ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Қазақ және орыс филологиясы факультеті

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Курстық жұмыс

ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Қостанай, 2016 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

1 ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық . . . 3

1. 1Дәстүр мен жаңашылдық . . . 3

1. 2 ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық . . . 10

ІІ ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің зерттелуі . . . 21

2. 1 Абай - реформатор ақын . . . 21

2. 2 ХІХ ғасыр әдебиетінің жанрлық жаңашылдығы . . . 27

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30

КІРІСПЕ

ХІХ ғасыр әдебиеті қазақ әдебиеті ХІХ ғасырда аса бір елеулі, құнарлы кемелденуді, түрленіп, түлеуді бастан кешті. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің бел асқан кезеңі болды. Әдебиет тарихының мәселелері түпкілікті қозғала бастаған жиырмасыншы ғасырдың басынан бері ХІХ ғасыр әдебиеті айрықша назарда болды: шұқшия зерттелді.

Бұл дәуірдің әдебиет үлгілері, оның туу жасау себептері тек қана сырт мазмұндау емес, көркемдік негіздерімен дәлелденіп, айғақтала бастады. ХІХ ғасыр әдебиетінің сан-саласы, оны туғызушылардың өмірбаяны, шығармашылық мұрасы ғылым назарына ілікті. Өкінішке орай, түрлі саяси қаулы-қарар: әдеби мұраны ары тартып, бері тартып саясаттың, идеологияның көкпарына айналдырған тұстар аз болған жоқ: ол уақыттарда көркемдік әлем, сөз өнері жайлы ғылым жаландыққа, жасандылыққа барды, тоқыраған сәттері болды.

Тақырыптың өзектілігі: ХІХ ғасырдағы әдебиеттің өзіне дейінгі жасап келген әдебиетпен сабақтастығы бола тұра, көркемдік жөнінде де, басылым, шығармашылық тақырып, мазмұн жөнінен де, бірнеше ерекшелігі, айырмасы бар. Негізінен, ХІХ ғасырға шейін ауыз әдебиеті, жыраулар поэзиясы болып келсе, енді әдебиет сырт түрі, үлгісі жағынан бірнеше түрлі болды. Ішкі көркемдік сапа жөнінен де көп өзгеріс, жаңалық туды. Жұмыстың өзектілігі аталған жаңа заман әдебиетіне тән жаңашылдықты анықтау.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - ХІХ ғасыр әдебиетіне тән дәстүр мен жаңашылдықты негізге ала отырып, дәстүр мен жаңашылдық ұғымына түсінік беру, ХІХ ғасыр әдебиетіне тән ақындардың енгізген жаңалығын анықтау. Осы мақсаттарға сәйкес төмендегідей міндеттер қойылды:

-ХІХ ғасырға тән өлең құрылымы;

-ХІХ ғасырға тән айтыс өлеңдері;

-ХІХ ғасырға тән жаңашылдық жазба әдебиетінің қалыптасуы;

-ХІХ ғасыр ақындарының әдебиетке қосқан үлестері:

-Дулат Бабатайұлының мысал жанрын енгізуі;

-Шоқан Уәлихановтың очерк жанрын енгізуі;

-Ыбырай Алтынсариннің әңгіме жанрын енгізуі;

-Абайдың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі.

Жұмыстың нысаны: ХІХ ғасыр әдебиетінің дәстүр мен жаңашылдық, ақындардың шығармалары негізінде.

Курстық жұмыстың ғылымилығы: ХІХ ғасыр әдебиетіне тән дәстүр мен жаңашылдық үлгілеріне назар аударылып, ғылыми-зерттеулер негізіндегі сөз саптаулары пайымдалды.

Зерттеу әдістері: Курстық жұмысты жазу барысында баяндау, салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.

Жұмыстың құрылымы . Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізіменен тұрады.

1. ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық

1. 1 Дәстүр мен жаңашылдық

Философиялық тұрғыдан алғанда, дүниеде ештеңеден ештеңе тумайды, яки жоқтан, ғайыптан ештеңе пайда болмайды. Диалектиканың заңы бойынша ұдайы дамып, қандай да бір өзгеріп отыратын болмыс құбылыстың бұрыннан негізгі нұсқасы бар да, енді сол нұсқаның даму процесінің нәтижесінде пайда болған өзгеріс, жаңалық бар. Бірақ негізсіз, ұрықсыз, жағдайсыз ештеңе жоқ.

«Шөп те шыққан жерге шығады», «Қақ та тұрған жерге тұрады» деуде де осы іспеттес мағына болса керек.

Қашаннан болмыс өмірдің бейнелі сәулесі деп танылған поэзиялық сөз өнері де осы өмір заңдылығымен өрбіп, өркен жайып отыратынын көреміз.

Тіршілік үшін күресте әрбір халық өзіне тәжірибе алып, өмірлік тәсіл, тұрмыстық салт құратыны сықылды, өнерпаздық тәжірибе арқылы творчестволық дәстүр құрады. Өнер дамуы дегеніміз оның осы дәстүрінің дамуы, себебі өнердің негізгі -ұрығы халық даналығы, халықтың рухани күш қуаты десек, дәстүр өнер атаулы жеміс ағашының образбен айтқанда орныққан, бекіген тамырлы түбірі. Түбірдің өсіп, бұтақ салып, жапырақ, жеміс жаңартып отыруы оның даму процесін танытады. Ал жаңалық дейтініміз сол дәстүрдің даму нәтиесінде жаңа салған жапырағы мен жемісі. Бірақ жаңаның бәрі жаңалық, жаңалықтың бәрі бірдей жақсылық емес. Басқаша айтқанда, былтырғы жемістен биылғы, биылғыдан ендігі жылғы жақсы шыға беруі міндетті шарт емес. Оның қалай шығуы ауа, су, топырақ деген сықылды толып жатқан жағдай мен себептерге тәуелді. Сондай ақ дәстүрдің де дамып, көңілдегідей жақсы жаңалықты жеміс беруі қоғамдық жағдай, талант, мәдениет сықылды көптеген факторларға байланысты. Мұны қазақ әдебиеті тарихынан анық көруге болады.

Қазақ халқының жүз жылдар бойы қорланып, шыңдалған бай поэзиялық творчествосының дәстүрі ХІХ ғасырдың жаңалықты жемісі ретінде Махамбет пен Абай есімдерін жарқыратты. Ал бұл екі ақынның мұрасы бұрынғы дәстүрді құрды. Бұлардың суырылып шығып көзге түсуі, әрине, заман жемісі еді. Өткен ғасырдың бірінші жартысында отыршылдықтың озбырлығына қарсы қабындаған ұлт - азаттық қозғалысы Махамбетті туғызды, ал екінші жартысында Қазақстанның тарихи - мәдени прогерске шылбыр беруі қазақ халқының басқа ұлттармен қарым қатынасының биіктеуіне қолайлы жағдай жасады да данышпан Абайды туғызды. Сондықтан Абай әкелген жаңалық тек ауыз әдебиеті ізіндегі әлдеқалай жаңалық емес, сонымен бірге Шығыс пен Батыстың жазба әдебиеті ізіндегі, әсіресе ұлы орыс әдебиетінің дәстүріндегі үздік жаңалық еді. Сондықтан Абай құрған жаңа дәстүр де бұрынғы шағын шеңберді ұлғайтқан кең өрісті, айырықша үлкен ұлттық үрдіс жасаған дәстүр болды. Туған әдебиет пен өзге елдердің озат әдебиет үлгілерін алып дамытқанда, Абай оларды талғамсыз пайдаланбаған, сын елегінен өткізіп алған. Бұл жөнінде Әуезовтің тауып айтқаны бар: «Абай өзінің ақындық мұрат - мүддесін, барлық жаңа саналы үлгісін, орыстың классик әдебиетімен байланыстыра отырып дамытты» дей келіп: «өз тұсында болған әдебиеттік ағымдардың ескі мен жаңасын, пайдалысы мен залалдысын салалап тұрып екі айырды. Бұнысы, тек бір өз басының ақындық жолындағы ізденуі ғана емес. Жоғарда айтылғандай, бүкіл Қазақстанның, қала берсе, бүкіл жақын шығыстың тарихтық, саясаттық халдеріне байланысты, жаңа салт - сананың ескілікті кертарпа салт санамен алысуының айғағы еді» (Мұхтар Әуезов «Әр жылдар ойлары» ҚМКӘБ Алматы 1961, 115 - б. ) . Абай поэзиясында болсын немесе бүкіл қазақ әдебиетінде болсын, дәстүр мен жаңашылдық атаулы проблеменың революциядан бұрын қалай шешілгендігін түсіну үшін М. Әуезовтің бұл пікірінің нұсқаулық мәні бар. Осын күнгі әдебиетіміздегі дәстүр мен жаңашылдық арасының диалектикасын ұғыну үшін де бұл пікірдің мәні зор. Өйткені мұның өзі Лениннің мәдени мұра туралы қағидасының әдебиетке қатысты тікелей жүзеге асуы ғой.

Сонымен дәстүрдің дамып, жаңалық жасау процесі жадағай құбылыс емес, күрделі дидактикалық құбылыс, бұрынғының көнерген ескі - құсқы, керексіз, кертарпа зияндысын тастап, тәуірін жетілдіру, жаңартып жаңғырту процесі. Бұл процес қашанда ескі мен жаңаның арасын ажырата біліп, жаңаны жақтау күресі арқылы тиісті нәтиже беретін қайшылықты процесс.

Мысалы: бүгінгі поэзиямыздағы дәстүр мен жаңашылдық проблемасын нақты алып қарасақ, мұның үлкен идеологиялық арнаға апарып соғатын екі жағы бар. Бұл мәселенің методологиясы партияның Программасында анық жазылған.

«Халықтық және партиялық принциптерге негізделген социалистік реализм өнерінде өмірді көркем бейнелеудегі батыл жаңалық жасау дүниежүзілік мәдениеттің барлық прогесшіл дәстүрлерін пайдаланумен және дамытумен ұштастырылады» - делінген онда. Ал осы армақты терең ұғынып, байсалды творчестолық жолмен іске асыруға келгенде күрделі қиын қиын мәселелер туады. Ең басты қиындық мәселенің әлгі айтқан иделолгиялық және творчестволық жақтарын бір бірінен айырып немесе қарсы қою жағдайына байланысты. Әлемде екі дүние бір бірімен бітіспес идеологиялық күресте тұрған шақта дәстүр мен жаңашылдық мәселесі өткір саяси проблемаға айналғанын әсте естен шығармау керек екенін партия әрдайым ескертіп келеді. Ал әдебиет ортасында келсек 1961 жылы «Вопросы литературы» журналы бетінде осы тақырыпта Гайсарьянның мақаласы шықты. Содан бері әдебиет теориясы мен сынының белгілі адамдарының көпшілігі осы журнал бетінде кең түрде пікір алысты. Мұның өзі тақырыптың өте маңызды және атүсті іске асыра қоятын мәселе еместігінің айғағы. Егер біз осы іске поэтика мәселесі деп қарасақ, мұның түбіндегі ең қауіпті жағдайды дұрыс есепке алмаған болар едік. Партия өзінің ХХІІ съезінде және басқа да документерде бізге осы мәселенің түп тегін көрсетіп берді. Дәстүр мен жаңашылдықты дұрыс шешпеген жағдайды зиянды формализмнің жол алатынын ескертті. Бұған дәлел бүгінгі буржуазия әдебиетінде етек жайған формализм мен кейбір кез бізде де бой көрсеткен жеке формалистік шатпақтар.

Қай заманда болса да, искусство қалай дамуы керек, неге қызмет етуі керек, искусствоның даму заңдары қандай? Деген сұрақтар эстетиканың негізгі мәселелері болып табылады. Біздің социалистік реализм өнері адам баласы жасаған көркем мәдениеттің көркейіп дамуының ең биік шыңында тұрған өнер. Сондықтан сол өткендегі адам баласы жасаған өнер табыстарын өзіміз терең түсінбей тұрып ешуақытта жаңалыққа дұрыс қадам жасай алмаймыз.

Шынында қазіргі социалистік реализм принциптерін адам мәдениетінің өткендегітарихынан жырып алып қарасақ, оның табиғатын, даму жолдарын ешуақытта түсінбеген болар едік.

Ендеше дәстүр мен жаңашылдық мәселесі эстетиканың үлкен саласымен сабақтас болғандықтан, оны өнердің тарихи даму заңдылықтарына бағындырып алған жөн.

Адам баласының өмірі өнердің негізгі объектісі, негізгі мазмұны. Ал айналадағы дүниенің шындығы сол өмірге байланысты алынады. Осы принцип соң, ы замандардың өнер жолына негізгі үлгі болды дей аламыз. Қай заман жазушыларын алсақ та, олар өткен жазушылардың жасап, тауып кеткен, қолы жеткен жемістеріне бейтарап, самарқау болған емес, оған ешбір уақытта көз жұмып қараған емес. Жаңа көркемөнер дүниесін қалай жасау керек деген мәселені олар бұрынғы көркем мұраны біліп, игеріп алып барып шешкен; ұлы жазушылардың тәжірибесі осыны көрсетеді. Суреткерлер былай тұрсын тіпті әдебиетші зерттеушілердің өзі өткендегі теориялық ойдың табыстарын жауып қойған жоқ, ылғи одан үйреніп келеді. Аристотельдің «Поэтикасы», Горацийдің «Посланиясы», Буалоның «Трактаты», Дидро мен Лессингтің теориялық қағидалары, немістің идеалистік эстетикасы, орыстың революционер демократтары мен марксизм -ленинизм эстетикасы - мұның бәрінде де өзара байланыс, сабақтастық бар. Дәстүр тұтынушылық бар.

Әдебиетке дөрекі көзбен қараған сауаты аз адамдар, әдебиеттің ерекшеліктерін ұқпайтын дилетант адамдар әдебиеттің даму жолын тура тартқан сызық іспетті көреді. Дидактикалық заңдылықпен дамып, өсіп келе жатқан әдебиеттің қайшылығы мол тарихи жолының толып жатқан бұлаңы, бұралаңы бар екенін есепке алмайды. Кешегі өнерден бүгінгі жақсы, бүгінгіден ертеңгі жақсыболады деп қараудың өзі де сол дөрекі көзқарастың жемісі. Жалпы даму жолы сияқты, әдебиеттің де даму жолы ылғи ілгері басқанмен, нақты түзу және типыл жол емес. Сондықтан көркем өнердің табыстарының бәрінде өркеш өркеш шоқы, ойпат, шегініс, қайрылыстарда бар. Көркем өнердің дамуын түсінбегендіктің салдары. Әдебиеттің шынайы жаңалығы деп оның өткенде туса да сәулетті биіктерін айтуымыз керек. Көркем өзгешелігінің өзі оның тамаша, құнды табыстарының өмір бойы өлмейтін мәңгілік табыстар екендігінде. Сондықтан да бұл табыстар түбегейлі құбылыстар ретінде ұдайы жаңалық тууына игі әсер етуін ешуақытта тыймайды. Шекспир, Бальзак, Толстой - міне осындай құбылыстар. Бір кезде Абайдан біздің Қалмахан артық деген пікір болған. Бұл, әрине, кешегіден қалай да бүгінгі артық дейтін добал ұғымның салдары еді. Көркем өнердің тарихында қоғам өмірімен төте байланыстылықтың болуы заңды, бірақ бұл төте, тікелей және жалаң байланыс емес, сатыланған күрделі байланыс. Ол - диалектиканың даму заңдылығын сақтаған шытырманды байланыс.

Біздің ата бабаларымыз жасаған көркемөнердің, мәдениеттің жақсы жақтарын (жақсы үрдістерін) пайдалана отырып жаңа жол табу керек. Ол жаңа форма ғана емес. Форма дегеннен мәселенің мазмұнын бөліп алуға болмайды дедік. Олай болса жаңа форма табу дегеніміз әлденедей өлшем, ұйқас табу ғана емес, жаңа теңеу жасау да емес. Форма жасайтын компоненттердің бірін тауып алып та оңай форма жасалмайды. Форма деген ұғымды заттық форма яки мазмұнды форма деп кең мағынасында алсақ, ол көркемдік компоненттердің мазмұннан ажырамас тұтастығынан туады. Жаңалық «көйлекшең» депті Мұстай Карим. Біз көркемөнерде жаңалық туғызғанда, жаңа мазмұн мен форманың бірлігінің жаңалығын жасауымыз керек. Сол форманың жаңа мазмұнымен қиысқан бірлігін жасау жөнінде суреткерлеріміздің тынбай жаңалық ізденуіне, еңбектенуіне жәрдемдесуіміз керек. Жаңалық жасау процесі неден басталады? Ең алдымен өмірдегі жаңалық құбылыстарды тани, жіті көре білуден басталады. Бұл өмір шындығының революциялық даму заңын білгеннің ғана қолынан келетін іс. Осы заңдылықты дұрыс түсінген жазушы ғана өмірдің тілегін, талабын біледі, сол өмірдің туғызған мазмұны мен формасының тұтастығын жасай алады. Еңбексіз жеміс тумайды. Үлкен жазушылардың тәжірибесін алып қарасақ олар ешуақытта бірыңғай форма қуған емес. Өмірді жаңаша ұғынған, жаңа заманның талап, тілегін ұғынған. Содан барып қажет болған өнер формасы өзінің жаңалықты мазмұнымен бірге туған.

Бұл мәселенің методология жағына көп тоқтамаймын. Лев Толстой жаңалықты қалай жасау туралы өз ойын қарапайым түрде өте жақсы айтқан ғой. Ол былай деген: «Дұрыс жол мынау өзіңнен бұрынғыларды игер де, одан әрі қарай кет». Бізде біреулер бұрынғыны игермей тұрып ақ жаңалық тапқысы келеді. Олай бол ма? Біз осыған байланысты «Қазақ әдебиеті» газет бетінде «Жаңалық па, жаңа былық па» делінген мақала жазуға мәжбүр болдық. Бұған себеп: бір жағынан кейбіреулер поэзияда жаңалық деген желеумен парықсыз эксперименттер жасап, қазақ тілі өлең құрылысының нормасын бұзушылығы болса, екіншісі жағынан, енді біреудің газет бетінде қазақ поэзиясының негізіне қарсы бейбастақтық мақала, өлеңдер жариялауы болды.

Олар дәстүр мен жаңашылдық проблемасын мансұқ пен мазаққа айналдырды. Біреуі былай жазды: «жаңаның аты жаңа, ескінің аты ескі. Ескіні қанша мақтағанмен жаңа болмайды. Біреулер арғысы Абай, бергісі Сәкенді үлгі тұтады. Солардан үйренейік, солар қолданған түрлерді пайдаланайық дейді . . . Қазір тек соларды қайта жаңғыртып қолдансақ, түр кендігінен құтыла қоямыз деу шалағай түсінік» деп түйеді. Өсіп келіп «Жаңашыл сыншы қара өлең, жыр өлең түрлерін заманы өткен, күні біткен түрлер дегенге сайып мынадай қорытындыға тоқтайды. «Планета үстінде нелер ұлы оқиғалар болып жатыр. Олар қазақтың қара өлеңіне сыймайды. Оларды жаңаша жырлау қажет». Былай қарағанда, жаңа заманды «жаңаша жырлау қажет дегенде кім қарсы болар еді?!» Дұрыс - ақ сияқты. Бірақ барлық әңгіме осы жаңашылдықты «қисыншының» қалай түсінуінде. Біріншіден, ол поэзиядағы форма мәселесін тек буын санына байланысты деп біледі. Сондықтан ол қазақтың бұрынғы өлең құрылысына соғыс жариялайды. Екіншіден, поэзиядағы өзгеріс, жаңалық атаулыны ол киімнің, моданың өзгеруіне теңестіріп, поэзияның ерекшелігінен ештеңе қалдырмайды. «Мезгіл өтті. Тар балақ келді. Байқасақ көшені сыпырып жүруден құтылыппыз. Ши барқыт күртешені тастап, түрлі түсті тор көзді көйлек кие бастадық. Қара костюм мен көйлек те жараса кетті. Жалпайған аяқ киім орнына тұмсығы сүп сүйір туфлилер кидік . . . Демек, әдебиеттегі түр де өмір бойы кең балақ шалбармен қалмайды». Қазақ поэзиясының бұрын соңды қалыптасқан өлең түрлерін кең балақ шалбарға, жалпайған аяқ киімге балап, «тонын отқа салғалы» жүрген «жаңашылдың» іс жүзінде ұсынған «жаңалығы», «тар балақ» «сүйір тұмсық» өлеңі мына секілді:

Шуақтап жүрмін,

Шуақтап тұрмын, шуақтап отырмын

Шуақтап жатырмын.

Тек қана кемпір мен шал емес

Сүйемін мен де күн шуақты.

Күншуақ! Күшіңнен

Мұз таулар көсілген

Еріп кетті де шипалы су ақты.

Топырақ жайқала жөнелді

Тас та көгерді.

Жаңалық па осы? Иә, жаңалық, Қандай жаңалық? Өлең бұзар жаңалық. Не ырғақ, екпін бірлігі жоқ, не буын, ұйқас бірлігі жоқ, ешқандай тәртіп, интонациялық бүтіндік жоқ, шым - шытырық сөздер мен жолдардың тіркесі. Ал осы автордың айта беретін буын санын алсақ, осы титімдей үзіндінің өзі төрт буын, тоғыз, сегіз, алты, он бір, бес буын жолдардың сапырылысқан тізбегі болып шығады. Мұндай «өлең»жаңалығы ешкімге керегі жоқ, әрине. Тағы бір «жаңашыл» ақын бұдан да сорақы кесім айтқан. Барлық «бәлені» ол он бір буынның басына жауып, өзінің барлық байбастық балағаттау сөздерін, уыт, зәрін «сорлы» он бір буынға төгіп баққан. Одан: «Он бір буын омыртқаң кетсін сынып», «көнесің», «қақбассың», «не саламын беліңе шойырылған», «егіз баал көтерген әйел сындысың», «ал бұзамын, сызамын» деген сияқты жекірулер табасыз.

Ал енді осы он бір буын туралы. Бұл қазақ поэзиясынның қашаннан келе жатқан байырғы өлең құрылысы. Қазақ халқының тарихи трагедиясын жырлаған «Елім - ай» әннің сөзі де он бір буынмен айтылған. Абайдың көп керемет өлеңдері осы он бір буынмен жазылған. («Аттың сыны», «Өлең сөздің патшасы», «Қыс», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?», тағы басқалар) . Тіпті қазақ үшін тамаша жаңалық боп табылған Лермонтовтың «Теректің сыйын» аудару үшін Абайға он бір буын ескілік етті ма? Сегіз буын мен жеті буын шалыс ұйқасқан орыстың силабо -тоникалық өлеңін қазақтың он бір буынына аударылғанда түсінігі тумадай сіңісіп кеткен жоқ па?

Асау терек долданып, буырқанып,

Таулы бұзып, жол салған тасты жарып,

Арыстанның жалындай бұйра толқын

Айдаһардай бұралып, жүз толғанып.

Мәселе он бір буынның ескіруінде, тозуында емес, ақынның талантында. Талантты ақынның қолында жанып, жайнап сала береді, қандай да болса жаңалық мазмұнды жырлауға жарайды, дарынсыздың қолында жасып, «шойырылып» қалады, онда ол ешқандай идеяны да бейнелей алмайды. Содан кейін тағы бір ескеретін жай мынау: өлең құрылысы да тілдің грамматикалық құрылысы секілді тұрақтылау категория ол тез, оңай өзгере қоймайды. Сондықтан да Пушкин поэзияны сананың ескірмес жас, балғын түріне жатқызған ғой. Поэзияның жақсы үлгілері жасалған өлеңдік құрылысының істен шығып қалуы үшін көп заман керек. Ол бір. Екіншіден, ол басқа өлең түрінің енуіне ешуақытта кедергі жасамайды, қайта соған көмек жасайды. Некрасов, Блок, Маяковский енгізген өлең мөлшерлері орыс поэзиясының Пушкин, Лермонтов үлгілерін «сирағын сындырып» қоқыс жәшігіне лақтырып тастаған жоқ, олар осы күнге дейін өз праволарында қатар өмір сүруде. Сондай - ақ Абай қазақ поэзиясына оннан астам жаңа өлең үлгісін енгізгенде он бір буынның «омыртқасын сындырып» алып енгізген жоқ, қайта соның бәрін қатар ұстады, бірдей пайдаланды. Көптеген жаңа түр тапқаннан кейін де Абай өзінің программа іспетті терең ойлы өлеңін он бір буынмен жазған ғой.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын мұны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДӘСТҮР МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы және жанрлық жаңалық алып келген қаламгерлерге шолу
Әдеби үдеріс сипаты
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
КӨРКЕМДІК ӘДІС ЖӘНЕ БАҒЫТ
1960-1980 жылдардағы қазақ прозасындағы адам концепсиясы
Түркі әдебиеті және Шәкәрім: шежіре жазу дәстүрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz