Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және қалыптасуы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атынадығ Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Балалар ұжымы дамуының негізгі сатылары және қалыптасуы»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2018ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 тарау. Оқушылар ұжымы - мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
1. 1. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру . . . 6
1. 2. Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі . . . 10
2 тарау. Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оқыту процесінің ролі
2. 1. Оқытуды ұйымдастырудың формалары тұралы ұғым . . . 21
2. 2. Даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 29
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33
Кіріспе
Тақырыптың көкейкестілігі: ХХ1 ғасыр - Қазақстан үшін әлемдік қауымдастықтың салмақты орынды иелену және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жас ұрпақ санасында отаншылдық, ұлттық рухтың оянып қалыптасуына мектептегі білім берумен қатар тәрбиелік ахуалдың әсері орасан зор.
Тәрбие жұмысының ең негізгісі- ұжымда жеке адамды тәрбиелеу, сондықтан да оқушыларды ұжымдық тәрбиелеу педагогтардың алға қойған міндеттерінің бірі.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігін, оның тәрбиелік кызметін ашуды негіздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негізі де бар. Ұжым тәрбиелік ықпал жасау үшін оның дамуы, ілгері жылжуы керек. Балалар ұжымы олардың өмірі мен катынастарының жүйесі ретінде бір орнында тоқырап кала алмайды. Даму, ілгері қозғалу-ұжым өмірінің заңы. Бұл жерде қозғалыстың себсбін, дамудың мүм-кіндігінің сырын ашып алған жөн.
Мұндай психологиялық күш - болашақ үміт дүниесі. Адамның болашаққа ұмтылуы, өміргс үміт артуы, адам мсн ұжым дамуының маңызды сәттерінің бірі. Болашақ үміт дүииесінде адам қажеттігінің мәдени және материалдық жиыны, оның даму деңгейі, бүкіл моральдық бейнесі айқындалады. А, С. Макаренко болашақ үміт дүниесінің псдагогикалық маңызды ерекшсліктерінің бірі - баланың алдында мақсат жүйесі ретінде ашылып, ол баланы тілеген нәтижеге жету мүмкіншілігімен еліктіреді, өзінің және ұжымның болашағын құруға катынасу ынтасын, қуанышты көңіл күйі мен ілгері ұмтылуын туғызады дсп есептеді. Қалыптасқан қажеттіліктерді, тілектерді, мүдделерді қанағаттандыруға ұмтылу окушының іс-әрекетін әлеуметтік құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Жалпы ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін, жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлері және халық ағарту органдарының озат өкілдері А. В. Луначарский, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский аса зор көңіл аударып келді.
А. В. Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негізіг жағдайы ұжым болады деді. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам біздің заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүддені жеке басының мүддесінен жоғары санайтын болуы тиіс.
Н. К. Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады. Мектептегі қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына үлкен мән берді.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудің бір ізді педагогикалық теориясын жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейін құндылығын сақтауда және іс-әрекеті, қарым-қатынас дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым өмірінде шығармашылық дамудың негізі болды.
В. А. Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес қосты. Оның пікірі бойынша әрбір бала тәрбиесі ұжымда негізгі тәрбие құралы болды. Балалар мен тәрбиешілер арасындағы қарым-қатынас ұжымдық қатынастың даму даму процесі.
Басқарудың және оқушылар ұжымымен тікелей қарым-қатынаста болатын субьект- бұл педагогикалық ұжым. . Бұл туралы орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұиыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық тұрғыдан болашақ үміт дүииесі деп тұтас ұжым балалар тобы, баланың тұлғалық мәні дамуының ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыратын, ұжым мүшелерінің даму дсңгейіне олардың жас және дербес ерекшеліктеріне қоғам талабына сәйкес келетін міндеттерді, мақсаттарды, істерді түсінуіміз керек.
Зерттеудің объектісі- оқу-тәрбие процесіндегі оқушылар ұжымы
Зерттеудің мақсаты - мектеп оқушыларын ұжым ретінде қалыптастыруға бағытталған іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыра отырып, ұжымды балаға ықпал жасайтын құрал ету.
Зерттеудің міндеттері:
- тақырыптың мазмұныныа байланысты «оқушылар ұжымына» теориялық тұрғыдан сипаттама беру;
- «оқушылар ұжымы» мен «педагогикалық ұжымның» қарым-қатынасы жөнінде қалам тартқан ұлы педагогтар мен ғалымдардың еңбектерімен танысу;
- озық тәжірибелі ұстаздардың іс-әрекеттерімен танысып оны практика жүзінде қолдана білу;
Зерттеу әдістері- тақырыптың мазмұныныа байланысты тәжірибелі педагогтардың еңбектерін сұрыптау, бақылау, байқау, сұрақ-жауап әдістерін қолдану. Дерек көздерін пайдалану.
1 тарау. Оқушылар ұжымы - мектепте тәрбиені ұйымдастырудың негізгі формасы
1. 1. Оқушылар ұжымы мен педагогикалық ұжымның қарым-қатынасы, оларды топтастыру
Тәрбиелеудің жаңа шарттары мектепте тәрбие қызметінің жаңа формасы оқушылар ұжымын тудырды. Ол жеке адамның жан-жақты дамуына мейлінше жақсы жағдайлар жасайды. А. С. Макаренко көпжылдық педагогикалық тәжірибені қорытып-талдау негізінде: егер балалар ұжымы нағыз ұйым болса, онда ғажайып нәрселер жасауға болады деген.
Оқушылар ұжымы- оқушылардың жалпы мақсатпен және қоғамдық пайдалы бірлескен еңбекпен топтасқан тұрақты бірлестігі. Дені таза және топтасқан оқушылар ұжымына тән сипаттар - идеялық нысаналылық, оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру, оқушылардың өзара тығыз әрекет етуі, жалпыға бірдей жауапкершілік, ұжымның жеке мүшелеріне жоғары талап қоюшылық. Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі - дені таза қоғамдық пікір, сенім мен жоғары талап болуы. Сондай-ақ, топтасқан оқушылар коллективі үшін онда игі дәстүр, алға тартымды перспектива қою, сергек, көңілді күй, жоғары тәртіп орнату, сын мен өзара сынды дамыту тән. Оқушылар ұжымы - бұл өзіндік әрекетке ие ұйым, ол оның барлық мүшелері әр түрлі іс-әрекет ұйымдастыруда дербестік және инициатива көрсеткен жағдайда өсіп, дамиды.
Оқушылар ұжымының тәрбиелік ролін көтеру - мектептің даму тенденциясының бірі. Жақсы ұйымдастырылған ұжымда үш негізгі қызмет: ұйымдастырушылық, идеялық-тәрбиелік және әр алуан іс-әрекетті ынталандыру қызметі ойдағыдай орындалып отырады.
Тәрбие процесін ұйымдастыру жайында сөз қозғалғанда, оны жарақтауды есте тұтудың маңызы үлкен. Тәрбиеші оқушыға тікелей әсер жасай алады, бірақ оған жолдастары арқылы, оқушылар коллективі арқылы да әсер жасай алады. Жеке адамға тәрбиелік ықпал жасаудың негізгі формасы, негізгі құрал-жарағы оқушылар коллективі болады. .
Педагогика оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу жөніндегі мәселені шешу кезінде жеке адам мен коллективтің ара қатысы туралы маркстік-лениндік ілімді басшылыққа алады, аса көрнекті педагогтарының теориялық тұжырымдарына және тәжірибелерге арқа сүйейді. Бұл тәжірибе ұжымның тәрбие берудің өте маңызды және ешнәрседен ауыстыруға болмайтын формасына айналғаның көрсетеді. Жеке адамның жан-жақты дамуы үшін қажетті жағдай ұжымда ғана жасалады. Әрине, ұжымда жеке адамға автоматты түрде әсер етпейді.
Ішкі ұжымдық қарым-қатынастарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы үлкен. Олар жеке-дара даму үшін қолайлы, қолайсыз және екіталай болуы мүмкін. Педагогтардың міндеті - оқушылардың бір-бірімен араласуын ұйымдастыру, оқушылар коллективінде дұрыс өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Мұның өзінде араласу оқушылардың бір-біріне ықпал жасауын ғана емес, өзара әрекеттес болуды, өзара әсер етуді, өзара тәрбиені де қарастырады.
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субьектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалына біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. «Тәрбиешілер ұжымы болуы керек, - деп жазды А. С. Макаренко -тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде және біртұтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбие роцесі болуы мүмкін емес».
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның өзіндік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті.
Ұжым өз ішінде байсалды сын және өзара сын, оның мүшелерінің теріс қылықтарын коллектив болып айыптау бар жағдайда тәрбие берудің қуатты құралына айналады. Егер оқушылар кемшіліктер туралы батыл да ашық айта алатын болса және іскер және принципті сынды дұрыс қабыл ала білсе, мектепте жақсы қасиеттерді қалыптастыру ойдағыдай өтеді. Жөнсіз қылықтар ескерусіз қалмайды. Оларды мұғалімдердің, мектеп басшыларының нұсқауын күтпей-ақ оқушылардың өздері-ақ айыптайды.
Сынып ұжымында сын мен өзара сынның даму деңгейі көбіне оның топтасу дәрежесіне байланысты болады. Ұжым неғұрлым топтасқан сайын онда кемшіліктер мен лайықсыз қылықтар соғұрлым батыл сыналады. Бұл сын тіпті тым шашаулау жүргендердің өзін өзі мінез-құлықтары туралы ойлануға және оны түзетуге, кемшіліктерді жоюға көндіреді. Жолдастардың қатал, бірақ, әділетті сыны әдетте мұғалімдердің ақыл айтып, кеңес беруінен әлдеқайда әсерлі. Көптеген мектептердің тәжірибелері ұйымшыл және топтасқан коллективтің класта іріткі салушыларға коллектив көмегіне сүйенбейтін мұғалімдерден гөрі, әлдеқайда тиімді әсер ететінін көрсетіп отыр.
Оқушылар ұжымы тәрбие беруде «қатар әрекет жасау пе-дагогикасык» ойдағыдай қолдануды қамтамасыз етеді. Ұжым неғұрлым топтасқан болса, педагогтар мен оқушылар ұжымы, органдарының қатар әрекеті жасауы соғұрлым күшті және тиімдірек болады. Мұның өзі коллективті тәрбиелік ықпал және оқушылардың өмірін ұйымдастыру объектісінен тәрбиелеу, тәрбиелік, қарым-қатынастарды дамыту субъектісіне апналдыруға жәрдемдеседі.
Тіпті, өте талантты педагогтың бір өзі, ол оқушылар ұжымына сүйене отырып қол жеткізерліктей табысқа жете алмайды. . А. С. Макаренконың тәрбие беретін мекемелердегі көпжылдық тәжірибесі негізінде дұрыс, советтік тәрбие тұтас, күшті, әсерлі коллективтер құру жолымен ұйымдастырылуы тиіс деген қорытындыға келуі тегін емес. Ол оқушылар коллективін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ең басты формасы ретінде қарастырылады.
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбие беру жеке-дара ықпал жасауды, әрине, жоққа шығармайды, оны да қарастырады.
Оқушылар ұжымын ұйымдастыру, топтастыру және тәрбиелеудің ролі үлкен. Олар оқушылар ұжымының өмірі мен жұмысына идеялық мазмұн береді және класс, жалпы мектеп ұжымдарының сүйеніші болып табылады.
Мектептің ұйымы. Қазіргі жағдайда мектеп ұйымдарының алдына қойған міндеттерді ойдағыдай шешуге көмектесуге жұмылдырылған: саяси жағынан белсенді, істі білетін, еңбекті сүйетін және жұмыс істей алатын, өз Отанын қорғауға әрқашанда дайын адамдар ұрпағын калыптастыруға септігін тигізу. Жігіттер мен қыздардың саяси, еңбек және адамгершілік шыңдалысын күшейту, оларда білімге, мәдениетке, кәсіптік шеберлікке, халық игілігін сақтауға деген ұмтылысты тәрбиелеу әр ұйымының жауынгерлік нақты ісіне айналуы тиіс. Мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар берудегі ролі үлкен.
Мектеп ұйымдары мектептің өндірістік еңбек коллективтерімен жанды байланысын жүзеге асыруға жәрдемдеседі. Бұл еңбекке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру, оқушыларды өмірге, еңбекке даярлау міндеттерін ойдағыдай шешуге көмегін тигізеді, олардың идеялық-адамгершілік тәрбиесін жетілдіруте себепші болады. Бұл мәселелер айрықша үлкен орын алады.
Мектептегі жылдар - жеке адамның идеялық-адамгершілік жағынан қалыптасуында мейлінше маңызды және жауапты кезең. Дәл осы жылдарда дүниетаным мен жоғары идеялылығының негізі салынады. Бұған ғылым негіздерін игеру, басшылыққа алынатын документтерін оқып-үйрену.
1. 2. Балалар ұжымы және оның тәрбие беру мүмкіндігі
«Ұжым» деген ұғымның өзі тәрбиеленушілер бірлестігі деп түсіндіріледі. Мұндай ұжымның өзіндік маңызды белгілері бар:
1. Жалпы әлеуметтікмәнді мақсат: кез келген топта. трамвайға мінген жолаушыларда да, ұрлық істелген қылымыскерлерде де мақсат болады. Ұжымның мақсаты қоғамдық мақсаттармен сәйкес келеді, яғни өкісет заңдарына, конститутцияға, басшы идеологияға сай келмей, қоғам мен мемлекеттік қолдау көрмейді.
2. Жалпы бірліктегі іс-әрекет: қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы біріккен іс-әрекет ұйымдастыру қажет. Адамадар белгілі бір мақсат жолында ұжымдарға бірігеді. Ұжым мүшелерін ерекшклейтін белгі- олардың іс-әрекет қорытындысы үшін болған жоғары өзіндік жауапкершілігінің болуы.
3. Жалпы таңдалған басқарушы орган: ұжымда демократиялық қатынас пайда болады. Басқару органы ұжымның беделді мүшелерін ашық және тікелей таңдайды.
Жақсы ұйымдасқан ұжымда бір-біріне көмек, бір-біріне жауапкершілік, дұрысын айту, өзін-өзі сынау, бәсекелестік сияқты сана қалыптасады. Жоғарыда аталған белгілері бар ұжымда еңбекке, адамдарға, жеке және қоғамдық міндеттерге гуманистік қатынастар жүйесі қалыптасады.
Ұжым үнемі өзгеріп отырады. Өйткені оның құрамындағы адамдар ауысып отырады. Сол үшін педагогикалық жетекшілер қарым-қатынас және әсер ету жобаларын жиі өзгертіп отыруға міндетті. Тәрбиені ұжымдағы қарым-қатынас құрылымының көп деңгейлігін ескере жүргізу қажет.
Тәрбиенің басты міндеті - балаларды дамытудың әр түрлі деңгейіне бара-бар қатынастың қазіргі кездегі тәжірибесін форма есебінде беру ғана емес, сонымен бірге жеткіншектерді жаңа, неғұрлым жоғары қоғамдық қарым-қатынас деңгейіне бағыттап дайындау. Адамның тұтас жеке басын қалыптастырудың аса маңызды шарты мен құралы коммунистік тәрбиенің идеялық-саяси құралы, адамгершілік, еңбек эстетикалық және басқа жақтары балалар коллективі болып табылады. Оны жалпы да өзіне тән белгілердің жиынтығын сипаттайды.
Тәрбиені ұйымдастыру формалары және оларды жіктеу. Күрделі де көпқырлы тәрбие процесі әр түрлі формалардың көмегімен жүзеге асырылады. Олар өте өзгермелі, серпінді келеді. Оларды таңдау тәрбие жұмысының мазмұнына, оқушылардың жас шамасына, тәрбиешілердің шеберлігіне және тәрбие процесі өтетін басқа жағдайларға байланысты болады.
Тәрбиені ұйымдастыру формасы - деген көп жағдайды қамтитын кең мағыналы ұғым. Ол тәрбие қызметін ұйымдастырумен байланысты нақты процестерді белгілеу үшін қолданылады. Егер тәрбиені ұйымдастыру формасын ең жалпы түрінде қарастыратын болсақ, онда олар тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасында қалыпқа түсіп келе жатқан қарым-қатынастарды, сондай-ақ балалар коллективіндегі тәрбиелеу процесіндегі қарым-қатынастарды бейнелейді. Осы қарым-қатынастар қалай қалып алып келе жатқанына, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің қандай позицияда тұрғанына байланысты тәрбие процесі белгілі бір ұйымдастырушылық формаға келтіріледі. Олар басшылық ету және бағыну қарым-қатынастарын, жұмсалатын күштің орны анықталуын, тәрбиелік қызметтің жоспарлануы мен ұйымдастырылуын, оның нәтижелерінің есепке алынуы мен бағалануын сипаттайды.
Педагогикалық әдебиетте оқушылардың қалайша ұйымдастырылғанына байланысты (тәрбие процесіне бүкіл класс, оқушылардың шағын топтары мен немесе жеке оқушылар қатыстырыла ма) тәрбие формаларының жіктелуі беріледі. Соны есепке алудан мынадай формалардың беті ашылады: жаппай немесе бұқаралық топтық немесе үйірмелік және жеке-дара. Бұл әлдеқайда көп таралған жіктеу. Ол ұйымдастыру формаларын көрсетеді, мұнда тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің тәрбие процесіндегі қарым-қатынастары, олардың араласу формалары бейнеленеді.
Тәрбие қызметін ұйымдастыру формаларын тәрбиелік ықпал жасау методикасына байланысты жіктеуге талпынушылық та бар. Мұндай жіктеуде тәрбие формалары мынандай топтарға бөлінеді: сөздік, (саяси-хабарлар, жиналыстар, жиындар, линейкалар, лекциялар, баяндамалар, оқырмандар конференңиялары, диспуттар, кездесулер, ауызша газеттер, радио, журналдар т. с. с) ; практикалық (жорықтар, экскурсиялар, спартакиадалар, олимпиадалар мен конкурстар, пионер және комсомол әрекеттері ауқымындағы жұмыстар, қызыл ізшілдердің іс-әрекеті, техникалық творчество, жас натуралистер үйірмелері, сондай-ақ сенбіліктер, т. с. с) ; көрнекілік (мектеп музейлері, лениндік мүйістер, бөлмелер, мен залдар, соғыс және еңбек ерлерінің галереялары, кіші третьяков галереялары, көркем творчество көрмелері, кітап көрмелері мен жаңа кітаптар жаймалары, тақырыптық стенділер, т. б. ) Мұндай жіктеу ең алдымен тәрбиелік шараларды бір рет өткізуді мегзейді (саяси хабарлар, әңгімелер, экскурсиялар, жорықтар т. с. с) . Рас, практикалық және кернекі формалардың кейбіреулері белгілі бір бағытта ұзақ уақыт тәрбиелік жұмыс өткізуді көздейді. (Мысалы, қызыл ізшілдердің қызметі, тимуршылар жұмысы, мектеп музейлері) .
Тәрбиелік ықпал жасау сипатына қарай жіктеудің шартты сипатта болатынын да есте ұстау қажет. Тәрбие практикасында сөздік, практикалық және көрнекілік формалар тығыз астасып жатады ғой. Мысалға, саяси хабарларды, оқырмандар конференцияларың өткізу практикалық істермен байланысты. Саяси хабарлар, конференциялар барысында әр түрлі көрнекілік құралдар пайдаланылатыны да аз емес (портреттер, карталар, схемалар, диапозитивтерді, кинофильмдерді керсету т. с. с) . Істің мәні қандай формалардың басым екендігінде, негізгі, жетекші болатындығында.
Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеу-меттік-мәдени (өмір және әрекет-қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қаты-нас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сәйкестігімен (көңіл-күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін кұрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы - тәрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тәрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты әрвкеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
«мақсаты тұлға қалыптастыру болған әлеуметтік процесс» мәні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тәрбие деп ататуы мүмкін.
«әлеуметтік процесс» мәні - тәрбие әрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-әрекеттерді арнайы түрі.
«тұлға қалыптастыру» мәні - бұл тәрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, әкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс) . Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет және тәрбиеленушінің жауап іс-әрекеті.
«арнайы ұйымдастырығған тәрбиелік жүйе» мәні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-әрекет процесінде қандай да жалғыз әдіс, тәсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бәрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нәтижесі тиімді болады.
«тәрбиелеушімен тәрбиеленушінің ықпалдасты әрекеттері» мәні-тәрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нәтижесі жөнінде әңгіме болуы мүмкін емес.
Тәрбие процесінде ықпалдасты іс-әрекеттердің арқасында тәрбие-ленуші ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тәжірибені игереді. Осыдан. тәрбиелеушінің басты міңдеті - оқушыны көргенін, оқығанын кайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті әрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тәрбие- бұл әрқилы іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тәрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық - іс-әрекеттік атауын алған. Оның мәні: адам барша әлеуметтік тәжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, әрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық - іс-әрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бәрінің негізі-ортақтасу (общение) :
- іс-әрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен әлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тәрбие-көзделген мақсатқа жеткізуші тәрбиелеуші мен тәрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.
Тәрбиенің күрделі процесінде ұйымдастырудың белгілі бір формасын қанағат тұтып қалуға болмайды. Тәрбие жұмысына қойылатын аса маңызды талап - оны ұйымдастырудың алуан түрлі формаларын қолдану.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz