Ортақ валютаның кемшіліктері
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Ортақ валюталық аймақтар және Еуропа монетарлық одағы...
2. Еуро валютасы туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Ортақ еуропалық нарық және еуро ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3.1 Ортақ Еуропа нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Ортақ валютаның артықшылықтары мен кемшіліктері ... ... ..
4.1 Ортақ валютаның артықшылықтары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
4.2 Ортақ валютаның кемшіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Оптимал валюта аймақтары теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5.1 Ортақ валюта шығындарын азайтатын сипаттамалар ... ... ... .
5.2 Бірыңғай валюта артықшылықтарын арттыратын қасиеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6. Фискалдық саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6.1 Фискалдық федерализм ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
6.2 Фискалдық пакт ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Кіріспе
1.1 Ортақ валюталық аймақтар және Еуропа монетарлық одағы
1990 жж. Еуропаның бірқатар мемлекеті өз ұлттық валютасынан бас тартып, Еуропа экономикалық және монетарлық одағына бірі-гіп, еуро атты ортақ валютаны қолдануға шешім қабылдады.
Ортақ валюталық аймақ дегеніміз - бірыңғай валютаны айыр-бастау құралы ретінде жүретін географиялық аймақ. Валюта одағы монетарлық одақпен тығыз байланысты ұғым: монетарлық одақ, нақты айтсақ, түрлі валюталар арасында тұрақты және қайтарым-сыз айырбас бағамдарын қабылдаған мемлекеттер тобы. Алайда, ортақ валюталық аймақ, валюталық одақ және монетарлық одақ терминдері - бір-бірін өзара алмастырушылар, бұл тақырыпта осы тәжірибе ұстанылатын болады.
2. Еуро валютасы туралы
Еуропа экономикалық және монетарлық одағы - еуроны ортақ валюта ретінде қабылдаған Еуропалық валюталық бірлестік.
Қазіргі таңда Еуропа экономикалық және монетарлық одағына 19 мемлекет мүше болып табылады. Еуроаймаққа Австрия, Бельгия, Кипр, Эстония, Финляндия, Франция, Германия, Грекия, Ирландия, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланды, Порту-галия, Словакия, Словения және Испания мемлекеттері кіреді. Бірыңғай Еуропа валютасына көшу тарихы өте терең. Оны қалып-тастырудың негізгі бағдары 1992 ж. ұсынылған валюталық одаққа қосылудың әр түрлі критерийлерін белгілеген Маастрихт шартынан (ресми түрде Еуропалық одақ шарты деген атпен белгілі) басталды.
Жаңа валюта аймағына енуді көздеген мүше-мемлекеттер қатаң критерийлерден өтуі қажет болған, оған: мемлекеттік бюджет ЖІӨ-нен 3%-тен кем, мемлекеттік қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы 60%-тен аз, төмен инфляция және ЕО-тың орташа деңгейіне жақын пайыз-дық мөлшерлемер кірді. Бұнымен қоса, Маастрихт шарты жаңа ва-люта аймағына кіру кестесін және ЕОБ-ін құру ережелерін бекітті. ЕОБ ортақ валюта аймағы оған мүше мемлекеттердің ұлттық орта-лық банктерімен, баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге және Еуро-па монетарлық саясатын жүзеге асыруға жауапты Орталық банктер-дің Еуропалық жүйесімен қатар құрылды.
Бірыңғай Еуропа валютасы - еуро ресми түрде 1999 ж. 1 қаңтарда ЕО-қа мүше 12 мемлекеттің қабылдауымен пайда болды. Сол күні еуроаймақ мемлекеттерінің ескі ұлттық валюталары арасындағы
айырбас бағамы қайтарымсыз жабылды және бірнеше күннен кейін қаржы нарығы еуромен анықталған акцияларды және еуроны АҚШ доллары сияқты басқа валюталарға қарсы сатуды бастады.
1999 ж. басынан 2002 ж. басына дейін - өтпелі кезең болды, себе-бі еуроаймақ мемлекеттерінде олардың ұлттық валюталары айна-лыста болды және дүкендердегі баға еуро мен жергілікті валютамен көрсетілді. 2002 ж. 1 қаңтардан бастап алғашқы еуро банкноталары мен монеталары айналысқа шықты және бірнеше айдан соң еуроай-мағында айырбастаудың бірыңғай құралы ретінде - еуроға ауысты.
3. Ортақ еуропалық нарық және еуро
Еуропадағы ішкі қақтығыстардан басталған XX ғ.-дың бірінші жартысындағы екі дүниежүзілік сұрапыл соғыстардан көп елдер қирап қалды. Осыған байланысты Еуропаның бірқатар ірі және дамыған мемлекеттері алдағы кезде ешқашан өзара соғысты бол-дырмауды көздеп, өзара терең экономикалық интеграция жасағы-сы келді. Бұл елдер арасында әлеуметтік және саяси үйлесімге алып келеді деп үміттенді. Бұл Еуропа экономикалық қоғамдастықтың (ЕЭҚ) құрылуына алып келді - қазіргі таңда Еуроодақ немесе ЕО атымен белгілі. Еуроодақтың ресми сайтында ЕО-на осындай анық-тама берілген: "бейбітшілік пен гүлдену мақсатында бірге жұмыс істеуге ұсынылған демократиялық Еуропа елдерінің отбасы".
Басында ЕО 6 мемлекеттен құралды: Бельгия, Германия, Фран-ция, Италия, Люксембург және Нидерланды. 1973 ж. Дания, Ирлан-дия, Ұлыбритания қосылды. 1981 ж. Грекия, 1986 ж. Испания, Пор-
тугалия және Австрия, 1995 ж. Финляндия мен Швеция қосылды. 2004 ж. 10 жаңа мемлекеттің қосылуымен ең ірі кеңейту орын алды. 2013 ж. шілдеде Хорватия мүше ретінде кірді. Қазіргі кезде тағы 5 мемлекет "кандидат мемлекет" мүшелікке талпынуда. Олар: Алба-ния, Македония, Черногория, Сербия және Түркия. Босния және Герцеговина мен Косово "потенциал үміткерлер" ретінде танылды.
3.1 Ортақ Еуропа нарығы
Ортақ Еуропа нарығын қалыптастыру - маңызды саяси және экономикалық даму. Ортақ Еуропа нарығында еңбек, капитал, тауар мен қызмет еркін түрде жүре алады. Мүше-мемлекеттер ара-сындағы сауда кедергілері жойылғаннан кейін, компаниялар бүкіл Еуропа аймағында нарықтарын кеңейтіп, ауқым тиімділігін пайда-лануды бастайды деп болжалған. Сонымен қатар, олар тиімсіз фир-маларды бизнестен ығыстырып шығаруға мәжбүрлейтін, не бизнес тиімділігін арттыратын шекарааралық бәсекелестікке тап болады. Осы нарықты құру мақсаты - бизнеске ауқымды үнемдеу және мықты тұтыну базасын қалыптастыратын, жаһандық нарыққа шы-ғуды қамтамасыз ететін әділетті бәсекелестік ортасын құру.
Ортақ Еуропа нарығының құрылуы мүше-мемлекеттер үкіметте-ріне келесі 4 мақсатқа жету үшін қандай өзгерістерді енгізуді көр-сететін ЕО Директиваларымен жүзеге асты:
ЕО-қа мүше-мемлекеттер арасындағы тауар, қызмет, капитал және еңбектің еркін айналымы.
Мүше-мемлекеттер арасындағы тиісті заңдар, жалпы және әкімшілік ережелерді жақындастыру.
Еуропа Комиссиясы басқаратын ЕО-тың жалпыға ортақ бәсекелестік саясаты.
ЕО-қа мүше емес мемлекеттерге қарсы бағытталған жалпы
сыртқы тариф жүйесі.
Ортақ Еуропа нарығы осы күнге әлі толық түрде қалыптаспаған. Атап айтқанда, ЕО-қа мүше-мемлекеттердің ұлттық фискалдық сая-саттары арасында айырмашылықтар үлкен, академиялық және кәсі-би біліктіліктерді ауыстыру қиын және ЕО арасында еңбек күшінің мобильдігі төмен. Айтылған жағдайлардың себептерін жою қиын: тілдік бөгеттер мен сәйкес экономикалық даму деңгейлері фактор-лардың қозғалысына кедергі келтіреді, сонымен қатар мүше-мемле-кеттер ЕО пайдасына қарағанда өзінің ұлттық мүдделерін жоғары қойып, экономикалық бәсекелестікті жалғастырып келуде.
Алайда, 1985-1992 жж. аралығында Ортақ Еуропа нарығын да-мытудың маңызды қадамдары жетістіктерге жеткізді: Еуропа Ко-миссиясының мәліметтері бойынша Бірыңғай Еуропа нарығы 2,5 млн жаңа жұмыс орындарының ашылуына жәрдемдесті және 1993 ж.-дан кейін 10 жыл ішінде 800 млрд еуро қосымша байлық қалып-тастырды.
Ортақ Еуропа нарығы жобасы негізінде бірыңғай Еурпа валюта-сын құру - "нарықты аяқтаудың" (нарықтың құруын аяқтаудың) ең соңғы қадамы. Ол туралы екі нәрсе айтылды:
а) әр түрлі валюталардан (және тариф ретінде әрекет ететін валю-талар) туындайтын ЕО-тың ішкі саудасындағы транзакциялық шығындардан құтылу;
б) айырбас бағамының өзгеруінен туындайтын мүше-мемлекеттер арасындағы ұлттық бәсеке қабілеттілігіндегі белгісіздікті және ауытқуларды жою.
ЭМО-қа дейін ЕО-тың көптеген мемлекеттері Айырбас бағамы механизмінің (АБМ) құрамында болды. Ол - мүше-мемлекеттер валюталары арасындағы айырбас бағамдарының өзгерісін реттейтін жүйе. Дегенмен, АБМ айырбас бағамдарының өзгерісін азайтуда табысқа жете алмады, себебі ЕО ішкі саудадағы валюта өзгерістері-не байланысты банк операцияларынан туындайтын транзакциялық шығындарға еш әсерін тигізе алмады.
4. Ортақ валютаның артықшылықтары
мен кемшіліктері
4.1 Ортақ валютаның артықшылықтары:
1) Транзакциялық шығындардың азаюы: Ортақ валютаның айқын пайдасы - мүше-мемлекеттер арасындағы сауданы жеңіл-детуі, әсіресе сауда айналымынан болатын транзакциялық шығын-дардың қысқаруы. Мысалға, Германия компаниясы Франция шара-бын импорттағанда, компания шарап жасаушыға төлеу үшін неміс маркасын француз франкісіне ауыстыру үшін банкке жүгінбей еу-роны қолданады.
2) Баға дискриминациясының азаюы: Кейбір экономисттердің пікірі бойынша, бірыңғай валютаны қабылдағанда ортақ валюта ай-мағына мүше мемлекеттерге келетін жанама пайда ол - бағалық дискриминацияның азаюы. Өнімнің бағасы бірыңғай валютада бағаланса, елдер арасындағы баға айырмашылықтарын жасыру қиын болады. Бұл дәйек бойынша, ортақ валюта болу себебінен бағалардың ашықтығы ортақ валюта аймағында өнімдер арбитра-жына әкеледі: адамдар өнімдерді арзан тұратын орындардан (баға-ны қымбаттатуға әрекеттенеді) және қымбат жерде сұраныс азаяды (бағаны төмендетуге әрекеттенеді).
3) Айырбас бағамындағы тұрақсыздықты азайту: Ортақ валю-таны қабылдау артықшылығына айтылатын үшінші дәйек - бірың-ғай валюта әсерінен болатын валютаның айырбас бағамындағы тұ-рақсыздықты және белгісіздік тәуекелін азайту.
Айырбас бағамындағы тұрақаыздықтардан болатын белгісіздік қаупін азайту экономикаға инвестиция тартуда оң әсерлерге ие болуы мүмкін. Бұл өнімнің басым бөлігін еуроаймақтың басқа ел-деріне экспорттайтын компанияларға шынымен тиімді болады, се-бебі олар енді экспорттан түсетін пайда жайлы алаң болмайды жә-не болашақ жобаларын аз тәуекелмен жоспарлап, жаңа зауыттар са-луға инвестиция жұмсау тәуекелі азаяды. Инвестиция мөлшерінің артуы бүкіл экономикаға пайда тигізеді, себебі ол экономиканың қарқынды дамуына себепші болып табылады.
4.2 Ортақ валютаның кемшіліктері:
Ортақ валюта аймағына кіретін мемлекет үшін ең үлкен шығын - ұлттық валютадан бас тартуы, өзінің монетарлық саясатын жүргізу құқығынан және өз валютасының сыртқы құны бойынша макроэко-микалық реттеу мүмкіндігінен айырылуы. Монетарлық саясатты қалай жүргізу туралы тек ЕОБ шешім қабылдайды. Бұл потенциал мәселе болып табылады. Мысалға, ортақ валюта аймағында тұты-нушы таңдауы бір елде өндірілетін тауар мен қызметтен (Германия) екінші елде өндірілетін тауар мен қызметке ауысты (Франция) де-лік.
Бұл жағдай неміс AD-ның (жиынтық сұраныс) солға, ал француз AD-ның оңға жылжуымен бейнеленген (1.1-сызба). Осыған байла-нысты Германия мен Франция саясаткерлері қандай шара қолдануы керек?
Бұл сұраққа жауап: ешқандай шара қолданудың қажеті жоқ, себе-бі ұзақмерзімді уақытта әр ел табиғи өндіріс деңгейіне оралады. Бұл деңгей Германияда баға төмендеуі мен жалақының, субъектив қабылдаулардың реттелуі кезінде орын алады. Егер Германияда жұмыссыздық өссе, жалақы кемиді. Бұл сәйкесінше фирма шығы-нын азайтады, сол себепті кез келген баға деңгейі үшін ұсыныс жо-ғары деңгейде болады. Басқаша айтқан кезде, неміс SRAS-ы (қыс-қа мерзімді жиынтық ұсыныс) өндірістің табиғи деңгейінде AD қи-сығымен қиылысқанша оңға қарай қозғалады. Ал Францияда кері жағдай орын алады, SRAS солға жылжиды. Өндірістің тепе-теңдік нүктесіне келуі 1.1-сызбада көрсетілген.
1.1-cызба. Тұтынушы талғамының неміс өнімдерінен
француз өнімдеріне ауысуы
Неміс AD қисығының төмендеуі өндірісті Y1G нүктесінен Y2G нүктесіне, ал бағаны P1G нүктесінен P2G нүктесіне төмендетеді. Француз AD қисығының жоғарылауы өндірісті Y1F нүктесінен Y2F нүктесіне өсіреді. Уақыт өте келе жалақы мен баға деңгейі рет-теледі, сол себепті неміс пен француз өндірістері табиғи деңгей- ге оралады. Y1G және Y1F өндірісі Германияда P2G нүктесінде тө-мен бағалы, ал Францияда P2F нүктесінде жоғары бағалы.
Баға деңгейі
Ұзақ мерзімді жиынтық ұсыныс
Қысқа мерзімді жиынтық ұсыныс, AS1G
P1G AG AS2G
P2G BG
P3G СG Жиынтық сұраныс, AD1G
AD2G
Y2G Y1G Өндіріс көлемі
Германия
Баға деңгейі Ұзақ мерзімді жиынтық ұсыныс
P1F CF
P2F BF
P3F AF
AD2F
AD1F
Өндіріс көлемі Франция
Y1F Y2F
Германия мен Франция ұлттық валюталарын және икемді айыр-бас бағамын сақтап қалса, қысқа мерзімдегі AD-тың өзгерістерін айырбас бағамындағы өзгертулер арқылы жеңілдетуге болады: француз өніміне сұраныстың өсуі, неміс өніміне сұраныстың төмендеуі айырбас нарығында неміс маркасының құны француз франкісіне қарағанда құнсыздандырады. Неміс азаматтары үшін француз өнімі қымбаттайды да, сәйкесінше француз азаматтары үшін неміс өнімі арзандайды. Сол себепті, Францияның таза экс-порты азайып, AD-тың төмендеуіне әкеледі. 1.2-сызбада көрсетіл-гендей, өндіріс табиғи деңгейге келмейінше, Франция AD-сы солға қарай жылжиды және керісінше, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz