Қазақ тіліндегі синонимдердің зерттелуі



Жоспар.

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5

ІІ. Негізгі бөлім

1) Синонимдік қатар және оның зерттелуі ... ... ... ... ... ... ... .6.9
2) Синонимдерді қолданудың тәсілдері,
пайда болу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.15
3) Ж. Нәжімеденов шығармаларындағы
қосарланған синонимдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16.25

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26.27
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кейбір сөздер өзінің ерекше нақты мағынаға ие болумен қатар, кейде басқа бір сөздермен ұқсас мағынада болады. Бұл ұқсастық кей жағдайда өте жақын, ал кейде жақындығы азайып, тіпті тек қана стильдік болуы мүмкін. Бұлар әртүрлі дыбысталатын болғандықтан олардың өзара ұқсастығы материалдық жағынан емес, тек мағыналық жағынан, ұғым бірлігінен білінеді.
Жалпы белгілі бір тілдің лексикасында мүлде бір мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ; сондықтан бұл сөздердің ұқсастығы абсалюттік ұқсастық деуге болмайды.
Синоним туралы сөз еткенде қазақ тілі оқулықтарында мынадай жалпылама анықтама беріледі: мағыналары бір-біріне жақын бірнеше сөздерді синонимдер дейміз. Бірақ, синоним туралы сипаттама мұнымен бітпейді. Тереңірек зерттей келе синонимнің қызық құбылыс, тілдік байлық екенін аңғаруға болады. Синоним тек қазақ тіліне тән құбылыс емес. Жер жүзінде қанша тіл болса, солардың барлығында да мағына жағынан бір-біріне ұқсас, мәндес сөздер кездеседі. Ендеше, тілдегі синонимдер – сөз қорының асыл қазынасы. Әрбір тілдің қандай дәрежеде дамып жетілгендігі, оның байлығы мен оралымдығы синонимдердің молдығы арқылы көрінеді. Біздің ана тіліміз, төл тіліміз – қазақ тілінің де орасан бай тіл екенін өзімізден басқа, шетелдік тілтанушылар да мойындаған.
Мысалы, орыс ғалымдары В.В.Радлов “Қазақтың тілі жатық та шешен, әрі өткір” десе, М. Мелиаранский “Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза, әрі ең бай тіл ” дейді. Ал туған тілін ту ғып көтерген ақын Мағжан Жұмабаев болса “Қазақтың сары даласы да кең, тілі де бай. Осы күнгі түркі тілдерінің ішінде қазақ тілінен байлығы оралымды, терең тіл жоқ ” дейді. Әдетте тіл байлығы дегенде сөз қорының молдығын түсінеміз. Сол мол дүниенең көрінісі синонимдер арқылы танылып, білінеді. Синонимдердің тілдегі мәнді қызметі, сөз жоқ , сөз өнерімен,
шығармашылықпен тығыз байланысты. Бұл екеуін біріне бірін ажыратып бөлуге әсте болмайды.
Синонимдердің тілдегі мән-мағынасын, сыр-сипатын, қолдану тәсілін нақты мысалмен тап болып, дәл айтқан Ахмет Байтұрсыновтан бұрын қазақта
) І. Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1975ж
2) А.Байтұрсынов «Тіл тағылымы» Алматы, 1992 ж.
3) Ә. Болғанбаев «Қазақ тілінің синонимдер сөздігі» Алматы, 1975жыл
4) Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» Алматы, 1985 ж.
5) С.Исаев «Қазақ әдеби тілінің тарихы» Алматы, 1995 ж.
6) Ахмеди Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» Алматы, 1991 (119-бет)
7) «Қазіргі қазақ тілі» Оқу құралы. Алматы, 2005 ж.
8) Синонимдер сөздігі. Алматы 2001 ж.
9) Ф. Оразбаеваның «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер»
10) Ж.Нәжімеденов «Ақ шағыл» романы
«Кішкентай » романы
11) Жұмекен. Қазына. Атырау-Ақпарат. «Арыс» баспасы, 2002 жыл
12) Ж.Нәжімеденов Үш томдық шығармалар жинағы «Жазушы» 1996,1997жыл.
13) Жұмекен Нәжімеденов Екі томдық шығармалар жинағы «Жазушы» 2005 ж

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
 
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 3-5
  
ІІ. Негізгі бөлім
 
1)   Синонимдік қатар және оның зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ...6-
9
2)   Синонимдерді қолданудың тәсілдері,
пайда болу жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-15
3) Ж. Нәжімеденов шығармаларындағы
қосарланған
синонимдер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 16-25

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26-27
 Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...28

 
 
 
 
 
 
 

 

Кіріспе
Кейбір сөздер өзінің ерекше нақты мағынаға ие болумен қатар,
кейде басқа бір сөздермен ұқсас мағынада болады. Бұл ұқсастық кей жағдайда
өте жақын, ал кейде жақындығы азайып, тіпті тек қана стильдік болуы мүмкін.
Бұлар әртүрлі дыбысталатын болғандықтан олардың өзара ұқсастығы материалдық
жағынан емес, тек мағыналық жағынан, ұғым бірлігінен білінеді.
Жалпы белгілі бір тілдің лексикасында мүлде бір мағынада
айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ; сондықтан бұл сөздердің ұқсастығы
абсалюттік ұқсастық деуге болмайды.
Синоним туралы сөз еткенде қазақ тілі оқулықтарында мынадай
жалпылама анықтама беріледі: мағыналары бір-біріне жақын бірнеше сөздерді
синонимдер дейміз. Бірақ, синоним туралы сипаттама мұнымен бітпейді.
Тереңірек зерттей келе синонимнің қызық құбылыс, тілдік байлық екенін
аңғаруға болады. Синоним тек қазақ тіліне тән құбылыс емес. Жер жүзінде
қанша тіл болса, солардың барлығында да мағына жағынан бір-біріне ұқсас,
мәндес сөздер кездеседі. Ендеше, тілдегі синонимдер – сөз қорының асыл
қазынасы. Әрбір тілдің қандай дәрежеде дамып жетілгендігі, оның байлығы мен
оралымдығы синонимдердің молдығы арқылы көрінеді. Біздің ана тіліміз, төл
тіліміз – қазақ тілінің де орасан бай тіл екенін өзімізден басқа, шетелдік
тілтанушылар да мойындаған.
Мысалы, орыс ғалымдары В.В.Радлов “Қазақтың тілі жатық та шешен, әрі
өткір” десе, М. Мелиаранский “Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза,
әрі ең бай тіл ” дейді. Ал туған тілін ту ғып көтерген ақын Мағжан Жұмабаев
болса “Қазақтың сары даласы да кең, тілі де бай. Осы күнгі түркі
тілдерінің ішінде қазақ тілінен байлығы оралымды, терең тіл жоқ ” дейді.
Әдетте тіл байлығы дегенде сөз қорының молдығын түсінеміз. Сол мол
дүниенең көрінісі синонимдер арқылы танылып, білінеді. Синонимдердің
тілдегі мәнді қызметі, сөз жоқ , сөз өнерімен,
шығармашылықпен тығыз байланысты. Бұл екеуін біріне бірін ажыратып бөлуге
әсте болмайды.
Синонимдердің тілдегі мән-мағынасын, сыр-сипатын, қолдану
тәсілін нақты мысалмен тап болып, дәл айтқан Ахмет Байтұрсыновтан бұрын
қазақта ешкім болған жоқ. Ол былай дейді: “Біз қазақ тіліндегі сөздің бәрін
білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу
деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді тандап ала білуді және сол
сөздерді сөйлем ішінде орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Қазақ тілі
қазақ ортасының бәріне бірдей ортақ мүлік болғанымен, бәрі бірдей
пайдаланбайды. Әркім әр сөзді өзінше қолданады.,өзінше тұтынады.”
Синоним сөздер – кез-келген тілдің қаншалықты дамығанын, оның
оралымдылығын көрсететін сөз байлығының құнарлы бір саласы. Сонымен қатар
ол әр халықтың ұлттық ерекшелігін де танытады. Сөз логикалық дәлдігімен,
ойлаған ойдың ренктерін өз бояуымен нақтылы көрсете алса ғана мәнерлі
сипатқа ие болады. Мазмұн мен мақсатқа сайма-сай лайықтап алынған сөздер
ғана мәнерлі деп танылады. Шешен де шебер сөйлеудің бір ұшы – тілдегі
синонимдерді қыбын тауып орнымен үйлестіріп жұмсай білуде. Дикторға белгілі
бір тексті дауыс ырғағымен әлденеше құбылтып мәнерлі түрде оқып беру
қандайлық қажет болса, сөйлеуші мен жазушыға да синонимдердің реңктерін
айқын ажыратып, тап бастырып дәл қолдана білу де соншалықты қажет. Ана
тілінің синонимдер байлығын еркін білу – өз ойыңды соншалықты дәлме-дәл
етіп жеткізе алу деген сөз.
Қазіргі кезде тіліміздегі синонимдер мән-мағынасы мен қолдану
аясына қарай сала-салаға бөлініп, саралана бастады. Бірақ бүтіндей бір-
біріне жігі ажырап бітті деп әзірге айту қиын. Қазақ тілінің синонимдері
саны көлемі жағынан да, синонимдік қатарлардың молшылығы жағынан да өте
бай. Бір ұғымды білдіру үшін кейде 20-30 синоним сөз қолданыла береді.
Синонимдердің қолданылу өрісі өте кең, сөйлегенде, жазғанда белгілі бір
ойды сегіз саққа жүгіртіп, тілді соншалықты оралымды етеді. Әр адамның
ойлаған нысаналы мақсатына, көңіл-күйі көзқарасының әуеніне қарай айтайын
деген пікірін басқа кісілерге нақтылы, дәл әрі көркем етіп жеткізуде
синонимдердің атқаратын қызметі соншама үлкен.
Қазақ тілі синонимдерінің жан-жақты зерттеле бастағанына 40
жылдай уақыт өтіпті. Осы мезгілдің ішінде лексикалық синонимдер жайында бір
докторлық, төрт кандидаттық диссертация қорғалыпты. Бірнеше монографиялық
еңбек баспадан шыққан. Ерілі –уақыты мақалалар да жарияланып жатыр. Ал
синонимдер сөздігі үш рет жарық көрген. Бірақ бұған қарап бізге синонимдер
мәселесі түбегейлі зерттеліп бітті деген бір жақты қорытынды жасауға
болмайды. Сондықтан, мына шағын ізденуіміз осы зерттеулердің жалғасы
іспетті болсын.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Негізгі бөлім
1) Синоним, синонимдік қатар және оның зерттелуі
XVIIІ ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Д. Аланбер: Түптеп
келгенде, бірінің қызметін бірі мүлтіксіз атқаратын синонимдер әсте
болмайды. Синонимдік қатардың әрқайсысы бір ұғымның мәнін толық жеткізе
алады деп мойындаудың өзі бір ғана тілде екі бірдей тілдің қаз-қатар өмір
сүруін мойындаумен бара-бар - деп түйген еді. Ал орыс ғалымы Д.И.Фонвизин:
Бір мағыналы сөздер өмірде тіптен кездеспейді. Егер он шақты не одан да
көбірек сөздер бір ғана идеяны білдірген болса, онда одан өткен сорақы
байлық болмас еді - деген еді. Ендеше синонимдер бір мағынаны білдіретін
сөздер емес, мағынасы бір-біріне жақын, мәндес сөздер екен. Мұндай сөздер
синонимдік қатар түзеді. Яғни, белгілі бір ұғымды білдіретін мәндес
сөздердің топтамасын синонимдік қатар дейміз. Әрбір қатарда бір сөз басқа
синонимдерге қарағанда басым айтылып, басқа сөздерді өзінің төңірегіне
топтауға негіз болады. Ондай сөздер тіркес сөз (даминант) немесе басым
синоним деп аталады. Басым синоним болатын сөздер өзінің негізгі
мағынасында ғана келуге тиіс. Тіркес сөз әрбір қатарға енетін сөздердің әр
түрлі мағыналық, стильдік, қолданылу ерекшеліктеріне қарай таңдалып
алынады.
Мысалы, мықты сөзінің мынадай синонимдері бар: берік, күшті,
қуатты, әулетті, қарулы. Қазіргі қазақ тілінде бұл сөздер мына тіркестерде
қолданылады: күшті ағыс, берік ағаш, мықты шеге, қуатты электростанция.
Бірақ бұл топтағы сөздер әр уақытта бірінің орнына бірі қолданыла бермейді.
Мысалы, күшті, қатты дегендер ағыс деген сөзбен тіркесіп, күшті ағыс, қатты
ағыс делінсе, ол қатардағы басқа сөздер бұған келмейді, қуатты ағыс,
әулетті ағыс деп айтылмайды. Әулетті, қарулы, қуатты деген сөздер әдеби
тілде синоним ретінде жиі қолданылады. Бұл синонимдік қатардағы сөздер де
әрқашан конкретті жағдайды, логикалық байланысты талап етіп, айтушының
стиліне сай болып отырады.
Синоним сөздердің мағыналық бірлестігі – сол сөздердің негізгі
мағыналарының жақындығында деп айтқан болатынбыз. Бірақ бұл жақындық
әрдайым синоним бола бермейді. Мысалы, кеңірдек және өңеш, сондай-ақ, ағаш
және отын деген сөздер мағыналық байланысы жағынан бір-біріне жақын. Өңешін
созды деген тіркестегі өңеш сөздің орнына кеңірдек деген сөзді қойып,
кеңірдегін созды деп айта беруге болады. Бірақ бұл екі сөздің заттық
мағынасы екі басқа екені белгілі. Кеңірдек-дем алыс мүшесі, өңеш-ас
өткізетін мүше .
Сол сияқты отын бұтады деген тіркестің орнына ағаш бұтады деп
айтуға болады. Мұнда отын, ағаш деген сөздер синоним болып тұр.
Сөйтіп, кез-келген бір тектес немесе мағыналары жақын сөздер
синоним бола бермейді екен. Ендеше, синонимдер басқа сөздермен байланыс
жасаған кезде, олардың мағына бірлестігінің белгілі бір шегі болады, оны
біз бір сөздердің синонимдік мағына шегі дейміз.
Синонимдік қатарлардың түрлері туралы көптеген пікірлер бар.
Біреулер оны пысықтау синонимі, жанрлық синоним, экспрессивті синоним деп
бөлсе, енді бір ғалымдар мүлде басқаша етіп, сөз топтарының ыңғайына қарай,
есім сөздік синоним, етістік синоним деп бөледі. Ал “Қазіргі қазақ тілі”
оқулығының авторлары тіл білімі ғалымдары Кеңесбаев пен Мұсабаев мынадай үш
топқа бөледі:
1) эмоциялық мән беретін синонимдер;
2) әлеуметтік ренктерді білдіретін синонимдер;
3) логикалық мәнді синонимдер.
Енді осы үш топ туралы біраз сөз қозғайық.
І . Эмоциялық мән беретін синонимдер.
Кейбір синонимдік сөздер негізгі тұрақты мағынасына сүйене отырып, тек
қана эмоциялық мән береді. Мысалы, келбет, мүсін деген сөздер жағымды мәнді
білдіреді, сондықтан олар үнемі жақсы оңды деген сияқты сөздермен
тіркеседі. Ал ұсқын деген сөз жаратпаушылық көзқараста қолданылады. Мысасы,
келбеті өте жақсы, мүсіні келісті деген тіркестер ұсқыны жаман екен деген
сөздерге қарама-қарсы қойылады. Сөйтіп, синоним сөздердің арасынан
мағыналары эмоциялы-экспрессивтік мәнді білдіретін бір қатар синонимдік
топтар құралады.
Бұл топқа тек әдеби сөздер ғана еніп қоймайды, сонымен қатар
жақтырмаған міңез-құлықты айтатын ойды білдіруде қолданылатын сөйлеу
тіліндегі сөздер де кіреді. Мысасы, сораптау деген сөздің ұнатпау мәні өз-
өзінен байқалып тұр. Шай ішіп отыр деген жай хабардың орнына шайды сораптап
отыр десек, бұл сөйлем арқылы біреуді жақтырмай, айыптай айтқан ойды
түсінеміз. Сонымен, қазіргі қазақ тілінде эмоциялық мән беретін сөздердің
синонимдік қатары бар.
2) Әлеуметтік ренктерді білдіретін синоним сөздер.

Синонимдердің ішінде кейбір сөздер тек белгілі әлеуметтік топқа
байланысты қолданылады. Бұл синонимдердің айырмашылығы топтық қоғамның
түрлі ерекшеліктерінен барып шығады. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде бала,
жігіт, азамат, байбатша, мырза деген сияқты сөздер бар. Байбатша мен мырза
сөздерінің бұрынғы билеуші тапқа тән екендігін осы сөздердің өзі-ақ
көрсетіп тұр.
Синоним болатын сөздердің кейбіреулерінде әсірлемей-ақ, өзінің
негізгі
лексикалық мағынасы арқылы қандай әлеуметтік топтарға тиісті екенін біл-

діргенде, оған айтушының
көзқарасы қандай екенін де көрсетеді. Мысалы, Мынау бір байбатша ғой! деген
сөйлемде байбатша сөзін біреуге мензеу айтқанда, мүмкін ол адам шын
мағынасындағы байбатша емес, қана оның айтушыға бір мінезі ұнамағандықтан,
айыптауы да мүмкін. Сөйтіп, айтушының көзқарасын бір ғана байбатша сөзі
түсіндіріп тұрған сияқты болады. Сонымен, жеке құбылыстардың жойылуымен
байланысты кейбір синонимдер ұмытылып, өз дәуірінде ғана өмір сүріп, бара-
бара көнеріп, тарихизмге айналады.
3)Логикалық мәнді синонимдер.
Бұл топқа жататын синонимдер сөз мағынасының логикалық жағын баса
білдіреді де, тура мағыналық қажеттіліктен гөрі эстетикалық қажеттілікті
өтеу үшін жиі қолданылады. Мысалы, қораға түскен қасқырды сойылмен соқты.
Бұл мысалда соқты деген етістік жай ғана хабарлап айтылып тұр, сондықтан ол
тындаушыға ерекше әсер ете алмайды. Егер соқты деген етістіктің басқа
контексте келген жерін қарасақ, онда оның логикалық реңін онай табуға
болады. Мысасы, Боран үш күн ұдайы соқты деген сөйлемде біз тек үш күн
болған боранды біліп қана қоймай, оның үздіксіз ұйтқып соғып тұрғанын
түсінеміз. Яғни, мұнда синоним семантикасының логикалық әсірелеу жағы
айқын көрініп тұр.
Бұл сияқты синоним сөздер тобы көбінесе айтуға байланысты.
Мысалы, Ашулы шал таяғын ала жүгірді деген сөйлемнің екі түрлі мағынасы
бар. Бірінші, ашулы шал таяғын алып, бір жаққа жүгіріп кеткенін білдірсе,
екінші ашулы шал біреуге таяғын кезенді дегенді білдіріп тұр. Ендеше бұл
сөздердің мағынасы айтушының интонациясынан анықталады немесе нақтылы
жағдайды суреттейтін жалпы сарын арқылы беріледі.
Осы көрсетілген синонимдік қатар тобына эпитет ретінде қолдану
тән болғандықтан, олардың көпшілік жағдайды сын есіммен берілетітін айтып
өту қажет.
Синонимдік қатардың стильдік ерекшеліктеріне де баса назар
аудару керек. Синонимдердің бұл ерекшеліктері әр түрлі жолмен беріледі.
Олар әдеби, сөйлеу тілдерінің ерекшеліктерімен де, сол сияқты,
диалектизмдермен де, лексиканың әр алуан түрлерімен де берілуі мүмкін.
Алайда бұл топтағы синоним сөздерді анықтайтын ол синонимдердің нақтылы
тіркесуі мен олардың стилистикада практикалық қолданылуы болып есептеледі.
Көркем әдебиетте, әсіресе поэзияда, синонимиканың маңызы өте
зор, сондықтан мұнда көркем әдебиеттің түрлі жанрын білдіретін әр текті
сөздер кездеседі.
Егер іс-қағаздарда, көбіне құрғақ стандарттық стиль
қолданылатын болса, көркем әдебиетке көтеріңкі, эмоциялық мәні бар стиль
тән.
 
 

2) Синонимдерді қолданудың мақсаттары мен пайда болу жолдары
Сөйлеу тілінде немесе әдеби тілінде, прозада болсын, поэзияда
болсын синоним сөздер әр түрлі кейіпте қолданылады. Оларды қолданудың
мынадай тәсілдері бар:
1)Алдындағы сөйлемде немесе қатар тұрған тексте бір рет сөзді
қайталамас үшін оны басқасымен алмастырады. Мысалы, Қаладан қашық тұратын
ауылға бәрі қат, бәрі зәру деген мысалдағы қат, зәру деген сөздер
синонимдер.
2)Белгілі бір ұғымды түрлі белгілерімен жан-жақты сипаттап көрсету
үшін синонимдер бір-біріне қарсы қойылып та, салыстырылып та, ынғайласып та
тұра берді. Мысалы: Бет көрсе, жүз ұялады. Қауіп бар жерде қатер бар.
3)Белгілі бір ұғымды әр жақтан толық сипаттап беру үшін екі немесе үш-
төрт синоним сөз қатарынан қолданылады. Мысалы: Майлыбайдың уысындағы
күміке өзді-өзі таласып, қырылысып, төбелесіп, өліп қала жаздады. Мұнда
қатар қолданылған синонимдер бір-бірінің мағынасын толықтырып тұрады.
Біреуіндегі кемшін мағыналық, стильдік реңк басқаларынан табылып, бүтін бір
ұғым әр түрлі белгілерімен жан-жақты алып көрсетеді.
4)Тілдегі синонимдерді жекелеп те, кезектестіріп те, жұптап та, топтап
та қолданғанымыз сияқты, бұларды қосарлап та пайдалануға да болады. Мысалы:
күш-қуат, құрбы-құрдас, ар-ұят, аман-сау, үлгі-өнеге, азып-тозу, қорқытып-
үркіту, т.б. Екі синоним сөз қосарланып қолданғанда бұлардың бұрынғы жеке
мағыналары абстракцияланып (яғни жалпыға айналып), білдіретін ұғымның
көлемі кеңейеді. Мұндағы күрделі ұғым екі сөздің дара мағыналарының
жиынтығынан шығады. Мәселен, үлгі-өнеге деген қос сөз барлық жақсы қасиетті
жинақтап тұрған болса, азып-тозу деген сөз барлық күгізелушілік пен
жетімсіздікті топтастырып тұр. Тілдегі синоним болып жұмсалатын жеке сөз
атаулардың бәрі бірдей толғаусыз қосарлана бермейді. Бұлардың ішінде де
талай заманнан бері жұпталып айтылып, тиянақталған, мағына жағынан да,
көркемдік мәні жағынан да аз да болса ерекшеліктері барлары ғана қосарланып
қолданылады деп ұғу керек.
5)Қазақ тілінде мағыналас екі сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысымен
анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын тіл білімінде пленазм
немесе плеонастикалық синтагма дейді. Мысалы: кең байтақ жер, айдын шалқар
көл, заңғар биік тау, зәулім биік үй, т.б.
Плеоназм немесе плеонастық сөздер дегеніміз – бір мағынадағы екі
сөздің қатар қолданысы. Әдетте тіл білімінде плеоназм (ол периссология деп
те аталады) құбылысын тілдегі басы артықтық деп таниды. Бірақ бұл жердегі
басы артықтық абсолюттік емес, яғни плеоназм белгілі бір стильдік не
мағыналық қызмет атқарғанда ғана тілде орнайды. Мұндай қызмет атқармаса,
тіл нағыз басы артық дүниені көтермейтіндіктен, плеонастық қатарлар
түзілмейді... Мысалы, соқыр мағынасындағы парсының көр сөзі мен қазақтың
осы ұғымдағы соқыр сөзі не мүлде көрмейтін, тас қараңғы соқыр деген
қосымша реңк ұстап тұр.
Синонимдерді жекелеп, жалғыз-жарымдап жұмсаудан гөрі плеонастикалық
тәсілімен жұптап қолдану әлдеқайда мәнерлі болып ұғынылады. Мәселен, байтақ
жер дегеннен гөрі ұлан байтақ жер деп айту әлдеқайда күштірек мән туғызады.
6)Синонимдер тек жеке сөздерден ғана емес, фразалық тіркестерден де
кездеседі. Көңілдегі көрікті ойды сөзбен кестелеп айтып беру үшін
фразалық тіркестер де тілде орасан зор қызмет атқарады. Мысалы, Кеңес
армиясы 1945 жылы неміс басқыншыларын талқандады деген сөйлемдегі
талқандады деген сөздің орнына жермен-жексен етті, күлін көкке ұшырды
десек, сөзіміз әлдеқайда күшті шыққан болар еді. Сондай-ақ екі синоним
сөздің қатар қолданылған тәрізді мағына жағынан өте жақын екі фразалық
тіркестерде қазқатар жұмсала береді. Мысалы: Бармақ шайнап, сан соғып,
құсамен өткен өмір ғой бұл да бір (Қ.Жұмаділов). Темір жолды болат жол,
күрішті ақ маржан, сыр маржан деп қолданылады.
7)Синонимдерді жеке сөз бен жеке сөз, қос сөз бен қос сөз, фраза мен
фраза күйінде ғана емес, араластырып та жұмсай беруге болады. Мысалы:
жалыққан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауап берді. Гүлнаш апай
ақтарылмады, шешіліп сыр жармады. Ел-жұрты, халқы мен ата-анасын көреді
(Батырлар жырынан). Осында синонимдер жеке сөз ретінде де, қосарланып та
қолданысқа енген.
8)Синонимдерді қолданудың тағы бір тәсілі – парафраза. Мұны кейде
перифраза деп те атайды. Кейде бір сөзді қайталамай, ойды түрлендіріп, яғни
бір заттың белгілі бір қасиетін айрықша атап өткісі келгенде немесе соған
ерекше назар аударту мақсатында қолданылады. Мәселен, Күләш деудің орнына
қазақтың бұлбұл әншісі, М. Әуезов деудің орнына “Абай жолы” раманының
авторы деп қолдануға болады. Жоғарыдағы М.Әуезовтің шығармасынан алынған
үзіндіде жазушы Абай деудің орнына бірде ұлы жан, бірде ұлы кеуде, бірде
игілік өмір, бірде зәулім өскен алып шынар деп парафраза тәсілімен ерекше
назар аудартқызып отырады.
9)Мағынасы жағымсыз сөздердің мәнін тындаушыларға жұмсартып айту
тәсілін тіл білімінде эвфемизм деп атайды. Бұл да тіл мәдениетінің бір
тәсілі болып саналады. Осындай тәсілді пайдалану да синонимдерді қолданудың
бір жолы болып табылады. Әсіресе сөз қолданыстың эвфемизмдердің негізгі
мәні сыпайылаумен байланысты. Мәселен, өсек-аяң дегеннің орнына сымсыз
телефон, ұзын құлақ деп, өсекші дегеннің орнына жеңіл ауыз деп, пара
дегеннің орнына ауыз бастырық, заңсыз сыйлық деп қолдануға болады.

Тіліміздегі синонимдер қандай жолдармен пайда болып, дамиды деген мәселеде
оның мынадай жолдары анықталған.
1) Мәндес сөздер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған: көз-бұлақ-
бастау-қайнар.
2) Әр түрлі аффикстер арқылы біріктіру, қосарлау арқылы, яғни сөзжасам
тәсілі арқылы тілімізде көптеген синонимдер пайда болған: ақылды-есті;
сүтті-құнарлы; әлсіз-жарамсыз; еңбекақы-жалақы; қанішер-қаныпезер; жоқ-
жітік-кедей-кепшік; зым-зия-ұшты-күйлі, т.б.
3) Кірме сөздер арқылы да синонимдер пайда болған: ақиқат (хәқиқат)
–шындық (араб сөздері арқылы); шәкірт (шагрид) –оқушы (парсы сөздері
арқылы).
4) Синонимдер диалектизмдер есебінен де көбейген: сым-шалбар, ақудай-
айналайын, т.б.
5) Синонимдер фразалық тіркестер арқылы дамыған. Мысалы: еті тірі-пысық;
қырғи қабақ-өш, араз, т.б.
6) Табу мен эвфемизмдер есебінен де тіліміздегі синонимдер молайған:
қолды болу-ұрланған, аяғы ауыр-жүкті, дүние салды-өлді, қайтыс болды,
т.б.
Профессор Ф. Оразбаеваның Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер
атты еңбегінде қазіргі қазақ тілінің лексикасына қатысты сын есім
синонимдердің басты-басты ерекшеліктері қарастырылып, олардың жасалу
жолдары кеңінен сөз болады. Сын есім синонимдердің жасалу жолдарының өзін
үшке бөліп қарастыруға болады:
1. Лексикалық-фразеологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер:
а) сөз мағынасының даму барысында жасалған синонимдер: епті, тура, берік,
қарапайым деген сөздер көп мағыналы бола келіп, әр мағыналарында әр түрлі
синонимдік қатар құрайды: 1.Епті- икемді-бейімді. 2. Епті-пысық-ширақ-еті
тірі. 1. Тура-тік-түзу-тіке. 2. Тура-дұрыс-жөн. 3. Тура-шақ-дәл. 1.Бері-
қатты-күшті. 2. Берік-мықты-сөзінде тұрғыш. 1. Қарапайым-жай-қатардағы. 2.
Қарапайым-жұпыны-тұрпайы.
ә) Табу және эвфемизмдер құбылысы арқылы жасалған синонимдер: Жасыл –жай,
найзағай; жолбарыс-қара құлақ, шері; аяғы ауыр-жүкті, екі қабат; дүние
салды-өлді, қайтыс болды, т.б.
б) Қарапайым сөздер арқылы пайда болған синонимдер: өтірікші-суайт;
кішкене-құртақандай, титтей, титімдей; т.б.
в) Кірме сөздер арқылы пайда болған синонимдер: батыр(баһадур)-батыл, ер;
шәкірт (шагрид) –оқушы; ақиқат (хәқиқат) –шындық т.б.
г) Фразеологиялық тіркестер арқылы жасалған синонимдер: ауыз бастырық-
пара; ұзын құлақ-сыбыс, өсек; қоян жүрек-қорқақ; қырғи қабақ-өш, араз, т.б.
2. Морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
Қазақ тілінде морфологиялық тәсіл арқылы жасалған сөздер сын есім
синонимдердің даумына ең өнімді жол болып есептелінеді. Сын есім синонимдер
бірде синонимдес жұрнақтардың әр түрлі түбірлерге қосылу нәтижесінде
жасаласа, кейде бир аффикстің әр түрлі түбірлерге жалғануы арқасында пайда
болады.
а) Синонимдес аффикстер арқылы жасалған синонимдер: -шақ-шек, қақ-
кек, ғыш-гіш, -қыр-кір, -шыл-шіл шаң-шең т.б.
Бұлардың ішінде -шақ-шек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЗАТ ЕСІМДІ СИНОНИМДІК ҚАТАРЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ
Синонимдік қатарлардың жасалуы және когнитивтік мәні (зат есімдердің негізінде)
Синонимдердің мағыналық реңкі
Қазақ тіліндегі синонимдердің және синонимдік қатарлар
Д Исабековтің Қырғын романындағы синонимдердің қолданысы
Сәбит Мұқанов Сұлушаш романы тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Қимыл ұғым атауларының көп мағыналылығы
БІРЫҢҒАЙ МҮШЕЛЕРДІҢ ЖАСАЛУЫ
Фразеологизм және оның зерттелуі. Қазақтың би-шешендерінің тіліндегі фразеологизмнің қолданылуы
Көне түркі руникалық жазбаларының тарихы
Пәндер