Буын


МАЗМҰНЫ
БУЫН. ОҒАН ТӘН БЕЛГІЛЕР 2
БУЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ 4
ҚОРЫТЫНДЫ7
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 8
Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын
буын
дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық
ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді.
Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша, т. б
Буын -ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар тобы.
Буынға тән белгілер:
- Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс, және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс
- Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны - ат (түбір), екінші буыны - ты - сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны - лар- көптік жалғау, төртінші буын - ға - септік жалғау.
- Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі.
- Буындар қос дауыссыздан басталмайды.
- Бас буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.
- Дауыссыз дыбыс буын бола алмайды.
- Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саны әрқашан бір бірімен сай келуі шарт емес.
Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді:
Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты.
Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын
бес, алты дыбысты
бола береді. Мысалы: спорт, пункт, спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік - жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2) такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема.
А. Байтұрсынов «Тіл тағылымы» еңбегінде бір сөздің ішінде бірнеше буын болатынын көрсете келіп мәселен, «ат» деген сөзде бір ақ буын бар; «а-та» дегенде екі буын бар; «а-та-лар» дегенде үш буын бар деп ажыратады.
Сонымен қатар, А. Байтұрсынов сөз буын санына қарай бір буынды , үш буынды , төрт буынды онан көбі көп буынды сөз деп аталады деп буын түрлерін осылайша көрсеткен.
Сөзді айтқанымызда өкпеден келген ауа толқыны үзілместен тұтас шықпайды, үзіліп - үзіліп шығады. Өкпеден келген ауа толқынының осылайша, үзіліп бөлініп шығуы сөздегі дыбыстардың жоғарыда көрсетілгенше, жіктелуімен сабақтас болады.
Өкпеден келген ауаның үзіліп - үзіліп шығатын толқынына сәйкес сөз бөлшегін буын дейміз. Дауысты дыбыссыз буын болмайды.
Буынның түрлері
Академик Н. Сауранбаев б уын құрайтын дауысты дыбыс және бір буынды дауысты дыбыс бірден артық болмайды деп көрсетеді. Сондықтан буынның түрлері дауысты дыбыстың қай орнында тұратынына қарай айрылады. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде мынадай буындар бар:
1. Ашық буын
2. Тұйық буын
3. Бітеу буын
Буында бір ақ дыбыс болып, өзі дауысты дыбыс болса, не екі дыбыс болып алдыңғысы дауыссыз дыбыс болса, ашық буын дейміз. Мысалы: о-тан, ақ-ын, са-на-лы т. б.
Дауысты дыбыстын басталып, дауыссызбен аяқталған буынды тұйық буын дейміз. Мысалы: ел, ай, аң, ық т. б.
Екі жағы дауыссыз дыбыс болып, ортасы дауысты дыбыстан құралған буынды бітеу буын дейміз.
Сөздің жуан жіңішкелігі
Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың е-ден басқалары жұп -жұбымен жуанды-жіңішкелі болып келеді. Алфавитімізде дауыстылардың жуанына бір әріп, жіңішкесіне бір әріп алынған, тек у, и дыбыстарының жуаны мен жіңішкесі бір-ақ әріппен таңбаланады.
Сөздің жуан я жіңішке болуы ішіндегі дауысты дыбыстардың
жуан жіңішкелігімен байланысты. Мысалы: тор - жуан, төр - жіңішке.
Қ. Жұбанов өзінің «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінде сөзді дыбыстарының қалпын бұзбай, бөлшектегенде пайда болатын дыбыс үйірлерін буын дейміз. Сөз бір буынды не көп буынды болады деп көрсетеді. Сонымен дыбыстардың санына қарай, қазақ сөзінің буындарын
а) бір дыбысты
ә) екі дыбысты
б) үш дыбысты
в) төрт дыбысты деп бөледі.
Дауысты, дауыссыз, сонор дегендер - дыбыстардың бір буынға сыйысып тұра алатын түрлері. Дыбыстың осы үш түрінің қайсысы бар, қайсысы жоғына, қайсысы қай орында тұрғанына қарай, буын да әр түрлі болады.
Қазақ тіліндегі буындар 6 түрлі:
- Жалаң буын немесе дауысты буын
- Ашық буын немесе дауыссыз/сонор+ дауысты
- Жеңіл тұйық буын немесе дауысты + дауыссыз/сонор
- Жеңіл бітеу буын немесе дауыссыз/сонор+ дауысты + дауыссыз/сонор
- Ауыр тұйық буын немесе дауысты + сонор +дауыссыз
- Ауыр бітеу буын немесе дауыссыз/сонор+ дауысты+ сонор +дауыссыз
- Дауысты дыбыстың бір - өзі де буын бола алады. Осындай бір дауысты дыбыстың бір өзінен болған буындыжалаң буындейміз. Жалаң буын сөздің басқы буынында ғана келеді. Мысалы: а - қын, ү - лес т. б.
- Екі дыбысты буынның алдыңғы дыбысы дауыссыз, не сонор болып, соңғысы дауысты болсаашық буындейміз.
Мысалы: ба- ла, жа- ға- ла т. б.
- Жеңіл тұйық буын немесе дауысты + дауыссыз/сонор
Екі дыбысты буынның бас дыбысы дауысты болып,
соңғысы дауыссыз бен сонордың бірі болса,
тұйық буын дейміз. Мысалы : ат, ер, ән т. б.
- Үш дыбысты буынның бас дыбысы дауыссыз не сонор, екінші дыбысы дауысты болып, үшінші дыбысы тағы дауыссыз не сонор болса, жеңіл бітеу буындейміз.
Мысалы: қар, жел т. б.
- Үш дыбысты буынның бас дыбысы дауысты, ортадағы сонор, аяғындағы дыбысы дауыссыз болса, ауыр тұйық буындейміз.
Мысалы: ант, ерт, айт т. б.
- Төрт дыбысты буынның алдыңғысы дауыссыз, не сонор, екіншісі дауысты, үшіншісі сонор, төртіншісі дауыссыз болса, ауыр бітеу буындейміз.
Мысалы: қарт, сүйт, жорт, қант т. б.
Академик І. Кеңесбаев фонациялық ауаның қарқынымен кілт үзіліп шыққан бір немесе бірнеше дыбыс тобын буын дейміз дей келе, буын ішіндегі дауыстылар мен дауыссыздардың өзара алмасып келуіне қарай қазақ тілінің байырғы сөздерінде мынандай буындар болады деп көрсетеді:
- ашық буын
- тұйық буын
- бітеу буын
Бір дыбысты фонеманың өзінен болған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға келіп біткен буынды ашық буын дейміз.
Мысалы: аға, әке т. б.
Дауыстыдын басталып, дауыссызға келіп біткен буынды тұйық буын дейміз.
Мысалы: ат, ән, ұлт, ай т. б.
Тұйық буын екі дыбысты (ат, ән, ор) және үш дыбысты (ант, ұлт, өрт) болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz