Орыс тілінен енген сөздер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 81 бет
Таңдаулыға:   

“Махаббат қызық мол жылдар” шығармасының лексико-фразеологиялық ерекшеліктері

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1. 1. Антоним, Синонимдер . . . 5

1. 2. Кірме сөздер, эмоционалды-экспрессивті (бейнелі) сөздер . . . 18

1. 3. Фразеологизмдер . . . 29

ІІ. Шығарма тілінің көркемдік ерекшелігі

2. 1. Мақал-мәтелдер, авторлық афоризмдер . . . 40

ІІІ. Шығармадағы көркемдегіш-бейнелеуіш тәсілдер

3. 1. Теңеу . . . 51

3. 2. Эпитет . . . 57

3. 3. Метафора . . . 60

3. 4 Метонимия . . . 62

3. 5. Портрет . . . 64

Қорытынды . . . 68

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 69

Кіріспе

«Тіл-адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімінің, идеясының, дүниетанымының көрінісі. Тіл-халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениет даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу-қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі-тілі. Тілдің қасиетін түйсіну - ұрпаққа парыз, өйткені халықтың барлық рухани байлығы тіл арқылы көрінеді» [ 1, 6 бет ] .

Тіл ─ адамзаттың баға жетпес құндылықтарының бірі, асыл мұрасы. Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi.

Қай халықтың болса да қоғамдық өсу өркендеу жолында көтеріле алған биігі мәңгілік болып ана тілінде сақталып отырады. Сондықтан халықтың талай мұраларын жеткізуші ана тілімізді ардақтай отырып оның даму, толығу процесін жан-жақты зерттеу, танып-білу бүгінгі өмір талаптарының бірі деп санауымыз керек.

Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің мағынасын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, түрлі стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздерді тілдің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен тығыз байланыстыра отырып та зерттейді.

Сөз байлығы лексика қарастыратын негізгі және күрделі единица. Тілдің сөз байлығына тұрақты тіркестер де жатады. Бұлар замандар бойы біртіндеп туып қалыптасқан, ұзақ дамудың жемісі. Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас алғанда бір бүтін система деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздер тобын емес, тілді қалыптасқан лексикалық жүйесі тұрғысынан қарайды. Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, мәнімен (көп мағыналығымен) да өлшенеді. Сөздік құрам неғұрлым бай болса, тіл де соншалықты дамыған болады. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады [2, 3 бет] .

Жұмыстың нысаны - Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар романындағы тілдің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері.

Жұмыстың мақсаты:

  • Шығарма тіліндегі синоним, антоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықтау;
  • Кірме сөздер, эмоционалды-экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясын анықтап, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлу;
  • Фразеологизмдердің стильдік қолданысын анықтап, мағыналарын ашу;
  • Мақал-мәтелдер мен авторлық афоризмдердің шығарма тіліндегі қолданылу ерекшелігін анықтау;
  • Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипатының (теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха, қайталама сөз ) көркем шығарма тіліндегі қолданылу аясы;

Жұмыстың міндеттері - аталған мақсаттарды жүзеге асыру барысында мысалдар теріп, қолданылу ерекшеліктерін көрсету.

Жұмыста қолданылатын әдістер:

  • Баяндау;
  • Теориялық тұжырымдарға сүйену;

Жұмыстың жаңалығы. Жазушы Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романы тілінің лексика - фразеологиялық ерекшеліктері зерттелініп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:

  • Шығарма тіліндегі антоним, синоним сөздердің қолданыс ерекшелігін анықталды, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты жеке топтарға бөлінді;
  • Кірме сөздер, эмоционалды - экспрессивті (бейнелі) сөздердің шығарма тіліндегі қолданылу аясы анықталып, ерекшеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді;
  • Фразеологизмдердің шығарма тіліндегі стильдік қызметі, кейіпкер тіліндегі қолданылу аясы анықталынып, жеке - жеке стильдік қабаттарға бөлінді, талдауға түсті;
  • Мақал - мәтелдердің, авторлық афоризмдердің ұлттық - танымдық қызметі, шығармадағы кейіпкер тіліндегі қолданылуы айқындалды, барлығы талдауға түсті;
  • Көркемдегіш тәсілдердің этнолингвистикалық сипаты (теңеу, эпитет, метафора, метонимия, синекдоха) көркем шығарма тіліндегі мысалдармен нақтыланып, мәні ашылды;
  • Портреттің шығарма тіліндегі көрінісі анықталды;

Анықтау барысында мәліметтер жинақталынып, сараланып, ғылыми негізделді.

Жұмыстың құрылымы - жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі

1. 1. Антоним, синоним сөздердің қолданысы

Антонимдер

Қазақ тіл білімі ғылымында Қ. Аханов, Ә. Болғанбаев, Ж. Мусин, Ғ. Мұсабаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Қалиев т. б. ғалымдардың еңбектерінде антонимдер әр түрлі зерттеу саласында көрініс тапқан.

Ғалым С. Ғ. Қанапина өзінің «Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің танымдық бейнелілігі» атты еңбегінде: «Тіл көркемдігін арттыруда антонимдедің қызметі зор. Сондықтан болар антонимдер халық ауыз әдебиетінен бастап бүгінгі кез келген ақын, жазушы шығармаларында көп қолданыста. Антонимдерді әсіресе нақыл сөздерден, мақал- мәтелдерден жиі кездестіруге болады», - дейді [ 3, 7 бет ] .

«Жан - жақты дамып, кемелденген тілде белгілі бір ойды әр түрлі мақсат - мүддеге қарай неше саққа жүгіртіп, сан алуан тәсілмен қолдануға болады. Қазақ тілі синонимге қаншалықты бай болса, антонимге соншалықты кедей емес екендігін байқаймыз». Антонимдердің әрбір стиль түріндегі қолданылу дәрежелері әр басқа. Жеке тұрғанда барлық стильдік аяларды қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолданыла береді. Ал антонимдерді қатар алып, қабаттастыра қолдану - барлық стильде бірдей дәрежеде емес. Антонимдерді поэзия тілінде қолданудың маңызы ерекше. «Өйткені, тіліміздегі осы қарсы мәнді сөздерді ақын, жазушылар өзара қатар алып, шығарма тілінің көркемдігіне жұмсайды» [4, 26 - 27 бет] .

Антонимдер дүниедегі заттардың, құбылыстардың сын-сапасын, артық-кем қасиетін, мөлшер-көлемін салыстырып, бір-біріне қарама-қарсы қоюдан шығады.

Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіргендіктен, бұлардың ір сөз табына қатысты нақ бірдей емес, ала-құла. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері сншалықты кедей, не болмаса, тіптен кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тіліндегі антонимдер көбіне-көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктерде, зат есімдерде, үстеулерде азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан антонимдер тым тапшы [2, 46 бет] .

Антонимдерді қолданудың негізі үш жолы бар деп лексиколог - ғалым Ә. Болғанбаев былай көрсеткен:

1. Антонимдер бір сөйлемнің өз ішінде салыстырылып айтылады. Мысалы: Қорлық өмірден ерлік өлім артық.

2. Антонимдер іргелес сөйлемде қарама - қарсы қойылып шендестіріледі. Мысалы: Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі.

3. Антонимдер ыңғайласып, кезектесіп қатар жұмсалады. Мысалы: Арымақ, семірмек көңілден [2, 47 бет] .

Ғалым Ф. Оразбаеваның жетекшілігімен шыққан ‟Қазіргі қазақ тілі” оқулығында:

Антонимдердің өзіндік ерекшеліктері бар:

1. Антоним сөздер арасында ұғымдық жақындық болады. Антонимдік жұп құрайтын сыңарлар белгілі бір сапаның қарама - қарсы бағасының атауы болып табылады.

2. Антонимдер кез келген сөздермен тіркесе бермейді. Мысалы: суық - жылы деген антонимдер тек орынға, температураға байланысты зат есімдермен ғана тіркесе алады.

3. Антонимдік жұп құрайтын сөздер бір сөйлем ішінде қатар келіп отыруы шарт емес. Антоним сөздің көп мағыналы болып келуі де мүмкін, сондай - ақ бір антоним сөздің бірнеше синонимі болуы тілде жиі кездеседі. Бірнеше антоним сөз бір ғана ұғымды білдіруі де мүмкін.

4. Антонимдер - семантикалық құбылыс, яғни мағыналық қарама - қарсылыққа негізделеді. Сонымен қатар антонимдер - лексиканың полисемия, синонимия, омонимия сияқты топтарымен араласып, астасып жатқан аса мол сала.

5. Антонимдер лексикалық, грамматикалық стильдік жағынан аса икемді сөздер тобына жатады. Себебі оларға әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жаңа сөздер туып, өрбіп жатады. Мұның өзі антонимдердің өріс аумағының кең екендігін көрсетеді.

6. Бір - біріне қарсы мағыналас жұрнақтары ( - лы, - лі, - ды, - ді, - ты, - ті, - сыз, - сіз) арқылы жасалған сөздердегі мағына қарама - қарсылығы антонимдік қарама - қарсылықтан басқаша, яғни антонимдік мағына туғыза алмайды. Өйткені - лы, -лі екендігін көрсетсе, -сыз, -сіз жұрнағы белгілі бір затта не құбылыста сол сапаның жоқ екендігін білдіреді. Бұлар затқа, құбылысқа, жаңа мағына бермейді. - сыз, -сіз болымсыздық категориясын туғызатын қосымша болып танылады, - деп атап көрсеткен[5, 48 - 49 бет] .

Жазушы Ә. Нұршайықовтың "Махаббат, қызық мол жылдар" романындағы антоним сөздердің қолданысы мынадай:

Зат есімге тән антонимдер:

  1. 9 майдабатыстанеміс фашистері тізе бүкті, 3 империалистері жеңіліп, қол көтерді (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 7 бет) .

Батыс - Дүниенің төрт тарабының шығысқа қарама-қарсы жағы; күн бататын жақ [ҚТТС, 116 бет] .

Шығыс - Төрт тараптың бірі, күн шығатын жақ [ҚТТС, 931 бет] .

  1. Пенелопаның атасына ақырет тоқымақ боп, күндіз - түніөрмектің түспеуі, Құртқаның Тайбурылдың тұлпарды баладай мәпелеп, бабын тауып өсіруі ересен еңбекшілдікті білдірмей ме? (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 57 бет) .

Күндіз -Түнге қарама-қарсы күн жарығындағы тәуліктің жаршысы [ҚТТС, 430 бет] .

Түн - Тәуліктің кешкі уақыттын таңертілікке дейінгі аралығы[ҚТТС, 833 бет] .

  1. Заманым, қиын тиді- ау осы жолың,

Үйренген жалғыз қозым жастан қолым.

Сен барда алдымнан ай, артымнан күн,

Толысып тұр екен ғой оң мен солым (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 119 бет) .

Оң- солға қарама-қарсы жақ [ҚТТС, 633 бет] .

Сол -Оңға қарама-қарсы жақ [ҚТТС, 735 бет] .

  1. Ербол, Ербол дейсің. Олтірікеле ме, өлібола ма? (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 60 бет) .

Тірі- Жаны бар, өлмеген [ҚТТС, 847 бет] .

Өлі - Қаза тапқан, өмірі таусылған, өлген [ҚТТС, 652 бет] .

  1. Соңғы күш алдыңғының қуаты қозғаушысына айналды да, айқаста біз жеңіп шықтық(“Махаббат, қызық мол жылдар”, 15 бет) .

Өлім - Тіршіліктің бітуі, ажал, қаза [ҚТТС, 833 бет] .

Өмір - Материяның қозғалу, даму, өсу көріністерінің жалпы жиынтығы, тіршілік [ҚТТС, 653 бет] .

  1. Әйелдерде, еркектерде өз екпіндеріне өздері апиын ішкендей елтіп, екі жақтарына кезек теңселді(“Махаббат, қызық мол жылдар”, 91 бет) .

Әйел- Адам баласының ұрғашы жыныстылары [ҚТТС, 84 бет] .

Еркек - Адам баласының ер жыныстылары [ҚТТС, 231 бет] .

  1. Әке-шешемніңқайтыс болғанынан да толық хабардар еді (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 115бет) .

Әке- балалы болған ер адам [ҚТТС, 85 бет] .

Шеше - Туған ана [ҚТТС, 915 бет] .

  1. Тәтемнің «ақ лағына» ауылдың бірсыпыракемпір -шалықоса жиналған еді (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 117 бет) .

Кемпір - Жасы ұлғайған, қартайған әйел [ҚТТС 382 бет] .

Шал - Қарт, қария [ҚТТС, 896 бет] .

  1. Ақын өлеңі барлықата- анажүрегінің қылын шертіп, олардың өз жүрегінің мұңын ағытты(“Махаббат, қызық мол жылдар”, 120 бет) .

Ата - Әкенің әкесі, үлкен әке [ҚТТС, 65 бет] .

Ана - Балалы болған әйел, туған шеше [ҚТТС, 45 бет] .

  1. -Жарайды. Сол елде Сабырбай деген ақынжігіт, Байбала деген ақынқызболыпты, -деді ол саржан ағашына винтовкадай- ақ шіріне сүйеніп тұрып (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 129 бет) .

Жігіт - Кәмелетке толған ер-азамат, бозбала [ҚТТС, 336 бет] .

Қыз - Балиғатқа толған қыз бала, бойжеткен [ҚТТС 550 бет] .

  1. Кейінгі өміріңніңреніш, қуанышыда соны сенің қалай түсініп қалай өткендеріңе байланысты (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 176 бет) .

Реніш - Бір нәрсеге риза болмаудан, көңіл қалудантуған кейіс, өкпе [ҚТТС, 690 бет] .

Қуаныш - Бір нәрсеге қуану сезімі, шаттық [ҚТТС, 527 бет] .

  1. Сол әр тамшы жаста әр алуан отты, ыстық сөздер мен жан жүрек (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 206 бет) .

Күйініш - Қайғы, уайым, реніш [ҚТТС, 426 бет] .

Сүйініш - Қатты қуаныш, елжіреген сезім [ҚТТС, 750 бет] .

  1. Біреуге істеймін дегенжақсылығымекінші біреугежамандықболар деп ойламаған басым не айтарымды, не дерімді білмедім (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 220 бет) .

Жақсылық - Қайырымдылық, мейірімділік, рақымдылық [ҚТТС, 253 бет] .

Жамандық - Жағымсыз іс, оқиға, зұлымдық, қастық, жауыздық [ҚТТС, 261 бет] .

  1. Махабаттың дадосыменқасыбар (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 257 бет) .

Дос - Сырлас, жора-жолдас, жақын адам [ҚТТС, 205 бет] .

Қас - Дұшпан, жау [ҚТТС, 490 бет] .

Етістікке тән антонимдер:

1. Не керек, үңірейіп қала берді,

Орныңнан айналайын жатып тұрған (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 119 бет)

2. Иә, мен орныма отырғаннан кейін қыз ақырын ғана жымиып, білінер- білінбес етіп, басын шайқады дедім ғой (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 31 бет) .

Білінер-білінбес . Сәл ғана, болар-болмас [ҚТТС, 165 бет] .

3. - Мен Бақытжанмын, -деді қыз сенер-сенбесін білмей(“Махаббат, қызық мол жылдар”, 110 бет) .

Сенер-сенбес- Таң қалды, не сенерін не сенбесін білмеді деген мағынада.

4. Сенен артық жан тумас,

Туса туар артылмас . . . (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 166бет) .

5. Бір бөлмеде қалған Жомартбек екеуміз ғана болсақ, оның кешке дейін келу -келмеуі екіталай (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 186 бет) .

6. - Сүйінші, Ербол, Заман тірі екен ! - деді бір жылап , бір күліп (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 195 бет) .

7. Кіммен қарайсам , сонымен ағарамын дейді . . . (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 224 бет) .

Үстеуге тән антонимдер:

  1. Алды- артынақарайған қалмап еді,

Жаныма сол жерің ғой батып тұрған (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 119 бет) .

Алды-арты . Бір нәрсенің ең соңы, ақыр аяғы. [ҚТТС, 41 бет] .

  1. Достысырттаніздеме, жақыннан ізде, өзіңніңішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 154 бет) .

Сырт - Бір нәрсенің ішіне қарама-қарсы жақ, тыс [ҚТТС, 766 бет] .

Іш- Бір нәрсенің ішкі жағы, ортасы, арасы [ҚТТС, 953бет] .

  1. Мен онда дәптердің алғы бетініңасты- үстінтолтыра ұзақ жазылған хатты Меңтайға түп нұсқадан оқып берген едім (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 59 бет) .

Асты - Заттың үстіне қарама-қарсы жақ беті [ҚТТС, 63бет] .

Үсті - Белгілі бір нәрсенің жоғарғы жағы, үстіңгі беті[ҚТТС, 874 бет] .

  1. Ол Тананыкөктегікүннен де, жердегіжелден де, көлденең көлден де, гулеген сөзден де, мен тұрғай өзінен де қызғанар еді- ау! (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 126 бет) .

Көк - Түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе [ҚТТС, 407 бет] .

Жер - Жер қаты, қабаты, құрлық, топырақ [ҚТТС, 297 бет] .

Сын есімге тән антонимдер:

  1. Мықты жүректі та осыған ұқсайды-өшсе де орын бермей, қоламталанып жатып алады; оны жалындыжаңамахаббат қана тықсырып шыға алады (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 5 бет) .

Ескі - Көне, баяғы, бұрыңғы [ҚТТС, 237 бет] .

Жаңа - Жуырда жуықта, таяуда [ҚТТС, 266 бет] .

  1. «Махаббат бар жерде көз жасы қоса жүреді.

Адамның өмірі қысқа болғанымен, махаббаты ұзақ өмір сүреді.

Құштарлық -махаббат хабаршысы.

Құштарлықты көз айтып, тілекті тіл түсіндіреді.

Жүрегін махаббат мекендесе, ең сараң деген адамның өзі ересен мырза боп кетеді.

Әдемі әйелдің әлегі көп.

Сұлу әйел сорға бітеді.

Көрікті әйелдің күйеуінің көңілінен күдік айырылмайды.

Сұлуға сұқтанушы көп.

Сорлының әйелі сұлу болады» (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 149 бет) .

Қысқа - Келте, шолақ, шорт [ҚТТС, 564 бет] .

Ұзақ - Ұзын, шұбалаңқы [ҚТТС, 856 бет] .

Сараң - Ешнәрсесін бермейтін қытымыр, қарынбай [ҚТТС, 709 бет] .

Мырза - Қолы ашық, жомарт адам [ҚТТС, 608 бет] .

  1. Ешқашанда, ешкімді жамандама. Еңжамандеген адамның да өзжақсылығыболады (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 152 бет) .

Жаман - Сапасы төмен, жақсы емес, әсіре нашар [ҚТТС, 261 бет] .

Жақсы - Ақылды, тәрбиелі, саналы, адамгершілік қасиеті мол(адам) [ҚТТС, 252 бет] .

  1. Өліболам ба, тіріболам ба- онда шаруан болмасын, тек мені тос деп эгоистік жасауға тағы да арым бармайды (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 64 бет) .

Өлі - Қаза тапқан, өмірі таусылған, өлген [ҚТТС, 652 бет] .

Тірі - Жаны бар өлмеген [ҚТТС, 847 бет] .

  1. Ауылдыңүлкен- кішісібіздің үйге, маған сәлемдесуге келіп жатты (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 29 бет)

Үлкен - Көлемі жағынан аумақты, зор[ҚТТС, 870 бет] .

Кіші - Үлкен мес шағын[ҚТТС, 442 бет] .

  1. Курстас қыздардың төрт- бесеуі ғанаүздікжақсы, он шақтысы орташа оқыса, алты- жеті қыздың үлгерімі мүлденашарекен(“Махаббат, қызық мол жылдар”, 104 бет) .

Үздік - Озат, озық, алдыңғы қатарлы [ҚТТС, 866 бет] .

Нашар - Шамалы, осал, жаман [ҚТТС, 615 бет] .

  1. Заман көкірегі қарс айырылғандай боп шерлене шырқағанда біздің ауылдыңкәрі- жасыңкөзінен жас парлағанын баян еттім(“Махаббат, қызық мол жылдар”, 127 бет) .

Кәрі - Көп жасаған, қартайған, қария, қарт [ҚТТС, 371 бет] .

Жас - Жаңа өсіп келе жатқан жасөспірім [ҚТТС, 276 бет] .

  1. «Апырау, түндегімтеріспе?Жоқдұрыс» (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 132 бет) .

Теріс - Дұрыс емес, қате, бұрыс [ҚТТС, 801 бет] .

Дұрыс - Жөн, жөнді, әділ, түзу [ҚТТС, 208 бет] .

  1. Сыпаты жақсы қатын айтпас бітпес,

Мадақтап жаман қатын ерін күтпес.

Ұқсатса аз ба көп пе тапқаныңды

Кез келсе кедейшілік ештеңе етпес, а -а- ау! (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 147 бет) .

Аз - Азғантай, шағын [ҚТТС, 19 бет] .

Көп - Едәуір, бірсыпыра, мол, қыруар [ҚТТС, 415 бет] .

  1. «Көзгежақын, көңілгеалысқыз шіркінді түсіну қиын екен-ау» деп қиналдым (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 224 бет) .

Жақын - Арасы алыс емес, таяу [ҚТТС, 253 бет] .

Алыс - Қашық, ұзақ [ҚТТС, 44 бет] .

  1. - Алтындыадалқол да, арамқол да ұстайды (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 228 бет) .

Адал - Шын берілген, сенімді [ҚТТС, 17 бет] .

Арам - Қараниет адам [ҚТТС, 53 бет] .

  1. Теңізді бірінші рет көрген адам оның , астында не барын бірден білмейді (“Махаббат, қызық мол жылдар”, 224 бет) .

Ащы - Тұзы күшті, тұзы көп [ҚТТС, 77 бет] .

Тұщы - Тұзы жоқ немесе аз, ішуге жарамды [ҚТТС, 828 бет] .

Қорыта айтқанда, Ә. Нұршайықовтың “Махаббат, қызық мол жылдар” романы тілін талдау барысында 14 зат есімге , 7 етістікке , 4 үстеуге , 11 сын есімге тән, жалпы 36 антоним сөз теріліп, талданды.

Синонимдер

Қай тілде болса да, белгілі бір затты не құбылысты әр түрлі сөздермен атау кезедеседі, Тіл- тілдегі бұл құбылыс омоним туралы түсінікке қайшы келеді. Мысалы, өңді, реңді, көркем, сұлу, әдемі, келбетті деген сөз бір ғана ұғымды береді. Ал үлкен, ұлы, дәу, көлемді, аумақты, ірі сөздерде мағыналас. Синоним дегеніміз кемінде екі не оданда көп сөздердің бір ұғымды аңғартуы. Бірақ бірнеше сөз бір ұғымды аңғарқан-да, бәрі бірдей болып келе бермейді. Олар айтатын заты, қимыл-процесін ір жағынан аңғартып, мін-мағынасы жағынан толықтырып тұрады. Синоним сөзін грек тілінен (synonimon) аударғанда ‟қатар атау” деген мағынаны білдіреді. Тілдегі синонимдер - сөз қорының асыл қазынасы. Өйткені тілдің бай да оралымдылығы, оның сөздік құрамының қандай дәрежеде дамып жетілгені көп ретте синонимдер арқылы көрініс табады. Қай тілдің болса да көне заманнан бергі даму тарихы, лексикалық, грамматикалық жағынан жетіле түсуі оның сөздік құрамындағы синонимдік қатардың молайып, толығып отыруымен де өзгешеленеді [6, 29 бет] .

Синонимдердің нәзік стильдік реңкі, экспрессивті - эмоционалды бояуы оны орнымен қолданғанда, басқа сөзбен тіркесе айтылуынан байқалады. Көп ғасырлық бай, әдеби дәстүрі бар халықтың лексикалық, морфологиялық жағынан дамып жетілген тілінің көрінісі ондағы қалыптасқан синонимдік бірліктердің әр алуандығымен, оның лексика - семантикалық жүйесінің күрделілігімен айқындалады. Соған орай синоним сөздер сөз байлығының құнарлы бір саласы болуымен қатар, әр халықтың ұлттық таным - түсінігін, болмысын да танытады. Әдетте сөз логикалық дәлдігімен, ойлаған ойдың реңктерін өз бояуымен нақты көрсете алса ғана мәнерлілік сипатқа ие болады. Мазмұн мен мақсатқа сайма - сай лайықтап алынған сөздер ғана мәнерлі деп танылады. Сөз де қиюластырып қалаған кірпіш сияқты шеберлікті керек етеді. Шешен де шебер сөйлеудің бір ұшы - тілдегі синонимдерді қисынын келтіріп, реңкін айқын ажыратып, тап басып, орнымен үйлестіріп жұмсай білуде.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тілдің сөздік құрамы
Түркі тілдерінен енген сөздер
Қазақ тіліндегі кірме сөздер
МОҢҒОЛ ТІЛІНЕН ЕНГЕН СӨЗДЕР
Кірме сөздер
Сөйленістердегі кірме сөздер
Қазақ тіліндегі кірме сөздердің сөзжасаудағы қызметі
Қазақ говорларындағы кірме сөздер
Түркі тілінен енген кірме сөздер
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМАЛАРЫН ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz