдыретті күш екендігі және оны әртүрлі мақсатта, адам баласының жанын сауықтыруда немесе адам тәрбиесінде халыққа басшылық жасап, меңгеруде үлкен маңызды құрал бола алатындығын айтады.
Әл-Фараби Музыканың адамға емдік қасиетін, жағымды әсерін сондай-ақ, оның адамның жан дүниесіне әсер ететін, тәрбиелік мәні зор деп тұжырымдаса, Абай: Артыңа із қалдырғың келсе, кейінгі ұрпаққа білім нұрын сеп, болашағымыз өз ұлт өнері мен мәдениетінің тұнығынан сусындап, тарихын терең түсінетін болсын деген өсиеті де болашақ ұрпақты өнер білім арқылы тәрбиелеудің қажеттігі мен маңыздылығын дәлелдейді.
Мұғалімнің басты міндеті қазақ халық музыкасына оқушылардың назарын аудара білу қабілеті болып табылады. Қазақ халық музыкасының идеялық мазмұны маңызды екендігі іс-тәжірибе жүзінде дәлелденген. Сондықтан мұғалімнің міндеті музыканы меңгеруде сыныптағы оқушылардың нақты эмоциялық көңіл-күйін қалыптастыра отырып, арнайы оның мазмұны, сипаты жөнінде білім беруде шығармашылық ізденісті ұйымдастыра білгені жөн. Осының нәтижесінде білім алушыларда шығарманың идеялық-эмоциялық бейнесін жасауға, мазмұнның эмоциялық - ойын ашуға және үйретілген туындының көркемдік бейнесін көркемдік мәнерлік құралдарды табуға толығымен мүмкіндік болады.
Ұлттық музыкалық мол мұраны ғылыми зерделеу тек қана сол музыка мәдениетінің парқын тануға себепші болып қана қоймайды, сонымен бірге халықтың тарихи тұлғасын тануға да мейлінше көмектеседі. Қазақ халқының тарихы болмысы әні мен күйінде тұнып тұр.
Ендеше қазақ халқының мәдени-рухани даму ерекшеліктерінен ұлттық дүниетаным мен түсініктерді ығыстырып тастамай, сан ғасырлар бойы қалыптасқан мәні терең ұлттық музыкамыздың құрылымдарын жаңғырта тану, ғылыми негізде сараптап түсіндіруіміз керек.
М.Жұмабаев музыканың адамға әсері жайында: Халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтажын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен құйқылжытып тұрғанда қандай тас көңіл болса да қандары қайнап, тіпті арқалары қызып кетеді - дейді.
Р.Қ.Дүйсембінова музыканы оқыту үдерісінің өзіне тән функциялары бар екендігін, олар:
- музыканы оқытудың білімділік функциясы - бұл оқушыларды музыкалық ғылыми білім, іскерлік дағдылар жүйесімен қаруландыру. Оның түпкілікті нәтижесі берілген білімнің іс-жүзінде саналы түрде қолдана білуі;
- музыканы оқытудың тәрбиелік функциясы - музыканы оқытудың мазмұнымен, оқытудың формасымен, әдістерімен анықталатын және мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын үдеріс. Музыканы оқыту үдерісінде жеке тұлғаның белгілі бір көзқарастары, қарым-қатынастары, тұлғалық сапа-қасиеттері, музыка өнеріне, музыкалық іс-әрекеттерге деген өзіндік көзқарастары, пікір-пайымдаулары, мінез-құлықтары қалыптасады;
- музыканы оқытудың дамыту функциясы - мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылады. Музыканы оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы оқушылардың сенсорлық, қозғалыстық, мотивициялық дамуына көмектеседі. Қажеттік және тұлғаның танымдылық үдерісінің белсендірілуі арқылы әсіресе музыкалық есту, музыкалық ес, музыкалық ойлау,қиялдау,сонымен бірге музыкалық қабілеттері дамиды - деп атап көрсетеді.
Адамзат ұрпағынан жинақталған мәдени байлығын ұлттық байлықпен ұштастыру, оның озық үлгілерімен байланыстыру жеке тұлға қалыптастырудың бірден-бір жолы болып табылады.
Қазір айтылып жүрген технология талаптары білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау ісі болып отыр. Оқушының Мен деген менталитетін қалыптастыру, өзін-өзі тану, өмірден өз орнын таба білуге баулу мәселелерінің музыка пәнінде маңызы ерекше.
Оқушылардың музыкалық шығармашылық қабілеті іс - әрекет үдерісінде қалыптасады. Ғалымдар пікіріне сүйенсек дарынсыз, мүлде қабілетсіз бала болмайды. Сол қабілеттің көзін ашу оны әрі қарай дамыту - әр бір музыка мұғалімінің қасиетті борышы. Жалпы музыка пәні эстетикалық сезімі жетілген, рухани бай тұлға тәрбиелеудің қайнар көзі десек қателеспейміз.
Мектептегі музыкалық-педагогикалық жұмыстың басты мақсаты-оқушыларды музыкалық даму үдерісіне талдау жасауға үйрету. Музыкалық - есту түсініктерін өз бетінше орындату. Музыканы көпшілігі тыңдайды, бірақ азы ғана естиді, әсіресе аспапты музыканы адамдар көбінесе қойылған музыканың жеке сәттерін қабылдайды, нақтырақ айтсақ осы сәттердегі өз әсерлерін ұсынады. Ал шығарма толығымен оларға түсініксіз болып қалады. Сонымен қатар оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыру үшін төмендегі міндеттер орындалу қажет: қазақ халық музыкасын қабылдай, талдай білуі; өзара пікірталастар мен талқылауларға белсенді қатысуы; өз бетінше жұмыс жасау; нәтижеге, жетістікке ұмтылу; өз бетімен күрделі тапсырманы таңдауға құштарлану; іс-тәжірибелік әрекетін талдауға қызығушылық таныту;
Музыка саласында халқымыздың өткеніне терең үңіліп, сол өнер қазынамызды оқушыларға белгілібір жүйелі бағытта теориялық және іс-тәжірибеде қолдана білсек, оқушылардың шығармашылық
- Қазақ халық музыкасының шығу тарихы, ерекшелігін тануға ұмтылу;
- Қазақ халық музыкасының тәрбиелік мәнін, сезімталдық әсерін ашып талдауға талпыну;
- Қазақ халық музыкасын жеткізуде нәтижеге жету сияқты қабілетін қалыптастыра аламыз.
Музыкалық дамудың логикасын білмей және оны бөлшектей талдай алмай, музыканы қабылдау, бағалау мүмкін емес.
Қазіргі кезеңде мектептің алдына қойылып отырған ең басты талап-рухани бай,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елімізде білім беру, жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелері саласында түбегейлі, шұғыл бетбұрыстар жасалып жатқаны белгілі. Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлекетіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау - бүгінгі күннің келелі мақсаттарының бірі. Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды. Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз - ақ түсінікті де жақын бола түседі. Музыкалық көркем бейне балаларды қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді. Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан - жақты өмір тәжірибесін кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Зерттеу жұмысының нысаны: мектеп оқушылары.
Зерттеудің пәні музыкалық қабілетті эксперименталды қалыптастырумен және жалпы музыкалық қабілеттің даму деңгейінің түрлерін анықтаумен қатар балалармен диагностикалық дайындық болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп жасындағы балалардың музыкалық қабілеттерінің ерекшеліктерін бағалауда мұғалімнің қызметі мен маңызын және музыкалық қабілеттіліктерін арттыру жолдарының тиімді тәсілдерін көрсету.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Музыкалық қабілеттіліктің теориялық негіздерін қарастыру;
- Мектеп жасындағы балалардыңмузыкалық қабілеттерін дамытуды талдау;
- Мектеп жасындағы балалардың музыкалық қабілеттерін дамыту жолдары.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланыған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Музыкалық қабілеттің құрылымы мен музыкалық қабілеттің деңгейі
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай орындауда көрінетін қасиеті. Бір сөзбен айтқанда, қабілет дегеніміз - ұғымталдық, зеректік, алғырлық, қағілездік, сезімталдық, байыптылық, табандылық, адалдық, еңбекқорлық және т.б. қасиеттердің белгілі деңгейде жетілген жиынтығы. Қабілеттің дамуының табиғи негізін құрайтын бар қабілет жиынтығы дарыған оқушыны - дарынды, талант дейміз. Нышандардың жинағын дарындылық деп атайды. Бұл туа бітетін қасиет. Кейбір балалар оқуға түспей тұрып та қабілеттіліктерін танытады. Тек қана дарындылық жалғыз өзі уақытта дами алады. Қабілеттілік - шеберлікті тез игеруге алғышарт болса, шеберлік жолындағы еңбек талантының ұшталуына, жетілуіне, іске асуына көмектеседі. Еңбек бәріне жеңбек деген халық мәтелі әр уақыт асқан талантты деген домбырашының жадында болғаны дұрыс. П.И. Чайковский айтқан екен Адам неғұрлым талантты болса, соғұрлым еңбекқор болуы керек, - деп. Шеберлік дегеніміз білімнің еңбек арқылы іске асуы, өнердің қорытындысы. Болмаса естуі өткір адам музыкант болады деу өте қате пікір. Адамға белгілі бір қызметті көңілдегідей атқару мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысуын талант деп атаймыз. Музыка маманына керекті есту, есте сақтау, ырғақ қабілеттері бәріне жеткілікті дәрежеде болмайды. Осы үш қабілеттің ішінде ішкі сезімталдық естуі басым болса құба-құп. Барлық қасиетті де дамытуға болады, өте жақсы деген деңгейге де жетеді. Бірақ табиғаттан қанға беріліп, ана сүтімен дарығанға не жетсін.
Музыкалық талант - музыкалық қабілеттердің ең биік шыңы. Ол - әсер, ес, ақыл, сезім, есту, ырғақ, есте сақтау. Жан танымдық зерттеулерге көңіл бөлсек, қабілеттер дегеннің өзі сыртқы әсерді қабылдап, оның жанда көрініс табуы. Бұл ми мен (нейрондар) жүйке тамырлары, талшықтары арқылы іске асады екен.
Музыкалық қабілеттің негізгі үш түрі бар. Мақамдық сезім, яғни әуен дыбысының мақамдық қызметін эмоционалдық тұрғыдан ажырата білу қабілеті немесе әрекеттің дыбыстық жоғарылылығына тән эмоциалық көріністі сезіну. Бұл қабілетті басқаша - эмоционалдық немесе музыкалық естудің перцептивтік кешені деп атауға болады. Мақамдық сезім музыкалық жоғарылылықты сезінудің үзілмес бірлігін, яғни тембрден мүшеленген жоғарылылықты жасайды. Мақамдық сезім әуенді қабылдауда, оны тануда, интонацияның дәлдігін сезінуде тікелей көрініс табады. Ол ырғақтық сезіммен қатар музыкаға деген эмоциалық ықыластың негізін қалыптастырады. Бала жасында оның көріну сипаты - музыканы сүю және тыңдауға деген қызығушылықтан басталады.
Есту арқылы түсіну қабілеті, яғни дыбыстық жоғарылылық әрекеттерінде көрінетін есту арқылы түсінуді еркінше қолдану қабілеті. Бұл қабілетті басқаша музыкалық естудің есту немесе репродуктивті кешені деп атауға болады. Ол әуенді, ең алдымен әнді есту бойынша орындауда тікелей көрініс табады. Бұл қабілет мақамдық сезіммен бірлікте үйлесімді естудің негізінде жатыр. Дамудың анағұрлым жоғары сатысында әдетте ішкі естуді қалыптастырады. Бұл қабілет музыкалық жады мен музыкалық елестің негізгі өзегін құрайды.
Музыкалық-ырғақтық сезім музыканы белсенді түрде сезіну қабілеті, музкалық ырғақтың эмоционалдығын және оның нақты орындалуын сезіну. Ерте жаста музыкалық-ырғақтық сезімнің көрінісі музыкалық туындыны есту музыкалық ырғақты беретін белгілі бір қозғалыстық реакциялардың қатар жүруімен байланысты болады. Бұл сезім музыкалық әрекет хорын қабылдаумен және оның көрінісімен байланысты музыкалылықтың негізінде жатыр.
Музыка өнерінің ерте кезеңінде музыкалық жадының маңызы туралы Р.Дрейк айтқан болатын. Оның ойынша, музыкалық жады өзіндік музыкалық қабілет болып табылады.
К.Сишор музыкалық шығармашылықта музыканы жады бойынша қабылдауға үлкен назар аударған. Ол оны есту бейнесін жасау қабілеті деп атады және оны ұзақ мерзімді жадымен және есту елесінің жұымысымен байланыстырды. Б.М. Теплов есту арқылы түсіну қабілеті музыкалық жадының және музыкалық елестің негізгі өзегін құрайды деп санайды. Ал Л. Мейер өз кезегінде: музыкалық жадының маңызы музыкалық бейненің даму үдерісінде сезіледі дейді.
Ультрақысқа (лезде) жады - қысқа, үзік-үзік және күтпеген дыбыстардың ізі, дыбыстың басты белгісі - жоғарлығы, тембр. Олардың ұзақтығы онша емес - 0,1-0,5 секунд. Санада сигналды тірілту үшін қайталауға қажетті тез жоғалатын ізі қалады.
Қысқа мерзімді жады - санада дыбысталатын музыканың үлкен көлемімен ерекшеленеді, ол дыбыстардың жекелеген белгілерін емес, керісінше мағыналық блоктарды, яғни мотивтер, фразалар мен әуендерді есте сақтауды қамтамасыз етеді.
Жылдам жады - тікелей қабылдаудың және бұрын игерілген қысқа мерзімді жадының материалдарын пайдаланады. Оның негізгі мазмұны - тікелей келіп жатқан музыкалық әркетке - ұсынылған немесе шынайы, орындаушылық немесе композиторлық әрекетке қызмет етеді.
Қозғалмалы жады музыкантта орындаушылық қозғалыстар мен олардың кешені жақсы есте сақтау арқылы көрініс табады. Жақсы қозғалмалы жадының белгісі виртуоздық, техникалық қиындықтарды меңгерудегі оңайлық, шеберлік (алтын қол) болып табылады. Орындаушы үшін бұлар үлкен маңызға ие. Олар есте сақтауды және музыкалық туындыны меңгеруді жеңілдетеді. Жарқын және тұрақты музыкалық-есту сипаты бейнелі жады иесіне тән болып келеді. Жақсы бейнелі жады, есту - ішкі естудің қалыптасуын жеңілдетсе, көру - дыбысталумен қатар ноталық мәтіннің көру арқылы қабылданған бейнелерін жеңіл еске түсіртеді.
Эмоционалдық жады - бастан өткен сезім мен эмоция жадысы. Ол музыканы қабылдауда және орындау кезінде болған сезімдерге байланысты белгілі бір үндестіктегі адамның барлық қабылдауын, іс-әрекеттерін безендіріп тұрады. Эмоционалдық жады музыкалылық пен мақамдық сезімнің негізі болып табылады.
Ауызша-логикалық жады - жалпыланған және ұғынылған кешендерді - музыкалық туындының формасы мен құрылымын, орындаушылық талдауды және орындау жоспарын жеңіл есте сақтау кезінде пайда болады.
Қабілеттілік мәселесі әрқашан өткір әрі өмірлік маңызды сұрақтардың бірі болып қала береді: әрбір жеке адамның алдында үнемі өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру қажеттілігі тұрады, оларды қанағаттандырудың іс жүзіндегі мүмкіндіктері өмірлік жағдайларға, соның ішінде қабілет пен біліктілікке, шеберлікке тікелей тәуелді болып келеді.
Талант ұғымын анықтауда оның тума сипатына ерекше назар аударылады. Талант белгілі бір нәрсеге қатысты берілген тарту, дарын ретінде анықталады, ал тарту немесе дарын табиғаттың берген қабілеті болып табылады. Басқаша айтқанда, талант - табиғат берген тума қабілет, ол белгілі бір әрекетте жоғары табыспен қамтамасыз етуші. Сонымен қатар шет тілдер сөздігінде талант ұғымына анықтама беруде көрнекті, тума қасиет, ерекше табиғи қабілет деп беріледі.
Дарындылық таланттың бір сипаты, тума таланттың бір деңгейі ретінде қарастырылады.
Балалардағы дарындылықты психологиялық зерттеу мен айырықша балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қатысты психологиялық-педагогикалық мәселелерді шешуге ұзақ уақыт бойы елімізде басты назар аударылды. Қоғамда басым сипатқа ие идиологияға сәйкес ерекше қабілетті балаларға ерекше көңіл аударудың қажеті жоқ саналды, себебі барлық балалар бірдей, олардың әрқайсысында қажетті кез келген қасиетті қалыптастыруға болады деп есептелді. Артықшылық, дарындылық ұғымдарының шеңбері бір идеологиялық, зиянды нәрселер қарастырылды. Психологиядағы бұл жағдай шетелдік ғылымнан біздің ғылымды алшақтатып, бөлектеп тұрды. Тек қана соңғы жылдары балалар арасындағы дарындылық мәселесі көлеңке тұстан шығып, ғалымдар арасында үлкен қызығушылық тудыра бастады. Балалардағы қабілетті неғұрлым ертерек дамытса, оқытуда да олар соғұрлым айқын көрінеді. Балада қандай болмасын қабілет пен дағды болса, ондағы артықшылықты ерте жасынан дамыту қажет. Баланың белгілі бір әрекетке деген қызығушылығын одан әрі дамытып, қолдау бала өмірінің алғашқы жылдарында ол саналы түрде осы дамуды өзі қалағанша және ұмтылғанша жалғасуы керек. Ұзақ уақыт бойы кішкентай адамның тұлғасын мықтап дамытып қалыптастыра отырып, баламен бірге үлкен нәтижелерге жетуге талпыну керек. Демек, қабілеттілік - бұл еңбектің негізінде осы қасиеттерді өсіру, дамыту, қызығушылығын арттыру болып табылады.
Осы қабілеттердің жұмысын данышпан Абай үш топқа бөледі. Ақыл, сезім және қайрат. Осы үш топ арқылы сыртқы ортадан болған құбылысты әсер деп атайды. Бар адам баласы әсерлене алады, әсіресе құлақ нейрондары арқылы болатын, оның ішінде, дауыс, дыбыс әсері ең керекті құбылыс. Әсерленудің жұғымды, жұғымсыз болуы әсерленудің қажыбы (тоны) деп аталады. Естуге байланысты жағымды дыбысты (консенанс), жағымсыз дыбысты (диссонанс) білеміз.
М. Жұмабаев Педагогогика еңбегінде нейрондардың әсерді миға апарып жеткізуін, орналастыруын локолизация деп атайды. Әсерленуді туғызған себепті перцепция деп атаған. Яғни музыкалық қабілеті жоғары адамдардың құлақ нейрондары музыкаға дыбыс арқылы локолизацияланады. Бұл әсердің музыкалық дыбыстан болғандығын анықтаймыз. Мұны перцепция деп атаған. Ал мұны бұрынғы болған тәжірибелермен толықтыру Апперцепция болып табылады екен. Сыртқы сезім әсерленулерінің алты түрі бар: Көру, есту, сипау, тату, иіскеу, ет сезімі. Осының бәрі түгел болғанда адам есі түгел болады: 1) Есту, 2) Көру сезімдері ең керекті сезімдер. Әрине мұнан басқасы керегі жоқ деген ұғым тумайды. Сипау, ет сезімдері музыка мамандары үшін қалыс қалмайтын сезімдердің бірі. Адам ән салса тамағымен (тіл), аспапта орындаушылардың барлығы үрмелі аспаптарда қол, ерін, көкірек демі, ал домбырашылар екі қол дейміз, алайда барлық дене мүшелерінің бірлікті қозғалысы арқылы жеткізетініміз кім-кімге болса да белгілі. Бірақ музыка маманы үшін есту мен көрудің өте жоғары болғаны дұрыс.
Музыкалық оқу орындарына қабылдау емтихандарында жалпы музыкаға бет бұрған адамзат баласы бойынан негізгі үш қасиет іздейміз. Жоғарыда айтып өткеніміздей, ол есту, есте сақтау және ырғақ. Бірақ бұл үшін қасиеттің бір баста түгел кездеспейтіндігі өте жиі кездеседі. Ең бірінші кезекте - Есту қасиеті. Есту қасиеті де негізінен табиғатынан берілген құба-құп. Бала жасынан есту қабілетін жолға қойса, нені көріп, нені есітіп өседі осы тұрғыда сезінуде дайындалады. Қазіргі заманда барша жұртшылық баласын домбыраға үйір ғып өсірмейтіні қақ. Есту арқылы жан сезіміне нерв талшықтары арқылы мида (перцепция) толқу болып, ес, ақыл арқылы шығарма мазмұнына керекті дыбыс бояуын беру үшін қимыл жасаймыз. Апперцепция құбылысы осы жерде туындайды. Бір мысал - біздің күйлерімізде табиғат, адам өмірі, жан-жануарлар бар тіршілік суреттелген дейік. Ауыл өмірінен бейхабар қала баласы сабақта отыр.
Бозшолақ, Көкшолақ, Нар идірген тәрізді күйлерді білмегені былай тұрсын, елестете алмайды.
Үстінде үйдің тұр еді мысық,
Қасына келді бір торғай ұшып, - әнін үйретіп бастайық.
Күнделікті бәрімізде мысық та бар екенін ойласақ, бұл тұста да апперцепция қасиеті болмай қалады. Себебі бес онан да көп қабатты үйлерде тұратын бала бұл жағдаймен таныс емес. Әннің сөзін жаттатқызып, әуенін үйреткенмен әсерленуі, туғызған перцепция толқуы жалған, табиғи жолмен іске аспайды, қиындықпен алады. Қошақан, лақ, бота, құлын туралы әндер, күйлердің үзінділері түсініксіз. Баяғы ботаның көзіне ғашық боп, лақпен бірге құдықтың дересін тапаған, қозымен бірге ойнаған, құлынмен бірге жарысқан баланы таппақ түгілі, колледжге түсуге келгендердің өзіне ұлт өмірінің осындай ғажайып тұстары тарих болып тұр. Тіпті кейбір ұстаздарының өзіне де бұл кино арқылы таныс болуы мүмкін. Осындай өліара шақта оқу құралдарынан басқа, көгілдір экран, радио, ақпарат құралдарының дұрыс жолға қойылуы да басты мәселе екені туындайды.
Сонда да суретін көрсетіп, салғызып айтып беріп, орындап, тыңдатқызып апперцепция жоқ болса да, қиялымен елестете, ести алмаса да, перцепцияны қолдан жасағанның өзінде домбырашылар қауымын дайындауда көп болғанмен нағыз ауылдың иісі аңқыған қазақи, табиғи күйшілер бар. Ауылдан, қаланың және керісінше кіндігі ажырамауы күйші үшін маңызды оқиға. Өркениетті мәдениетті білу, жан-жақты білім алу басты шарт, бірақ жапырақ жайған еменнің тамыры әрі тереңдей беруі ұлт өнері үшін өте керек.
Бастапқы баспалдақта балалар әсерінің перцепция, аперцепция құбылыстары әлсіз боп келеді. Өсе келе жаттығады. Сондықтан есту, көру сезімдері жақсы жолға қойылғаны абзал. Күйші алдында жағын таянып жатып күй тыңдаған баланың, кейін домбырашы болғанда табиғи күйші атына ие болып, құйма-құйма әдісіне жақын тұратыны да осыдан болса керек. Мылқаудан соқыр болса да құлағы еститін адамның сезімдері, әсерленуі өте жоғары, сондықтан да ең бірінші кезекте есту қабілеті тұрады.
Әр түрлі дыбыстарды адам, жан-жануар т.б. бәрі естиді. Есту қабілетін тәрбиелеуге болады, дей тұрғанмен кейде музыкалық дыбысты естіп айтқанмен, табиғатындағы бояуын, негізін, қасиетін ажырата алмайды. Баланың есту сезімін ілгерілету үшін бесік жастан балаға музыка құралдарының үнін естірте беру керек. Домбыраға түрлі күй тартып отырсаң, алдында отырған бала тырп етпей, шын ынтасымен тыңдап отырмай ма? Баланың есту сезіміне аса көп әсер беретін - бесік жыры. Баланы қолына алған, баланың бесігі жанына келген ана үндемей отырмасын жырлай берсін. Бала сөзін ұқпаса да, күйінен әсерленеді. Жас балаға қазақтың Әлди-әлди ақ бөпем деп басталатын бесік жырын жырлау керек. Бұл жырдың күйі де, әні де тәтті, - дейді М. Жұмабаев Педагогика деген еңбегінде.
Үйде қоңыр домбыраның орнына, телевизор, магнитофон, т.б. техникалық музыка аспаптары сайрап тұрған, әлди-әлдидің орнына баю-баюшкиге құлағы үйренген балаларды да күйге үйретіп келеміз. Кейде бұларды асфальттың балалары деп те ұстаздардың атауына қарағанда қаланың қасаң тәртібіне түскен болашақ домбырашылар екенін білеміз. Бұл тұста - ата-ананы болмаса шәкіртті, қоғамды, адамды кінәлаудан аулақпыз. Өмір ағысымен, тынысымен тіршілік қылып домбыра өнерін оған қай бағытта, қандай деңгейде болса да, үйренуді ниет қылған шәкірттің бәріне оның бастауын ашуға тиіспіз. Жол ашар қабілеттің бірі есту арнайы жолға қойылады. Домбыраға тікелей бет бұруы мамандықтан басталады.
Музыкалық есту қабілеті. Есту қабілеті дыбыс объектісін толық білмейінше, көзіне елестетпейінше беріле бермейтін қасиет. Дала баласының көргені, сезгені мен қала баласының таным-түйсігінде айырмашылық бар. Адам даусын, домбыраны естігенмен фортепиано дыбысын ажырата алмайтындар, болмаса керісінше жағдайлар көп. Есту қабілетінің түрлері көп. Ал музыкалық есту дегеніміз құрамдас бөлімі өте күрделі ұғым. Мысалы, ең маңыздысы дыбыс биіктігін, мөлшерлік, есту (жоғары, төмен) ладтық, әуездік (жарқын, мұңды), оның ішінде, мақамды әуендік, көп дыбыстық, тембрлік және динамикалық есту (көптеген қалыптасқан сөздерді аудармауға тырыстық). Мұның қай-қайсы да музыка маманына өте қажетті маңызы бар. Кейде Абсолюттік есту қабілеті бола ырғағы, есте сақтауы сәйкеспейтін кездер де жиі кездеседі. Сонда да мұны музыканттық дарындылығын көрсетеді деп есептейміз - ол сирек болса да бар. Бірақ музыка мамандары арасында қалыптасқан ұғым бойынша бұл жай ғана мәдениет. Олар кейде жақсы естуі арқылы шығарманың дыбыстық қана құрамасын береді. Нағыз дыбыстық құбылыс олардан алыс нүкте-нүктемен жатады. Себебі дыбыс құдіреті жай ғана бір-бірінен кейін келетін дыбыс қатарлары емес, ол алыс аралықтарындағы тартылу заңдылықтары, олардың бір-біріне жымдасуы ең басты тіршілік осында. Сонда ғана ол ноталар тіріледі. Осылайша оқушыда абсолюттік есте болуы міндетті емес деп тұжырымдаймыз.
Есту қабілетінің біз үшін тиімдісі - салыстырмалы есту. Салыстырмалы есту қабілеті бар адам - жоғарыда айтқан дыбыстың түрлерін, заңдылықтарын ажыратудың ең бір тиімді жолы. Салыстырмалы естумен теңдес, бірінші, екінші деп бөлуге болмайтын қабілет іштей есту. Бұл өте-мөте музыка маманына қажетті қасиет. Іштей естудіңмаңызды екі жағы:
1) есте музыкалық елестердің, бейнелердің сақталуы үшін музыканы дәл қабылдаудың мәні зор (ол жеке орындаушы ма, ансамбль ме бәрі бір). Ішкі есту қаншалықты болса, соншалықты музыкалық дыбыстың биіктік, бояулық, әуездік барлық бүге-шүгесі анық қабылданады:
2) орындаушының өз орындауын анық сезінуі. Бұл - нағыз дамылсыз, ыждағаттылық, тұрақтылықпен тәрбиелеуді керек ететін қасиет. Әр уақыт шәкірттерімізге өзіңді тыңдамайсың деп реніш білдіріп жатамыз - мұның себебі - 1-ші іштей сезінбеуден, екінші естімеуден, беталды ойсыз орындаудан;
3) үйретуші әр уақытта мына жерін былай орында, ал мына қағысты, дыбысты алу жолы осылай деп көрсетулерін, сөйлемді анық ойна, мына тұстан аяқта т.с.с. сияқты деген бұйрық райларды көбейткенше бірден өзін естуге, дыбыс тазалығын, мазмұнды бояуын, қағыстың ерекшеліктерін естуге баулыған дұрыс. Дәл анық қабылдау, елестетудің санадан тыс, еріксіз жұмысын үдетеді. Сондықтан әрбір музыкамен айналысқан адамға іштей сезіну, есту, құйма-құлақтық керек. Бұл қабілеттің де бес негізі бар:
- бір кезде естіген, бір орындаушының орындауындағы музыканы дәл еске түсіру, немесе есінде қалған бейнеден елес алу.
- өзінің соңғы ойнаған шығармаларын есіне түсіру. Бұл алға қарай жетілуге өзіндік сын, талдау болып есептелінеді.
- бұрын таныс емес шығарманың нота текстісін ойша оқудың негізінде дыбыстың болжамының қалыптасуы. Бұл өте күрдел, оңайлықпен келмейтін қабілет.
- дәл орындаушылық жүйенің қалыптасуы, шығарманың бір бөлігіне, буынына, композитор ойына шәкіртпен ұстаздың ойы қосылуы.
- орындау кезінде музыканың жандануы кейіптік нанымдылық, таңқалдыру. Бірақ та берілген шығарманы орындап жеткізу үшін тек қана есту, мінез қазбалығы аздық етеді. Өте жақсы естуді қамтамасыз ететін шеберлік жетістігі болу керек.
Сонымен қатар есту елесі өз қатарына шеберлік қажеттіліктерді шоғырландыруы керек. Ол пернелерді саусақпен басу реті, қимылдар, қағыстар, оң қолда қай саусақпен қағу, қозғалыста қолдың қай буыны басты маңызда болады, перне аралық қашықтықты мөлшерлеу, оған тірек нүктелері тағы сол сияқтылар. Есту елесінің мұндай таңқалдыратын құрамды жұмысын музыка мамандары ойлы, ұңғыт, сезімтал, тапқыр, қағілез, ақылды тағы басқа да қасиеттермен мөлшерлейді. Егер саусақтары есепсіз жүрсе, ол орындаушыда есту қабілеті, оған керекті құрамды бөліктер қалыптаспаған деген сөз.
Әнді айта алмаған абалаған, домбыраны тарта алмаған сабалаған деген халық сөзі осыдан қалған. Күй құдіреті Құрманғазының өзі де: Динаның сол қолын, менің оң қолымды бір адамға берсе деген түйінінде терең ғылым жатыр емес пе? Бүкіл әлемдік өнер тұлғалары Бетховенді тыңдасақ: Ақылда естуден сес болмаса, саусақ дәрменсіз, ал Гофман: Орындаушының саусақтары жайылып жүрсе, жетелеуге болмаса, еруге көнбесе ойдың піспегендігі, есту елесінен аулақ екендігін байқау қиын емес - деген екен. Орындау кезінде таңқалдыратын елес, қимылдар дыбыстармен шынында кіріге, тығыз бірлікте жүрсе - онда есту арқылы музыкалық орындаушылық мәселесінің шешілгендігі. Әрине, біздің бұл жинағанымызда айтпағымыз алғашқы кезеңдегі есту қабілетін тексеру, байқау, оны жетілдіру, жалпы жұмыс реті қақында болғандықтан тереңдеп бармай қысқаша жоғарыдағы есту қабілеттері жөнінде мәліметтермен тоқтауға тура келеді.
Есту қабілеті шамамен мына түрде тексеріледі:
- білетін әндерін айтқызу;
- қолда бар аспаппен әр түрлі деңгейдегі дыбыстарды анықтау;
- кейбіреулері аспап дауысын бірінші естігендіктен, ажырата алмай қалады. Үйреншікті дыбыс бояуымен байқау (Адам дауысы, аспап);
- көп дыбыстың санын анықтау естісе бәрін, естіп алмаса, мүмкіндігінше біреуін анықтау;
- дыбыстың жоғары-төмен қозғалысын анықтату;
- мақамдық бояуды анықтау (көңілді, көңілсіз);
- белгілі бір үзіндігінің, шығарманың орындалуын естуі тағы с.с;
- дыбыс күшілік бояуды естіп мөлшерлеуі.
Алғашқы кезеңдегі есту қабілетіне берілетін бағыт бұрау тазалығына құлақ үйрету және перне басылу тазалығын үйрету. Саусақтарды пернеге қай тұстан, қалай қойғанда таза дыбыс алынады.
Бұл мерзімде орындаушылық кезіндегі дыбысты есту табиғаты қақында айтуға ерте, ұстаз орындап бергеннің өзінде түсіне қоюы қиын, бейнелеп елестете алмайды, бірақ та дыбыстың бояуын, әуездік әрін есітуге үйрету басты шарт. Техникалық орындау кезінде де дыбыс бояуын есту әрқашан ұстаз назарынан тыс қалмағаны дұрыс. Әр уақыт қандай шығарма, қандай тапсырманы орындағанда да есту табиғаты осы баспалдақтан қалыптасады. Домбыра үйретуде есту қабілетін мынандай жағдайлар өсіретініне өмірде көз жеткізіп келеміз.
Құйма-құлақ. Дәстүрлі орындаушылардың оң жақ ми жартысы жақсы дамыған деп мамандар дәлелдеді. Олар тіпті көзбен көрген, көрмейақ естіген әуендерін, күйлерін домбыраға еркін сала береді. Себебі анасының құрсағынан жерге түскеннен сол ортада өсті, құндағынан сол әуезді құлағына сіңіріп өмір жылнамасын бар болмысымен сезді. Ал біздің жағдайымызда есту қабілеті әр түрлі әдістермен дамытылады:
- домбыраның әр буынында әндетіп айтқызу;
- домбыра үйренгеннен соң - дауысты үйренген әуенін пернеден іздеп тауып үйрену - есту қабілетін өсірудің бірден бір жолы;
- оқушы ойнай алмайтын кезде ұстаз өзі орындайды;
- бастапқыда бір дыбыстан, біртіндеп көбейтіле береді;
- бұл кезде оқушылардың басым көпшілігі орта буын, үлкен кіші саға (1 октава до нотасынан 2 до, ми) жақсы естиді де, төменгі регистрді қабылдай бермейді. Осы бағытта жұмысты жандандыру керек болады. Себебі домбыраның негізгі репертуары - күй. Оның көпшілігі бас буыннан басталады. Домбырашының құлақ құндылықтылығы осылай қалыптасады;
- төменгі және жоғарғы ішектегі әуендерді жекешелеп, бұл пернеаралық дыбыс даму байланысы жүйесіне үйрету;
- жай екпінде нотаны бірден оқытқызу. Перненің көтерілу, төмендеу қозғалысымен өрбиді;
- дәлме-дәл дыбыс бояулық әрекетті іске асыру;
- буынаралық, пернеаралық байланысты сезіну. Осы арқылы пернеден дыбысты, нақышты таба біледі, сонымен қатар тез жаттайды, батылдық та осыдан пайда болады;
- әрине буынды, аудармалы есту бойынша табу - мамандық оқушыларының есту қабілетен өсірудің бірден бір жолы;
Жоғарыда аталып өткен психология ғылымы әр салаға бөлінеді. Бізге керектісі жалпыға бірдей психологияны жете меңгерумен қатар, көркем өнер психологиясы. Қазіргі заман жағдайында дәстүрлі халық педагогикасын, психологиясын сақтай отырып, дамыған орта, қоғам қағидасымен оқып, тәлім берген дұрысырақ болады деп ойлаймыз. Солай болып та келе жатыр. Нота сауаты, тағы көптеген пәндерді оқып білім алсақ - ол заман ағымы, жан-жақты білім алу қажеттілігі, терең танымды ұлағатты ұстаз дайындау қарекеті екені анық. Сонымен музыкалық орындаушылық шеберліктің ең бір керекті қабілеті - музыкалық есту мен қозғалыс бөлек-бөлек дамытылмай, бірлікте болуы шарт. Есту әр уақыт алғы шепте болғаны дұрыс. Осыған мінез қызбалығын, шынайы табиғи өмірдегі тектілікпен қосқанда ғана шығармада керекті мақсатқа жетеміз.
Ырғақ. Ырғақтық сезімді айтпас бұрын, алдымен ырғақ жайлы толық түсініктеме жасаған жөн. Ырғақ термині өте жиі, әр салалы қолданылады. Мысалы: өлең жолының ырғағы, проза, қойылым, дем алу, адам организмінің ауысу, алмасу, ауытқу, жүрек соғуы, тіпті жыл мезгілдерінің ауысу ырғағы. Ырғақ деген түсінік көбінесе мерзім, уақыт ара қашықтығын көрсетеді, бірақ нақты жүйеленген түрде емес, астыртын, құбылмалы түсінік ретінде жиі қолданылады.
Ырғақ - деп заңды түрде уақытқа бөлінген тітіркену процесінің тіркесуінен және олардың бір-бірімен алмасып келуінің, яғни акцентпен белгілі бір уақытта болуын атайды, - деп Б.М. Теплов тұжырымдаған. Бұл құбылысты күнделікті байқап жүрміз. Алдыңызға келген оқушының ырғағын тексеруге берілген ырғақты алақанымен немесе қарындашпен столға соғып қайталап береді. Ал кейбір музыканттар музыканы естіген кезде басын изеп, кеудесімен теңселе, аяғын тарсылдатып ырғағын қайталап отырады. Оны өзі сезбей де қалады. Себебі адам денесінің бұлшық еттері музыка ырғағымен есту арқылы тітіркеніп қимылға келеді. Ырғақ табиғаты өте күрделі. Т.Л. Болтон - метроном арқылы оқушының 24 тактілі ырғақты естіп, табиғи түрде акцент қойып ырғақ жасағанын байқау арқылы: Әр адам акцентті өзінше қойып, көңіл күйіне байланысты ырғақ жасайды деп пайымдаған. Біздің даналарымыз кітапқа жазбаса да, ауызба-ауыз жеткен Дина шешейдің бір тұжырымын келтіре кетсек: Күй - көкірек танысы, адам көңілінің айнасы 2001 жылы Орал облысында фольклорлық іздестіру тобымен барғанымызда өз құлағымен естіген - Аманғали Оразқұлов ақсақал айтып берген еді.
Мұнан ырғақтың көңіл күйге байланыстылығы шығады. Көңілсіз, қайғылы күйші қанша шалтты күйді орындағанмен жүрегі ырғағымен үндеспегендіктен сол керекті, тыңдаушыға жетер әуез болмайды. Әр орындаған сайын күйдің өзгешеліктері құлаққа келетіні сондықтан болса керек. Күйшілер кейде ұнаған тұстарын бірнеше қайталап, естігендері екпінін де қуыңқырап жіберетін тұстарын естіп жүрміз. Өте тез орындағанда ырғақ біркелкілікке ұрынады.
Күйдің тынысы бұзылады. 1998 жылы мұрағаттардағы қордан компакт - диск құрастырылып, міндет маған жүктелген болатын. Халық күйі Ақсақ құланды тез орындалатын вариантын Қамбар Медетов жеткізгенін барша қазақ біледі (Аңызымен өзгеше түрін М. Өскенбаев әкелген). Қ. Медетов нәубет жылдарында ерте кетіп, бізге Р. Омаров пен Н. Тілендиев орындауларымен жетті және студенттерге осы нұсқасын алға тартамыз. Арамыздағы Қ. Ахмедияровтың орындауындағы нұсқа бір төбе - өз орындаушылық қырларымен ерекшеленеді. Абай атындағы опера және балет театрында кезекті концертте 80-жылдары Қ. Тасбергеновтың керемет бір орындағаны есімде қалды. Тапсырма бойынша Р. Омаровтың орындауында алуым керек еді. 37- әр түрлі жылдарда орындалған әр түрлі нұсқаларынан мамандар Н. Тілендиевтің 1978 жылғы үнтаспасын бірнеше маман өте жақсы бағалады. Күйдің ырғағы көз алдыңызға бүкіл тарихын қойып береді. Күй концерттен жазылған. Тыңдарманның қабылдауының әсері зор. Орындаушыны көңілін көтеріп тастаса керек, екпін тез болса да ырғақ өте дәл шыққан. Күй көңілдің тынысы деген осы болса керек.
Ырғақты сезіну жас шамасына, шығарма екпініне де байланысты болатынын тәжірибеден көріп жүрміз. Емтиханда міндетті түрде техникалық, жай және шертпе күйлер берілгенмен қай сахнада болса да, тез екпінді күйлер орындауға асық тұрады. Осы орайда Стенсон жай екпіндегі шығарманы орындау қиындығын, тез екпіндісін орындау оңай екенін алға тартқан. Себебі жай шығармада минутына 100-ге жетпейтін тықыл (акцент), тез шығармада 200-ге тарта тақыл болатындығында дейді. Алғашқы әзірде алып-ұшып тұратындығы да осыдан болса керек, ырғақ қалыптасу үшін санамалы жүйе тиімдірек екенін тәжірибеден көріп келеміз. Жалпы ырғақ түрлерін салыстырғанда - негізі бір қалыпсыз ырғақ - күйлерде жиі кезеседі. Бұл күй өлшем бірлігінің өн бойына өзгермелі болуынан туындайды. Өзгермелі өлшем ауытқу түгел дерлік күйлерде бар десек қателеспейміз. Бұл - күйдің табиғи құрылымдық қасиеті. Сондықтан да, күйлеріміздің тақырыбында теңдік өлшем өзгермеген жағдайда да сөйлемдер тең еместігін көру қиын емес. Теңсіздік күйлер ырғағының негізі және табиғаты болып табылады. Осыдан бір қалыпсыз акценттік шығады. Бір қалыпсыздықта болады - суырып салмалықтан туындайды.
Ырғақ - есту қабілетімен қатар қойылатын музыкалық қасиеттердің бірі. Ырғақ өлшеммен тығыз бірлікте. Күй өлшемдері ырғағы өзіндік ерекшеліктерімен әлі зерттеліп келе жатқан құбылыс. Күй ырғағы табиғаты күрделі, оны түсіну, түйсікте, бесіктен даритын, берілетін қасиет. Күйші атағын алатындар да осы күй тынысын ұққандар. Батыс классикасы, кәсіби білім алғандар ырғағы өте дәл болады, ал нота сауаты жоқ халық орындаушылары еркін ырғақпен ойнайды деген пікірлер жиі айтылады. Еркіндік батыс, шетел музыкасында да бар. Мысалы: а) романтизм ағымына тән десек, біздің күйлеріміз романтикалық нағыз дәлелі. Шығарма мазмұнына байланысты ырғақтың ауытқушылық бір буын, сөйлем емес, бір ұяның ішінде де келеді.
Музыка әлемінен енді-енді бастау алғалы тұрған балдырған ырғақ ұғымының мән-мәнісін түсіне бермейді. Қарандашпен белгілі бір ырғақтың бөлікті беру арқылы оқушы қабілеті ашылмай қалып жатады. Ырғақты тәрбиелеу өте қиынға соғады деген пікірді ұстаздардың басым бөлігі алдыға қояды. Тәрбиелеуге көнбейтін қасиет жоқ. Ырғақ дүниесі шәкіртке қарапайым жүйемен басталып берілетін қасиет. Алғашқы сабақтарда жай екпінде, қарапайым өлшемдерді санатқызып үйрету арқылы қалыптасады. Осы алғашқы кезеңде дәл ырғаққа үйрету басты қажеттілік.
Жекелеген әуендерді орындап, оның ырғағын қайталатқызып, дауысын келтіру, қол қимылымен, болмаса әуенге билеткізіп көрсету жолдары, жылдам, орта, жай екпінді күйлер, әуендерді орындап, қандай ырғақтық әсер алғанын байқауда ырғақ қалыптасуына жол ашады. Алғашқы сабақ, бастапқы домбыраға үйрету мерзімінде ырғақты дәл ұстауға үйреткен жөн. Шығарма мазмұнына байланысты іске асатан ырғақтық өзгерулерге шәкірт бірте-бірте жетеді. Ырғақ қақында жазылған көп еңбектерге шолу жасасақ: Танымал музыка мамандарының ұзақ та ізденісті тәжірибелерінен, зерттеулерінен тұжырымдалған түйіндері бізге үлкен көмекші құрал. Мысалы: Н. К. Тифтикиди Қазақ халқының домбыра музыкасы ырғағының заңдылықтары, Б.М. Теплов Музыкалық қабілеттер психологиясы, С. Өтеғалиева Особенности слуха исполнителей устной традиции т.б. С. Өтеғалиева - бұл мақаласында кәсіби домбыра өнері және дәстүрлік сақталуы, күйлердің хатталуы, проблемаларын мұнан бірнеше жыл бұрын дұрыс көтерген. Қазір ол бағыттан толық дәстүрге қайта бет бұрдық деуге болады. Оған куә қазір енгізілген Жеке күйші, Суырып салма, Күй хаттау мамандықтары. Бұрын жылына 10-12 күй ойнаса, қазір жылына 40-тарта күй үйренеді. Дәстүр арқылы кеңістікке бет алу басым.
Музыкалық қабілеттер жалпыға бірдей қасиет, оның әр халықта әр қалай болуы тұрмыс-салтына, жас күнінен естіген музыкасына, оның ырғағына байланысты. Сыған мен қазақты, болмаса грузин мен полякты тіпті де салыстыруға болмайды. Тікелей ырғақ қасиетіне, табиғаты жөнінде А. Жұбанов, Х. Тастанов, Қ. Мұхитов, М. Әубәкіров, Қ. Ахмедиаров, А. Жайымов еңбектеріне көз жүгіртсек: А. Жұбанов: Әр орындаушы өз мінезін орындайды дейді, яғни шығарма мазмұнына жақындата тұрса да, ырғаққа т.б. қасиетке орындаушы жаратылысының қатты әсері бар. Бұл домбырашылар түгел дерлік дирижерлар болғандықтан болар, орнықты, шегедей ырғақтың тәрбиеленуін алға тартады. Бірақ ырғақтың мазмұнға байланысты құбылуын жоққа шығармайды. Х. Тастанов 1-дәл, ауытқымайтын ырғақ қалыптастыруды қолдайды. Шығарма мазмұнына байланысты ырғақ табиғатына жіті тәрбиелеген шәкіртті өз-өзінен қиындықсыз келетінін түсіндіреді. Ал Ырғақ қақында Алексеев, Нейгауз, Цыпин т.б. атақты шетел ұстаз орындаушыларына сөз берсек:
1) А.Д. Алексеев - Бастауыш кластарда берілетін шығармалардың өзін дәл метрономдық ырғақпен орындауға болмайды, ол шығарманың өміршеңдігінен айырады десе;
2) Иосиф Левин - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz