Абай шығармаларындағы лирикалық кейіпкерлер
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақ және орыс филологиясы факультеті
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ЛИРИКАЛЫҚ КЕЙІПКЕР БЕЙНЕСІ
Курстық жұмыс
Ғылыми жетекші:
Қостанай, 2016 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1 Лирика. Лирикалық кейіпкер
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1 Лирика. Лирикалық
кейіпкер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...4
1.2 Абай шығармаларындағы лирикалық
кейіпкерлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2 Абай шығармаларындағы лирикалық кейіпкер
бейнесі ... ... ... ... ... ... ...9
2.1 Абай шығармаларындағы жүрек бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Абай шығармаларындағы Әбдірахман
бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..25
КІРІСПЕ
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.
Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің құлазыған
ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол
салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық, түнегіне ол
шамшырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды
өз халқына талмастан көрсетті.
Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал
ол біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің
шамшырағы ретінде қабылдаймыз. Біз үшін Абай өткен күннің ғана аңыны емес,
халықтың алға қарай қажырлы ұмтылуында ақын онымен бірге болды — ал мұндай
ақын өлмек емес, өйткені оның шығармаларына уақыт шек қоя алмайды.
Қазақ халқы бір кезде адамның өмірін мүшелмен санаған. Ал поэзияның
аңыз болған қайнары Әбіл-хаяттан мәңгі сусын татқан жыршы үшін мүшел
ғасырлармен өлшенеді. Өзінін, еңбегін жете бағаламаған және аз түсінген
замандастарын артқа тастап, Абай дәл бүгінгідей, біздің қасымызда тұр.
Халқының күресі мен азабын, тағдырын өз үлесіне аяған ақынның есімін
біздің әділетті халқымыз аса қастерлейді.
Абайдың еңбектері, оның әлеуметтік қызметі және үстем тапқа
өшпенділігі, царизмнің сенімді жалдаптары дала феодалдарының ызасын
келтірді. Олар білімді, қайсар ақын ту еткен идеяларға және ақынның өзіне
қарсы лас, зұлымдық тартыс жүргізді. Абайдың бұл жаулары чиновниктермен,
билеуші таптың интеллигенциясымен бірлесе отырып қимылдады.
Тақырыптың өзектілігі: Лирика. Лирикалық кейіпкер ұғымдарына түсінік
беру. Абай шығармаларныдағы лирикалық кейіпкерлерді анықтау.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты Абай шығармаларын
талдай отырып, лирикалық кейіпкер бейнесін ашу. Осы мақсатты негізге ала
отырып, төмендегідей мінедеттер қойылды:
- Абайдың жүрек тақырыбындағы өлеңдерін талдау;
- Әбдірахман бейнесін ашатын өлеңдеріне шолу жасау;
Жұмыстың нысаны: Жұмысты жазу барысында Абай өлеңдерінің жинағы
пайдаланылды
Курстық жұмыстың ғылымилығы: Абай шығармашылығындағы лирикалық
кейіпкер бейнесіне назар аударылып, ғылыми-зерттеулер негізіндегі сөз
саптаулары пайымдалынды.
Зерттеу әдістері: Курстық жұмысты жазу барысында баяндау, салыстырмалы
талдау әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізіменен тұрады.
1. Лирика. Лирикалық кейіпкер бейнесі
1. Лирика. Лирикалық кейіпкер
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем
әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін,
сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен
жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның
сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы
көрсетіледі. Кез келген сезіну мен толғаныс Лирика тудыра алмайды,
әлеуметтік-толғаныстар лирика тудырады. Эпика жанры баяндауға негізделсе,
Лирикалық шығарма адамның түрлі құбылыстан алған әсерін бейнелеп жеткізу
шеберлігімен ұштасады. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен
басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той
бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде,
қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ
поэзиясында Шалкиіз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы
бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген.
Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын,
мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын,
күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық
туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол
арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі
жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет
сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына
жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына
қарай бөлінеді:
ϖ Саяси-азаматтық лирика
ϖ Махаббат лирикасы
ϖ Философиялық лирика
ϖ Табиғат лирикасы
Лириканың тағы басқа түрлері - арнау, ой, романс, пастораль, эклога,
эпиталама, эпитафия, эпиграмма, идиллия. Орта ғасырда роман (француз,
испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан Лириканың ерекше бір
түрі - баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық
әдебиетте кең тараған. Мысалы, қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың "Бидай
туралы баллада", сондай-ақ, "Мұғалима", "Күзетші" балладалары бар.
Антикалық әдебиетінде көп тараған идиллия уайым-қайғысыз жеңіл өмірді
жырласа, одалар есімі елге тараған белгілі жеке адамдарды, не батырларды
мадақтаған. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқ та бар.
Арнаулы өлшеммен жазылатын Лирикалық сонет үлгісін Е.Әукебаев, Қ.
Шаңғытбаев, Қ. Аманжоловтар қолданған. Элегия да Лирикаға жатады. Онда
көңіл кайғысын суреттеу жиі ұшырайды. Қазақ әдебиетінде, Абай
шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің
нәзік түйсінулерін көрсететін Лирикалық шығармалар өте көп. С. Сейфуллин,
Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, I. Жансүгіров, М. Дулатов, С. Мұқанов, С.
Мәуленов, Ә. Тәжібаев, F.Орманов, Ж. Молдағалиев, М. Мақатаев
шығармаларында қазақ Лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс
тапқан.
Субьективтік өнердің интонациялық жүйесінде ортаңғы орын алатын
шығарманың лирикалық кейіпкердің интонациясы. Бір жағынан, кейіпкерлердің
интонациясын өзіне жинап, интонациялық фабуланың тұтастылығын күшейтеді.
Екінші жағынан – композитордың шығармасының біртұтастылық қалыптасуына
стильдік бірлігі айқындалады.
Шығарманың субъектісі – лирикалық кейіпкер – әрине кейіпкер сияқты тірі
жан. Лирикалық кейіпкер өзіне тән нерв жүйесінің әрекетімен, дем алудың
ерекшелігімен, тілімен, жүрісімен, ойымен, белгілі қажырлылығымен, мінез
ерекшелігімен бөлінеді.
Лирикалық кейіпкер тарихи, ұлттық және әлеуметтік нақтылы, әр қашанда
өзінің әлеуметтік-мәдениет уақыты мен кеңістікте дәлме-дәл
құрылымдастыруында. Олсыз көркем әлем құриды, өнер өледі.
Менің кейіпкерлерімде жалпы иісі мен жалпы өқтемі (тон) болсын деп
арқашанда тырысамын — деп, айтады А.П.Чехов.
Өзінің қайталанбайтын дауысымен лирикалық кейіпкер – көркем мәдениет
әлемінде ең жылжымалы элемент. Ал жаңадан лирикалық кейіпкер келетін болса,
онда музыка жүйесі де қайта құрылады [1].
1.2 Абай шығармаларындағы лирикалық кейіпкерлер
Абай - қазақ поэзиясына шын мәніндегі лириканың классикалық үлгілерін
енгізген ақын. Ал лирика дегеніміз — ең алдымен сезімге құрылатыны ежелден
мәлім. Бұл жерде екі түрлі сезімнің толқыны тоғысады. Бірі - өлең үдерісі
үстінде тебіренген ақын сезімі, екіншісі - сол сезімнің күшімен, соның
әсерінен туындайтын оқырман сезімі. Бұл екеуі шынайы болғанда, бір-бірімен
табиғи үндестік табады.
Абай өзінің Жасымда ғылым бар деп ескермедім деген өлеңінде:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? [2, 47], - деп
авторлық масканы шығармашылық тәсіл ретінде пайдаланады деп айта аламыз.
Лирикалық шығармада автор мен лирикалық қаһарман, лирикалық кейіпкер
бейнелері қатар жүретіні заңдылық. Әдебиеттанушылардың мәтінді поэтикалық
талдауы, қарапайым оқырманның талдауынан бөлек болуы керек. Қатардағы
оқырман автор бұл шумақтарда өз өмір жолдары туралы айтып тұр деп ары қарай
идеялық талдау жасайды. Алайда, өкінішке орай, көптеген жылдар бойына
әдебиетшілер қауымы да, қатардағы оқырмандық талдау қалыбында қалып, лирика
әрбір айтылған сөз тура реалды автордың өзіне тиесілі деген қағидадан ұзай
алмағандығымызды көрсетеді. Үнемі өсу, ізденіс, даму, динамика, эволюция
үстіндегі ақын жаны әдеби тәсіл әсірелеу арқылы, өзін барлық нәрседен
махрұм қалған жан етіп көрсетуі, әдетте тиімді пайдаланылған бет-перде
екендігін айта аламыз. Ғылымнан шет қалған, хабары жоқ, ғылым-білім еш
уысына түспеген жанның өз әрекеттерін көре біліп сараптауы, ой қорытуы,
өзінен есеп алуы, талдауы ақылды жандарға лайық қасиет екендігі аян. Ақын
кейінгі оқушыларына, болашақ жас өркен балаусаға әсер етіп, жүректеріндегі
отты үрлеп ояту үшін қолданған көркем тәсілі деп қарастырамыз.
Ақынның бұл өлеңіне талай жылдар бойына идеялық талдаулар жасалды. Енді
ақын өлеңдеріне дискурстық, поэтикалық талдау жасайтын кезең келді. Осы
тұста Абай поэзиясының басты ерекшелігін мойындауымызға тура келеді. Абай
поэзиясы - хатқа түсіп қатталған лирика теориясының қалыптарына түгел
дерлік сия бермейді. Абай поэзиясы - қазақ қоғамының қасіретті тағдыры
тудырған төлтума ерекшеліктері бар поэзия. Өлеңдерінде дидактика мен
философияға көп бой алдыртатыны, әр өлеңінде халықты түзесем екен,
халықты оятсам екен, халықты тура жолға салсам екен деген, Ж.П.Сартдің
тілімен айтсақ ангажированность- әуестілік [3, 331], яғни халық
тағдырына әуестілік, әлеумет жағдайына әуестілік, елдегі саяси-әлеуметтік,
рухани-моральдық деформацияға әуестілік басым болып келеді. Алып Абай
осындай мәжбүрлі әуестіліктерді қатар ала жүріп, лирика жанрының шыңына
да қол жеткізеді.
Абай өлеңдерінде лирикалық қаһарман көп жағдайда әлеуметтен рухани
тұрғыда жоғары тұрған, төңірегіндегі болып жатқан дүниелерді таразыға
салып, бағамдап, бағалап отыратын тұлға болып келсе, кейбір өлеңдерінде
өзімен-өзі араздасып, өз мінін жіпке тізген, өз нәпсісімен арпалысқан адам
тәрізді көрінетін тұстары бар. Махаббат, достық, сүйіспеншілік, ғашықтық
тақырыптарына келгенде Жас жүрегім, жанды менің деп желдей есетін ақын,
әлеумет мәселелеріне келгенде қажыған, арық, қайғылы қартқа айналып
шыға келеді. Қайғы шығар ілімнен деген өлеңінде ақынның лирикалық
кейіпкері өзімен сұхбаттасып, мынадай сөздерді айтады:
Қайтіп қызық көремін
Әуре-сарсаң күнімнен?
Қайрылып қарап байқасам,
Ат шаба алмас мінімнен [2, 182].
Ақын көркем бейнелілік арқылы өз бойында мінінің көп екендігін айтып
отыр, ақын да ет пен сүйектен жаратылған адам, оның өз бойында түрлі
міндердің болуы заңдылық, лирикалық кейіпкер сол міндерден тазартудың,
құтылудың, жоюдың жолдарын іздестіріп, күресуге бел байлап отыр деп
қарапайым талдауымызға да болады. Лирикалық кейіпкер кемшіліктен ада,
періште тәрізді жан емес, көпшілік қабылдаушылар сынды пенде екендігін еске
салып, қабылдаушы санасында бұл да кемшілікті екен, сол кемшіліктерімен
күресіп отыр екен, бұл сынды менде өз кемшіліктерімді түзетуге тырысайын
деген катарсистік ой тудыруға арналған тәсіл деп түсінсек керек. Бір
келісетін жәйт, ақынның ақылшы, бәрін білуші бет-пердесінен ауытқып,
қабылдаушы үшін жаңа бейнеге көшкендігі, оның автор маскасын
өзгерткендігін, көркемдік тәсілді пайдаландығын айғақтайды.
