Әбіш Кекілбаев Аңыздың ақыры романынның лексика-семантикалық ерекшеліктері


Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романынның лексика-семантикалық ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
I. Көркем шығармада кездесетін фразеологиялық тіркестер, авторлық афоризмдер, мақал-мәтелдер . . . 5-17
ІІ. Көркем шығармада кездесетін теңеулер, уақыт, қашықтық, мөлшер атаулары . . . 18-32
ІІІ. Көркем шығармада кездесетін табиғат құбылыстары, діни ұғым атаулары, атақ-лауазым атаулары, этномаркерлі сипаттағы сөздер . . . 33-54
Қорытынды . . . 55
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 56-57
Кіріспе
Көркем мәтін - бір кешенді қасиетке ие табиғи тілдің қолданыс табуы. Оған байланыстылық пен аяқталушылық тән. Мәтін сыртқы, өзін қоршаған тілдік және бейтілдік реалдылықтан айқындықпен шектесіп тұрады. Басқаша айтар болсақ, біршама (бөлінбес) коммуникативтік бірлік болып табылатын сөйлемдер тізбегін (тобын) құрап, өзінің ұғынықты таңбаланған басы мен соңына ие болып келеді. Мәтінді лингвистикалық жақтан ұғыну бір жағынан - өте тар (мәтін «белгілі бір мағыналық қатарды тілдік айшықтау» болып табылады[616] ), басқа жағынан алғанда - өте ауқымды. Осылайша мәтіндік лингвистика деп аталатын ғылыми пән мәнді тлдіік түзілім (туынды) ретінде оны тілдік «тіні», құрылымы және мәнімен бірге алып қарастырады.
Мәтін (лат. textus -тін, өрілім, бірігу сөздерінен шыққан «text» еуропа тілдерінде қолданылуда-Ә. Ә. ) термині лингвистикада, әдебиеттануда, эстетикада, семиотикада, мәдениеттануда, сондай-ақ, философияда кеңінен қолданылады. Бұны Ю. М. Лотман, «дауысыз гуманитарлық циклдар ғылымдарындағы ең көп қолданылатын терминдердің бірі. Ғылымның дамуы өзінің әр сәтінде жоғарғы қабатқа белгілі бір сөздерді лықсытып шығарып отырады; ғылыми мәтіндердегі сел көшкіні қажетті бір мәнділікті шайып кетеді. Олар тек ғылыми ұғымының терминологиялық дәлдігін таңбалауға ғана тырыспайды, сонымен қатар, проблеманың өзектілігі турасында дабыл қағып, жаңа ғылыми идея туындаған саланы да нұсқайды» деп атап көрсетті. «Мәтін» сөзінің астарында бірнеше түрлі, бірақ та өзара байланыстағы мағына жатыр. [1, 17]
Көркем мәтінді талдау шығармашылық жұмыстарды талап етеді. Көркем мәтінді оқыту мен талдауда оқушының мәтін мазмұнын меңгеруіне көңіл бөлу керек. Көркем шығарманы оқығанда, оқушылардың ол туралы өзіндік әсері, пікірі туындайды. Оқушылардың зейіні, есте сақтау, қабылдау қасиеттеріне қарай мұғалім мәтінді тұтастай емес, ең негізгі басты мәселелерін ғана мазмұндатып, оны меңгеруді одан әрі жалғастырғаны тиімді болады.
Көркем шығарманы талдаудың ғылыми жүйесін жасаған әдіскер ғалымдар: Ә. Қоңыратбаев, Ә. Көшімбаев, Ә. Дайырова, Т. Ақшолақов, т. б. Көрнекті әдіскер, ғалым Төлеутай Ақшолақов көркем шығарманы талдау мәселесіне таза әдеби - эстетикалық жолмен қарауды ұсынды ». Біз шәкірттерді сөз сырына бойлатуымыз керек. Бүкіл кілт - осында. Өйткені, көркем әдебиетте сөз -мазмұн да, форма да. Шәкірттерді сөздің алуан сырына үңіле білуге үйрету - әдебиет шығармасын танытудың басты жолы. Ақын шығарма құрылымында сөздерді қандай кәдесіне жарата білген, сөз кірпіштерін қаншалықты қиыстыра қалай білген, шығарманың бүкіл бітімін қалай сомдаған, қандай жаңа поэтикалық жаңалықтар әкелген, қандай сом образдар жасаған, мұғалім осыған үнемі, сабақ үстінде, сабақтан тыс уақытта шығармашылық тапсырмалар беру арқылы үйретіп, баулып отырса, шәкірттер өнер туындысының қадыр қасиетін танумен, астарлы сырына үңіле білумен қатар, жазушы стилін, шығарма стилін аңғарар еді.
Көркем мәтінді талдауда композиция, сюжет, жазушы стилі, көркем туынды негізінде жатқан идея, оның көтерген мәселесі ерекше назарға алынады. Әдеби талдау арқылы оқушылардың әр түрлі реңдегі эмоциясына, сезіміне әсер етеді, ойларына ой, пікірлеріне пікір қосып, бүкіл жан дүниесін оятады.
Көркем мәтінді талдаудың жолдары мен бағыттары Рәбиға Сыздықова мен Бердібай Шалабай еңбектерінде жан-жақты сараланады. Ғалымдар көркем мәтінді талдаудың жолы мен жүйесін айқындайды.
Көркем мәтіннің негізгі белгілеріне байласым, тұтастық және эмотивтілік жатады. Байласым- лингвистикалық ұғым, ал тұтастық-психолингвистикалық ұғым. Байласым көмегімен мәтін құрылысының феномендері талданады, ал тұтастық ұғымы арқылы мәтіннің терең қабатындағы орналасқан әрекеттері түсіндіріледі [2, 8 ] .
ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарынан бермен қарай жазушыларымыз халқымыздың бойына рухани нәрді тереңірек сіңіріп, ұлттық сананың түлеп, өсіп-өркендеуіне мол үлес қоса бастады. Ұлттық сана, ана тілін түгел меңгеруден басталады. Рухани байлық көздеріне сол тілдің арқасында жетесіз. Ә. Кекілбаев «Аңыздың ақырында» көне ұғымдарды тірілту, ежелгі сөздерді меңгертуге көп күш салады. Айталық, «тасбақаның шөбі», «бес қонақ» деген сөз тіркестерін бұрын әдеби тілімізден ұшырастырмайтынбыз, жазушы бізді көне сөздердің этимологиясына бойлатып, сөздік қорымызды байытуға мүмкіндік жасайды. [3, 4-5]
Курстық жұмыс тақырыбы - Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романынның лексика-семантикалық ерекшеліктері
Жұмыстың мақсаты - Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы тіліндегі фразеологизмдердің стильдік қолданысын, теңеу, мақал-мәтел, авторлық афоризмдер, ауа-райы құбылыстарына, уақыт пен кеңістік атауларына қатысты сөздердің шығармадағы қолданылу ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың міндеттері:
Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер қойылады:
1) Шығарма тіліндегі фразеологиялық ерекшеліктерін таба білу;
2) Шығармадан мақал-мәтел, теңеу, діни ұғымдарға қатысты сөздердің мағынасын ашып, ерекшеліктерін табу;
3) Шығармадан уақыт пен кеңістік, табиғат құбылыстары, этномаркерлі сипаттағы, әлеуметтік жік атауларын білдіретін сөздерді тауып, сөздікпен мағынасын ашып, тоқталып талдау, ерекшеліктерін анықтау.
Жұмыстың нысаны - Әбіш Кекілбаев «Аңыздың ақыры» романы
Жұмыстың құрылымы - кіріспеден, ІІІбөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I. Көркем шығармада кездесетін фразеологиялық тіркестер, авторлық афоризмдер, мақал-мәтелдер
Фразеологиялық тұрақты тіркестердің зерттелу жайы
Тілдегі фразеологизмдер - тілдік бірліктердің ішінде аккумулятивтік қызметі ерекше байқалатын, бірнеше мыңжылдықтар бойына пайда болып, дамып, қалыптасқан, әдеби тіл дамуы кезеңдерінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі. Әр жазушы өз өресіне қарай тілдің фразеологиялық қорынан қажетін алады да, өз кезегінде әдеби тілдің дамуына үлесін қосып отырады.
Ғалым Р. Авакова «Фразеология теориясы» атты еңбегінде фразеологизмдерге мынадай анықтама береді: «Тілдің бейнелігін, байлығын арттыра түсетін сөздік қордың ауқымды бөлігін құрап тұратын тілдік бірліктер - фразеологизмдер. Фразеологизмдер - халықтың тұрмыс-салтының, әдет-ғұрпының, мінез-құлқының, өмір сүру ортасының, тұрмыс-тіршілігінің, экономикалық және саяси көзқарастары мен өзгерістерінің және т. б, айнасы» [4, 15 бет] .
Мағынасы жалпыға белгілі, грамматикалық байланысы жағынан бір бүтін болып, қолданылуы дәстүрге айналған тұрақты сөз тіркестерін тіл білімінде фразеологиялық орам немесе фразеологизмдер деп атайды. Профессор М. Балақаев фразеологиялық тіркесті, құрамындағы сөздердің мағыналарының айтылар ойға қатынасына қарай фразалық («қара қылды қақ жару») және идиомалық («көз қырын салу») деп екіге бөлген [5, 22 бет] .
Зерттеуші ғалым Мамаева Мәкен Қасымбайқызы өзінің 2004 жылғы қорғаған «Фразеологизмді сөз тіркестері» атты кандидаттық дисертациясында фразеологизмдердің зерттелуін 4 кезеңге бөліп өткен:
1. ХХ ғасырдың ортасы - 40 - 50 жылдар қазақ фразеологизмдерін теориялық жағынан зерттеудің алғашқы кезеңі.
2. 60 - 70 жылдар - қазақ фразеологизмдерін классификациялау, жеке авторлар еібектеріндегі фразеологизмдер жайы.
3. 80 жылдар - фразеологизмді жан - жақты зерттеу. Қазақ фразеологизмдерінің өзге тілге аударылуы мен басқа тілдегі фразеологизмдердің қазақ тілінде берілуі жайлы.
4. ХХ ғасырдың соңғы он жылы - 1990 - 2000 - жылдар - фразеологизмдерді этнолинвистикалық және салыстырмалы фразеология тұрғысынан зерттеу. [6, 6 бет]
Қазақ тіл біліміндегі фразеологизмдерді жинақтаған ғалым Гүлдархан Смағұлова фразеологизмдерді 5 стильдік қабатқа бөлген:
1. кітаби фразеологизмдер;
2. бейтарап;
3. ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4. қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
5. қарапайым дөрекі-сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер.
Сонымен қатар, Г. Смағұлова тіліміздегі фразеологизм компоненттерінің вариантты тұлғаларын бірнеше түрге бөлуге болады деп көрсетеді:
1. Грамматикалық құрылысы дұрыс, құрамы толық, тура мағынадағы еркін сөз тіркестерін ауыспалы мағынада қолдану арқылы жасалған фразеологиялық тіркес варианттары. Мысалы, «айы оңынан туу-жұлдызы оңынан туу», «аяқ астынан - табан астынан» т. б.
2. Фразеологиялық мағынасы сәл көмескіленген, ауыспалы мағынада қолданылған еркін тіркестер варианттары: «домалақ арыз» - «домалақ хат» - домалақ қағаз». «бойын аулақ салу» - «іргесін аулақ салу».
3. Тұрақты сөз тіркестерінің әр компоненті жеке варианттарға бөлінеді. Мысалы, көкейіне құйылу, көкірегіне ұялау, қону; жанжал қылу, дау салу, шатақ шығару.
4. Вариант компоненттері мағына жағынан жақын, мысалы: жаны ұстараның үстінде (жүзінде) - пышақтың үстінде (ұшында) деген фразеологизмдермен қоса, кейде мағына жақындығы жоқ, бірақ та туыстас ұғымды білдіретін немесе бір семантикалық бірліктен туатын компоненттер вариант болады. «Төбе шашы тік тұру» - тұла бойы тік тұру», «ауызыңа қан толсын» - «ауызыңа құм құйылсын».
5. Бірде фразеологиялық вариант пен фразеологиялық синонимдердің екі аралығында ұғынылатын кейде синоним, кейде вариант аталып жүрген (гибрид) тұрақты тіркестер. Мұндай топтарға компоненттік құрамы әр түрлі фразеологизмдер жатады. Мысалы, сенімді ақтау - үмітті ақтау; ала жібін алмау - ала жібін аттамау; аумалы-төкпелі заман - аумалы-төкпелі дүние; бағыт беру - бағыт сілтеу; бой тасалау - бой жасыру т. б. [7, 29 бет] .
Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері Қ. Есенова қазақ газеттері тақырыптары атауындағы фразеологизмнің қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасай келе, оларды төмендегідей үлгіде топтастырады:
1. Бір немесе бірнеше сөзі түсірілу арқылы ықшамдалған фразеологиялық бірліктер. Мысалы, Егеулі найза («Жас алаш» 28. 03. 06. ) Махамбеттің «Егеулі найза қолға алмай» деген өлең жолын ықшамдау арқылы жасалған трансформация деп көрсетеді т. б.
2. Бір сөзі алмастырылған, өзгертіліп, жаңартылған тілдік бірліктер. Мысалы, Сайлауға әркімнің-ақ бар таласы («Ег. Қазақстан», 06. 01. 04. ) . Білімге әркімнің-ақ бар таласы («Ег. Қазақстан», 11. 06. 04. ) . Билікке әркімнің-ақ бар таласы («Ана тілі» 06. 10. 05. ) . Бұл үш мысал Абайдың «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген өлең жолындағы бір сөзді алмастыру жолымен жасалғандығын айтқан.
3. Бірнеше тәсілмен түрлендірілген құрақ фразеологизмдер. Мысалы, Аузың жемесең де қан болмағай («Ана тілі», 12. 02. 04. ) тіліміздегі «Бөрінің аузы жесе де қан, жемесе де қан» деген мәтелдің, «Дымды түсінбейтін депутаттар» («Түркістан», 02. 06. 05. ) «Ымды түсінген дымды түсінбейді» деген мәтелдің негізінде ықшамдалып өзгертілген қолданыс деп көрсетеді [8, 87 бет] .
Шығармада кездесетін фразеологиялық тұрақты тіркестер
Жынынан айрылған бақсыдай -жуасыды, жөнге келді. [ҚӘТС, 725 бет]
Бесқонақтан соң, дүние тынышталған, бұрынғы қалпына келген тәрізді деген мағынада қолданылған фразеологилық тіркес.
Тісін көптен қайрап жүргенмен, оларға кезек енді келген сияқты. [112 бет]
Тісін қайрау -өшікті, өштесті, кектенді. [ҚТФС, 635 бет]
Оның үстіне әр адамның сыры көкейінде жатқанда ғана өзінің қаруы да, аузынан шығып кеткен соң естіген кісінің қаруы емес пе? [117 бет]
Сыры көкейінде жатыр -ойы сырға толы, өз көкейінде ғана. [ҚӘТС, 558 бет]
Біреуді тыңдап отырып, сөзін түзеткенді ит етінен жек көреді. [118 бет]
Ит етінен жек көру -жек көру, ұнатпау. [ҚТФС, 362 бет]
Бұл сөлемдегі фразеологиялық тіркес, сөздікте берілген мағынасына сай қолданылып тұр. Біреуді тыңдап отырып, сөзін түзеткен жөн емес, оны ұнатпау, ондайды жақтырмау, жек көру мағынасында қолданылған тіркес.
Өйткені соғыста жазықсыз жауынгерлерді, әркімнің әлпештеп өсірген өрімдей ұлдарын қанша көп қырсаң, соншалықты атағың асса, жай өмірде жай әншейін көкірегінде жаны бар жалба тонды қайыршыға істеген сәл әділетсіздігің абыройыңды айрандай төгеді . [119 бет]
Көкірегінде жаны бар -кеудесінде жаны бар, тіршілік иесі. [ҚӘТС, 298 бет]
Абыройын айрандай төгу -біреудің алдында әбден масқара қылды, ар-ұяттан айырды. [ҚӘТС, 43 бет]
Сөйлемде бірнеше фразеологиялық тіркесті қатар қолданған. Бұдан автордың ойы, қиялы мықты екенін де байқауға болады. Кеудесінеде жаны бар, тіршілік иелері екенідігін қарапайым сөзбен емес, әсерлі, көркем жеткізген. Абыройды айранмен төккенмен тең, айрандай төгу, ұятқа қалу деген тұрақты тіркестерді қолданған.
Ал Әмірші басыңмен қарапайым біреуге қайырым жасасаң, қаншама боздақты қырған қан ішер атағың жойылып, қарашыға қайырымдылық жасаған, қара қылды қақ жарған әділетті атағың жайылады. [119 бет]
Қара қылды қақ жарған -өте адал, әділ, турашыл. Қақ жарған қара қылды данышпанға, айыру ақиқатын емес салмақ. [ҚТФС, 290 бет]
Пәлен ай бойы үдере тартып келе жатқан ауыр қол ақыры жау астанасына да жақындады. [119 бет]
Ауыр қол- сан мың қол, көп әскер. [ҚТФС, 223 бет]
Алқаптың екі бетінен жер қайысқан қалың қол маң-маң басып, бір-біоріне жақындап келеді. [124 бет]
Қалың қол -мол сарбаз, көп әскер. [ҚӘДТС 165 бет]
Жақын жерде бұған жүрегі барып шаба қоятын жау да жоқ. [126 бет]
Жүрегі барып шаба қоятын -батыл, өжет қылықтарға бара алатын, қайсар жүрек. [ҚӘТС, 194 бет]
Егер ол қазынаға қол салса, оның жарасы жеңіл. [127 бет]
Қол салса -зорлық-зомбылық етті, күш көрсетті, азаптады. [ҚӘТС, 707 бет]
Ол табан астында бойын жиып, манадан бері ой манауратып бара жатқан ала көзін қайтадан суытып алды. [129 бет]
Табан астында - кенеттен, күтпеген жерден; тез, жылдам. [ҚӘТС, 583 бет]
Қызметші әйел беті бүрк етер емес, дастарқанды реттеп болды да, басын иіп, тағзым еткен күйі жұп-жұмыр бөксесіне сарғыш шытыра көйлектің етегін бүлк-бүлк тепкілетіп, тек әйел ғана ойлап таба алатын бір әдемі әзәзіл жүріспен есікке жылысты. [130 бет]
Беті бүлк етер емес -беті қалың, ұятсыз. [ҚТФС, 583 бет]
Онсыз да ала бүлік ұсақ хандықтардың арасына от түсті. [134 бет]
От түсті - араз болды, келіспеушілік пайда болды. [ҚТФС, 323 бет]
Ерлі-зайыпты екеуі онсыз да көңілдерін қыжылдатып жатқан өкініш пен ызаның қан шапшыған жарасын қасығылары келмей , бір-біріне тіл қатпайды. [134 бет]
Жарасын қасығылары келмей -өткен болған өкінішті жағдайды немесе уақиғаны еске түсірмеу. [ҚӘТС, 323 бет]
Қара көрдей қапас түбінде қасарысып, сыр білдірмей жатқан келіншегі кенет жанын қоярға жер таппай , бебеулей бастады. [135 бет]
Жанын қоярға жер таппау -не істерін білмеу, қобалжу. [ҚӘТС, 125бет]
Үлкен баласы көрген сайын көзіне оттай басылды. [137 бет]
Көзіне оттай басылу -көзге ыстық болу, ерекше көзқарас. [ҚӘТС, 323 бет]
Бәлкім, бәйбішесінің соған іші тарылып жүрген шығар. [140 бет]
Іші тарылу -көре алмау, қызғанышпен қарау. [ҚӘТС, 410 бет]
Тірі ол түгілі өлген әйеліне мешіт салған жылы да Ұлы ханымның ұзақ уақыт қабағынан кірбің кетпеді . [140 бет]
Қабағынан кірбің кетпеу -бір істі ұнатпау, көңілі толмау. [ҚӘТС, 143 бет]
Түскі тамақта әлденеге жүрегі өртеніп , ештеңеге тәбеті тартпады. [142 бет]
Жүрегі өртенді - өзегі өртенді, қапа болды, қайғырды, уайымдады. [ҚӘТС, 642 бет]
Сөйлемдегі тұрақты тіркес мағынасы қапаланды, қайғырды. Оны жай ғана қарапайым сөзбен бермей, автор тұрақты тіркесті ұтқыр пайдаланған.
Олар мынау оңаша сарайдың ішінде түн ортасы ауғанша кірпік ілмей аңдып отыр. [147 бет]
Кірпік ілмей -ұйқысыз, дамылсыз, мазасыздану. [ҚТФС, 483 бет]
Ауыздарына құм құйлып жүре берсін. [156 бет]
Ауыздарына құм құйылу -үндемей, тыныш жүру. [ҚӘТС, 347 бет]
Қол созымдай жер қалғанда барып тіл қатты. [173 бет]
Қол созымдай жер -онша алыс емес жер. [ҚТТС, 512 бет]
Сөйлемдегі тұрақты тіркес жақын жер, ара қашықтығы алыс емес деген мағынада берілген.
Күннің қызғылт нұры ит тұмсығы өтпес қалың жыныстың ту төбесіне іркіліпті. [189 бет]
Ит тұмсығы өтпес - қалың ну орман-тоғай. [ҚӘТС 574 бет]
Жарты жылға жетпей жатып көз жұмды . [198 бет]
Көз жұмды -марқұм болды, өлді. [ҚӘТС 405 бет]
Егер әлгі дүние түгел селдір мұнараға бөккен буалдыр елес өңі болса, көзді ашып-жұмғанша неге ғайып болған? [200 бет]
Көзді ашып-жұмғанша - лезде, тез болған іс әрекет. [ ҚТТС 198 бет]
Ендеше, бұның көзіне оттай басыла қалатын ол қайдағы таныс . . . [201 бет]
Көзіне оттай басылды - көзге ыстық көрінді. [ҚТТС 485 бет]
Көздің жауын алатын сұлу, сымбатты қомағай толқындардан қорғаштағандай, қос иықтан дудырап бос төгілген тып-тыныш тоған ойда жоқта бір үйір ақ сазан түсіп кеткендей астан-кестен боп, жиегін шылп-шылп сабап бұлқынып жатыр. [208 бет]
Көздің жауын алады -қызықтырды, көзге түсті. [ҚТТС 405 бет]
Жаппар өз қолынан шыққан сол бір тілсіз перзентінің не дейтінін түсіне алмай дал болғандай, көз айырмай көп телміреді. [211 бет]
Көз айырмай - тесіле, ұзақ қарады. [ҚТТС 405 бет]
Анда-санда жұрт көзінен тасалау шеткері оңашалау соқпақтарға түсіп, сейіл құрғанда, ағаш арасынан жылтың-жылтың сығалап бой көрсетіп қалатын еліктер мен тарғыл бұғылар да: «Ә, әлгі жұрттың бәрінің сыпсыңдатып жүрген ханымы осы екен ғой» деп, әдейі бұның әр адымын аңдып тұратындай боп көрінеді. [219 бет]
Жұрт көзінен тасалау -жұрт көзіне түспеу, жұрт көзінен аулақ болу. [ҚТТС 526 бет]
Орақ мұрынның астындағы қаймыжық жұқа ерінде бір сәт мүдіру жоқ, аузы-аузына жұқпай әлденелерді айтып, сусылдай береді. [220 бет]
Аузы аузына жұқпай - аузына келгенді айту, біреуді әңгімелеу. [ҚТТС 55 бет]
Қол созымдай жерге келгенде барып, Әміршіге тағзым етуі керек екендігі есіне түсіп, төмен иіле беріп еді, әлдекім қарынын демеп, жоғары көтерді. [220 бет]
Қол созымдай жер -онша алыс емес, жақын. [ҚТТС 405 бет]
Лауазымды ханымның өзіне тіл тигізуге айбынып, оның күтушілері мен нөкерін жерден алып, жерге салып жамандай жөнелді. [224 бет]
Тіл тигізу - біреуді балағаттау, көңіліңе келерліктей сөз айту. [ҚТТС 605 бет]
Әміршінің өзі сыйлайтын бас уәзірдің Кіші ханымның аяғына кеп бас игенін көргенде, күтуші бас ұлықты өз аяғына жыққаннан бетер айызы қанып тұрды. [227 бет]
Айызы қанып - риза болды, сүйсінді. [ҚТТС 27 бет]
Осындай жұмсақ өз қолында, осындай рақат өз төрінде тұрғанда, Әміршінің қайдағы бір ит арқасы қиянға айлап-жылдап жорыққа кететіні ара-тұра оған миға сыймайтын, түкке керегі жоқ, құр әншейін ессіздіктей көрінеді. [229 бет]
Ит арқасы қиянға - алысқа, алыс жерлер. [ҚТТС 500 бет]
Ертең ол келгенше аман-есен босанып, алдынан тал бесіктегі кішкене ханзаданы көтеріп шықса, күйеуінің көіәлән біржолата бір өзі иемденер еді, балаларын алға тарта беретін бәйбішенің де аузына құм құйылар еді. [237 бет]
Аузына құм құйылар -үннің шығармау, айтпау. [ҚТТС 75 бет]
Бірақ бұның оларға көз салып жатуға мұршасы болмады. [240 бет]
Көз салып -назарын аудару, қарау. [ҚТТС 405 бет]
Мынасымен өзінің басын жұтып қана тынбай, мұның да абыройын айрандай төгеді екен. [255 бет]
Абыройын айрандай төгу - ұятқа қалдыру, жұрт алдында масқара ету. [ҚТТС 26 бет]
Ханымның ондай қылығын елдің қандай саққа жүгіртіп, падишаның абыройына қандай нұқсан келтіртінін тайға таңба басқандай анық білмесе де, іші сезеді. [261 бет]
Тайға таңба басқандай - анық, нақты. [ҚТТС 514 бет]
Тіпті тап мынадай нағылет дүниеге мұны әкелген әкесі мен шешесіне де өкпесі қара қазандай . [262 бет]
Өкпесі қара қазандай - разы болмау, ренжулі. [ҚТТС 412 бет]
Ұлы ханымның сарайынан да ат ізін салмай , тым-тырыс жатып алды. [275 бет]
Ат ізін салмай - қатыспады, хабарласпады, келмеді. [ҚТТС 65 бет]
Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz