Электронды оқулық студент үшін дайын материал


Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының «білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттың және жалпы адамзаттың құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудіақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.
ХХІ ғасыр - озық технологиялар ғасыры. Сондықтан, білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Қазіргі кездегі жапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады. Білім саласында компьютер дәуір компьютердің қоғам өміріне енуімен аталып кетті. Сондықтан, компьютерлік оқулық жолдарында пайда бола бастады: электрондық оқулықтар, әр түрлі көрсетілген оқып үйрететін, бақылайтын бағдарламалар сабақта және ерікті қолданылады. Дербес компьютерлердің кең дамуына байланысты білім беру бағдарламалар өркендеуге үлкен итеріс алды, олар көп және әр түрлі пайда бола бастады, бірақ олар оның сапасына ылғи сәйкес келмеді.
Электрондық оқулық - деп компьютерлік дискіден оқылатын және дискiде сақталатын білім берудің жаңа жолы, аудио-, бейне-, мәтіндік және графикалық хабар ұсынылады [1] .
Электрондық оқулық - студенттердің интерактивтік режимде жұмыс істеуіне есептелген, яғни әр түрлі функциональды перне меню көмегімен және көптерезелік интерфейсімен. Студент білім ақпаратымен өзіне сәйкес келетін түрмен, екпінмен және тереңдік пен танысады [2] . Электрондық оқулықты жазу - үлкен, өте күрделі және пайдалы жұмыс. Пайдалы, өйткені ойды ретке келтіреді, материалды жіктейді, «жіңішке» жерлерді анықтайды. Электрондық оқулық - квинтэссенция, өйткені бүкіл дайындаған және сұрыпталған материал көрнекті, қысылған түрде экранда көрсетіледі.
Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында; « . . . экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру және кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілеті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады . . . » деп атап көрсеткен.
Заман талабына сай жас Ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық оқулықтарды сбаққа пайдалану- оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой-өрісі дамыған, шетелдік білім жүесінің қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу үшін, бір-бірімізден тәжіребе алмасып, кемшілік - жетістіктерді айтып отырсақ жұмысымыз өнімді болады деп ойлаймын. Ақпараттық технологияларды және компьютерлiк желi арқылы жаңа бiлiм әдiстерiн кеңейтiлiп келедi. Жаңа ақпараттық технологияларды бiлiм жүйесiнде қолданудың ең маңызды факторы негiзгi қозғаушы күшi адам, сол себептi бiлiмнiң негiзгi принциптерi iске асырылуы тиiс.
Тақырыптың зерттелу деңгейі . Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Оқытуда компьютер және т. б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Өркениет көшінен қалмай, соған сәйкес қадам жасауға, толыққанды білім алуға қол жеткізуге үлесімізді қосуымыз керек. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатындағы басым бағыт болып табылады. Еліміздің зияткерлік әлеуетінің болашағы балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру мен ерте жастағы балалардың қабілеттерін дамытудың қоғамдағы орны өте маңызды. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі білім беру саясаты, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуіне байланысты, ең алдымен мектепке дейінгі білім беру жүйесіне бала қабілетін ашатын алғашқы саты ретінде жоғары талаптар қояды және жаңа, тиімді психо-педагогикалық тәсілдер табуды жеделдетуді көздейді. Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек оқытушының айтқандарын немесе оқулықты падалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Сол себепті зерттеу тақырыбымды «Мектепке дейінгі педагогика» пәнінен электрондық оқу құралын жасақтау» деп алдым.
Проблема . Қазіргі таңда білім беру үрдісінде оқу пәндеріне байланысты электронды оқулықтар мен ақпараттандырылған ортаны кеңінен пайдаланып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі педагогика пәнін сүйемелдеуге арналған ақпараттық ортаны жасау негізгі мәселе болып табылады.
Болжам. Мектепке дейінгі педагогика пәнін оқытуда электронды оқулықты пайдалану студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырады. Білім беру құралы ретінде электронды оқулықты пайдалану кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:
1. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.
2. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.
3. Өзге құралдардан электронды оқулықтың ерекшелігі - оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл - мәтіндерді оқу, жазу, көру әрекеттері. Тіл үйренуде бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.
4. Құрал студенттерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсетеді.
5. Электронды оқулықтың көмегімен студенттер жаттығулардың барлық түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігіне ие бола алады.
Күтілетін нәтиже. Электронды оқулықты кәсіби бағытталған мектепке дейінгі педагогика сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер:
- студенттерге мамандыққа байланысты терминдерді меңгеруге көмектеседі;
- студенттердің сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
- студенттердің шығармашылығын арттырады;
- студенттерді жеке жұмыс істеуге үйретеді;
- грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
- студенттердің есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
- пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады.
Зерттеу пәні. «Мектепке дейінгі педагогика» пәнінен ақпараттық орта құру.
Зeрттeу нысaны: «Мектепке дейінгі педагогика» пәнінен электрондық оқу құралын жасақтау.
Зeрттeу жұмысының мaқсaты: Delphi бағдарламасы бойынша мектепке дейінгі педагогика пәнін сүйемелдеуге арналған электрондық оқулық құру.
Зeрттeу міндeттeрі:
1. Оқыту үрдісін ақпараттандыру ерекшеліктеріне түсінік беру;
2. Мектепке дейінгі педагогика пәнін оқытуда электронды оқулықты пайдалану негіздері;
3. Электронды оқулық ерекшеліктерін көрсету, құрылған электронды оқулыққа сипаттама беру;
4. Delphi бағдарламалау көмегімен электронды оқулық құрудың негізгі әдістерін қарастыру;
5. Оқулықтың жасалу жолын, қолданылуын және тиімділігі мен мүмкіндіктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының деректік негізі : зерттеу жұмысының деректік негізін тақырыпқа сәйкес электронды оқулыққа байланысты негізгі бағдарламалар мен деректік құжаттар жинағы, оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызы, басты бұқаралық ақпарат құралдарында кездесетін деректер құрайды.
Зерттеудің практикалық және теориялық мәнділігі:
- Құрылған электронды оқулық студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырады.
- Электронды оқулық құру бағдарламасына түсінік берілді.
- Элетронды оқулықтың жасалу жолы көрсетілді, пайдалану ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сипаттама берілді.
- Электронды оқулықты мектепке дейінгі педагогика пәнін оқытуда пайдалануға болады.
- Бұл оқулықты оқытушылар кеңінен пайдаланатын болады.
Зeрттeу әдісі : электронды оқулыққа қатысты aқпaрaттaр aғымын тaлдaу, мектепке дейінгі педагогика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері туралы деректерді пайдалану, зерттеу, талдау әдістері.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қатар, диплом жұмысының тақырыбына сәйкес соңына қосымшалар тіркелген.
I «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА» пәнін әдістемелік тұрғысынан талдау
1. 1 «Мектепке дейінгі педагогика» пәнін оқыту мақсаты, оның мазмұны
Педагогика - кең ауқымды ғылым. Оның шұғылданатын оқу жəне тəрбие мəні мен олардың барша байланыстарын жеке бір ғылым шеңберінде қамту мүмкін емес. Педагогика дамудың ұзақ жолын басынан кешіріп, көптеген білімдер жинақтап, бүгінгі күнде ғылыми білімдердің кең тармақты жүйесіне айналып отыр. Сондықтан бүгінгі педагогиканы тəрбие жөніндегі ғылымдар жүйесі деп атаған дұрыстау келеді.
Педагогиканың ірге тасы - философия, дəлірек айтсақ, тəрбие проблемаларымен арнайы шұғылданатын оның тəрбие философиясы тармағы. Тəрбие философиясы өз алдына білім саласы ретінде тəрбиелік практикада əртүрлі философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия - педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің əдіс-тəсілдерін көрсетеді.
Педагогика тарихы - əрқилы тарихи дəуірлердегі педагогикалық идеялар мен білімдендіру тəжірибесін зерттейтін ғылым саласы.
Педагогика ғылымындағы жаңа салалардың жіктелу процесі белсенді түрде жалғасын табуда. Соңғы жылдардың өзінде педагогиканың бұрын болмаған салалары өзінің қажеттілік маңызымен көзге ілінуде: білім философиясы, салыстырмалы педагогика, əлеуметтік педагогика ж. т. б.
Мектепке дейінгі педагогика - қазіргі педагогиканың мектеп алдындағы жастағы балалардың дамуын, тәрбиесін, оларды қарапайым окыту түрлерін зерттейтін саласы.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары:
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары iс-әрекет түрлерiнiң мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн ерекшелiктерiн ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының негiзiнде әзiрленедi.
2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары:
1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерiн ескере отырып, мектепке дейiнгi және бастауыш бiлiм берудiң сабақтастығы мен үздiксiздiгiн қамтамасыз етедi;
2) әр баланың талабын, бейiмдiлiгiн, қабiлеттiлiгiн, дарындылығын iске асыруға және оның даму ерекшелiктерi мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдiс негiзiнде оны бастауыш бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.
3. Мектепке дейiнгi оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудiң және тiлдiк қатынас тәжiрибесiнiң қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш бiлiм берудi меңгеру үшiн бiрдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейдi.
Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiм беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар:
1. Мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиiстi үлгiдегi оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережесiмен белгiленедi.
2. Бiлiм беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi үлгiлiк қабылдау ережелерiнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен қабылдау ережесiмен белгiленедi. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы тәрбиеленушiлер санын және бiр тәрбиеленушiге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.
Алты (жетi) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейiн мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады. Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады. Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.
Мектепке дейiнгi ұйымдар және мектепке дейiнгi тәрбие берудiң мектепалды топтары және бiлiм беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшiн; балалар мен жасөспiрiмдердiң спорттық бiлiм беру ұйымдары үшiн 24 сағатбөлінген. Жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56 күн; оқу-әдiстемелiк қызметкерлерi қамтамасыз ету, мектепке дейiнгi және қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн - күнтiзбелiк 42 күн ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтiк кепiлдiктерiн иеленедi. Мектепке дейiнгi ұйымдарда және қосымша бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзiледi. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы тәрбиеленушiлер санын және бiр тәрбиеленушiге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.
Мектепке дейінгі педагогика -отбасы, балалар бақшасындағы демек, мектеп жасына дегіінгі балалар тәрбиесін зерттейді. Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т. б. ) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Мектепке дейінгі білім және тәрбие беру жүйесінің негізі жас ерекшелігі физиологиясы ғылымына байланысты. Тәрбиеші балалар ағзасындағы жоғары жүйке қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Оқытудың интерактивті технологиясы білімді меңгертудің тәсілдерін, оқу әрекетінде біліктілікті қалыптастыруда педагог пен студенттерлің субъектілік қарым-қатынасын, шығармашылықпен ойлауды, нәтижелі әрекетке түсуді, кез-келген мәселені, педагогикалық жағдаяттарды шешуде қажетті ақпараттарды пайдалануды қамтамасыз етеді.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру міндетін орындауда оқыту оқу іс-әрекетінің өзінің модельдеу тәсілдерін қалыптастыруды, студенттердің ең қолайлы күн тәртібін анықтауларын, оқу материалымен жұмыс жасаудың ұтымды тәсілдерін саналы аңғаруын және оны кейіннен өңдеуін, терең, сонымен бірге тез оқу амалдарын игеруді, түрлі әрекеттердің, конспектілердің, оқу-практикалық міндеттерді қою мен шешудің жоспарын құруды қамтиды. Осы тұрғыда А. К. Маркова ұсынған оқу жұмысының тәсілдері біз үшін тиімді болмақ. Атап айтсақ:
− «мәтінді мағыналық қайта өңдеутәсілдері, оқуматериалынүлкейту, оның ішінен бастапқы идеяларды, принциптерді, заңдарды бөліп көрсету, міндетті орындаудың жалпыланған тәсілдерін саналау, студенттердің белгілі бір санаттағы міндеттер жүйесін өздігінен құру;
− оқу мәдениетінің (мысалы, ірісинтагмалар мен «динамикалық оқу») және тыңдау мәдениетінің тәсілдері, қысқа және неғұрлым ұтымды жазу тәсілдері (жазып алу, жоспарлар, тезистер, конспект, аннотация, реферат, рецензия, кітаппен жұмыстың жалпы тәсілдері) ;
− есте сақтап қалудың жалпы тәсілдері (оқу материалын құрылымдау, бейнелі және есту естеріне сүйене отырып мнемотехниканың ерекше тәсілдерін қолдану) ;
− зейінді шоғырландыру тәсілдері, яғни студенттің өзіндік қадағалаудың әр түрлерін пайдалануына, өзіндік жұмысын сатылап тексеруге, тексеру тәртібін, «бірліктерін» бөлуге сүйенетін;
− қосымша ақпаратты іздеудің жалпы тәсілдері (библиографиялық материалдармен, анықтамалар, каталогтар, сөздіктер, энциклопедиялармен жұмыс және т. б) және оларды үйдегі кітапханада сақтау;
− емтиханға, сынаққа, семинарларға, зертханалық сабақтарға дайындалу тәсілдері; уақытты ұтымды ұйымдастыру, оны есептеу мен жұмсаудың, еңбек пен оқуды, ауызша және жазбаша қиын тапсырмаларды дұрыс кезектеп отыру, еңбек гигиенасының жалпы ережелерінің (режим, серуен, жұмыс орнындағы тәртіп, оның жарықтығы, т. б. ) тәсілдері» [5, 162 б. ] .
Студенттердің ақпараттық құзыреттілігіне біз төмендегілерді жатқызамыз: ақпараттық ізденісті жоспарлау:
− өзіндік жұмыстың тақырыбына сәйкес ақпаратты іздестірудің жоспарын құрып, оны орындауда қажетті шешім қабылдайды.
− алғашқы ақпаратты алу:
− өзіндік жұмыстың тақырыбына сәйкес ақпарат құралдарына өздігінен мониторинг жүргізіп зерделеу;
− статистикалық, тарихи көздерден, ақпараттарды алуды жоспарлайды;
− екінші қайтара ақпаратты алу:
− орындалатын өзіндік жұмыстың мақсатын түсініп, өздігінен анықтаған ақпараттар бойынша мәліметті ала алады.
− ақпаратты алғашқы өңдеу:
− қажетті ақпараттарды өзі таңдаған күрделі жұмыстарға сәйкес жүйелейді.
− ақпараттарды өңдеу:
− тексеруге қажетті ақпаратты өздігінен шығарады және ақпараттың нақтылығын тексеру тәсілдерін қолданады;
− түрлі көзқарастарды сыни талдау немесе алғашқы ақпарат пен соңғы ақпаратты салыстыру негізінде қорытынды жасайды, өзінің алған дәйектерін немесе өздігінен алған ақпараттарды негіздеу құзыреттілігін қалыптастырады.
Студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту - қазіргі білім мен тәрбиенің теориясы және практикасында басым бағытқа ие болып отыр. И. В. Роберттің пайымдауынша, ақпараттық құзыреттілігі біліми үдерісте ақпаратты қолдану және меңгеру деңгейін көрсетеді. Автор ақпараттық құзыреттіліктер қатарына төмендегілерді жатқызады:
− қазіргі ақпараттық массивтерде ақпаратты іздеу мен сақтаудың ұтымды әдістерін білу және қолдану;
− компьютерлік ақпараттың алуан түрлерімен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
− ақпаратты Интернетте ұсына білу білігі;
− компьютерлік және Интернет ақпарат көздері көмегімен сабақтарды және сабақтан тыс шараларды ұйымдастыру, өткізу дағдыларын меңгеру;
− Интернет ақпарат көздерінің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, нақты пәнге қолдану дағдыларын меңгеру [6] .
− Біз ақпараттық құзыреттіліктің келесі бағыттары бойынша студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру деңгейіндегі жетістіктеріне мыналарды жатқызамыз:
а) Ақпараттық ізденісті жоспарлау:
− пәндік тапсырмалар бойынша өзіндік жұмысының тақырыбы бойынша ақпаратты белгілі мен белгісізге бөледі;
− пәндік тапсрымалар бойынша өзіндік жұмысына байланысты ақпараттан қойылған міндеттерді шешуге қажеттілерін бөліп алады;
− пәндік тапсырмалар бойынша қажетті анықтамаларды, энциклопедияларды қолданады;
− кітаптардың мазмұны бойынша және сайттағы сілтемелер бойынша бағдар жасай алады.
б) Алғашқы ақпараттыалу:
− пәндік тапсырмалардың түріне қарайбақылау (қойылған міндетке сәйкес жоспар бойынша эксперимент) жүргізіледі;
− пәндік тапсырмаларға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып ақпарат көздерінен қажеттісін бөліп алады.
в) Ақпаратты екінші қайтара алу:
− студент пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, берілген екі немесе одан да көп негіздеме бойынша ақпараттарды бөліп алады және жүйелейді;
г) Студенттің пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, ақпараттарды өңдеу:
− Студент пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, алынған ақпараттыдәл баяндай алады;
− Студент пәндік тапсырмаға сәйкес мультимедиа технологияларын пайдаланып, ұсынылған ақпарат көздерінен қажеттісін таба біледі және олардың нәтижесін дәлелдей алады.
II «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА» пәнін арнайы автоматтандырылған ақпараттық ортаны пайдаланып оқыту әдістемесі
2. 1 Автоматтандырылған ақпараттық ортаны жасақтауда қолданылған инструменталдық құралдар және пән бойынша практикалық білімді қалыптастыру
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz