Электрлік кабельдердің түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі

Оқу практикасы бойынша

ЕСЕП
Тақырыбы

Кабельдер

Орындаған: ЭЛС 11 тобының суденті Сырғабай Н.
Тексерген: практика жетекшісі Укасова М.М.

Орал, 2016ж.
Мазмұны

Кіріспе
1. Электр кабельдері, сымдар және электр бау сымдар (шнуры)
2.Электрлік кабельдердің түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Кабель (голл. kabel - канат, сым арқан), электрлік - сырты қорғағыш қаптамамен қапталған, бір не бірнеше оқшауланған өткізгіштерден (ток өткізетін талсымдардан) тұратын өткізгіш. Кабель электр энергиясын және сигналдарды қашықтыққа жеткізу үшін пайдаланылады. Кабель арналу мақсатына орай күш кабелі (электр энергиясын тасымалдайтын), байланыс кабелі (сигналдарды тасымалдайтын), радиожиіліктік кабель (жоғары жиіліктік) болып бөлінеді. кабельдің құралымы оны тарту (су және жер астында, ауада, зиянды ортада, т.б.) және пайдалану ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып жасалады. Мысалы, Атлант мұхиты арқылы Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы алғашқы кабельді байланыс - күшейткіштері бар монтаждалған герметикалық коаксилді кабель жәрдемімен жүзеге асырылды (ұызндығы 4000 км). Күш кабелі талсымдарының көлденең қимасы тасымалданатын электр қуатының шамасына сәйкес 10 - 150 мм2 болады. Кез келген кабельге тән ортақ элементтер: ток өткізетін талсымдар, оқшаулама және сыртын қаптайтын қаптама. Ток өткізетін талсымдар алюминийден немесе мыстан жасалады. Пайдалану мақсатына орай кабель бір сымды немесе көп сымды болады.
Кабель оқшауламасы диэлектрик материалдардан жасалады, олар ток өткізетін талсымдарды бір-бірінен және қаптамадан бөліп тұрады. Көп талсымды кабельге жұмыр пішін беру үшін арнаулы құрсаулық оқшауламамен (1-суретте) қапталады. кабельдің цилиндр формалы қаптамасы оқшауланған ток өткізетін талсымдарды ылғал мен химиялық заттар әсерінен қорғайды. Әдетте, қорғасын не алюминийден жасалынған қаптама қолданылады. Пластмасса оқшауламасы бар кабельдердің қаптамасы әр түрлі поливинилхлоридтерден, ал резина оқшауламасы бар кабельде - резинадан жасалады. Қаптаманы мех. зақымнан, тоттанудан қорғау үшін қорғауыш жамылғымен (бронмен) орайды. Бронды қабат ретінде қалыңд. 0,3 - 0,8 мм болат лента пайдаланылады.
Кабель керу күшінің әсеріне шыдау үшін сыртына диам. 1,4 - 6 мм мырышталған болат сым оралады. Жоғары кернеулі күш кабелі тармағының ортасы қуыс болады, ол арнайы минералдық маймен толтырылады (2-сурет). Жоғары қысымды Кабельдің оқшауланған тармақтары 15 - 20 ат. қысымдағы маймен толтырылған болат құбырға орналастырылады. Қазақстанда кабель өнімдерін жасаумен "Қазэнергокабель" акционерлік қоғамы шұғылданады (1999). Оның өндірістік қуаты жылына АВВГ, ВВГ күштік кабельін өндіру - 850 км; АКВВГ, КВВГ балқымалық кабельін өндіру - 600 км; АПВ, АППВ қондырғылау кабельін өндіру - 2800 км; А, АС жалаңаш сым өндіру - 500 тн; МФ, МТ-2 троллей сымын өндіру - 200 тн.

1. Электр кабельдері, сымдар және электр бау сымдар (шнуры)

Кабельдер мен сымдар электр энергиясын беру және тарату, сонымен қатар электр қондырғыларының элементтерін бір-біріне жалғастыру үшін қолданылады.Ток өткізгіш талсым (жила), оқшаулағыш, сыртқы қабық, сауыт қабықша кабельдің негізгі элементтері болып табылдады. Кабельдің атқаратын қызметі мен қолданылу шартына қарай құрылысында жоғарыда айтылған элементтердің кейбіреуі болмауы немесе экран сияқты қосымша элементтер болады.

Ток өткізгіш кабель талсымдарды өндірісте мыс және алюминий металдарынан дөнгелекпішінде дайындайды, секторлық және сегменттік түрінде,сонымен қатар 120,150 және 185мм² аралас секторлы қима түрінде шығарады.
Кабелдер мен талсымдарды оқшаулау үшін арнайы сұйық сіңдірілген кабель қағаздарын, пластмассаны және резеңкені қолданады.Талсымдарды оқшаулауға арналған қағаз оқшаулағыштың орнына көбіне диэлектрлік қасиеті жоғары, ылғалға төзімді, химиялық және механикалық беріктігі жоғары, дайындау және монтаждау технологиясы қарапайымдалған пластмассалы оқшаулағыштар қолданылады.
Кабельдің сыртқы қабаты қорғасын, алюминий, резеңкелі және пластмассалы болады.Олар оқшауланған талсымды жарықтың, ылғалдың, қоршаған ортаның басқа да зиянды әсерлерінің салдарынынан механикалық зақымдалудан қорғайды.Кабельді әр түрлі жағдайда төсеу және жүргізу кезінде кабельдің сыртқы қабаты жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығы мен беріктігін қамтамасыз етеді.

Олар оқшаулағыш талсымды жарықтың, ылғалдың, химиялық заттардың және қоршаған ортаның басқа да факторларынан, сонымен қатар механикалық зақымданудан қорғайды.

Кабельдер құрылысына қарай әр түрлі белгілермен белгіленеді:
С - қорғасын , А - алюминий, Н - жанбаймын резеңке, В - поливинилхлорид,
Б - қорғаушы қабық, Л - таспалы сауыт, П - жалпақ сымды сауыт
Сыртқы қабығы жоқ болса, Г (гладкий - тақыр )әріпімен белгіленеді. Кабельдің маркасы О әріпімен басталса, онда оның талсымдары ерекше қорғасынмен қапталғанан көрсетеді.Кабельдер 1000В-қа дейінгі кернеулі және оданда жоғары кернеулі болып шығарылады.

2.Электрлік кабельдердің түрлері
Коаксиалды кабель (коаксиальный кабель; coaxial cable) -- 1) орталық өткізгіштен және металдан өрілген (торланған) сыртқы экраннан тұратын электр кабелінің бір түрі. Өткізгіш пен экранның арасы айырғыш материалмен толтырылған. Орталық өткізгіш пен экран өстерінің дөл келуі коаксиалды атаудың шығуына түсінік береді. Мәліметтер жеткізу жылдамдығы 5-10 мбитс шамасында; 2) теледидар кабеліне ұқсас, сырты экранды қабықшамен қоршалып, диэлектрикпен қапталған бір өткізгішті өзегі бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы-Атырау учаскесінің проблемалары
Байланыс жүйелері
Байланыстырушы муфта: түрлері, құрылысы, пайдаланылуы
Байланыс каналдары бойынша зертханалық жұмыстар
Прикаспийский Центр Сертификаций ЖШС-нің сынау орталығында кабельді сынау және оған сертификат беру процедуралары
Оптикалық кабель типі
Кабелдік байланыс жолдары
Байланыс жолдарының типтері
ОПТИКАЛЫ ТАЛШЫҚТЫ БАЙЛАНЫС ЖОЛДАРЫ
Құрылымдық және электрлік симметриялық кабельдердің сипаттамалары сандық тарату жүйелері үшін байланыс. Байланыстың электрлік кабельдерінің түрлері және маркировкалары
Пәндер