Ақын Абай да лириканың жанрлық қасиеттерін жете меңгергендіктен, өз
өлеңдерінің жарыққа шығып, баяндалуын түрлі тәсілдермен жеткізуге тырысқан.
Көбіне ақылман лирикалық қаһарман бұл тұста басқа бет-пердемен
көрінген. Жағымды лирикалық қаһарманнан жағымсыз қаһарманға айналған,
гротеск тәсілі, қарама-қарсылықтарды ойнату арқылы жаңа эффект тудыруға
тырысқан. Ақын өз жүрегінің неліктен кірлегенінің себептерін де
қабылдаушысына ежіктеп түсіндіріп кетеді:
Осынша ақымақ болғаным
Көрінгенге қызықтым.
Ғаділетті жүректің
Әділетін бұзыппын.
Ақыл менен білімнен
Әбден үміт үзіппін;
Айла менен амалды
Меруерттей тізіппін
Жалмауыздай жалаңдап,
Ар, ұяттан күсіппін.
Қулық пенен сұмдыққа
Құладындай ұшыппын;[4, 120].
Ақын өзін жағымсыз лирикалық қаһарман, не антиқаһарман ретінде
бейнелей отырып, өз заманының қабылдаушыларының типтік бейнесін сомдайды.
Автор маскасын пайдаланып, антиқаһарман сипатындағы бейне суреттей отырып,
бір ғана кейіпкердің бейнесін емес, мыңдаған кейіпкерлердің бейнесін
кескіндейді. Әсер ету эстетикасы, лирика құдіреті арқылы автор өзін сөккен
болып, сомдалған образдан өздерін таныған қабылдаушы қауым өкілдерін
дерттерін емдеуге, кемшіліктерін түзеуге, антиқаһарман бейнесінен өз
бейнесін көріп, автотерапия жасауға ұмтылар деген стратегиядан туындаған
тәсіл. Жүрек сөзін тыңдауды ұмытқан, айла мен амал серік еткен, ар-ұятты
ығыстырып қойған, қулық-сұмдыққа епті қазақ қоғамының азаматтарына әдеби-
көркем, эстетикалық әсер етудің үлгісі. Автор жалаң ұран, жалған пафос
арқылы емес, не құрғақ дидактика, мораль, саяси-әлеуметтік үндеу,
декларациямен емес, сөз өнері, оның ішінде лириканың құдіреті арқылы
қабылдаушылардың жан дүниесіне әсер етуді көздейді. Абайдың бұл өлеңі қай
заман болсын өз құндылығын жоймайды. Қай заманда болсын бұл өлеңді оқыған
оқырман, жүрек түкпірінде түрлі ойға қалатыны анық. Ең қарабайыры, алып
Абай өзін осылай сөге жамандағанда, мен кім болыппын, менің ішім,
адамдығым, болмысым таза ма деген сауалдар қойып, толғанатыны ақиқат.
Демек, автор өз мақсатына, оқушыны тебіренту, толғаттыру, автотерапия
үдерісін бастау деген сынды мақсат-межесіне қол жеткізіп отырғандығына
көзіміз жетеді.
2. Абай шығармаларындағы лирикалық кейіпкер бейнесі
2.1 Абай шығармаларындағы жүрек бейнесі
Адам көкірегі - сезімнің ұясы. Оны бірінен соң бірін туындатып,
бірімен - бірін шарпыстырып, бірін тұтандырып, енді бірін тұншықтырып
жататын майдан алаңы - жүрек.
Егер Абайша айтатын болсақ:
Жүрек - теңіз, қызықтың бәрі - асыл тас,
Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас.
Жүректен қызу – қы1зба кете қалса,
Өзге тәннен еш қызық іс табылмас.
Жүрек деген Абай айтқандай бір телегей теңіз болса, сол теңіздің
түбінде тұнып жатқан асыл тастың бәрі адамның өмірде көрген қызығы екен.
Дәлдеңкіреп айтқанда, ізгі сезім атаулының бәрі қызық. Жомарт жүректен
туындайтын ондай ізгі сезімдердің түр-түрі көп-ақ: достық сезім, туыстық
сезім, ата-ана сезімі, перзенттік сезім; қуаныш, шаттық, махаббат
сезімдері. Осыларға қарсы қайғы-қасірет, өштік - қастық сияқты сезімдер
тағы бар. Абай оларды да ұмыт қалдырмайды. Шынында да:
Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі,
Ар-ұяттың бір ақыл - күзетшісі.
Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық,
Арын, алқын - бұл күннің мәртебесі [5, 120].
Бойындағы өзге кеселдердің бәрін былай қойғанда (ол, мәселен, баукеспе
ұры, алаяқ қу, түйені түгімен жұтатын жемқор алаған болуы мүмкін), тек осы
жүзі қара сатқындығы үшін ғана қатты айыптауға лайық болар еді. Бір
таңданарлығы, арамзалықтың өрісі алысқа бармайтындығын білген ақын онша көп
ашынып, таусылмайды. Қайта кірер есікті қатты серіппе деген ескі жорамен
әліптің артын бағып қала береді.
Өйткені ізгі жүректің кешірімшілдігі мен төзімділігінің әр жағында
кемелдік пен көрегендік жатыр. Арамзаның бір тұтам құйрығы бір-екі
бұлғаудан артыққа бармай, шолтаң етіп бір жерде ұсталып қалады. Сөйтеді де,
иесінің бауырына жабысып алып, келген жеріне қайтып кетеді.
Арқауы бос алдамшы достықтың осындай бір парасы Жүрегім, ойбай, соқпа
енді деген өлеңде суреттелген. Мұнда ақынның сенгіш жүрегі ішкі кейпін ащы
өкінішпен сыртқа шығарады. Өйткені кімге сенсе, соның бәрі шикі боп шыға
береді. Көрмей сенбе, тоқта енді деп қанша ескерткенмен, жүрекке тыныштық
орнықпайды. Ақынның өз сөзімен айтсақ: Сенісерге жан таба алмай, сенделеді
ит жүрек. Оны сенделтіп қойған - жаңағы жалған дос. Сондай тұрақсыздардың
біріне бағана ақын:
Қайта келер есікті
Қатты серіппе, жарқын-ау!
Жетілсең де, жетсең де,
Керек күні бір бар-ау,-
деп ескертіп еді ғой, мынау сүмірейіп келіп тұрған - дәл соның өзі.
Сондықтан ақын оның сондағы сорақылығын бұл жолы бетіне басып тұрып айтуға
мәжбүр:
Жоқ деп едің керегің,
Toп жиып ең бір бөлек.
Кезек келер демедің,
Ендігі керек - қай керек?
Айтылған сөз - атқан оқ. Ақынның аузынан шыққан бұл қатқыл үн қатал
үкімдей естіледі. Өйткені ақыл мен сабырдың ортақ нәтижесіндей кесіп
айтылған байсалды байлау жазаның ең үлкені болса керек.
Ақынның бұлайша таусылып айтатын жөні де бар. Өз өмірінде мұндайдың
талайын көріп, жүрек шайлыққан, көңіл түңілген. Бұдан ертерек кездің
өзінде:
Қажымас дос халықта жоқ,
Айнымас серт қайда бар?-
деп жалғанға жар сала сауал қойып, жауабын әлі күнге ала алмай келе
жатқан ақын көңілінің әбден суынған бір тұсы осы болса керек. Өйткені оның
жұртқа істеген жақсылығының бәрі ізінше ұмыт болады да, өзінің бір рет
жаңылыс басқан аяғы ылғи да кекті араздық тудырады. Соның ішінде кімге
көбірек достық етсе, содан көрген кейістігі көп болып шығады.
Бұдан туатын қорытынды - ақын өз өлеңдерінде биік адамгершілікті
қаншама ардақтап, аспанға көтерсе, соның бір жарқын көрінісіндей адал
достыққа жүрек сезімінің ең мөлдір тұнығын арнайды. Оны мейлінше
аспандатып, асқақтатып, шабыттана жырға қосады. Алда-жалда сол сезімі
алданышқа айналып, дос дегені жай бір тантық болып шықса, ол ақын жанына
ауыр жарақат түсіретін тағдырдың әділетсіз тақсіретіне айналады.
Ақын жүрегінің жылы мейірімін ащы запыранға айналдырып, құса
тартқызатын мұндай азаптан адам жанының небір тұңғиық қатпарларын қопарып,
тыңдаушысының алдына жайып салатын шыншыл, уытты жырлар туады [5, 138-140].
Адам жүрегіне түсетін салмақтың белгілі бір өлшемі бар деп айту қиын.
Ол әркімнің өмір тәжірибесіне, адамгершілік парасатына, әрі-беріден соң,
оның бүкіл ой-өрісінің, дүниеге көзқарасының аумақ, деңгейіне байланысты
болса керек. Өзінің күйкі тіршілігінің күнделікті қамынан басқа ешнәрсені
көрмей, білмей өтетіндер де бар шығар, әрине. Ал енді айналасындағы адамдар
қарым-қатынасынан бастап, бүкіл ғаламдық құбылыстардың сыр-сипатына дейін
үңіліп, соларды жүрегінің сүзгісінен өткізіп, соларға бірде шарпылып, бірде
қарпылып дегендей, өзін дүние -болмыстың қалың ортасында ұстайтын жандардың
жөні мүлде басқаша.
Біз ақын жырларындағы сезім құбылыстарын сөз қылғанда, олардың
сәулелі, көлеңкелі жақтарының тигізетін әсерін бірдей көріп отырдық. Олар
ақын жүрегін бірде шуағымен жылытып өтсе, бірде ызғарымен қарып кетіп
жатады. Солардың барлығы жиналып, қорытыла келе, ақынның бүкіл көңіл-күйін
билеп, былайша айтқанда, жан дүниесінің жалпы ауа райын қалыптастыратынын
байқаймыз.
Өкінішке қарай, соры қалың, соққы жеген пышанамыз деп ақынның өзі
айтқандай, жаңағы көп құбылыстардың ішінде ләззатынан гөрі бейнеті,
рақатынан гөрі зарары басым түсетін жайттар көбірек кездеседі.
Ақын тұрмыстың тақсіретін тартқан шарасыз жандарды көріп қамықса да,
адам мінезіндегі жиіркенішті жайлардан безінсе де, оның жүрегінде белгілі
бір сезімнің табы қалып жатады. Тіпті өз басының өзгелермен қарым-
қатынасындағы иірімдердің әсері қаншама?
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Өкінішті көп өмір кеткен
өтіп, Ішім өлген, сыртым сау, Жастықтың оты, қайдасың? деген сияқты
тақырыптардың өзі-ақ белгілі бір кезеңдегі ақын көңілінің қандай күйде
болғанын айқын аңғартады.
Ақынның жан дүниесін қасірет бұлты торлап, жүрегін торығу сезімі
билейтін көңілсіз шаққа біз осы тұста тап боламыз. Әрине, торығудың да
торығуы бар. Айталық, жеке адамдардан көрген қиянат, дос-жаранның айнығыш,
құбылмалы мінезі, махаббат баянсыздығы, өткенді аңсау, тағысын тағылар.
Олардың бірқатарында уақыт өте келе өздігінен айығып кететін өткінші сипат
та болуы мүмкін. Олардан өзге, адамның бүкіл тіршілік-тынысына, оның
қалыптасқан ырғағына ықпал етіп, тіпті дүниеге көзқарасына дейін күрделі
өзгеріс енгізетін себептер де болады екен.
Ақын өмірінің соңғы кездеріндегі бірқатар шығармаларынан оның көңіл
күйінің осындай ауыр халін, жекелеген оқиға, құбылыстардан емес, жалпы
өмірден торығу сарындарын байқаймыз.
Қай жылы жазылғаны анық белгісіз Ойға түстім, толғандым атты
өлеңінен ақынның өткен өміріне көз салып, қатты толғаныс үстінде отырғанда,
өзіне-өзі қатал сын айтып, ғұмыр бойғы істеген ісін түп-түгел тәркі
қылатынын көреміз. Сонда ақын өзін жазғырып отыр ма? Жоқ, өзін ығына
түсіріп алып, ырқынан шығармаған тіршілік атты дүлейге наразылығын білдіріп
отыр.
Осыдан, сөз жоқ, көп бұрын жазылған, бірақ тақырып жағынан өте ұқсас
Өкінішті көп өмір кеткен өтіп атты өлеңмен салыстырғанда, жаңағы
шығарманың түйіні мен шешіміндегі айырмашылық тіпті айқын көрінеді.
Өкінішті көп өмірде... ақынды опындыратын жағдайлар немене, соны
еске түсіріп көрейікші:
Үлгісіз жұртты үйретіп қалдық кейін...
Сенімі жоқ серменде сырды бұзды...
Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз –
Жалғандықтан жасалған көңіл жүгі...
Сеніскен досым да жоқ, асығым да,
Ақыры өлең қылдым, жасыдым да...
Көріп отырмыз, онда да ақын көңілі тасып төгіліп тұрған жоқ. Бірақ
біржола күйреуден де аулақ. Ақынды түңілткен - жекелеген себептер. Ал мына
өлеңде бүкіл өмір ағымының сағаға тірелер жердегі барлық сарқындылары үшін
ақын тек өзін ғана айыптайды. Өйткені өзінен басқаға енді үкім өтпейтінін,
жаза жүрмейтінін ол біліп отыр.
Араларына он жыл салып жазылған Ішім өлген, сыртым сау және Жүрегім
менің қырық жамау атты екі өлеңді салыстырып қарасақ та, осындай кереғар
айырмашылықты аңғарамыз. Тақырып жағына қарасақ бірінші өлеңнің қасіреті
күштірек сияқты. Ішкі дүниесі түп-түгел өліп қалса, одан артық қандай
қасірет болуы мүмкін.
Шындығында ақын мұнда бүгін дос, ертең жау болып кететін опасыз адамға
ғана базына айтып отыр. Шығарманың басынан аяғына дейін - соның жыры, соның
кебі. Ақын көңілі, сөз жоқ, ондайдан да жабырқанады. Бірақ дүние әзір
біржола бүлініп кеткен жоқ.
Ал енді екінші өлеңде ақын жүрегін қырық жамау қылатын не нәрсе? Ол -
қиянатшыл дүние! Соның әрбір оқиғасы, әрбір құбылысы жүректің мысын құртып,
тауын шағып отырса, ол қайтіп аман-сау қалады? Әрине, қала алмайды.
Ақын осыған шағынады.
Өлді кейі, кейі - жау,
Кімді сүйсе бұл жүрек.
Кімі - қастық, кімі - дау,
Сүйенерге жоқ тірек.
Алғашқы өлеңде жаулық бір-ақ адамның тарапынан еді ғой, мұнда бәрі
жау, бәрі қас. Бүкіл дүние қиянатшыл. Оның үстіне:
Кәрілік те түр тақау,
Алдымызда айла жоқ.
Қайғысыздың бәрі асау,
Бізге онан пайда жоқ.
Сол себептен де амалы таусылған ақын өзінен өзге тағы бір қайғылы адам
бар ма екен деп, сөзін соған арнайды. Мен сияқты опынып қалма, бойындағы
барыңды іске жаратып қал, - деп соған өсиет айтады.
Қан жүректі қайғылы-ау,
Қайрыла кет сен маған.
Қасиетін ойлан-ау,
Қам көңілдің тынбаған.
Жекелеген адамға өкпе-наз айтып, жекелеген оқиғаларға наразылық
білдіру мен жалпы өмірден торықтыратын жағдайға тап болудың арасындағы
айырмашылықты аңғарту үшін тағы бір екі өлеңге салыстыру жасайық.
Ілгеріректе өзіміз қарастырып өткен Келдік талай жерге енді мен
Жүрегім, нені сезесің атты екі өлең. Бұлардың арасында да тура он жыл
қашықтық жатыр. Алғашқы шығармадағы ақынның көңіліне қаяу түсірген жайт
біреу Ол:
Осы жасқа келгенше,
Өршеленіп өлгенше,
Таба алмадық еш адам
Біздің сөзге ергенді.
Кезінде өте орынды айтылған, өте елеулі өкініш. Бірақ әлі күдер үзген
жоқ. Сондықтан ақын көңілі қайта бір сергіп алып, қиынға құлаш ұратын. Ал
қазір ше? Қазір дүниені кезіп шарқ ұрған көңіл еш жерден тиянақ таппай
безектейді. Таптым дегенінің бәрі жалған боп шығады.
Ортақтық, тыныштық достық қой,
Оның қадірін кім білер.
Әркімге ақ тілеу қостық қой,
Бәрі - алдамшы саудегер.
Тіпті біреуге адал көңіліңмен ақыл айтсаң да, соны өткізу үшін ақы
сұрайды. Осындай тасқамауды сезген жүрек қалай күймейді?
Күйесің, жүрек, күйесің,
Күйгеніңнен не пайда?
Дүниеде нені сүйесің,
Өмір қайда, дос қайда?
Шешімі қолдан шығып кеткен осындай көп сұрақтардың астасып келіп
тоғысқан бір торабы Көлеңке басын ұзартып атты элегияда бейнеленген. Аса
зор көркемдікпен жазылған бұл шағын өлеңнің әрбір сөзін жанды бейне десе
болғандай. Мұндағы көлеңке басын ұзартып, алысты кезден жасырып тұрған да,
күнді уақыт қызартып, көк жиектен асырып тұрған да - ақынның қартайып
келіп, сөнуге айналған өмірінің соңғы бір көмескі сәулесімен шендескен қош
- қошындай эсер тудырады.
Сондай бір сұрғылт бейуақытта ақын өзінің күңгірт көңілімен сырласар
болса, іліп алар тұлдыр қалмағандай, бәрі керексіз болып көрінеді екен.
Өткен өмірі бір із қалдырмаған қу соқпақ сияқты. Қайсысын еске алсаң да,
жүрекке өкініштің уын себеді.
Осылай қатты торығып, біржола таусылып отырған ақын қиялының биіктен
құлар алдындағы соңғы шарықтауы секілді керемет бір бейнелі теңеу жарқ
етеді.
Адасқан күшік секілді
Ұлып жұртқа қайтқан ой.
Өкінді, жолың бекінді,
Әуре болма, оны қой.
Көш соңында адасып қалып, ескі жұртқа қайтып оралғаннан кейін де,
қараға жан таппай, көкке қарап ұлып отырған күшік қандай дәрменсіз болса,
бұл өмірден бұлдыр таппай, тығырыққа тірелген лирикалық кейіпкер ойы да
сондай дерексіз. Барлық еңбек еш болып, бидай деп шашқан егінің түгелдей
ермен болып шықса - әрине, бар күдердің үзілгені.
Жапырағы үзілген ескі үмітпен атты өлең көркем бейнелілік пен терең
ойлылық жағынан да, мән-мазмұн бірлестігі жағынан да жаңағы Көлеңке
басының тікелей жалғасы іспеттес. Жазылу мерзімі жағынан да сонымен
құрсақтас егіз туындыдай елестейді. Мұнда да ақын өткен өміріне ой көзін
жүгіртіп қараса, қиял қуумен бос өткен тәрізді көрінеді екен. Тіпті өмір
емес, көрген түс сияқты. Ондағы адамдар да шындыққа бой ұрып, бір-бірімен
ынтымақ қоса алмайтын сағым секілді бірдеңелер. Солардан әбден түңіліп
келген кейіпкер өзіне-өзі:
Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің,
Өзіңді өзің күзет, кел, шырағым, -
деп жұбату айтады.
Өмір сүрудің мәнісі, - дейді Белинский, - сезім мен ой, қасірет пен
рақат; олардан басқа өмірдің бәрі - өліммен тең. Сондықтан да біздің
сезіміміз бен ойымыз қаншалықты мазмұнды болса, біздің қасірет шегу және
рақатқа берілу қабілетіміз қаншалықты терең болса, біздің өміріміздің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz