Бауыржан Момышұлының Ұшқан ұя повесі тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері


Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері
Курстық жұмыс тақырыбы - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі тілінің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.
Жұмыстың мақсаты - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, мақал-мәтелдердің қолданылу ерекшелігін, қос сөз, синоним, омоним, антонимдердің қолданылуын, көркемдегіш - бейнелеуіш тәсілдердің, оның ішінде теңеу, эпитет, портрет, метонимия, синекдоханың шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері :
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
1) Шығарма тіліндегі лексика-фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
2) Шығармадан мақал-мәтелдердің қолданыстарын анықтау;
3) Шығармадан синоним, антонимдерді, қос сөздердің стильдік ерекшеліктерін табу;
4) Шығармадан эпитет, теңеу, синекдоха тағы басқа көркемдік тәсілдерді тауып, олардың стильдік қызметіне тоқталып, талдау, ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны - Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі
Зерттеу жұмыстың жаңалығы:
- Шығармада мақал-мәтелдердің аз қолданылуы.
- Шығармада қос сөздердің көп қолданылуы.
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІ бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдердің зерттелу жайы
Тілдегі фразеологизмдер - тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып, қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады.
Ғалым Р. Авакова «Фразеология теориясы» атты еңбегінде фразеологизмдерге мынадай анықтама береді: «Тілдің бейнелігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктер - фразеологизмдер. Фразеологизмдер - халықтың тұрмыс-салтының, әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, өмір сүру ортасының, тұрмыс-тіршілігінің, экономикалық және саяси көзқарастары мен өзгерістерінің және т. б, айнасы» [2; 15] .
Фразеологизмдердің өзіне тән негізгі қасиеттері:
1. Дайын тілдік единица ретінде жұмсалады;
2. Жалпыға бірдей танылған қолдану заңы болады;
3. Мағына бірлігі сақталады;
4. Екі сөзден кем болмайды.
Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері Қ. Есенова қазақ газеттері тақырыптары атауындағы фразеологизмнің қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасай келе, оларды
, төмендегідей үлгіде топтастырады:
1. Бір немесе бірнеше сөзі түсірілу арқылы ықшамдалған фразеологиялық бірліктер. Мысалы, Егеулі найза («Жас алаш» 28. 03. 06. ) Махамбеттің «Егеулі найза қолға алмай» деген өлең жолын ықшамдау арқылы жасалған трансформация деп көрсетеді т. б.
2. Бір сөзі алмастырылған, өзгертіліп, жаңартылған тілдік бірліктер. Мысалы, Сайлауға әркімнің-ақ бар таласы («Ег. Қазақстан», 06. 01. 04. ) . Білімге әркімнің-ақ бар таласы («Ег. Қазақстан», 11. 06. 04. ) . Билікке әркімнің-ақ бар таласы («Ана тілі» 06. 10. 05. ) . Бұл үш мысал Абайдың «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген өлең жолындағы бір сөзді алмастыру жолымен жасалғандығын айтқан.
3. Бірнеше тәсілмен түрлендірілген құрақ фразеологизмдер. Мысалы, Аузың жемесең де қан болмағай («Ана тілі», 12. 02. 04. ) тіліміздегі «Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген мәтелдің, «Дымды түсінбейтін депутаттар» («Түркістан», 02. 06. 05. ) «Ымды түсінген дымды түсінбейді» деген мәтелдің негізінде ықшамдалып өзгертілген қолданыс деп көрсетеді [ Қ Есенова Газет тақырыбы атына фразеологизмнің қолданылуы Қазақ тілі және әдебиеті журналы 2007жылы шыккан 87 92 беттерінен алынды; ] .
Г. Смағұлова «Мағыналас фразеологизмдер сөздігі» еңбегінде «Әрбір жеке адамның өзіндік қабылдауынан туатын сезімдік «дүние суреті» әсерінің көрінісі лексикаға қарағанда фразеологизмдердегі эмоция мен экспрессияда анағұрлым көбірек қамтылады», - дейді[7; 6] .
Осы тұрғыдан алғанда фразеологизмдердің тілімізде алатын орны зор.
Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдерді жинақтап, фразеологиялық сөздік жазған ғалым Гүлдархан Смағұлова фразеолгизмдерді 5 стильдік қабатқа бөлген:
1. кітаби фразеологизмдер;
2. бейтарап;
3. ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4. қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
5. қарапайым дөрекі-сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер.
1. 1 Кітаби фразеологизмдер
Кітаби фразеологизмдерге жоғарғы стилистикалық бояу тудыратын әр түрлі эмоционалды-экспрессивті реңк тән. Кітаби фразеологизмдер сөйлеу тіліне салтанаттылық реңк беріп, көбіне әдеби тілді көрсетеді.
Шығармада кездесетін кітаби фразеологизмдер:
1 . Біздің үйдің іші қартайған Имаш бабамнан бастап, есін енді-енді біліп келе жатқан баласына дейін жеген нанын табан ақы, маңдай терімен тапқан [«Ұшқан ұя», 10- бет] .
Табан ақы маңдай тері - адал еңбегі, жатпай-тұрмай істеген бейнеті [8; 484-б] .
2. Әкемді салы суға кетіп отырған молдалардың ішіне алып барды [«Ұшқан ұя», 13- бет] .
Салы суға кетті - еңсесі түсті, мойнына су құйылды, түңілді [8; 451-б] .
3. Сонан соң ол ет бауыры елжіреп , мені қамзолының омырауын ашып, қойнына жасырып алады да, жүгіре жөнеледі [«Ұшқан ұя», 21- бет] .
Ет бауыры елжіреу . Аяды, есіркеді, жаны ашыды, туысқандық, жақындық етті [8; 170-б] .
4. Осы бір алыста қалған балалық шақтың бал түні сұрапыл соғыс кезінде елестер деп, үш ұйықтасам түсіме енген емес еді [«Ұшқан ұя», 25- бет] .
Үш ұйықтаса түсіне кірмеген. Солай болады деп мүлде күтпеген, ойламаған [8; 552-б] .
5. Тағы сол сәтте осы балаларымның дәл менікі сияқты ғұлама әжелері азайып бара жатқанына қайта өкінем, қабырғам қайысады [«Ұшқан ұя», 27- бет] .
Қабырғасы қайысты . Жанына батты, қатты қиналды; ойысты [8; 302-б. ] .
6. Жаратушы тәңірінің жар құлағы жастыққа тимей , күндіз-түні ойға батыпты [«Ұшқан ұя», 30- бет] .
Жар құлағы жастыққа тимеді . Тыным таппады, дамыл көрмеді [8; 189 -б. ] .
7. Мен сендер сияқты күн сәулесін күтіп шығысқа жүгірмеймін де, көз майын тауысып төңірекке үңілмеймін де [«Ұшқан ұя», 31- бет] .
Көз майын тауысты . Зарланып, өксікпен жылады [8; 258 -б. ] .
8. Содан бастап көкемді ауылдағы екінші көзі ашық білімдар адам санайтын болды [«Ұшқан ұя», 39- бет] .
Көзі ашық - білімді адам, тереңнен ойлайтын жан [8; 260-б] .
9. Байқасам, нағашымның өзі де құранға құлшылық етіп отыруға мойны жар бермейді екен ғой [«Ұшқан ұя», 52- бет] .
Мойны жар бермеді . Жалқаулығы ұстады, ерінді, кежегесі кейін тартып, жұмысқа беттемеді [8; 392 -б. ] .
10. «Күн күйді!Күн күйді!» десіп, жамандыққа жорып зарлаған әйелдердің үні құйқа тамырынды шымырлатады [«Ұшқан ұя», 57- бет] .
Құйқа тамыры шымырлады . Қатты әсер етті, қатты қорықты, шошыды [8; 358-б. ] .
11. Бұл сөзге жауап қата алмай, ауыздарына құм құйылған жігіттер, іздерінше ат басын ауылға бұрған екен [«Ұшқан ұя», 66-бет] .
Аузына құм құйылды . Сөзден жым болды, жағы қарысты, сөз айта алмай қалды [8; 66 -б. ] .
12. Өзім ортасында жүрмесем, малымды біреулер талап алады деп, табаны жерге тимейтін [«Ұшқан ұя», 87- бет] .
Табаны жерге тимеді . Әлпештелген, жаяу жүріп көрмеген, бұла болып өскен деген мағынада [8; 485-б. ] .
14. Онсыз да шыбын жанын шүберекке түйіп тұрған Нығметтің руластары өре тұрды [«Ұшқан ұя», 99- бет] .
Жанын шүберекке түйді . Өте хауіп-қатерге, өлімге бас байлады; тәуекелге бел байлады [8; 187-б] .
1. 2 Бейтарап фразеологизмдер
Бейтарап сөзі жалпылама деген мағынаны білдіреді. Бейтарап фразеологизмдер ауызекі сөйлеу стилінде де қолданыла береді. Бейтарап фразеологизмдердің қосымша бағалауыштық қасиеті қолданылып жүре береді.
Шығарма тілінде кездескен бейтарап фразеологизмдер:
1. Біздің ауылдың Байтоқ деген кісісі алпыс шақырым әулиеатаға ат сабылтып жетіп, әкем жатқан үйге кіріп келіпбір ауыз сөз айтуға дәрмені келмей, момышты құшақтап жылай беріпті [«Ұшқан ұя», 7-бет] .
Ат сабылтты. Әуреге түсті[8; 141б] .
2. Қабылбектің ордасына ат шаптырым қалғанда текебай қасына серкебайды алып, басқалардан оқ бойы озып шығып, әкелі-балалы екеуі Қабылбек жағына келе жатады [«Ұшқан ұя», 15- бет] .
Ат шаптырым . Қашықтық өлшемі ретінде айтылады [8; 62-б] .
3 . Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған [«Ұшқан ұя», 16- бет] .
Қолы ашық . Береген, мырза, сақы адам [8; 347-б. ]
4. Ауыл адамдары мынау тосыннан басталған тамашаға түгелдей көз тігіп, өздерінше дабырласып тұр [«Ұшқан ұя», 39- бет] .
Көз тікті . Қадала қарады, тесіле қарады [8; 259-б. ]
5. Бір мезет азаудың сәл бұрылып сәл бұрылып шабысын кідіртуі мұң екен, көкем қас қағымда ат арқасына мініп үлгерді [«Ұшқан ұя», 40- бет] .
Қас қағымда. Лезде, көзді ашып-жұмғанша [8; 334-б] .
6. Бүкіл ауыл боп аяғынан тік тұрып қарсы алғаны бүгінгідей көз алдымнан кетпейді [«Ұшқан ұя», 42- бет] .
Аяғынан тік тұрды. Құрмет көрсетті, төбесінен тік тұрып қарсы алды [8; 76-б. ] .
7. Есіктен ең алдымен Серкебай нағашым бас сұқты [«Ұшқан ұя», 43- бет] .
Бас сұқты . 1. Бір жерге барды, кіріп аялдады. 2. Өзгенің ісіне көлденеңнен кірісті [8; 98-б] .
8. Күндіз-түні қабақтары ашылмай, мойындарына бұршақ салып, тілеу тілеген әжелер, бебеу қаққан аналар, мұңайған жас келіншектер бар тірлікті ұмытқаны сонша, мал-мүлік тұрмақ, біз сияқты бала-шағалар да назардан тыс қалып қойып едік [«Ұшқан ұя», 56- бет] .
Бебеу қақты . Қақсады, зар иледі [8; 108 -б. ] .
9. Оны байлап әкелген жігіттер ел адамдарына қамшы үйіргендей , қара бұлтты төндіре сөйлейді [«Ұшқан ұя», 64- бет] .
Қамшы үйірді. Қорқытты, хауіп төндірді, күш көрсетті [8; 313 -б. ] .
10. Жотаның жазы жақсы болғанымен, қысы тапа қиямет қайымның өзі ғой, - деп киімдерін шешіп, қарын сілкілейтін [«Ұшқан ұя» 67- бет] .
Қиямет қайым күні. 1. Ақыр заман. 2. Басқа түскен қиын жағдай, ауыр күн [8; 339 -б. ] .
11. Оның үстіне әлекке түскен Нығмет әулеті үсен әулетіне ат шаптырып, адам жіберіп отырғанда қарап қалсын ба [«Ұшқан ұя», 97- бет] .
Ат шаптырым . Қашықтық өлшемі ретінде айтылады. [8; 62 -б] .
1. 3 Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер
Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер күнделікті тұрмыс тіршілігімізде, сөйлеу тілінің диалог формасында, көркем әдебиетте еркін қолданылатын тұрақты тіркестер.
1. Сонда момыш екіден бір деп жазып, жарты дегеннің осы екенін түсіндіріп беріпті, қанша күн басы қатып , қамалып отырғандар өңі кіріп, қайта тіріліп, қуанып, құнжыңдасып, әкеме тәнті болып қалса керек [«Ұшқан ұя», 13- бет] .
Басы қатты. Не істерін білмей дал боп абыржыды, дағдарып әрі-сәрі болды, қатты састы [8; 99-б. ] .
2. Қимылсыз сусап жатар едік, бір тамшы суға көзімізді сатар едік [«Ұшқан ұя», 49- бет]
Көзін сатты . Телмірді, тіленді [8; 263 -б. ] .
3. Күн көкжиектен көрінбей, көз байлана бастағанда [«Ұшқан ұя», 50- бет] .
Көз байланды . Ымырт жабылды, қас қарайды, қараңғы түсті [8; 253-б. ] .
4. - Оу, Бауыржан-ау, өзің құйма құлақ екенсің ғой, шырағым, - деп Құлжабай арқамнан қақты [«Ұшқан ұя», 68- бет] .
Құйма құлақ . Зерек, айтылған сөзді жьадында ұстай білетін адам [8; 358 -б. ] .
5. Алыс жолдан арып келген екі жолаушы бір үйге түстенгелі ат басын тірепті [«Ұшқан ұя», 70- бет] .
Ат басын тіреді . Қонақ болып түсті, белгілі бір межелі жерге келіп жетті, тоқтады [8; 58-б. ] .
6. Қолы қысқалылықтан қорынып, оның ұстазы да, оның ізін қуған шәкірттері деболған емес [«Ұшқан ұя», 80- бет] .
Қолы қысқа. Кедей, жарлы; қалтасы жұқа [8; 347 -б. ] .
7. Кеш батса түні бойы көз ілмей , қиқулап қораны аңдып жүріп алады [«Ұшқан ұя», 72- бет] .
Көз ілмеді . Ұйқы көрмеді, ұйықтамады [8; 265 -б. ] .
8. Түні бойы кірпік қақпай , әл үстіндегі Жарылқасынды күзетіп отырдық [«Ұшқан ұя», 91- бет] .
Кірпік қақпады. Ұйықтамады, көз жұмбады [8; 297 -б. ] .
9. Қазір ойласам, әкемнің сондағы той мерзімін ұзартуға күш салып отырғанының түрлі себептері бар екен ғой [«Ұшқан ұя», 88- бет] .
Күш салды. Аянбай еңбек етті[8; 295-б] .
Бауыржан Момышұлы тұрақты сөз тіркестерін образ ашу үшін ұтымды пайдаланған. Көптеген лексикалық тіл ерекшеліктерін, фразеологизмдерді өз мәнінде, өз қалпында жұмсаумен қатар, бастапқы мәніне қосымша реңк кіргізіп түрлендіреді де, өзінің мақсатты ойына лайықтап қолданады.
Осы шығарманы талдау барысында 67 фразеологизм табылып, 34 фразеологизм талдауға түсті.
1. 4. Антоним, синоним, омоним сөздердің қолданысы
Антонимдер
Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ж. Мусин, Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.
Тіл көркемдігін арттыруда антонимдердің қызметі зор. Сондықтан да болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал-мәтелдерден жиі кездестіруге болады.
Зерттеуші ғалым К. Қ. Есіркепова өзінің “1960 - 1980 жылдардағы әйел - ақындар поэзиясының тілі (Ф. Оңғарсынова, М. Айтқожина, А. Бақтыгереева, К. Ахметова шығармалары негізінде) ” атты монографиясында антонимдерге тоқталып өтеді. “Антонимдердің көркем әдебиеттегі қызметі де айрықша. Өйткені тіліміздегі осы сияқты мәндегі сөздерді ақын - жазушылар өзара қарама - қарсы қойып, шығарма тілінің көркемдігін шыңдай түседі” деп айтылған. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сапасын, қасиетін, мөлшерін салыстырып және қарама - қарсы қою, өмір мен өлім, жақсылық пен жамандық, білім мен білімсіздік сияқты кереғар ұғымдарды көрсету арқылы философиялық ой түйінін, өмірге көзқарасын ақындар өз өлеңдерінде антонимдерді қолдану арқылы, яғни контраст суреттер беруде жиі пайдаланады. [Есіркепова 1960 1980 жылдардагы айел акындар поэзиясынын тілі; 26б]
Белгілі лексиколог ғалымдар Ә. Болғанбаев пен Ғ. Қалиев «Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады. Антоним дегеніміз мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер болып шығады. Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіпті кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы» деп, антонимдерге анықтама беріп, антонимдерді сын есімге тән антонимдер, етістікке тән антонимдер, зат есімдерге тән антонимдер, үстеуге тән антонимдер деп жікке бөліп, қарастырады [Болганбаев Калиев Казак тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы; 117б] .
Шығармадағы зат есімге тән антонимдер:
- Ағайын-туған арасындағыалыс-беріс, көрші-қон мәселесі, ас-той, дау-дамай - бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген [«Ұшқан ұя», 9- бет] .
Алыс-беріс . Ауыс-түйіс, алым-берім [Жанузаков тусіндірме создігінен талданды; 44 б. ] .
Сын есімге тән антонимдер:
- Иә, әлемнің пайда болуы, тірлік дамуы, адамзаттың шығуы, өмір жайлы, шынайы сезімменазаматтық тұрғысындағы жан баурайтын аңыздарды айтқан; неніңжақсы, нежаманекенін, нені сүйіп, неден аулақ жүру керектігін үйреткен [«Ұшқан ұя», 26- бет] .
Жақсы . Жаман емес, оңды, тәуір [13; 252 б. ] .
Жаман . Сапасы төмен, жақсы емес, әсіре нашар [13; 261 б. ] .
- Бұл ендіоңды-солыңдытани бастадың, ер санатына іліктің, сенімен есептесер, ақыл бөлісер кезең келді деген сөз [«Ұшқан ұя», 28- бет] .
Оңды - солы . Жақсы-жаманды айырды [13; 634-б. ] .
- Жаппар ием жарық дүниені, Күн мен Айды, жарық пен қараңғыныжаратарда, күнге, аптаға, айға және жылға ат қоюды ұмытып кетіпті [«Ұшқан ұя», 29- бет] .
Жарық . Қараңғы емес, жарқыраған, ашық [13; 274 б. ] .
Қараңғы . Қараңғылыққа шомған, түнек [13; 482 б. ] .
- Ақыры дүниенің сапырылысқаны сонша, тіптен кімніңүлкен, кімніңжасекенін ажыратудан қалыпты [«Ұшқан ұя», 29- бет] .
Үлкен . Ауыс. Бұрын туған, жасы артық [13; 870- б. ] .
Жас . Жаңа өсіп келе жатқан жасөспірім [13; 276- б. ] .
- артық, - деп теріс батасын беріп ата қоныстан аластап шығарған екен [«Ұшқан ұя», 67 - бет] .
Адал. Шын берілген, сенімді [13; 16-б. ] .
Арам. Ауыс. Қараниет адам[13; 53-б. ] .
- Кейін байқасам қыз айттырған жігіт қыз сынаймын деп отырғанда, оны ауылдыңкәрі-жасытүгел барлайды екен гой [«Ұшқан ұя», 106 - бет] .
Жас . Жаңа өсіп келе жатқан жасөспірім [13; 276-б] .
Кәрі . Көп жасаған, қартайған, қария, қарт [13; 371-б] .
Үстеуге тән антонимдер:
- Ал ересектердің арасында «сыртыжылмаң, ішіарамдары» кездесетінін, құдайға шүкір, көріп жүрміз [«Ұшқан ұя», 18- бет]
Сырт . Бір нәрсенің ішіне қарама - қарсы жақ, тыс[13; 766б] .
Іш . Бір нәрсенің ішкі жағы, ортасы, арасы [13; 953б. ] .
- Жаратушы тәңірінің жар құлағы жастыққа тимей, күндіз-түніойға батыпты [«Ұшқан ұя», 30- бет] .
Күндіз. Түнге қарама - қарсы күн жарығындағы тәуліктің жаршысы [13; 430б] .
Түн. Тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы [13; 832б] .
- Серкебай оныертелі-кешкітап оқудан бас алдырмайды екен [«Ұшқан ұя», 45 - бет] .
Ерте. Таң сәріде, ертемен [13; 232-б. ] .
Кеш. Ымырт жабылып, қараңғы түскен уақыт [13; 393-б. ] .
Етістікке тән антонимдер:
- Қаһарлы Қабылбектің қалды [«Ұшқан ұя», 14- бет] .
Аш. Жабылған, бекітілген нәрсені ашық қалыпқа келтіру [13; 75б. ] .
Жұм. Кірпіктерді, ерінді айқастыра жабу [13; 316- б. ] .
- Ал айға адамдардың көмекшісі бол, жүзіңдіашып-жауыптұрып, есеп жүргізуге көмектес депті [«Ұшқан ұя», 30- бет] .
Аш. Жабылған, бекітілген нәрсені ашық қалыпқа келтіру [13; 75-б. ] .
Жап . Бір нәрсені ашық қалдырмау, бекіту[13; 268-б. ] .
- Жатса-тұрсаатын атап тұратынды шығарды [«Ұшқан ұя», 45 - бет] .
Жат . Жамбастап, шалқалап, қырындап, не етпеттеп жату [13; 279-б. ] .
Тұр . Тіп-тік қалпында бір жерде тұрып қалу [13; 825-б. ] .
Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін талдау барысында 20 антоним табылып, соның 13- і талдауға түсті. Талданған антонимдердің ішінде ең көбі сын есімге тән антонимдер екендігі анықталды
Омонимдер
Қазақ тілінде сөздің құрамы жағынан лексика - семантикалық сөздер тобының басты саласының бірі - омонимдер .
Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К. Аханов: “Омонимия құбылысын жан - жақты қарастырып, оның сырын ашудың зор маңызы бар. Сөздіктерде омонимдер мен полисемия құбылысының бір - бірінен жігі ажыратылмай, теріс берілуі жиі кездеседі. Бұлай болуы негізінен алғанда, омонимия құбылысы мен полисемия құбылысының зерттелінбей келгендігімен байланысты. Омонимдерді жан - жақты толық зерттеп, олардың ерекшеліктерін ашпайынша, сөздіктерде сөз мағынасының шегін дұрыс ажыратып беру әр уақытта мүмкін мүмкін бола бермейді” - дейді.
Омонимдер мәселесі жайында орыс ғалымдары: Л. А. Булаховский, В. В. Виноградов, Р. А. Будагов, Е. М. Галкина - Федорук, А. И. Смирницкий т. б. көп салалы зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір - біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұларды бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір - бірінен өзгешелігі түр - тұрпатында емес, мағынасында жатыр. Көп мағыналы сөздердің екі, я одан да көп мағынасы болады.
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ ұғымы әр басқа сөздер тобын білдіреді. Бұлардың білдіретін ұғымы бір сөз табына, әр сөз табына да дара - дара болып бөлініп жарылып тұра береді. Кейбір омонимдердің түп - төркіні жағынан белгілі бір байланысы болғанымен, мағына жағынан бір - бірінен соншалықты алшақ екендігі аңғарылады. Шығу тегі, жасалу тұрғысынан полисемия құбылысымен белгілі бір байланысы бар омонимдер ғана көп мағыналы сөздермен өзара ұштасып, бір - бірінен ажыратып бөлуге келгенде қиындық тудырады. Тіл білімінде полисемантизмді омонимдерден ажыратудың бірден - бір жолы - мағыналық байланыстың сақталуы мен сақталмауы негізгі тірек болып саналады. Егер мағыналардың арасында семантикалық байланыс үзілмей, қалай да сезіліп тұрса, онда мұндай мағыналар бір сөздің әр түрлі мағынасы ретінде қаралып, көп мағыналы сөз деп танылады.
Мағыналардың арасындағы семантикалық байланыс біржола үзіліп әр мағына өзінше дараланып, бір - бірінен ажыратылған болса, ондай сөздер омонимдес сөз деп қаралады.
Тіліміздегі сөздердің мағыналық дамуы - олардың ішкі мүмкіндігіне байланысты өзіндік заңдылықтары мол күрделі құбылыс. Бұл құбылыстың бір көрінісі - гомогенді (бір текті) омонимдердің пайда болуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz