Балалар психология пәні
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атынадығ Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Балалар психологиясы пәні, заманауи қоғамдағы орны
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2018ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері
1.1 Балалар психология пәні. Міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы ... ... ... 11
2. Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері
2.1Бала психикасын зерттеу әдісінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Бақылау және сараптау әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Біздің елдегі балалар психологиясы дамуының негізін зерттеген П.П.Блонский мен Л.С.Выготский 30-жылдары кезеңге бөлу мәселесіне ерекше назар аударды. Өкінішке қарай, сол уақыттан бері аталған мәселе бойынша іргелі еңбектер болмады.
П.П.Блонский психологиялық даму процесінің тарихи құбылмалылығын және тарихи даму барысында балалық шақтың жаңа кезеңдерінің пайда болатындығын атап көрсетті. Ол былай деп жазды: "Қазіргі заманғы адам дамудың жағымды әлеуметтік жағдайында алдындағы тарихи кезеңдердегі адамдардан жылдам және ауқымды түрде дамиды. Сөй-тіп, балалық шақ - мәңгілік өзгермейтін құбылыс емес: ол жануарлар әлеміндегі даму кезеңінде басқаша, ол адамның тарихи даму кезеңінде басқаша орын алады. Дамудың экономикалық және мәдени шарты жағымды болған сайын даму екпіні де жылдамдай түседі" (1934, 326-6.). Ары қарай: "Сөйте тұра, жастық шақ, яғни жыныстық түрғыдан өсіп-жетілгеннен кейінгі өсу мен дамудың жалғасуы мүлдем жалпыға ортақ игілік емес: дамудың қолайсыз жағдайындағы елдерде және қоғамдық топтарда өсу мен даму жыныстық тұрғыдан жетілген кезеңмен шектеледі. Сөйтіп, жастық шақ мәңгілік құбылыс емес, бірақ кейінірек, тарихтың көз алдында дерлік адамзат меңгерген кезеңді құрайды"
П.П.Блонский бала дамуының барысы туралы таза эволюциялық пікірге қарсы болған. Оның пікірі бойынша, бала дамуы, ең алдымен, шұғыл өзгерістер, секірістермен бірге жүретін сапалық қайта құрулар процесі. Ол бүл өзгерістер "кенеттен, жылдам жүруі де және ақын, бәсең жүруі де мүмкін.
Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді. Сонымен қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық үдерістер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу және мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне байланысты дамудың бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және жетілуі туралы мәселелерді жан-жақты қарастырады.
Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастырады.
Балалар психологиясының маңызды міндеті - әр жас кезеңіндегі баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру.
Психикалық зандылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып түсіну мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты дейтін себебіміз баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесі психологиясының негізгі міндеті - оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің бала психикасының дамуына тигізетін әсерін зерттеп, баланың психикалық дамуына дұрыс бағыт бағдар беріп, осы тұрғыда тәрбие жұмысының қалай болу керектігін ата-аналар мен тәрбиешілерге жете түсіндіру.
1. Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері.
1.1 Балалар психология пәні. Міндеттері.
Жантану ғылымының негізгі салаларының бірі - жасерекшелік психологиясы. Оның бөлімдерінің бірі балалар психологиясы, яғни мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттейді. Зерттеу объектісі - адамның дүниеге келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, жасөспірімдер, балан жастағылар, кәмелетке келген және ересек, кәрілік, қарттық жастағылардың психологиясы. Бұлар да жан қуаттардың дамуының жас ерекшелігіне қарай дамып, қалыптасып отыратындығы ілім - білімді меңгеруге лайықты мүмкіндіктер қарастырады. Балалар психологиясы балдырғандарды зерттейді. Балдырғандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан қалай ләззат ала білетінін, ересек адамдарға қалай айналатынын анықтап береді. Жас балдырған үлкен адамдарға ұқсамайды. Тек біліммен ғана емес баланың сезінуі ойлауы үлкен кісілермен емес екендігін білеміз. Сәбилердің сезімдері күшті, бірақ көбінесе тұрақсыз болуы мүмкін. Құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Астарлап сөйлегенді балалар түсіне бермейді. Өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды. Баланың қолынан келмейтіні көп.
Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар: Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеру дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы. Балалар психологиясының маңызды міндеті - даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру Балалар психологиясының негізгі зерттеу компоненттері - балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі қарастырылады.
Стол үстіндегі ойыншыққа қолын созуы, қасындағы сызғышты пайдалануы, саналы іс-әрекетке көшу. 2-3 жастан кейін бала алдын ала күрделі емес ойын сюжеті арқылы игереді. Мысалы, гараж машина сыятындай болуы керек. Мұның бәрі іс-әрекет үстінде ойлаудан практикалық іс-әрекетке бағыттап, жөнге келтіре бастайтын ақыл мен ойлауға өту болып отыр.
Сәбилік және мектепке дейінгі шақ - баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ. Балалар психологиясы - балалардың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестердің және сапаларының дамуын оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым. Дамудың жалпы заңын білу - бала психикасына балалардың психикалық дамуын зерттеуге дұрыс жол табу. Сананың қалай пайда болуын дүниеге келген табиғаттың, кішкене тірі организмнің қалайша дүниеге адамзат тәжірибесі арқылы көз тастайтын қоғам мүшесі болып шығатынын айқындауға көмектеседі. Басқа ғылымдармен байланысы балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын адам психикасы туралы білімге сүйенеді. Жас ерекшелік анатомиясы мен физиологиясы нерв жүйесінің дұрыс жетіліп нерв қызметінің дамуы - жұмыс істеуі психикалық дамудың маңызды шарты. Балалардың психикалық дамуы, даму заңдылықтары баланың эмоциялық ерекшеліктерін, бейімділігі мен ынтасын білу, балабақшадағы оқу - тәрбие жұмысының маңызды шарты болып табылады. Баланың психикалық дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Мидың ауырғанына ешқандай педагогикалық тәрбие берілмегендіктен сөйлеспеген, ойнамаған, үйретпеген т.б.
Бала психологиясы - жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы XIX ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған - неміс ғалымы В.Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В.Прейердің Бала жаны атты кітабы (1882) бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек болды. Бала психологиясының пәні - балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе - баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:
-биогенетикалық
-социогенетикалық
Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.
Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.
Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде Ұлы дидактика, Суретті көрнекі әлем еңбектері шықты.
1712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше мән беріп, оның дүниені танып білу негізі табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің рөлі - іс-әрекет барысында әрі қарай ұйымдастыру.
1746 - 1824 ж Генрих Пестолоций баланы үлкендердің жүйелі түрде үйретіп отыруына үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды. Ол кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының, әсіресе анасының рөлі ерекше деп бағалаған. Онда табиғи дарындылық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді талап етті.
Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбие рөлінің құдіреті туралы көзқарасты XVIII ғасырдағы Ресейдегі алдыңғы қатарлы ағартушылар да жүйелі түрде қолдады. Мысалы, В.И.Татишев өзіндік ақылдың даму көзі жас адамға өзгенің іс-тәжірбиесін меңгеру болып табылады деп атап көрсетті. Бұл тәжірбие тіл арқылы немесе жазбаша түрде беріледі. Сондықтан адам екінші бір адамның еңбегінің көмегінің жемісі болып есептеледі. Ең алғаш балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңдерінің түп нұсқасын салған осы В.И.Татищев болды.
XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде шетел психологтары В.Штерн, Э.Мейман, А.Бине, К.Коффка, К.Бюллер, т.б өз еңбектерінде балалар психологиясы туралы мәселелерді қорытындылап, негізгі бағыттарға қысқаша талдау жасады. Революциядан кейінгі қайта өрлеу жылдарында диалектикалық материализм негізінде де бала психикасының дамуы туралы Ресейде эксперименталдық балалар психологиясы ерекше қарқынмен жұмыс жасады. Атап айтар болсақ, А.Ф.Лазурский, А.П.Нечаев, И.Кросногорский, В.М.Бехтерев, Н.М.Шеловановтардың физиологиялық зерттеулері соның дәлелі.
Ал Лев Семенович Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияның тарихи мәдени даму теориясы, Психикалық дамудың жас дағдарыстары атты зерттеу жұмыстары балалар психологиясы ғылымы үшін теңдесіз құнды материалдар болып есептелуде.
Баланың ақыл-ойының дамуының негізгі күші мен себептері жөнінде де түрлі педагогикалық ой-пікірлер айтылды. Мұндай негізгі себепші күшке баланың үлкендерге еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі жатады. Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен ақыл-ойының дамуы үшін тілінің шығуы сөздік қорының дамуының рөлі ерекше екенін атап көрсетті.
Балалар психологиясының отандық ғалым болып бөлініп шығуына И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектерінің де өзіндік үлесі бар. Мысалы, И.М.Сеченовтың 1829-1905 Бас миының рефлекстері деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің алғашқы даму барысын бақылай жүріп, сезгіштігінің даму бағытын, қимыл-қозғалысын, олардың ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік, зейіннің сөйлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін көрс етіп берді.
Ұлы психолог, физиолог Иван Петрович Павлов 1849-1936 жылы өзінің Ой элементі - деген еңбегінде сөз туралы екінші сигналдық жүйе, - деп баланың психикалық әрекетінің қалыптасуы туралы тұңғыш рет бағалы материалистік түсінік берді.
Баланың жеке басының дамуындағы оқыту мен тәрбиенің рөлі туралы әлде қайда прогрессивті ойды дамытып, жақсы негізін салған И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский Адам тәрбиенің тиегі - деген еңбегінде баланың жеке басының жан-жақты даму жағдайларының басты себептерін барлық жағынан көре отырып, баланы оқыту жүйесіне бағалы педагогикалық кеңес берді. Тамаша педагог әрі психолог К.Д.Ушинский баланың дамуын жеке өзінің белсенді ойлауы мен таным әрекеті еңбегінің жемісі деп атап көрсетті.
К.Д.Ушинскийді балалар психологиясының негізін салушы деп қарастыруға болады.
Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, т.б. Балаларды жан-жақты зерттеумен басқа ғылымдар да айналысады. Әр ғылым өз зерттеу мақсатарына қарай түрлі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Баланың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін - жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.
Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеті. Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялықта, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне байланысты айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға жөне балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мысалы, баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту, басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі мектептің оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді.
Баланың барлық іс-әрекеті үлкендерден өзгеше қалыптасады. Мәселе оның білімін үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан емес, қарапайым күнделікті бақылауларынан баланың сезінуі, ойлауы үлкен кісілердей емес екендігін білеміз. Сәбидің сезімдері күшті, бірақ көбіне тұрақсыз болулары мүмкін. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар түсіне бермейді. Жас бала өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды. Үлкендер кейде баланың ақылына таң қалады. Шынында бұл жердегі құпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала кеше қолынан келмегенді бүгін үйреніп, үлгермегендігінде жатыр. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді. Осы жағдайларды ескеріп тәрбиешінің балалармен жұмысжасауы тәрбиешінің білімділігін талап етеді
1.2Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы
Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады.
Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып отырады.
Баланың психикасының даму заңдылықтарын зерттегенде балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтерінің негізіне сүйенеді.
Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді.
Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми негіздерінің құрамына кіреді. Егер педагогика адамды барлық қарым-қатынаста тәрбиелегісі келсе, - деп жазды К.Д.Ушинский, - ол ең алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс.
Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық дамуын, психологиялық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни, балалардың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, жоғарғы нерв жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін, оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене отырып зерттейді.
Психология ғылымында жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу мәселесімен жас ерекшелігі психологиясы ғылымы тереңірек шұғылданады.
Жас ерекшелігі пәні бойынша балалардың даму кезеңдерін жас шамасына қарай бірнеше кезеңдерге бөліп оқытады.
1. Мектеп жасына дейінгі кезең:
- жаңа туған немесе нәрестелік кезең;
- сәбилік кезең;
- мектеп жасына дейінгі кезең.
2. Бастауыш мектеп шағындағы кезең.
3. Жеткіншектік кезең.
4. Жасөспірімдік кезең.
5. Ересектік кезең.
6. Қарттық кезең.
Мектепте оқыту үдерісіне байланысты біз жоғарыдағы 4 кезеңді қарастырамыз.
Психикалық дамудың жас кезеңдері.
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуы ірқалыпты болмайды.
Баланың туғаннан мектепке барғанға дейін кезеңін 3 дағдарыс кезеңге бөлген, яғни 1 жас, 3 жас және 7 жас.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең - нәресте жас кезеңі.
Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең - нәресте жас кезеңі деп аталады.
Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:
а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);
б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);
1-ден 3 жасқа дейінгі кез - сәбилік кезең деп аталады.
Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.
3-тен 6-7 жасқа дейінгі кез - мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.
6-7-ден 10-11 жасқа дейінгі кез - бастауыш мектеп жасы деп аталады.
11-15 жас - жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде бала психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды.
16-17 жас - жасөспірімдік кезең деп аталады.
20-30 жас - жастық кезең деп аталады.
30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.
60-70 жас кәрілік кезең және қартаю аралықтарын қамтиды.
Адамның дүниеге келгеннен,дүниеден кеткенге дейінгі кезеңін онтогенез дейміз. Фелогенез - тіршіліктің дүниеге келгенге дейінгі кезеңі.
Мұндай жас кезеңдердің өзі жас мөлшеріне қарай бөледі. Бірақ жас көрсеткіші тұрақты болмайды.
Белгілі бір жас кезеңдеріне сәйкес баланың сөйлеуі мен қабылдауының даму үдерісін психолог В.Штерн, ойлаудың дамуын Ж.Пиаже, ал ақыл-ойдың дамып қалыптасу кезеңін П.Я.Гальперин анықтады. Осы кезеңдердің бәрінің дамуы баланың оқу үдерісінің негізінде қалыптасып, дамытуға мүмкіндігінің бар екенін анықтады.
Жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырата білу керек. Жас кезеңіндегі өзгешелік баланың психологиясын табиғи сапалық өзгешеліктеріне байланысты сондай-ақ даму үдерісінің бір жүйеге түсуіне байланысты, әр кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болғаны мен олар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан әр жас шамасында баланың балалық шақ кезеңі әр түрлі мөлшерде өтеді.
Мысалы, Нәрестелік кезеңде даму тез өтеді және 1 жыл ішінде бала 5 сатыдан өтеді. Сәбилік кезеңде 1 жастан 3 жасқа дейін 3 сатыдан өтеді, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді.
Оның біріншісі екіншісінен ажыратылады. Ал бастауыш мектеп кезеңі 3 сатыдан өтеді. Бұл да баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтынын көрсететін ерекше дәлел болып есептеледі.
Дағдылы жүйелікте адам организмінің шеміршектен бірте-бірте сүйекке айналып ішкі организмнің секреция безінің дамып жетілуі, олардың кейбіреуінің жұмыс істеуі әлде қайда күшті немесе баяу өтуі мүмкін. Бірақ организмнің бұлай дамып жетілуі жеке бастың даму өзгешелігін анықтайды.
Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады. Сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.
Балалар психологиясы - балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс - әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ - бұл баланың мектеп жасы дамуы қалыптасатын шақ. Баланың дамуы - бала бақшадағы зерттеулердің мәліметтермен ата- аналарын мұқият сұрау арқылы жанұядағы тәрбиесі мен мінезінің ерекшелігін баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психикалық мінездеме болып табылады.

2.1Бала психикасын зерттеу әдісінің жіктелуі
Балалар психологиясының зерттеу әдістері - баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.
Кез ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz