Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері

Орындаған
Тексерген:

Орал, 2016
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бауыржан Момышұлының өмірбаяны
1.1 Өмірбаяны ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Бауыржан Момышұылының шығармаларының тәрбиелік мәні ... ... ... ... .11
2. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері - батырлық, ерлік, патриоттық құралы
2.1 Б. Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім - тәрбие ... ... ... ... ... .16
2.2 Батырдан қалған өсиет ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Бауыржан Момышұлын өзгелерден даралап тұрған айырықша қасиеті - оның қалам мен қаруды қатар ұстауы, қай кезде де ұлт мүддесін қаймықпай қорғауы. Бауыржан ата Ұлы Отан соғысы барысында 207 рет ұрысқа қатысып, 5 рет өлімінің құрсауында қалған, 2 рет өлімші болып жараланған. Бірақ өліммен бетпе-бет келген сәттердің барлығында не негізгі жауынгерлік құрамымен қоршаудан аман-есен шығып, өз девизиясына қосылып отырған. Бұл, әрине, ол кісінің терең ойлай білетін әскери даналығы мен талантының арқасында жүзеге асқан.
Бауыржан Момышұлы - қазақтың кешегі от тілді, орақ ауызды, әрі ақын, әрі батыр тұлғаларының заңды жалғасы, түйіндей айтсақ, ұлттық рухтың ХХ ғасырдың басындағы айқын көрінісі. Бұдан кейін Баукеңді әскери тарихшы деп атауға болады. Оның үстіне ол фольклор білгірі болғандықтан, өзінің тамаша мақал-мәтелдерін шығарды. Ең соңында Баукең қазақ әскери әдебиетінің негізін салушы болды. Мемлекет болғаннан кейін әскери әдебиет керек. Әскери әдебиет - патриотизмның мәйегі екендігі бүгінгі таңдағы ең өзекті мәселе.
Бауыржан Момышұлының қаламынан туған мақал-мəтелдерінде, нақыл сөздерінде əрбір сөз тіркесінде терең мағына бар. Оларды өсиеті өміршең нағыз нақыл сөз бен мақал-мəтелдер десек қателеспейміз. Б. Момышұлының жүз жиырма үштен астам мақал-мəтелдері бар.
Ендеше Бауыржан Момьшұлының мақалдары да құрғақ жерде пайда болған нəрсіз, сөлсіз, əйтуір ұйқастыра салған үйлесім тапқан бос сөздер жиынтығы емес. Ол - ойдан, толғаныстан, өмірлік тəжірибеден, көңілді селт еткізер бір сəттік құбылыстан туған, халық даналығының мəйегінен қанып шыққан жанды сөз. Оны біз əдебиетші ғалым академик Р. Бердібаевтың ойымен келтірсек: Əйгілі қолбасшы И.В. Панфилов Өткір сөз бен үшкір найза батыл шабуылда біріне-бірі көмек болады деп текке айтпаса керек. Василий Клочковтың Шегінетін жер жоқ, артымызда Москва! деген ұлағатты сөзі сияқты Бауыржан Момышұлының да қанатты сөздері майданда кең тарағаны мəлім. Жалпы Бауыржан Момышұлы тудырған əр мақалдың өзіндік бір тарихы бар. Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады деп Асанқайғы айтқандай, іште жатқан ой түбінде сыртқа шықпай ма?! Ол жай шықпай, алып таудың астында талай жылдар, ғасырлар бойы жиналған ыстық лавадай бар күшіне лықсып шығып, бар қысымымен бұрқ ете қалады. Ондай өткір сөздің қызуы, оты күшті болады. Міне, Бауыржан Момышұлының да ойы осындай ыстық қордаланған сезімдерге толы болып келеді. Сонымен бірге ол тұнық та терең, сабырлы да байсалды сөз асылы, ұрпақтан-ұрпаққа қалатын, ұлағатты ұстаздың сыйындай нақыл сөздер.
Бұл жайында Бауыржан Момышұлының соңғы он жыл өмірінде бір болған зайыбы Ж. Егембердиева Өмірінің өзі дастан атты естелік роман эссесінде: Баукең - жазушы ғана емес, ақын адам, қазақ халқының бай мақал-мəтелдерін, фольклорын, өткен-кеткен тарихын терең білетін зерделі, зерек, өзі қанатты мақал-мəтел жазып кеткен білімдар, ғұлама да, - деп жазады.
Зерттеу мәселесі: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. Өзінің ұлтын сыйламаған - ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол - сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын - ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады, берісі Мұстафа Шоқайдың ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау үшін қаһарман батыр шығармаларындағы нақыл сөздердің тәрбиелік мәні зор.
Зерттеу болжамы: Қазақ әдебиеті бойынша әңгімеде кездесетін нақыл сөздерді тауып, теріп қоймай, жинақтау арқылы тілдік қолданысқа, оқулықтарға енгізуге болады және жеке кітапша ретінде дайындап, оқырманға ұсынылмақ.
Зерттеу мақсаты: Бауыржан Момышұлының қанатты сөздерін зерттеу.
Зерттеу міндеттері: Бауыржан Момышұлының өмірі мен еңбек жолы туралы, қанатты сөздерінің мағынасы туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Бауыржан Момышұлының өмірбаяны
1.1 Өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.
Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.
1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сығындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.
Соғыс алдында - 1928-1930 жылдары бастауыш мектепте ұстаздық етеді. Біраз уақыт аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы ретінде қызмет атқарады. Аудандық милицияда 6 айдай жұмыс істейді.
1932 - 1934 жылдар аралығында Қызыл Армия қатарына қызмет етеді. 1933 жылы полк мектебін бітіреді.
Атқару комитетіндегі қызметімен көзге түскен Бауыржан Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкінің экономисі болады. Осы қызметте жүрген уақытта 1936 жылы Республикалық банктің меңгерушісі Б.М.Барханның жолдамасымен Ленинградтағы Финанс академиясының жанындағы бір жылдық курсты бітіреді. Біліктілігін бағалаған басшылық оны КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындайды.
1936 жылы жаңадан құрылып жатқан бөлімге взвод командирлігіне шақырылады. Бұл кезде рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі болады.
1939 жылы әкесі Момыш қайтыс болады.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары
1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы қызметін атқарады. Ұлы Отан соғысына 1941 жылдың қыркүйегінен бастап қатысты. 316 атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады.
1941 жылдың 26 қарашасында маршал Рокоссовский полк командирі етіп тағайындайды.
1941-1945 жылдары Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі, соғыстың соңғы жылдары аталған дивизияның командирі болады.
1942 жылдың 6 маусымында "Қызыл Жұлдыз" орденімен марапатталады.
1944 жылы денсаулығына байланысты Алматы госпиталіне жіберіледі.
1945 жылдың 16 қаңтарында Алматыға келген Бауыржанды ғалымдар соғыс туралы әңгіме-лекция өткізуге шақыртып, кездесу ұйымдастырады. Осы лекцияның стенограммасы кейінрек "Соғыс психология" деген атпен кітап болып басылды. Алғашында тек орыс тілінде жарық көрген бұл еңбек, 2010 жылы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай қазақ тілінде де жарық көрді.
Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек Волоколамское шоссе (қазақшасы Арпалыс) повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Москва түбіндегі шайқас Бауыржан Момышұлының өміріндегі ерекше кезең болды. Жас сардар, 1073 атқыштар полкінің батальон командирі, аға лейтенант Бауыржан Момышұлы сарбаздармен қақаған қыста Мәскеу түбінің омбы қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды жарып шығып, жалпы саны 27 рет қол бастап ұрысқа кіріп, соғыс тарихында болмаған тактикалық маневрлер жасап, әскери өнерге жаңалық енгізген. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик, психолог еді.
1941 жылдың 16-18 қараша күндері аралығында Вермахтың Мәскеуге екінші дүркін шабуылы кезінде Б.Момышұлы басқарған батальон өз дивизиясынан қашықта Матронино селосының маңында Волоколам тас жолыда аса ерлікпен соғысты. Комбаттың дарынды басшылығының арқасында неміс әскері бұл маңда 3 күнге іркіліп қалды. Бұл ерлігінен соң жас комбат өз сарбаздарын қоршаудан соғысқа қабілетті жағдайда алып шықты.
Алайда аласапыран шақта қысылтаяң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соғады. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі - Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасайды. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарады. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарады.
Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырады. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырған жауынгерлер табандылық пен төзімділік көрсетіп, қалың қарағайлы тоғай ішінің қалың қарын омбылай жүре отырып, екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шығады. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспағандықтан тың тұрады.
Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В. Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алады. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: Жарайсың, сұңқарым! деп арқасынан қағады.
19 гвардиялық атқыштар полкінің командирі ретінде 1941 жылдың 26-30 қараша күндері гвардия капитан Момышұлы Мәскеу облысының Соколово деревнясының маңында неміс әскерінің шабуылын 4 тәулік бойы қайтарып, сәтті ұрыс жүргізді. 1941 жылдың 5 желтоқсанында омыртқаға оқ тиіп, жарақат алды. Әзілхан Нұршайықовтың "Ақиқат пен Аңыз" кітабында Бауыржан өзін санбатқа жеткізгенде дәрігерлер дереу госпитальға апару керек деп шешкендігін, бірақ ол тапаншамен дәрігерді қорқытып, оқты сол жерде шығаруды бұйырғанын айтады. Оқты алып, жараны таңғаннан кейін капитан Бауыржан Момышұлы ұрыс алаңына қайта оралады.
Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерлерін саптан шығарады, жаудың көптеген техникасын жойып жіберді.
1944 жылы Комдив болып жүрген кезінде Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде тағы қатты жараланады. Өз айтуынша құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Біраз уақыт атқа отыра алмай және шалқасынан жата алмай жүрді, бірақ госпитальге бармады.
Сол уақыттан 1944 жылдың наурызына дейін госпитальде жатады. Сол жылы Бас Штабытың Әскери Академиясының жанындағы офицерлердің біліктілігін арттыру курстарын бітіріп шығады.
1945 жылдың 21 қаңтарынан бастап гвардия полковник Бауыржан Момышұлы Екінші Прибалтика майданының, 6 гвардиялық армиясының, 2 гвардия атқыштар полкінің 9 гвардия атқыштар дивизиясын басқарды. 1945 жылдың ақпан-наурыз айларында Бауыржан Момышұлы басқарған дивизия Приекуле станциясының солтүстік-батыс жағында орналасқан неміс әскерінің үш бекінісін бұзып өтеді. Дивизия шабуылының нәтижесінде 15 елді мекен босатылды, ал жау әскеріне үлкен зиян тиген болатын.
Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан нақылға бергісіз сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған.
Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді.
Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.

1.2 Бауыржан Момышұылының шығармаларының тәрбиелік мәні
Қазақ халқының тарихында өшпес ерлігімен қазақ халқының абыройын асқақтатар ұлт батыры атанған, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар майдангер - жазушы Б.Момышұлы шығармашылығы төңірегінде сөз өрбітпекпіз.
Бауыржан шығармалары майдан шебіңде жүріп, көзі көрген өмір тәрбисінен алынған отты жүректің, ыстық қанмен жазылған шығармалар болмақ.
Осыған өзі айтып өткен мына сөздері толық дәлел: Менің шығармаларым тұтастай және толығымен менің өз басымның естеліктеріне, ерекше делінген эпизоидтар естеліктерінің жиынтығынан іріктеп, екшеп алылған елеулі көріністерге негізделген. Оларда ойдан шығарылған оқиғалар да, ойдан жасалған адамдар да жоқ.
Демек, Бауыржанның шығармалары бастан кешкең, көзбен керген оқиғаларға толы, әрі әлеуметтік қоғамдық мағынасы басым туындылар болмақ.
Бауыржанның тұңғыш туындысы болтан, қазақ әдебиетіндегі шаттығы биік шығармалардың бірі - Ұшкан ұя.
Ұшкан ұя повесі мемуралық жанрдағы шығарма ретінде жазылғанмен, ол проза денгейіне көтерілген ұлттық сипатта жазылған нағыз көркем туынды.
Баукеңнің ұғымында өз ұлтының тәрбиесінен жұрдай адамнан, баршаға бауырмалдық шықпайды, өйткені ол ұлтты сүюдің не екенін білмейді - дей келіп, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді күшейту үшін, ұлттық тәрбиені қалпына келтіру керектігін атап көрсетеді.
Б. Момышұлының Ұшқан ұя еңбегін ұлттық салт - дәстүрімізді, көркем шығармаға мазмұндап берген этнографиялық еңбек деп айтуға толық негіз бар. Шығармадағы негізгі мәселе -Адам, оның кемелдену жолдары болса, шығарма сюжеті осы адамдардын өзара әңгімелесуі, кеңесуі арқылы дамиды.
Ұлттық тоғылымның түп төркінін шығарманың бас кейіпкері бала Бауыржанның іс - әрекеті, отбасындағы болмысы, өскен ортасына деген қарым - қатынасы арқылы байқаймыз. Шығармадағы әр жолдың айтар ойы айқын: адалдық, мейірімділік, жомарттық, ұстамдылық, ұят - намысшылдық, ел камыл ойлау.
Шығарманың негізіне айналған осы қасиеттерді автор өз кейіпкерлері арқылы көрсетіп отырады. Автор Ұшқан ұядағы оқиғаның түп өзегін әже бейнесі арқылы өрбітеді. Туындының өн бойында әже образы тектіліктің, кемеңгерліктің діңгегі ретінде суреттелген. Отбасының ғана емес, ауылдың ақылшысына айналған әже бейнесін автор аса сүйіспеншілікпен бейнелеген. Әуезді әуенімен әлпештеп, әлдилеп айтқан бесік жыры да, қалагердің жүрегінде сақталған. Жазушы өз өмірінің темірқазығына айналған тәлім - тәрбиенің негізі ертегі мен көне әңгімелерден қалғанын жас ұрпаққа өнеге етеді.
Ертексіз өскен бала - рухани мүгедек адам. Біздің қазіргі балаларымызға әжелері, не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқамын Менің қазіргі келіндерім немелеріне бесік жырын айта білмейді. Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса деп корқамыл - деп қамығуында терең психологиялық астар бар.
Дала философиясында, ер баланы тәрбиелеуде әкенің рөлі ерекше болған. Әкесінің баласын үлкенді сыйлау, сәлем беру дағдысына қалай тәрбиелегені шығармада шынайы көрініс тапқан. Әкесінің бала Бауыржанға шежіре жаттатқызуы да - тамыры терең тәрбие тиегінің ағытылуы. Профессор М.Мырзахметұлының Баукең туралы естелігіндегі:
Жеті атасын білмеген жетімдіктің белгісі деген мақалға ерекше мән беріп, өзінің бала -немерелеріне тіпті бізге дейін Дулатқа дейінгі бабаларымыздың тізімін жазып беріп, жаттап алуды ескертіп отырамын. Еңді ойланып қарасам, орыстар арасында айтылатын Иван безродный дегені сияқты кейбір тексіз қазақ бала бастағандарды көріп, рухани мәңгүрттіктең сақтандырған ескертуі ме деп шамалаймын деген пікірі де осы ойымызды куаттайтыны ақиқат. Повесьтте ғасырдан ғасырға, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт- дәстүріміздің көрінісін Үрбианның ұзатылу тойынан аңғарамыз.
Шығармада Ұрын келу салты анық баяндалған. Жазушы қазақ дәстүріндегі құлалық, күда күтудегі кәде - жоралғылардың жасалу ерекшеліктері, калықмші салты, калындық киімі, ұзату тойы, сыңсу, беташар, сүйінші т.б. ерекше мән беріле суреттейді.
Осы негізде: З.Қабдолов: Әр жазушының каламынан туған шығармада алдымен идеялық бірлік болғанын байқаймыз. Өйткені әр жазушы өзінің әр шығармасында әр түрлі проблема қояды да, оны шешуді бір ғана тұрғыдан - өзің тұрақты дүниетанымы тұрғысынан келеді - деп, әр жазушының өз дүниетанымы бойынша берілетін шығармадағы авторлық көзқараста тоқиды. Осы пікір дәлелденгендей, жазутяы қандай шығармада болсын өмірдегі көрген - білгендерін қай тақырыпта жазсын ұлттық салт - дәстүрдің негізінде қарастырып, ой түйіндейді.
Қазақ әдебиеті тарихында хатты өлеңмен жазу үрдісінде болған. Хат - өлең қазақ эпистолярлық жанрының өзіндік бір ерекшілігі. Эпситолярлық әдебиет - эпистолография сан алуан хат түрінде жазылған шығармалар Эпистолярлық жанрдың әдебиет тарихқа тигізер әсері туралы профессор Қ.Ергөбек Әдебиетілілер тіпті жазушы шығарма қызығу сырын, автор өмірбаяны төңірегінен іздейтін жағдайда табан тірейтін деректердің бірі - жазушы хаттар - деп баға береді.
Б. Момышұлы майдан даласында жазған хаттарының мәні ерекше. Оның өмір мен өлім, оқ пен оттың арасында жазған хаттары сол жылдардағы көкейтесті мәселелерге арнапған. Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрі, Қазақ тілі. Қазақстан жазушыларына, Кенесары туралы, Қойын дәптеріндегі жазбалар сынды хаттары осының дәлелі.
Бауыржан хаттарының тақырыбы сан салалы: қазақ халқының ұлттық қалпын сақтап қалудың жолдары ұлттық қадір -- қасиеттерімізді жас ұрпақтың құрметтеуі ана тіліміздің мәртебесін жоғарылату. ата сатты мен ұлттық әдет - ғұрыптарды қастерлеу. туған тарихымызды бұрмалауға жол бермеу және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әскери әдебиетінің сапасын арттыру секілді ұлттық қоғамдық сипаттағы өзекті мәселелер көтеріледі.
1942 жылдың ақпанында Жауынгерлік қасиеттерді тәрбиелеу туралы ойлар еңбегін жазуға әрекет етеді. Онда: Мен өзімнің ұрыстағы тәжіриебемнен солдаттын бойында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде, халықтың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екендігіне көзім жетті - деп жазады, демек, Бауыржанның эпистолярлық шығармаларында жазушылық ұстанымның бастау бұлағы ұлттық көріністе жатқаны анық. Сондықтан, Бауыржан жазған эпситолярлық жанр ретіндегі хаттар легі, замана шындығын, қанды майдан үстіндегі жауынгердің ішкі рухын таныту арқылы жастарды, елін, жерін сүюге деген махаббат сезімін оятуда таптырмайтын өмір оқулығындай әсерде қалдырып отырады.
Қаламгердің ендігі бір шығармасы майдан тақырыбында жазылған көркем туынды - Қанмен жазылған кітап шығармасы. Б.Момышұлының соғыс тақырыбындағы шығармашылығына бармас бұрын, оның соғыс туралы түсінігін, сондай - ақ ет пен сүйектен жаралған адамдар тағдыры туралы ұғымын анық мәнін ашып алуымыз қажет. Ал, бұған тіреуіш болар шығарма ол Қанмен жазылған кітап болмақ. Онда, айтылатын ой - соғыс, оның қасіреті, ондағы адам тағдыры, соғыста жеңіске жетудің айла - тәсілі, жауынгер мен командирдің жандүние иірімдері мен адами қасиет - қабілеттері жайлы тебіреністері болмақ.
Б.Момышұлы: Соғыста шындықты табу өте қиын, ал оны жинақтау, қорыту, одан да күрделі - дейді.
Сондықтан да, Б.Момышұлы өз шығармаларында соғыстың шындығын, ақиқатын айтуға адал болды. Адал болумен бірге ол сұрапыл соғыс әкелген қасіретті өз жүрегінен өткізіп, көркем шығармаларында оның зардабын шынайы баяндаған суреткер. Бауыржанның болмысы, әрі пір ғып ұстанған ұраны - Шындық. Сондықтан да оның шығармалары бастан аяқ осы бір тамаша қасиетке -шындыққа құрылған.
Осындай шығармасының бірі - Мәскеу үшін шайқас кітабы. Ол бас - аяғы төрт бөлімнен тұратын соғыс шындығы қамтылған туынды. Сонымен қатар бұл шығармадағы оқиғаларға қатысы бар адамдар есімдері өзгертілмей, жанды кейіпкер ретінде көрінеді. Бұл образдар олар қатысатын оқиғалардың шынайылығы мен сенімділігін арттырып және жазулының өз шығармасына қажетті тіректі өмір шындығынан алынғанын көреміз.
Б.Момышұлының Москва үшін шайқас туындысында, ержүрек батыл кейіпкерлер өмірде шын болатын табиғи қалпында құралған. Аты аңызға айналған ұлт батыры Бауыржанның шығармалары тереңге тартқан ерлік пен өнегеліктің сарқылмас қазынасы іспетті туындылар. Жалпы,соғыстан кейінгі қазақ әдебиетін Бауыржан Момышұлының шығармаларынсыз қарап, бағалау мүмкін емес. Бауыржан орысша жазса да, қазақша жазса да ұлттық өрнектен айырылмаған қазақ жазушысы.

2. Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері - батырлық, ерлік, патриоттық құралы
2.1 Б. Момышұлы нақыл сөздеріндегі халықтық тәлім - тәрбие
Момұшұлы еңбектерін орыс-қазақ тілдерінде бірдей жазды. Ол әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты ерлікті ту еткен шығармалар берді.
Бауыржанның ерлікке, адалдыққа, адамгершілікке, патриоттық сезімге шақыратын шығамаларының бірі болып, оның қанатты сөздері саналды .
Ержүрек батырдың Москва түбіндегі шайқаста жауынгерлерді жігерлендіру, рухтандыру үшін қолданған Шегінуге жол жоқ, артымызда Москва деген атақты қанатты сөзі сол кездегі Отан соғысына қатысушы ерлеріміздің, отандастарымыздың барлығын жеңіске, батырлыққа жетеледі. Осы сөзді естіген бүкіл КСРО армиясы және тылдағы еңбеккерлер жігерлене түсті. Мұндай сөз ұлты орыс халықтан емес, қазақ азаматының аузынан шығуы ұлттар арасындағы бауырластықты, ынтымақтастықты, достықты күшейте түсті.
Ол өзі туралы Мен 25 жыл әскерде болдым. Біле білген кісіге бұл - үлкен университет. Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездесті, сабақ алдым, талай генералдың қол астында қызмет істедім, тәрбие көрдім. Өйткені, командир деген әскери педагог қой. Өзімнің әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды үлкен мектеп деп бағалаймын. Себебі, чуваш мынадай екен - ау қырғыз мынадай болады екен - ау деп ойлайсың.
Ана халық анадай дәстүрін қадірлейді, мына халық мынадай дәстүрін қастерлейді екен - ау деп толғанасың. Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын, деп толғайды .
Бауыржан соғыс кезінде Красная Звезда газетіне Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам - опасыз, оңбаған адам деп жазады. Осы арқылы батыр әр солдатты,әр офицерді, әр адамды өз халқын, өз Отанын, өз елін- жерін сүюге,оны сыртқы жаудан қорғауға шақырады. Соғыс кезінде мұндай үндеулерді, қанатты сөздерді тыңдап, оқып жүрген әр азаматтың,әрине, жүрегінде - туған жерге, елге деген үлкен сезім ұялап, олар басын өлімге тіге отырып өз елін - жерін қорғауға бел буған. Олар біздердің ата - бабаларымыз.
Бауыржан Момышұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен біздің ата- бабаларымызды алға ұмтылдырумен қатар, оларды өзінің сан алуан қанатты сөздері арқылы жігерлендіріп отырды.
Ол: Отан үшін отқа түс күймейсің, Ел үмітін ер ақтар - Ер намысын ел сақтар деген сөздер арқылы жаужүрек сарбаздарымызды ерлікке бастады.
Бірде Бауыржан аға:
Сенбеймін жарық жұлдыз сөнуіне,
Елімнің құл - күңдікке көнуіне.
Жау бізді тықсырса да түпкірлетіп,
Сенбеймін жаудың бізді жеңуіне -
деп толғана отырып, ол Жарымның опсыздығына сенбеймін деп айтады да Ее могут сломать, но не гнуть, - Иілмейді адалым, сынса сынар деп өзінің жан-жүрегінен шыққан сөзі арқылы жауынгерлерді батырлыққа ер жүректілікке, тылда қалған жауынгерлердің жарларын адалдыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа үндейді, жеңіске жігерлендіреді .
Өзінің өлең жолдары мен қанатты сөздері арқылы өз Отандастарын ел бірлігін сақтауға, кең байтақ туған жерді сыртқы жаудан ада етуге шақырды .
Бауыржан өз қанатының астындағы сабаздарын өзінің адуынды қанатты сөздерімен, туған елге - жерге деген адал, патриоттық сезімімен осы соғыста жеңуге жетелей отырып, шабуылдарда Жаным - арымның садағасы, Ерлік - батырлықтан туады деп ұрандатып, алдыңғы сапта жүрді . Мұндай рухты, қанатты сөздер мен әрекеттер жауынгерлерді тек қана алға ұмтылдырды. Осындай сөздермен қанаттанған олар өздерінің суықта тоңғандары мен бораған оқ астында жүргендерін ұмыта отырып, жеңіс күнін жақындата түсті . Біз үшін олардың ерлік істері мәңгілік, ұмытылмас мұра. Келешек ұрпаққа өнеге, үлгі боларлық іс.
Қазіргі күні тек қана, компютерленген, техналогияланған заманда адамға адамның игі сезімі, Отанға адамның игі сезімі өте тапшы. Сондықтан, жастар арасында, жас өспірімдер арасында Отанға, туған жерге, туған елге, жан - жағындағы ортаға деген сүйіспеншілік кемде - кем. Міне, осыларға деген сүйіспеншілікті арттыруда біздің атақты адамдарымыз - жазушыларымыз бен ақындардың, қоғам қайраткерлерінің, ардагер батырлардың қанатты рухты сөздері үлгі болмақ .
Мұндай сөздердің бірі және бірегейі - Бауыржан батырдың сөздері .
Бұл сөздер ұрпақтан - ұрпаққа тарап, ғасырлар бойы өз құндылығын жоймақ емес. Қазақ халқы бар кезде, оның жанкешті батырлары мен олардың ұран сөздері өлмек емес .
Батыр сөзін ұрпақтары жаттап өсіп,оның қанатты сөздері мен ерлік істері туралы ашық сабақтар, түрлі шығармашылық кештер, ғылыми конференциялар өткізіп жатса, батырларымыздың ұрпақтары - патриоттық сезімі мен туған жерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қанатты сөздерінің өзіндік стилі және тілдік - композициялық құрылысы
Бауыржан момышұлының өмір жолы
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Қазақ халқының мақалдары
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға
Бауыржан Момышұлы: тарихи тұлға және көркем образ
Бауыржан Момышұлы - халық қаһарманы
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Пәндер