ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Жер кадастры дегеніміз не?»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2017ж.


Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3

1. Жер кадастры дамуының теориялық және әдіснамалық негіздері

1. 1. Жер кадастрының теориялық негіздері . . . 5

1. 2. Жер кадастрының даму аспектілері . . . 7

1. 3 Жер кадастрының міндеттері және сипаттамасы . . . 10

2. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

2. 1 Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері . . . 13

2. 2 Жер учаскелерін мемлекеттік тіркеудің мақсаттары мен әдістері . . . 19

Қорытынды . . . 22

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 24


КІРІСПЕ

Жер телімдерінің орналасқан жері, нысаны, пайдаланылуы, ауданы мен шекарасы, сапалық сипаттамасы, жер пайдалану есебі мен жер телімдерін бағалау жер учаскесінің кадастрлық дерегін береді, яғни мемлекет аумағындағы жер ресурстарының табиғи және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтер жүйесін - жер кадастры деп атаймыз.

Зерттеу өзектілігі . Тәуелсіз Қазақстан өзінің жаңа даму тарихында азық- түлік және энергетика бойынша әлемдік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін алдыңғы қатардағы елдердің санатына қосылып отыр. Соның нәтижесінде елімізді ерен еңбектерге, толағай табыстарға бағыттайтын «Қазақстан - 2050» жаңа саяси стратегиясы туындады.

Елбасы осы маңызды жолдауда ауыл шаруашылығы кешенін жаңғырту саясаты шешуші рөлге ие болады деп атап көрсетті. Ол үшін ауыл шаруашылығында ауқымды жаңғырту қажет екені айтылып, 2050 жылға дейін елімізде ішкі жалпы өнімдегі ауылшаруашылық өнімінің үлесін 5 есе арттыру межесі белгіленді. Сол себепті еліміздің ауыл шаруашылығы саласы білімі мен ғылымын жоғары деңгейге дамытуға арналған технологияларды, Қазақстандағы реформалар нәтижесінде жер қатынастарында айтарлықтай өзгерістер және жаңа инновациялық технологияларды енгізу басты бағыт болып саналады.

Жер реформасының негізгі түпкі мақсаты - жерді барынша тиімді пайдалану, яғни ауылшаруашылық мақсатындағы жерде еңбек етіп жүргендердің мейлінше мол, жоғары саналы ауылшаруашылық өнімін өндіру. Соның нәтижесінде аса маңызды заманауи мәселелердің бірі - елдің азық-түліктік тәуелсіздігін шешу. Ол үшін қазіргі нарықтық жағдайда, жер мүлтіксіз сапалық және сандық жағынан есепке алынып, бағаланатын және реттелетін өндірістің жалпы құралы және жылжымайтын мүлік ретінде танылуы тиіс. Сол кезде аграрлық секторда маңызды міндеттердің шешімі табылып, жер үлесінің меншік иелері иелену құқығын толық жүзеге асырып, жер тиімді шаруа субъектілеріне өтетін болады.

Материалдық игілік қайнар көзі және салық салу объектісі ретінде жер туралы мағлұматтарды объективті түі алу қажеттілігінен тарихи жер кадастрі туындады. Мемлекеттің пайда болуымен бірге жер мемлекеттік кіріс және арнайы салық объектісіне айналды. Сондықтан қоғамның бір белгілі даму сатысында алдымен жерді есепке алу, содан кейін оны бағалау керектігі пайда болады, яғни жер кадастрін жүргізу қажеттілігі туындайды.

Курстық жұмыстың мақсаты : Жер кадастры туралы мағлұмат алу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • жер кадастрының әлемдік дамуының теориялық және методологиялық негіздері туралы түсінік беру;
  • кадастрлық аумақтарға бөлу, есепке алу, пайдалану, жерге орналастыру мен қорғау және мониторинг, жерді бағалаумен реттеудің экономикалық механизмдері қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы : кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Жер кадастры дамуының теориялық және әдіснамалық негіздері

1. 1. Жер кадастрының теориялық негіздері

«Кадастр» сөзі латынның «саріtastrum» деген сөзінен шыққан. Бұл сөз «салық салынатын заттардың тізімі» деген ұғым береді. Осыған байланысты әуелі кадастр деп салықтанатын заттардың тізімі тіркелген кітапты (реестр) айтатын. Есепке, бағалауға алынған объектіге байланысты жер, су, орман және т. б. кадастрлері деп бөлінді. Сонымен жақты түсінікте жер кадастрі - жер салығы салынатын заттар туралы кітап, ал кең түсінікте - жерге салық салу үшін туралы мәліметтерді алу мақсатымен жерді есепке алу, жазу және бағалау бойынша мемлекеттің жүргізетін әректтер жүйесі. Кадастрлердің басқа түрлерінен жер кадастрі өзінің объектісімен (жер - өндіріс құралы және материалдық игіліктердің қайнар көзі) ерекшелінеді.

Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады. Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғау барысын мемлекеттік бақылау мақсатымен республикамызда жер қорларын басқару жөніндегі Агенттік қүрамында Мемлекеттік жер инспекциясы құрылды.

Жер адамзат үшін тіршіліктің басты көзі, қоршаған орта, барлық өндіріс түрлерін, іс-әрекеттерін жүргізетін, қоректік қажеттіліктерін табатын, үй-жай, қызмет орындарын орналастыратын жалпыға бірдей базис болып табылады. Жер адамзаттың тіршілік үшін әрекеттерінің кеңістік орны ретінде және өзінің табиғи жаратылысының әмбебаптығынан жерді меншіктеу мәселесі өте күрделі және көпжақты.

Табиғи игіліктерді игеру үшін адамдар бір-бірімен өзара қоғамдық қатынастарға түседі. Бұл қатынастардың негізгі мәні материалдық игіліктерді меншіктеп алуда. Сондықтан түрлі елде жер қатынастарының дамуы әртүрлі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жерге орналастыру, жер кадастры және жер ресурстарын пайдалану қатынастарында мемлекеттік және жекеменшіктік иелік қатар дамуда. Меншіктің барлық түрлеріне бірдей құқық құзіреті тән, бірақ мазмұндары мен аумақтары әр түрлі. Жерді пайдаланудың мақсаттарына сәйкес оның негізгі міндеттері туындайды. Олар жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптерін көрсетеді.

- Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттеу;

- Жерде шаруашылық жүргізудің барлық түрлеріне бірдей даму жағдайларын туғызу;

- Жердің тиімді пайдалануын және қорғалуын ұйымдастыру;

- Табиғи ортаны сақтау және тұрақты жақсарту;

- Нарықтық қатынас уақытында жерді жылжымайтын мүлік ретінде қалыптастыру және дамыту.

Жерді пайдаланудың мақсат-міндеттеріне қарай әрбір кезеңде оның өзіндік мазмұны қалыптасады.

1. 2. Жер кадастрының даму аспектілері

Басқа елдердегідей, Қазақстанда жер қатынастары қоғам өмірінде жердің ерекше рөлімен негізделген қоғамдық және экономикалық қатынастардың негізі болып табылады. Өндірістің, қарым-қатынастың, халық тұратын жерлердің барлық түрлерін орналастыру үшін жалпыға тән жер базисі бүкіл қоршаған ортаның басты компоненті болып табылады. Сондай-ақ, әр елде жер қатынастарын дамыту әр түрлі болады, мәселен, отырықшылыққа ерте көшіп, көбінесе егіншілікпен шұғылданатын халықтарда жер қатынастарының нарықтық формасы мен меншігінің жеке формасын қалыптастыру қоғам мен мемлекеттің ерте дамуының басымдылығын танытты.

Көшпелі халықтарда олар көбінесе мал шаруашылығымен айналысқандықтан, жер қатынастарының дамуында үлкен айырмашылықтар болды, отырықшылық өмірдегі жекелеген алқаптардағы халықтың шағын бөлігі ғана егіншілікпен шұғылданды. Қазіргі Қазақстан аумағында тұратын халықтардың жер қатынастарының даму тарихын, біздің көзқарасымызша шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезеңге ерте кезден Ресейге қосылғанға дейінгі жер қатынастарының тарихи дамуын жатқызуға болады.

Екінші кезең - Қазақстанның Ресей құрамында 1917 жылға дейін отарлық шегінде болу кезеңі. Үшінші кезең - бұл Кеңес кезіндегі жер қатынатарының дамуы мен қалыптасуы, яғни 1917 жылдан 1990 жылға дейін уақытты қамтиды. Соңғы төртінші кезең Қазақстанда жер реформасының басталуынан қазіргі кезге дейінгі кезең. Көбінесе ауыл шарушылығымен шұғылданатын халықтар үшін жер әрқашан маңызды мәнге ие болады. Ол ауыл шаруашылығында кеңестік базис қана емес, өндірістің басты жағдайы, еңбек және өндіріс құралы болып табылады.

Көшпелі мал шаруашылығы үшін жер қажетті азықтық алқаптарға орын бере отырып, мал өсірудің басты шарты болып табылады. Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы табиғи-климаттық жағдай жер ресурстарын пайдалануға ерекше жағдай қалыптастырды, яғни түрлі маусымда жайылымды пайдаланатын көшпелі мал шаруашылығын дамыту арқылы кең-байтақ жайылым жерлерді пайдаланды. Осыған байланысты қазақтар жайылымды жылдың әр түрлі кезеңінде пайдаланды да, оны әр түрлі атады (жайлау, қыстау, көктеу, күзеу) . Жер алқаптарының, жайылымдардың негізгі түрлерін бұлай бөлуді есепке ала отырып, Қазақстан аумағын ежелден мекендеген көшпенді халықтарда өздеріне тән жер қатынастары болғанын пайымдауға болады. Барлық мемлекеттің кез келген тарихи кезеңдеріндегі жер қатыныстарының негізінде меншік қатынастарының қалай реттелетіні, жер меншігінің формалары туралы мәселелер тұрады.

Республикада тарихи және құқықтық аспектілерде жер қатынастарын дамыту мәселелерін әр кезеңде көптеген, ғалымдар зерттейді. Мұнда олар түрлі тарихи кезеңдердегі жер қатынастарының ерекшеліктері мен жер меншігінің қатынастарының ерекшеліктері мен меншігінің формаларына әр түрлі пікірлер мен көзқарастар танытады. Пікірлерді бөлу негізінде феодалдық жер меншігінің болуы мен формасы және ерте кезден бері патриархалдық-феодалдық жер қатынастарының сипаты туралы сауалдар туады. Пікірлердің үлкен айырмашылықтарына қарамастан, зерттеушілердің көзқарастарын топтастыруға болады.

Оңтүстік Қазақстанда кеңінен таралған кең-байтақ егін шаруашылығына келсек, көптеген зерттеушілер мұнда ерте кезден-ақ түрлі формадағы жекеменшіктің болғанын құптайды. Алайда зерттеушілер пікіріндегі басты мәселе - қазақтың ұшы-қиырсыз даласындағы көшпелі халықта феодалдық жер меншігінің болуы. Бұл мәселені зерделей келе, ғалымдардың бір тобы көшпенді қоғам меншік пен жер қатынастарын құқықтық реттеу формаларының болу мүмкіндігін жоққа шығаратындықтан, көшпелі халықтарда, соның ішінде қазақтарда феодалдық жер меншігінің болғанын көрсетеді. Алайда екінші топтағы ғалымдардың көпшілігі көшпенділерде феодалдық жер меншігінің болғанын құптаумен ғана шектеледі.

XVIII-XIX ғасырдың бірінші жартысымен шектеле отырып, бұл жер қатынастарының классикалық феодализм елдеріндегі жер қатынастарынан айырмашылығын, өзіндік ерекшеліктерін ашпай, Қазақстандағы феодалдық жер меншігінің пайда болуын қай кезеңге жатқызу керектігі, олардың даму сатылары қандай екені туралы мәселені қалыс қалдырды. А. Е. Ереновтың пікірінше, бірінші пікірді жақтаушылар феодализмнің болуы ең алдымен феодалдық жер меншігінің бекітілуімен байланысты және оны экономикалық іске асыру жер рентасын беру болып табылатынын түбегейлі дәлелдей алмады. Олар ұсынған феодализмнің басқа экономикалық негізі - малды жекеменшіктеу, А. Е. Ереновтың пікірінше, қолайлы емес. В. Ф. Шахматов, негізінен көшпенді мал шаруашылығымен шұғылданған Қазақстанда феодалдық қатынастар жер «ешкімдікі» болмай тұрғанда өндірістің негізгі құралы болған мал меншігі негізінде пайда болып, дамыды деп санайды. Осыдан ол Оңтүстік Қазақстанда монғол басқыншылығына дейін ірі феодалдық жер меншігі болды, қалған аудандарда ХІХ ғасырдың екінші жартысында капиталистік қатынастар негізінде ғана пайда болды деген ой айтады.

1. 3 Жер кадастрының міндеттері және сипаттамасы

Жерді есепке алу қажеттілігі оны адам тамақтану үшін пайдалана бастағаннан /егіншілік пайда болғанда/ туындады. Егіншіліктің және мал шаруашылықтың дамуы бірінші кезекте оларды пайдалану сипаты /жыртылатын жер, жайылым/, яғни алқаптардың түрлері бойынша, есепке алуды талап етті.

Өндіріс құралдарының және өмірлік құралдарды табу тәсілдерінің әрі қарай жетілуі, егіншіліктің, мал шаруашылығының дамуы еңбектің, айырбастың қоғамдық бөлінуінің жеке меншіктің, мүлікті теңсіздіктің пайда болуы және қоғамның топтарға бөлінуіне, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдық құрылысына көшуіне әкеліп тіреді.

Жер кадастрі салық салудың ең бір маңызды құралы болған. Оның мәліметтері жер иеленушілерге салық мөлшерін белгілеуде негіз болған. Уақыт өте кадастрдің құқық жағының маңызы күшейе түскен. Ол жерді меншіктеу құқығын рәсімдеумен байланысты болды және сол аркылы пайдаланатын жерлердің шекаралары туралы азаматтық істер шешіле бастады.

Мысалы, жерлердің кейбір санаттарына жеке меншік құқықтарын енгізу; жеке меншіктердегі жерлерді нарық айналымына қосу; азаматтарға және занды мемлекеттік емес тұлғаларға тұрақты пайдалану құқығында берілген жер учаскелерін нарықтық айналым қосуға мүмкіндік беру. Сөйтіп жер нарығының қалыптасуына қүқықтық негіз салынып, жылжымайтын мүлік статусы берілді. Бұл заң қабылданған соң жерлермен келесі әрекеттер жүргізу мүмкін болды: сату; сатып алу; айырбастау; сыйлау; жер учаскелерін кепілдікке беру; ипотекалық операциялар және т. б.

Жерді үйлестіру келесі жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді:

- жерді үйлестірудің республикалық, облыстық схемалары және жер ресурстарын пайдаланудың, жақсарту, қорғаудың бағдарламаларын әзірлеу;

- жер пайдаланудың және жер иеленудің жаңа құрылымдарын құру мен қәзіргі қолданыстағысын ретке келтіру жобаларын жасау, жер учаскелерін орналасқан жерінде /карталарда/ бөлу мен шекараларын белгілеуді, жер пайдалануға, иеленуге қүқық беретін құжаттар жасау;

- елді мекендердің жер-шаруашылық құрылысының, жер пайдаланушылардың, бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерлер игеру жобаларын, сондай-ақ, жер пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеу;

- жерлерді есепке алу, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау, топографиялық-геодезиялық, карторгафиялық топырақтық, геоботаникалық және басқа зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізу;

- кадастрлік және жер қорларын пайдалану, олардың жағдайлары жөніндегі басқа да карталарды әзірлеу;

- жер бағалау жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, жерді үйлестіру жерлерді пайдалану мен қорғауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын бақылауды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету мақсатымен жердің жай-күйін жүйелі қадағалап отыруға, ондағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мен оларды бағалау жер мониторингінің мазмұнын құрады.

Мемлекеттің даму жоспарларын, бағдарламаларын, болжамдарын ғылыми негіздеп құру үшін оның материалдық мүмкіндіктерін білу керек. Осы жағдай адам, материалдық, табиғилық қорларын/соның ішінде әсіресе, жердің маңызы зор/ есепке алу қажеттілігін есептейді. Сол шаралардың ішінде ең маңыздылары болып топырақтардың құнарлығын арттыру, су және жел эрозиясынан, қайта тұзданудан, құрғаудан, өнеркәсіп тастандыларымен ластанудан сақтау және жерлерді бастапқы қалпына келтіру шаралары болып табылады. Бұл мәселелерді шешу үшін еліміздің жер қорларының сапалық жай-күйі туралы толық, сенімді ақпарат жинақталуы және болуы керек. Мемлекет жер пайдаланушыларды топырақтардың құнарлығын арттыру бойынша нәтижелі шараларды жүргізуге, олардың жел және су эрозияларына қарсы жүргізілген, ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, гидротехникалық шараларды жүзеге асыруға, сондай-ақ тұзданудың, ластаудың, батпақтанудың және басқа да жерлердің жай-күйін төмендететін процестердің алдын алу кешенін жүзеге асыруды талап етеді. Бұл шаралар жүзеге асыру жер алқаптарының сапалық жай-күйін жан-жақты зерттеу және есепке алуға негізделеді.

Қазақстан Республикасы үкіметі белгілеген қаулысы; /06. 06. 1996 ж. №710/ бойынша мемлекеттік жер кадастры Қазақстан республикасының табиғи, шаруашылық, құқықтық жағдайы туралы, жер учаскелерінің орналасқан жері, көлем мен шекарасы, олардың сапалық сипаты, жер учаскелерінің есепке алынуы мен бағалануы туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.

Жер кадастрын жүргізудің ең маңызды шарты координаттардың, биіктіктердің, картографиялық проекциялардың, классификатор, код, кіру және шығу форматтарының бірыңғай мемлекеттік жүйесін қолдану жолымен ақпаратты өзара сәйкестендіру принципін қамтамасыз ету болып табылады.

Кадастр мәліметтер топографиялық-геодезиялық, аэро-ғарыштық, картографиялық, жерді үйлестру, инвентаризациялық, топырақтық, геоботаникалық, бағалаулық және басқа зерттеу мен іздестіру жүмыстарын жүргізу арқылы қалыптасады. Кадастрде әр жер учаскесі үшін физикалық сипаттамалары келтіріледі. Олар учаскені кеңістікте бөліп көрсетеді, оның орнын, мөлшерін анықтауға, сондай-ақ жерді құндық бағалауға мүмкіндік береді. Жер учаскелері туралы мәліметтер жер кадастрлік карталарда да келтіріледі, оның кадастрлік нөмірі, орны, шекарасы, жазулары айқындалады. Мәліметтер тиісті әкімшілік аудан деңгейінде жинақталады. Онда учаскенің кадастрлік нөмірі, жеке немесе заңды тұлға /жер учаскенің құқықтық субъектісі/ аты, атқарушы органдардың хаттамалары, орны, мөлшері, бағалық құны, нысаналы арналуы, бөліну, бөлінбеуі, сервитут, пайдалану жөнінде шектеу туралы мәліметтер көрсетіліп, сақталынады. Бұл мәліметтер меншіктеу түрлері, жер санаттары аудандар, облыстар, қалалар, республика бойынша жүйелендіріледі.

2. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ

2. 1 Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері

Жер учаскесінің жерін пайдалануға және (немесе) меншік құқығын алуға мүдделі физикалық және заңды тұлғалары Шымкент қаласы жер қатынастары бөліміне, жекелеген жағдайда жер учаскесі орналастырылған орны бойынша жергілікті атқару органына өтініш береді.

Өтініште көрсетілуі тиіс: жер учаскесін пайдалану мақсаты, оның нақты көлемі, орналасқан орны, сұралынатын қолдану құқығы .

Өтінішке қоса тіркеледі:

- жеке басты куәландыратын куәлік;

- салықшының тіркеу нөмірі (СТН) ;

- инвентарлық іс;

- жер учаскесін бекіту негізі.

Жер учаскелері меншіктер иелері атынан және жер қолданушылар атанынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер -кадастрлық жұмысты орындаушы - тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер қолданушылар атынан жер ресурстарын басқару бойынша аумақтық органға осы сияқты өтінішпен тікелей жер - кадастрлық жұмысты орындаушы - тұлға, жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушының рәсімделген сенімхаты бар болса өтініш жасай алады.

Жер қатынастары бөлімі жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе жер - кадастр жұмыстары іске асырушы олардың өкілетті тұлғасына бекітілген тәртіпте қажетті мәліметтер (геодезиялық тірек желісінің қосынының координат каталогы, жер-кадастрлық істерінің көшірмесі және басқа да) кімге жұмыс жасалады. Жер учаскесіне қатысты, сонымен бірге көршілес жер учаскесінің қажеттілігі бойынша мәліметтер ұсынылады.

Жұмыс сапасы үшін және мәліметтің растылығына жер-кадастрлық жұмыстарын орындаушы тұлға жауап береді.

Жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық комитет көлем және мақсатты нысанды анықтау үшін тұрғылықты орны бойынша жер учаскесін зерттеумен ұсынылған құжатты тексеруді іске асырады. Айтылған өзгерістер болғанда, олар бекітілген тәртіпте атқару органында қайта бекітілуге жатады.

Жер учаскесінің шекарасын белгілеу (қайта белгілеу) табиғи шартқа, геодезиялық қамтамасыз ету, жоспарлы-картографиялық материалдардың барлығына, геодезиялық құралдармен жабдықталу деңгейінің мүмкіндігі кезекті тәсілдермен орындалады:

- геодезиялық;

- аэрофотогеодезиялық.

Тәртіп бойынша жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстарды іске асыруда геодезиялық (теодолиттық жолдар, қиылыстырулар, полярлық әдістер және перпендикулярлық әдістер) . Жер учаскесінің бұрылыс нүктелерінің координатымен анықталады.

Жер учаскесіне пайдаланушылар немесе меншік иесі тілек бойынша нақты координатсыз шекара (қайта белгілеуге) белгілеуге жіберіледі немесе (координатты анықтаудың графикалық тәсілі) берілген аумақ түрі үшін масштаб талаптарына және сапасы бойынша жауап беретін аэрофото жоспарлар және қазіргі карта негізінде графикалық координатын анықтаумен белгіленеді. Жер учаскесі жоспарында бұрылыс нүктесі координаты жоқ болғаны туралы тиісті жазба жасалады, немесе қор масштабының көрсетілуімен графикасы мен координаты анықталады.

Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) жер учаскесінің меншік иесі және жер пайдаланушылар, немесе олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен белгіленеді. Жер учаскесінің шекаралары елді мекенде белгіленген үлгідегі межелік белгілермен бекітіледі.

Жер учаскесінің шекарасын (қайта белгілеу) белгілеу бойынша жұмыстар нақты жүйемен орындалады:

- Дайындық (кіріс материалдарын жинау, геодеректердің үзіндісін алу, жұмыс сызбасын дайындау және т. б. ) ;

- Далалық (бұрыштарды геодезиялық өлшеу және желі шаралары, шекараларды тану, межелік белгілерді қою, шекаралардың желісін айдау т. б. с. ) .

- камеральды (далалық өлшем материалдарын өңдеу, көлемін есептеу, соңғы құжаттарды рәсімдеу) ;

Жер учаскесінің шекарасын белгілеу бойынша жұмысты аяқтағаннан кейін жер - кадастрлық картасына координаттары бойынша учаскенің шекарасы енгізіледі, егер координаттар анықтамаса, онда учаске шекарасы сипаттау бойынша байланыстыра картаға, топографикалық карта және жоспарға, фотокартаға, фотожоспарға (фото сызба) жасанды түрде енгізіледі. Жер учаскесінің контурында шекарасының координаты анықталғаны қисық сызықпен штрихтеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің ашықтығыы
Жерді бонитеттеу және оны бағалау
Мемлекеттік жер кадастры міндеттері мен сипаттамасы және оны жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының құқықтық мәселелері
Жер кадастрының құрамдық бөліктері
Қазақстан Республикасындағы жер кадастрыны жайлы
Жерлерді кадастрлық бағалау
Жер телімінің кадастрлық құнын мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына енгізу
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz