Мұғалім мен оқушы қатынасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 84 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер және диалогтік оқыту

Мамандығы 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Қостанай, 2017

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

І тарау. Кембридж бағдарламасына негізделген білім беру теориясы . . .

  1. Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер . . . 8
  2. Сындарлы оқыту теориясы мен диалогтік оқыту тәсілінің маңызы . . . 18

1. 3 Сыныптағы диалогтік әңгімені дамытудағы әдіс түрлері . . . 30

ІІ тарау. Әдебиетті оқытуда диалогтік оқыту әдісін қолдану әдістемесі

2. 1 Топтық әрекетте диалогтік оқыту әдісін қолданудың тиімділігі . . . 38

2. 2 Диалогтік оқу - сабақта беруде қолданылатын тиімді әдістің бірі . . . 46

2. 3 Диалогтік оқытудағы әдіс-тәсіл түрлері мен оны қолдану жолдары . . . 58

2. 4 Ы. Алтынсарин әңгімелерін меңгертуде қолданылатын әдіс-тәсілдер . . . 63

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 76

ҚОСЫМША

Сабақ жоспарлары . . .

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс-тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Соның ішінде орта білім беру жүйесінде, әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал білім беру әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.

Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту, олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдері мен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі дайын білім беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік тудыра бермейді.

Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кезінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде пайдалана алмайды.

Сындарлылық теориясына негізделген бұл оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Сындарлы оқытуда оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің, оқытушының күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланысты қарастырылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Әдеби білім беруде ой-өрісі жаңашыл, шығармашыл, дүние танымы жоғары, бәсекеге қабілетті, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыруда оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер мен диалогтік оқытудың тиімділігін анықтау.

- Кембридж бағдарламасы және бағдарламаға енген жеті модуль кешенін саралау, әр модульдің өзіндік ерекшеліктерін тоқталу;

- Кембридж тәсіліне енгізілген оқыту мен оқытудағы стратегиялар мен тәсілдерді қарастыру;

- Жеті модульдегі стратегиялар мен тәсілдерді өзара практикамен ұштастырған сабақ үлгілерін қарастыру;

- Диалогтық оқытудың сабақ берудегі маңыздылығын қарастыру;

- Диалогтік оқыту мен сын тұрғысынан ойлау модульдерінің байланыстылығын ашу;

- Мектепте Ы. Алтынсарин әңгімелерін диалогтық оқыту жолдары мен әдістерін қарастырып, сабақ жоспарларын құрастыру.

- Қазақ әдебиетін оқытудағы озық тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістерін зерттеу;

Дипломдық ж ұмыстың нысаны. Әдістемеші ғалымдардың, педагогтардың еңбектері, инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы Конститутциясынан «Білім туралы заңы» және «Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы», озат мұғалімдердің іс-тәжірибелері.

Дипломдық жұмыстың ғылымилығы. Әдебиет сабағын оқытуда «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер және диалогтік оқыту» әдістерін пайдаланудың ерекшеліктері, мүмкіндіктері мен жолдары бағыттары көрсетілді.

Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы.

Дипломдық жұмыстың әдістері мен дереккөздері. әдеби-теориялық талдау, салыстырмалы талдау, ғылыми пікірлерді жүйелеу.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1КЕМБРИДЖ БАҒДАРЛАМАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН БІЛІМ БЕРУ ТЕОРИЯСЫ

  1. Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Қазіргі таңда елімізде Кембридж бағдарламасына негізделген білім беру жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламаның негізгі мазмұны жеті модуль идеясында ашылады. Бағдарламаның идеялары тұлғаның өзіндік ізденуіне, сыни ойлап, сұрақ қоюдан және сол шешімін талап ететін проблемаларды айқындауынан, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қалыптастыруда диалогтік оқыту арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатыны мәлім болып отыр [1] .

Жаһандану заманында ұлттық бәсекеге қабілетті болудың көрсеткіші білім деңгейімен өлшенеді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Стронг (2011) «Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға - мұғалім», - деп атап көрсеткендей, егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуді міндет етсе, өркениетке жету үшін жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіруде ұстаздар қауымының алдына жаңа міндеттер қойылып отыр. Американдық философ, психолог, радикалды сындарлылықтың (конструктивизмнің) негізін қалаушылардың бірі Эрнст фон Глазерсфельд өз еңбегінде: «Мүмкін білім беру ешқашанда қажетті деңгейде жақсы деп танылмайтын шығар, бірақ соңғы 20 немесе 30 жыл ішінде білім беруде төмендеу байқалады», - деп, атап өткендей [1], қазіргі жоғары технологиялар мен жылдам өзгермелі қоғам ортасында білім беру саласының тұрақты және қарқынды алға жылжуы өте маңызды болып отыр. Сондықтан, орта білім жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009) [2] .

C:\Documents and Settings\524\Рабочий стол\адамдар тобының суреті.jpeg

«Неліктен қалыптасқан оқыту жүйесін сындарлы оқыту теориясы бағытында ауыстыру қажет?»- деген сұрақтардың туындауы, әрине, орынды. Өз бастауын ХІХ ғасыр соңында италян философы Джамбатиста Вико мен швейцариялық психолог және философ Жан Пиаже еңбектерінен алған сындарлы оқыту теориясы дәстүрлі оқытуда механикалық есте сақтауды, үнемі қайталаулар мен бекіту материалдары арқылы қазіргі қоғамда алған білімді толыққанды жүзеге асыра алмай жүргендігімізді байқатады. Көп жағдайда осы жолда негзігі кедергілердің бірі, ол - қалыптасып қалған біздің ұстанымымыз. Өйткені, мұғалімнің ұстанымы - оның көзқарасы, қабылдаған шешімінің және іс-әрекетінің негізі [2] . Қазіргі кезде мектептегі білім беруде маңызды мәселелердің бірі - оқушылардың қарым-қатынастық құзіреттілігін арттыру болып табылады. Өзін-өзі көрсете білудің құралы - өз ойын жарыққа шығару екені бәрімізге мәлім.

Мұғалім үшін оқушылардың қарым-қатынастық құзіреттілігін арттыру - ең маңызды міндеттердің бірі екені даусыз. Білім нәрін сусындауға келген оқушылардың өздігінен жаңа материалды игерулері, нәтижеге өз жолдары арқылы қол жеткізулері барысында сыныпта қатып қалған тәртіптің сақтала бермеуі, жылдам жауап таба алмаулары мұғалімдерді өз сабағының күтілген нәтижеге жетпегені сияқты, балалардың қажетті білімді меңгере алмай отырғандай болып көрінеді. Оқушыларға өздігінен шешім табуға еркіндік беру қажеттігі, механикалық есте сақталған білімнің қолданыста өз нәтижесін көрсетпеуі, әр модуль бойынша жиі өткізілетін тестілеу мен бақылаулардың оқушының сыни, шығармашылық ойлауларын шектейтіндігі көп айтылуда. Оның үстіне жылдар бойы қалыптасып қалған ұстанымдарды қысқа мерзім ішінде өзгерту өте қиын. Осы тұста Шульманның «мұғалімнің үш көмекшісін» (Shulman, 2007) басшылыққа алу қажет. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады [2] . Осы тұста мұғалімнің кәсіби түсінігі, тәжірибесі және этикалық және моральдік құндылығының қазіргі заман талабына сай болуы өте маңызды.

«Бақыт жолы тек білімнен табылар», - деп Ахмет Игүнеки айтқандай, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлырақ болуына ықпал ететін адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек - білімде. Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы - оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, дамуына тікелей байланысты.

Еліміз егемендікке қадам басып, оңды өзгерістерге толы игі істердің игілігін көруде. Игілікке жараған өзгерістердің бірі - білім беру саласы.

Оң өзгерістердің қатары қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу мақсатында білім беру жүйесіне «Оқытудағы Кембридж тәсілі» бағдарламасын енгізумен толықтырылды. Бағдарламаның мақсаты - оқушылар өздерінің қалай оқу керектігіне назар аудара отырып, олардың өз ойлары мен дәлелдемелерін нақты жеткізе алатын, яғни ойға жүйрік, тілге шешен, әрі жазбаша түрде еркін, көркем бейнелеп жазуға төселген, бірнеше тілді қатар меңгерген бәсекеге қабілетті жан-жақты жетілген жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Ондай «тұлға» болашаққа сенімді, ынталы, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыған, қазіргі сандық технологияларды, өмірде өз білімін қалыптан тыс жағдайда да еркін әрі терең пайдалана білетін жан болуы тиіс. Оқытудағы «Кембридж тәсілінің» теориялық негіздерінде түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, орта білім беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқыту тәсіліне басымдылық берілген. Бұл оқытудың басты бағыты - ойлауды дамыту болып табылады. Яғни, оқушы өзінде бар білімді түрлі дереккөздері арқылы, мұғалімнен, оқулықтан, достарынан алған білімдермен біріктіре отырып іске асырады. Осыған дейін біз дәстүрлі оқыту үрдісін іске асырып келгенбіз. Өткен ғасырдың басында-ақ американ педагог-психологі Джон Дьюи жоғарыдағы «дәстүрлі» білім беруді енжарлықпен білім алу үдерісі ретінде сипаттады және өзара әрекеттің немесе сыни қатысудың төмен деңгейін ғана қажет ететін жаттап алу әдісі деп сынаған. Ал осыған дейін біздер қолданып келген «дәстүрлі оқыту» қандай оқыту?

Ол - қазіргі мұғалімнің 45 минуттағы іс-әрекеті. Мұғалім кіреді, сабақ сұрайды, сабақ түсіндіреді. 4-5 оқушыны бағалайды, қалғандары сол қалпында қалады. Бұл жердегі мұғалім тарапынан берілген дайын білімге оқушылар өздігінен ары қарай дамыту, іздену, ойласу, атсалысу, салыстыру, пікір алмасу, пікір таластыру т. б. жайлар қолға алынбайды. Мұндай білімнің аясы тар, көбіне жаттанды есте сақтауға алып келеді. Сондықтан көбіне санада механикалық есте сақтау арқылы алынған білім ойлаудың төменгі деңгейінде ғана жүзеге асырылады. Ары қарай терең ойлану үрдісі іске асырылмайды. Ал сындарлы («конструктивті») оқытуда керісінше , мұнда басты басымдылық оқушыға беріледі. Мұғалімнен гөрі оқушы көп ойланып, көп талқылап, достарымен көп сөйлесіп, әрекеттенуі керек. Ал мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыру талап етіледі. Мұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнды ойларын білдіре алатындай пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Дегенмен, әр мұғалім сабақ жоспарлағанда өз пәнінің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Қазақ әдебиеті сабағында оқушының сыни ойлау, өз ойын жаттанды емес, өз сөзімен еркін жеткізе алу, өз жауабына сенімді болу қабілеттерін ашуымыз керек. Кембридж тәсілімен оқыту Блум таксономиясына негізделіп жоспарланады. Таксономия құрылымның (сабақ жоспарының) жүйелілігін білдіреді.

«Блум таксономиясы - жеке тұлғаға бағытталған шығармашылығын дамытушы және білімді толық меңгертудің әдісі»[3, 5] .

Таксономия (грекше. táxis - орналасу, құрылыс, тәртіп және nómos - заң) . Таксономия - олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу.

Блум таксономиясының негізін салушы американдық психолог, педагог, профессор Бенджамин Блум (1913-1999) .

Ол сабақ құрылымын алты деңгейге бөліп қарастырады. Олар: білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.

hello_html_3f07c0c0.png

Сабақтың жалпы мақсатынан басқа әр деңгейге мақсат пен күтілетін нәтиже, сондай-ақ, әр деңгейдің тапсырмасына критерилер мен дескрипторлар қойылады. Бұл оқушының әр деңгейде белгілі бір нәтижеге қол жеткізіп, білім деңгейін бақылап отыру үшін қажет. Мысалы, қазақ әдебиеті сабағын жоспарлағанда білу деңгейінде тақырыпты оқушылардың өзі анықтау мақсатында түрткі болатындай тапсырмалар, сұрақтар немесе 5минуттық бейнероликтер көрсетуге болады. Білу деңгейінде көбінесе формативті бағалауды қолданған жөн. Себебі, формативті бағалау оқушыны білім алуға, өз бетінше жұмыстануға ынталандырады. Мысалы. «Екі жұлдыз, бір тілек» , «Бағдаршам», «Қолмен белгі» т. б әдістер мен «Бәрекелді, өте жақсы, жарайсың!» деген сөздермен бағалауға болады. Одан әрі оқушы танып, білгенін, тақырыптың мазмұнын түсіну мақсатында Блум таксономиясының түсіну деңгейіндегі тапсырмаларды орындайды. Түсіну деңгейінде оқушы тақырып бойынша өз бетінше немесе топтасып бір тұжырымға келеді. Яғни, тақырыптың не туралы екендігін түсінеді. Оқушылардың түсіну деңгейін анықтау үшін критериилер мен дискриторлар қоямыз. Тапсырмаға қойылатын критерии мен дискрипторларды құрастыруды бірінші оқушылардың өзіне де ұсынуға болады. Критерии мен дискрипторларды мұғалім өзі құрған жағдайдың өзінде де, оны оқушыларға таныстырып, оқушылардың да көзқарасын білуі керек. Блум таксономиясының үшінші деңгейі қолдану . Ендігі кезекте, түсінген білімін күнделікті өмірмен ұштастырып, дәлелді мысалдар келтіріп, қолдану аясы туралы жазып не айтып беруі керек. Оқушы ойлана білу, ойын жеткізудегі тосқауылдарға кездеседі. Олар: сөздік қорының аздығы, жазу сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығының сәйкес келмеуі. Яғни, бір бала ойын жазып жеткізсе, ал енді бірі ауызша жеткізеді. Қазақ тілі пәнінің ерекшелігіне байланысты өзге ұлт баласына қазақ тілінде ауызша сауатты жауап беруге, сөздік қорды дамытуға негізделгендіктен, критериидің жоғары ұпайы сөздік қор мен ауызша жауабына қойылады.

Осы алғашқы білу, түсіну, қолдану деңгейлері пәндік деңгей болып саналады. Одан әрі талдау, жинақтау, бағалау деңгейлерінің тапсырмалары дарынды оқушыға негізделеді. Сабақтың талдау деңгейінде бүгінгі алған білімдерінің тиімді, тиімсіз жақтары туралы сараптайды, ойларын дәлелдейді.

Оқушы жинақтау деңгейінде алған білімін эссе жазу, ассосация, Венн диаграммасы т. б әдіс-тәсілдер арқылы жинақтап, өз көзқарасын, өз тұжырымын жасайды.

Блум таксономиясының соңғы деңгейі бағалау . Бұл деңгейде әдеттегісінше, оқушыны мұғалім бағаламайды, керісінше, оқушы өз жұмысының нәтижесі туралы рефлексия жасайды.

Ал сабақтың нәтижесін мұғалім бағалау парағына қойылған ұпай санына байланысты анықтай алады. Сабақ соңында рефлексия жасау арқылы оқушы өз білім деңгейін анықтаса, мұғалім келесі сабағын қалай жоспарлау керектігін біле алады.

Осы мақсаттарға жету үшін, алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру қажет. Ол үшін түрлі сергіту сәттерін, тренингтер өткізуге, жаймен сазды әуен қосып қоюға болады. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру кезінде қазақ тіліндегі әндерді, ұлттық ойын элементтерін қолдануға болады.

Мысалға, С. Торайғыровтың «Шығамын тірі болсам адам болып» тақырыбындағы сабақ мақсатының алгоритмі [4, 24]

Білу
Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты.
Білу: Түсіну
Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты.: «Адам болу» дегенді қалай түсінесің? Ақынша «адам болуға» қандай қасиеттер кедергі жасайды? Қандай қасиеттер оған жақындатты?
Білу: Қолдану
Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты.: Ақын өлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма? Өлеңнің өздеріңе әсері арқылы ойларыңды айтасыңдар.
Білу: Жүйелеу (талдау)
Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты.: Қалай ойлайсыңдар, ақын арманына жетті ме? «Адам болу» мақсаты орындалды ма? Ойларыңды ақын өмірі, соңғыға қалдырған мұрасы арқылы дәлелдеңдер.
Білу: Жинақтау
Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты.: «Ақын арманы» немесе өз қалауларың бойынша ат қойып, шағын шығарма-толғау жазыңдар. «Адам болу - мұратым» атты ауызша сұхбат жүргізіп, пікірлесіңдер.
Білу: Бағалау
Өлеңде қандай мәселелер көтерілген? Ақынның өмір сүру мақсаты.: Ақын өлеңінің бүгінгі таңда маңызы бар ма? Өлеңнің өзіне әсері арқылы ойларыңды айтасыңдар.

Қорыта айтқанда, бұрын оқу үдерісі кезінде бар салмақ мұғалімге түсетін. Ол белгілі шеңберде жұмыс жасайтын. Жаңаша оқытудың «Кембридждік» жүйесі бойынша бұл тәсіл біршама өзгереді. Мұнда балаларға білім дайын күйінде берілмейді, керісінше оқушылардың өздерін еркін ұстауға, ойлануға мүмкіндік жасалады. Олар өз беттерімен және өзара әрекеттесе оқып-үйреніп, ортақ бір шешімге келуге бағытталады. Сондықтан да қазіргі таңдағы әрбір ұстаздың да, оқушының да іс-әрекеті ерекше шығармашылық сипатта болуы керек.

Кембридж тәсілімен оқыту Блум таксономиясымен негізделіп жоспарланады.

Сындарлы оқытуда жеті модульдің әдіс-тәсілдері кеңінен пайдаланылады. Атап айтатын болса:

  • Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Білім беру үшін бағалау және оқыуды бағалау
  • Білім берудегі ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту
  • Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту
  • Білім берудегі басқару және көшбасшылық
  • Бірінші модулі-Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер ретінде диалог арқылы оқыту мен қалай оқу керектігі қарастырылған. Себебі: олар сындарлылық көзқараспен тығыз байланысты. Диалог негізінде білім беру мен білім алу оқушылардың өзара сұқпаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал.

Білім беру мен білім алудағы қарастырылған екінші тәсіл қалай оқу керектігін үйрету. Бұл әдіс оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын, білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

  • Екінші модуль-Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

Оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік менін қалптастыру, өз ойын тұжырымды жеткізе білу. Жалпы айтатын болсақ, сыни ойлау дегеніміз - баланы ойлауға үйрету. Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін. Сыни ойлауға оқыту - жеңіл міндет емес. Сыни ойлау бұл Американдық көптеген алдыңғы қатарлы идеялар негізінде құрылған жоба.

  • Үшінші модуль-Білім беру үшін бағалау және оқыуды бағалау.

Бағалау - оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Бағалау бір нәрсенің деңгейін, сапасын, нәтижесін белгілеу. Оны оқушының оқу таным әрекетінде қарастырсақ оқыту процесінің міндеттерін оқушылардың қандай дәрежеде меңгеруі дайындық деңгейі мен дамуын, білімдерінің сапасын, білік пен дағды көлемін анықтайтын құрал. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы зор. Өзіміз бағалаудың тиімді әдісін таңдап алсақ, оқушылардың жауапкершілігі қалыптасады.

  • Төртінші модуль -Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі, оқушының өз бетімен жұмысы аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу, білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы, қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс әрекет қимылды қажет ететін тапсырмаларды оқып үйрену, оқушының ой өрісін дүние танымын кеңейтуге ықпалы өте зор.

  • Бесінші модулі-Талантты және дарынды балаларды оқыту.

Талантты және дарынды балалардың ойлау ерекшеліктері көп көлемде берілген білімді ұмытпауы, шапшаң ойлау, тез нәтижеге жету, өзіндік пікірі шешімдер шығара алуы, тыныш отыра алмау, іздемпаздық. Дарынды балаларды оқытудың басты мақсаты: Әрбір шәкірттің жеке дара ерекше қабілеттерін ілгері дамыту. Дарындылығы анықталған оқушыны қабілетіне сай шығармашылықпен ойлай алатын азамат етіп қалыптастыру.

  • Алтыншы модуль-Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу процесінде мұғалім имиджі мен оқушы әрекетінің теориялық мәселелері
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас технологиясы
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас
Оқытушы мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
Педагогикалық қарым - қатынас стилі
Топтық жұмысты диалогты дамыту үшін қолдану
Шиеленістің қатысушылары
Мұғалім мен оқушының тығыз қарым - қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz