Ертегілер мен мысал жанрын оқыту әдістемесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 87 бет
Таңдаулыға:   

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті

Филологияфакультеті

Қазақтілі мен әдебиеті кафедрасы

Ертегілер мен мысал жанрын оқыту әдістемесі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»

Қостанай 2018

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . …… . . . 6

1 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ғылыми-теориялық негіздері

1. 1 Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы . . . 8

1. 2 Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары (әдістері) . . . 16

1. 3 Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы оқытудың тиімді жолдары . . . 24

2 Ү-ҮІ сыныптарда әдебиетті оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану әдістемесі

2. 1 5-6 сыныпта әдебиетті оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері. 31

2. 2 5-6 сыныпта лириканы оқытудағы әдіс-тәсілдер . . . 36

2. 3 5-6 сыныпта әңгіме жанрын оқытудағы әдіс-тәсілдер . . . 47

Қорытынды . . . …… . . . 66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . … . . . 68

Қосымша А . . . …… . . . 70

Қосымша Ә . . . … . . . 103

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әдебиет ғылымында көптен бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша көркем шығармалар өз ара үш салаға бөлінетіні, яғни эпос, лирика, драма болып үш текке жіктелетіні белгілі. Осыған орай әрбір әдебиеттік жанрдың өзін өзгеден айырып танытатын айырықша белгілері, ерекшеліктері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы өзінің шындық болмысты бейнелеп көрсету жөнінде қолданған көркемдік әдіс-амалдары, композициялық өзгешелігі арқылы белгіленеді. Айталық, лирикада өте қысқа, тұжырымды түрде жеке адамдардың көңіл күйінің әр алуан қалыптағы бейнесі беріледі: эпоста адамдардың өмірі туралы әңгімеленеді, ол - жазушының алға қойған мақсатына қарай бірде тар, бірде кең көлемді шеңберде көрсетіледі: драмада кейіпкерлер тек өздерінің іс-әрекеттері, сөздері арқылы ғана көрінеді. Мұнда оқиғаны автор тарапынан немесе кейіпкерлердің біреуінің тарапынан баяндау, әңгімелеу деген болмайды. Сөйтіп, жанр дегеніміз шығарманың композициясын құраудың өзгеше бір түрі болып табылады. [1] Міне, осыған орай бұл үш жанрдың әрқайсысына жататын шығармалардың өзінше құрамы, бітімі, өзінше композициялық құрылысы болады. Мектепте әрбір көркем шығарманы оқып үйренуде, талдауда оның осы секілді өзіне тән жанрлық ерекшелігі есепке алынады.

Білім берудің екі қыры болады: біріншісі ˗ нені оқыту, екіншісі ˗ қалай оқыту. Нені оқытуға білім мазмұны (базалық білім) жатады. Ал, қалай оқыту дегеніміз ˗ әдістеме. Яғни, әдістемеде орта мектепке арналып өлшеніп берілген базалық білімді бүгінгі инновациялық технологиялар мен жаңаша әдіс˗тәсілдерді қолданып, оқушыға қалай тиімді жеткізу мәселесі қаралады? Иә, бүгін бізге заман талабына сай тақта мен бордан, қағаз бен қаламнан артық жаңаша оқыту құралдары енуде. Әдістер жаңарып, тәсілдер жетілуде

Бала тілін дамыту - қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы мектеп оқушыларының тілін дамыту қолға алынған мәселе екендігін ескерсек, біздің жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз екендігіне ешқандай күмән жоқ. [2, 16б. ]

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жалпы орта білім беретін мектептерде әдебиеттің кіші жанры болып саналатын ертегілер мен мысалды оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындап, балаға тәрбие берудегі маңыздылығын ашу.

Осы мақсаттарға жету үшін, мынадай міндеттерді алға қойдық:

- әдебиеттің кіші жанры - ертегі мен мысал жайында жазылған ғылыми еңбектерді саралай отырып, зерттеу;

- әдебиетте ертегі мен мысалды оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін айқындау;

- ертегі мен мысал жанрының өзіндік ерекшеліктерін саралау;

- оқыту үрдісінде әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін танытудың жолдарын зерделеу;

- жалпы орта білім беретін мектептердің 5-6 сыныпқа арналған оқу бағдарламасында қандай ертегі, мысал оқылатындығын анықтау;

- ертегі мен мысалды меңгертуде оқушының жас ерекшелігіне сәйкес әдістердің тиімді түрлерін көрсету;

- оқушылардың ойын дамытуда ертегілер мен мысалдың рөлін сипаттап, олардың тәрбиелік мәнін ашу.

Дипломдық ж ұмыстың нысаны. Жалпы орта білім беретін мектептерде, оқу бағдарламасына негізделген әңгіме жанрын оқыту әдістемесі нысанға алынды.

Дипломдық жұмыстың ғылымилығы. Ертегі мен мысалды тиімді әдіс-тәсілдермен меңгертудің мазмұнына сипаттама беріледі. Жұмыста 5-6-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығына енген ертегілер мен мысалдар талданып, зерттелінді. Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Дүние қалай етсең табылады»әңгімелері; М. Қабанбаевтың «Бауыр» әңгімесі; - М. Әуезовтың «Қараш-қараш», «Қорғансыздың күні», «Көксерек» әңгімелерін оқытудың ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдары сөз етілді.

Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының нәтижелері мен тұжырымдарын әр түрлі деңгейдегі оқу орындарының «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі», «Мұғалімнің кәсіби шеберлігі» курстарынан дәрістер мен семинарларда өткізуде, ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмысын жазғанда және педагогикалық практика кезінде пайдалануға болады.

Дипломдық жұмыстың әдістері мен дереккөздері. Түсіндіру, баяндау, салыстырмалы талдау, ғылыми пікірлерді зерттеу, жүйелеу, тәжірибелік, теориялық және жалпылау тәрізді әдістер мен тәсілдер қолданылды.

Әдістемеші ғалымдардың, педагогтардың еңбектері, инновация туралы ғылыми еңбектері, Қазақстан Республикасы Конститутциясынан «Білім туралы заңы» және «Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы». Бүгінгі заманның педагогика және қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған тәжірбиелер, соңғы жылдарда кеңінен қолданылып жүрген оқытудың жаңа инновациялық әдіс-тәсілдері, ғылыми еңбектер, әдеби білім берудің мемлекеттік стандарты, оқу тұжырымдамалары, бағдарламалар, оқулықтары.

Дипломдық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Ертегілерді оқыту әдістемесі

1. 1 Ертегі және оның зерттелу жайы

Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, психологиялық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.

Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.

Жеке бала - бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйе құрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе. [3]

C:\Users\user\Desktop\images.jpg Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы т. б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік тағы басқа тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор.

Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала - үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар - жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ.

Ертегі - фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры - халық прозасының дамыған көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты - тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең. Ол тәрбиелік, әрі көркемдік эстетикалық роль атқарады. Ертегінің осы бүкіл жанрлық ерекшеліктері екі қызметтен шығады. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті - сюжетті барынша тартымды етіп көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек, ертегіні шындыққа бағыттамайды, ал ертекші әңгемесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды. Ертегі жанрының пайда болып, қалыптасу тарихы өте ұзақ. Оның түп-төркіні - алғашқы қауымда туған көне мифтер, аңшылық әңгімелер, хикаялар, әртүрлі ырымдар мен аңыздар. Өзінің қалыптасу барысында ертегі осы жанрлық белгілерін бойына сіңірген. Бұл жанрлардың кейбірі өз бетімен мүлде жоғалып, толық ертегілерге айналған. Ертегі деген не? Оның мифтен, аңыз-әңгімелерден айырмашылығы неде? Солардың бірі - миф жанры. Мифтің ертегіге айналу процесі бірнеше кезеңнен өткен. [4, 95б. ]

Мифология (гректің mifos - аңыз, ергегі және logos - ілім, ұғым деген сөздерінен шыққан) қоғам дамуының бастапқы сатыларына тән қоғамдық сананың формасы. Мифтер барлық халықтарда болады. Алғашқы қауымдық қоғамның рухани өмірінде мифология қоғамдық сананың әмбебап формасы ретінде үстем болды, өйткені мифологияда сыртқы дүние мен адам, ой мен сана, сезім, білім мен көркем бейне, зат пен идея, обьективтік және субьективтік дүниелер арасында айқын шекара болмады. Ол шекаралар кейін болды.

Мифологияда олардың бәрі тұтасып жатты. Ол дүние жайындағы біртұтас дүние болып табылады.

Сонымен, мифология - адамзаттың рухани мәдениетінің ең көне формасы. Онда білімнің бастамасы, өнер мен адамгершілік қатынастар бейнеленді. Миф (аңыз, ертегілер) сананың әлі жетілмеген біртұтас формасы екен. Ал, мифтің мағынасын анығырақ ашсақ - ол алғашқы рулық қауымдық қасиетті деп саналған құпия әңгімесі мен шежіресі. Оны ол кезде әркімге және әр жерде айта бермеген. Мифте қоршаған ортаның, дүниенің жаратылуы мен аспан әлемі жайында, рудың төтемдік бабасы, ілкі атасы мен жасампаз қаһармандар туралы олардың іс-әрекеттері жөнінде фантастикалық түрде баяндалған. Алайда ол заманда осының бәрі ақиқат деп қабылданған, мифке жүрт мәлім сенген. Бірақ уақыт өтіп, адам санасы мен мүмкіндігі жетілген сайын миф өзгеріске ұшырап бірте-бірте қасиетті сипатынан "құпия" болудан қалған. Соның салдарынан іс-әрекеттердің де нәтижесі баяғы мифтік сипатынан айырылған. Бірте-бірте мифтің масштабы тарылып хикаяға, сонан соң ертегіге айналады. Осындай аңшы, мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз емес. Әрине, ол біздің ертегілерде сол ежелгі заманғы күйінде емес, көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Ал, ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен гөрі композицияның ролі артығырақ. Ертегінің композициясы бас қаһарманды дәріптеуге бағындырылады. Сөйтіп, ол белгілі бір схема бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық-мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқашада композиция мен эстетикалық мұраттылықтың бірлігі әрі тұрақтылығы, уақыттың тұйық болуы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауыз екі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестің қолданылуы тағы басқа кіреді.

Ертегілер мен аңыздар - біздің сенімді серіктеріміз. Ерте кезден ертегілер адам баласының арман мүддесі, ой санасы, арманы мен қиялынан, салт-дәстүрі мен тұрмысынынан болашаққа күтетін үмітінен туған.

Ертегі - адам баласының ой-қиялынан туған таңғажайып дүние. Ол адамды қуантады, шарықтатады, болашағына сенімін арттырады, мүмкін емес жетістіктерге жетуге еліктіреді.

Ертегі - қай халықтың болмасын сүйіктісі. Ертеде қазақ ауылдарында ертегілерді той жиындарда, алтыбақан бастарында немесе үлкендері сол ауылдың жас бүлдіршіндерін жинап айтатын болған. Әрбір ауылдың ертегі- аңызшылары болған. Ертегілер ата-бабамыздан мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған. Ертегі айтуға жас балаларды ән айтуға үйреткендей ерте жастан баулыған.

Ертегіге деген осыншама сүйіспеншілік қайдан келді? Олар осы заманға дейін қалай сақталып келген? Өйткені ертегі - халықтың ақылы мен арманының тілегі. Өте ертеде пайда болған ертегілер осы күнге дейін өзінің жеңіл сиқырымен кейіпкерлерімен бірге ерлік жасап, әртүрлі қызықты оқиғаларымен таңқалдыруда. Ертегі өз Отанын сүюге, оны қорғауға, қиыншылықтан қорықпауға, қайырымды, бауырмашыл, қиындықта бір-біріне қол ұшын беруге даяр, бақытсыздыққа ұшыраған әлсіздерге көмек беруге, ата-анасын құрметтеуге, иманды да ибалы болуға үйретеді. [5. 65б. ]

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде,

Қырғауыл жүні қызылда,

Балақ жүні ұзында,

Атақты бір бай бопты,

Төрт түлігі сай бопты,

Көңілі баста жай бопты,

Бір перзентке зар бопты,

Бара-бара баласыз,

Кең дүние тар болыпты, -

деп басталатын ежелгі ертектердің құлақ күйінде барлық байлық, жан-дүниесі сыйлық, алдамшы көңіл жайлық түптің түбінде ұрпақ игілігінің қасында түкке тұрғысыз екендігін бабаларымыз бастан-ақ өсиет етіп ескерткендей. [12, 6б. ]

Ертегіде адамды мұратқа жеткізетін ең басты адамдық қасиеттердің бірі ақылдылык, қайырымдылық, кішіпейілділік болатын болса, енді сол ақылдылықтың өзі неге байланысты, ақылды болу үшін не істеу керек? - деген сұраққа жауап іздеп көрсе, оған жауапты да сол ертегінің өзінен табуға болады. Сен ақылды ғана емес, қайырымды, кішіпейіл болсаң, онда сен барлық жамандық атаулының барлығын жеңе аласың. [13, 18б. ]

Қазақ халқы "Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без" деп қайырымдылық қасиеті жоқ басшының қадірі де болмайтынын кесіп айтады.

Адамгершілікке тәрбиелеу кезінде халық жеке адамдардың мінез-құлқында болатын қайырымдылық пен мейірімділікке жат кейбір қолайсыз қасиеттерге сөз құдыреті мен ертегілердің соңында бір мағына мен яғни мақал-мәтелмен аяқтапта отырған. Жалқаулыққа қарсы:

"Жалқауға жан жуымас"

"Еріншектің ерні жібімес"

Өтірікшіге қарсы:

"Өтірік өрге баспайды"

"Өтірікшінің шын сөзі зая кетеді"

Бақталастыққа қарсы:

"Бақталастың бас жоқ,

Бағы жанбас, қасы көп"

Дүниеқорлыққа қарсы:

"Дүниеде дүние жолдас емес, адам жолдас"

деп халық педагогикасы адамгершілікке жат мінездерді әшкерлеп, әдептілікті, қайырымдылықты адамгершіліктің биік шыңына көтереді.

Қайырымдылық-мүдделі, кіріптар көмекке құштар адамдарға, табиғатқа, жан-жануарларға іс-жүзінде жақсылық жасау. [5. 13б. ]

Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Ш. Уәлиханов, Г. Н. Потанин, Н. Березин, В. В. Радлов, А. Е. Алектров, А. Ивновский, Л. Исаков, О. Әлжанова, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса кейін, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдулиндер зерттеп жинақтай бастады. Аталған жинаушы-жариялаушылардың ғалымдық деңгейі, ғылыми түсінігі әр түрлі болғандықтан ертегі мәтіндері әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағаланды. Соған қарамастан біраз ертегі жарық көрді, ғылыми айналымға енді. Соның арқасында қазақ ертегілері Потаниннің, Радловтың, А. Н. Веселовскийлердің кең масштабты ғылыми- зерттеулеріне ілікті. Бұл шақта ертегілерді қазақ оқығандары да, ақындары да жинастырып, «Дала уәлаятының газетінде» жекелеген мәтіндерді жарыққа шығарды. Әсіресе, Мәшhүр Жүсіп Көпейұлы ертегілерді арнайы түрде жариялап отырды. Ш. Ш. Уәлиханов бастаған зерттеу ісін Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ә. Бөкейхановтар жалғастырды. Ертегілерді ғылыми әрі ағартушылық мақсатта жинап, жария ету, зерттеу жұмысы ХХ ғасырда кең жолға қойылды. Бұл ғасырдың 40-50 жылдарына дейін ертегілер, көбінесе оқу-ағарату мәселесі тұрғысынан жарияланып, оқулықтарда, жекелеген мақала мен кітаптарда арнайы қарастырылды. Осы тұста А. Байтұрсыновтың, Х. Досмұхамедовтің, М. О. Әуезовтің, С. Сейфуллиннің оқулық іспетті жарық көрген кітаптары, С. Мұқановтың, Б. Кенжебаевтың, Е. С. Ысмайыловтардың мақалалары қазақ фольклортануы ертегі жанрына да арнайы көңіл бөлгенін айғақтады. Бірақ аталған авторлар ертегіні түсінуде, талдауда әркелкі түсінік көрсетті. Әсіресе, ертегіні таза таптық тұрғыдан бағалау етек алып, оның көптеген нұсқалары талдаудан тыс қалды, тіпті мәтіндерге редакциялық түзетулер де енгізілді. Осы үрдіс ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін жалғасып, жарық көрген мәтіндерге таптық сипат берілді, ал зерттеу еңбектер тұрпайы социологиялық бағытта болды. 1960 жылдан бастап ертегі жанрын зерттеу ғылыми негізге түсті. Бұл салада Әуезов пен Ысмайыловтың, В. Сидельниковтың, М. Ғабдуллиннің еңбектері айрықша болды. Олар ертегілердің қазақша үш, орысша үш томын жариялап, бұл жанр туралы жаңаша ой толғап, көлемді мақалалар жазды және мәтіндерге түсініктер берді. Ертегілер 1960 жылы басылып шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихына» жеке бөлім болып енді (авторы - Әуезов) . Ертегі жанрына Ғабдуллиннің жоғары оқу орнына арналған оқулығында, Н. С. Смирнованың кітабында, орыс тілінде жарық көрген «История казахской литературы» атты 3 томдық еңбектің бірінші томында арнайы тараулар берілді (авторы - Е. Костюхин) . Ертегіні сала-салаға бөліп, тереңдете, типологиялық тұрғыдан зерттеу ісі 1970 жылдан қолға алынды. С. А. Қасқабасовтың қиял-ғажайып ертегілерге, Е. Д. Тұрсыновтың тұрмыс-салт ертегілерінің шығу тегіне арналған монографиялары 1972-1973 жылдан баспадан шықты. 1979 жылы хайуанаттар туралы ертегілердің тұңғыш академиялық басылымы жарық көрді. Ертегі жанры бүкіл халық прозасы жүйесінде «Қазақтың халық прозасы» атты еңбекте зерттеліп, оған 1986 жылы Қазақстан ғылым академиясының Ш. Ш. Уәлиханов атындағы сыйлық берілді (авторы - Қасқабасов) . Қазақ ертегітануы ұлттық фольклор туралы ғылымының үлкен де маңызды бір саласына айналды.

Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді.

А. Бисенбаева "қазіргі кезде адамгершілік қасиеттер азайған, тұрақсыздық жағдай қалыптасқан қоғамда өсіп келе жатқан жас өспірімнің бойына жоғары азаматтық, адамгершілік қасиетгерді қалыптастыруда ғаламдастыру, интеграция және гуманизация сияқты алдын ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет" деп көрсетеді.

Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген М. Горький "Ертегі деген нәрсе маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол үшін қорықпай, еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды" деді.

Бірақ, М. Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш адаммен ғана байланысты, адамның өзінде, қолында екенін сезе алады. Адам құдыретті күштің иесі. Қазақ ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құралы жағынан әрі алуан. Олар бірнеше топқа яғни жанрға бөлінеді. Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған. Біразы тарихи-генетикалық яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады. Сол себепті халық ертегілері де таза ұлттықта, халықаралықта көшпелі сюжеттері бар.

Халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бері ата-бабадан ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өшпес өнеге, өмірлік мұра болып келе жатқан, баланы бағып-қағу, өсіру, азамат етіп шығару мәселесі тұрғысынан жинақталған тәрбие жөніндегі іс-тәжірибесі, терең мағынасына үңілсек, ол адамды зерттеу, жан-жақты білу, адамдық болмысын анықтау.

Халық педагогакасы халықтың ауыз әдебиетінде ақын-жыраулардың шығармаларыңда, халықтың тәрбие дәстүрлерінде, отбасындағы тәрбие, халық ойындары мен шығармаларында тәрбиелік мәнде көрініс тапқан. Осының бәрі баланың дұрыс өсуіне, тәрбиелі адам болуына бағытталған. Халық педагогикасының негізгі мақсаты - ең алдымен нағыз адамды тәрбиелеу болып табылады. Яғни, баланы Отанын, елін, жерін сүйетін, бауырмашыл, жолдастыққа адал, ата-анасын құрметтейтін сыпайы азамат етіп тәрбелеу. [4, 5б. ]

Бүгінгі тәрбие проблемасындағы ең зәру тәрбие - қазақ азаматының мінезін
қалыптастыру, өркениет әлеміне қазақ құбылысы болып енуге тиісті адамзатты тәрбиелеу.

Тәрбиенің түпкі мақсаты - шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани өсу дегеніміз - кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, себебі «Ел салтанатымен танылады, ұрпағымен жалғасады». Міне, осы тұрғыда қазақ даналығы-тәрбие көзі деуге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанрын оқыту
МЫСАЛ ЖАНРЫН МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
МЫСАЛ ЖАНРЫН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының маңыздылығы мен оның зерттелу жолы
Қазақ әдебиеті сабақтарында ертегі жанрын оқыту әдістемесі
Ахмет Байтұрсыновтың мысал жанры
Қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуы
5-сыныпта әдеби теориялық ұғымдарды қалыптастырудың ғылыми негіздері мен оны оқытудың әдіс-тәсілдері
Қазақ халқының ауыз әдебиеті түрлері
Деңгейлік саралап оқыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz