ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ


ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
1. 1. Лирикалық шығармалардың түрлері, зерттелу нысаны . . . 5-10
1. 2. Лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттері . . . 11-15
ІІ ТАРАУ ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
2. 1. Әдебиет сабағында лириканы оқытудың негіздері . . . 16-25
2. 2. V-IX сыныптарда поэзияны оқыту жолдары . . . 26-29
2. 3. Лирикалық шығармаларды оқыту . . . 30-42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 43-44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 45
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. XXI ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытында білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында.
Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, білім беруді одан әрі демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Осы тұрғыдан алғанда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қай кезеңде, қай заманда болмасын «мектептегі басты тұлға-мұғалім» десек, дүниежүзілік даму деңгейінен кем түспейтін, иық тірестіре алатын, алған білім мен тәрбиелік қазынасын туған еліне, адамзат игілігіне жұмсай алатын қазақтың ой, танымының иесі, саналы азаматты жетілдіруге үлес қосатын өлең өнерін («қазақтың қасиетті қара өлеңін») оқыту үрдісі оны ұйымдастырушы мұғалімге жауапты міндет жүктейді. Сондықтан бүгінгі тандагы мектеп проблемасы «Білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын артгыру» оқушылардың өз «менін» қалыптастыру болса, лирикалық шығармаларды мектепте оқыту үрдісінде де педагогика жаңалықтарын қазіргі оқытып жүрген пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бір жолы. Ұзақ жылғы тәжірибе мен зерттеу жұмысының нәтижесіндегі алдына қойған мақсат - баланы субъект ретінде оқу, ісіне қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу.
Курстық жұмыстың негізгі тақырып нысанына алынып отырған лирика жанрының қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби процестегі алатын орнына, поэтикасына, жалпы лирика табиғатына қатысты әр түрлі ғылыми еңбектер жазылғаны белгілі. Атап айтсақ, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмаилов, М. Дүйсенов, М. Базарбаев, З. Қабдолов, З. Ахметов, Ә. Нарымбетов, Ә. Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, Б. Көрібаева, ЖДәдебаев, Қ. М. Пазылов, Т. Шапай және тағы басқа ғалымдар еңбектерінде қазақ өлеңінің мәселелері әр қырынан жан-жақты зерттеу объектісіне айналып, қазақ лирикасының тарихи даму жолдары, ақындық өнердің сыры мен сипаты қарастырылып отыр.
Лирикалық шығармаларды оқыту әдістемесі тұрғысынан зерттеу жұмыстары кеңестік дәуір кезеңінде әдіскер-ғалымдар М. А. Рыбникова, В. В. Голубов, Н. И. Кудрящев, В. А. Николтский, З. Я. Рез еңбектерінде кеңінен жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ү-ІХ сыныптардағы оқытылатын лирикалық шығармалардың әдістемелік тұрғыдан негізгі сипаттарын ашу, талдау, оқыту үлгілерін көрсету, оқыту үрдісінде лириканың табиғатын терең таныту, мектеп бағдарламасында берілген лирикалық шығармалардың жанрлық ерекшеліктері мен оқушылардың қабылдауға байланысты жас ерекшеліктерін ескере отырып білім негізін беру.
Мәтін талдау барысында лириканың күрделі ішкі құрылымына, стильдік бітіміне, өлең сырына бойлату, ондағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын оқушыларға түсіндіру, шынайы адамдық сезім биігін ұғындыру арқылы оқушыларға эмоциялық, эстетикалық ләззат, әсер беру жолдарын қарастыру. Лириканы оқыту байланысты зерттеудің басты мақсаты - ақынға рухани жақындау, оны сезіну, ақынның сезім мен ой тереңдігіне бойлау, сол арқылы оқушының оқырмандық сапасын арттырып, көркем сөздік құдіретін түсіне білуге тәрбиелеу, оқушылардың өлеңге деген қызығушылықтарын оятып, құмарлығын арттыру арқылы олардың жан дүниесін байыта отырып, эстетикалық, адамгершілік, ізгілік, инабаттылық тәрбие беру.
Курстық жұмыстың міндеттері : Ү-ІХ сыныптарда лирикалық шығармаларды оқытуға байланысты әдістеме тұрғысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- лирикалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктерін айқындау;
- мектеп бағдарламасына енген лирикалық шығармаларға шолу жасау, жүйелеу;
- лириканың жанрлық ерекшеліктерін оқыту үрдісшдс танытудың жолдарын саралап қарастыру;
- лириканы оқытудың дидактикалық және әдістемелік мақсат-міндеттерін талдап көрсету;
- оқушыларға лириканы дұрыс қабылдай білуге үйрету;
- лирикалық шығармалардың құрылысын меңгерту;
Курстық жұмыстың іс-тәжірибелік маңызы: кейбір орта мектеп мұғалімдері мен жоғарғы оқу орны филология факультеті студенттеріне «Әдебиетті оқыту әдістемесі» пәнін оқытуда, «Лирикалық шығармалардың табиғатын таныту» тақырыбында арнайы курс, арнаулы семинарларда пайдалануға болады. Зерттеу нәтижелерін педагогика, психология пәндерінде, мектепте пән үйірмесін құруда қосьшша көмекші құрал қызметін толық атқара алады деп есептеймін
Курстық жұмыстың құрылымы : жұмыс кіріспеден, екі тарау, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І ТАРАУ ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУДЫҢ МАҚСАТТАРЫ
- Лирикалық шығармалардың түрлері, зерттелу нысандары
Қазақ әдебиеттануында бірқыдыру жемісті зерттелген сала ретінде лирика тегінің даму сипаты мен тексерілу жайын айтамыз. Көркем әдебиеттің өскелең әрі түлегіш жанры ретінде танылған лириканың көшелі тарихи ғұмырында өз соқпақ-ізі мен жоталы жолы жатыр.
Лирика - аты белгісіз ықылым замандардан бері қазақпен бірге жасасқан фольклорлық мұралардың мирасты рухани дүниесінің бірі ретінде ауызекі әдебиеттің көшіне ілесе жүріп, жазба әдебиет дәуіріне жетті яки өз дамуында тарих талайын бастан кешіп келеді.
Қазақ лирикасы жанр, тек тұрғысынан өз қызметін қалай атқарса, оның сан алуан сырға тұнған табиғаты да соншалықты зерттеу көзіне ілініп отырды. Бірнеше ғасырдың қойнауына енген қазақ лирикасының ұлттық көркем өнеріміздің, оның ішінде әдебиетіміздің (ауызша және жазбаша) әсем де көрікті, белгілі бір жанры қызметін өзінің ұлттық болмысына, халықтық, бұқаралық бітіміне сай адал атқарып отырғаны да анық.
Лирика - көркем әдебиеттің өзге тектеріне (эпос, драма) қарағанда өміршең һәм жасампаз жанрлық сала ретінде танылып келеді. Олай деуіміздің де бірнеше объективті себептері бар. Айталық, алдымен, лирика өзінің жалпақ жұртқа мәлім анықтамасында айтылғандай: «Толғау- қысқасынан айтқанда, іш қазандай қайнаған уақытта шығатын жүректің лебі, көңіл құсының сайрауы, жанның тартатын күйі» (А. Байтұрсынов) екенін былай қойғанда, екіншіден, «Өнер алды - қызыл тіл», «Түйеге мінген қазақтың екі ауыз өлең шығармайтыны жоқ» (халықтың айтқаны) дейтінін оңды ұғынсақ, үшіншіден, «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (Абай) қисын-тұжырымының тек қана қазақ деген ұлтқа ғана емес, барша адамзатқа ортақ қағидаға айналғанын елеп-ескерсек, өлең-сөздің, өлең-жырдың ғаламдық атау- терминіне телінген - лириканың көркем өнер есебіндегі құдіретін бағамдай беріңіз. [1]
Лириканың, лирикалық поэзияның күллі адамзатқа ортақ әдеби өнер хақындағы құндылығын «аспан - ортақ, жер - ортақ» делінетін планета эстеттері (сөз өнерін танушылар мен зерттеушілері) әу-бастан-ақ, бағзы заман, баяғыдан бері-ақ барынша ұлықтап, танып- білуге ұмтылған. «Ақындардың жеке мінез ерекшеліктеріне байланы- сты поэзия да түрлі сипаттарға бөлінеді» деген Аристотельдің, «Өлең өнері сөзбен құлпырады» деген Әбунәсір Әл-Фарабидің, «Поэзия - өз бойына ішкі рухани әлемнің барлық ерекшеліктерін жинақтаған сөз 4-5 өнерінің түрі» деген Гегельдің немесе «Поэзия - сезімді бейнелеу арқылы әсер қалдыратын әрекеттер жүйесіне құрылған өнер түрі» деп тұжырған Г. Э. Лессигтің аталған өнер жанрының (лириканың) сапалық қасиеттерінің болмысын айғақтай түсетін көнеден келе жатқан шешімді пікір-пайымдар. [2]
Түркі әлемі данышпандары да өлең-сөз өнерінің табиғатына бей- жай қарай алмаған. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігіндегі» (Қалар мұра - сөз, кісіден кісіге, Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе), Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-ат-түркіндегі» (Білік болса, сөзден жазбас), Қожа Ахмет Иасауидың «Диуани хикметіндегі» (Хикметтерім әлемге жатар тарап, тыңдағандар атыма айтар мадақ) шығармаларын «түркі тіліндегі сөз өнерінің, ой өнерінің сөлін бойына жиған, бірегей бітімді поэзия туындыларына» (А. Егеубаев) балаған ғалымның тұжырымынша адамзат өркениеті тарихында алар орны ерекше болмақ.
Өлең-сөздің (лириканың) өнер туындысына лайықты ықпал етерлік бедел-қуатын әр дәуірде, әр қилы қоғамда өмір сүрген орыс оқымыстылары да өз орнымен бағалай, дәріптей білген. «Лирикалық шығарма, қас қаққанша ғайып болатын ақын рухы шабытының жемісі» (Белинский), «Басқа өнер түрлеріне қарағанда поэзияның биік тұратынына дау жоқ, өйткені өзге өнер түрлері поэзияның ай- тарын бізге жеткізе алмайды» (Чернышевский) деп келетін пікірлер шоғырын А. А. Потебня: «Образсыз өнер, оның ішінде поэзия да жоқ» деп жалғастырса, бұл үрдісті В. Шкловский: «Поэзия - ойлардың ерек- ше бір тәсілі, нақтырақ айтсақ, образбен ойлау тәсілі» деп одан әрі ұштай түседі.
Лирикалық поэзияны әдебиеттің шынайы да көркем сала- сы ретінде бағалау дәстүрі Еуропа, Батыс елдері гуманистері мен өнертанушыларын да бей-жай қалдырмаған. Американдық әдебиеттанушы ғалымдар Рене Уэллек пен Остин Уоррен стиль және стилистика мәселелерін жан-жақты қарастыра келе «Поэзияны зерттеушілерге лингвистикалық дайындық қажет» деген ой салады.
Ал И. В. Гете болса: «Стиль - дүние табиғатын ашатын терең білім беретін, көз алдыңа түс, мұрныңа иіс, құлағыңа дыбыс әкелетін бей- нелерге толы туындылар жасайды» деп лирикалық туынды табиғатын терең тануға бір табан жақын келеді.
Көркем өнер табиғатын зерттеуші итальян философы Антонио Банфидің тұжырымынша: «Рухани өмір идеальды (аймаққа) өңірге жа- тады» екен, яки өнер адам өміріндегі эстетикалық бастаулардың іңкәр тұнығы боп қала бермек. Шетелдік ғалымдардың бұл пайым-пікірлері Байтұрсынов пен Бе- линский сынды теоретик зерттеушілердің қағида-қисындарынан онша алшақ кетпейді, қайта оны толықтыра сабақтаса түседі. [3]
Сөз өнерін, оның жанрлық түрін табиғатына сай сала ретінде ерекшелеп, басым бағыттарына назар аударған қазақ ғалым -әдебиетшілердің де эстетикалық толағай танымдары өлең-сөз жайындағы ғаламдық ой-тұжырымдарды жаңғырта үстемелей түседі. Ж. Аймауытов байламынша: «Өлең - бір мақсатқа жұмсалатын құрал болуы керек емес. Жолы еркін, азығы талғаусыз өнер болуы керек». Ал «Алқа» ұйымының әдеби концепциясында: «Ақындық - фотография емес, фотография - ақындық емес. Ақынның міндеті - білім беру емес, терең сезім, асқар пікір ояту» деп рухани жолға тура жөн сілтейді.
Ғылыми негізін Шоқан қалаған сөз өнері ғылымын Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Ғұмар, Сұлтанмахмұт бастаған лирик-суреткерлердің эстетикалық көзқарастары одан әрі толықтырып, олардың көркем дүниелерінде (шығармаларында) анық та табиғи қалпында көрініс тапқанын ескерсек, өлең мен оны тудырушы егесі - ақындар қауымының рухани мұрат-мақсаттарға адалдығы сөз өнері мәртебесін одан сайын биіктете түсті.
Ізгілік ілімінің шешімдеріне қарсы келмейтін, қайта оны мейлінше аялап дәріптейтін «адамтану өнері» (Белинский) атанған көркем әдебиетке ғылыми негізде барлау жүргізу, зерттеу көзіне айналдыру - бұл жұмыстың негізгі мәні болса, сөз өнерінің сарасы - өлеңге, сезім сыры - лирика әлеміне көз тастау - тақырып зәрулігін, өзектілігін тереңдете түседі.
Қазақ өлең-сөз өнерінің бүгінін әңгімелеу үшін әрине, оның өткен жолын, болған тарихын танудың, білудің маңызы зор. Қазақ лирикасының ұлт әдебиеттануында тексеріс нысанына алынып, зерттелу дәстүрінің де бір ғасырдан астам тарихы бар. Ұлт әдебиеттануында қазақ лирикасы зерттеліп келе жатқанымен, тұтастай алғанда оны зерттеуші ғалымдар еңбектерінің шығармашылық зертханасына ғылыми тұрғыдан арнайы зер салына қойған жоқ. Сан жылдық тарихы мен мол тәжірибесі бар ұлт әдебиеттануында лири- ка тегінің өзіне тән табиғаты мен сан қырлы жанрлық ерекшеліктері қай шамада, қай деңгейде қарастырылды деген мәселелерді анықтап шешу де бүгінгі әдебиеттанудың өзекті проблемаларының бірі бола алса керек.
Қазақ лирикасының өткен тарихын тексеруде әдебиетші- оқымыстылар қауымының бінеше буын өкілдері өздерінің саналы ғұмырларын ұлт әдебиеттануының дамуына арнап, арттарына, кейінгі ізденіс өскіндеріне үлгі қып сандаған ғылыми мұралар (монография, оқу құралдары т. б. ) қалдырды. Қазақ лирикасын зерттеушілер ұлт поэзиясының көрнекті өкілдерінің шығармашылық айдынына үңіліп, олардың әдебиет өнеріне қосқан үлесін ақындық дарын-қабілеттерінің 6-7-деңгейіне қарай, өнерпаздық, жаңашылдық белгілеріне қарай зерде- леп, күрделі зерттеулер жүргізді. Ұзақ та ауқымды уақытқа созылған әдеби, ғылыми үдерістер нәтижесінде қазақ ғылымының гуманитарлық жүйесінің, оның ішінде әдебиеттану саласының даму көкжиегі кеңи түсті.
Алайда қаншалықты мол да толымды зерттеулер жүгізілгенімен қазақ лирикасының арғы-бергі тарихын тексеруші ғалым-әдебиетшілеріміз заман желі мен дәуір тынысының ахуалына бағынып, шынайы көзқарастарын идеологиялық саясаттың үгіт- насихат уағызының тасасында қалдырған кездер де болғаны рас. Қоғамдық құрылыстың өзгермелі құбылыстардан құралатын катего- риялар жиынтығы екенін ескерсек, ғылыми әдебиетке қатысты пікір- танымдардың бірде оң, бірде теріс зарядтарға икемделген физикалық молекулалар сияқты жылжымалы, қозғалмалы сипатты иемденген тұстары да болмай қалған жоқ.
Өзінің туу, қалыптасу, жетіліп-толысу және өсіп-өркендеу кезеңінде қазақ лирикасы қаншалықты зерттеу аймағына алынып, басты назарда болды десек те жоғарыда айтылғандай қоғамдық құрылыстың селкеулі салдарына байланысты кей реттерде зерттеу жұмыстары кең ауқымда жүргізіле қойған жоқ. Ұлт лирикасының шын мәнінде өз дәрежесіне лайықты еркіндік алып, шабыт құшағына ора- нуы еліміз тәуелсіздік алғаннан күннен басталса, ал оны тереңнен зерт- теп, батыл барлау жүргізілуі де сол егемендік салтанатының таңымен қоса атқаны анық. [4]
Әдебиеттің басқа тектеріне қарағанда, салыстырмалы түрде алғанда лирика жанрының зерттелу жағырапиясы әлдеқайда кең, әлденеше мығым жатыр. Десек те, аталған жанр түрінің әрісі өткенін, берісі бүгінін зерттеушілердің қол жеткізген табыстарын бір ыңғайға, бір жүйеге түсіріп, хронологиялық тұрғыдан арнайы кең арнада тексе- ру жұмыстары әлі де толыққанды сипатта, өз дәрежесінде жүргізілмей келеді.
Міне, осындай ұзақ уақыт бойы қордаланып қалған мәселелерді оңды шешудің бір жолы - өткен ХХ ғасырдың әр жылдарында қазақ лирикасының дамуын әр қырынан алып тексерген ғалымдар еңбектерінің астарына үңілу, сол арқылы олардың ұлт әдебиеттану ғылымының дамуына қосқан еңбектерін анықтап, сараптау - бұл жұмыс тақырыбының өзектілігіне сеп болмақ.
Қазақ лирикасының зерттелуін сөз еткенде оның даму тарихын қоса қарастыру ұтымды болмақ. Ұлт лирикасының зерттелуі өткен та- рихпен тығыз байланысты екенін ескере келе жалпы әдебиеттанудағы қоныстас елдер лирикасын тексеруші ғалымдар еңбегін, әсіресе орыс әдебиет ғылымының көрнекті өкілдері В. Г. Белинский, Н. А. Добролюбов, Н. Г. Чернышевский еңбектері лирика тарихын зерттеушілерге өнеге бола алары анық. [5]
Қазақ лирикасы туралы алғашқы сөзді ХХ ғасыр басында қазақ зиялылары А. Байтұрсынов, М. Дулатов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейханов бастап айтса, кәсіби деңгейдегі зерттеудің негізін С. Сейфуллин, М. Әуезов, М. Қаратаев еңбектері қалады. Кейіннен жаңа дәуір белесінде С. Мұқановтың «Поэзия мәселесі» (1933), «Өсу жолдарымыз» (1960), Қ. Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» (1948), Б. Кенжебаевтың «Қазақ өлеңінің құрылысы» (1955), Е. Ысмайыловтың «Ақындар» (1956), С. Сейітовтың «Қырық жылда» (1956), М. Қаратаевтың «Туған әдебиет туралы ойлар» (1958), М. Әуезовтың «Әр жылдар ойлары» (1959), Ә. Тәжібаевтың «Өмір және поэзия» (1960), З. Ахметовтың «Казахское стихосложение» (1964), «Өлең сөздің теориясы» (1973), З. Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері» (1970), Ә. Нарымбетовтың «Дәуір және поэзия» (1970), М. Базарбаевтың «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (1973), Ш. Сариевтің «Арайлы көктем» (1974), К. Сейдехановтың «Қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы (1974), Т. Ибрагимовтың «Өлең өрісі» (1979), С. Негимовтың «Өлең өрімі» (1980), А. Егеубаевтың «Сыр мен сымбат» (1981), «Сөз жүйесі» (1985), Қ. Мырзалиевтің «Сөз сиқыры» (1982), Қ. Өмірәлиевтің «Қазақ поэзиясының жанры мен стилі» (1983), Р. Нұрғалиевтің «Телағыс» (1986), Б. Кәрібаеваның «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы» (1988), т. б. зерттеулерде қазақ лирикасының мәселелері сан қырынан алынып тексерілді.
Ал жеке ақындар өмірі мен шығармашылығына арналған тұтас монографиялық зерттеулер көшін академик Қ. Жұмалиевтің «Махамбет» (1948), Б. Кенжебаевтың «Сұлтанмахмұт Торайғыров творчествосы» (1950), Т. Нұртазиннің «О творчество С. Муканова» (1957), «Бейімбет Майлин творчествосы» (1966), С. Қирабаевтың «Спан- дияр Көбеев» (1958), «Сәкен Сейфуллин (1968), Е. Ысмайловтың «Ақын және революция» (1964), М. Дүйсеновтың «Ілияс Жансүгіров (1965), Ә. Шәріповтың «Жұмағали Саинның өмірі мен творчествосы» (1964), «Сырбай Мәуленов творчествосы (1985), Т. Әбдрахманованың «Ақын сыры» (1965), «Қасым Аманжоловтың поэтикасы (1976), Ы. Дүйсенбаевтың «Сұлтанмахмұт Торайғыров» (1967), М. Қаратаевтың «Ілияс Жансүгіров» (1967), Т. Кәкішевтің «Сәкен Сейфуллин» (1967), А. Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» (1966), Т. Әлімқұловтың 8 9 «Жұмбақ жан» (1972), М. Хасеновтың «Иса Байзақовтың ақындығы мен стильдік ерекшелігі» (1976), С. Тәжіғұловтың «Хамит Ерғалиев» (1983) және т. б. сынды толықтырды. [6]
Тәуелсіздік жылдарынан кейін жаңаша ой-тұжырымдар мен тың ізденістерге негізделген жеке ақындар шығармашылығын қарастырған бірқыдыру монографиялар өмірге келді. Олар: Ж. Ысмағұловтың «Абай:ақындық тағылымы» (1994), М. Мырзахметұлының «Абай және Шығыс» (1994), Р. Сыздықованың «Абайдың сөз өрнегі» (1995), Ш. Елеукеновтың «Мағжан Жұмабаев» (1995), З. Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі» (1995), Ө. Күмісбаевтың «Абай және Шығыс», А. Еспенбетовтің «Сұлтанмахмұт Торайғыров» (1992), Ш. Сәтпаеваның «Шәкәрім Құдайбердиев» (1991), М. Әбсеметтің «Міржақып», Б. Әбдіғазиұлының «Асыл арна» (1992), Ұжымдық жинақ «Бес арыс» (1992), Қ. Жүсіптің «Жұмекен Нәжмеденовтың ақындығы» (1995), Т. Кәкішевтің «Мағжан - Сәкен» (1999) т. б. [7]
Қазақ лирикасының жетімсіз қырларын танытып, азат ой- идеялардың қозғаушы белгісін баян еткен зерттеулер есебінде С. Қирабаевтың «Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет» (2001), «Тәуелсіздік рухымен» (2002), З. Ахметовтың «Поэзия шыңы - даналық» (2002), М. Базарбаевтың «Көрікті ойдан - көркем сөз» (1994), Қ. М. Жүсіповтың «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» (1999), С. Мақпырұлының «Қазына» (2004), Д. Қамзабекұлының «Алаш және әдебиет» (2002), Б. Кәрібозұлының «Сырлы сөз сипаты» (1997), Б. Омарұлының «Зар заман поэзиясы» (1999), А. Шәріптің «Қазақ поэзиясы және ұлттық идея» (2000), т. б. еңбектерді атап өткен жөн.
Қазақ әдебиеттану ғылымының пайда болуы, жетілу тарихын әріден қозғап және бүгінгі тынысын танытқан зерттеулер қатарында С. Жұмағұловтың «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттануы (1956-1991 ж. ж. ) » (2008), Ж. Смағұловтың «Қазақ әдебиеттану ғылымының туу және қалыптасу жолдары» (2009) зерттеулерінде ұлт лирикасының өзекті мәселелеріне байланысты біраз мәселелер қарастырылды. [8]
Сонымен бірге М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инсти- туты шығарған «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы», 1-2 кітаптар, (2009-2010) өзегінде ұлт лирикасының өткен тарихына қатысты бірқатар мәселелер қамтылған. Қазіргі қазақ лирикасы - жан-жақты жетілген, классикалық үрдістерге лайық, әлемдік деңгейдегі талаптарға толық жауап беретін жанр боп табылады. Ұлттық дәстүрлер мен жаһандық өнер туынды- ларына тән формаларды өз бойына сіңірген қазақ лирикасының тари- хи тамыры, тектік тіні тереңде жатыр. Әдебиеттің өзге жанрларымен салыстырғанда даму қарқыны, өсу жолы бір саты жоғары тұратын қазақ лирикасының зерттелу аймағын тексеру нәтижесінде аталған жанрдың қаншалықты әдеби, өнерлік сипатқа қасиетке ие екендігін аңғаруға мүмкіндік аламыз. [9]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz