Физика пәні бойынша оқытуды жоспарлаудың мүмкіндіктері

Мазмұны
Кіріспе
І бөлім. Физиканы оқытуды жоспарлаудың дидактикалық ерекшеліктері
1.1 7 сыныпта физикалық білім мазмұнын оқытуды жоспарлау
1.2 7 сыныпта жаңартылған физикалық білім мазмұнын оқытуды жоспарлау
ІІ бөлім. 7 сыныпта физиканы оқытуды қысқа мерзімді жоспарлау
2.1 7 сыныпта физика сабақтарын жоспарлаудың практикалық тәсілдері
2.2 Эксперименттік-тәжірибелік жұмыстың нәтижелері
ІІІ бөлім. Физика пәнін оқытуда оқыту үшін бағалау
3.1 Қалыптастырушы бағалау
3.1 Жиынтық бағалау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Ғылымның гуманистік аспектісі жаратылыстану пәндерінің мазмұнында ғылыми адамдардың қызметі, яғни олардың тарихы, сонымен бірге құнды ғылым аспектілірін ашу мен оқушылардың оларды ұғуынан көрінеді. Мектепте оқытудың шынайы мазмұнына оқушылардың қызметін толықтырып, танымның әдісі мен үрдісі туралы ұғым беретін білімдердің көлемін көбейту керек. Бұл методологиялық және тарихи-ғылыми, әсіресе ғылымның гуманитарлық аспектілерін ашатын білімдер. Қазіргі ғылыми білімдердің даму бағыттарының бағдарламаларды құрастыруға, мұғалім баяндамасына, оқыту үрдісіне тигізер әсері мол. Мұғалімге оқушылардың ғылыми ойлауын қалыптастыру мен оқыту үрдісін ұйымдастыру үшін осы байланысты білу пайдалы.
Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өз мазмұнына физиканың деректерін, түсініктерін, заңдарын, теорияларын, модельдерін, тәжірибелері мен әдістерін т.б. енгізе отыра, физикалық теориялар аясында адамзат іс-әрекетінің түрлі саласында қолданылатын біршама түсініктер қалыптасады. Физиканың жалпы мәдени мәнін ашу және осы негізде ғылыми көзқарас және ойды қалыптастыру қазіргі жағдайда оқу пәнінің басымдық мақсатын құрайды. Қазіргі заманда ғылым мен техниканың жедел түрде дамуы әр оқушының білім дәрежесінің жоғары болуын талап етеді. Сондықтан оқушылардың шығармашылық пен белсенді түрде жұмыс жасауы, өз бетінше терең ойлауы арқылы білім алуы өмір қажетіне айналып отыр.
Физикалық процестер мен құбылыстарды модельдеу оқу процесін дамыту мен жетілдірудің болашағы болып табылады, әсіресе оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруда, зерттеу жұмыстарын дамытудағы ролі ерекше. Физикалық эксперименттерді модельдеу - оқытушыға сабақты физикалық ұғымдардың мағнасын тереңірек ашуға, оқушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық құбылыстармен зерттеу әдістерін толық түсіндіруге мүмкіндік береді. Оқытушы үшін электрондық оқулық - бұл күнбе - күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаға сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру қажеттілігі айтылған. Және орта білім беру мазмұнын жаңарту мектеп оқушыларының бойында Мәңгілік Ел жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын, салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру міндеттеріне тоқталған. Осыған орай Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған.
Білім беру бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының жалпы үлгерімін арттырады, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап етілетін дағдыларды дамытады. Сонымен қатар, ұлттық сананы қалыптастыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Физика саласы бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп бағдарламасында жетекші орын алады, бұл әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастырудағы физиканың практикалық маңызымен айқындалады.
Қазақстан мемлекеті алдағы уақытта ғылыми-техникалық прогресті өркендету арқылы нарықтық бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына қосылу үшін іргелі ғылыми пәндерді оқыту ісін жетілдіруді білім беру ісінің басты міндеті деп есептейді. Соған байланысты, осы жұмысты орындау барысында физиканы оқытуда оның теориялық тұстары мен оқыту әдісін жетілдіруге, соның ішінде электродинамика бөлімін оқытуға арналған Ефименко В.Ф., Кротов В.М., Сүлеймен С.Д., Снежко М.Я., Перышкин А.В., Пикени А.А. секілді белгілі әдіскерлердің еңбектерінің негізгі бағыттары мен қағидаларына сүйенуді жөн көрдік. Ал Қазақстан және Орталық Азия көлеміндегі Әбілқасымова А.Е., Бабаев Д.Б., Ерматов С.Е., Жаңабергенов Қ.Ж., Кенжебаев Т.К., Косов В.Н., Мамбетакунов У.Э., Чечин Л.М. сияқты танымал әдіскерлердің зерттеулері математика мен физиканы оқытудың сан-салалы мәселелерін шешуге бағытталған. Бұл жұмыстардың қай-қайсысы да орта мектептегі физика курсын оқытуда оқушылардың танымдық қабілеті мен белсенділігін арттыру жолдарын зерттеудің басты міндеті етіп қоя білген.
Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы білікті адамға бағытталған білімнен мәдениет адамына бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру -- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Елбасы Н.Ә Назарбаев жылдар бойы білім және ғылым саласына ұдайы көңіл бөліп келеді. Биылғы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Қазақстан халқына Жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. Ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз -- білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын оқушылардың сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет,-деген жолдар -- соның дәлелі.
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуге қажетті факторларды айтатын болсам, ол:
oo -әлем стандартына сай білім беру;
oo -бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;
oo -табысты өмір сүру дағдаларын қалыптастыру;
oo -әлем азаматын тәрбиелеу;
oo -тәжірибелік дағдыларды дамыту;
oo -функционалдық сауаттылықты арттыру;
oo -мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Қазіргі кезеңде физика ғылымының негізінде өрбіген жаңа техникалық бағыттардың (электроника, автоматика, томография, робот техникасы, есептеу машиналары,...) барлығы дерлік электрлік құбылыстарды кеңінен қолдану арқылы ғана бүгінгі деңгейге көтеріле алды. Сондықтан да бұл үрдіс болашақта жоғарғы қарқынмен дами түспек. Осындай күрделі де қиын саланы теориялық тұрғыдан тереңдете отырып, саналы түрде меңгерту және алған білімдерін практикада қолдануға жаттықтыру мектеп қабырғасынан бастап қолға алынуға тиіс. Бұл мәселенің бір саласы - орта мектептегі физика курсын оқытуды дұрыс жоспарлау арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, қазіргі таңда мектеп қабырғасындаф пәні бойынша оқытуды жоспарлауға байланысты бірнеше қайшылықтар туындап отыр:
oo пән бағдарламасында қойылып отырған тереңдете оқытуға байланысты туындайтын талаптардың іс жүзінде орындалмауы;
oo физиканы теориялық тұрғыдан тереңдете оқытуға арналған материалдар мазмұнының іріктелмеуі;
oo физика есептерін шығару әдістемелік ерекшеліктерін зерттеу;
oo мектептердегі білім берудің мазмұны мен оқыту әдістемелерінің дәстүрлі қалыптасқан жағдайдан аса алмай отырғандығы;
oo жаңартылған білім мазмұнына көшуді жоспарлаудың тапшылығы.
Сондықтан аталмыш қайшылықтарды шешу мақсатымен жүргізілген осы зерттеу жұмысының тақырыбын Физика пәні бойынша оқытуды жоспарлаудың мүмкіндіктері деп атауға негіз болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Физика пәні бойынша оқытуды жоспарлаудың мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеу мақсатына сай келесі міндеттер анықталды:
oo Физика пәнін оқытуда жаңартылған білім мазмұнын қолдану туралы түсінік беру;
oo Жаңартылған білім мазмұнының ерекшелігін анықтау.
oo Физиканы оқытуда оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстардың теориялық негіздері туралы;
oo Физиканы оқытуда оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға арналған жұмыстар туралы түсінік беру.
oo Оқушылардың ойлау қабілетін есептер шығару арқылы тереңдету әдісі.
Зерттеу пәні: Физика пәнін жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту
Зерттеу объектісі: Физика пәні бойынша оқытуды жоспарлау
Зерттеу әдістері: оқыту процесстерін талдау, жүйелеу, ғылымилылық негіз.
Зерттеу болжамы: Жаңа оқу бағдарламаларын оқыту үрдісінде қолдану, физика пәнін жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту ерекшелігі - олардың пәндік білім мен дағдыларды ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталуы. Оқу мақсаттарының жүйесі мынадай кең ауқымды дағдыларды дамытудың негізі болып табылады: функционалдық және шығармашылық түрінде білімдерін қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынастың әртүрлерін қолдану, жеке және топта жұмыс істей алу, мәселелерді шешу және шешімдер қабылдау, оқушыларың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едеуір ықпал ететіндігін мойындауға, өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді, оқушылардың оқуын қалай жақсартуға болатындығын ойластыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу көздері: 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. - Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. - 340 б.
Зерттеудің практикалық маңызы: оқытуда зерттеушілік іс - әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді. Сондықтан берілген зерттеу жұмысында критериалды бағалау туралы мәлімет беріліп, тиімділігі анықталды. Критериалдық бағалау жүйесі арқылы оқушының тұлғалық бағытын белсенділікке бағыттау, тұлғаны нәтижеге жеткізу, өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау, қалыптастырушылық және негізгі бағалау арқылы білімін анықтауға болады.
Зерттеудің теориялық маңызы: Зерттеу жұмысында оқытуды бағалау әдістері қарастырылды, оқыту үшін алдын ала құрылған бағалау критерийі мен дескриптор арқылы жүзеге асырылады, негізгі бағалауда барлық критерийлер барынша қолданылуы керек. Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері көрсетілген.
Зерттеу базасы: мектеп
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Білім мазмұны жаңа ақпарат ағымын саналы түсіну, оны бағалай білу, кез келген жағдайда шығармашылық шешім қабылдау, рухани адамгершілік ұстанымдарды игерту бағыттарын белгілейді.
Білім мазмұнының дидактикалық сипаттамалары В.С.Леднев, М.Н.Скаткин, П.И.Пидкасистый, И.П.Подласый, В.А.Сластенин, Д.Ш.Матрос, М.П.Лапчик, Г.К.Нургалиева, Т.С.Сабыров, М.Ж.Жадрина, т.б. еңбектерінде қарастырылады.
В.С.Ледневтің пәкірінше білім мазмұны - тұтас үш үдерістің бірігуі ретінде қарастырылады. Ол біріншіден, алдыңғы ұрпақтар тәжірибесін меңгеру, екіншіден жеке тұлғаның топологиялық жағын тәрбиелеу, үшіншіден адамның дене және ақыл-ой дамуын сипаттайды. Іс-әрекеттің негізгі түрі - оқыту, басқаша айтқанда білім берудің ең басты мақсаты - тәжірибені меңгеру деп түсіндіреді. Ал, тәрбиелеу мен дамыту ... жақыннан әсер ету аймағы іспетті жүзеге асырылады.
Б.Т.Лихачев жалпы орта білім беру мазмұнына қатысты оны қалыптастырудың негізгі жалпы әдіснамалық қағидаларын:
oo Оқу материалының жалпы білім беру сипаты,
oo Мазмұнның азаматтық және адамгершілік бағыттылығы,
oo Оқу материалының қоғам өзгерісіндегі практикамен байланысы,
oo Оқу материалының негізгі және жүйелік бейнелеуші сипаты,
oo Оқу курсының интегративтілігі,
oo Білім мазмұнының гуманитарлық-этикалық бағыттылығы,
oo Оқу материалының дамытушылық сипаты,
oo Оқу пәндерінің өзара байланыстылығы мен өзара себептілігі,
oo Білім мазмұнының эстетикалық аспектілері түрінде көрсетеді.
"Білім мазмұны оқушының жан-жақты дамуына, ойлау мен танымдық қызығуды қалыптастыруға және білімді келесі буындарда жалғастыру мен болашақ еңбек қызметіне қажетті негізді құрайды." (П.И.Пидкасистый)
Білім мазмұны бір жағынан алғанда, қоғамның ағымдағы және перспективалық сұранысын бейнелейтін оқушының оқу-танымдық әрекетінің басты шарты. Екінші жағынан алғанда, бұл қызметті оқушының құрастыруы мен іске асыру сайманы және оқуда индивидтің тұлғалық сұранысын қанағаттандыратын құрал, тұлғаның даму және негізгі мәдениетінің қалыптасу құралы болып табылады.
Мектептегі білімді ізгілендірудің анықтаушы факторы ретінде білім мазмұны қазіргі талаптарға сәйкес дамып отыр. білім мазмұнын жан-жақты талдай келіп, мектептегі оқу материалдарын ұйымдастыру формасы ретінде интеграиялауды және оның оқу жоспарындағы орнын, берілуін нәтижесін жоспарлау жолдарын көрсетіп береді. (М.Ж.Жадрина)
Қазақстандағы қазіргі қолданылып отырған білім мазмұнын жаңартудың ғылыми негізіне оқушыларын белгілі бір қажетті икемділіктер мен дағдылардың иесі, оқу әрекетінің субъектісі, әр түрлі мәдениеттермен өз көзқарасы тұрғысынан диалогқа түсетін автор және жас ерекшелігіне сәйкес өз жасын қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін бала деп қарастыратын, осыған орай көп қырлы құрылымды оқу-тәрбие мазмұнын құруға көмектесетін қазіргі заманғы дамыта отырып оқыту идеясы алынған.
Мектептегі физика курсының мазмұнын талдауға бір-бірімен белгілі қарама-қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобы әсер етеді.
1) Ғылыми және практикалық факторлар. информатика оқу пәнінің мазмұны физика ғылымы арқылы анықталуы тиіс. Бұл пәнді оқыту барысында іргелі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әр түрлі саладағы болашақ кәсіби қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс.
2) Түсініктілік пен жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған материалды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек, олардың ойлау қабілетінің деңгейі мен білімі, икемділігі дағдыларына сай болуы тиіс. Қорыта айтқанда, мектептегі физика курсы бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің талаптарына жауап беруі керек, екінші жағынан қарапайым тілде баяндалуы қажет.
Курс мазмұны келесі бағытқа сәйкес анықталады. (Кесте 1)
Кесте 1. Физика курсының мазмұндық бағыттары
Бағыт
Кілттік сөз
Нәтиже
Механика
Қозғалыс, жылдамдық, үдеу
Механикалық қозғалыс туралы білім қалыптасады
Молекулалық физика
Молекула, МКТ
Электр және магнитизм
Заряд, электр тогы, магнит өрісі
Оптика
Жарық, толқын, корпускула
Атом және ядро
Атом, ион,
Қазақстан Республикасының конституциясында: Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуладық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби білімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіусіз үдерісі,- деп көрсетілген. Білім берудің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру жіне дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау. Әрине, мемлекет зиялы болу үшін оның әр азаматы зиялы болу қажет. Бұл білім беру үдерісінің үздіксіз болуын талап етеді. Білім беру үздікісіз үдеріс болса, физиканы оқыту да үздіксіз үдеріс болуы қажет.
Жалпы білім беретін орта мектепте арналған физикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Қазақстан республикасының Мемлекеттік жалпы міндетті орта білім беру стандарты - білімнің соңғы нәтижесін айқындалған негізгі құжат. Ол физиканың мақсаты мен міндеттерін, оқушылардың түсініктері мен дағдыларын, білім нәтижелерін тексеру технологиясын белгілейді. Сонымен қатар негізгі білімдік бағдарлама мазмұнын, оқушылардың оқу жүктемесінің көлемін, мектеп түлектеріне физика пәні бойынша қойылатын талаптарды анықтайды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының талаптарын сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмеңдегі мәселелер енгізілген:
oo сыныптар бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
oo әрбір сыныптағы оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
oo nnстандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
oo білімді бағалау үлгілері.
Физика курсының мазмұнын білім беру стандартында анықтау
1) математика мен физика пәндерінің мазмұндық қиылысуы, әлемнің жүйелік бейнесі, өзін-өзі басқаратын жүйелерді құру және функциясының жалпы ақпараттық заңдылықтары;
2) физикалық есептерді шешу сияқты екі аспектіде қаралады.
Оқу жоспары - тиісті білім беру деңгейіндегі оқу пәндерінің тізбегі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау формаларын реттейтін негізгі құжат. Курманалина Ш.Х. Педагогика
Кесте 2. Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің базалық оқу жоспары
Жалпы білімнің салалары
Кластар
Барлығы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Базалық (инварианттық) бөлік
1. Тіл және әдебиет
7
8
10
10
10
9
9
8
8
4
4
36
2. Математика және информатика
4
4
5
5
5
5
6
6
8
3
3
49
3. Жаратылыстану
2
2
2
2
2
3
6
8
6
4
4
46
4. Қоғамтану
-
-
-
-
2
2
3
3
5
3
3
21
5. Өнер
3
3
3
3
3
3
-
-
-
2
2
22
6. Технология
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
2
22
7. Дене шынықтыру
2
2
2
2
2
2
2
2
2
4
4
30
Оқу жүктемесі
20
21
24
24
26
26
28
30
31
22
22
276
Кесте 3. Мектептік (вариативтік) бөлік
1. Таңдауға бері-летін курс
1
1
1
2
-
-
-
-
-
-
-
5
2. Факультативтер
5
5
5
5
5
-
-
25
3. Мамандыққа ба-ғыттайтын пәндер
6
6
12
4.Қолданбалы кур-стар
5
5
10
5. Таңдалатын кур-стар
6
6
12
Вариативтік жүк-теме
1
1
2
2
5
5
5
5
5
17
17
65
Максимальдық оқу жүктемесі
22
23
27
28
31
31
32
33
35
38
38
341
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына 4-қосымша
Кесте 4. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспары
№
Білім салалары және оқу пәндері
Сыныптар бойынша апталық сағат саны
Жүктеме, сағат
5
6
7
8
9
Апталық
Жылдық
Инварианттық компонент
I
Тіл және әдебиет
11
10
10
10
9
50
1700
1
Қазақ тілі
3
3
3
3
1
13
442
2
Қазақ әдебиеті
3
2
2
2
3
12
408
3
Орыс тілі
2
2
2
2
2
10
340
4
Орыс әдебиеті
1
1
1
1
1
5
170
5
Шетел тілі
2
2
2
2
2
10
340
II
Математика және информатика
7
7
6
6
6
32
1088
6
Математика
6
6
-
-
-
12
408
7
Алгебра
-
-
3
3
3
9
306
8
Геометрия
-
-
2
2
2
6
204
9
Информатика
1
1
1
1
1
5
170
III
Жаратылыстану
1
4
6
8
8
27
918
10
Жаратылыстану
1
-
-
-
-
1
34
11
География
-
2
2
2
2
8
272
12
Биология
-
2
2
2
2
8
272
13
Физика
-
-
2
2
2
6
204
14
Химия
-
-
-
2
2
4
136
IV
Адам және қоғам
2
4
4
4
5
19
646
15
Қазақстан тарихы
1
2
2
2
2
9
306
16
Дүниежүзі тарихы
-
1
1
1
1
4
136
17
Адам. Қоғам. Құқық
-
-
-
-
1
1
34
18
Өзін-өзі тану
1
1
1
1
1
5
170
V
Өнер
2
2
-
-
-
4
136
19
Музыка
1
1
-
-
-
2
68
20
Бейнелеу өнері
1
1
-
-
-
2
68
VІ
Технология
1
1
1
1
3
7
238
21
Технология
1
1
1
1
1
5
170
22
Сызу
-
-
-
-
2
2
68
VIІ
Дене шынықтыру
2
2
2
2
2
10
340
23
Дене шынықтыру
2
2
2
2
2
10
340
Инварианттық оқу жүктемесі
26
30
29
31
33
149
5066
Вариативтік компонент
Мектеп компоненті
Факультативтер, таңдау курстары
4
2
3
3
3
15
510
Оқушы компоненті
Жеке және топтық консультациялар, дамытушылық сипаттағы сабақтар
2
1
2
2
2
9
306
Вариативтік оқу жүктемесі
6
3
5
5
5
24
816
Оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі
32
33
34
36
38
173
5882
Тақырыптық - күнтізбелік жоспар 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және 2016 жылдың 3 қарашасындағы №668 бұйрықтың негізіндегі типтік оқу бағдарламаларының негізінде жасалынды.
Жаңартылған мазмұндағы 7-сыныпқа арналған Физика пәнін оқытудың мақсаты - білім алушылардың ғылыми дүиетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың әлемнің заманауи физикалық бейнесінің негізінде жатқан заңдылықтар мен принциптер туралы іргелі білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгерту;
2) білім алушылардың интелектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін, физикалық экспериментті және зерттеу жұмыстарын орындау дағдыларын дамыту;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) меңгерген дағдыларды табиғат ресурстарын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауда, қоғам мен адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қолдану.
Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі - физиклық шамаларды тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу, көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Осыған байланысты, бұл қосылған тәжірибелік есептердің есесінен, оқу бағдарламасының әрбір бөлімшесі кем дегенде 3 практикалық жұмыстардан тұрады:
oo ауырлық күшін зерттеу (Кинематика негіздері бөлімшесі);
oo түрлі денелердің созылуын зерттеу (Кинематика негіздері бөлімшесі);
oo жұмыстың мәнін график бойынша анықтау (Кинематика негіздері бөлімшесі);
oo ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру (Динамика негіздері бөлімшесі);
oo көлік түрлерінің қуатын бағалау (Сақталу заңдары бөлімшесі);
oo үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау (Сақталу заңдары бөлімшесі);
7-сыныптарға арналған Физика пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыстан тұрады.
Физика оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 7 сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Қолдануға ұсынылатын оқулық: Физика, авторы: Р.Башарұлы 2017ж. Атамұра баспасы.
7-сынып бойынша(жаңартылған білім бағдарламасы) күнтізбелік-тақырыптық жоспар.
Бағдарламада оқыту мақсаттары төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында 7 - сынып, 2.1 - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, 4 - оқыту мақсатының реттік саны.
7-сыныптарға арналған Физика пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық жұмыстан тұрады. Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін мыналарды жасау ұсынылады:
Физика оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта - аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау-ЖБ-40 минут
Бөлім бойынша жиынтық бағалау - ЖБ-15 - 20 минут.
Мұғалімнің жұмысын жоспарлауы, оның кәсіптік қызметінің басты элементтері болып табылады. Оның дұрыс жоспарлануы abpbrfны оқыту үдерісіндегі мақсаттарға жетуге әсер етеді. Мұғалім жұмысын жоспарлағанда негізге алатын құжаттар мектептің оқыту жоспары мен информатика курсының бағдарламасы.
Қазіргі кездегі түрлі оқу жоспарлары бойынша білім және тәрбие беретін жалпы орта білімдік оқу орындарында мұғалім информатика курсының бағдарламасы мен оқулықтарын оқытудың мақсатына сәйкес, өзі таңдап алып, оқыту үдерісін жоспарлайды.
Мұғалімнің жұмысын алдын-ала жоспарлауы - өткізетін сабақтың мазмұнын және мақсатын, оқушылармен істелінетін жалпы және жеке тапсырмалардың жүйесін, компьютерлік эксперименттерді, практикумдарды жасауға, білім тексеру және олардың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. Мұғалім негізінен үш түрлі жоспар құрады: жылдық, күнтізбелік-тақырыптық, күнделікті сабақ жоспары.
Кесте 5. Оқу жылына арналған тақырыптық күнтізбелік жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі
№
сабақ
Тақырыптар Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
Оқу мақсаттары
Сағат саны
күні
ескертулер
1-тоқсан
Физика - табиғат туралы ғылым
(2 сағ)
1
Физика - табиғат туралы ғылым
7.1.1.1 - Физикалық құбылыстарға мысалдар келтіру
1 сағ
2
Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері
7.1.1.2 - табиғатты зерттеудің ғылыми әдістерін ажырату
1 сағ
Физикалық шамалар мен өлшеулер
(4сағ)
1
Халықаралық бірліктер жүйесі (SI) Скаляр және векторлық физикалық шамалар
7.1.2.1 - физикалық шамаларды олардың SI- жүйесіндегі өлшем бірліктерімен сәйкестендіру
7.1.2.2 - скаляр және векторлық физикалық шамалар ажырату және мысалдар келтіру
1 сағ
2
Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі.
Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу .
7.1.2.3 - үлкен және кіші сандарды жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану: микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M);
1 сағ
3
№1 зертханалық жұмыс. Кішкентай денелердің өлшемін анықтау
7.1.3.2 - кішкентай денелердің өлшемін қатарлау әдісі арқылы анықтау;
7.1.3.3 - физика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау
1 сағ
4
№2-зертханалық жұмыс. Физикалық шамаларды өлшеу
7.1.3.1 - дененің ұзындығын, көлемін, температурасын және уақытты өлшеу, өлшеу нәтижелерін аспаптардың қателіктерін есепке ала отырып жазу;

1сағ
Механикалық қозғалыс
(9 сағ)
1
Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы
Санақ жүйесі
7.2.1.1 - келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру - материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырма-лылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
1сағ
2
Қозғалыстың салыстырмалылығы

7.2.1.2 - механикалық қозғалыстың салыстырмалылығына мысалдар келтіру
1 сағ
3
Практикалық жұмыс №1.
Сапалық және сандық есептер шығару

Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар
7.2.1.3 - түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
1 сағ
5
Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу
7.2.1.4 - қозғалыстағы дененің жылдам-дығы мен орташа жылдамдығын есептеу
1сағ
6
Практикалық жұмыс №2.

Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері
7.2.1.5 - s -тің t-ға тәуелділік графигін тұрғызуда координаталар осьтерінде және кестелерде өлшем бірліктерін дұрыс белгілеу;
7.2.1.6 - дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен келесі жағдайларды анықтау:
(1) дененің тыныштық күйін,
(2) тұрақты жылдамдықпен қозғалысын;
7.2.1.7 - бірқалыпты қозғалған дененің орын ауыстыруының уақытқа тәуелділік графигінен жылдамдығын анықтау
1сағ
8
Практикалық жұмыс №3.Графиктік есептер шығару.

Практикалық жұмыс №4. Сапалық және сандық, графиктік есептер шығару

№ 1Жиынтық бақылау жұмысы
1 сағ
2-тоқсан
Тығыздық
(5 сағ)
1
Масса және массасын өлшеу денелердің
7.2.2.11 - электронды, серіппелі, иінді таразылардың көмегімен дененің массасын өлшеу
1 сағ
1 сағ
2
Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу
Практикалық жұмыс №5. Экспериментік есептерді шығару
7.2.2.12 - әртүрлі пішіндегі қатты дененің немесе сұйықтың көлемін өлшеу үшін өлшеуіш цилиндрді (мензурка) қолдану
1 сағ
3
Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.
7.2.2.13 - тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру;
1 сағ
4
№3 зертханалық жұмыс. Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау
7.2.2.14 - сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын тәжірибе арқылы анықтау;

Тығыздықты есептеу. Практикалық жұмыс №6.
Сапалық және сандық есептер шығару
7.2.2.15 - тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану
1 сағ
Денелердің өзара әрекеттесуі
(10 сағ)
1
Инерция құбылысы
7.2.2.1 - инерция құбылысын түсіндіру және мысалдар келтіру
1 сағ
2
Күш .Тартылыс құбылысы және ауырлық күші.
7.2.2.2 - күнделікті өмірден күштердің әрекет етуіне мысалдар келтіру
1 сағ
3
Салмақ. Практикалық жұмыс №7.

7.2.2.10 - масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
1 сағ
4
№4 зертханалық жұмыс. Серпімді деформацияларды зерделеу
7.2.2.4 - серпімділік күшінің серіппенің ұзаруына тәуелділік графигінен қатаңдық коэффициентін анықтау;

Деформация Серпімділік күші, Гук заңы
7.2.2.3 - пластикалық және серпімді деформацияларды ажырату, мысалдар келтіру
7.2.2.5 - Гук заңының формуласы бойынша серпімділік күшін есептеу
1 сағ
6
Практикалық жұмыс №8.

Үйкеліс күші.
Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
7.2.2.6 - тыныштық, домалау және сырғанау үйкелістерін сипаттау;
7.2.2.7 - үйкеліс күшінің пайдасы мен зиянына мысалдар келтіру
1 сағ
8
№5 зертханалық жұмыс. Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу

Бір түзу бойымен денеге әрекет еткен күштерді қосу
Практикалық жұмыс №9.
Сапалық және сандық есептер шығару
7.2.2.8 - күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;
7.2.2.9 - денеге әсер ететін және бір түзудің бойымен бағытталған күштердің тең әрекетті күшінің модулі мен бағытын анықтау
1 сағ
10
Практикалық жұмыс №10.

№ 2 Жиынтық бақылау жұмысы
1 сағ
3-тоқсан
Қысым
(16 сағ)
1
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы
7.3.1.1 - заттардың молекулалық құрылысы негізінде, газдардың сұйықтар мен қатты денелердің құрылымын сипаттау
1сағ
2
Қатты денелердегі қысым
7.3.1.2 - қысымның физикалық мағына-сын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;
7.3.1.3 - есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану
1сағ
3
Практикалық жұмыс №11.

Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы
7.3.1.4 - газ қысымын молекулалық құрылым негізінде түсіндіру;
7.3.1.5 - сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
1 сағ
5
Практикалық жұмыс №12.

Қатынас ыдыстар
7.3.1.6 - қатынас ыдыстарды қолдануға мысалдар келтіру
1 сағ
7
Гидравликалық машиналар
7.3.1.7 - гидравликалық машиналардың жұмыс істеу принципін сипаттау;
7.3.1.8 - гидравликалық машиналарды қолдану кезіндегі күштен ұтысты есептеу
1 сағ
8
Практикалық жұмыс №13.

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
7.3.1.9 - атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну
1 сағ
10
Практикалық жұмыс №14.

Манометрлер. Сорғылар
7.3.1.10 - манометр мен сорғылардың жұмыс істеу принципін сипаттау
1 сағ
12
№ 6 зертханалық жұмыс. Архимед заңын зерделеу
7.3.1.11 - кері итеруші күшті анықтау және оның сұйыққа батырылған дененің көлеміне тәуелділігін зерттеу;

Кері итеруші күш
7.3.1.12 - сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;
7.3.1.13 - есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
1сағ
14
Практикалық жұмыс №15.

№ 7 зертханалық жұмыс. Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау
7.3.1.14 - дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу;

Практикалық жұмыс №16.

Жұмыс және қуат
(3 сағ)
1
Механикалық жұмыс
7.2.3.1 - механикалық жұмыс ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
1сағ
2
Қуат
7.2.3.7 - қуат ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру;
7.2.3.8 - механикалық жұмыс пен қуаттың формулаларын есептер шығаруда қолдану
1 сағ
3
Практикалық жұмыс №17.

№ 3 Жиынтық бақылау жұмысы
1 сағ
4-тоқсан
Энергия
(4 сағ)
1
Кинетикалық энергия.
7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату;
7.2.3.3 - кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану;
1 сағ
2
Потенциалдық энергия.

7.2.3.4 - жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолдану
1 сағ
3
Энергияның сақталуы және айналуы Практикалық жұмыс №18.
Сапалық және сандық есептер шығару
7.2.3.5 - энергияның түрленуіне мысалдар келтіру;
7.2.3.6 - механикалық энергияның сақталу заңын есептер шығаруда қолдану
1 сағ
4
Практикалық жұмыс №19.
Сапалық және сандық есептер шығару
7.2.3.2 - механикалық энергияның екі түрін ажырату

Күш моменті
(8 сағ)
1
Жай механизмдер
7.2.4.1 - Механиканың алтын ережесін тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру;
7.2.4.2 - күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру
1 сағ
2
Дененің массалық центрі
№8 зертханалық жұмыс.
Жазық фигураның массалар центрін анықтау
7.2.4.3 - жазық фигураның массалық центрін тәжірибеде анықтау

№ 9 зертханалық жұмыс. Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
7.2.4.5 - тәжірибеде иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау;

Иіндіктің тепе-теңдікшарты
7.2.4.4 - тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
1 сағ
5
Практикалық жұмыс № 20.

Пайдалы әрекет коэффициенті.
Практикалық жұмыс № 21.
Сапалық және сандық есептер шығару
7.2.4.6 - көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін тәжірибеде анықтау;
1 сағ
7
№10 зертханалық жұмыс. Көлбеу жазықтықтың пайдалы әрекет коэффициентін анықтау

Практикалық жұмыс № 22.

Жер және Ғарыш
(3 сағ)
1
Аспан денелері туралы ғылым
7.7.1.1 - геоцентрлік және гелиоцентрлік жүйелерді салыстыру
1 сағ
2
Күн жүйесі
7.7.1.2 - Күн жүйесінің нысандарын жүйелеу
1 сағ
3
Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)
7.7.1.3 - жыл мезгілдерінің ендіктерге байланысты ауысуы және күн мен түннің ұзақтығын түсіндіру
1 сағ
№ 4 Жиынтық бақылау жұмысы
1 сағ
Зертханалық жұмыс-10
Практикалық жұмыс-22
Жиынтық бағалау-4

2017-2018 оқу жылынан бастап республиканың барлы мектептеріндегі 1,5,7 сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту қолға алынды. Бұл үрдіс 12 жылдық білім беруге көшу жоспары аясында жүзеге асырылып жатыр. Яғни, Қазақстан Республикасында 2016-2019 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша орындалып отыр. Жаңартылған білім мазмұны пәнді, пәнаралық байланысты, пәннің ішкі байланыстарын жүйелі қарастыруды қамтиды. Сонымен қатар, мұндай оқыту тұлғалық түйінді құзыреттілікті оқушы бойына қалыптастыруды қарастырады.
Құзыреттілік білім беруді енгізу арқылы білім мазмұнын жаңартудың негізгі бағыттары төмендегідей деп атап көрсетуге болады:
oo білім беру мазмұнын қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;
oo білім беру мазмұнынын ізгілендіруді,оның вариативтілігін қамтамасыз ету;
oo өз бетімен білім алуға,оны практикада қолдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған,негізгі құзырлық қалыптастыруға ықпал ететін білім беру мазмұнымен қамтамсыз ету;
oo білім беру мазмұнын оқушының ғылыми тәсілмен тануына,өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;
oo -білім мазмұнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге,өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.
Алға қойған міндеттерді іске асыру үшін мынадай нәтижелерге қол жеткізуіміз керек:
oo білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын, пәндік-кеңістіктегі ортасын және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және оқу-тәрбие процесінің талаптарына сәйкес келтіру;
oo оқитындардың тілдік, ақпараттық, экологиялық, экономикалық және құқықтық даярлығын күшейту;
oo білім берудің барлық деңгейлеріндегі кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымын және мазмұнын жетілдіру.
Республикамыздың дамуы мен өркендеуі жалпы білім беретін мектептерге өзінің әсерін тигізуде. Қандай да бір қоғам болмасын оның дамып,материалдық және рухани жетілуіне негізгі фактор болып саналатын сол елдің білім жүйелеріне,яғни жаппай білім беретін және мектеп білімінің мазмұнына,сапасына байланысты болмақ..Олай болса сол қазіргі мектептерде,12 жылдық мектептерде білім беру жолдары мен тәсілдерін жаңартып, білім берудің мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағдарланған құзыретті білім беруге өзгертуіміз қажет.
7-сынып , барлығы - 68 сағат, аптасына -- 2 сағат
І тоқсан
Кесте 6. Ұзақ мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар
Пән: Физика: 7-сынып 1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
7.1A Физика - табиғат туралы ғылым
:: Физика - табиғат туралы ғылым
:: Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері
7.2A Тығыздық
- Масса және денелердің массасын өлшеу
- Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу
- Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі
- №3 зертханалық жұмыс. Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын анықтау
- Тығыздықты есептеу
7.3А Қысым
- Газдардың, сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы
- Қатты денелердегі қысым
- Сұйықтар мен газдардағы қысым, Паскаль заңы
- Қатынас ыдыстар
- Гидравликалық машиналар
- Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу
- Манометрлер. Сорғылар
- №6 зертханалық жұмыс. Архимед заңын зерделеу
- Кері итеруші күші
- №7 зертханалық жұмыс. Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау
7.4A Энергия
- Кинетикалық энергия
- Потенциалдық энергия
- Энергияның сақталуы және айналуы
7.1В Физикалық шамалар және өлшеулер
- Халықаралық бірліктер жүйесі (SI)
- Скаляр және векторлық физикалық шамалар
- Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі
7.2В Денелердің өзара әрекеттесуі
- Инерция құбылысы
- Күш
- Тартылыс құбылысы және ауырлық күші.
-Салмақ
7.3В Жұмыс және қуат
- Механикалық жұмыс.
- Қуат.
7.4B Күш моменті
- Жай механизмдер
- Дененің массалық центрі
- №8 зертханалық жұмыс. Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау.
- №9 зертханалық жұмыс. Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау
- Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу
- №1 зертханалық жұмыс. Кішкентай денелердің өлшемін анықтау.
- №2 зертханалық жұмыс. Физикалық шамаларды өлшеу.
- №4 зертханалық жұмыс. Серпімді деформацияларды зерделеу
- Деформация
- Серпімділік күші, Гук заңы
- Үйкеліс күші.
- Үйкеліс әрекетін техникада ескеру
- №5 зертханалық жұмыс. Сырғанау үйкеліс күшін зерделеу.
- Бір түзу бойымен әрекет ететін күштерді қосу
- Иіндіктің тепе-теңдік шарты
- Пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК)
- №10 зертханалық жұмыс. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау
7.1С Механикалық қозғалыс
- Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы
-Санақ жүйесі
- Қозғалыстың салыстырмалылығы.
- Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар
- Жылдамдық және орташа жылдамдықты есептеу
- Әртүрлі механикалық қозғалыстардың графиктері
7.4С Жер және Ғарыш
- Аспан денелері туралы ғылым
- Күн жүйесі
- Күнтізбе негіздері (тәулік, ай, жыл)
Ескерту:
Бөлім - жалпы оқыту тақырыптары бойынша сабақтар кешені.
W = толық сыныппен жұмыс жасау
G = топпен жұмыс
I = жеке жұмыс
E =оқушыт тәжірибесі
D = мұғалімнің демонстрациясы
f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет = қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес
Физика пәні бойынша 7 сыныпта бағдарламаның модульдерін сабақтар топтамасына ықпалдастыруды мен былай қарастырдым. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде оқыту (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен орта мектептің оқу бағдарламасында белгіленген 7 сынып физика пәнінен меңгеруге тиіс төрт тарау Физика - табиғат туралы ғылым бойынша құрдым. Зерттеу жұмысында ұсынып отырған Физика - табиғат туралы ғылым тарауы бойынша тізбектелген сабақтардың орта мерзімді жоспары. Бұл жоспарды құру кезінде оқушылар меңгеруге тиіс ұғымдарды өздігінен танып-білу, жұпта, топта талқылау барысында берілген ұғымның мағынасын терең түсініп, алған білімдерін іс жүзінде пайдаланып, есеп шығару, тәжірибе жасау іскерліктерін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа жетелеуді мақсат еттім.
Бұл ретте сабақтарды Блум таксономиясы бойынша ұйымдастыру оқушылардың дайын ақпаратты қабылдауынан гөрі, ондағы қойылған мәселені зерттеуіне, талдауына және салыстыруына, ой толғауына және бағалауына қолдау ететінін айта кеткен жөн. Блум таксономиясы адамның ақыл-ой қабілеттерінің құрылымы танымдық үдерісінің ең қарапайымнан бастап күрделіге біртіндеп өту барысында белсенді әрекетке жетелейтін 6 деңгейге сәйкес тапсырмаларды құруды қажет етеді. Тапсырмалар құруда оқытудың белсенді әдістердің мәні-оқушыларды кәсіби іс-әрекетті меңгеруге бағытталады.
Тапсырмалар құрастыру барысында оқудағы және оқытудағы жаңа тәсілдер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz