Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту

Орындаған
Тексерген:

Орал, 2016

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.Қазақ әдебиеті тарихында Ж.Аймауытов шығармашылығының алатын орны, пән бағдарламасында берілуі
1.1Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..7
1.2 Ж.Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқытудың педагогика-психологиялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа әдістемелік технологиялармен меңгертудің тиімді жолдары
2.1 Ж.Аймауытов шығармаларын сыныпта оқытудың әдіс-тәсілдері ... ... ... .14
2.2 Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларының көркемдік
ерекшелігін таныту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.3 Ж.Аймауытов шығармаларын сыныптан тыс оқыту ерекшелігі ... ... ... ... 22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Еліміздің тәуелсіздік алып, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуы ұлттық құндылықтарымызды және ұлттық мәдениетімізді өскелең ұрпаққа танытуға жағдай туғызды. Әлемдік білім кеңістігінен сүбелі орын иелену үшін бүгінгі және болашақ жастарға әдебиетіміз бен мәдениетіміздің кезінде жабулы қалған ақтаңдақ беттерін ашып беру міндеті тұр. Өркениеті дамыған елу елдің қатарынан көрінудің бір өлшемі ретінде қаралатын білім беру жүйесінің жаңа технологиялармен жарақтануы рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған білімді жеке тұлғаны тәрбиелеумен сабақтас.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы тәрбие беру мен оқытудың негізгі бағыттарын айқындап, болашақ жастардың жеке тұлға ретінде дамуын және терең білім мен кәсіби дағдыны қалыптастырудың негізгі іс-шараларын айқындады.
Қазақ халқының ғасырлардан келе жатқан мәдени, рухани ұлттық қазынасын оқушылардың бойында оқу үрдісі арқылы қалыптастыру жалпы білім беретін мектептердің әр пәнінің басты міндеті болып табылады.
Президент Н.Назарбаевтың: Өткенді тану, тарихты терең пайымдап, оған әділ баға беру үлкен парасаттылық пен жауапкершілікті талап етеді [1, 29б],- деген сөзі болашақ ұрпақ тәрбиесінде оқушылардың ұлттық мұрағаттарды қадірлей білуге және өз тарихын құрметтеуге үйретеді. Бұл сөз сонымен қатар ұстаздардың да алдына зор міндеттер қояды. Себебі, ұлттық сананың оқушы бойында қалыптасуы мәдени-рухани, тарихи материалдарды игерумен ұштасады.
Қазіргі кезде ұлттық өнердің және мәдениеттің, ұлттық әдебиеттің тарихы мен оның әрбір көрнекті өкілінің мұрасына зор жауаптылықпен қарау, шынайы дұрыс бағасын беру - келешектің игілігіне бағытталған жұмыс болуы тиіс.
ХХ ғасырдың 20-жылдары ұлттық проза Ж.Аймауытов, М.Әуезов, М.Жұмабаев шығармаларымен әлемдік үлгіні бойына сіңіріп, кемелдене түсті. Идеологияның белсенді ықпалына қарамастан, дәуір тынысын, қоғамдық өзгерістің сыры мен шынын көркем бейнелеуге ұмтылыс С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов тағы басқа жазушылардың шығармаларынан кеңінен көрінді. 30-жылдардың елеулі табысы - ұлттық әдебиетте үлкен прозаның өрістеуі болды [2, 1б].
Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Шәкәрім Құдайбердиев, Әлихан Бөкейханов, Жүсіпбек Аймауытов, Қошке Кемеңгеров және басқа қазақ халқының біртуар азаматтарының әдеби мұралары көп уақыт бойы идеологиялық саясаттың желеуімен халық назарынан тыс қалғаны белгілі.
Қазақ әдебиеті тарихындағы дара орны бар Ж.Аймауытов шығармашылығын орта мектепте оқытудың ғылыми әдістемелік негізін айқындау әдебиеттің әдістемесінің мазмұнын байытып, ауқымын кеңейтері анық.
Жазушы шығармаларындағы адам жанының әр қыры реалистік тұрғыда нақтылы детальдар арқылы көркем де, шебер өріліп берілуі жазушы ақталғаннан бастап зерттеушілердің назарын өзіне аудартпай қоймады. Әңгіме, повесть, роман, драмалық шығармаларындағы поэтикалық болмыс-бітім, тақырыптың ерекшелігі, идеялық тереңдігі, реалистік бейнелеу тәсілі, өмір құбылыстарын, кейіпкердің тұрмысын айшықты да, айқын бейнелеуімен Ж.Аймауытов шығармашылығы қазақ әдебиетінде елеулі орын иеленді.
Ж.Аймауытовтың шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне байланысты ғылыми әдістемелік зерттеу еңбектердің жоқтығы және баланың жас ерекшелігі, психологиялық қабылдау деңгейін ескере отырып жазылған әдістемелік нұсқаулардың жарық көрмеуі Ж.Аймауытов шығармашылығын мектепте оқытудың кешенді оқу әдістемесін жасау қажеттілігі туындайтыны сөзсіз. Сондықтан жазушы шығармаларын оқыту, меңгерту арқылы оқушылардың білім деңгейін тереңдетіп, дүниетанымдық, психологиялық көзқарасын кеңейтуге бағытталған ғылыми әдістемелік жұмыс тақырыбының өзектілігі айқындалады.
Осы дара тұлғаның әдеби, ғылыми, мәдени мұраларын бүгінгі таңда оқушыларға жеткізудің жаңа әдіс-тәсілдерін анықтау өзекті мәселе ретінде қаралады.
Зерттеу нысаны. Жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу бағдарламасына негізделген Ж.Аймауытов шығармашылығын кешенді түрде оқытудың әдістемелік жүйесі.
Зерттеу пәні. Жалпы орта білім беретін мектептерде Ж.Аймауытов шығармаларын оқытудың әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты. Жалпы орта білім беретін мектептерде Ж.Аймауытов шығармашылығын оқытудың әдістемесін жасау, тиімді әдіс-тәсілдермен оқыта отырып, жаңа ғылыми-теориялық әдістеме ұсыну.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін алға мынадай міндеттер қойылды:
- жалпы орта білім беретін мектепте Ж.Аймауытов туындыларын жан-жақты танып білуді қамтамасыз ететін әдістеме ұсыну;
- пән бағдарламасына сүйене отырып жазушы шығармаларын меңгеруде оқушының жас ерекшелігіне сәйкес әдістеменің тиімді жолдарын жасау;
- Ж.Аймауытов шығармаларын оқытуға негізделген сыныпта және сыныптан тыс жұмыс түрлерінің инновациялық әдіс -тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету;
- зерттеудің құнды нәтижелерін, ұсыныстарын даярлау.
Зерттеу болжамы. Жалпы орта білім беретін мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқытудың тиімді жолдарын қарастыру оқушылардың көркем шығармаға қызығушылығын арттырып, олардың эстетикалық көзқарастарын жетілдіруге, әдеби дамуын жаңа деңгейге биіктетуге, сондай-ақ, жазушы шығармалары арқылы оқушы баланың санасында ұлттық құндылықтарды бағалай білу, адалдық, адамдық, тазалық, ана тіліне, туған жеріне деген асқақ сезімін оятуға ықпал етіп, жеке тұлғаны қалыптастыру жүзеге асады.
Зерттеудің жетекші идеясы. Жеке тұлғаның әдеби-интеллектуалдық қабілетін дамытуда, көркем-эстетикалық, рухани жан-дүниесін байытуда Ж.Аймауытов шығармашылығын тиімді әдіс- тәсіл жолдарымен меңгерту әдебиет сабағының сапасын, құндылығын, оқушы ізденісін, шығармашылық қабілетін, білім деңгейі мен білім сапасын арттырады.
Зерттеудің әдістері. Зерттеу барысында психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және ғылыми зерттеу еңбектерін теориялық талдау, сараптау, қорытындылау, салыстыру әдістері қолданылды. Сондай-ақ, әлеуметтік-педагогикалық, теориялық, тәжірибелік, статистикалық тәсілдер пайдаланылды. Эксперимент әдісі бойынша жүргізілген тәжірибе жұмыстарының мазмұны, түрі, тиімділігі анықталып нәтижесі қорытындыланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.Қазақ әдебиеті тарихында Ж.Аймауытов шығармашылығының алатын орны, пән бағдарламасында берілуі
1.1Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының зерттелуі
Ж.Аймауытовтың қоғамдық саяси қызметінен бастап, әр түрлі еңбектері бірнеше зерттеу жұмыстарына өзек болғандығы белгілі. Жазушының әдеби шығармашылығы жөнінде кезінде С.Садуақасұлы, М.Әуезов, Ғ.Тоғжанұлы, С.Мұқанов, және т.б. пікір білдірсе, кейінгі тұста, С.Қирабаев, Т.Қожакеев, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Р.Тұрысбеков, Д.Досжанов, Р.Нұрғали, С.Мұратбеков, А.Сатаев, Б.Құндақбаев, Ә.Әбішев, Д.Әбілов, Б.Тәжібаев, Б.Кенжебаев, Т Жұртбай, Б.Байғалиев т.б. ғалымдар тарапынан қарастырылған еңбектеріне талдау жасалып, әдеби құндылықтар мысалдармен көрсетілді.
Ж.Аймауытовтың бай әдеби мұрасы туралы Қ.Мұхамедханов: Жүсіпбектің әдеби мұрасы зерттелген емес, зерттелмек түгіл, сонау 20-жылдардан бастап Аймауытұлын арандату әрекеті, оған жазықсыз жабылған пәле-жала Жүсіпбектің көзі жойылғанша, жойылғаннан кейін де, толастаған емес. Ол өз алдына зерттелетін мәселе -, дейді 4.391. Себебі, жазушы ақталғанға дейін Ж.Аймауытовқа, оның шығармашылық мұрасына социалистік көзқараспен баға беріліп, ескілікті уағыздайтын шығарма ретінде танылып, нәтижесінде халыққа қарсы идея ұсынған ұлтшыл, буржуазияшыл, халық жауы деген атақтар беріліп жазаға тартылды. Жүсіпбек Аймауытов шығармалары пән бағдарламасына енбей, оқушылар назарынан тыс қалды.
Рақымжан Тұрысбек өзінің Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы жайындағы еңбегінде: ...Міне, елі үшін күйген көрнекті қазақ қаламгері, ақын, әрі аудармашы, драматург Ж.Аймауытұлының талант табиғаты мен тағдыры, сондай-ақ, өмірбаян беттері мен шығармашылық ғұмырнамасының кейбір қырлары, перзенттері мен шәкірттері ой-пікірлерінің үзік-үлгі сырлары осындай. Біз бір ғана Жүсіпбек Аймауытұлының өмірбаян беттері мен шығармашылық ғұмырнамасына үңілгеннің өзінде кезең кестелері әр қырынан көрініп, талант табиғатына, дарын дидарына парасат шуағынан гөрі-саясат салқыны көлеңкесін молынан түсірген, салмағын анық аңғарамыз - деген.
Бүгінгі күні, қазақ әдебиетінде тұлғатану біршама қалыптасқан сала болғандықтан Ж.Аймауытовтың есімі, шығармашылық қайраткерлік еңбегі зерттеу нысанына айналып, қазіргі заман көзқарасымен жаңаша бағамдалуда.
Жүсіпбек Аймауытов егемендігіміздің арқасында әдебиетіміздің ақтаңгері болып әдебиет алыптарының қатарына қайта қосылды. Қаламгердің жазушылық мол мұрасы, адамгершілік, мінез-құлқы туралы ашық айтуға, зерттеуге, насихаттап жазуға мүмкіндік туып отыр. Демек, кемел де кемеңгер суреткердің шығармашылық еңбектерін көркем әдеби сын тұрғысынан қарастыру, тиянақтап жинақтау, суреткер турасында естеліктер жазу, оның шығармаларын ұлтымыздың ұлттық байлығына, халқымыздың рухани игілігіне айналдыру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін маңызды іс деп айтсақ қателеспейміз.
Жүсіпбектің сан салалы шығармашылық қызметі дәуірдің талап етуінен туды. Бұл - бір Жүсіпбек басындағы ғана емес, қазақ интеллегенциясының алғашқы буынына түгелдей ортақ сипат. Әр саланың өз мамандары жоқ кезде олар заман, өзгеріс дәуірін күн тәртібіне қойып отырған қажеттікті өтеуге бар мүмкіндіктерін жұмсады. Ақын да, жазушы да, драматург та, ғалым да болып еңбектер жазды. Аударма да жасады. Бүгін біз Жүсіпбектің көркем туындыларының әдебиет тарихындағы орнын, жазушы шеберлігін, ізденістерінің байсалдылығын айта отырып, оның барлық шығармашылығының тарихи маңызын айрықша атаймыз [6, 24б].
Жүсіпбек Аймауытов шығармаларының мектеп бағдарламасынан алатын орны туралы айтқанда қазіргі мектеп бағдарламаларындағы ерекшеліктер де назардан тыс қалмауы керек. Себебі қазіргі кезде бейімді мектептерде оқушыларды пәндік бейімдеріне байланысты қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары деп бөлінеді. Оқушыларды осылайша бейімдеп бөлу әдебиет пәнін оқытуды да жаңаша құру керек екенін дәлелдеп отыр.
Кесте 1 - Жалпы білім бертін орта мектептің бағдарламасында Ж.Аймауытовтың шығармаларының берілуі.

Сынып
Пән бағдарламасында берілген шығармалар атауы
Сағат саны
Қосымша оқуға берілген шығармалар атауы
Сыныпттан тыс оқу
1
1.
Ақбілек романынан үзінді ретінде Торғай мен қарлығаш әңгімесі берілген
1

2
4.
Әнші әңгімесінен қысқаша үзінді берілген
1

3
7.
Әнші әңгімесі

Күнікейдің жазығы повесінен Күн менікі үзінді
Боранды болжағыш әулие әңгімесі
4
9.
Әнші әңгімесінің толықтай нұсқасы берілген
2

5
11.
Ақбілек романы
2
Шернияз пьесасы

6

Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы
1

7

Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығы
1

8

Ақбілек романы
3

9

Қартқожа романы
1

Кесте 2 - Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытатын 2009 жылғы (5-11 сынып) бағдарламасында Ж.Аймауытовтың шығармаларының берілуі.


Сынып
Пән бағдарламасында берілген шығармалар атауы
Сағат саны
Тереңдетіп оқуға берілген шығармалар атауы
Сыныптан тыс оқу
1
7
Әнші әңгімесі, Күн менікі
4
Боранды болжағыш әулие әңгімесі

2
9
Әнші әңгімесі, Шернияз пьесасы
4
Ақбілек романы

3
11
Өмірі, драмасы, поэзиясына шолу,аудармалары, публицистикасы.
8

Білім тұжырымдамасының арнайы түсінік хатында: Жаңа оқу жылына ұсынылып отырған әдебиеттің өтпелі кезеңге арналған бұл бағдарламаларында мазмұндық, құрылымдық елеулі жаңартулар жасалды, көптеген материалдар қайта қаралды. Әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік, эстетикалық бағытын күшейтуді қамтамасыз етерлік мүмкіндігі мол жаңа есімдермен, соңы туындылармен толықтырылды,- деп баға берілді [7].
Мектепте Ж.Аймауытов шығармаларын оқытуға бөлінген сағат мөлшері қазіргі мектептердің бағыт бойынша оқытуына негізделіп жасалған. Мәселен, Ақбілек романы қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда үш сағат оқытылса, жаратылыстану-математика бағыты бойынша сыныптан тыс оқуға берілген. Сондықтан зерттеу барысында сыныпта және сыныптан тыс оқытылуының ерекшеліктері жеке-жеке арнайы қарастырылды.
Ж.Аймауытов шығармашылығын оқытудың ерекшелігі жазушының өмірбаяндық, шығармашылық және оған байланысты зерттеу еңбектерінің әлі де болса бір жүйеге түспегендігіне байланысты екенін айтқымыз келеді. Себебі, жазушының Әнші әңгімесі үш сыныпта (4,7,9.) қайталанады. Есесіне жазушының балаларға арналған ертегілері, өлеңдері мен поэмалары берілсе деген ұсыныс бар. Осыған байланысты бағдарламадағы Ж.Аймауытов өмірі мен шығармашылығына берілген сағат көлемін әлі де көбейту керек деген қорытынды шығады.

1.2 Ж.Аймауытов шығармаларын орта мектепте оқытудың педагогика-психологиялық негіздері
Жүсіпбек Аймауытов - жас ұрпақты тәрбиелеуге үлкен мән беріп, баланың жан дүниесіне үңілу, оның дұрыс өсіп, дұрыс жолды таңдай білулеріне көмек көрсету мәселелеріне терең тоқталған ғалым. Ж.Аймауытов жас өркенді оқытып-тәрбиелеуде, оның жеке тұлғасын, өзіндік мәнін қалыптастыруда мұғалімнің ролі айрықша екендігіне көп көңіл бөлген.
Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері еңбегі мектепке және оқытуға байланысты қазақ тілінде жазылған алғашқы құралдардың бірі болғаны жайында еңбекте толық көрсетілді. Жан жүйесі және өнер таңдау, Тәрбиеге жетекші, Психология деп аталатын еңбектерінен мысалдар алынып, қазақ мектептері тарихындағы психология мәселесіне арналған тұңғыш зерттеулер екені айтылып өтілді. Автор: Психология кітабының алғы сөзінде: Өзге білімдер затшылдыққа табан тіресе, аяғын нық басқан жоқ ... Қарапайым адамға жұмбақ сықылды көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады...-, дейді. Ж.Аймауытов Тәрбие мен амал атты тарауында: Өмірге пайдасыз білімнің білім сәндігі жоқ. Олай болса психология білімі де тәрбиеге пайда келтіретін болуы керек. Тәрбиенің түпкі мақсұты: адам маңайындағы табиғат төңірегіне, әлеумет төңірегіне ыңғайласуға ықпал беретін құрал-күш жасап беру. Тәрбиесіз адам өмірде әрбір жаңа күйге ұшыраса берекесі кетіп, рәсуа болады. Ал , Тәрбиелі кісі жадына сіңірген өнегелер, дерексіз ұғымдар арқасында бұрын ұшырамаған халге түссе де, шаруа табуға оңтайлы келеді. Бір сөзбен тәрбиені былай тағайындауға болады: қылық пен икемдік жүзінде бойына сіңірген әдетті іс істеуге жанастырып, ұйымдастыру,-деп [8,44б]. Тәрбиенің психологиямен байланысты болып келуіне назар аудартады. Бұл ғылыми зерттеулер өз уақытында жоғары бағаланғандығы және еңбектің құндылығы бүгінгі тәрбие мәселесіне де қажет екендігі айтылды.
Ж.Аймауытов білім беруде оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға оқу үрдісінде балаларға түсінікті ұғымдарды үйретуден бастауды олардың жеке қабілет- дарыны мен ерекшеліктерін ескеруге баса назар аударады. Жазушының бұл принциптері қазіргі кезде әдістеме саласында қолданып жүрген жеңілден күрделіге қарай оқыту және олардың жас ерекшелігін ескеру қағидаларымен сай келеді.
Ж.Аймауытовтың шығармалары оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай топталып талданды. Торғай мен қарлығаш атты әңгімеде жан-жануарлардың тіршілігін, олардың мінез ерекшеліктері түсіндірілді. Әнші әңгімесін оқыту кезінде оқушының шығарманың көркемдік-эстетикалық қуатын айқындау, елестету, өкіну, жаны ашу, қайғыру т.б.таным-түсініктері қалыптасты. Шығарма кейіпкері Шәкет қыздың ыдыс- аяқты ұқыпты, таза ұстауын суреттеу арқылы жазушы біріншіден, тазалыққа тәрбиелесе, екіншіден, қазақтың ұлттық таным - түсінігіне, тұрмыстық психологиясына байланысты этнопедагогикалық ұғымдарды игертуге назар аудартады. Әсіресе, сәтті шыққан психологиялық сипаттаулар Ақбілек романында көптеп кездесетіндігі айтылып, шығармадағы кейіпкер жан дүниесіндегі тебіреністер, қайғы мен жан күйзелістерінен мысалдар келтіріле талданып берілді. Жоғары буын әдеби білім берудегі шешуші кезең болғандықтан романдағы күрделі психологиялық жағдайлар тереңірек талданады. Жоғарғы буын-мектеп оқушыларына әдеби білім берудегі-шешуші кезең. Жоғарғы сынып оқушыларының жас ерекшеліктері, өмірлік, оқырмандық тәжірибелері, қабылдау дәрежелері мүмкіндік беретіндіктен, бұл сыныптарда берілетін білім көлемі күрделене түседі [9, 248б]
Соны ойлаған кезде ақ торғын маңдайынан екі тік сызық көріне қалады. Апасы есіне түседі де, көзінен екі моншақ домалап кетеді... Жан апасы бұл үшін өліп кетті-ау! Тым болмаса бір ауыз тіл қатуға да мұршасын келтірмеді-ау! Жан апасынан мәңгілік айырылып, басы қаралы, жүзі жаралы болып отырып, не бетімен бай іздегені? Апасын өлтіріп кеткен, өзін тартып әкелген, ауылын шапқан, талаған орыстың тұқымына не ғып өз еркімен көнгені? Ел қайда? Бұл қайда? Әкесі, аулы не күйде? Ақбілек туралы олар не ойлап жатыр десейші... деген жолдар арқылы көрінетін кейіпкер жан дүниесіндегі тебіреністерді оқушының түсінуі үшін мұғалім романның өн бойындағы Ақбілектің психологиялық образына байланысты нақтылы жағдайларды оқушылармен талдай отырып меңгертілді. Шығармадағы нақтылы мысалдармен біреудің жан дүниесіндегі қайғы мен ауыр жан күйзелістерін түсінуге, бір-біріне деген қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыруға болады.
Соны ойлағанда Ақбілек: Менің кімге жазығым бар еді деп тағы да ойлады. Өзін торғайға, өзіне қастық қылғандарды жыланға теңеді. Торғайдың жауын мен өлтірдім, менің жауымды да біреу өлтіреді екен деп, бұл оқиғаны өзінше жақсылыққа жорыды... - деген үзінді арқылы жазушы қазақ халқының ұлттық дүниетанымдағы ырымға сену қасиетін көрсетеді. Сондай-ақ, жылан мен торғайдың әрекетін сипаттау арқылы психологиялық паралелль әдісін алып Ақбілек монологын жазушы сәтті шығарғанын оқушы мәтінді талдау барысында түсінеді. Оқушылардың бойындағы аяныш сезімдерін туғыза отырып, қазақ ұлттық дүниетанымындағы табиғат пен адам байланысына негізделген табиғатпен етене өмір сүру идеясын да айтуға болады.
Қартқожа романындағы сағыныш, мұң, арман сияқты сезімдер суреттеріне психологиялық талдаулар жүргізілді. Күнікейдің жазығы повесіндегі қыз баланың өзіне ғана тән ішкі психологиялық жай- күйі қарастырылды.
Оқытудың нәтижесі мұғалімнің жеке тұлғасы мен шеберлігіне байланысты. Бұл туралы А.Байтұрсынов: Мектептің жаны-мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі, пәні сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім. Екінші - оқыту ісіне керек құралдар қолайлы, пән сайлы болуы керек, - деп екі түрлі мәселеге аса көңіл бөлу керек екенін көрсетеді. [10, 269б.]

2.Ж.Аймауытов шығармаларын жаңа әдістемелік технологиялармен меңгертудің тиімді жолдары
2.1 Ж.Аймауытов шығармаларын сыныпта оқытудың әдіс-тәсілдері
Оқу жүйесіне тың тәсілдер жүйесі - тиімді технологиялардың енуі-бүгінгі күн талабы. Оқу-тәрбие үрдісінің алдын-ала жүйелі түрде жобалануы, оны тәжірибеде жүзеге асыру озық технологиялардың жетістігі екендігі атап көрсетілді. Әр сабақтың мазмұнына, әдіс-тәсілдеріне қарай оқытудың жаңа технологиялары (Венн диаграммасы, Қарлы кесек ойыны, топтастыру, ой қозғау стратегиясы, кейіпкер бейнесін ашуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте Ж.Аймауытов шығармашылығын оқыту жолдары
Жүсіпбек Аймауытов туралы
Жүсіпбек Аймауытұлы және қазақ руханияты, тарих, таным, көркемдік арқауында
Қазақ зиялыларының мұраларын оқу – тәрбие процесінде жүргізудің әдіс – тәсілдері
Жүсіпбек Аймауытов пен Мағжан Жұмабаев шығармашылығы
Кітапхана ісін жоспарлау аймақтық кітапхана
Кітапхана білім жүйесі
Ж. Аймаутовтың өмірбаяны мен педагогика жөніндегі еңбек жолы
Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі
Орталықтанған кітапхана жүйесі
Пәндер