Сара Назарбаеваның педагогикалық идеялары
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Сара Назарбаеваның педагогикалық идеялары
Орындаған
Тексерген:
Орал, 2016
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Назарбаева Сара Алпысқызының өмірі мен шығармашылығы
1.1 С.А.Назарбаеваның өмір жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Бөбек қайырымдылық қорының негізін қалаушы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2. Өзін-өзі тану жобасының авторы - Сара Алпысқызы
2.1 Өзін-өзі тану - жобасының мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Рухани-адамгершілік дамудың проблемалары жөніндегі пікірі ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Әр адам үшін өз тәні мен жан саулығының қамын ойлау өте маңызды. Жан туралы ойлау және қам жеу қаншалықты қажетті екендігіне балаларды біз сәби шағынан иландыруымыз керек деп есептейді Сара Назарбаева. Бірақ махаббатсыз адам жаны жүдеу. Көпшілігіміз әлі де болса махаббат сөздерінен ұяламыз, бойын билеген сезімді адамдарға, өз жақындарына қалай айту керектігін, қалай жеткізу керектігін білмейді... Біз бұл өмірге сүю және сүйікті болу үшін келетініміз даусыз. Сара Алпысқызының бар болмысы осында.
Бұл туралы айту жеткіліксіз, әрекет ету керек. Осылайша мектеп пәні Өзін-өзі тану пайда болады. Ол - бірегей пән, өз-өзіңді түсінуге, өз ішкі әлеуетіңді ашуға, қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге, оның дербес және сонымен қатар, ажырамас бөлшегі болуға мүмкіндік береді. Балалардың бұл пәнді қуанышпен қабылдауының тағы бір себебі - бұл пәнді зерделеу ерекше беріледі. Өйткені мұнда олардың заттарға және өмірге деген өзіндік көзқарасы, пікірі ескеріледі. Сонымен бірге, бұл пән қандай да бір уақыттық шеңбермен шектелмейді, ол өмір бойы жалғасады.
Балаларды қорғау ісіне қосқан көрнекті үлесі үшін оған ЮНИСЕФ-тың арнайы марапаты - ана мен бала бейнесі бар күміс мүсінше табысталған. Ана мен баланы қорғау ісіндегі жанқиярлығына осылайша ТМД секілді беделді әлемдік ұйым да қызығушылығын білдірді және әлем жұртшылығы да баға берді.
Сара Алпысқызы жаңа сана-сезімді тәрбиелеудің маңызды міндеті - адамды беруге үйретуде, барлық жүйені жақын адамға, әсіресе, балаларға беруге, сыйлауға және қамқор болуға қайта жасауда деп есептейді. Адам - жасаушы, құрушы. Ол әлемге зұлымдық, бүліншілік емес, игі істер және ойлар әкелуі керек. Және ол Жер ғаламшарында, яғни, өз үйінде не болып жатқанына жеке өзі жауап береді. Себебі әлемдік тепе-теңдіктің сәл ғана бұзылуы түзеуге келмейтін салдарларға алып келуі мүмкін. Қандай жағдай болмасын біз және біздің балаларымыз, немерелеріміз, шөберелеріміз барлық өмір сынынан адамның жоғары атағын лайықты түрде алып шығуымыз керек.
Өмір мектебі деп Сара Алпысқызының жалпы адамдық құндылықтар туралы терең философиялық ойлар табуға болатын Путь к себе, Во имя жизни, Этика жизни кітаптарын атауға болады. Бұл жай ғана сөздер емес, бұл - әрекетке әрдайым орын бар өмір ұстанымы.
Зерттеу мақсаты: Сара Алпысқызының педагогогикалық идеяларының негізін зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
Сара Алпысқызының өмірі мен шығармалары туралы;
Педагогикаға қосқан үлесі туралы;
Негізгі педагогикалық идеялары туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 С.А.Назарбаеваның өмір жолы
Қазіргі Қазақстанның бұл шоқтығы биік әйел азаматының есімі ел аумағынан тыс жерлерде де кеңінен танылған және әлемдік қауымдастық оның қазақстандық балалар үшін жасаған ізгі еңбегіне тиісінше баға берді.
Назарбаева Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар аулында дүниеге келген. 1962 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шыққан, үш қызы, үш немере ұлы, үш немере қызы және шөбересі бар. Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы ЖТОО-заводын бітірген, экономист, ҚазМУ-дың құрметті профессоры. ЖТОО-ны аяқтағаннан кейін Қарағанды металлургиялық комбинатында жұмыс істеген.
Сара Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И. Дограмачи атындағы және Юнитахалықаралық сыйлығының лауреаты болып табылады.
Қазақстанның бірінші ханымы бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.
Сара Алпысқызы Бөбек қайырымдылық қорының негізін қалаушы. Қор көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығына алып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тұрғысына білім алып, тәрбиеленуіне мән береді.
Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды. Осының нәтижесінде республиканың барлық өңірінде жетім балалар үшін отбасылық үлгідегі балалар қалашықтары құрылып, Үміт, жасөскіндер үйлері ашылуда.
Президент зайыбы республикамыздағы колледждер мен жоғары оқу орындары және училищелерде білім алып жүрген жатқан жетім балалардың жағдайларына ерекше назар ұстап келеді. Сара Алпысқызы осындай жастарға ай сайын Бөбек қоры арқылы қайырымдылық көмек көрсетеді.
Президент зайыбы Өзіңді өзің таны атты балаларға рухани-адамгершілік білім беру және тәрбие беру идеясының авторы болып табылады.
Өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілігін дамыту, қоғам туралы және бақытты балалық шақ туралы тұжырымдама дайындаған. Назарбаева С.А. қайырымдылық қызметі үшін Достық орденімен, Философияда өзіңді - өзің таны және оқу мәдениетіне қосқан үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы І - дәрежелі алтын медалімен, Юнити халықаралақ сыйлықтың, СОС Киндердорф Халықаралық қорының алтын медалі, БҰҰ - ЮНИСЕФ халықаралық қорының ескерткіш медалі, Исхан Дограмачи Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық сыйлығы, Халықаралық Алтын жүрек сыйлықтарымен марапатталған.
Сара Назарбаева бірқатар кітаптардың авторы: Порфирий Корнеевич Ивановтың "Детка" жүйесін пайдаланумен қатысушылардың денсаулығын, адамгершілік тәрбиесін нығайту және дамытудың педагогикалық мәселелері (1999 ж.); Адамның денсаулығы және П.К. Ивановтың "Детка" жүйесі (1999 ж. бірлескен авторлықта); Өзіңе жол. Порфирий Корнеевич Ивановтың ілімі сау тұлғаны тәрбиелеудің әдісі ретінде (1999 ж.); Өмір этикасы (2001 ж.); Сүйіспеншілікпен (2001 ж.).
1.2 Бөбек қайырымдылық қорының негізін қалаушы
1992 жылы 27 наурызда жиырмадан астам мемлекеттік және қоғамдық ұйым құрылтайшыларының жиналысы өтті. Бұл жиналыста Бөбек балалар қайырымдылық қорын құру туралы шешім қабылданды. 20 жыл бойы атқарылған белсенді және тиімді жұмыс қорға бүкіләлемдік танымалдылық пен мәртебе әкелді. Мүгедек балаларға, жетімдерге, тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға қамқорлық жасау, өсіп келе жатқан ұрпаққа өнегелі-рухани білім беру, ана мен баланы қорғау - Бөбек қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева алдына осы сынды міндеттер қояды.
Өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтарын және заңды мүдделерін қамтамасыз етумен, балаларға өнегелі-рухани білім және тәрбие берумен байланысты проблемаларды шешуде қор қоғамға нақтылы көмек көрсетуде. 1994 жылдың тамызынан бастап SOS - Қазақстанның балалар ауылы (Киндердорф Интернационал Австрий қорының филиалы) қорының президенті. 1999 жылдың наурызынан бастап Демография қайырымдылық қоры қамқоршылар кеңесінің төрайымы. І дәрежелі Достық орденімен марапатталған (2001), Өзін-өзі тану философиясы мен оқу мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальға иегері (2003), Халықаралық Алтын жүрек сыйлығының лауреаты (2006), балалардың құқығын қорғау саласына зор үлес қосқаны үшін ЮНИСЕФ-ББҰ Балалар қорының ескерткіш медалімен марапатталған (2007), денсаулық сақтау, қайырымдылық және өскелең ұрпақты рухани тәрбиелеу саласындағы ерен еңбегі үшін Курманджан Датка сыйлығының лауреаты, Мээрман Эне-98 атағының иегері, ҚР құрметті білім қызметкері.
Қор президенті әмбебап кешеннің - балаларды адамгершілік құндылықтарға, өзін-өзі тануға, қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас құруға үйрететін, екі мектеп-гимназиясы және гуманитарлық колледжі бар, Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының құрылуына бастамашы болды.
Еліміздің көптеген жетім қалған балалары үшін Сара Алпысқызы туған анасы әспетті. Ана махаббатының күші оған тағдыр тәлкегіне түскен балаларды, өскелең ұрпақты қорғауға арналған өз ойларын, жобаларын ең жоғарғы мемлекеттік деңгейде қорғауға құқық береді. Көп жыл бұрын, Қазақстан Республикасының Парламент депутаттары алдында сөз сөйлеген кезде, ол жетім балаларды қолдау және лайықты тәрбиелеуге арналған жаңа әлеуметтік құрылым құру туралы заң қабылдау қажеттілігіне депутаттардың көздерін жеткізді.
Біз бүгін гуманизм, жоғары құлықтылық және рухтандырушылық прициптеріне негізделген жаңа қоғам құрамыз. Және балаларды көптеген әлеуметтік ауыртпалықтан қорғау жалпы ұлттық іс болуы керек. Жетім балаларды тәрбиелеудің мемлекеттік жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктерін біле отырып, оларды тәрбиелеу мен асырау мекемелерін бірте-бірте жаңаша, отбасылық типте қайта құру керек деп ойлаймын. Тағдырдың жазуымен ата-ана қамқорлығынан, туыстық қарым-қатынастан айрылған әр бала жасанды құрылған болсын, бірақ үлкендердің ілтипаты пен қамқорлығына бөленген отбасында өмір сүруге тиіс, - деп айтқан болатын бірінші ханым [1, 49 б.].
Осылайша, Сара Алпысқызының оң бастамасымен елімізде Үміт Үйлері пайда бола бастады. Бұл жетімдікке қарсы күрестің ең алғашқы қадамдары болды. Үміт Үйі перзентханада-ақ өз баласынан бас тартатын жас аналардың қайғысын жеңілдету үшін құрылған. Оларды сәбиді мүлде тастап кетпеуге, уақытша Үміт Үйіне беруге көндіреді. Олармен шарт жасалады және осы шартқа сәйкес олар балаларынан бас тартпауға, оларға келіп тұруға, олармен араласуға тиіс. Үміт үйлерінің қамқорлығындағы 80 пайызға жуық баласы жетімдік қамытын кимей, өз отбасыларына қайта оралады.
Алғашқы жылдары Бөбек қорының істері тек қайырымдылыққа ғана бағытталған болатын, бірақ уақыт өте келе оның қызмет саласы айтарлықтай кеңейді. Бұрын барлық істер медицинамен одақтаса атқарылатын: дәрі-дәрмектер алынатын, қайырымдылық акциялары өткізілетін, гуманитарлық көмек көрсетілетін, бірақ қазір мен мұндай жолмен - материалдық игілікпен қамтамасыз етумен барлық мәселе шешілмейтінін түсіндім, - деді қор Президенті өз сөздерінің бірінде. - Жалпы адамдық құндылықтар туралы білімді қайта жаңғырту керек. Тек балаларға ғана емес, біздің барлығымызға, жалпы қоғамға адмгершілік-рухани бағыт қажет. Балалар отбасынан, сәби шағынан академиялық біліммен қатар, бұл жайлы да білім алуы керек. Қайталап айтудан жалықпаймын: біздің барлық ауруларымыздың - тән және рухани аурулардың себебі - жанымызда: арам ниет, көкірекшілдік, көреалмаушылық, жалқаулық, тоқмейілдік. Әрқайсымыздың рухани өзіншілігіміз шынайы жанданбайынша, адамзаттың сауығуы мүмкін емес екендігіне көзім жетті [2, 25 б.].

2.1 Өзін-өзі тану - жобасының мүмкіндіктері
Сара Алпысқызы жалпы адами рухани-адамгершілік құндылықтардың жандануы бойынша жаңа білім жобасын әзірлеу бастамасымен мемлекетік деңгейде сөз сөйледі. Бұл жобаны біз Өзін-өзі тану, - деп атадық дейді жоба авторы Сара Алпысқызы. - Себебі адам өзін-өзі, өз қабілеттерін, өз тағдырын танып білмесе, ол тағдырдың ойыншығына айналады. Егер біз кім екеніміз, қайдан келгеніміз, бұл өмірге неге келгеніміз және қайда баратынымыз жайлы терең философиялық сұрақтар туралы ой толғай бастасақ - бұл өз білімсіздігімізді ұғынуымызға жасалған алғашқы қадам, яғни, дүниеге деген көзқарасыңды, өзінің ішкі Меніңді жақсы жағына өзгертуді білдіреді... Жаңа бағыттың басты мақсаты - адамға өзін-өзі табуға, өзінің жақсы сапаларын ашуға, сатқындық жасамау, ар-намысын сақтап, әрқашан адам қалпынан таймауға көмектесу. Біздің бақытымыз бен бақытсыздығымыздың, сәттілігіміз бен сәтсіздігіміздің себептері біздің өз ішімізде. Өзін-өзі тану адамға Жоғарғы Заңдар мен құндылықтарға сәйкес өзінің ішкі әлемін тәртіпке келтіруге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану деп аталатын, рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту бойынша білім жобасының авторы: оның басты мақсаты - жалпы адами құндылықтарды жаңғырту, балаларды өз-өзімен және қоршаған ортамен үйлесімде өмір сүруге үйрету. Сара Алпысқызы әр қазақстандық кішкентайдың тағдырына алаңдайды. Өз қамқорлығымен ол балалар өз елінің патриот азаматтары болып өсу үшін оларға үміт сыйлайды. Оның халықаралық аренада сөйлеген барлық сөзі бала жанын сақтауға және жас ұрпақтың бақыты үшін өмірді өзгертуге үндеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында: Біз әрбір адамның абыройын, адамгершілігі мен беделін бағалайтын, жоғары өнегелі, эстетикалық стандарттары мен рухани құндылығы бар қоғам құруымыз қажет деп баса айтты. Бұл талаптар өскелең ұрпақтың тәрбиесін және рухани-адамгершілік білім берудің артықшылығын күшейтуге бағытталған Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының жалпы мақсатымен тоғысады [3, 15 б.].
Қазақстан Республикасында 2001 жылдың 12 шілдесінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің №566 бұйрығымен бекітілген Өзін-өзі тану курсының жобасын әзірлеу мен сынамалау бойынша өткізілген тәжірибе табысты түрде жүзеге асырылуда. Өзін-өзі тану курсы жеті жылдық сынамалаудан кейін республиканың барлық аймақтарында ата-аналар мен педагогтар қоғамының белсенді қолдауына ие болды.
Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпаққа адагершілік-рухани білім және тәрбие беру жалпы адамдық, жалпы ұлттық, этномәдени және жеке құндылықтардың үйлесімді синтезіне бағытталған, олар адамға, қоғамға қызмет етуде өзін бар қырынан көрсетуге, өмірдегі өз ролін және өз тағдырын ұғынуға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білімнің құндылықты мағынасын нығайта отырып, риясыз сүю, өз-өзіне және өз күшіне сену, жақсылық жасау, көбірек тануға және өзін-өзі жетілдіруге, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық даму тұрғысынан үйлесімге жету мүмкіндіктерін дамытады.
Балаларды қорғау комитеті Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы өткізген ғылыми-зерттеу қызметтерін есепке ала отырып, жүйелі, кешенді тәсіл прициптерінің негіздерінде Өзін-өзі тану аймақтық білім жүйесі туралы мәліметтердің электронды республикалық банкін құру үшін материал жинады.
Бұл өзін-өзі тану өз сезімін ұғына алатын, игере алатын және басқара алатын, Махаббат-Ақжүректік-Өзара түсінушілік негізінде айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынасын жасай алатын толық тұлға қалыптастыруға сеп болады.
ҚР Білім және ғылыми министрлігінің қолдауымен жобаны әзірлеуде Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы, білім берудің мемлекеттік даму бағдарламасы, баланың құқығы туралы БҰҰ-ның келісімшарты, Қазақстан Республикасының Баланың құқығы туралы Заңы басшылыққа алынды. Өзін-өзі тану жобасын әзірлеуге республиканың білім беру мекемелерінің практикалық қызметкерлері мен жаңашыл-педагогтары, жетекші ғалымдары қатысты [4].
Оқу пәні ретінде Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуда. Қазақстандық қоғамда өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және рухани-адамгершілік білім беру жалпы ұлттық, адамзаттық, этномәдениеттік және жеке тұлғалық құндылықтарға негізделген. Олар адамға қоғамда қызмет етуде өзін толықтай танып білуіне, өмірдегі өзінің орнын ұғынуға және ролын түсінуге мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану білім берудің құндылығын күшейтеді, тұлғаның ең маңызды риясыз сүюін ашып және дамуын көрсететін, өзіне және өзінің күшіне сенуге, жақсылық жасауға, физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімге жетуде өзін жетілдіруге және түсінуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаты: әрбір оқушының жеке тұлғалылығын және ішкі әлемін ойлауды қамтамасыз ету; өмірдегі ең маңызды құзіретті мақсатты дамытудың негізінде үйлесімді тұлғаны қалыптастыруға үлесін қосу: өзінің өмірлік айқындамасын анықтау; адамгершілік нормаларына сәйкес әр түрлі сұрақтарды конструктивті түрде шешу; өзіне, адамдарға және қоршаған ортаға ізгі көңіл бөлу; адамдарға көмек көрсету, жақындары мен туысқандарына қамқорлық жасау; өз-өзімен үйлесімде өмір сүру; ойларында, сөйлеген сөздерінде және әрекеттерінде шынайы болу; жасампаздық белсенділікті, азаматтылықты және отансүйгіштікті көрсету; адамгершілікті таңдауда дайындығын көрсету және өзінің ойына, сөйлеген сөзіне және әрекетіне жауапты болу; қоғамға қызмет етуді тәжірибеде дамыту. Жалпы мақсаттар күнделікті тәжірибеде: тұлғаның өзін-өзі толықтай көрсетуге және ұғынуға көмектесетін жалпы адами құндылықтарды оқыту негізінде тұтас білім беру процесін құру арқылы; балалардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, тұлғаның рухани-адамгершілік әлеуетін дамытуға әсер ететін ақпараттық және білім беру кеңістігін құру арқылы; басқа жалпы білім беру пәндерінің мазмұнының тұтастық ұғымын күшейту арқылы; қоғамға қызмет етуге бағытталған білім беруден және мектептен тыс қызметтерде тәрбиенің ролін күшейту; мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігін, мұғалімдер мен ата-аналардың, қамқоршылар мен тәрбиелеушілердің тығыз ынтымақтастығын дамыту арқылы тұлғаның рухани-адамгершілігін қалыптастыру үшін оң алғышарттар жасау арқылы жүзеге асырылу мүмкін.
Өзін-өзі тану бойынша білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігі өзін-өзі тану пәнін толықтай жүзеге асыру үшін балабақшалар мен мектептерде жалпы адами құндылықтары басым ерекше атмосфера жасау.
Өзін-өзі тану бойынша тұлғалық-бағдарлық білім беру процесі: баланың бар мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын, талаптарын ескеретін құндылықты қатынас орнатуды; тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі және өзін-өзі тануы үшін барлық қолайлы жағдайларды жасауды; дамытушы білімнің формалары мен әдістемелерінің әр түрлілігін, ойлап-толғану және адамгершілік таңдау үшін өмірлік тәлімдермен және жағдайлармен пән мазмұнын толықтыруды; оқушылардың рухани өсуін, жеке басының ішкі динамикасына назар аударуын; білім беру процесінде субъектілердің тілектестік диалогтарын ұйымдастыруды; мектептің, отбасының, қоғамның тығыз ынтымақтастығын және өзара әрекетін; білім беру мекемелерінде жақсылық, махаббат, әділдік және өзара түсінушілік атмосферасын жасауды қарастырады.
Өзін-өзі тануға үйрету білім беру процесіндегі әрбір қатысушының тұлғалық ерекшеліктерін мойындай отырып, интерактивті әдіс негізінде жүргізіледі. Адамгершілік құндылықтар әр түрлі жасқа қолжетімді әлемді түсіну арқылы сіңіріледі. Өзін және басқа адамдарды тануды, қоршаған ортамен қарым-қатынасты, ақиқатты және махаббатты адамзат өмірінің ең жоғарғы мағынасы деп түсіну балалар еркін ойлана алатын, өзінің пікірін білдіре алатын, өзінің дарындығын және қабілеттілігін ашып көрсететін, сенімді, ресми емес жағдайларда орын алады. Өзін-өзі тану сабақтарында мұғаліммен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-ролдік ойындар мен тренинг кезінде адамдардың қарым-қатынастық әлемі зерттеледі, өмірлік бақылауларымен алмасу жүргізіледі, қоғамға қызмет етудің іс жүзіндегі дағдылары дамиды.
Өзін-өзі танудың ерекшеліктерін ескере отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие стандартты емес сабақтардың әртүрлері қолданылады: ойлау сабақтары, пікірталасу сабақтары, театрланған сабақтар, шығармашылық сабақтары, конкурс-сабақтар, қиял-сабақтар, концерт-сабақтар, экскурсия сабақтары, ойын сабақтары және т.б. Өзін-өзі тану оқыту процесінде бірнеше әдістемелік тәсілдер қолданылады:
Қуаныш шеңбері - әдетте сабақтың басында қолданылатын әдістемелік тәсіл. Мұғалім оқушылармен шеңбер жасайды, онда барлығы бір-бірімен еркін сөйлеседі, әр түрлі әндерді орындайды, өлеңдер оқиды. Қуаныш шеңберінің педагогикалық ұғымы әрбір баланың өзі басқаларға және басқалар өзіне сенетін, өзіне таныс үлкен достық шеңберге қабылданғандығын сезіну болып табылады.
Бейне материалдарды қарау (кинолардан, мультфильмдерден және т.б. үзінді) - оқу ақпараттарын қолайлы көрнекі формада көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік тәсіл. Айқын көркем бейнелер балалардың оқылатын материалды меңгеруін және қабылдауын күшейтеді.
Жүректен, жүрекке шеңбері - әдетте сабақты қорытындылаушы әдістемелік тәсіл, алған әсерлерімен, бір біріне тілектерімен бөлісуді қарастырады және оқытушыға әрбір баланың эмоциялық жағдайын, оның сабақ тақырыбын қандай деңгейде түсінетіндігін анықтауға мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану бойынша оқу процесін ұйымдастырудың маңызды шарты балалардың жасына, психофизиологиялық ерекшеліктеріне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz