Балалардың ерік жігерін тәрбиелеу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Педагогика және психология
кафедрасы

Өзіндік жұмыс
Тақырыбы:
Балалардың ерік жігерін тәрбиелеу

Орындаған:
Тексерген:

Орал - 2018
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І. Ерiк психологиясы
1.1. Ерiк туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..5
1.2. Ерiк жайлы негiзгi
теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...7
1.3. Ерік және оның
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..10
1.4. Ерiктiң физиологиялық
негiздерi ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3

Қорытыды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .18
Кіріспе
Адам тек түйсiк, қабылдау, ес, қиял, ойлау арқылы дүниенi танып қана
қоймайды, оны сонымен қатар өзгертедi, оған ықпал жасайды әрi өзiнiң
қажеттiлiктерiне орай бейiмдейдi. Алайда қажеттi нәтижеге жету үшiн адамға
белгiлi бiр күш жұмсауына және кездескен кедергi мен қиындықтарды жеңуiне
тура келедi. Жалпы адамның өз көңiл қалауына, тiлектерiне қарамай iстеуге
мәжбүр болатын, бiрақ қажеттi әрi саналы түрде ақыл-парасатқа негiзделген
әрекеттердiң тууын қамтитын психикалық реалдықты, болмысты түсiндiру үшiн
ерiк деген ұғымды қолданамыз.
Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару
қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету
жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының
маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық
процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр
әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден
тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады:
белсендiрушi және тежеушi.
Ерiктiң арқасында адам өз қалауы бойынша, саналы ұғынылған
қажеттiлiктен шыға отыра, алдын ала ойлаған, жоспарлаған әрекеттерiн
жүзеге асыра алады. Ерiк белгiленген мақсатқа жету жолында адам бойын
кернеген эмоция мен сезiмдердi тежеп отыратын, қуаныш пен қызығу
тудырмайтын, алайда қажеттi iс үшiн жағымды жайттардан бас тартуға
мәжбүрлейтiн мiнез-құлықтың реттеушi қасиетi боп табылады. Сонымен, ерiк
бiр жағынан, адамның әрекетiн бағыттайды не тежейдi, екiншi жағынан,
белгiлi бiр талаптар мен мiндетттерден шыға отыра психикалық iс-әрекеттi
ұйымдастырады.
Ерік – әрекет-қылықтық саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік
деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында әрекет-қылық белсенділігін
жұмылдыру.
Еріктік әрекет болашаққа бағышталады, оның эмоциядан ерекшелігі –
ағымдағы жағдайларға тәуелсіз.
Ерік әлеуметтік қалыптасқан психологиялық реттеуші құбылыс ретінде
танылған. Еріктік реттеу негізінде іс-әрекеттің объектив шарттары, адамның
қандай да бір әрекет-қылық қажеттігін түсінуі жатыр. Барша ерік әрекеттері
саналы орындалады. Еріктік әрекет барысында эмоциялар (көңіл шарпулары)
басылып, адам өзіне өзі билік жүргізеді. Ал бұл биліктің деңгейі адам
зердесіне, оның психикалық реттеу сапаларының жүйесіне тәуелді.
Қажетті нәтижеге жету жолында табандылық көрсету осы ерік мәнін
құрайды.
Ерiктiк реттеу пайда болу үшiн белгiлi бiр шарттар болуы тиiс. Ең
әуелi- кедергi-қиындықтардың болуы. Адам мақсатқа жету жолында қиындыққа
кездескен жағдайда ғана ерiк көрiнедi. Бұл кедергiлер сыртқы не iшкi болуы
мүмкiн. Сыртқы кедергiлерге уақыт, кеңiстiк, заттардың физикалық
қасиеттерi, өзге адамдардың қарсы iстелетiн әрекеттерi жататын болса, iшкi
кедергiлер мазмұнына- адамның қатынасы мен бағдары, бiлiмiнiң аздығы,
ерiншектiгi, енжарлығы,ықыластың жоқтығы, шаршауы, сырқат күйi және т.б.
кiредi. Сыртқы және iшкi кедергiлер санада бейнелене отыра, ерiктiк күш
салу тудырады. Ол қиындықты жеңге қажет тонус жасайды, жұмылдырады.
Өмiр практикасында жеке қылықтар мен әрекеттерден тұлғаның ерiктiк
ұйымдасуы қалыптасады. Ерiктiк қасиеттер тұлғаның ажырамас белгiсiне
айналады.
І. Ерiк психологиясы
1.1. Ерiк туралы ұғым
Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті.
Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған
талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның мақсаты,
қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің,
жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл —
адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы
әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған
істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да
істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ
сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға
қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан
алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар
тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі
белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін,
адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.
Әрбір жеке адамнық ерікті іс-әрекеттерінін өзіндік синаты бар. Бұл
сипат қоғамдық манызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс-әрекеттерді соған
бағындырып, өзінін жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік — адамның
қарқынды іс-әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамнын мінез-құлқы .мен
әрқилы істерді орындауға ұмтылуы маңызы зор, мақсатты істерді орындауға
бағытталады. Адам еркінін, көрінісі оның саналы түрдегі іс-әрекетінен
байқалады. Қиын қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге
асыруға қажетті құрал табады.
Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ,
олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап,
рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен жеңіп шыққанын көреміз. Бұған мысал
ретінде Шығыстың, қос жұлдызы атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан
соғысындағы ерлігін айтуға болады, Ел басына күн туған шақта туған жерге
деген сүйіспеншілік осынау нәп-нәзік қазақ қыздарының бойына күш-жігер, рух
берді. Олар ерлік пен батылдықтың"өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын
пида етті. Бұл да — адам еркінің бір көрінісі.
Ерiк дегенiмiз, И.М.Сеченовтың сөзiмен айтқанда - сезiмнiң әрекет жағы.
Бiздiң толғаныс-тебiренiстерiмiз, яғни сезiмдерiмiз мазмұнды болады.
Күнделiктi өмiрде бiз түсiнiп қабылдағандарымызды не ұғынғандарымызды ғана
емес, осы мазмұнға сай туатын тебiренiстердi де басшылыққа аламыз. Сезiм
әрекет, қылықтарға итермелеу рөлiн атқарады. Сондай-ақ көңiл-күй мiнез-
құлықты ұстамды ету құралы да бола алады. Мәселен, ұят сезiмi жағымсыз
қылық жасауға тыйым салғандай болады, одан сақтайды. Кей кезде сезiмге
берiлмей әрекет жасау қажеттiгi туады. Мысалы, түнде далаға шығу қорқынышты-
ақ, әйтседе адам қорқыныш сезiмiн басып, керектi нәрсенi алып келедi. Адам
жұмысқа бөгет болатын болса, қызығулардан, ойындардан, ұнайтын iстерiнен,
шылым шегу, арақ iшуден бас тартуы мүмкiн. Дәл осы жерде ерiк өзiнiң басты
қызметiнiң бiрi – тежегiштiк қасиетiн көрсетедi.
Ерiк проблемасын арнайы зерттеген ресейлiк психолог В.А.Иванников ерiк
өлшемiнiң төрт типiн бөлiп көрсетедi Оның айтуынша ерiк өлшемi мыналардан
көрiнедi: 1) Ерiктiк әрекеттерден; 2)Мотив пен мақсатты таңдаудан; 3)
Адамның iшкi күйi, әрекетi мен әр түрлi психикалық процестерiн реттеуден;
4) Тұлғаның ерiктiк қасиеттерiнен;
Сөйтiп, адамның өзге тiршiлiк иелерiнен елеулi айырмашылықтары оның
сана мен интеллектен басқа ерiк күшiнiң болуында, олсыз бүкiл
қабiлеттiлiктер құр жай бекер сөз болып қалмақ.
1.2. Ерiк жайлы негiзгi теориялар
Жалпы ерiк проблемасы XVIII−XIX ғасырларда психологиялық зерттеулерде
негiзгi мәселелердiң бiрi болып табылатын. Алайда XX ғ. психологиядағы
жалпы дағдарысқа байланысты ерiктi зерттеу екiншi орынға ығыстырылып қалды.
Зерттеулер жүргiзiлгенiмен, тар көлемде болды. Қазiргi психологияның
ұғымдық жүйесiн талдай келе, психология тарихшысы М.Г. Ярошевский ерiк
ұғымы ХХ ғ.-дағы психологияның негiзгi ұғымдары қатарына кiрмейтiнiн атап
өттi. Ал АҚШ психологиясында “ерiк” терминi iс жүзiнде қолданылмайды екен.
Тiптi психология жайлы көптеген оқулықтарда ерiк туралы тараулар жоқ. Тек
кейiнгi кездерi ғана оған қызығу қайта ояна бастады. Ерiк мәселесiне
қатынастың бiрде олай, бiрде бұлай болып өзгерiп тұруының сыры неде?
В.А. Иванниковтың көзқарасы бойынша, ерiк психологиясы саласындағы
зерттеулерге деген қызығудың төмендеуiне үш себеп бар көрiнедi: 1)
әдiснамалық қиындықтар; 2) ерiктi теориялық түсiнудегi қиындықтар; 3)
зерттеудiң әдiстемелiк қиындықтары. Сонымен, ерiк туралы түсiнiктiң
дамуында қандай тұрғылар мен бетбағыттар бар, соған келейiк.
Бiз жоғарыда айтып кеткендей, ерiк ұғымына антикалық ғылымда неғұрлым
айқын әрi дәл мағына берген Аристотель. Оның айтуынша, ерiк ұғымы адамның
тiлек, қалауына негiзделмеген, керiсiнше адамның қаламаған, бiрақ қажеттi
және ақыл-парасатқа, саналы түрде қабылдаған шешiмдерiне сүйенiп
iстелiнетiн әрекеттерiн түсiндiруге арналады. Аристотель тұңғыш рет
психологиялық ұғымдар жүйесiне енген әрi өзiн түсiндiру үшiн ерiк ұғымын
қажет ететiн ақиқат болмысты сипаттаған. Ондай болмыстар қатарына
жататындар: әрекеттi таңдау, оны тудыратын күш және өзiн меңгеру. Сонымен,
ерiк ұғымы психологияға әуел бастан-ақ түсiндiрушi ұғым ретiнде, теориялық
конструкт (құрылым) ретiнде енгiзiлген екен.
Сөйтiп, шеңберiнде ерiк проблемасы арнайы қойылған бiрiншi парадигма
немесе реалдық адамның өзiнен туындайтын әрекеттiң пайда болуы. Оны
шартты түрде ерiкке мотивациялық тұрғыдан келу деп те атайды. Ол кейiн
ерiктi өзiн-өзi детерминдеу проблемасы ретiнде зерттеудiң мықты бiр
бағытына айналады. Мұның басында Аристотель тұрғанын айта кеткен жөн.
Қазiргi уақытта мотивациялық тұрғы аясында ерiк табиғаты жайлы үш дербес
нұсқаны бөлiп көрсетуге болады. Бiрiншi нұсқада ерiк әрекет мотивациясының
бастапқы сәтiне келiп саяды (тiлек, талпыныс, аффект). Екiншi нұсқада ерiк
дербес психикалық не психикалық емес табиғаты бар және өзге ештеңеге
саймайтын әрi басқа психикалық процестердi анықтайтын жеке дербес күш
ретiнде бөлiнiп көрсетiледi. Ал үшiншi нұсқада ерiк мотивациямен тығыз
байланысты, бiрақ онымен тура дәл келмейтiн, кедергiлердi жеңуден тұратын
әрекетке қозғаушы қабiлеттiлiк ретiнде қарастырылады.
Ерiктiң мотивациялық бағытына В.Вундттың эмоциялық ерiк теориясын
жатқызуға болады. В.Вундт бойынша, қарапайым ерiк процесi қатарына
эмоциялық процестiң бiрi елiгудi (құмартып зауықтануды) жатқызуға болады.
Оның айтуынша, нақ эмоция мотивтiң мәнiн құрайды. Вундт қарапайым ерiктiк
процесте екi жайды бөлiп көрсетедi: аффект және одан шығатын әрекет.
Ерiктiң қозғаушы функциясын әдейi iстелген әрекетке түрткi болатын
механизм ретiндегi квазиқажеттiлiктiң қалыптасуымен теңестiрген К.Левин
зерттеулерi батыс психологиясын ерiк мен мотивацияны ажыратпай теңдестiруге
әкеп сайды.
Кеңес психологиясында мотивациялық тұрғы шеңберiнде ерiктi саналы
түрде кедергiнi жеңу қабiлетi ретiнде түсiну басым болды. Д.Н.Узнадзе,
Ш.Н.×хартишвили, С.Л.Рубинштейн, Л.И. Божович еңбектерiнде ерiктi әрекетке
қозғаушы қабiлеттiлiк ретiнде түсiнетiн мотивациялық тұрғы көрнiс табады.
Ерiктi зерттеудегi екiншi тұрғы “ерiктi таңдау” тұрғысынан келу. Бұл
бағыт шеңберiнде ерiк мотивтердi, мақсаттар мен әрекеттердi таңдау
функциясына ие. “Ерiктi таңдау” тұрғысы шеңберiнде ерiк туралы көзқарастың
екi нұсқасын бөлiп көрсетуге болады. Бiрiншi нұсқада ерiк жеке дербес күш
ретiнде қарастырылады (теорияның волюнтаристiк типi), ал екiншi нұсқада
ерiк танымдық процестердiң қызмет етуiне келiп тiреледi (интеллектуалистiк
теориялар).
Ерiктi зерттеудегi үшiншi тұрғыны шартты түрде реттеушi деуге болады.
Ол психологияда өзiн-өзi реттеу,басқару проблемасы ретiнде көрнiс бередi.
Ерекше дербес процесс ретiнде мiнез-құлықты реттеу идеясын айқын
тұжырымдағандар ×.Шеррингтон мен И.М.Сеченов. Олар К. Бернардың өзiн-өзi
реттеу туралы қағидасына сүйендi. Ерiктi жеке дербес күш ретiнде
мойындамады. Мәселен, И.М.Сеченов адам әрекетiнiң себебiн оған белгiлi бiр
мағына беретiн сезiмдiк қозудан, ойдан және моральдық сезiмдерден iздейдi.
Ерiктiң реттеушi функциясын өзiнiң талдау пәнiне айналдырған психолог
М.Я.Басов. Оның айтуынша, ерiк тұлғаның өз психикалық функцияларын
реттейтiн, шешiлетiн мiндеттерге сай оларды бiр-бiрiмен үйлестiретiн және
қайта құратын психикалық механизм боп табылады.
Л.С.Выготский ерiктi жоғары психикалық функция ретiнде, тарихи дамудың
өнiмi ретiнде қарастырады. Оның айтуынша, кез-келген ерiк процесi әуелден
әлеуметтiк, ұжымдық, интерпсихологиялық процесс.
Л.М.Веккер ерiктi мiнез-құлықты реттеудiң ерекше түрпiшiнi ретiнде
түсiнедi. Ол реттеудiң үш түрпiшiнiн бөлiп көрсетедi : ырықсыз, ырықты және
ерiктi. Ерiктiк реттеу мiнез-құлықты тұлға жағынан ырықты түрде реттеудiң
ең жоғары түрпiшiнi. Бұл тұлғалық деңгей.
Реттеушi тұрғыдан ерiк туралы көзқарасты дамытқан В.К.Калин. Ерiктiк
реттеудi ол саналы, затты iс-әрекеттiң мотивтерi мен мақсаттары арқылы
жанамаланған, оптималды жұмылдырылған күй ретiнде сипаттайды. В.К.Калин
“ерiктiң әрекеттiң мақсатты функциясын” объектiден субъектiнiң өзiне
ауыстыруды және “психикалық функциялардың ұйымдасуын қайта құруды” ұсынады.

1.3. Ерік және оның қасиеттері
Ерік – әрекет-қылықтың саналы өзіндік реттелуі, қажеттік не мүмкіндік
деп субъект пайымдаған мақсатқа жету бағытында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие гуманизациясы
Ерік және оқушыларды еркін тәрбиелеу мен дамыту
Эмоциялар мен сезімдер
Мектеп жасына дейінгі баланың еңбек тәрбиесі
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған түзету тобының балаларына музыкалық ырғағын қалыптастыру
Тәрбие және оның мақсаттылығы
Ерік жайлы
Еріктің дамуы және оны тәрбиелеу
Осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау
Балабақшадағы дидактикалық ойын
Пәндер