Ойындардың балаларға сенсорлық тәрбие берудегі мүмкіндіктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.

Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет, бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек. Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Баланың сенсорлық дамуы ол баланың сыртқы заттардың пішініне түсіне мөлшеріне кеңістіктегі орнына және де әр түрлі иістер мен дәмдерге көзқарасының дамуы мен қалыптасуы. Сенсорлық даму маңызын ерте және бастауыш сыныптағы балаларға беру өте қиын. Дәл осы жаста балалардың сезім мүшелерінің дамуы қоршаған дүниеге деген көзқарастың пайда болуымен қатар жүреді. Сенсорлық даму, бір жағынан баланың ақыл - есінің дамуының негізі, екінші жағынан, өзіндік маңызға ие, себебі, баланың қарқынды оқуы үшін (балабақшада, мектепте, басқа да оқу орындарында) толыққанды тәрбиелеу үшін қажет. Қоршаған ортаның әртүрлі заттары мен әсерлерін қабылдаумен таным пайда болады. Таным процестерінің басқа да түрлері - есте сақтау, ойлау, елес. Олар қабылдаудың арқасында дамып жетіледі. Сондықтан да ақыл - естің дұрыс дамуы толыққанды қабылдаусыз қалыптасуы мүмкін емес. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Адамға тән әрекетінің кез-келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Зейін - айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу. Бұдан баланың зейінін тәрбиелеудің және сенсорлық қабілетін дамытудың маңызы зор деген қорытындыға келуге болады.

Баланың бойына ақыл-ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл-ой еңбек мәдениетін дамыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.

Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл -ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл -ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.

Сенсорлық тәрбиенің маңыздылығы мынада:

  • Интеллектуалды дамудың негізі болып табылады;
  • Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы кезінде алынған былықты көрсетулерін ретке келтіру;
  • Байқағыштығын дамытады;
  • Шынайы өмірге дайындайды;
  • Эстетикалық сезіміне белсенді түрде әсер етеді;
  • Қиялдың дамуына негіз болып табылады;
  • Зейінін дамытады;
  • Балаға жаңа пән-танымдылық қызмет тәсілдерін игеруге мүмкіндік береді;
  • сенсорлық үлгі-өнегені игеруді қамтамасыз етеді;
  • оқу қызметінің дағдыларын қамтамасыз етеді;
  • баланың сөздік қорының ұлғаюына әсер етеді; .
  • көру, есту, бейнелі және т. б есте сақтау түрлерінің дамуына әсер етеді.

Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Ресейлік ғалым Н. М. Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің «алтын кезеңі» деп атап көрсеткен.

Мектепке дейінгі педагогика тарихының әртүрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар (Я. А. Коменский, Ф. Фребель, М. Монтессори, О. Декроли, Е. И. Тихеева және т. б. ) балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшілтерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады.

Ғалымдар А. В. Запорожец, А. П. Усова, Н. П. Сакулина, Л. А. Венгер, Н. Н. Поддъяков және т. б. жалпы сенсорлық тәрбие бойынша көптеген ой-пікірлерін айқындай отырып сенсорлық тәрбие жүйесінің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізді.

Кеңес педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі.

Психологтар баланың сенсорлық қабілетін дамытуда зейін үлкен қызмет атқарады деп санайды. Зейін қойып тыңдау - дұрыс ұғуды, түсінуді қамтамасыз ететін факторлардың бірі. Ол туралы психолог Қ. Жарықбаев былай деген: «Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы мүмкін емес. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз - айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу». Бұдан баланың сенсорлық қабілетін дамытуда баланың зейінін тәрбиелеуді ойын арқылы ұйымдастырудың маңызы зор. Дидактикалық ойындар балалардың сенсорлық қабылдауын қамтиды, бір жағынан олар ойнаушылар әрекетінің жас ерекшелігін, адамгершілік уәждерін, екінші жағынан - еріктілік қағидасын, өзі таңдау құқығын, жеке даралығын көрсетуді ескереді. Күнделікті өмірде бала әртүрлі пішінді бояуларды кездестіреді - бұл оның жақсы көретін ойыншықтарымен қоршаған ортадағы заттар. Көркем туындыларды - сурет, мүсіндерді көреді және ән тыңдайды, бірақ осы білімді игеру үлкендердің көмегінсіз, табиғи түрде жүргізіледі. Осы жерде көмекке сенсорлық тәрбие келеді, дәйекті және жоспарлы түрде балаларды адамның сенсорлы мәдениетімен таныстырады.

«Ойынның құндылығы - баланың психикалық ерекшелігін ескеріп, оны қызықтырады, көңілін мобилизациялайды, бала берілген тапсырманы шешу жолын ойлау үрдісіне қатыстырады. Балалық шақта балада ойынға деген қажеттілік болады. Сондықтан, сол қажеттілікті қанағаттандыру қажет, себебі бала ойнай жүріп өмірді тани бастайды.

«Ойын баланың бүкіл өміріне әсер етеді. Бұл құштарлық, оны қанағаттандыру қажет. Бала өмірін сол ойынмен сусындату керек, себебі оның өмірі - ойын» А. С. Макаренко.

Кішкентай балалар - сүйкімді, бақытты неше түрлі оқиғаларға тап болып, өмірді танитын тентектер. Баланың балабақшада, мектепте, одан қалса өскенде еңбектенген кезінде де, сенсорлық, сенсомоторлық дамуы ақыл - ой дамуына фундамент болып табылатыны психолог мамандар дәлелдеген. Сол себепті зерттеу жұмысымның тақырыбын «Мектепке дейінгі бала тұлғасын сенсорлық дамуына ойынның әсер ету ерекшеліктері» деп алдым.

Зерттеу жұмысының мақсаты: мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері мен сенсорлық дамуына ойынның әсер ету ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен пәніне орай келесі зерттеу міндеттері туындады:

  1. Мектепке дейінгі балалардың психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеуге арналған әдебиеттерге (шетелдік, отандық, Ресейлік), толық теориялық талдау жүргізу;
  2. Баланың қабілетін дамытуда сенсорлық даму ортасының ролі, сенсорлық дамуына ықпал ететін факторларды анықтау;
  3. Мектепке дейінгі балалардың тұлғалық қасиеттерін зерттеу;
  4. Мектепке дейінгі балалардың сенсорлық дамуына ойынның әсерін анықтап зерттеу.
  5. Сенсорлық ойын арқылы баланың алғашқы қарапайым ұғымдардың қалыптастыру жұмыстары.

Зерттеу жұмысының обьектісі: Мектепке дейінгі балалар.

Зерттеу жұмысының міндеттеріне орай, келесі зерттеу болжамы ұсынылады: Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру жұмыстарын психологиялық тұрғыдан дұрыс өткізген жағдайда, ойын түрлерін тиімді пайдаланған жағдайда, олардың эмоционалды-еріктік ерекшеліктерін жетілдіріп, сенсорлық дамуына қол жеткізуге болады.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: М. Монтессори әдістемесі, Фребельдің алты сыйы әдістемесі, С. Л. Рубинштейннің сана мен іс-әрекеттің бірлігі жайлы теориясы, Джеймс-Лангенің эмоцияның перифериялық теориясы.

Зерттеу әдістері мен әдістемелері:

  1. Балалардың ерте жастан жылдам дамуын зерттеу (М. Монтессори әдістемесі)
  1. Эмоцияны бағалау шкаласы (Б. И. Додонов)
  2. Баланың ерте дамуы және оқыту ерекшеліктері (Ф. Фребель әдістемесі)
  3. Бақылау.
  4. Эмоционалды көңіл-күйді өзіндік бағалау әдісі. (Ағылшын психологтары А. Е Уэссман және Д. Рикс бойынша өңделген)
  5. Балалардың сенсорлық дамуына арналған ойындар, тесттер, тренингтер.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: мектепке дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктеріне және сенсорлық дамуына ойынның әсер ету ерекшеліктеріне арналған қазақ тіліндегі теориялық материал толықтырылды.

Практикалық құндылығы: мектепке дейінгі балалардың сенсорлық даму жолдары, шараларын анықтау арқылы, қоршаған орта мен қарым-қатынасы мен осы орындардағы оқу-тәрбие процесін жақсартуға қол жеткізуге болады. Балалардың сенсорлық қабілеттерін дамытуға арналған ойын-жұмыстарының кешені оқытушы-тәрбиешілердің бірден-бір негізгі құралдарының бірі болмақ.

Дипломдық зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Дипломдық зерттеу жұмысының жалпы көлемі 68 бет.

Дипломдық зерттеу жұмысының базасы: Мектепке дейінгі ұйым.

1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Сенсорлық тәрбие түсінігінің теориялық сипаты

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.

Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады. өзінің айқындығы мен дәлдігі жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай болады. Эйдетикалық ес - жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады [10, 81 б. ] .

Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. «Сенсор» сөзі латынның «Sensus» - «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан /7/. Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.

Педагогикалық сөздікте «сенсор» ұғымына « . . . 1) жеке рецептор, 2) рецеторлы мүше» деп атап көрсетілген.

Сенсорлық бейімделу- организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.

Сенсорлық бөлік - орталық жүйке жүйесінің өрлеме нейрондардың ұштары болып табылатын бөлігі. Мыс. : көру аймағы, соматосенсорлық бөлік және т. б.

Сенсорлық ес - сезім органдарына түсетін ақпараттарды сенсорлық өңдеудің өнімдерін өте қысқа уақыт бойында есте ұстауды қамтамасыз ететін гипотезалық ес жүйкешесі. /8/.

Сенсорлық тәрбиеге екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл -ой күштері.

Ойлау дегеніміз не? Ойлау деп - заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті айтады. Ойлау - таным іс-әрекетіндегі күрделі үдеріс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалыстың адам миында бейнеленуі /9/.

Ой - түйсіну, қабылдау, елестетуден алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау - барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбиеге қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Тәрбиешінің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, балалардың ақыл- ой қабілетінің дамуын әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму үдерісінде алатын орны туралы сөз етейік .

Нақты логикалық ойлау - біздің затты тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс- әрекетінде байқалады.

Сенсорлық даму және ойлау білігінің негізі ойлау операцияларын меңгеруде қажет етеді . Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация жатады .

Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады .

Синтез - заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне - бірі қарама- қайшы ойлау операциялары болғаны мен, олар бір- бірімен үздіксіз байланыста болады.

Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады .

Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты. Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу (классификация) деп атайды.

Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгере және нәтижелі қолдана білу тәрбиешінің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді /10/.

Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, балалар барлық оқу іс-әрекетінде негізгі дүниетанымдық жұмысты бекітеді, баянды етуді талаптандырады. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - ақыл-ой қызметінде, білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту. Ғылымның, техниканың және мәдениеттің қарқынды дамуы мен байланысты бұл міндет ерекше үлкен мәнге ие болып отыр. Оны шешпейінше талаптылық пен білуге құштарлықты дамыту, ауқымды ғылыми информациядан бағдар табуды қалыптастыру мүмкін емес .

Сенсорлық даму - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді . Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың сенсорлық дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Сенсорлық дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Сенсорлық тәрбиені неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл- ой дамуының негізгі көрсеткіштері - білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді .

Сенсорлық тәрбие -балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы . Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауы, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.

Сенсорлық тәрбие - адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім - тәрбиенің негізгі бір саласы. Сенсорлық тәрбие арқылы балалардың оқып білім алуына іс - әрекетін бағыттау - сана сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт - бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан - жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі /10/.

Сенсорлық тәрбие - тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

1. 2 Мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру мәселесінің педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде зерттелуі

Баланың сенсорлық дамуы - бұл заттардың сыртқы қасиеттері туралы ойларының қалыптасуы және оны қабылдай білуі: олардың пішіні, түсі, көлемі, кеңістіктегі орналасуы, сонымен қатар иісі, дәмі т. б. мектепке дейінгі жаста сенсорлық дамудың мәнін бағалау қиын. Дәл осы жаста сезім мүшелерінің әрекетін жетілдіру, қоршаған орта туралы білімін жинақтауға қолайлы кез. Мектепке дейінгі педагогика саласындағы атақты шетелдік ғалымдар (Ф. Фребель, М. Монтессори, О. Декроли), сонымен қатар педагогика мен психологияның атақты Ресейлік өкілдері (Е. И. Тихеева, А. В. Запорожец, А. П. Усова, Н. П. Сакулина т. б. ) толыққанды сенсорлық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған сенсорлық тәрбие мектепке дейінгі тәрбиелеудің негізгі жағы болып саналатынын айтқан.

Сенсорлық даму, бір жағынан баланың жалпы ақыл-ойының дамуының іргетасын құрайды, бір жағынан өзіндік мәні бар, өйткені толыққанды қабылдау баланы балабақшада, мектепте оқыту үшін қажет. Қоршаған орта құбылыстары мен заттарын қабылдаудан тану басталады. Танудың басқа түрлері - есте сақтау, ойлау, елестету - қабылдау негізінде құралады. Сондықтан қалыпты ақыл-ойдың дамуы толыққанды қабылдауға сүйенусіз мүмкін емес.

Мектеп жасына дейінгі баланың бойына ақыл -ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл -ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады.

Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Ресейлік ғалым Н. М. Щелованов нәресте кезеңді сенсорлық тәрбие берудің «алтын кезеңі» деп атап көрсеткен.

Мектепке дейінгі педагогика тарихының әртүрлі даму кезеңдерінде бұл мәселе бойынша көптеген ғалымдар (Я. А. Коменский, Ф. Фребель, М. Монтессори, О. Декроли, Е. И. Тихеева және т. б. ) балаларды заттардың қасиеттері мен ерекшілтерін таныстыратын әртүрлі дидактикалық ойындар мен жаттығуларды жасады.

Ғалымдар А. В. Запорожец, А. П. Усова, Н. П. Сакулина, Л. А. Венгер, Н. Н. Поддъяков және т. б. жалпы сенсорлық тәрбие бойынша көптеген ой-пікірлерін айқындай отырып сенсорлық тәрбие жүйесінің қалыптасуына өз ықпалдарын тигізді.

Кеңес педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі /1/.

Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негізгілерін айқындай білуі керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі балаларды жануарлармен таныстыру құралы ретінде
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Мектеп жасына дейінгі балалардың дидактикалық ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған эксперименттік жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі топта дидактикалық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін дамыту
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірбиесі
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану әдістері мен тиімділігі
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
5-6 жастағы балалардың экологиялық мәдениетін дидактикалық ойындар негізінде тәрбиелеу
Баланың бірінші әрекеті - ойын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz