Халық ауыз әдебиетінде кездесетін сатиралық - юморлық кейіпкер аттарының этномәдени мәні


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Филология факультеті
Қазақтілі мен әдебиеті кафедрасы
Халық ауыз әдебиетінде кездесетін сатиралық-
юморлық кейіпкер аттарының этномәдени мәні
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті»
Қостанай 2018
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1. КЕЙІПКЕР АТТАРЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. 1 Синонимдес немесе ұштас мәнді патроним . . . 8
1. 2 Қос сөз түріндегі және қайталау сипатты СЮП-тер . . . 9
1. 3 Фразаланған немесе сөйлем сипатты СЮП-тер . . . 11
1. 4 Юкспозитивті немесе сөз тіркесі түріндегі СЮП-тер . . . 12
2. КЕЙІПКЕР АТТАРЫНЫҢ ЭТНОТАНЫМДЫҚ АРНАСЫ
2. 1 Кейіпкер аттарындағы салт-дәстүрдің ұлттық-мәдени бейнесі . . . 18
2. 2 Табу және эвфемистік сипаттағы аттар . . . 27
2. 3 Сан - өлшемдік ұғымдарды білдіретін танымдық деректер . . . 32
2. 4 Поэтонимдердегі түр-түстің символдық таңбасы . . . 38
2. 5 Пейоратив аттардың семантикалық ерекшеліктері . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ӘДЕБИЕТТЕР . . . 55
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақ сатира - юморлық жанрындағы кейіпкер аттарын ономосиологиялық кеңістікте этнолингвистикалық сипаты мен қолданылу ерекшеліктерінің кешенді зерттеу болып табылады. Кейіпкерлер көркем әдебиетте өмір сүретіндіктен, көркемдік түрдің ажырамас бір бөлігіне айналып кеткен деуге болады. Содан болар, кейіпкер болмысы мен табиғатын тану көбінесе әдебиетшілердің үлесіне тиіп келді. қазақ ономастикасында кісі аттарына байланысты жұмысталық жұмыстар болғанымен, сатира мен юмордағы кейіпкер аттары туралы қорғалған еңбек жоқ
Қазақ лингвистикасының көшбасшы ғалымдары С. Аманжолов, Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаевтар кісі есімдеріне байланысты жазылған этюдтері бар. Сатира мен юмор жанрында қолданылатын кісі аттары туралы Халықаралық ономастика конгресінде академик Ә. Т. Қайдар «Казахские собственные имена в сатирических произведениях» деген тақырыпта тезис жасаған (Лейпциг, 1984) . Қазақ ономастикасында сатиралық шығармалардағы кейіпкер аттары туралы сөз қозғалғанымен, тілдік табиғаты әлі күнге дейін ономасиологиялық тұрғыдан жүйелі зерттеу нысаны бола қойған жоқ. Реальды өмірдегі немесе адам есімдерін антропонимия зерттесе, көркем әдеби туындылардағы жалқы есімдердің мәтіндегі қолданысын, поэтикалық қуатын, қаламгердің эстетикалық ұстанымын, мәнерін (стиль) поэтикалық ономастика немесе ономопоэтика зерттейді.
Сатиралық-юморлық кейіпкер аттарын мағыналық жағынан талдау, номинативтік қызметінен басқа эмоциялық-экспрессивтік қызметін көрсету, бүкіл ұлтқа тән қадір-қасиет, мінез-болмыс, ойлау жүйесі, өнері, тарихы, саясаты, қазақи қалжыңы көрініс тапқан сатиралық-юморлық аттарды ономасиологиялық өрісте этнолингвистикалық аспектіде зерттеу - жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Қазақ дәстүрлі ономастикасында қазақ тілінің жалқы есімдері негізінен семантикалық және құрылымдық-жасалымдық әдіс тұрғысынан жүйелі түрде зерттелуде, әсіресе ономастикадағы семантикалық және құрылымдық қатынастардың типологиясына назар аударыла бастады. Кейіпкер табиғатын зерттеу, олардың семантикасы мен этимологиясын ашу, сөзжасамдық құрылымын талдау арқылы ұлттық-мәдени ерекшелігі туралы дерек береді.
Әдебиет пен тіл теориясын ұштастыра, мәдениеттану, тарих, география, этнография тәріздес ғылым салаларымен және өнер, музыкаға қатысты дүниелерді сабақтастыра, байланыстыра қарастыру, онимдік атауларға жаңаша терминдік көзқараспен қарау.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - сатиралық - юморлық кейіпкер аттарына жан - жақты тілдік талдау жасау, есімі жалпыға айналып кеткен аттар сырын, тіл құпиясының адам есімдерінде мол деректің көзі екенін этнолингвистикалық тұрғыдан, яғни юморлық кейіпкер аттарын ұлттық болмыспен сабақтастыра қарастыру. Сатира мен юморлық жанрда жазылған көркем туындылардан сұрыпталып алынған кейіпкер аттарына жан - жақты (лексика-семантикалық, сөзжасамдық үлгілері, аттар мен фамилиялардың құрылымдық модельдері) тілдік талдау жасау мақсаты қойылды.
Анықтай кететін жайт, сатиралық- юморлық туындылардағы барлық аттар мен фамилияларды емес, ‘есімі ерекше’, ‘сөйлеп тұрған’, ‘айқайлап тұрған’ эмоциялы-экспрессивтік поэтонимдерді талдауды мақсат етеміз.
- кейіпкер атының жасалу негізі мен мотивін анықтау;
- мағынасы күңгірт аттардың шығу төркінін талдау;
- стильдік қызмет ерекшеліктерін көрсету;
- этнотанымдық ұғыммен байланысты аттардың символдық мағынасын ашу.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Ауыз әдебиеті үлгілерінде, ертегілерде, аңыз - әңгімелерде, мақал-мәтелдерде, жұмбақ-жаңылтпаштар қүрамында кездесетін қүлкілі аттар, бата, қанатты сөздердің, тұрақты тіркестердің құрамында ұшырасатын мифтік бейнелер, ел аузындағы есімдер, ойдан шығарылған аттар, тарихи тұлғалар, көркем туындылардағы сатиралық-юморлық кейіпкер аттары.
Зерттеу ә дістері . Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетіне сай сипаттамалы, тарихи-салыстырмалы, статистикалық-есептеу, жаппай іріктеп алу, лингвистикалық топтастыру, уәждемелік талдау, тәсілдер қолданылды. Сатиралық - юморлық кейіпкер аттарын этномәдени атаулардың нақты деректерін жүйелілік қатынаста қарастырып, генезис, типология, эстетика тұрғысынан туыстас тектестікте сабақтастыру үшін индуктивтік әдіс, ал, нақты онимдерді талдау барысында сипаттамалы - салыстырмалы, трансонимдену, салғастырмалы, этнолингвистикалық, стилистикалық әдістер қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылымилығы .
Сатиралық - юморлық аттардың этномәдени ерекшеліктерін, эстетикалық қызметін зерттеу жалқы есімдердің этнолингвистикалық және қолданымдық табиғатын терең де толығырақ түсінуге, ономастика мен этнолингвистиканың, сатира мен юмор теориясын бірқатар мәселелер ұғынуға ықпал етеді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. КЕЙІПКЕР АТТАРЫНЫҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. 1 Синонимдес немесе ұштас мәнді патроним
Тіліміздегі синоним сөздер - стильдік мүмкіншілігі мол, айтылуы әр түрлі, мағыналары жуық, бірінің орнына бірі жүре алатын лексикалық топтар, тіл байлығы, тіл қазынасы, ұлттық ерекшелікті білдіретін сөздер. Синоним сөздерді біз кейіпкер аттарынан емес, фамилияларынан іздедік. Синонимдік қатар дегенде біздер зерттеуіміздегі бүкіл кейіпкер аттарын сұрыптап, бір қатарға «тұрғызуды» мақсат етпедік. Мысалы, мынандай синонимдік қатар түзетін: айтыс , дау , дау-дамай , дау-шар , талас , тартыс , тәжіке , ұрыс керіс , жанжал , егес , қақтығыс , содыр, шатақ тәріздес сөздерді алсақ, дәл осындай сөздерден жасалған Таласбек, Жанжалбек, Төбелесбек, Егесбай, Шатақгүл, Даугүл, Даңғой, Даусоғар, Даулан, Даубаев т. б. кейіпкер аттары зерттеуімізден көптеп табылар еді. Әрине бұл да бір қызықты жайттардың бетін ашар еді.
Бірақ мақсатымыз кейіпкердің аты-жөні, яғни фамилия және тегі болып келетін патронимдер мен матронимдер нысанға алдық. Екі не үш мүшелі болып келетін ЖқЕ-дің құрамындағы сөздерді талдап, ұштас мәнді деп алдық. Сөз нәзіктігін түсіну, түсіндіру де өте қиын іс. Cинонимдерді бұлайша топтастыру үшін “синоним болатын сөздердің не мағынасында, не стильдік мәнінде немесе сөз қолдану жүйесінде әйтеуір бір өзгешелігі болуы - міндетті шарт” деген ұстанымды басшылыққа алдық [1, 14] .
Кейбір патронимдер таза синонимдік қатар түзбейтіндіктен, оларды мағыналық, стильдік және сөз қолданыстағы реңкіне қарап, ұштас мәнді патронимдер деп атадық. Мұндай кейіпкерлер жасалу жолдарының сан түрлілігімен ерекшеленеді, мысалы Бедел Даңқыбаев деген патроним құрамындағы бедел мен даңқ сөзін таза синоним деуге келмейді. Сондықтан мағыналары жағынан бір-біріне жуық, үйлес келуіне қарай топтастыруға тура келді: Алабас Шалабасов < ала бас ~ шала бас, Бөдене Бұлдырықов < бөдене ~ бұлдырық, Бұрқан Талқанович < бұрқан ~ талқан, Жаңғалақ Ұшқалақов < жаңғалақ ~ ұшқалақ, Желсөз Қаңқусөзұлы Өсекаяңов < жел-сөз ~ өсек-аяң, Жебірбай Ашқарақов < жебір ~ ашқарақ, Жылпос Қуаяқов < жылпос ~ қуаяқ, Ебелек Көбелеков < ебелек ~ көбелек, Мыңқетпес Тапжылмасов < мыңқ етпес ~ тапжылмас , Қалжыңгүл Қалжаққызы < қалжың ~ қалжақ, Қартайған Қожырағанов < қартайған ~ қожырайған, Қаршыға Бүркітов < қаршыға ~ бүркіт, Қойшы Қойбағаров < қойшы ~ қойбағар, Сыңғыт Қылғытұлы <сыңғыт ~ қылғыт, Таптырмас Дефицитұлы < таптырмас ~ дефицит, Ыржалақ Күлкішиев < ыржалақ ~ күлкішіл, Бақталас Күндесұлы < бақталас ~ күндес т. б.
Өзара синонимдік қатар түзетін патронимдер, мысалы, Жалақор Пәлеқоров деген патроним құрамындағы жалақор мен пәлеқор сөздері өзара синонимдік қатар түзеді [2, 66] . Мысалы, Егеуәлі Қайрақұлы < егеу ~ қайрақ, Малта Сықпаұлы < малта ~ сықпа, Көкірек Кеудебаев < көкірек ~ кеуде , Қойбағар Малбағаров < қой бағар ~ мал бағар, Қымқыр Жымқыров < қымқыр ~ жымқыр, Науқасбай Сырқатұлы < науқас ~ сырқат, Пәленбаев Пәштуан < пәлен ~ пәштуан,, Шалшықбай Балшықбаевич < шалшық ~ балшық т. б.
Кейіпкер патронимдері бір біріне қарама қарсы антоним болып келетін сөздерден жасалған. Контексте мысқылдау, шенеу мақсатында бір-біріне қарсы мәнді сөздерді қолдану - ирония жасаудың тамаша әдісі. Мұндай қолданыстағы фамилиялар антонимдес сипатта болып келеді: Алымшыл Алмасов < алымшыл ~ алмас, Жаңғақ Шиебайұлы <жаңғақ ‘қатты’ ~ шие ‘жұмсақ’, Дегіш Титықбаев <дегіш ‘тынбай сөйлеу’ ~ титықтау ‘шаршау’, Дырдай Жұрдаев < дырдай ‘үлкен, бар болу’ ~ жұрдай ‘жоқ болу’, Бөкен Арыстанович <бөкен ‘жуас’ ~ арыстан ‘сұсты’, Жұдырық Кеңірдеков < жұдырық ‘күшті’ ~ кеңірдек ‘әлсіз’, Көжек Тайлақов <көжек ‘қорқақ’ ~ тайлақ ‘асау, тентек’, Жасқали Кәріғалиев < жасқали ‘жас’ ~ кәріғали ‘кәрі’, Қоян Қорықпасов < қоян ‘қорқақтық’ ~ қорықпас ‘батылдық’, Қамысбай Жантақов < қамыс ‘ұзын’ ~ жантақ ‘аласа’, Пұлбай Тиынсызов < пұл ‘ақша’ ~ тиынсыз, ‘ақшасыз’, Шырпы Шымырбаев <шырпы ‘әлсіз’ ~ шымыр ‘мықты’, Шыбыш Текебаев <шыбыш ‘ешкінің ұрғашысы’ ~ теке ‘еркегі’, Мәндібай Мәнсізбай < мәнді ~ мәнсіз. Сондай-ақ Барбол < бар бол ~ Жоқбол < жоқ бол деген де аттардың кездесуі - халықтық философия секілді, мысалы күн мен түн, өмірдің ащысы мен тұщысы, ақ пен қара, яғни алма кезек дүниенің ұғымын береді.
Келтірілген мысалдар “ақ” пен “қара” сияқты градуалды антонимдік жұп түзбейді. Бірақ адамның қарама-қарсы мінез-құлықтары мен пиғылдары қарама-қарсы семантикалық құбылыс болғандықтан, контрастивті жұп қатарын түзейді.
1. 2 Қос сөз түріндегі және қайталау сипатты СЮП-тер
“Характердің қалыптасуына ирониялық ойлау жүйесімен бірге сатира мен юмордың бүкіл құралдары қызмет етеді”, -дейді ғалым А. Мусаев[3, 58] . Сөзді қайталаудан не қосарланудан сөздің мағыналары түрленіп, юморлық кейіпкер жасауда ерекше тәсіл болып табылады, стилистикалық қызметі өзгереді, ұлғайту, яки солғындату реңкі жамалады. Сөздің шұрайын жақсы білетін сатирик-юморист қаламгерлер тілімізде қалыптасқан қос сөздерді ажыратып, не біріктіріп кейіпкердің аты-жөнін жасаған.
Мұндай кейіпкерді көптеп келтіруге болады: Ардыңгүрдңова < ардың-гүрдің, Бөлек Салақович < бөлек-салақ, Бұрқан Талқанович < бұрқан - тарқан, Жігжаппаров < жік жаппар, Пәленше Түгеншиев < пәлен - түген , Шымшытырықов < шым - шытырық, Аузыбасы Сүйреңдегенова <аузы - басы, Қазы Қартабаев < қазы - қарта, Таныскүл Тамыровна < таныс - тамыр, Өсекаяңов < өсек - аяң, Тәптіш Түкпішев < тәптіш - түкпіш, Айқайұлы Ұйқай <айқай - ұйқай, Тиын Тебенұлы <тиын - тебен, Қиқым Сиқымов < қиқым - сиқым, Пәштуан Пәленбаев <пәлен -пәштуан, Былқылдақ Сылқылдақович < былқ - сылқ, Сақалбай Мұртов < сақал - мұрт, Ішекқарынұлы < ішек - қарын т. б, Кемпіршалов < кемпір-шал, Апай Топаевич < апай-топай, Опадалап < опа-далап.
Зымзия ісі де, сөзі де жылдам өсекшіл әйел кейіпкерге берілген ат. Зым-зия < зым-зия болу жоқ болып кету, іссіз жоғалу дегенді білдіреді, қос сөз ретінде ғана қолданылады, жеке-жеке зым және зия болып қолданылмайды.
Бұдан басқа қосарланып айтылатын сөздерден жасадған СЮП-тер бар: Қымқиғаш < қым-қиғаш, Бүкшік < бүк -шік, Зымзия < зым-зия, Ыңқыл Тыңқылович < ыңқыл-тыңқыл, Шалашарпы < шала-шарпы, ым-жым ~ Ым, Жым, Ымыра, Жымыра, ебіл-себіл ~ Ебіл, Себіл , әлду-бәлду ~ Әлду, Бәлду (С. Кенжеахметұлы), кедір-бұдыр ~ Кедір, Бұдыр , пәлен-пәштуан ~ Пәлен, Пәштуан, көди-сөди ~ Көди, Сөди (О. Әубәкіров), ақи-тақи ~ Ақи (Ғ. Қабышұлы), Тақи (Ү. Уайдин), кәкір-шүкір ~ Кәкір, Шүкір, ырду-дырду ~ Ырду, Дырду (Т. Әлімбекұлы), тамыр-таныс ~ Тамыр Танысович, мыж-тыж ~ Мыжбан, Тыжбан (М. Шерім), ләм-мим ~ Ләммим (Т. Әлімбекұлы), бұрқан-талқан ~ Бұрқан Талқанович, дік-дік ~ Дікдік (Ғ. Ахметчин) .
“Ықшамдалып жасалған қайталама қос сөздер ойды әсерлі, тыңдаушыға түсінікті де тартымды жеткізу үшін қолданылатын стильдік ерекшелік деуге болады” [4, 71] деген пікір осы сатиралық бейнелерге де қатысы бар.
Сөзбе - сөз қайталаудан туындаған аттар таутоним (гр. tautos - “дәл сондай”) деп аталады. Бұған Асаған Жасағанұлы, Бақа Бақыш, Бөден Бөденович, Жаңабай Жаңабаевич, Емле Емлеевич, Нүктебай Нүктебаев, Пышпыл Пышпылович, Тәукебай Тәукебаевич, Тойған Тойғаныч, Іштеңкей Іштенкеевич, яғни сөзді дәл сондай етіп қайталау арқылы жасалған кейіпкерлер мысал бола алады.
Кейбір кейіпкерлер сөзді қайталаудан туғанмен, екінші сыңарлары дыбыстық өзгеріске түскен. Мысалы: Әрдеңбай Мәрдеңбайұлы < әрдең мәрдең, Боташ Тоташевич < боташ тоташ, Тибай Шибаевич < тибай шибай, Есқали Месқалиевич < есқали месқали, Омпай Томпаев < омпай томпай, Елпек Телпекович < елпек телпек, Елпекбай Желпекбаев < елпек желпек, Шытырлақ Қытырлақұлы < шытырлақ қытырлақ, Шөрешөреұлы <шөре - шөре, Ыңқыл Тыңқылович < ыңқыл тыңқыл, Сыдырбай Қыдырбаев < сыдыр қыдыр, Тәйтік Мәйтік < тәйтік мәйтік, Әңкі-Тәнкі, Былқ-сылқ, Быж-Тыж, Қылтың-Сылтың, Абыр-Сабыр т. б. Кайталанушы компоненттердің түбірі бірдей емес, дыбыстық алмасуынан жаңғырық баламасы іспетті СЮП-тер кездеседі .
Омпай Томпаев - іс-әрекеті омпай-томпай, кеудемсоқ, өзінен басқаны кем тұтатын әйтеуір жазушы-сымақ. “Жазатындардың бәрін өзінен төмен сырғытып отырады. Ә, анау кім бе? Сол да жазушылар одағына мүше болып алды, ә? Не болмаса: Әй, ол кім өзі? Мен танымайтынды несін жазушы дейсіңдер? дейді. Прозаның басын да, жамбасын да, төсін де өзі мұжып, бар пұшпағын өзі илеп жүрген боп шығады сөйтіп” [5, 73] . (Ғ. Қабышев)
Сатирик қаламгер образ жасауда жеке адамға тән мінез, нанымын, ой - пікірін, өмірге көзқарасын, күйініш - сүйінішін беруде омпай-томпай деген қос сөзді кейіпкер атына берген. Ғалым Г. Әзімжанованың “Қайталама оқырман мен тыңдаушыға эмоционалды әсер етіп, оның назары сол қайталанған элементтерге ауады, әр түрлі деңгейде олардың мағыналары түсіндіріледі, айтылар ой өрбиді, қайталанған сөздің экспрессиясы күшейеді, текстің мәнерлілігі айқындалады, ерекше ритм туғызылады. Сөз зергерлері бұл әдісті психологиялық суретті тереңдету үшін де қолданады”[6, 10] деген пікірді осы Омпай Томпаев тәрізді жасалған кейіпкер аттары дәлелдейді. Сырттай қарағанда қарапайым ғана сипатқа ие болатын дыбыстардың қайталануы шын мәнінде күрделі құбылыс болып саналады. Өйткені ол тілдегі белгілі бір ішкі және сыртқы факторлар негізінде қалыптасқан.
Бұл жөнінде Е. М. Галкин-Федорук: “первые служат для выражения чувств, а экспрессивные средства усиливают выражительность, изобразительность речи… Экспрессивность горазда шире эмоциональности в языке”, - дейді [ 7, 107] .
1. 3 Фразаланған немесе сөйлем сипатты СЮП-тер
“Сөз тіркестері де, сөйлемдер де жалқы есім бола алады, бөлінбейтін тұтас құрылым ретінде саналып, субстантивтеніп, зат есім қызметін атқарады, сөйлемде бастауыш қызметін атқарады” [8, 113] дейді ономатолог-ғалым Г. Б. Мәдиева.
Әрбір кейіпкер атын жан- жақты тану барысында оның синтаксистік қызметі, оның ішінде сөз тіркесті, сөйлем сипатты болып келетін аттарды қолданыс шеңберінде қарауға тырыстық. Көне герман тіліндегі екі мүшелі аттарды зерттеген ономаст Т. В. Топорова өз зерттеуінде мұндай жолмен жасалған аттарды микротекст деп қарастырады “Поскольку элементарный поэтический образ создается двумя компонентами, каждое двучленное имя собственное следует интерпретировать как ономастичический микротекст, минимальное поэтическое сочетание, в организме которого принмает участие оба его элемента” [9, 137] .
“Кез келген жалқы есімнің шағын мәтін іспетті болып, әдетте етістік арқылы жасалуы фразаланған ат деп аталады” . Мәтін тіл бірліктерінен жасалып, тілдің прагматикалық, әсерін туғызатын ұғымдарды көрсететін стилистикалық бояу сөздің семантикасына кіреді. Өйткені, ирония, каламбур, дыбыстық еліктеу т. б. стилистикалық әдістер көмегімен экспрессивтік әсер туғызуға болады. Басқаша айтқанда, сөз мағынасы (бояуы) дегеніміз - мағынаға қосылған үстеме информация. Құрылымы жағынан бастауыш - баяндауышы бар белгілі ойды білдіретін кейіпкер аттарын сөйлем сипатты аттар деп алдық.
Мысал келтіретін болсақ: Қыздығой (қызды қой), қыз - зат есім, -ды - табыс септік жалғауы, қой - етістік. Сөз тіркесін сөйлемге айналдырсақ, „Қыз туғанды қой, енді ұл керек” деген ойды білдіріп тұр
Фразаланған (гр. phrasіs “сөйлемше”) аттар: Аткелтір ’ат келтір’, Қозыбағар ’қозы бағар’, Қойбағар ’қой бағар’, Ешкібағар ’ешкі бағар’, Сиырбағар ’сиыр бағар’, Түйебағар ’түйе бағар’, Итбақбас ’ит бақбас’, Итемген ’ит емген’, Маламан ’мал аман’, Малкелді, ’мал келді’, Малбағар ’мал бағар’, Тайшабар ’тай шабар’, Түлен Түрткен, Түлкібақ т. б.
Осындай патронимдердің қайсысын алсақ та, белгілі бір ойды, авторлық идеяны білдіреді. Кейіпкердің жаны, ішкі дүниесі қандай болса, аталуы да соған сәйкес мазмұнда берілген және ол кейіпкердің аталуы белгілі бір фразаны береді. Аузыбасы Сүйреңдегенова ~ аузы - басы сүйреңдеген, Аспанды Тірептұрғаныбыш ~ аспанды тіреп тұрған, Бірдібірге Шағыстырғанова ~ бірді-бірге шағыстырған, Боссөзге Құлқыжоқова ~ бос сөзге құлқы жоқ, Білдіртпей Уколсалғышова ~ білдіртпей укол салғыш, Ауыз Жаппасов ~ ауыз жаппас , Дәмесін Қарайгөрұлы ~ дәмесін қарай көр, Ештеңе Ешкімбілмесов ~ ештеңе ешкім білмес, Ештеңе Айтпайтынов ~ ештеңе айтпайтын, Еркекбасымен Өсекайтқанов ~ еркек басымен өсек айтқан, Қиялбек Орындалмасов ~ қиял орындалмас, Үндемес Үйбұзарұлы ~ үндемес үй бұзар, Ұлкерек ~ ұл керек, Шалашарпы Салғанбайұлы Бітпейқалғанов ~шала-шарпы салған, бітпей қалған, Қазақ Туғызаров ~ қазақ туғызар.
Шақпа тілді Т. Әлімбекұлының кейіпкерлерінің біразы осындай жолдармен жасалған. Айтысқа ақындар түрлі мақсатпен қатысады. Соның бірі - желмая ақын
Жертебер Көрпеберов. Кейіпкердің аты -жөні ‘жер тебер’ және ‘көрпе бер’ деген сөз тіркестерінен тұрады. “Ол жер тепкілеп айтысқанда астыңыздан алты балдық екпін соғады. Айтысқа кеткен сайын ағайыным бар, ауылдастарым бар мені базардан қайтқандай күтеді. Берсе, керек тастың ауырлығы жоқ қой, не болса да ала берер ем”, - тебініп, желігіп, жүлдені бер [10, 113] деп айтысқа халқы үшін емес, қалтасы үшін келгенін дәлелдейді. .
Сөз тіркесі типтес түріндегі аттардың мағыналары, эмоциялық-экспрессивті әсері, нақыш бояуы қоюлана түскен.
1. 4 Юкспозитивті немесе сөз тіркесі түріндегі СЮП-тер
Кейіпкердің аты-жөні жоғарыда талданғандай, жасалу жолдары, арнасы көп. Сөз тіркесі түрінде кездесетін кейіпкерлердің жасалу жолдары да түрліше. Соның бірі - сөз тіркесі түріндегі патронимдер мен матронимдер.
“Екі не одан да көп сөздердің бірігіуінен жасалған күрделі жалқы есімдер юкспозитивті деп аталады” [11, 155] . Мұндай жолмен жасалған аттар өте көп: Ақпақұлақұлы ~ ақпа құлақ, АрманТаудай ~ таудай арман, Бөксегүл Жалаңашова ~ бөксесі жалаңаш, Жұмсақжанов ~ жұмсақ жан, Иегі Қызылова ~ иегі қызыл, Келіншек Көңілшекова ~ көңілшек келіншек, Кемпіргүл Шүйкедеева ~ шүйкедей кемпір, Көңілімжаева ~ көңілім жай , Қарынбөлеев ~ қарын бөле, Қисық Танауов ~ қисық танау, Ирек Шапанқызы ~ ирек шапан, Менменханов ~ менмен хан, Мінтапқыш ~ мін тапқыш, Судыр Ахметович ~ Судыр Ахмет, Тазтелпеков ~ таз телпек, Тақыршекеева ~ тақыр шеке, Түкті Орамалова ~ түкті орамал, Тырдай Жалаңашова ~ тырдай жалаңаш, Көпкөрген Көсемболғанов ~ көпті көрген көсем, Табаны Қышыған ~ табаны қышыған, Қалпағыбар Адамов ~ қалпағы бар адам, Қашқынбай Таптырмасов ~ қашқын таптырмас, Қисық Танауов ~ қисық танау, Сүйегі Қурағанов ~ сүйегі қураған, Түлен Түрткенов ~ түлен түрткен, Танабике Тапбергенова ~ тана тап берген, Жарық Көреров ~ жарық көрер, Жынұрғанов ~ жын ұрған, Шоқшашаров ~ шоқ шашар, Шекпенкигенов ~ шекпен киген, Жолтапқани ~ жол тапқан, Таттымбалов ~ бал таттым , Үйленем Депжүргенов ~ үйленем деп жүрген, Қазақ Туғызаров~ қазақ туғызар, Кермеқас ~керме қас, Кыздай Сызылған, Түпсіз Тереңбаев ~түпсіз терең, Көңіл Жықпасов ~ көңіл жықпас, Малтатасов ~ малта тас, Зыпберген ~зып берген, Сары Уайым ~ сары уайым, Тілқатпасов ~тіл қатпас т. б.
Сатирада мұндай аттар ирониялы болып келеді. Сатира сардары О. Әубәкіровтің кейіпкерлерін кәсібіне, қызметіне сай аттар беру - стильдік ерекшелігі.
Тырдай Жалаңашев - аудандық «Қаратер» атты моншаның меңгерушісі. Елудің бәлендей жылын Тырекең тырп етпей отырып су мен тұздың арасында өткізді. Сол Тырекең бәленбай жыл аудан жұртшылығын ерлерін бір бөлек, ұрғашы . . . тоис, әйелдерін бір бөлек адастырмай, араластырмай шомылдырып келді .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz