Сын есімнің шырайлары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш сыныпта сын есімді қолданудың тиімді жолдары

Орындаған:
Жетекші:

Орал-2018ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
1.1 Сын есімнің зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Сын есімнің семантиаклық топтары, шырайлары және синтаксистік қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2. Бастауыш сыныпта сын есімді оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер
2.1. Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер ... ... ... ...17
2.2 Кешенді жұмыстар жүйесі арқылы сын есімді оқыту барысында оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34

Кіріспе
Зерттеу жұмысының көкейкестігі. Бастауышта қазақ тілі пәнінен берілетін грамматикалық сауаттылықтың негізін қалайды. Сондықтан да әр сабақтың мазмұнды, теориялық жағынан ұстамды, әдістемелік жағынан түрлендіріліп жүргізгені дұрыс. Сонымен оқушылардың сауатты жазуы, орфографиялық қағидаларды меңгеруі, грамматикалық ережелерді үнемі нзарда болуы керк.
Бастауыш мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі-грамматика мектепке келумен байланысты бастауыш сынып оқушылары грамматиканы жүйелі түрде оқып үйренуге кіріседі, қазақ тілінің әдеби нормасымен таныса бастайды. Сын есім туралы толық теориялық білім беру үшін
- ғылыми әдебиеттердің негізінде сын есімнің семантикалық топтары, шырайлары мен синтаксистік қызметін ашу.
- бастауыш сыныптарда сын есімді оқытуға қойылатын талаптарды қалай іске асыруға болатынын табу.
- бастауыш сыныптарда сын есімді оқытудың қазіргі әдістері мен тәсілдерін көрсету.
- оқушылар сын есімді сапалы түсіну үшін мұғалім қандай талап қою қажеттілігін меңгерту.
- грамматика сабақтарының бастауыш мектептегі мақсаты мен міндетін көрсету.
Грамматикалық материалдармен оқушыларды таныстыру барысында балалар әрбір жаңа материалдың негізгі, басты ой түйінін ұғына алатынындай болу керек. Олай болса сын есім турлы деп аталатын сөз табы неліктен есімдер тобына жататыны, олардың өзара ұқсас, ортақ бірліктері, басқа сөз таптарынан айырмашылығын балаларға жүйелі, теориялық негіз беру керек.
Жалпы ауызша және жазбаша сөйлеу, тілді дамыту төменгі сыныптан басталады дедік. Оқушылырға грамматикада сапалы білім беріп, қажетті білік, дағды қалыптастыруда жаттығулар жүйесінде дамытуға болады.
Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тлінің морфологиялық құрылысын оқушылырға сапалы түрде меңгерту. Жаттығу жұмыстарыны барысында оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, оларды жазбаша, ауызша өсйлеуге дұрыс орынды қолдана алады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуді үйретеді. Бұл жөнінде К.Д.Ушинский: Балалардың тілі шығып, сана-сезімі өсе келе, ол сөйлеуге үйренеді; (сөздерді қолдануға) оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық топтарға бөлініп, қалыптаса бастайды. Грамматиканың міндеті - сол тәжірбие нәтижесін қорытып тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру, - болатын.
Қазіргі оқыту әдісінің барысында қолданылып жүрген негізгі әдістен бастауыш сынып оқушыларына информацияны меңгертуде түсіндіргенді қайталап айтып беруге (репродуктивті) баулу әдісі нәтиже бере алмай отыр. Яғни жаттап алынған білім мен дағдының күнделікті тұрмысында пайдаланылмайтыны белгілі. Соднықтан бастауыш сыныптарда морфологиялық ұғымдарды меңгеруде әдістемелік жағдайларға сәйкес мынадай әдістемелік міндеттер қойылады.
Жаңа бағдарлама бойынша осы айтылған мәселелердің арасында тығыз байланыс орнату қажет деп табылады. Бұрын балалардың орфографиялық дағдысын қалыптастыру грамматиаклық ұғымдарды меңгертуге, байланыстырылып сөйлеуді дамытуға бағытталған жұмыстармен байланыссыз жүргізілсе, немесе грамматикалық ұғымдарды меңгерту тілдің лексикалық және синтакситік жүйесін оқумен ұштастырылмаса,енді мұның бәрін бір мақсатқа - оқушылардың өз ойларын мазмұнды, грамматикалық тұрғыдан сауатты, стильдік жағынан ойын дәл бейнелеп айта және жаза білу дағдыларын қалыптастыруға бағындыру қажет болады.
Зерттеу нысанасы. Бастауыш сыныпта сын есімді оқытудың тиімді жолдарын анықтау, сын есімді оқушыларға меңгерту болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді технологиялар туралы мағлұмат беру.
Зерттеудің міндеттері:
- Сын есімнің зерттелу тарихына тоқталу;
- Сын есімді оқытуда қолданылатын әдістер туралы түсінік беру;
- Бастауыш сыныпта сын есімді қолданудың тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
1.1 Сын есімнің зерттелу тарихы

Бірсыпыра зерттеушілер сөз таптарының шығуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Мысалы, академик И.И.Мещанинов өзінің Сөйлем мүшелері мен сөз таптары (М., 1945) атты еңбегінде былай деді: Сөйлемде зат есім - бастауыш немесе толықтауыш, сын есім - анықтауыш, үстеулер - пысықтауыш, етістіктер - баяндауыш ретінде жұмсалады. Олай болса, сын есім сөйлем мүшесі болу арқылы бөлініп шықты, жасалынды. Сын есім сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасты. Бұл ойды тіл білімінің өкілдері А.А.Потебня мен В.М.Жирмунскийлер де жан-жақты қарастырған. Мәселен, А.А.Потебня: Сын есімдер зат есімдерден бөлініп шықты. Зат есімнен сын есімнің бөлініп шығуы дегеніміз зат есімнің атрибутивті мүше (анықтауыш) ретінде қолданылуы - деп жазды өзінің 1899 жылы шыққан Из записок по русской грамматике деген еңбегінде. Көне дәуірде зат есімдер мен сын есімдердің жігі ажырамаған. Мысалы, жас, көк әрі зат есім, әрі сын есім болуы сол көне құбылыстың ізі екенідігін көрсетеді 1,63.
Құдадғу билиг пен Һибат-ул хакайиқ тіліндегі сын есімдер. Ж.Баласағұнның Құдадғу билиг (Бақытқа бастайтын білім) дастаны мен А.Йүгінекидің Һибат-ул хакайиқ (Ақиқат сыйы) дастандарының көптеген ғалымдар тарапынан зерттеу тарихын жасаған. Аталған ескерткіштерде сын есімдердің шығу тегіне, мағыналық арақатынасына, олардың қалай қолданылатындығына назар аударған. Олардың есептеуі бойынша, екі ескерткіштегі сын есімнің жалпы саны - 284. Бөліп айтсақ Құдадғу билигте - 176, Һибат-ул хакайиқта - 96 сын есім бар. Екі ескерткішке ортақ сын есімдер сыны - 12. Ортақ сөздердің мағыналарынан алшақтық байқалмайды, қазіргі тілдегі мағыналарымен көпшілігі сәйкес келеді. Құдадғу билиг және Һибат-ул хакайиқ ескерткіштері тілінің сөздік қоры - жалпы түркі тілдеріне ортақ сөздер. Ескерткіштердегі сын есімдерді қазіргі қазақ тіліндегі баламаларымен салыстырғанда, мағыналық жағынан басым бөлігі болып келеді. Олар сондай-ақ, қазіргі туыстас түркі тілдерінде де осылайша өз мағынасын сақтап қалған 2-11-12.
Сын есімдердің морфологиялық сипаты. Академик В.В.Виноградов сөз табын морфологияның нысаны, сонымен тығыз байланысты, оған тікелей қатысы бар екендігін айтады. Олай болса, сын есімнің грамматикалық белгілерінің сырын ашпай, сын есімнің өз алдына сөз табы екендігін дәлелдеу мүмкін емес. Сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда керекті бір белгі - сөздердің формалық белгісі. Бірақ тіл фактісінде бұл барлық тілдерде бірдей дәрежеде бола бермейді. Қазақ тіліндегі сын есімдердің аффикстерін шолғанда, назар аударатын бір ерекшелік − есім түбірден сын есім жасайтын қосымшалардың қазіргі тілімізде түгелге жақын өнімді тәсіл есебінде сақталуы 3,10.
Сын, сапаны білдірудің лексикалық грамматикалық тәсілдерінің қалыптасуы. Сын есімдердің грамматикалық класс ретінде қалыптасуы зат есімдермен байланысты құбылыс. Зат есімдер зат жайлы ұғыммен бірге сын, сапа ұғымдарын да бойына жинаған грамматикалық класс болды. Бүгінгі тіл білімі тұрғысынан синкретикалық ұғым мен қызметтегі бұл зат есімдер сөз, сөйлем құрамында субъективті мен объектіні ғана білдірмей, атрибуттық та мән туғызып, сондай қызмет атқарады. Анықтауыш деп аталатын синтаксистік категория осылай, зат есімдердің сөйлем, сөз құрамындағы қызметінің бір түрі ретінде қалыптасты. Ал анықтауыш қызметінде зат есімдердің қолданылуы, сөйтіп анықтауыш категорияның қалыптасу бір затты екінші зат арқылы ұғынуға негізделді. Екінші сөзбен, заттарды өзара салыстыру жолымен, бір-бірінен айырым белгілері мен салыстырма артық-кемдігін байқау арқылы жүрді. Сонда тіл құрамында алғаш рет сын сапаны білдіргендер зат мағыналы сөздер. Түркі тілдерінің үлкен ерекшелігі − сын, сапа категориясын білдіретін арнаулы морфологиялық тұлғалар жүйесі болмаған, тілдің даму барысында да ондай жүйе қалыптасқан жоқ. Түркі тілдері сөздердің ондай грамматикалық класын басқа жолмен қалыптастырды: есім, етістік туынды түбірлер қолданыстың барысында сын, сапаны білдіретін тобы болып тұрақталды. Сын есімдердің арғы негізі ең алдымен есім синкретизмінен басталды, етістіктің есім тұлғаларымен толықты. Соның барысында сын есім жасайтын біршама аффикцация жүйесі қалыптасты.
Негізгі сын есімдер. Қазақ тілінде, жалпы түркі тілдеріндегі сияқты, байырғы түбір қалпындағы сын есімдер көп емес. Байырғы сын есімдерді салыстыра қарағанда, олардың дамуында екі түрлі ерекшелікті байқауға болады. Біріншіден, кейбір сын есім сөздер әрі тура мәнде (сын есімдік), әрі заттық мән береді. Қазіргі тіліміздегі көк, қара сөздері сондай. Мұндай сөздердің көне дәуір ескерткіштерінде де осындай екі қилы қолданысы бар. Тіл білімнің зат пен оның сын-сипаты жайындағы ұғым бір дейтін тезисі осындай фактілерге негізделеді. Бұл тезис қазіргі тіліміздің фактірлерімен де дәлелденеді. Кейбір сын есімдердің сын есім тобына ауысып отыруы − о бастағы осындай генезистік бірліктің заңды жалғасы.
Түркі тіліндегі сын есімдер мен зат есімдердің бір-бірінен саралануы көне дәуірде болған процесс. Енисей-Орхон жазбаларының тіліндегі сын есімдер соншалық көп болмаса да сараланған, дербестелінгендігі байқалады. Ол тілде бірсыпыра туынды сын есім жасайтын аффикстер де өз алдына жіктелген топ есебінде көзге түседі. Сын есімдер дамуының екінші бір ерекшелігі − байырғы түбірдің мағынасының кеңеюі, жүктеліп саралануы, сөйтіп бір түбірдің бірнеше мағыналық мәндерге ие болуы. Мысалы, көк сөзі. Көне түркі тілінде осы сөз заттың түсі мағынасында екі түрлі мәнерді (синий, голубой, көк түрк), сонан ара жігі айқын байқалады, бір-бірінен оңай бөлінеді. Бұл ретте етістік түбірден тікелей сын есім жасалуы емес, етістіктен туынды есім, сол туынды есімнен басқа бір аффикс арқылы сын есім жасалуы туралы ғана айтуға болады. Мұнда туынды сын есім үш сатылы жолмен пайда болады: етістік түбір − туынды есім − туынды сын есім.
Күрделі аффикстер. Сын есімдер дамуының қашан да зат есімдерге байланысты болуының тағы бір дәлелі әдетте күрделі аффикстер деп аталады.
Қазіргі тіл нормасы тұрғысынан байырғы сын есімдер деп қаралатын сөздердің барлығы бірдей тарихи тұрғыдан тек қана түбір бола бермейді. Тарихи тұрғыдан жіктеуге келмейтін түбір сөздер тілімізде көп емес. Қазіргі грамматика оқулықтарында байырғылар тобына жатқызылып, негізгі деп аталатын сын есімдердің едәуір бөлігі не түбір не қосымшаның тарихи кірігіп, жымдасуынан жасалғандығы немесе басқа сөз табынан ауысып сын есімнің мәні мен қызметіне ие болғандығы (адъективация) байқалады. Айталық жатаған, тебеген, сүзеген (сиыр), кебу (отын), ауру (кісі) т.б. сөздер о баста есімше, тұйық етістік болған, қолдану ерекшелігіне байланысты сын есімдер тобына ауысқан 11,179.
М.Оразов: Әр түрлі заттардың түрлі формасын білдіретін сөздерде нақтылы мағына болмауы мүмкін емес дейді. Сондықтан сын есімдерге заттардың түр-түсін, табиғатын, сыртқы, ішкі қасиетін білдіретін мағыналық түрмен бірге, оған баға беріп айтушының көзқарасын білдіретін реңк те бар. Соған қарамастан, сапалық және қатыстық сын есімдер бір-бірінен ерекшеленеді 12,3.

1.2 Сын есімнің семантиаклық топтары, шырайлары және синтаксистік қызметі

Есімдер деп аталатын сөздердің ішіндегі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы сын есім.
Семантикалық жағынан зат есім әр алуан ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы болса, сын есім неше алуан сыр сипатымен алуан байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика-грамматикалық тобы ретінде бөлінеді. Сөйтіп, сын есім деп заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін, салмағын, түсін (түр-реңін) және басқа сол сияқты сыр-сипаттарын білдіретін лексика-грамматиакалық сөз тобын айтамыз.
Сын есімнің семантикалық мағынасы оның морфологиялық ерекшеліктері де, синтаксистік қызметтеріне де сараланып айқын көрініп отырады.
Морфологиялық сипаттары жағынан да сын есімнің өзіне ғана тән, өзге есімдерден басқа ерекшеліктері бар.
Сын есім өз семантикалық ерекшелігіне қарай затты сыр-сипат (сапа, түр, рең, салмақ, көлем т.б.) жағынан анықтайды, бірақ ол (сын есім) анықтауыш қызметін атқарып тұрғанда, еш уақытта да тәуелденбейді, көптелмейді және септелмейді.
Зат есімге тән көптік, тәуелдік, септік жалғаулары зат есімнің де, сын есімнің де қызметтерін бірдей атқаратын синкретикалық омоним сөздерге (мысалы: салқын, көк, суық, жарық, жүйрік, терең т.б.) қажетінше жалғана берулерімен қатар, белгілі бір контексте қолдау ыңғайына қарай субстантивтенетін сын есімдерге (мысалы: үлкенге үлкенше, кішіге кішіше қызмет ет; ескіге жаңа, жаңаға ескі - өлшеуіш т.б.) жалғана береді. Сын есімде көптік, тәуелдік, септік категориялары болғанымен, оның өзіне тән ерекше шырай категориясы бар. Бұл ерекшелік те - сын есімнің зат есімнен бөлінерлік, өз алдына дербес категория екені дәлел.
Сонымен бірге, бір алуан сын есімдер зат есімді анықтауларымен қатар, етістікті де анықтап, үстеу сөздердің қызметтерін атқарады. Мысалы: Хатыңнан жақсы ұғындым сөздің бәрін (Абай); Өлке бойындағы қалың тал мен қамыс ақырын қозғалып сыбырлайды (С.Сейфуллин). Семіз сөйлеп, арық шыққанша, арық сөйлеп семіз шық (мақал). Сын есімде шырай категорияларымен қатар, адгективтік және адвербиалдық қызмет барлығы да көрінеді.
Сын есімде өзге сөз таптарымен (мысалы, зат есіммен, үстеумен т.б.) әрі ортақ, әрі формалас сөз тудыратын жұрнақтармен қатар, тек туынды сын есім ғана жасайтын арнаулы жұрнақтар бар: сын есімен сын есім тудыратын шырай жұрнақтары бар. Бұлар да сын есімнің морфологиялық формалары болып есептеледі.
Синтаксистік жағынан қарағанда, сын есім, өзінің табиғи жаратылысына сәйкес, үнемі зат есімге анықтауыш ретінде жұмсалуға лайық. Өйткені қандай белгі болса да, заттың қасында болады да, дәйім затқа шек сүйейді. Мысалы: Үш-ақ нәрсе - адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек (Абай).
Сын есім баяндауыш та бола алады және баяндауыштың құрамына да ене береді. Мысалы: Төрт бөлмелі тас үй салқын да жайлы (Ғ.Мүсірепов). Ол тапал, төртпақ екен де, мен ұзын, жіңішке екенмін (Ә.Әбішев).
Зат есім мен сын есімнің тіркесу қабілеттерінде де елеулі айырмашылық бар. Мысалы: зат есімге септеулік шылаулар тіркесе береді. Ал сол септеулік шылаулардың ішінде тек сияқты, секілді, тәрізді, сықылды дегендерден басқа бірде-біреуі тікелей өз мағынасында, өз қызметінде жұмсағанда, сын есімге тіркеспейді. Керісінше, күшейту үстеулері (өте, аса, тым, тіпті, керемет, орасан, ересен, т.б.) сын есімге еркін, тіркесе бергенімен, олар зат есімдерге тіркеспейді. Сөйтіп, септеулік шылаудың сын есімге тіркеспей, зат есімге еркін тіркеспеуі, сондай-ақ, сапалық үстеулердің сын есімге тіркесіп, зат есімге тіркеспеуі бұл екі сөз табының - зат есім мен сын есімнің синтаксистік жағынан бір-біріне ажырайтын ерекшеліктері болып саналады.
Егер де екі я одан да көп жалаң сапалық сын есімдер бір-бірімен қабаттасатындай болса, олар бірін-бірі анықтамайды да, біріне-бірі бағынбайды да, әрқайсысы өз тұстарынан тікелей зат есімге қатысты болады, демек, өздерінің қатыстары бар зат есімді анықтайды. Мысалы: Ызғырық суық сұр бұлт, Аспанды тегіс қаптаған (Б.Маилин); Ермек оқтай түзу, ұзын, биік, кең жолмен келеді (Ғ.Мұстафин). Алғашқы сөйлемде суық және сұр деген сапалық сын есімдер біріне-бірі бағынбай, әрқайсысы тікелей бұлт деген зат есімді әр тұрғыдан анықтап тұрғаны сияқты, екінші сөйлемдегі түзу, ұзын, биік, кең деген сын есімдер де бір-біріне бағынбай, жарыса жол деген зат есімің әр түрлі сипатын білдіріп тұр.
Сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де басқа заттардың қатынастары арқылы да білдірді. Осындай жалпы сипаттарымен байланысты, сын есімдер симатикалық мағыналары мен грамматикалық ерекшеліктеріне қарай, сапалық (негізгі) сын және қатыстық (туынды) сын деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл сындардың қай-қайсысы болса да қандай? қай? (қалай?) деген сұрақтарға жауап береді.
Сапалық сын есімдер деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, қызыл, көк, сұр т.б.) сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т.б.) көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен йісін (ащы, тәтті, ) білдіретін және заттың басқа да қасиет - белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.
Әдетте сапалық сын есімдерге ешбір қосымша формаларсыз тұрып-ақ, заттың әр қилы сыр-сипатын білдіретін түбір сөздерді жатқызу салты бар. Бірақ бұл қағиданы үнемі тапжылмайтын қағида деп қарамау керек, өйткені қазіргі кезде түбір сөз сияқтанып көрінетін көптеген формалар тарихи даму тұрғысынан қарағанда, тиісті қосымшалар арқылы я басқа тәсілдер бойынша жасалған туынды сөздер болып келеді. Мысалы: ұзақ, үлкен, қызыл, ащы, тұщы, момын, ашық, жабық, жалпақ, сияқты сапалық (негізгі) сын есімдердің бәрі де ертеректе туынды сөздер болған, демек, олар ұзақ, үлкейген, қызғылт, ашыған, тұщыған, момақан, жалпайған сөздерімен түбірлес болған. Солай болса, мағынасы жағынан сапалық сын есім деп, морфемалық құрылымы жағынан сапалық сын есім деп есептелетін сөздердің саны да, сапасы да үнемі бір аяда қалмай, бірте-бірте ұдайы дамып отырады. Осыған сәйкес, ертеректе туған сындарды ғана емес, кейінгі кездерде жұрнақ (я басқа тәсіл) арқылы жасалған туынды есімдерінің кейбіреулерінде де, негізгі, сапалық сындардың грамматикалық қасиет сипаттары болып отырады. (қараңғы-қараңғылау, қараңғырақ, қап-қараңғы, таныс-таныстыру, танысырақ, тап-тныс т.б.).
Сапалық сындар жалпы сын есім деп аталатын сөз табының негізгі ұйытқысы есебінде қызмет етеді. Осы ерекшеліктеріне қарай, демек, бүкіл сын есім категориясына өзек ретінде қызмет ететіндігіне қарай, өзге сөз таптарынан жұрнақ арқылы жасалған туынды сын есімдер де, семантикалық даму процесі арқылы адъективтенген сөздер де бірте-бірте сапалық сын есімдердің сыр-сипаттарына ие болып, сол топқа көшіп отырады. Ал, сапалық сындардың сын есімдерге арқау болып қызмет ететін негізгі белгілері мыналар: біріншіден, сапалық сындарға тән сөздердің бәріне де ұлғайту, кішірейту жұрнақтары және әредік сынның әр қилы реңін білдіретін шырай котегориясының жұрнақтары қосылады; екіншіден оларға сандық белгіні күшейте я өсіре түсу үшін қолданылатын үстеме буындар жасалады; үшіншіден, олар атрибутты семантикалық ерекшелігіне қарай (жақсы оқушы), адвербиалдық (жақсы оқиды) қызмет атқарады. Міне, осы аталағн негізгі үш белгі сапалық сын есімдердің әрі қатынастық сандардан ерекшелінетін, әрі жалпы сын есім атаулыға тән категориялық белгілері болып есептелінеді.
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісі басқа бір заттың я іс-амалды қатысы арқылы білдіретін сөздерді айтамыз. Осы ерекшеліктеріне қарай, қатысытық сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдермен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сандық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал) дегендегі балалы, баласыз деген туынды сын есімдер үйдің баласы барлығы мен жоқтығына қатысты белгілерді білдіреді.
Сөйтіп, қатыстық сындар зат есім, үстеу, етістік сияқты басқа сөз таптарынан болатындықтан, олардың (қатыстық сандардың) нақтылы мағыналары да өздерінің жасалуына негіз болған сөздерімен байланысты. Осы себептен қатысытқ сандардың мағыналары өздерінің төркіндес (жасалған) сөздерінің синонимі сияқты болып келеді. Мысалы: аталық борыш - атаның борышы; ауылдағы адам - ауылда тұратын адам; ауыспалы қызыл ту - ауыстырылып отыратын қызыл ту. Өздерінің бастапқы төркіндеріен алшақтап кеткен ұзақ (әңгіме), тұнық (су), ашық (сөз) сияқты негізгі сын есім беріліп саналатын, бастапқы ұза(ды), тұн (тұнды), аш (ашты) деген етістіктерден жасалған я туған сындарды алсақ, олардың мағыналары да қаншалықты алыстатады дегенімізбен де, өздерінің бастапқы төркіндерімен мағыналас (синонимдес) келеді.
Сын есімдер морфологиялық (ситетикалық), синтаксистік (аналитикалық), морфологиялық - синтаксистік (семантикалық) тәсілдер арқылы жасалады.
Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы жасалады.
Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер жалаң сын есімдердің бір-бірімен тіркесуі арқылы, негізгі сандар мен туынды сандардың бір-бірімен тіркесуі арқылы (ақ көйлекті, қара пальтолы т.б.), зат есім мен сын есімнің бір-бірімен тіркесуі арқылы (көп балалы, ауыз жолды, жібек көйлекті), негізгі және туынды сын есімдердің қайталануы, қосарлану арқылы (үлкен-үлкен, үлкен-кіші, таулы-таусыз, елді-күнді) жасалады.
Морфологиялық - синтаксистік (семантикалық) тәсіл бойынша туатын сын есімдер белгілі бір синтаксистік формадағы сөздердің семантикалық жағыан бірте-бірте дами отырып, адъективтенуі арқылы мысалы: (басқа, өзге, шала - жансап т.б.) жасалады.
Бұл тәсілдің ең негізгісі, әрине синтетикалық және аналитикалық тәсілдер, ал семантикалық тәсіл тіпті өнімсіз.
Сын есімдер компоненттерінің құрамдарына қарай жалаң сын есімдер және күрделі сын есімдер болып екі сатыға бөлінеді.
Жалаң сын есімдерге ешқандай қосымшаларсыз-ақ негізгі сын есім есебінде қызмет ететін түбір сөздер (ақ, қара, сұр, көк, тік, аласа, тар т.б.) және жұрнақ арқылы жасалған туынды (малды, шөпті, құнарлы, өнімсіз, залалсыз, бойшаң, ұйқышыл, көтеріңкі, серіппелі т.б.) сын есімдер және өзге сөз таптарынан семантикалық жағынан дамып, адъективтенген сөздер (кебу, ауыр, басқа ,өзге т.б.) жатады. Сөйтіп, жалаң сын есімге жататын сөздердің құрамында бір ғана негізгі компонент болады, бірақ ол негізгі компонентте қосымша морфеманың болуы я болмауы шарт емес.
Күрделі сын есімдерге кемі екі я одан да астам компоенттерден құралып, синтаксистік (аналитикалық) жолмен жасалған сындар жатады. Күрделі сын есімдер негізгі сынардан да, олардың өзді-өздінің де, өзге сөздермен де тіркесуі, қайталануы, қосарлануы, әредік бірігіп жасалуы арқылы бір бүтін тұлға ретінде қызмет етеді. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сын есімдердің негізгі үлгілері (модельдері) төмендегідей:
1. сапалық (негізгі) сын есімдер бірімен-бірі тіркеседі. Бұл топқа қара ала, сары ала, торлы ала, шұбар ала, қызыл ала деген үлгі бойынша жасалады, демек, алғашқы компоненті ауысып, соңғы компоненті өзгермей тіркесетін сандарда, қара көк, қара сұр, қара торы, қара қоңыр, қара күрең, қара шұбар, қара кер деген үлгі бойынша, демек, алғашқы компоненті ауыспай, соңғы компоненті ауысып жасалатын екі компоненті күрделі санды да, алқара көк, алқара кер тәрізді үш компонентті күрделі сын есімдер де жатады. Бұл топқа енетін күрделі сын есімдер жалаң сапалық сындар сияқты, шырайлы формаларында да жұмсала береді.
2. Біріңғай я негізгі (сапалық), я туынды (қатыстық) сандар не қайталанады, не қосарланады. Мысалы: кішкене-кішкене, аппақ-апппақ, үлкен-үлкен, малды-малсыз, қоралы-қопсылы т.б.
3. Негізгі сын мен - лы (-лі) формалы туынды сын есім тіркеседі. Мысалы: кең маңдайлы, шоқша сақалды, қызыл-шырайлы т.б.
Зат есім, сын есім, есімдік, есімше формаларымен - лы (-лі...) формалары туынды сын есім тіркеседі. Мысалы: теке сақалды, адыраң көзді, алтын баула т.б.
Я не екі компоненті де бірдей - лы (-лі...) жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бір компоненті - лы (-лі...) жұрнағы арқылы, бір компоненті -сыз (-сіз) жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады. Мысалы: таулы - тасты, орманды-тоғайлы, әкелі-балалы, ағалы-інілі, ессіз-түссіз, жөнді-жөнсіз, орынды-орынсыз т.б.
Осы топқа төртбұрышты, қос атты сияқты тіркестерден енеді.
4. Зат есім, сын есімдермен - лық (-лік, -дық, -дік,- тік, -тық) формалы сын есімдер тіркесіп, күрделі сындар жасалады. Мысалы: халықаралық, бесжылдық, бескісілік, он адам сиярлық, екі-үш күндік т.б. Сондай-ақ тұрақты тіркестерден де осы жұрнақ арқылы күрделі сын есім жасалады. Мысалы: көңіл көтерерлік, түс шайысарлық, қабырға - қайысарлық, күн көрерлік т.б.
5. Я екі компоненті де (сыңарына да) бірде, не - лық - (лік) жұрнағы арқылы не - и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я бір компоненті - лық - (лік...) жұрнағы арқылы, бір компоненті -и жұрнағы арқылы жасалған туынды сын есімдер қосарланады, я алғашқы компоненті зат есім, соңғы компоненті -лық - (лік...) жұрнағы арқылы, жасалған туынды сын есімдер қосарланады. Мысалы: әскери - саяси (кадрлар), ғылыми - әдеби, (мұра); әлеуметтік-экономикалық (шара), идеалдық-саяси (өмір), қоғамдық - тарихи (тәжірибе), т.б.
Тәуелділіктің үшінші жағының қосымшасы қосылған зат есімге (бірінші компоненті) сын есім (екінші компоненті) тіркесіп, күрделі сын есім негізінде қолданылады. Мысалы: көзі ашық, тілі майда, басы бос, жөн түзу, жүзі жылы, қолы ұзын, қолы ашық, қолы қысқа.
Жалпы атаулардың белгілері басқа-басқа болулары былай тұрсын, бір түрлі белгінің өзінде (мысалы, түсінде, сапасында, көлемінде, салмағында және басқа қасиетінде ) әр алуан рең болатынын, ол реңнің өздері әр қилы дәрежеде болатынын айқындағаннан кейін, сын есімнің шырайы деген не, тілімізде қандай-қандай шырайлары бар және олар қандай тәсілдер (формалар) арқылы жасалынады деген мәселелерді де анықтау қажет болады. Мысалы: Жоғарғы Советтің мәжіліс залы кең де, биік те, жарық та, салтанатты да, сәулетті де екен деген сөйлемде бір залдың өзінде бес түрлі белгі аталып тұр. Бұдан көптеген заттардың алуан түрлі белгілерін салыстырудан да , бір жеке заттың әр түріл белгілерін салыстырудан да басқа-басқа белгілер анықталғанымен, әлденеге заттың бір түрлі я біркелкі белгісінің айырмашылықтары айқындалмайды. Солай болса, аслыстырудың бәрі бірден бір түрлі сындық белгінің әр қилы дәрежесін аша алмайды.
Сын есімің шырайы деп аталатын категорияның мазмұны да, формасы да әлденеше заттың (әр түрлі я біркелкі белгілерін емес) бір түрлі я біркелкі белгілерінің өзара айырмашылықтарын демек, сол біркелкі белгілердің бір-бірінен я артық, я кем екендігін анықтау арқылы туады. Екінші сөзбен айтқанда, біреуі ақ, біреуі қызыл, біреуі сары, біреуі қара, біреуі көк түсті нәрселерді немесе біреуі үлкен, біреуі кіші, біреуі тік, біреуі сопақ, біреуі текше нәрселерді салыстырудан шырай категориясы тумайды. Шырай категориясы я біріңғай ақ, я біріңғай қызыл, я біріңғай қара, я біріңғай сары, я біріңғай қоңыр, көк түсті әлденеше (кемі екі) заттардың реңдеріндегі ерекшеліктерді немесе біріңғай үлкен я біріңғай кіші делініп танылған әлденеше заттардың көлем-аумақтарындағы артық, я кемдік дәрежелерін өзара салыстыру арқылы туады. Әрине ондай реңдермен дәрежелер сан жағынан да, сапа жағынан да салыстырылады. Өйткені, біркелкі белгінің осындай сандық я сапалық айырмашылықтары, сайып келгенде шырайларды бір-бірінен айыратын өлшеу де, тірек те, негіз де болып табылады.
Сонымен тіліміздегі сын есімнің мынандай төрт түрлі шырайы бар:
1) Жай шырай, 2) салыстырмалы шырай, 3) күшейтпелі шырай, 4) асырмалы шырай.
Жай (негізгі) шырай заттың белгісін, түсін (түрін), сапасын, көлемін, салмағын, аумағын, тағы басқа сондай негізгі сын-сипаттарын білдіретін сапалық сын есім жай шырай болып есептелінеді. Мысалы: биік тау, үлкен үй, жақсы қағаз, қызыл сия.
Салыстырмалы шырай бір заттың сынын екінші заттың санына салыстырып, сол салыстырылатын белгілердің бір-бірінен я кем, я артық екенін білдіреді. Салыстырмалы шырай тудыратын жұрнақтар (формалар) мыналар:
а) - рақ, -рек, -ырақ, -ірек; Мысалы: Көкше көктен гөрі көгірек тау екен. (С.Мұқанов); Қараойға қарағанда Сұлутөбе бойшақырақ (Ғ. Мүсірепов).
ә) - лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; Мысалы: Ниет қабылдың отша жанған сәл кішілеу қара көзі тесіле қарады (Ғ. Сланов). Сол ауылда таныстау бір шал бар еді. (Ғ.Мүсірепов).
Бұл екі форма - өте өнімді формалар.
б) - қыл, -ғыл, -қылт, -ғылт, -тым, -шыл, -шіл, -қай, -ақ; Бұл өнімсіз жұрнақтар, мысалы: Дымқыл шалғынның арасында, бозғылт тұманның ішінде барлаушы бала да көрінбейді (В.Катаев): Жігіттің сұрғылт жүдеу жүзі енді көкшіл тартқан сияқты. (С.Мұханов).
Күшейтпелі шырай заттың бастапқы сындық қасиетін күшейте түседі. Бұл шырай негізгі сын есімдерге күшейткіш (үстеме) буынды қабаттастыру арқылы жасалатын өте өнімді форма. Мысалы: Үй іші жап-жарық, ауыз үй тап-таза айнадай (С. Ерубаев); Аппақ ет , қып-қызыл бет , жап-жалаңаш, қара шаш қызыл жүзді жасырғанда. (Абай).
Асырмалы шырай заттың сындық қасиетін асыра көтереді, я тым асыра төмендетеді. Мысалы: іс - тым қиын да, абыройлы да іс (С.Ерубаев); ол тіптен жақсы адам екен. (А.Тоқмағанбетов); Абай - нағыз үлкен реалист ақын (С.Қ.); Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек. (С.Қ.).
Шырай жұрнақтары бірінен кейін бірі үстеліп де жұмсалады. Оның ішінде басқа жұрнақтардың үстіне көбірек жалғанатыны - лау, -леу (-тау, -теу, -деу) жұрнағы. Мысалы: ақшылдау келген жүзіндегі кішкене мең ерекше өн беріп, безеніп тұр (Ғ.Мұстафин); Жүзі қуқылдау керімкөз жігіт өзінен өзі жымиып қойды (Ғ. Спанов) деген сөйлемдерде - дау(-деу) жұрнағы кілең басқа шырай жұрнақтарының үстеріне қабаттасып тұр.

Сын есім.

Түрлері
Мысалдар
І.Мағынасына қарай
1) сапалық
ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу

2) қатыстық
тұзды, арманды, ақшалы
ІІ.Тұлғасына қарай
1) негізгі
жақсы, әдемі, кең, суық

2) туынды
қысқы, таулы, сынық, өткір
ІІІ.Құрамына қарай
1) дара
кіші, тар, нәзік, мол

2) күрделі
ойлы-қырлы, қызыл ала, ұзын бойлы, жақсы-жаман

Сын есімнің шырайлары.

Шырай түрлері
Жұрнақтары
Мысалдар
І. Жай шырай

әдемі, жақсы, ақ, көк
ІІ.Салыстырмалы шырай
-рақ, -рек, -ырақ, -ірек, -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу, қыл,- ғыл, -ғылт, -ғылтым,- қылтым

-шыл, -шіл,- шылтым, -шілтім, -ілдір,

-ақ, -қай, -ғыш
Жақсырақ, ағырақ, көгірек, жақсылау, ақтау, көктеу, құқыл, бозғылт, сұрғылт, сұрғылтым, ақшылтым, көкшілтім
Көкшіл, көкшілтім, ақшыл, ақшылтым, көкшілтім, көгілдір
бозақ,қартаң, сарғыш, сұрқай.
ІІІ. Күшейтпелі шырай
1)күшейткіш буын арқылы

2)өте, тым, аса, бек, тіпті, нағыз, ең, нақ
Жап-жақсы, әп-әдемі, сап-сары, өте әдемі, тым жақсы, аса биік, тіпті жақын.

Сын есімнің жасалуы
І. Морфологиялық (синтетикалық) тәсіл арқылы жасалауы.
1) Сын есімдердің есімдерден жасалуы.

Жұрнақтар
Мыслдар
1. - лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті
атқты, пайдалы, тасты
2. - лық, -лік, -дық, -дік, -тық, тік.
қалалық, жылдық, қоғамдық
3. - сыз, -сіз
пайдасыз, білімсіз, ақылсыз
4. - қы, -кі, -ғы, -гі
жазғы, күзгі, қазіргі, ішкі
5. - шыл, -шіл,
турашыл, ұйқышыл, көпшіл
6. - дай, -дей, -тай, -тей
таудай, тақтайдай, үйдей
7. - лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес

пікірлер, қызметтес, жерлер, көршілес
8.шақ, -шақ
көйлекшең, сөзгең, ашушаң
9. - и
әдеби, мәдени, тарихи, әскери
10. - қой
сәнқой, әзілқой, кәсіпқой
11. - қор
жемқор, жалақор, ызақор
12. - паз
өнерпаз, білімпаз, жағымпаз,
13. - дар, -тар,
қарыздар, білімдар, хабардар

2. Сын есімдердің етістіктерден жасаулы.

Жұрнақтар
Мысалдар
1. - қ, -к, -ық, -ік, -ақ, -ек
сынық, жабық, ашық, қорқақ, сирек, ісік.
2. - қыш, -кіш, -ғыш, -гіш
сенгіш, сезгіш, тапқыш, тоқғыш.
3.-қыр, -гір, -ғыр, -гір
тапқыр, өткір, білгір, ұшқыр.
4.-дық, -дік
жалауылқ, тістеулік, маңыраулық.
5.-нды, -інді, -ынды, інді, -нді
туынды, жаттанды, жасанды
6.-нқы, -інкі, -ыққы, -қкі
басыңқы, ісіңкі, көтеріңкі.
7.-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе
қызба, бөспе, даурықпа, құрама.
8.-малы, -мелі, балы, -белі, -палы, пелі
ауымпалы,таңдамалы,
серіппелі,бүрмелі
9.-улы, -улі
ерттеулі, жинақтаулы, бүктеулі.
10.-ымды, -імді, мды, -мді
жарамды, сенімді, тиімді, қонымды.
11.-шақ, -шек
мақтаншақ, еріншек.
12.-қақ, -ғақ
жабысқақ, тоңғақ, майысқақ.
13-қы, -кі -ғы, -гі, -
жинақы, күлдіргі, бұралқы.
14-ғылықт, -гілікті, -қылықты, -кілікті

жергілікті,тұрғылықты, жеткілікті,
тыңғылықты.
15.-аған, -еген
сүзеген, қабаған, қашаған.

ІІ. Синтаксистік (аналистикалық) тәсіл арқылы жасаулы.

І. Қосарлы сын есімдер
а) ұзын-ұзын, биік-биік.
ә) ұзынды-қысқалы, үлкенді-кішілі.
б) ұсақ-түйек, жаман-жұман.
в) қоғамдық-саяси, әскери-саяси.
ІІ. Тіркесті сын есімдер
а) қара қасқа, қызыл ала.
ә) ақ шашты, қысқа бойлы.
б)жібек баулы, ат жақты.
ІІІ. Тұрақты тіркес
а) қолы ашық, тілі ұзын, басы бос, көзі ашық.
ә) көңіл көтерерлік, күн көрерлік.

2. Бастауыш сыныпта сын есімді оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер
2.1. Сын есімді оқыту барысында қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер

Оқыту әдісі - дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары мен міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді шығармашылықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді. Оқыту әдістері туралы әр түрлі анықтамаларға тоқталып өтейік:
Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымдылығы мен қабілеттілігі артады Педагогикалық энциклопедия. М., 1965.
Оқыту әдістері дегеніміз - оқытушы мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті Г.И.Шукина. 1979.
Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру Бабанский. М., 1985.
Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары И.Д.Зверев. 1980.
Дегенмен, осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында принциптілік қарама-қайшылық жоқ 48,5.
Сын есімді оқыту барысында эврикалық әдісті пайдалану тиімді. Бұл оқышылардың ойлау қабілетін жетілдіретін әдіс. Эврика - табамын, ашамын деген сөзді білдіретін грек сөзі. Мысалы,
Үлкенді-кішілі балалар топ-топ болып жиналды. Дүние жүзінің адал ниетті адамдары бейбітшілікті жақтап отыр.
Мысалдарды оқыта отырып, сын есімнің сұрақтарын, қандай тұлғада тұрғанын анықтаймыз. Сын есімнің жеке сөзден де, сөз тіркесінен де, әрі қосарланған түрінде де кездесетінін еске саламыз. Ауызша мысалдар ойлатып жаттығамыз. Жеке сөздерді жасалу түрлеріне қарай түрлендіреміз. Мысалы, әдемі көйлек, әдемілеу көрінеді, әп-әдемі екен, әдемі тұлғалы қыз. Оқулықта негізгі, туынды сын есім деп берілгенмен, күрделі сын есімнің жасалу түрлерін де білдіруді де мақсат тұттық. Оқулық бойынша 171-жаттығуды оқытып, сындық белгілерді анықтайтын негізгі және туынды сын есімдерді көшіріп жазуға тапсырамыз.
Сын есім тудыратын жұрнақтар бұл тақырып - өте күрделі де қиын тақырып. Сол себептен мұғалімдерге баяндау әдісін қолдану тиімді. Мұғалім баяндап түсіндіру жолымен білім беру әдісі және оқушылардың түсіндіргенін баяндап айтқызу тәжірибесінен туған әдіс болып есептелінеді. Әдіскер ғалымдар баяндау әдісін әрбір сабақта түрліше мақсатта қолданылып отыратын әдіс деп есептейді. Баяндап түсіндіру әдіс белгілі бір тілдік тақырыптың өзіндік ерекшелігін әр жақты әдебиеттермен ұштастыра отырып байланыстыра отырып түсіндіру жолымен өткізіледі. Бұл тақырып қиынырақ болғандықтан жаңа сабақты мұғалім бастауы керек. Сын есімнің жұрнақтарын өтуде, әсіресе, негізгі және туынды сын есімдерге баса назар аудару ұтымды болады. Алдымен, негізгі тұлғадағы сын есімдерге бірнеше жеке сөз түрінде, сөйлем арасына келтіріп те мысалдар ойлатқызамыз. Туынды сын есімнің жасалу жолдарына да көңіл аударамыз. Жылжымалы тақтаға үш сөйлем дайындалды.
1. Өнер жолы - өрен, жүйрік, анық жол.
2. Қазақ шешендерінің сөзін есту - бір ғанибет. Олардың сөздері жүйелі, анық, әуезді келеді.
3. Ақсақ қой түстен кейін маңырайды.
Алдымен, үш оқушыға дұрыстап оқытқызамыз. Сын есімдерін тапқызамыз. Негізгі түбірлерін сұрақ арқылы анықтап, түбір сөздерді қайта көшірмеміз.
1. Өрен, жүйрік, анық қандай? негізгі сын есім.
2. Жүйе, әуез не? негізгі зат есім.
3. Ақсақ қайт? не істе? негізгі етістік.
Осылайша топ-топқа бөліп, сын есім тудыратын жұрнақтар қай сөз табына жалғанатынын көрсетеміз. Сын есім тудыратын өнімді әрі өнімсіз жұрнақтар бар екенін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын есімнің категориялары
Ағылшын тіліндегі сын есім туралы жалпы түсінік
Сапалық сын есім
Сын есім және оны мектепте оқыту
Сын есім мен зат есімді байланыстыра оқыту
Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту
Сын есімге түсінік беру
Сын есімді жеке сөз табы ретінде қарастырған ғалымдардың көзқарастары мен пікірлері
Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңдегі сын есімнің танылуы
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Пәндер