Оқушыларды ағылшын тілінде тыңдап түсінуге үйрету


КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі . Бүгінгі білім жүйесі бүкіл әлем деңгейінде қоғамдық дамудың өлшемі мен сол қоғамның негізін құрайтын басты тетіктердің біріне айналады. Сондықтан да әлемдік қауымдастықта айтарлықтай ықпалы артып келе жатқан еліміздің білім беру саласын халықаралық дәрежеге көтеру және бәсекеге қабілетті маман даярлау мақсатында тың да нақты қадам жасалуда. Ғылымның қай саласы болмасын ұстаз қауымы алдына зор міндеттер жүктейді. Соның ең бастысы - сапалы білім және сапалы тәрбие беру барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, сол арқылы білім сапасын арттыру. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдірет күші тек білімге ғана тән. Сондықтан еліміздегі саяси-әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, білім мазмұнын жаңашаландыруға, болашақтың иесі болар жас ұрпаққа ағылшын тілін меңгертуге, оны күнделікті өмірде қолдана білуге үйретуге баса назар аударылуда.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры - ұстаздардың қолында деп мұғалімдердің алдына зор міндет қойды”. Осы тағылымға орай жеке тұлғаның білімділігіне, қабілетіне ден қоя отырып, оның шығармашылық дербестігін дамытуға және өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу қажет. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Мектептерде оқу сапасын жақсартуда әр түрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, өз деңгейінде нәтижеле беруде. Елімізде білім беру саласында қазір демократияландыру, ізгілендіру іске асырылуда. Ағылшын ана тілімен қоса оқушының сөйлеу қабілетін және жалпы дамуын ғана жетілдіріп қоймайды, оны өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушының ағылшын тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру мектепте берілетін білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады, оқулықпен және басқа оқушылармен қарым - қатынас барысында оқушы барлық пәндерді меңгереді. Ағылшын тілін оқушыларға үйреткенде біз оларға басқа халықтың мәдениетіне әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашамыз, басқа халықтармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туады. Ағылшын тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. [3, 56]
Білім мен тәрбиенің тұғыры тіл болғандықтан еліміздің жас ұрпағы алдында мемлекеттік тіл - қазақ тілін, орыс тілін және ағылшын тілдерін білу міндеті қойылып отыр. Бұл жайында елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жолдауында да ерекше аталып өтілген еді. Олай болса “Тілдердің үш тұғырлығы” жобасын басшылыққа ала отырып, жаңа заманның азаматын тәрбиелеу, соның нәтижесінде қазақ елін алдыңғы қатарлы дамыған мемлекеттер қатарына қосу - ұстаздар алдында тұрған басты міндет. Сыныпта оқушылардың шығармашылық дербестігін дамытып, өз бетінше еркін ойлап, жұмыс істеу мүмкіндігі туған жағдайда дарынды, қабілетті оқушылар ерекшелене бастайды.
Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор. Себебі ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңілкүй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: монологтық, диалогтық. Диалог - екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы. Диалогтық сөйлеу алдын ала жоспарланбайды, сөйлесу кезінде пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру барысында және әр оқушы сөйлегенде кемдегенде екі реплика айтуы қажет. Диалогтық сөйлеуді дамытуда дискуссия-сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау сабақтарының рөлі зор. Диалогтық сөйлеуді дамыту сабақтары-ағылшын тіліне оқытудағы негізгі сабақтардың бірі. Кез келген сапалы білім мен тәрбие мұғалімнің шеберлігі арқасында берілетіні бәрімізге аян. Сабақты түрлендіру арқылы оқушының қызығушылығы мен шығармашылық белсенділігін арттыру әрбір мұғалімнің міндеті. Қазіргі сабаққа қойылатын басты талаптың бірі - оқушы ойын дамыта отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Осы орайда атқарылатын жұмыстар аз емес. Солардың бірі - диалогті оқыту әдісін ағылшын тілі пәнін оқытуда тиімді қолдану болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Орта мектепте ағылшын тілін оқытуда қарым-қатынас, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және шағырмашылық қабілеттерін арттыру негізінде сабақта диалогтарды қолданудың тиімділігін анықтау, диалогтік оқыту арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Зерттеуге қатысты теориялық материалдармен танысу;
- Диалогтік оқыту үшін тиімді және қажетті әдіс- тәсілдерді іріктеу;
- Ағылшын тілін оқытуда диалог арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын қарастыру;
- Әдіс- тәсілдерді оқыту үдерісінде пайдаланып, іс- әрекеттің нәтижесін шығару.
Зерттеу әдістері: зерттелетін проблемалар жөніндегі психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу; психологиялық-педагогикалық тәжірибелерді зерделеу мәселелерінің қырынан зерделеу; педагогикалық бақылау, әңгімелесу, сауал-сұрақ жасау.
Зерттеу базасы: №20 ЖОББМ
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: ағылшын тілі сабағын оқытуда диалог әдісін қолданатын болсақ, онда оқушылардың сөздік қоры молайып, пәнге қызығушылықтары артады. Өйткені, Мерсер мен Литлтон зерттеуінде «диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосады», - деп тұжырым жасаған. Оқушылар пәнді өз бетімен меңгереді, сындарлы ойлайды, шығармашылық қабілеттері артады, сөйлеу дағдысы қалыптасқан, білімін тиімді пайдалана алады. Берілген әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану - оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, тыңдауға үйретуде септігін тиігізеді.
Зерттеу пәні: ағылшын тілі пәнінен диалог арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Зерттеу нысаны: орта буын оқушылары
Күтілетін нәтиже: Шeтeлдiк ғaлымдaрдың зeрттeу нәтижесiндe күндeлiкті сaбaқтa қoлдaнылaтын «диaлoгтiк oқытy» мoдyлiнiң мaңызы зор тaбыстaрғa жeткiзeтiнiн дәлeлдeгeн. Мысaлы, Мepcep мен Литлтoн (2007) өз eңбeктepіндe диaлoг caбaқтa oқушылaрдың қызығyшылығын apттыpyмeн қaтap, oлapдың бiлiм дeңгeйiнiң өсуiнe дe үлeс қoсaтындығын aтaп көрсeтeдi. Выгoтскийдiң oқытy мoдeлi oқyшы диaлoг құрy нәтижeсiндe бiлiм aлaды дeп жopaмaлдaйды. Сoндықтaн, oқyшының бiлiм дeңгeйiн дaмытyға әлeумeттiк көмeк көрсeтyдe мұғaлiмнiң рөлi epeкшe. Oқyшылaрдың көбiрeк бiлeтiн бaсқa aдaмдaрмeн, бұл рөлдeрдe сыныптaстaры мен мұғaлiмдeр бoлyы мүмкiн, диaлoг жүргiзy мүмкiндiгi бoлғaн жaғдaйдa, oқытy жеңіл болмақ. Диалог арқылы ынтымақтастық пен серіктестікті тудырды, оқушылар бір-бірінің ойымен де есептесуге ұмтылды. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі бoлмaғaнымeн, oқытy тaбыcты бoлмaқ.
Зерттеудің құрылымы:
кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Ағылшын тілі пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Орта буын оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
«Оқушы бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар. Партадағы жұмыссыздық-аса қатерлі қауіп»-деген екен В. Сухомлинский. Оқушылардың қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез-келген оқушы оқу әрекетінде адамзат оқушысының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез-келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол оқушының өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Мәселелерді жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Осыған орай, ғалымдар жүргізген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы-басты нысана болып алынуымен байланысты. Бүгінгі оқушылар шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет.
Орта буын оқушыларының бойындағы шығармашылық қабілетін дамыту төмендегі бағыттардан тұрады:
-ақыл-парасатты игеріп, ойлау, сезім қабылдауын арттыру;
-өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгерту;
-қарым-қатынас мәдениетін сақтау білу;
-қоршаған ортада өз орнын, жеке ролін анықтай білу.
Оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби шеберлігіне байланысты. Заманауи білім беру оқушының білім беру үдерісіндегі дербестігіне, соның ішінде өз бетімен оқу қабілеттерін, танымдық қабілеттерін дамытуға оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған оқушы қалыптастыруға негізделеді. [4, 132]
Ағылшын тiлi пәнi мектепте бiлiм, тәрбие берумен қатар жасөспiрiмдердiң жеке бас қасиеттерiн тұлға ретiнде жетiлдiруге, қоғамдағы өз орнын табуға ерекше ықпал етедi.
Ағылшын тiлi пәнiнiң басты мiндетi - шәкiрттердiң тiлдiк қарым-қатынас жасай алу бiлiктiлiгiн жетiлдiру.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені қолдану әр түрлі шарттарға байланысты. Ол шарттардың ең бастысы ағылшын тілін оқытудың алдына қойылатын мақсат. Сонымен қатар ағылшын тілін оқып-үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны да белгілі бір әдістемені қолдануға ықпал етеді. Шет ел тілін оқып-үйретуде шәкірттердің жас ерекшелігі де әдістеме таңдауда ескерілуге тиіс.
Оқыту шарттарының ішінде оқыту мақсаты аса маңызды рөль атқарады. Қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси, шаруашылық және өзге де байланыстары ағылшын тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Осы замандық ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау өте маңызды. Өйткені, пайда болған әрбір жаңа әдістің артықшылығы мен кемшілігі болуы заңды.
Сондай-ақ салыстыра сипаттау оқытушының таңдауы үшін де маңызды. Әдістердің түрі - сан алуан. Бұл тәсілдердің өзгешеліктерін білмей отырып, оны таңдау қиынға соғады. Сондықтан да орта деңгейде ағылшын тілін оқыту әдістемесіне сипаттама беру - тым өзекті.
Аталмыш зерттеудің міндеттері бүгінгі орта деңгейде ағылшын тілін оқыту әдістерінің негізін салған басты принциптерінен дараланып шыққан. Оқыту әдістері: Логикалық ойлау; Сатылау; Рольдік ойындар; Тізбектеу әдісі; Мәдени қарым-қатынас; Проблемалық оқыту; Медиация; Проекттілік (жобалау) әдісі; Миға шабуыл; Анализдеу; Пікір таластыру; Шығармашылық қалыптасу әдісі; Болжау; Интерактивті әдістер; Көру, есту кинестетикалық; Коммуникативтік, Тандем, Витагендік әдіс, Іс-әрекеттік және аралықтан (қашықтан) оқыту әдісі.
Адамзат тарихында білім берудің әр алуан әдіс-тәсілдері әзірленген. Ағылшын тілін оқытудың жолдары алдымен оқу мен аудармаға лайықталған білім беру процесі аясындағы латын және грек тәрізді «өлі тілдерді» оқыту үшін әзірленген бағдарламалардан алынды.
Мұндай әдістің негізі XVIII ғасырдың аяғында қаланып, XX ғасырдың бел ортасында орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың «Grammar-translational method» (грамматикалық-аударма әдісі) атауымен ресімделді.
Орта деңгейде жоғарыдағы әдіске сай, тілді меңгеру үшін грамматика мен сөздікті меңгеру қажет болды. Ал мұны жетілдіру процесстері бір грамматикалық құрылымнан келесіге қарай бағытталған қимыл деп пайымдалды. Сөйтіп, осы тәсілмен оқытуды жоспарлаған оқытушы, алдымен қандай грамматикалық құрылымды баяндауды ойластырады. Одан соң сол тақырыптарға орай жеке сөйлем мәтіндері жинақталады. Бұдан соң олардың аудармасы қамтылады, алдымен -ағылшын тілінен ана тіліне, кейін - керісінше.
Қазіргі кезде қарым-қатынас дегенді адамдардың бір-біріне белгілердің (соның ішнде, тілдік белгілердің) көмегімен белсенді түрде өзара әсер етуі, олардың бірлескен ic-әрекетін ұйымдастыруы деп түсіндіріледі. Осыған байланысты қарым-қатынастың негізгі сипаттамаларын білу қажет.
1. Кез келген қарым-қатынас (тікелей немесе жанама) оның уәжі мен мақсатынан басталады, яғни не үшін айтылды, тыңдалды, оқылды, жазылады және нені көздейді.
Mіне, сондықтан да оқу процесінде оқушылардың әpбіp сөйлеу ic-әрекетіне түрткі болатын жағдаяттар жасау қажет. Оқушы өзінің сөйлеу әрекетінің мақсатын, оның акырғы нәтижесін (егер ол осы сөзді айтса, пікіp білдірсе, мәтінді тыңдаса не оқыса, қандай нәтижеге жететінін) анық болжауы қажет.
2. Қарым-қатынас -белгілі біp нәтижеге жетуге бағытталған жай ақпарат алмасу ғана емес, олардың мақсаты көбінесе "тілдік байланыссыз" сипаттағы процеске қатысушылардың бір-біріне өзара белсенді әрекеті. Бұл жағдайда тіл осы өзара әсер етуші әрекеттердің құралыесебінде қызмет атқарады.
Сондықтан да сабақта қарым-қатынас орнату барысында ағылшын тілін үйрену үрдістерін тек коммуникативті әрекеттерге ғана қосып қоймай, сонымен бipгe оқушылардын жеке басы үшін аса маңызды заттық-коммуникативтік (И. А. Зимняя) әрекеттің құрамына да енгізген жөн.
3. Адамдардың өзара белсенді әрекеттерінің белгісі -олардың өзара әcepi мен өзара түсінушілігі. Бipaқ сөйлесу барысында олар толық қарым-қатынас орнатып, бірден бip-бірімен толық түсіністік таба алмайды. Бұған нeгiзгi кедергі болатын жағдайлар - қарым-қатынас жасаушы адамдардың санасын-дағы әлеуметтік және психологиялық алшақтықтар, ал мәдениетаралық қарым-қатынастарда -мәдени кедергілер ("мәдени естен тану") .
Оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуды мақсат етіп койған оқу процесінде оқушыларды ағылшын тілінде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасау барысында өздерінің сөздерін дұрыс құрауға ғана үйретіп қоймай, сонымен бipгe олармен басқа мәдениет өкілдері ретінде өзара түсіністікке жетуді де үйрету қажет.
Орта деңгейде ағылшын тілдерін оқытудың нeгiзгі мақсаты - мәдениет-аралық қарым-қатынасқа деген қабілеттілікті дамыту - тек осы қарым-қатынастардың барысында ғана мүмкін. Яғни қарым-қатынас - алға қойылған мақсатқа жетудің құралы, оқыту құралы деген сөз.
Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда үнемі және мақсатты түрде:
а) ауызша жаттығуларда жаңа сөздік-грамматикалық материалдарды меңгеру барысында;
ә) ауызша сөйлеу жаттығуларын орындау кездерінде;
б) мұғалімнің байланыстыру сөздерін, сөйлеу әрекеттерінің бip түрі есебінде арнайы шығарылған бейнефильмдер мен таспаға жазылған мәтіндерді тыңдағанда жүргізіледі. Ұсыну қарқыны - қалыпты. Контекске қарап мағынасын жорамалдауға болатын таныс емес сөздердің көлемі 1%-тен аспауы қажет. Оқыту мерзімінің ұзақтығы 2 минутқа дейін. Мұндай жағдайларда аудио-мәтіндермен жұмыс жүргізудін мынадай кезеңдерін ұсынуға болады:
1. Орта деңгейде мәтінмен танысар алдындағы кезең - тілдік және психологиялық қиыншылықтарды сейілтіп, мәтінмен жұмыс icтeyгe ыңғайлайды; оқушылардың жеке тәжірибелерін өзектендіреді, негізгі (тірек) сөздерге сүйене отырып, мәтіннің мағынасын жорамалдайды, мәтінге айдар тауып, суреттер ойластырады, т. б.
2. Орта деңгейде белгілі бip коммуникативті мідеттерді орындау мақсатымен мәтінді тыңдау: Listen to the text and say what itis about (бірінші рет тыңдау үшін) ; Listen to the text and fill in the scheme (grid) or answer the questions (Multiple choice) .
3. Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың мәтінмен танысқаннан кейінгі кезең -мәтіннің мазмұнын окушылардың өз ойларын ауызша және жазбаша түрде тұжырымдау қaбiлeттepiн дамытуға пайдалану.
Бұл кезеңде ұсынылып отырған тапсырмалар репродуктивтік, репродуктивтік-продуктивтік жене продуктивтік бағыттардағы ептіліктерді дамытуға бағытталған. Мәтінді тізбектеп айту; мәтінді одан әpi жалғастыру (ауызша және жазбаша) ; қызық/қызық емес жерлерін талқылау; кейіп-керлердің ic-ерекеті мен оқиғаларды бағалау; пікір алмасулар; "дөнгелек үстелдер", рөлдік ойындар; сахнада драмалау.
Сөйлеуге, сөйлесуге үйрену диалог пен монологті қамтиды. Құймақалыптарды, қайта сұрау кезіндегі сұрақ түріндегі түрлі ескертпелерді, белгілі бip коммуникативтік (байланыстық) ықыластарды (танысу, кеңесу, келісу-келіспеу, құттықтау, құттықтауларға жауап, шақыру, т. б. ) білдіретін диалогтік бірліктерді толықтыра және анықтай отырып, әңгіме жүргізе білу қабілетін жетілдіре түседі. Қолданысқа ертеден кіргеніне қарамастан, бұл әдістің өзіне тән артықшылықтары бар. Біріншіден, ол грамматиканы жетік меңгеруге жол береді. Екіншіден, бұл тәсіл - тілді грамматикалық формулалардың қосындысы іспетті қабылдайтындарға, логикалық ойлау деңгейі тым жоғары жетілген азаматтарға әбден ыңғайлы. Ағылшын тілін үйретудің осы тәсілі 50 жылдардың аяғына дейін үстемдік етіп келді. Айта кететініміз, барлық данышпандар мен феноменальді білікті аудармашылар қазіргі кезеңге дейін осы әдіспен оқып үйренді. [5, 65]
50 жылдардың орта тұсында бұл тәсіл лингвистердің заман ағымына қарай қалыптастырған талабына толық жауап бере алмады. Соның нәтижесінде сан алуан әдіс-тәсілдер дүниеге келтірілді. Солардың бірқатарын сипаттап көрелік:
60 жылдары пайда болған орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың «Silent way» (үнсіздік әдісі) атауына лайық, бұл әдістің ағылшын тілін игертудегі принципі - тіл үйренушіге кедергі келтірмеу әрі оған оқытушының көзқарасын араластырмау. Осы әдістеме бойынша оқытушы бастапқыда еш нәрсе айтпайды. Сөздің айтылуының кіші деңгейін оқыту барысында ол күрделі түрлі түсті таблицаларды қолданады. Кестедегі белгілер мен түстер белгілі бір дыбысты таңбалайды. Сөйтіп жаңа сөздер таныстырылады. Мәселен, «table» сөзін айту үшін алдымен «т», одан кейін «эй» дыбысының белгісі саналатын квадрат көрсетіледі. Осылайша, квадраттар мен түрлі таяқшалар арқылы жасалған сабақтағы манипулиямен оқыту ісі өз мақсатына сай ілгерілей береді.
Аталған әдістің артықшылықтары неде? Оқытушының тілді білу деңгейі оқушының тіл білу деңгейіне ықпал етпей, сөйте келе тілді оқушының оқытушыдан артық меңгеріп кететін кездері болады. Бұдан бөлек, оқу процесінде оқушы еркін сөйлеп үйренуге мәжбүр болады. Осы тәсіл жоғары технологияға құмар жандарға тым қолайлы.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың келесі тағы бір қызықты әдіс «Total-physical response» (физикалық сезіну әдісі) деп аталады. Бұл әдістің негізгі ережесінде айтылғандар: Өзіңіздің белгілі бір себептермен өткізіп алған нәрселеріңізді түсінудің қажеті жоқ. Осы теорияға сай оқушы алғашқы сатысында ештеңе айтпайды. Алдымен, ол жеткілікті деңгейде білім алуы керек. Алғашқы жиырма сабақта оқушы үнемі ағылшын сөздерін тыңдайды. Ол не оқыса да, оқығаны жөнінде тіс жармайды. Содан соңғы оқу процесі - оқығанын не тыңдағанын қимылмен сезінетін кез. Физикалық қимылдарды білдіретін сөздер арқылы барлық сөздерді меңгеруге мүмкіндік туады. Мәселен, «тұр» деген сөзді түсініп, барлығы орындарынан тұрады, «отыр» дегенде олар отырады. Оқушы біраз мәлімет жиғанда барып (алдымен тыңдады, сосын қозғалыста болды), ол сөйлеуге дайын бола бастайды. Бұл әдістің басымдығы, оқушы үйрену процесінде өзін өте жайлы сезінеді. Керекті эффект адамның алуға тиісті ақпаратын жіберіп алу есебінен жетіледі. Тағы бір айтарлығы, тілді үйрену үрдісінде келтірілген тәсіл бойынша оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай алады.
Орта деңгейде ағылшын тілін үйренудің ойға шому («Sugesto pedia») деп аталатын әдіске де көңіл бөлген орынды. Бұл тәсіл 70 жылдары қолданысқа енді. Бұл әдіске сай, ағылшын тілін мүлдем басқа адам бола отырып (әсіресе, үйрену кезеңінде) ұғынасың. Осындай жолмен тіл үйрену барысында топтағы барлық оқушылар өздеріне жаңа есім таңдап, жаңа өмірбаян ойлап табады. Осының нәтижесінде олар өздерін мүлдем басқа әлемде - зердеге тоқыған ағылшын әлемінде отырғандай күй кешеді, қызықты қиялға беріледі. Мұның бәрі оқып-үйрену процесіндегі кез келген адамның кеңінен көсіле сөйлеуіне әрі оның сөзі тұпнұсқаға барынша ұқсас болуына ұйғарылып жасалған.
Орта деңгейде ағылшын тілін үйренудің келесісі - аудиолингвистикалық әдіс («Audio-lingual method») . Ол 70 жылдардың аяғына қарай келіп қосылды. Оның жай-жапсары келесідей: бірінші кезеңде оқушы фонограммадан немесе оқытушының түсіндірмесінен тыңдағанын бірнеше рет қайталайды. Одан соң, оған бір-екі фразаны (тіркесті) айтуға рұқсат етіледі, ал қалғандары да осы тәріздес қайталаулардан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz