Экологиялық мәселелердің физиканың сыныптан тыс сабақтарында қаралуы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Физиканы оқытуда экологиялық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру формалары мен мазмұны
Орындаған
Тексерген:
Орал, 2016
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Орта мектептің физика курсында экологиялық білім және тәрбие берудің әдістемелік негіздері
1.1 Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Экологиялық білім мен тәрбие берудің халық педогогикасы және қазіргі кездегі қаралу бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2. Физиканы оқытуда экологиялық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру және оқушылардың экологиялық көзқарасын қалыптастыру
2.1 Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кезеңдегі экологиялық мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Экологиялық білім берудегі физика курсының орны және маңызы ... ... ..18
2.3 Орта мектептің физика курсын оқыту барысында экологиялық білім беру және оны қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
2.4 Экологиялық мазмұнды есептер шығару ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Зерттеудің көкейтестілігі. Техникалық үдерістің, экономиканың, жалпы адамның шаруашылык іс-әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне бүлдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптарды қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Біз табиғаттың өмір сүру және даму заңдарын толық білмейінше, жұмсаған бар күш - жігерімізді табиғат пен адам арасындағы қайшылықтарды туғызған себептермен емес, оның зардаптарымен күресуге жұмсайтымызды естен шығарып аламыз.
Мектеп жағдайында және жоғары оқу орындарында физика пәнінен экологиялық білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздерін талдауда педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Т.Р.Жайсаңбаев, педагогика ғылымдарының кандидаты, Ресей Федерациясы Жаратылыстану академиясы профессоры Ұ.З.Ешимова және де Р.С.Басекеева, У.Қ.Тоқбергенова еңбектері арналған.
Қазіргі кезде мектептегі экологиялық білім беру саласында себептен гөрі салдарға көңіл бөлінетіні айқын болып отыр. Нәтижесінде, табиғат пен қоғамда орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың орнына, адамзат бар күшін табиғатты ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарларын жоюға жұмсауда.
Ғылыми-техникалық прогресті қазіргі экологиялық дағдарыстың себепшісі деп санайтын көзқарастың бар екендігі белгілі. Екінші жағынан, ғылыми-техникалық прогресс адамдарды табиғи ортаға әсер етудің кең ауқымды мүмкіндіктері және құралдарымен жарақтандырып қана қоймай, сонымен бірге қоршаған ортаны сақтау мен қалпына келтірудің тәсілдерімен жолдарын көрсетіп береді. Ал, ғылыми-техникалық прогрестің негізі физика екені белгілі, себебі, бұл ғылымның және онымен шектес пәндердің табыстары бүгінгі күні жаңа техника мен технология құрудың негізінде жатыр. Екінші жағынан, экологиялық білімнің негізі алдымен физикалық білім екенін түсіне білуіміз қажет.
Сонымен, өткен XX ғасырдың соңында физика шын мәнісінде адамзаттың өмір сүруіне қажетті ғылымға айналды. Оның экологияға енуі, оны табиғатты қорғап қалатын ғылымға айналады.
Демек, осыдан физиканың жалпы білім беретін пәндер ортасында сәйкес орны болуы керек екендігі, оның оқытылуы, оқу материалының іріктелуі, оның құрылымы мен мазмұнын, оқылатын тақырыптардың экологиялық аспектілеріне ескеру қажет екендігі шығады.
Зерттеу мақсаты: оқу процесін нәтижеге бағыттау жағдайында физика курсы тақырыптарындағы экологиялық мәселелерді пайдаланып сабақтарды өткізудің ортақ дидактикалық жүйесін жасау үшін оның тиімді әдіс, тәсілдерін және талаптарын негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектепте физика курсы тақырыптарын оқушылардың әрбір сыныптағы жас ерекшеліктерін ескере отырып дайындалған, экологиялық элементтері бар сабақтар тұрақты түрде өткізіліп тұрса, онда оқушылардың сол пәннен алған білім сапасы мен пәнге деген қызығушылығы артады.
Зерттеу нысаны: жалпы орта білім беретін орта мектептегі оқу процесі.
Зерттеу пәні: оқушылардың физика курсы бойынша алатын экологиялық білім жүйесі.
Зерттеудің міндеттері:
* оқушыларға қазақ халқының дәстүрлері мен педагогикалық тәжірибе арқылы экологиялық білім мен тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлау;
* физика курсы тақырыптарының экологиялық элементтері ендірілген сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың қорын жасау;
* оқушылардың экологиялық білім мен тәрбие берудің принциптері орындалуын және оны ұйымдастыруын қадағалау;
* оқушыларға физика курсы бойынша экологиялық білім берудің әдістемелік мәселелеріне шолу жасау;
* физика курсы тақырыптарындағы экологиялық мәселелері пайдаланылған сабақтарға қойылатын дидактикалық талаптарды анықтау;
* сабақ өткізу барысында мұғалім мен оқушылардың іс әрекеттерін анықтап белгілеу.
Зерттеу әдістері:
* ғылыми-философиялық, психологиялық-педагогикалық және экологиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық тұрғыдан талдау жасау;
* физика пәні арқылы экологиялық білім беру мүмкіндіктерін анықтау үшін бағдарламаларды, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтарды, оқу құралдарын талдау;
* оқушылардың экологиялық білімін анықтайтын сауалнамалар, бақылау, тест тапсырмаларын дайындау;
* экологиялық мазмұндағы тапсырмалар жүйесін жасау;
* тәжірибелік-эксперимент жұмысын ұйымдастыру және нәтижесіне баға беру, қорыту.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, 2 тараудан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

1.1 Физиканы оқытуда экологиялық тәрбиенің мәні
Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір адамзаттың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болады. Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды.
Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндеті болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.
Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан 2030 атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; - деген.
Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы - адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі - экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.
Қоршаған ортаны қорғау - адамзаттың алдында тұрған басты проблемалардың бірі. Табиғатты қорғау тақырыбымен жеке таныстыруда физика сабағының да мүмкіндіктері көп. Мұның өзі физикалық заңдар мен құбылыстардың мәнін ашып, сабақтың қызықты өтуіне себеп болар еді. Оқушыларға табиғатты қорғау қажеттігін техниканың қауырт дамуы оған елеулі зиян келтіретіндігін ескерту орынды. Ауаның ластануы жөнінде нақты фактілер келтірген жөн. Мысалы жыл сайын әлемдік мұхитқа он миллион тоннаға жуық мұнай ағызылады. Қазіргі кезде ауа атмосферасында газ тектес және қатты қоспалардың үлесі елеулі артуда. Дүние жүзіндегі барлық энергетикалық қондырғылар атмосфераға жыл сайын 200-250 миллион тонна күл және 60 миллион тоннаға жуық күкіррті ангидрид шығарады. Никель зауытының электр балқыту цехтарында пайдаланылған газдың құрамының (34) бөлігін металл құрайды. Міне кәсіпорын тек ауаны ластап қана қоймай бағалы шикізаттан да айрылып отыр.
Ластаудың тағы бір көзі автомобиль транспорты болып табылады. 300милионнан астам іштен жанатын двигателі бар автомобильдер жыл сайын ауаға миллиондаған тонна күкірт және азот тотықтарын, сутекті көмір, көміртекті тотығын шығарады. Мұның өзі адамға қауіпті. Ластанудың физикалық факторларына электромагниттік өріс, шу, радиоактивті сәулелену, вибрация, гравитациялық өріс және өнеркәсіптік қондырғылардың жылуы жатады.
Вибрация - әртүрлі механизмдер жұмысының нәтижесі. Ол жабық ғибратта жұмыс істейтін машиналар екені белгілі, онда вибрациядан адамдарды қорғау қажет немесе вибрациясын ауыр транспорттың жүрісінің әсерінен пайда болған вибрациядан архитектура ескерткіштері бүлінуде. Көне архитектура ескерткіштерін бүлінуден сақтау үшін физиктер темір бетон блоктардың арасына каучук блоктар салынған корзина жастықты асфальтталған жол салуды ұсынады.
Осы материалдарды физика пәнінен Еркін және еріксіз тербелістер тақырыбын өткенде қолдануға болады.
Біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз. Қажетті сигналдардан бөтен бізге транспорттың, жұмыс істеп тұрған машиналардың және бар дауысқа қойылған аудио аппаратуралардың үні әсер етеді. Дегенмен адам толық тыныштықта өмір сүре алмас еді. Адам дыбысты толық ести алады. Бұл жапырақ сыбдыры ақырын ойналған музыка тағы басқалар. Қоршаған ортадағы сан алуан дыбыстың ішінде хаостық жағымсыз түрі шу. Шумен адам баласы ежелден күресіп келеді. Мәселен, Италиядағы Сибарис атты ежелгі грек колониясының тұрғындары өз қаласында түнде шулауға тиым салып, ұстахана мен шеберханаларда қала сыртына салғызатын болған. Қатты дыбыс зиянды. Шу адамда қан айналымын бұзады, зат алмасу өзгереді, асқазан жарасын, гипертонияны т. б. аурулады тудырады. Шу деңгейінің нормалары бар. Қауіпті деңгей, аса қауіпті табалдырығы, метр болу деңгейі.
Радиоактивтік ластану қаупі уранның ыдырау реакциясы ашылғаннан бастап пайда болды. Бұл басқа ластану көздеріне қарағанда ерекше болып табылады. Радиоактивті нуклидтерді ядросы тұрақсыз химиялық элементтердің зарядталған бөлшектер шығаратын қысқа толқынды электромагниттік сәулелену деуге болады. Биосферада радиоактивті сәулеленудің екі түрі белгілі:сырттай және іштей сәулелену. Сырттай сәулеленудің көзі радиоактивтік нуклид арқасында болады. Ал, іштей сәулелену адам ағзасына су, тамақ және ауа арқылы түскен радиоактивті элементтер арқылы жүреді. Радиоактивті сәулеленудің адам ағзасындағы мөлшерін айқындау үшін рентгеннің биологиялық эквиваленттігі (бэр) немесе зиверт (Зв)өлшем бірліктері пайдаланылады. Көп жағдайда радиоактивті ластану биосферада адамның қолынан жасалады десек болады. Мұндай ластану атом электростанциялары, ядролы қондырғысы бар су асты қайықтары, уран өндірі және т. б өндірістерде радиоактивті қалдықтарды тиімсіз қолданудың нәтижесінен пайда болады. Қорғаныс жолдарын пайдалану заңдылықтарын білсе және орындаса мұндай ластанулар адам ағзасына және қоршаған ортаға зияны болмас еді. Осы мағлұматтарды Радиоактивті сәулелер, биологиялық әсері тақырыбында айтса оқушылар радиация ұғымына қосымша мәліметтер алар еді.
Қазіргі таңда екінің бірінде ұялы телефон. Осы телефонның адам ағзасына қаншалықты зиян екенін білеміз бе? Қазір әлем ғалымдары бұл тұрғыда белгілі бір тұжырымдамаға келе бастады. Мәселен ұялы телефон адамның зердесін зардапқа ұшыратады. Есте сақтау қабілеті мүлде жойылады. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлескен адам ашушаң мазасыз күйгелек болады. Ұялы телефон электромагниттік толқынның ортасы екені белгілі. Ал адамның өзі электромагниттік толқындардың жүйесі болып табылады десек қате айтпаған болар едік. Бәрімізге белгілі біздің қанымыз тұзды оң және теріс иондар (NaCl). Осыған сәйкес бізде диффузиялық ток туады. Одан әрі қандай процесс жүретіні белгілі, электр тогы, электромагниттік өріс, одан әрі аура, биополе т. б.
Әлемдегі ғалымдар ұялы телефонның әсерінен адамның денсаулығына зиян келетініне еш күмәндары жоқ екенін айтады. Мәселен 2010 жылы 500000 адам мидан зақымданған болса, көз ауруына шалдыққандар саны да осынша болатыны белгілі болып отыр. Мұның бәрі ұялы телефонның әсері. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш жылына 30-50 мың болып отыр. Осы жайттарды біле отырып Электромагниттік толқындар тақырыбында сөз қозғасақ бұндай көрсеткіштер болмас еді. Әрине бұл телефонды қолдануға болмайды деген емес. Ұялы телефонды қалтада жүрек тұсында белде қосулы күйде ұстамау, машинада, лифтіде және металлмен қоршалған аумақтарда қолданбау т. б сияқты кейбір заңдылықтарын сақтау қажет.
Физикалық факторлардың бірі - жылулық ластану. Ауаға кәсіпорындар мен жеке қондырғыларда пайдаланылған бу мен газдар арқылы жылу бөлініп, оның жылдық үлесі мыңдаған қалаға жетеді. Энергияны пайдалану қарқынының өсуі жылулық баланстың яғни климаттың өзгеруіне әкеп соғады. Сонымен бірге қыздыру кезінде ауадағы су буымен көмірқышқыл газының молекулалары күннің қысқа толқынды сәулелерін өткізеді де оны жұтып алады, яғни жерден таралатын ұзын толқынды сәулелердің 78 пайызын ұстап қалады. Міне сол себепті СО2-нің атмосфераға таралу мен ажырауын білудің маңызы зор. Жылу машиналарының жұмыс принципі тақырыбын қарастырғанда мұғалім осыны ескерген жөн. Қоршаған ортаның физикалық ластануын түсіндіре келіп мұғалім мына шарттарға ерекше тоқтағаны дұрыс: ластану көздері, ластанудың тигізетін зияны және онымен күрес тәсілдері.
Қоршаған ортаны қорғау мәселесіне сабақтан тыс уақыттарда да оралуға болады. Мысалы, Физика және қалдықсыз технология атты конференция ұйымдастыруға болады.
Барлық танымдық қызмет кезеңдерінде экологиялық мәдениетті құрастыру келе - келе болады, басқа бөлек жалпы білім беру пәндерінде оқытылады. Үзіліссіз экологиялық білім жүйесіндегі, мектептегі барлық оқыту - тәрбие процессі мазмұнындағы, оқыту пәндері және интегралды курс экологиялық мәдениетке және оқытушыға бағыт болып, беріп тұрған пәнінің мағынасын түсінуге көмектесу.
Экологиялық мәдениет барлық оқушылардың ойларында құрастырылуы керек, оны құрастыруға мектепке үлкен жауаптылық жатады. Экологиялық мәдениет негізі саласына жаратылыстану білімі жатады, бұл оқушылардың білім жүйесіне, қазіргі заманғы адекваттық ғылыми әлем суретін құрастыру, экологиялық ойлау, әлемдітану, бағалы жобалар, экология заңын түсінуге көмек көрсету мүмкіндігі, тәжірибелі қызметтер, табиғатты пайдалану.
Қарастырылған мәселені сараптау бойынша оқушылардың жаратылыстану білімінде экологиялық мәдениетті оқыту жетіспейтіндігі анықталды.
Экологиялық мәдениет, жалпы адамзат мәдениетіндегі құрамдас бөлігі болып келеді, адам арасындағы құнды қарым - қатынас көлемі және әлеуметті табиғат ортасындағы процесстің пайда болуы және материалдық және рухани құндылықты және мінезін анықтайды, бағалы бағыт жүйесі пайда болады және қоғамның жауаптылық сатысы және тұрақты биосферадағы жеке адамды сақтау, экологиялық іс - әрекетті дәлелдеу және адамзат қызметінің шешімінде және барлық түрлерде игеріледі, табиғатты қорғау және танумен байланысты.
Нақты фактілермен, қызықты мысалдармен физика сабағында экологиялық білім беру оның пәндік мәнін жан-жақты ашумен қоса оқушылардың қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыра түседі.
1. Табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алып, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға, табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.
1.2 Экологиялық білім мен тәрбие берудің халық педогогикасы және қазіргі кездегі қаралу бағыттары
Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көзінің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге боларлық дана ұғымдар, мақал-мәтелдер, нақыл сөз, аңыз әңгімелер арқылы жетіп отырған. Сондықтан әрбір ұстаз, тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педогогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, тиімді пайдалана білуі тиіс.
Қазақ халқы ғасырлар бойы қоршаған ортаның тәрбиелік әлеуеті зор екенін, оның жеке тұлғаны барлық жағынан дамытуға- денсаулығын нығайтуға, ақыл-ойын, адамгершілігін, еңбексүйгіштігін, әсемдікті сезінуін жетілдіруге ықпал ететінін жақсы білген; табиғи фактор физикалық және моральдық тұрғыдағы ұрпақтар сабақтастығы ретінде қарастырылды. Қазақтардың халықтық педагогикасы табиғатқа және адамға жақын, ол табиғатпен үйлесімді, табиғи қалыпта қабылданады. Табиғатпен үйлесімділік дегенді халықтық педагогикада өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың өмірінде бірдей сипатта көрінетін табиғат заңдылықтарын анықтау және ұғыну деп түсінеді. Адамды табиғаттың бөлшегі ретінде қарастыру барлық іс-әрекетті табиғатпен үйлесімді жағдайға келтіруді; табиғатқа құрметпен қарауды, бас июді, сүюді, қамқорлықпен қарауды талап етеді. Академик Г.Н.Волков экологиялық мәдениет, экологиялық тәрбие- халықтық педагогиканың түпкі мәні дегенді айтады[1].
Халықтық педагогикада экологиялық тәрбие беру үдерісінің табиғилығы жас ұрпақтың еңбекке араласуына байланысты. Бұрынғы уақытта балалар үй жануарларын күтуге, шаруашылық жұмыстарына ерте қатыстырылып. Соның нәтижесінде табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне, адамдарға ойлы көзбен, ұқыпты қарауға бейімделген. Тәрбие үдерісін айналадағы табиғатқа рухани-тәжірибелік қарым-қатынасқа бағыттау экологиялық тәрбие жүйесінде маңызды рөл атқарады. Оқушылар табиғат қорғау ісіне белсенді қатысқан кезде ғана жанды және жансыз табиғат обьектілеріне қамқорлықпен, аялай қарау қасиеті қалыптасады[2].
Бүгінгі жер тағдыры- ел тағдыры болып отырған кезде, табиғатта болып жатқан дағдарыстан туған зардаптар әбден асқынған уақытта біз өзіміз қаласақ та, қаламасақ та ата-бабаларымыздың атамекен, туған жер топырағы туралы түсініктеріне, таным-талғамдарына ой жүгіртеріміз сөзсіз. Халқымыздың қасиетті, қастерлі жер-сулары Әулие бұлақ, әулие ағаш, дегендей құрметтеп, қорғап, көздің қарашығындай сақтай білген, әсіресе, Бұлақ көрсен көзін аш, Суын ішкен құдыққа түкірме сияқты ұлағатты сөздер немесе Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағашың сынбасын, қанаттарың қайырылмасын-деген туған жерін, елін, табиғатын аялау жайлы айтқан қасиеттері сөздер жас өспірімдерді тәрбиелеудегі алатын орны ерекше. Халық даналығы балабақшадан бастау алып, табиғат туралы өнегелі, ұлағатты аталы сөздер, жыр-аңыздар айтыстарда айтылған ойлы пікірлер, қысқа айтқанда халықтың рухани мол мұраларын жастарға экологиялық тәрбие берумен экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеуде тұғырлы негіз болады[3] .
Экологиялық білім беру дегеніміз - адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігінің ең тиімді жолдарын ұрпаққа түсіндіру[4]. Экологиялық білімді жүзеге асыруда білім беру аспектілерімен қатар оның негізгі дидактикалық ұстанымын сақтау керек. Олар экологиялық білім берудің негізгі принциптері:
Ғылымилық принципі- негізінен, оқушыларға білім беруде фактілер, құбылыстар мен процестер, адамның табиғатқа әсері, табиғат қорғау жұмыстары және экологиялық апаттылық жағдайлардың нәтижелері ғылыми тұрғыда дәлелденген материалдар негізінде берілуі және пайдалануы тиіс.
Байланыстылық принципі- негізінен табиғатты тірі және өлі табиғат пен орта (топырақ, ауа, су, өсімдіктер мен жануарлар) арасында тығыз байланыстың бар екенін ұғыну.
Тепе-теңдік принципі- табиғаттағы биоценоздар, экожүйелер арасындағы тепе-теңдік сақтаумалы және олардағы бір компоненттің өзгеруінен табиғи тепе-теңдік бұзылуына әкеліп соғатынын түсіндіру.
Қызығушылық принципі - оқушылардың бойында еліміздің қайталанбас сұлу табиғатына деген қызығушылық сезімін оятып, туған өлкесін оның табиғи байлықтарын суюге, аялауға тәрбиелеу.
Үздіксіз принципі- оқушылардың білім қорын балабақшадағы сәбилік кезінен бастап, бастауыш сынып, одан жоғары сыныптарға көтерілу деңгейлеріне үйлестіре отырып дамыту.
Интеграциялау принципі- экологиялық білім беруде жаратылыстану пәндері (география, биология, физика, математика, т.б.) мен гуманитарлық пәндер (әдебиет, тарих, қоғамтану, т.б.) арқылы оқушыларға берілетін білім негіздерін жеке адам деңгейінен қоғамдық деңгейге көтеру.
Көрнекілік принципі- оқушыларға экологиялық білім беруде оқу процесінде көрнекі құралдар, диафильмдер, киносюжеттер, кеппешөптер, коллекциялар, бейнекөріністер, биоиндикаторлар пайдалану.
Қабылдаушылық принципі- негізінен мұғалімнің экология ғылымының мазмұнын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай жоспарлауы, экологиялық терминдердің түсініктілігін, ұғымдар мен заңдарды қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып жатық әрі түсінікті тілмен берілуі.
Өлкелік принципі-экологиялық білім беруде тұрмыстық салт-дәстүрлерді, қала немесе ауылдық жерлерде тұру жағдайларын ескеру. Мүмкіндігінше жергілікті, аймақтық мәселелерді көтеру оған оқушылардың араласуын, туған өлкесіне деген патриоттық сана сезімін ояту[5:175].
Республикамызда экологиялық білім берудің ең ұтымды әрі экономикалық жағынан тиімді жолдарын іздестіру міндеті тұр. Сондықтан, экология пәнін 1-11 сыныптарға түгелдей енгізу мүмкін емес. Бізде жинақтаған тәжірибелер экологиялық білім берудің пәнаралық байланыстар және пәндерді экологияландыру, факультативтік сабақтар, одан соң жеке пән түрінде біртіндеп енгізу өміршең екендігін көрсетіп отыр. Пәндерді экологияландыру республикамыздың 2000-2001 жылы жарық көріп жатқан жаңа буын байқау оқулықтарында көрініс тапқан Әсіресе, жаңа буын байқау оқулықтарының география, биология, химия мазмұнында (әрбір тақырыпта) экологиялық мәселелер беріледі. Онда еліміздің экологиясына арналған материалдар мол. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz