Еліктеуіш
Мазмұны
Кіріспе.
Еліктеуіш сөздер туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім.
1.Еліктеуіш сөздер сөз табы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.Еліктеуіш сөздердің семантикалық топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3.Еліктеуіш сөздердің қос сөз жасаудағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
4.Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
5.Еліктеуіш сөздердің морфологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
6.Еліктеуіш сөздердің аспектуалды семантика жасауға қатысы ... ... ... ... ... ..19
7.Еліктеуіш сөздердің одағайдан ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

Қазақ тілінде басқа сөз таптарындағы сөздерден фонетикалық, грамматикалық, және семантикалық жақтан ерекшеленіп өз алдына дара тұрған тар с етті, борс етті, гүр етті, шомп етті, жымың – жымың етті, талтаң - талтаң етті дегендегі тарс, борс, гүр, шомп, жымың – жымың, талтаң – талтаң сияқты көру, есту қабілетінен пайда болған мыңға жуық сөз бар.
Бұл сөздер көркем әдебиетте көп кездесетін, айтайын деген ойды дәл жеткізу жағынан ерекше мәні бар тілімізге әрдайым әсемдік, ықшамдылық көркемдік сипат беріп тұратын шығарма тілін бейнелеп мәнерлеп тұратын сөздер. Мысалы: Жақып шошып кеткендей, қысыңқырап отырған көзін бажыраң етіп ашып алды.(Ғ.Мұст). Оның жүрегі желді күнгі жапырақтай дірілдеп, өкпесі көріктей көмпиіп, танауы делдең – делдең етті.(С.Мұқ). Маусымбай сақалын сипап қойып жымың етті.(Ғ.Мұст).
Бұл сөздер мақал – мәтелдерде де жиі кездеседі.Мұндай жағдайда да олар мақал – мәтелдерге ықшамдылық, жинақтылық сипат беріп, оларды көріктендіріп отырады. Мысалы:
Бала күнде баланың бәрі бала – ақ,
Үлкейген соң балағы далақ – далақ.
Жүйріктен жүйрік шықса, аяғы тыпыр – тыпыр етеді.
Жерді ұрсаң таңқ етеді.
Итті ұрсаң қаңқ етеді.
Қабырғалы қара нар қабырғасын сөксе бақ етпес.
Еліктеуіш сөздер жұмбақтарда да көп кездеседі. Мысалы:
Жылт – жылт еткен,
Жырадан өткен.
Жалт – жұлт етеді.
Жалмай – жұлмай жұтады.
Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.
Еліктеуіш сөздер қазақ тілінде ең көп тараған сөздер болғанымен, оларды арнайы зерттеп, оларға зерттеу жұмысын арнаған ғалымдар өте аз. Осы курстық жұмысымда еліктеуіш сөздердің мағыналық түрлеріне, дыбыстық ерекшеліктер, морфологиялық ерекшеліктері, олардың одағай айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы жаздым.

. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы ( қазақ тілі мен олқу – ағартуға қатысты еңбектері) – Алматы: Ана тілі, 1992. – 448б.
2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1999.- 581б.
3. Академик Нығмет Сауранбаевтың еңбектері. – Алматы, 2000. – 400б, III том
4. Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау: Оқу құралы, - Алматы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999. –186б.
5. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. – Вопросы казахского языкознания. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2000. – 624б.
6. Қазақ тілі грамматикасы .– Алматы: Қазақ ССР – нің «Ғылым» баспасы, 1975. 223б.
7. Сатыбалдықызы М. Еліктеуіш сөздердің аспектуалды семантика жасауға қатысы// ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. 2007.-№5(104). 129-132бб
8. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы:Оқулық. –Алматы, 2007. -390б.
9 . Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. –Алматы: «Мектеп» баспасы, 1974. -410б.
10. Қайдар Ә. Имитатив теориясына қатысты жаңаша көзқарас // ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. 2003. №5

Еліктеуіш сөздер туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Негізгі бөлім.
1.Еліктеуіш сөздер сөз табы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4
2.Еліктеуіш сөздердің семантикалық
топтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3.Еліктеуіш сөздердің қос сөз жасаудағы рөлі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
4.Еліктеуіш сөздердің дыбыстық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..14
5.Еліктеуіш сөздердің морфологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 17
6.Еліктеуіш сөздердің аспектуалды семантика жасауға
қатысы ... ... ... ... ... ..19
7.Еліктеуіш сөздердің одағайдан
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Кіріспе
Қазақ тілінде басқа сөз таптарындағы сөздерден фонетикалық,
грамматикалық, және семантикалық жақтан ерекшеленіп өз алдына дара тұрған
тар с етті, борс етті, гүр етті, шомп етті, жымың – жымың етті, талтаң -
талтаң етті дегендегі тарс, борс, гүр, шомп, жымың – жымың, талтаң – талтаң
сияқты көру, есту қабілетінен пайда болған мыңға жуық сөз бар.
Бұл сөздер көркем әдебиетте көп кездесетін, айтайын деген ойды дәл
жеткізу жағынан ерекше мәні бар тілімізге әрдайым әсемдік, ықшамдылық
көркемдік сипат беріп тұратын шығарма тілін бейнелеп мәнерлеп тұратын
сөздер. Мысалы: Жақып шошып кеткендей, қысыңқырап отырған көзін бажыраң
етіп ашып алды.(Ғ.Мұст). Оның жүрегі желді күнгі жапырақтай дірілдеп,
өкпесі көріктей көмпиіп, танауы делдең – делдең етті.(С.Мұқ). Маусымбай
сақалын сипап қойып жымың етті.(Ғ.Мұст).
Бұл сөздер мақал – мәтелдерде де жиі кездеседі.Мұндай жағдайда да
олар мақал – мәтелдерге ықшамдылық, жинақтылық сипат беріп, оларды
көріктендіріп отырады. Мысалы:
Бала күнде баланың бәрі бала – ақ,
Үлкейген соң балағы далақ – далақ.
Жүйріктен жүйрік шықса, аяғы тыпыр – тыпыр етеді.
Жерді ұрсаң таңқ етеді.
Итті ұрсаң қаңқ етеді.
Қабырғалы қара нар қабырғасын сөксе бақ етпес.
Еліктеуіш сөздер жұмбақтарда да көп кездеседі. Мысалы:
Жылт – жылт еткен,
Жырадан өткен.
Жалт – жұлт етеді.
Жалмай – жұлмай жұтады.
Қара бием қалт етті,
Қабырғасы жалт етті.
Еліктеуіш сөздер қазақ тілінде ең көп тараған сөздер болғанымен,
оларды арнайы зерттеп, оларға зерттеу жұмысын арнаған ғалымдар өте аз.
Осы курстық жұмысымда еліктеуіш сөздердің мағыналық түрлеріне,
дыбыстық ерекшеліктер, морфологиялық ерекшеліктері, олардың одағай
айырмашылықтары мен ұқсастықтары туралы жаздым.
Негізгі бөлім
1. Қазақ тілін алғашқы зерттеуші орыс ғалымы П.М.Мелиоранский
еліктеуіш сөздерді “подражательные слова”[4] деп, ал қазақ ғалымдары
А.Байтұрсынов[1], Қ.Жұбанов[2], Н. Сауранбаев[3] “еліктеу сөздер” деп
атап, оларды одағай сөздердің қатарына жатқызған болатын.
Еліктеу сөздер жеке сөз табы ретінде соңғы жылдары ғана бөлініп
шықты. Оның жеке сөз табы болып даралануы тікелей А.Ысқақовтың есімімен
байланысты деп айтуға болады. А.Ысқақов қазіргі қазақ тілінде еліктеу
сөздер деген өзгеше бір сөздердің тобы бар екенін сонау 1948 жылдардың
өзінде – ақ айтқан болатын. Ол туралы ғылыми мақалалар да жариялаған.
Кейіннен еліктеу сөздерді грамматика құрамына ендірді .Бұдан әрі қарай
еліктеу сөздер өзге де ғалымдардың зер салған тақырыбына айналып, 60-
жылдары диссертациялық зерттеу обьектісіне көшеді. Қазір еліктеу сөздер
бірде еліктеу, бірде еліктеуіш деп аталатыны болмаса, негізгі сөз табының
бірі болып танылып отыр[6, 28-29-бб].
Еліктеуіш сөздерді дербес сөз табы деп дәлелдеген-ғалым А.
Ысқақов. 1950 жылдарға дейін еліктеуіш сөздер одағайға жатқызылып келген
болатын. 1948 жылы А.Ысқақов “Еліктеу сөздер туралы” деген мақаласында
еліктеуіш сөздерді жеке сөз табы деп дәлелдеп, оны одағайдан шығаруды
ұсынған. 1950жылдардан бастап А.Ысқақов еліктеуіш сөздерді оқулықтарға
дербес сөз табы деп кіргізді. 1954жылы еліктеуіш сөздер алғаш ғылыми
грамматикаға кірді[8, 332-б].
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматиикалық сыр-
сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз
таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы
ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеу сөздер (мимема) деп аталады.
Еліктеу сөздер семантикалық жағынан алғанда, біріншіден, табиғатта
ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я
соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау
мүшелерінен шығатын әртүрлі әрекет қимылдарынан туатын, әр қилы дыбыстарға
еліктеуінен пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта
ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-
жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-әрекеттерінің де қилы-қилы
көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс, гүрс,
дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт,
дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, санқ, шаңқ, шіңк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ,
болп, былп, жалп, желп, қолп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, тарс-тұрс, арс-ұрс, жалт-
жалт, жалт-жұлт, қалт-қалт, қалт-құлт, қаңқ-қаңқ, қаңқ-құңқ, шаңқ-шаңқ,
шаңқ-шұңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең,
батыр-бұтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңғыр-күңгір,
қайқаң-құйқаң, митың-митың, салың-сұлаң, ыржың-тыржың, т.б.[9, 344-б].
2. Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан
табиғата ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты болса, екінші тобының
семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әр қилы табиғи көріністердің
бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді.
Еліктеуіш сөздерді ең бірінші рет арнайы зерттеген доцент А.
Ысқақов болды. Еліктеуіш сөздер семантикасына қарай екі топқа бөлінеді:
1. Еліктеуіш сөздер.
2. Бейнелеуіш сөздер[9, 346-б].
Бұл сөздер семантикалық жағынан ғана емес, фонетикалық-грамматикалық
сыр-сипаттары жақтарынан да ( мысалы: буын құрылымы, морфологиялық
тұлғалары, синтаксистік қызметтері) бір-бірімен ұқсас, орайлас болып
келеді. Еліктеу сөздердің өзді-өздеріне тән жалқы ерекшеліктері мен
барлығына тән жалпы қасиеттері төмендегідей.
Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен
заттардың бір-біріне қақтығысу-соқтығысуынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ,
жан-жануардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту
қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан болған және
сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы:
Мылтық тарс етті. Қарға қарқ етті деген сөйлемдерді алсақ, ондағы тарс
деген сөз мылтықтың атылуынан туған дыбыстың атын білдірсе, қарқ деген сөз
қарғаның дыбысталу мүшесінен (қарқылдауынан) шыққан дыбыстың атын
білдіреді. Демек, бұл екі сөздің екеуіне де жансыз және жанды заттардан
шыққан дыбыстар негіз болған. Бірақ бұл дыбыстардың қайсысы болса да,
әрине, сол дыбыстардың дауыстарын дәлме-дәл етіп айтуға тырысудан туған әрі
дыбыстық бейне, әрі сол бейненің атауы ретінде қалыптасқан дыбыстар. Заттың
құрылымдың бөлшектерінің ерекшеліктеріне қарай, жерге түскендегі дыбысы я
дүңк, я тыңқ, я тыңқ, я тоқ, я тық етіп естілуін тілмен дәлме-дәл етіп
жеткізу қиын-ақ. Дегенмен, осы дыбыстар дыбыстық бейне ретінде де, сол
бейгнелердің атаулары ретінде де қалыптасқандықтан, оларды біз сөздер
есебінде қабылдаймыз. Оның бер жағында, бұл дыбыстар, қайсысы болса да,
жалаң дыбыстар емес, күрделі дыбыстар. Ал осы күрделі дыбыстар белгілі-
белгілі табиғат дыбыстарының таңбалары есебінде қабылданып, тиісті сөздерге
айналған, оған көркем әдебиеттен бірер мысалдар келтірейік: Дәл сол кезде
түп қарағаннан аса бере, алдына жас қызыл қозы топ ете түсті (М. Әуезов);
Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала, ырр етіп барып бас салды (М.
Әуезов); Қозы екі қомағай ауыздың кергісінде қанжоса болып дар-дар
айырылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш қорқ-қорқ етіп
қомағай қанды ауыздар асайды (М. Әуезов). Осы сөйлемдердегі топ, ырр, дар-
дар, сырт-сырт, қорқ-қорқ сөздері тиісті дыбыстарды естуден пайда болған
түсініктерді білдіреді. Сондықтан бұлар да, әрине еліктеуіш сөздерге
жатады.
Осындағы дар-дар, сырт-сырт, қорқ-қорқ деген еліктеуіш сөздер
бастапқы түбірлердің екі рет қайталануынан жасалған. Егер сол сөйлемдердің
құрылымдарына да, құрылыстарына да ешқандай өзгеріс енгізбей, тек осы
еліктеуіш сөздерді қосарлаған түрде емес, жалаң түрде ғана қолдансақ
(мысалы, сырт етіп жас сүйек сынды), өзге сөздер сияқты, еліктеуіш
сөздердің не жалаң түрі мен қосарланған түрі болатыны, олардың
мағыналарыда тиісті айырмашылық барлығы аңғарылады. Демек, еліктеуіш сөздің
жалаң түрі амал-әрекеттің бір ғана рет жасалатынын білдірсе, қайталанған
түрі сол амал-әрекеттің үсті-үстіне әлденеше рет қайталанып жасалатынын
білдіреді. Мысалы: дар айырылды және дар-дар айырылды; сырт етіп және сырт-
сырт етіп; қорқ етіп және қорқ-қорқ етіп дегендерді мағына жағынан
салыстыруға болады.
Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрлерін екінші сыңарындағы ашық
дауысты қысаң дауысты еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында
туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да дәл өзгеріс туады. Мысалы:
Біреу есікті тарс-тарс ұрды және біреу есікті тарс-тұрс ұрды деген
сөйлемдердің құрылысы мен құрамында айырмашылық болмаса да, мағыналарынды
(сәл болса да) айырмашылық бар; тарс-тарс ұрды дегенде, адам есікті әрі
қатты, әрі бірнеше рет ұрғанымен, бірқалыпты ұрғаны аңғарылады, ал тарс-
тұрс ұрды дегеннен есіктің қатты ұрылуы бір қалыпты емес, бірде қатты,
бірде онанда қаттырақ, солғын болып алмасып отырғаны аңғарылады. Бірақ бұл
екі форманың қызметінде тарс-тарс (сарт-сарт) дегенде де, тарс-тұрс (сарт-
сұрт) дегенде де ешқандай өзгешелік болмайды. Олар біреуінің орнына біреу
тұра алады. Морфологиялық жағынан да бұл үш форма (тарс, тарс-тарс, тарс-
тұрс) өзгермейтін сөздер ретінде қала береді.
Басқа сөздер сияқты, мағына жағынан бір-біріне жақын, синонимдес,
екі түрлі еліктеуіш сөз қосарлана береді, мысалы: сартыр-күтір, салдыр-
күлдір, бұрқ-сарқ, т.б. Бұл ерекшелік те - еліктеуіш сөздердің қосарлануына
тән қалыпты, заңды құбылыс. Әдетте, су бұрқ-бұрқ қайнап жатыр деп те, су
сарқ-сарқ қайнап жатыр деп те айтыла береді. Бұл сөйлемдердің құрылсы мен
құрамдарында ешқандай айырмашылық жоқ, арасында азды-көпті мағыналық
айырмашылық бар: бұрқ-бұрқ қайнауға қарағанда, сарқ-сарқ қайнау әлдеқайда
күшті. Солай болса, сол екі дыбысты естігеннен кейінгі әсер де бірдей емес.
Ендеше, бұл екеуінің мағыналары да бір-біріне қарайлас та, жақын да. Егер
бұл екі сөздің бір-бір сыңарларын бөліп алып, оларды қосарлап: Су бұрқ-сарқ
қайнап жатыр десек, оған бұрқ және сарқ деген екі сөздің де беретін
мағынасы бірдей кіреді, су я бірыңғай бұрқылдап та; я біріңғай сарқылдап та
қайнамай, жоғарыдағы айтқан тәрізді (тарс-тұрс сияқты), бірде (я бір жері)
бұрқылдап, бірде (я бір жері) сарқылдап қайнаудың дыбыстық та, бейнелікте
көрінісі білінеді. Салдыр-күлдір, сатыр-күтір сияқтанған сөздердің де
құрылыстары мен мағыналарынан осыны байқауға болады.
Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашық, не қысаң
болуы да сол сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы, есік сарт етіп жабылды
және есік сырт етіп жабылды деген сөйлемдер де құрылысы жағынан ешқандай
айырма жоқ бола тұрса да, мағына жағынан сәлде болса, ерекшеленіп тұр. Ол
ерекшелік: сарт және сырт деген сөздердің дауысты дыбыстарына ғана
байланысты, демек, сарт етіп жабылғаны есіктің қатты жабылғаны, яғни
құлаққа естілетін дыбыстың қатты шыққаны, ал сырт етіп жабылғаны есіктің
дыбысы ақырын шыққаны аңғарылады. Ал есіктің қатты я ақырын жабылғандығын
білдіріп тұрған нәрселер түбірдің дауысты дыбыстарының я ашық, я қысаң
болуына байланысты. Екінші сөзбен айтқанда, еліктеу сөздің түбіріндегі
дауысты дыбыс ашық болса, құлаққа келетін табиғат дыбысы да қатты естіледі
- қысаң болса,- ақырын естіледі. Осыған сәйкес сол сөздің мағынасы да
ажырайды. Ондай сөздерді салыстыруға болады. Сөздердің мағыналарындағы
айырмашылықты білу үшін, қосымша, мысалы, тарс және тырс, шақ-шақ және шық-
шық, шаңқ-шаңқ және шыңқ-шыңқ, т.б деген сөздерді салыстыруға болады.
Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я
жіңішке болуыда сөздің мағынасына да әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ етеді,
шіңк-шіңк етеді дегендердің мағыналарында айырмашылық бар. Шіңк-шіңк
дегендегі дауысты дыбыстың жіңішке болуынан еліктеуіш сөздің мағынасы сәл
өзгешелік болып тұр, демек, одан дыбыс әлсіз болатыны, соған сәйкес,
лажсыздықтан ащы келетіні аңғарылады. Тоғыз тоңқылдақ және бір шіңкілдек
деген ертегіде зорықшыл қара күш иесі тоғыз жігіттің тоңқылдақ делініп
атауы, акүші аз, әлсіз, бірақ тәсілшіл бір жігітің шіңкілдек делініп
аталуы кездейсоқ нәрсе емес. Мұндағы тоңқылдақ деген зат есім бастапқы тоңқ
деген еліктеуіш сөзден, шіңкілдек деген зат есім бастапқы шіңк деген
еліктеуіш сөзден шыққан. Солай болса, еліктеуіш сөздерден жұрнақ арқылы
жасалған туынды сөздердің де семантикалық мағыналары, жоғарыда айтқандай,
олардың түбірлеріндегі дауысты дыбыстарға байланысты болады.
Ауызекі тілде адамның көңіл күйіне, эмоциялық жағына байланысты
еліктеуіш сөздердің кейбір дыбыстарының айтылуында ерекшеліктер болады.
Ашық дауысты еліктеуіш сөздердің дауысты дыбыстары созылып айтылады,
мысалы: сарт ете түсті дегенді саарт ете түсті деп, тарс ете түсті дегенді
таарс ете түсті деп түбірдегі а дыбысын созып, ал қысаң болса, соңғы
дауыссыз дыбыс созылып айтылады, мысалы: тыз ете түсті, тырс ете түсті,
шыж ете түсті, шың ете түсті, шыр ете түсті деген сияқты ауыз сөзде соңғы,
з, с, ж, р, ң дыбыстарын созып, мысалы, тызз, тырсс, шыжж, шырр, шыңң деп
айтуға болады.
Еліктеуіш сөздер ауызекі тілде, ауыз әдебиетінде, көркем әдебиетте
өте жиі қолданылады, мысалы: Социалистік индустрияның дөңгелегі зыр
жүгірді. Күн көрістің ескі тәсілдері, ескі салт-сана, әдет-ғұрып шірік
шүбіректей дыр-дыр жыртылып жатты. Колхоздың қара сабалары күмп-күмп
пісілді(Мұстафин). Кешікпей тағы да мылтық даусы гүрс-гүрс шықты
(Ғ.Сланов). Боз, күрең, жирен, ала, шұбар, Өтеді ауыздығын қарш-қарш
шайнап(Жамбыл).
Сөйтіп, еліктеуіш сөздер дегеніміз - өзіне тән лексика-
семантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де
көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын
(түрленбейтін), сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы
түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын
сөздер.
Еліктеуіш сөздер есту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің
аттарын білдірсе, бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі
елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын
білдіреді. Мысалы: Ырғалып қарға қарқ етті; ірімшік аузынан салп етті
деген сөйлемдерді алайық. Мұндағы қарқ деген сөз - қарғаның дауысынан
естілген дыбыстың атын аңғартатыны, соған сәйкес, еліктеуіш сөз сол
түсініктің атауы болатыны жоғарыда айтылды. Ал осы салалас сөйлемнің екінші
жартысындағы салп деген сөз дыбысты емес, қарғанынң аузынан ірімшіктің
жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен кездегі көрініс елесін, сол
көріністің бейнесін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, салп деген сөз
ірімшіктің жерге тез түсіп бара жатқан кезінде көзбен көру қабілеті арқылы
қабылданған көріністің, оның бейнесінің атауы есебінде қызмет етеді.
Бейнелеуіш сөздер іс-әрекеттің тек сыртқы бейнесін ғана емес, әрі
шапшаң болатынында білдіреді. Бұл сөздерге де белгілі-белгілі көріністің,
қимылдың бейнесі негіз болады. Мысалы: бірдеңе елең етті; жапалақ жалп
етті; от жалт етті дегендердегі елең, жалп, жалт деген сөздер белгілі
көріністің бейнесін де, олардың тез болу ерекшелігінде білдіреді.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздер де қосарланып
қолданылады да, солар арқылы бейнеленетін құбылыстардың бірнеше рет
қайталанғанын білдіреді. Мысалы: елең-елең, жалп-жалп, жалт-жалт, жылт-
жылт, қылт-қылт, лап-лап, т.б.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де қайталанған
екінші сыңарының ашық дауысты дыбысы қысаң дауысты еріндікке айналып, іс-
қимылдың бейнесінің бірде олай, бірде бұлай болып алмасып отыратынын
білдіреді, мысалы: жалп-жұлп, жалт-жұлт, қылт-құлт, т.б.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты
дыбыстың ашық я қысаң болуы немесе жуан я жііңішке болуы сол сөздердің
мағыналарына әсер етеді. Мысалы: От жалт етті және от жылт етті
дегендердегі жалт деген сөзден көру қабілетінің күшті екені аңғарылса, жылт
деген сөзден көріністің әлсіз болатыны аңғарылады[9, 345-351-бб].
Еліктеуіш сөздерді зерттеген Ш.Сарыбаев 1960 жылы шыққан “Қазақ
тіліндегі еліктеуіш сөздер” атты еңбегінде еліктеуіштің екі семантикалық
түрін көрсеткен. Олар:
1. Дыбыстық еліктеуіш сөздер.
2. Бейнелеуіш сөздер.
Дыбыстық еліктеуіш сөздер мына төмендегі дыбыстарға еліктеуден
пайда болады: 1)Табиғат құбылыстарының дыбыстарына ( желдің уілі,
жапырақтың, қамыстың сыбдыры, найзағайдың жарқылдауы, күннің күркіреуі,
өзеннің мсылдырап ағуы т.б.) еліктеуден пайда болған сөздер. Мысалы:
Сол кезде шатыр шұтыр бұлт жарылып,
Серпілді төбемізден түн арылып. (Ә.Сәрс)
Сөйлегенде даусы қыр – қыр етеді.(Ғ.Сл)
Баяғы жартас – бір жартас,
Қаңқ етер түкті байқамас.(Абай)
Кетпендер шапыр – шұпыр сермеліп жатты(Ғ.Мұст). Танк борс етті
де, лап берді(Ғ.Мүср). Әстакада үстінде салдыр – гүлдір вагонетка
дыбыстары естіледі(Ғ.Мұст). Абай қасына келді де , суға Оспанмен бірге
шомп етіп құлап кетті(М.Әу.Абай.). Атылған батыр – бұтыр неткен
гүрсіл?(С.Мұханов). Күректердің зың – зың еткені енді естіле
бастады(Ғ.Мүср.).
2)Адамның сөйлеу аппаратынан шыққан дыбыстарына ( түшкіру,
пысылда, күлу, қырылдау т.б.) еліктеуден пайда болған сөздер. Мысалы:
Кәперінде дәнеңе де жоқ, быр – быр ұйықтап жатыр(Ғ.Сл.). Кемпір әр қабырға
нұсқап балп – балп сөйлейді (Ғ.Мұст.). Ол күрк – күрк жөтеліп
жүретін(Ғ.Сл). Ол пыс – пыс ұйықтаған баланың қасына келіп, айналып,
толғанып тұр.(Ғ.Мұст.).
Күлкінің әр түрлі реңктерін білдіретін қазақ тілінде елуге жуық
еліктеуіш сөздер бар:
қарқ – қарқ күлу шиқ – шиқ күлу
сылқ – сылқ күлу солқ – солқ күлу
сақ – сақ саңқ – саңқ күлу
таңқ – таңқ ыржаң – ыржаң күлу
кеңк – кеңк селк – селк күлу
ду күлу мырс – мырс күлу
шарқ – шарқ күлу ырқ – ырқ күлу т.б.
Бұлардан басқа жырқылдап күлу бар. Мысалы: Ол Ордабайға қарап
жырқ- жырқ күлді(Ғ.Мүсір.). Бұл келтірілген сөздердің бірқатары,
біржағынан, дыбысқа байланысты болса, екінші жағынан, қимыл – күйге де
байланысты.
3)Түрлі хайуан, аң – құстардың дауыстарына еліктеуден пайда
болған сөздер. Мысалы:
Бақ – бақ еткен текені,
Қар жауғанда көрерміз.
Батырсынған жігітті,
Жау келген көрерміз. (Мақал).
Сонда барқ – барқ үре бастайды...( С.Мұх).
Құлындар шіңгір – шіңгір кісінесіп,
Ойнақтап тұяғымен еөтерді шаң.(Ә.Сәр.).
Құтырған көк төбеттей арс арс етіп,
Бақсыны кім әкелген ырылдатып. (Тор.).
Сөйтіп, табиғат құбылыстарының айналадағы заттардың
қозғалуынан, олардын бір-бірімен соқтығысуынан пайда болған дыбыстарға және
адамның, хайуанаттың шығарған дыбыстарына еліктеуден пайда болған сөздерді
дыбыстық еліктеуіш сөздер дейміз[5, 337-338-б].
Бейнелеуіш сөздер- адамдардың, заттардың, хайуанаттардың,
сыртқы көрінісін бейнелеп, көрсететін не олардың қимыл-әрекетіне бейнелі
түрде еліктеуден пайда болған сөздер. Мысалы: Саусақтары бұлың-бұлың енді
де кетті(Ғ.Сл. Шалқар). Жұмыр білектердің түйін-түйін бұлшық еттері бұлт-
бұлт ойнайды ( Ғ.Сл. Шалқар). Аттар борт-борт желеді (С.Мұқ. Таңдамалы.)
Бұлаңбай мен Алшағырдың үй-іштері көшіп келіп, абыр-сабыр болып қалды.
(Ғ.Мүсір. Оянған өлке.).
Бейнелеуіш сөздер мағынасына қарай екі топқа бөлінеді:
1)Қимыл процесін бейне- сипатын білдіретін сөздер. Мысалы: Алшаң басып,
аяңдап аю келді...( Ы. Алтынсарин).
Алдында айнасының қыфз сыланып,
Үйінде көлбең қағып маң – маң басты.(Ж.Сайн.).
Байғұс қара өгіз көзіне шыбын үймелеп, аузынан сілекейі шұбырып
митің – митің аяңдап келеді(Ғ.Мүсір.).
Ол шаршайтын да, сескенетін де емес, бүгжең – бүгжең
басады(Ғ.Мұст.). Амантай балалардың ең артында бортаң – бортаң жүгіріп,
тоғай ішіндегі қалыңға кіріп кетті(Қ.Әбдіқадіров).
2)Бұл топқа жататын сөздер адамның, заттың қимылымен
байланысты болмай, сол адамның не заттың сыртқы көрінісінің қалпымен
байланысты болады да , олардың сыртқы қалпының күйін көрсетеді. Мысалы:
Дода – дода, ез –ез, мылжа – мылжа, дал –дал т.б. сияқты сөздер заттың
сыртқы тұлғалық көрінісінің жайын, күйін бейнелейді. Оны мына мысалдардан
көруге болады:
Арқада көк мұнармен кмкеріліп,
Көкшетау ақар – шақар жатыр шөгіп.(Т.Әлімқұлов)
Алға! деп құшырланып тиіскенде,
Дал- дал боп қақ жарылған мидай
тақыр.(Н.Бекежанов).
Үстері өрім - өрім, арса – арса (Т.Жар.). Соқа тимеген соны жер
биыл борша – борша(Ғ.Мұст). Тұла бойы ез –ез (Ғ.Сл.). Үстіндегі ер - тоқымы
пара – пара (Ә.Көшімов). Скважина аузы ойқаң – тойқаң болып қалды (Ғ.Сл.
Бесжылдықтың өрендері).
Бейнелеуіш сөздер тобына сын есімнен жасалған қызараң – қызараң
(қызар), ағараң – ағараң (ағар), қараң – қараң (қара) секілді сөздер де
енеді. Мысалы: Мешіт жақтан бір салт атты қараң ете түсті.(С.Мұх.). Сын
есімнен жасалған осы үш сөздің екеуінің (қызараң – қызараң, ағараң –
ағараң) екінші сыңарлары қосарлап өзгерілмейді де, үшіншісінің екінші
компоненті қараң – құраң болып өзгертіліп айтыла береді. Мысалы: Қараң –
құраң етіп еңіске тартып барады.(Ғ.Сл.).
Бұл топқа оттың лапылдап жануына, күннің жарқырауына, жылтыр
нәрсенің жылтылдауына еліктеуден пайда болған жалт – жұлт, жарқ – жарқ, лап
– лап, лау – лау сияқты бейнелеуіш сөздер де енеді. Мысалы: Үш гранатаны
қосақтап алып ұрып ем, танк борс етті де, лап берді.(Ғ.Мүсір)
Жалт – жұлт етеді,
Жалмай – жұлмай жұтады. (Жұмбақ)
Көзінің оты жарқ етті де сөніп бара жатты.(М.Әу.
Абай).
Бұл топқа кейбір етістіктерден жасалған еліктеуіш сөздер де
кіреді.Олар көбінесе, етістіктің бұйрық рай түріне –аң, -ең, -ың
қоспасы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Сүйрең – сүйрең, сүйрелең –
сүйрелең( сүйре етістігіне), қисаң – қисаң, қисалаң – қисалаң (қисаю
етістігінен), домалаң – домалаң (домалау етістігінен), созалаң – созалаң
(созу етістігінен).
Сөйтіп, тірі жанның, нәрсенің қимыл, күй қалпын көрсетіп, көру
қабілетінен пайда болған сөздерді бейнелеуіш сөздер дейміз.
Бейнелеуіш сөздерге тән нәрсе – олардың көпшілігінің ауыспалы
мағынада қолданылуы. Мысалы: қылп – қылп деген сөздің нақты мағынасы
құстың құйрығының қылпылдауын білдірсе, Айдар жүрерде ғана сыпыртып
тастағанын ұмытып , сақал – мұртының орнын әдет бойынша бір сипап алды. Сол
кезде арты да қылп еткен тәрізді.(Ғ.Мұст. Миллионер) дегендегі қылп сөзі
ауыспалы мағынада қолданылып тұр.
Еліктеуіш сөздер тек түбір тұлғада ғана емес сонымен қатар
етістікке айналған түрде немесе көмекші етістікпен тіркескен түрде де
ауыспалы мағынада қолданылады.Мысалы: Нартай ақынның:
Қазанқап, неге сонша шытырлайсың,
Тіл безеп қарсы ұмтылып тыпырлайсың...
Жауырды жаба тоқып сыпылдайсың...
Несіне болмашы деп шұқымдайсың?(Н.Бекежанов.Домбыра
сазы)
деген шумағындағы шытырлау тура мағынасында қолданылмай , ауыспалы
мағынада, ашу, долы деген сөздердің баламасы ретінде қолданылып тұр. Асты
сызылған басқа еліктеуіштен жасалған етістіктер де ауыспалы мағынада
қолданылдып тұр.
Кейбір еліктеуіш сөздер тар көлемде ( облыс не аудан көлемінде) ған
қолданылып говорлық, диалектілік сипатта айтылады. Мысалы: Мәметтің дауысы
сайқ – сайқ етті(Ғ.Мұст.Миллинер). Дауыстар самп – самп естіледі(Ғ.Мұст.
Қарағанды). Жол бойында шөлдеп қалған қадақ – құдақ адамдар (Ғ.Сл.
Күретамыр.) [5, 338-340-б].
3.Еліктеуіш сөздер қос сөз жасауда үлкен рөл атқарады. Біз
жоғарыда еліктеуіш сөздердің қосарланып айтылуы –дыбыстың не қимылдың бір
рет емес, дүркін-дүркін бірнеше рет қайталануымен байланысты екендігін
айтқан едік. Енді еліктеуіш сөздерден қос сөздер тудыру амалдарына
тоқталайық. Еліктеуіш сөздерден қос сөз тудырудың төрт амалы бар.
1) Еліктеуіш сөздерді ешбір фонетикалық өзгеріссіз, таза түбір
күйінде қосарлап айту: Барлық жиын жалғыз төбені дүрс-дүрс басып, шығысқа
қарай тартты (М.Әу.Абай.). Масаттанып кеңк-кеңк күледі.(Ғ.Мұст.Қарағанды).
Көп жылдар көкке қарай маңқиған қызыл тұрба қара түтінді лақ-лақ құса
салды.(Ғ.Мұст.). Жалаң аяғымен жер еденді сырп-сырп басып анасы төргі үйге
кірді.(А.Фадеев.Жас гвардия). Енді пәле көбейді деген лақаптар дүңк-дүңк
шығады (М.Әу.Абай). Шал селдір біткен сақалын қышыр-қышыр шайнап
қойды.(Ғ.Сл.)
Бұл топқа кіретін кейбір қосар еліктеуіштің құрамындағы сөздер түбір
күйінде жеке-дара қолданылмай, тек қос сөз тұлғасында ғана, ал жеке- дара
тек кейбір көмекші етістікпен тіркесіп келгенде ғана қолданылады. Мысалы:
сақ-сақ күлді. Мұны сақ күлді деп, қосарламай, жеке түрде айтуға болмайды.
Бірақ сықылдап күлді деп етістікке айналған түрде айтуға болады. Сол сияқты
татаң-талтаң, дабыр-дабыр, кідің-кідің сияқты қосар еліктеуіштердің
құрамындағы сыңарларды жеке, қосарсыз айтуға болмайды. Олар қос сөз не
етістік тұлғасында ғана айтылады. Олай болатын себебі, еліктелетін дыбыс не
қимыл өзінің табиғаты жағынан әр уақытта дүркін-дүркін қайталанып
отыратындығында. Мұндағы дыбыс не қимыл бір рет қайталанбай, қайта-қайта
қайталанып отырады. Бұл топқа енген еліктеуіш сөздер дыбыстың не қимылдың
тез, жылдам болғандығын білдіреді. Ал екі буынды еліктеуіш сөздер әдетте
дыбыстың тез болмай, созылыңқы болатынын білдіреді. Кейбір еліктеуіш сөздер
екі емес, кейде одан көп рет қайталанып айтылады. Мысалы:
Балпаң-балпаң-балпаң басып
Екі көзін әрең ашып (Ә.Тәж.).
Шұнаң-шұнаң-шұнаң қағып,
Жүгіреді ақ лағым (З.Қалауова).
Кейде еліктеуіш сөздер қайталанып келгенде, даде шылауы арқылы
қайталанып айтылады. Мысалы:
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гу де гу (Абай).
Тұндырғандай [домбыра –Ш.С.] құлағыңды,
Қоңырауланып тек дың да дың (Ә.Сәрс.).
Түн ортасы кезінде сарт та сұрт келген дыбысынан шошып ояндым
(Қырық өтірік ертегісінен).
Айқай –ұйқай, шаң да щұң,
Жерді жарған ұранды үн...(С.Мұқ.).
Ауыл маңы ала шаң,
Алды!, кетті!, у да шу (Н. Бекекжанов).
2)Еліктеуіш сөздер қосарланып айтылғанда, оның екінші
компоненті (сыңары) дыбыстық жағынан өзгертіліп айтылуы мүмкін. Мұндай
жағдайда еліктеуіш сөздің сыңарындағы алғашқы а дыбысы ұ дыбысына ауысуы
арқылы фонетикалық өзгеріске түсіп, екінші компонентті бірінші
компоненттің жаңғырығы ретінде немесе бейненің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz