Өлшеу қондырғысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі

ЕСЕП

Тақырыбы:

«Электронды аспаптардың түрлері»

Орындаған: Жолдасбай Әліби

Тексерген:

Орал, 2016

Жоспары

Кіріспе

1. Өлшеу аспаптары мен қондырғылары

2. Электронды вольтметрлер

3. Тұрқты токтың электронды вольтметрлері.

4. Айнымалы токтың электронды вольтметрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе

Өлшеу - адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі болып табылады. Ол ғылыми бөлімдердің бірі болып саналады, материалдық рессурстарды санау, өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету, технологияны толығымен жетілдіру, өнімді автоматтандыру үшін және адам қызметінің көптеген басқа салалары үшін қызмет етеді. Өлшеу мен өлшеу техникасының теориялық негізі болып жалпы метрология жатады, ол объектінің қасиеттері мен берілген дәлділігі мен сенімділігі жөніндегі мөлшерлі ақпараттары алу үшін арналған пән болып табылады.

Өлшеу техникасының негізгі бір бөлігі электрлік өлшеу техникасы болып табылады. Электрлік өлшеу техникасы - электрлік өлшеу жабдықтарын (өлшеу ақпараты негізінен алғанда электр сигналдарының көмегімен тасымалданаты аспаптар) жасау, пайдалану және оларды ғылыми зерттеу мен байланысты адамдардың ғылыми - өндірістік қызметінің бір саласы.

Физикалық шамаларды электрлік өлшеу аспаптарының көмегімен өлшеу - электрлік өлшеу деп аталады.

Өлшеу нәтижесі - өлшеу жабдығы көмегімен эксперимент арқылы алынған физикалық шаманың өлшем бірлігі бар сан мәні.

Өлшеу жабдықтары мен оның түрлері барған сайын көбейе түсуде және олардың сандық немесе сапалық дамуы өлшеудің біртектілігін қамтамасыз ету аясында болуы керек, яғни өлшеу нәтижесі заңдастырылған өлшем бірліктері мен сипатталуы тиіс.

Электрлік құбылыстарды алғашқы зерттеуге деген ұмтылыстар осы мақсатта пайдалануға қажетті аспаптарға деген сұраныстар туғызды. 1744 жылы М. И. Ломоносов «электричество взвешено, быть может» деген ой айтты және кейіннен Г. В. Рихманмен бірігіп көрсеткіші және шкаласы бар электрөлшегіш аспап ойлап тапты.

Электр теориясының дамуына байланысты жаңа заңдар ашылды және осы заңдар негізінде өлшеудің жаңа әдістері ойлап табылды және өлшеу практикасы жетіле түсті.

Өлшеу аспаптарының алуан түрлілігі мен өлшеу әдістерінің дамуы негізінде ғылымның жаңа саласы - метрология - нақты өлшеулер туралы ғылымы пайда болды.

1. Өлшеу аспаптары мен қондырғылары

Кешенді өлшеу құралдары барлық өлшеу процедураларын тарату үшін арналған. Өлшеу процесіндегі ролі мен орындайтын функциялары бойынша жіктелуіне сәйкес, оларға өлшеу аспаптары мен қондырғылары, өлшеу жүйелері мен өлшеп-есептеу кешендері жатады.

Бұл дәрісте өлшеу аспаптары мен қондырғыларын қарастырамыз.

Өлшеу аспаптары - өлшенетін физикалық шаманың мәнін оның өзгеру аралығы мен бақылаушыға тікелей қабылданатын өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу кезінде алу үшін арналған өлшеу құралы.

Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы . Өлшеу құралының берілген тобы көптеген аспаптардан тұрады, олар өлшенетін шамаларымен, пайдалану аймақтарымен, техникалық сипаттамаларымен, әрекет принциптерімен, қолданылатын элементі негізімен және басқа ерекшеліктерімен ажыратылады. Сонда да бұл аспаптардың кейбір ортақ қасиеттері бар. Өлшеу аспаптарының жалпы құрылымдық схемасы 1. 6. 1-суретте көрсетілген.

Өлшенетін ФШ алғашқы өлшеу түрлендіргіші мен қарапайым өлшеу құралдарының жиынтығынан тұратын түрлендіру құрылғысына әсер етеді. Алғашқы түрлендіргіш өлшенетін ФШ-ны өзіне біртекті немесе біртекті емес басқа шамаға түрлендіреді. Сигнал түрлендіргіштің шығысынан қарапайым ӨЖ жиынтығы арқылы өтеді. Қарапайым өлшеу аспаптарында мұндай жиынтық болмауы да мүмкін. Мысалы, аналогты вольтметрлерде өлшенетін кернеу алғашқы электроме-ханикалық ӨТ көмегімен тілшенің бұрылу бұрышына өзгереді.

1 сурет. Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы

Түрлендіру құрылғысының шығысында параметрлері санағыш құрылғысының кіріс сипаттамаларына сәйкес келетін сигнал пайда болады.

Өлшеу аспаптарының жіктелуі. Әр түрлі өлшеу аспаптарының ерекшеліктерін есептеу үшін оларды әртүрлі белгілері бойынша жіктейді. Индикациялау түріне байланысты өлшеу аспаптарын мына түрлерге бөледі:

көрсетуші , өлшенетін шаманың көрсеткішін ғана санайды, мысалы тілшелі немесе сандық вольтметр;

тіркеуші , көрсеткіштердің осы немесе басқа ақпараттарды сақтаушыда тіркелуін алдын ала қарастырады, мысалы қағаз лентасында. Тіркеме аналогты немесе санды түрде болуы мүмкін. Оларды өзінше жазатын және жазып шығарушы деп ажыратады.

Өлшенетін шаманы түрлендіру әдістеріне байланысты аспаптарды тура, компенсациялы (теңестірілген) және аралас түрлендіргіштер деп бөледі.

Тағайындалуына байланысты өлшеу аспаптары амперметрлер, вольтметрлер, омметрлер, термометрлер, гигрометрлер және т. б. болып бөлінеді.

Қолданылатын өлшеу сигналдарын түрлендіру түріне байланысты аспаптар аналогты және сандық болып жіктеледі.

Аналогты аспаптар - бұл көрсеткіштері мен шығыс сигналдары өлшенетін шаманың өзгеру функциясында үздіксіз болып келетін аспаптар. Сызықты аналогты және өлшеу аспаптарының идеалданған түрлендіру теңдеуі мына түрде болады

Y = KX,

мұндағы Х - өлшенетін шама; Y, К - аспаптың сәйкес түрлендіру көрсеткіші мен коэффициенті. Көптеген өлшеу аспаптары сызықты болатынын айта кеткен жөн.

Сандық аспаптар - бұл әрекет принципі өлшенетін немесе оған пропорционалды шамаларды кванттауға негізделген аспаптар. Мұндай аспаптардың көрсеткіштері сандық түрде беріледі. Кванттау операциясының бар болуы сандық аспаптарда аналогты аспаптармен салыстырғанда метрологиялық сипаттамаларын таңдап алу әдісі, талдау, бейнелеу және мөлшерлеу сияқты елеулі айырмашылықтарын тудыратын ерекше қасиеттерінің пайда болуына алып келеді.

Өлшеу қондырғысы . Бұл - өлшеу құралдары (өлшем, өлшеу аспаптары, өлшеу түрлендіргіштері) мен өлшеу ақпаратының сигналдарын бақылаушыға тікелей қолайлы етіп өңдеу үшін арналған және бір жерде орналасқан көмекші қондырғымен функционалды түрде біріккен жиынтығы.

Қандай да бір бұйымды сынауға арналған өлшеу қондыр-ғысын сынақ қабырғасы (мысалы, электрлі материалдардың үлесті кедергісін өлшеу үшін, магнитті материалдарды сынау үшін) деп атайды.

ӨЖ-ні салыстырып тексеру үшін арналған эталондармен қосылған өлшеу қондырғысын салыстырып тексеру қондыры-ғысы (мысалы, вольтметрлерді салыстырып тексеру қондырғысы) деп атайды. Негізінде машинажасауда қолданылатын кейбір үлкен өлшеу қондырғыларды өлшеу машиналары (мысалы, күш өлшейтін машина, бөлгіш машина) деп те атайды.


2. Электронды вольтметрлер

Электронды вольтметрлер (ЭВ) өзінше электронды түрлендіргішітің, көбінесе, магниттіэлектрлі жүйенің өлшеу аспаптарымен үйлесімділігін береді. Радиоэлектронды өлшеу тәжірибелерінде ЭВ-ді кеңінен лайдалану келесі себептермен дәлелденген:

1) кең амплитудалы және жиілікті диапазонды (сезімтал-дығы жоғары және реттелген кезінде ЭВ-нің өлшеу шектері бір микровольт-тан жүздеген вольтқа дейін болады; жиілік диапазондары ондаған герцтен жүздеген мегагерцке шейін созылып жатыр. Транзисторлы түрлендіргіші бар ЭВ-нің жиілік диапазоны 20 Гц ÷ 1 МГц, лампалынікі - 20 Гц ÷ 500 МГц) ;

2) өлшеу объектісінен аз қуатын пайдалануда, бірақ өлшейтін шығыс аспаптарын қозғалу әрекетіне келтірудің жеткілікті қуатын дамытады (осы арқылы ЭВ-ге тікелей қуаты аз тізбектерде, олардың жұмыс режимдерін бұзбай өлшейді) ; бұл сапаы кіріс параметрлерімен сипатталады (ЭВ-де жоғары кіріс кедергілері болады, аз жиілікте 0, 5 ÷ 20 мОм-ге, арнайы схемаларда - 10 6 мОм-ге, ал жоғары жиіліктерде - бірнеше ондаған килоОмге тең; кішкене аз сиымдылығы 1 ÷ 30 пФ) ;

3) жұмыс кезінде сенімді және жүктемелерді жақсы қабылдайды.

ЭВ-дің кемшіліктерінекөмекші қорек көзінің қажеттілігін, бастапқы анодты токтың компенсациясы, шкалаларды сынап тексеру үшін транзисторларды, лампаларды ауыстыру әсері.

ЭВ-ні келесі түрде ажыратуға болады:

• тағайындалуы бойынша, тұрақты, айнымалы және импульсті кернеудің, фазолы сезімталды; селективті; универсалды;

• өлшеу әдістері бойынша: тікелей өлшеу мен салыстырып өлшеу;

• өлшенетін кернеудің мәні бойынша: пикті (амплитудалы) ; әрекет мәнді; орташа мәнді;

• схема орындалған басты электронды аспаптардың түрі бойынша: лампалы, жартылай өткізгішті, интегралды;

• жиілікті диапазоны бойынша: аз жиілікті; жоғары жиілікті; аса жоғары жиілікті;

• кіріс схемасы бойынша (токтың тұрақты құраушысына қатысты) : ашық және жабық кіріспен;

• өлшенетін кернеуді есептеу тәсілі бойынша: тілшелі (аналогты) және санды (дискретті) .

Төменде қарастырылған тілшелі ЭВ-нің шығыс индикаторлары болып, ереже бойынша, магниттіэлектрлі және сирек электростатикалық жүйе аспаптары жатады.

3. Тұрқты токтың электронды вольтметрлері

Электромеханикалы топтың тілшелі вольтметрлерінің тұрақты токтың ЭВ-нан (сурет 3. 5. 1) үлкен кіріс кедергісі мен жоғары сезімталдығымен ерекшеленеді.

Өлшенетін кернеу өзінше резисторларда жоғары омды бөлгіш түріндегі кіріс құрылғыға Кіріс Қ кіреді. Кір. Қ шығысынан кернеу тұрақты токты күшейткішіне ТТК түседі.

ТТК қуаттың күшейтуіші бола отырып, магниттіэлектрлі жүйенің өлшеу аспаптарының ӨА кедергісі кішкенекіроіс тізбегінің жоғары кедергісін реттейді және өлшенетін кернеудің қуатын аспаптың жеткілікті айналу моментін құру үшін қажетті шамаға дейін көбейтеді. ТТК терең теріс кері байланыспен қамтылған симметриялы көпір схемасымен орындалады (соңғысы көпір схемасының жұмысының тұрақтығын жоғарлатады) .

4. Айнымалы токтың электронды вольтметрлері

Өлшенетін айнымалы кернеуді тұрақтыға тікелей түрленуіне мүмкіндік беретін схемалар, әдетте сезімталждығы төмен және кернеудің аз шамасын өлшеуге жарамсыз болып келеді. Сондықтан өлшеу аспабы сәйкес күшейткіштен кейін қосылады. Айнымалы токтың детектор-күшейткіші (Д-У) түрдегі электронды вольтметрінің құрылымдық схемасы 3. 5. 2, а суретте берілген. Өлшенетін айнымалы U х кернеуді кернеудің бөлгішін беретін Кір. Қ кіріс құрылғысы арқылы тікелей Д детекторға береді. Д айнымалы кернеуді Д-ның шығысынан ТТК-ға түсетін тұрақты кернеуге түрлендіреді. ТТК-де кернеу күшейеді де, ӨА өлшеу аспабымен өлшенеді. Схемада қолданылатын детектор - көбінесе лампалы орындаушы пикалы түрде болып келеді. Д-У схемасы бойынша орындалған вольтметрлердің жиілікті диапазоны кең 20 Гц ÷ 500 МГц, бірақ сезімталдығы жеткіліксіз жоғары. Сондықтан да оларды үлкен кернеулерге (150 ÷ 300 В) қатысты орындайды. Кернеуі аз кезінде детектор диодын түзету коэффициентін береді, өйткені тура және кері кедергілер біртекті болып қалады. ЭВ шкаласын теріс кері байланыстың тереңдігі мен аспаптың шунт кедергісін өзгерту жолымен ТТК-ге қосады.

Айнымалы токтың ЭВ сонымен қатар У-Д схемасы бойынша орындайды (сурет-3. 5. 2, б) . У-Д түріндегі вольтметрлерде өлшенетін айнымалы U х кернеуі алдымен айнымалы Айн. ТК ток күшейткішімен, ал содан кейін орташа немесе әрекетті мәні бар (көбінесе жартылай өткізгішті орындаушы) детектор көмегімен аспаппен өлшенетін тұрақты токқа түрлендіріледі.

Айнымалы токтың кеңжолақты күшейткіші Айнымалы ТК әдетте өзінше кері теріс байланыспен тұрақтандырылған үшкаскадты күшейткішті береді. Жұмысшы жиіліктің диапазонында жоғары күшею коэффициенті, кішкене сызықты емес бұрмалану қамтамасызданады. У-Д түрдегі вольтметрлердің сезімталдығы жоғары, бір микровольттен жүздеген вольт өлшеу шектерінде орындалады (бұл өлшеу кернеулерінің төменгі шегі тек шумен ғана шектеледі; жиілікті диапазоны күшейткіштің өткізу жолағымен шектелген 10 Гц ÷ 10 МГц) . Өлшеу шектерінің қосылуын Кір. Қ кернеуді бөлгіштер (аттенюаторлар) көмегімен жүзеге асырады. Бұл бөлгіштер кедергісі үлкен резисторлар мен бөлу коэффициенті жұмыс диапазонында жиілікке тәуелді емес сиымдылығы аз конденсатордан тұрады. Бөлгіштер әртүрлі өлшеу шектерінде орындалады - 5, 10, 15, 20 кВ және одан да жоғары.

Электронды күшейткіштерді пайдалану өлшенетін қуаттардың шегін микроватт үлесіне дейін төмендете алады, бірақ бұл кезде жиілік диапазоны ондаған килогерцке дейін төмендейді.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматты реттеу теориясының негізгі түсініктері
110/220 кв – тағы түйіспелі тартылым қосалқы стансасын жобалау
Өндірістік қазандықтын жылутехникалық басқару жүйелері жайлы
Мұнайды дайындау қондырғысындағы құбырлы пештерде мұнайды қыздыру процесінің автоматтандырылуын жобалау»
Дипломалды тәжірибе есебі
НАСОСТЫҚ – КОМПРЕССОРЛЫҚ ҚҰБЫРЛАР. НКҚ ЖӨНДЕУ (НКҚЖ) БАСҚАРМАСЫ
Мұнай және газды екі құбырлық арынды жинау сызбасы
Жаңажол мұнай газ өңдеу кешенінің №2 мұнайды дайындау цехы ЦПН бойынша мұнайды демеркантандыру қондырғысының автоматтандырылуын жобалау
Жаңажол мұнай газ кешенінің секциясындағы мұнайды термохимиялық сусыздандыру процесінің автоматтандырылуын жобалау
Электр аспаптарының құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz