Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті
Психология және педагогика факультеті
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасы

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Курстық жұмыс
5В010200-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының ІІІ курс студенті

Орындаған: Ирискулова Ш.А.
Ғылыми жетекші: Кушмурзина Д.Х.
аға оқытушы, пг. магистрі

Қостанай, 2018 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3

І Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқытудың тұжырымдамасы

1.1 Бастауыш мектеп оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

5

1.2 Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқыту тұжырымдамасы ... ... ... ..
7

ІІ Бастауыш сыныпта сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік негізі

2.1 Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

11

2.2 Сөйлем мүшелерін оқытуда көрнекі, техникалық және электрондық құралдарды, ойын әдісін және деңгейлік тапсырмаларды қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

16

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
27

КІРІСПЕ

Егеменді еліміздің тірегі - білімді ұрпақ десек, білімнің негізі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі пәндер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады.
Оқыту үдерісін түрлендіру, жаңашылдыққа үндеу үрдісі мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, сабақтың сапалы, жүйелі, жоспарлы болуына алып келеді.
Қазіргі оқу үдерісін ұйымдастыру тек қана білім берумен ғана шектелмей, оқушының жан-жақты дамуына, ақыл-ойы мен ойлау тәсілдерін үйрету, талдау жасау, салыстыру, байқау мүмкіндіктеріне баулу және қорытынды шығаруға үйрету, дағдыландыру - біздің басты мақсатымыз.
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.
Осы мақсатқа сай қазіргі заман оқушыларынан кең ауқымды дағдылар талап етіліп отыр:
білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
сын тұрғысынан ойлау;
зерттеу жұмысын жүргізу;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;
коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;
топпен және жеке жұмыс жасай білу.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де жан-жақты зерттеуді қажет ететін мәселелер аз емес. Солардың бірі - сөйлем мүшелерін оқытудың жолдарын айқындап көрсету.
Сөйлем мүшелері синтаксистің күрделі мәселелерінің бірі. Синтаксистік талдау жасауда негізгі рөлді атқаратын - сөйлем мүшелері. Сондықтан да сөйлем мүшелерін оқытуда бүгінгі күні қандай әдіс-тәсілдер қолданылып жүр? Олар сөйлем мүшелерін оқытуда тиімді ме? деген сұрақтар өзінен өзі туындайтыны сөзсіз. Оның үстіне жоғары сыныптарға қарағанда бастауыш сыныптардағы білім беру әдіс-тәсілдері арасында үлкен айырмашылық бар екендігі айтпаса да түсінікті. Себебі оқушының жас ерекшеліктеріне байланысты оның қабылдау ерекшеліктері де басқаша болады. Он төрт-он бес жасар оқушыға бір ережені үш-төрт рет оқытып, оны жаттығу жұмысы барысында қолданса, оқушы оны меңгеріп ала алады. Ал бастауыш сынып оқушысына бұл жеткіліксіз. Оған алдымен оқытып, сосын өзіне түсінікті сөздермен түсіндіріп, оңай деген тапсырмалардан бастап орындатып, ойын арқылы оның есінде қалдыруға күш салмаса, оқушы ол дүниені меңгеруі қиын болады. Осы жерден бізде келесі маңызды бір сұрақ келіп шығады: Бастауыш сыныпта қазақ тілін оқытуда қандай әдістер тиімді болып саналады? Сөйлем мүшелерін қай әдіс бойынша, қандай тәсілдерді қолдану арқылы оқытқан дұрыс? Қайтсек оқушы алған білімін өмірде қолдана алатын болады? Демек, осы мәселелерді шешу барысында, бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқытудың тиімді жолдарын анықтау - тақырыптың өзектілігін дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының мақсаты: бастауыш сыныптарға білім беру үдерісінде қазақ тілін оқыту әдістемесінде өзіндік орны бар сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді айқындау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстарды анықтау;
Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқыту тұжырымдамасына тоқталу;
Бастауыш мектепте сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемесі туралы сөз қозғау;
Бастауыш сыныпта сөйлем мүшелерін оқытуда заманауи әрі тиімді әдіс-тәсілдерін қарастыру;
Зерттеу жұмысының объектісі: бастауыш сыныптардағы қазақ тілі сабақтарында сөйлем мүшелерін оқыту үдерісі.
Зерттеу жұмысының пәні: қазақ тілі сабағындағы сөйлем мүшелері тақырыбы.
Зерттеу жұмысының әдіснамасы: Қ.Молдабековтің Бастауыш сыныпта тіл дамыту туралы зерттеуі, С.Ахметовтың Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары еңбегі, М.Балақаевтың Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту методикасы оқулықтары.
Жұмысты орындау әдістері. Жұмысты жазу барысында тақырыпқа байланысты ақпаратты жинақтау, сараптау, ғылыми сипаттама беру, талдау, ғылыми қорытынды жасау әдістері қолданылды.

І БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
1.1 Бастауыш мектеп оқушыларына сөйлем мүшелері туралы түсінік беруде атқарылатын жұмыстар

Қазіргі таңда қазақ тілінің синтаксис саласында дамыта оқыту мәселесі тілдік қатынасқа байланысты ауызша және жазбаша жұмыстар арқылы іске асады. Осыған орай сөйлесім әрекетінің 5 түрі бар:
1. Оқылым.
2. Жазылым.
3. Тыңдалым.
4. Айтылым.
5. Тілдесім.
Жоғарыда аталған сөйлесім әрекетінің 5 түрі бастауыш сынып оқушыларына тікелей қатысты екенін ұмытпаған жөн. Себебі бүлдіршіннің дүниеге көзқарасын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын дұрыс бағытта қалыптастыру үшін бұл аспектілерді қатаң түрде сақтау - оның болашақта қандай адам болып қалыптасатынына тікелей әсер етеді [1,15].
Ғалым Ф.Оразбаева өз еңбегінде: Жазылым термині жазу деген мағынаны емес жаза білу, ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін қағаз бетіне сауатты жеткізе білу дегенді білдіреді дейді.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы грамматикалық таңбалардың тізбегі мен мағыналық жүйесі арқылы, яғни жазылым әрекеті арқылы іске асады десек, бастауыш сынып оқушысы үшін жазуды үйрену - өз ойын біреуге жеткізудің негізгі құралы.
Қазақ тілінің синтаксис саласынан жазылым әрекеті арқылы дамыта оқыту мынадай жазба жұмыстары арқылы іске асады:
1. Жаттығу жұмыстары.
2. Шағын мәтіндер.
3. Жүйелі жазба жұмыстары.
4. Бақылау жұмыстары.
5. Диктант.
6. Жазбаша ойын түрлері.
7. Іс қағаздары.
Қазақ тілін үйретуде бұл жазба жұмыстарының барлық түрі арнайы зерттеуді қажет етеді.
Синтаксис саласын оқытуда кейде анықтамаларда айтылмаған белгілердің өзін жаттығу барысында байқатуға тура келеді. Мысалы, кітапта: Аяқталған ойды білдіретін сөздер тобын сөйлем дейміз деген анықтама берілген. Бұл - сөйлемнің мағыналық қана белгісі. Ал басқа белгілері (сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысты болады. Әр сөйлемнің аяқталғанын дауыс ырғағынан байқауға болады) анықтамада көрсетілмейді. Бірақ оқушылар сөйлемдермен танысу, оларды талдау барысында сөйлемнің қалған (айтылмаған) белгілерін де меңгереді. Олар сөйлемдегі баяндауыштың маңына топталатынын, сондай-ақ сұраулы, хабарлы, лепті сөйлемдерде белгілі бір дауыс ырғағы болатынын біледі [2,94].
Ендеше, сөйлем туралы түсінікті қорытындылау барысында оқушылардың көңілін тек анықтамада көрсетілген белгіге ғана аударып қою жеткіліксіз, сонымен қатар сөйлем жөнінде олардың алған мағлұматтарын толық жинақтап нақтылау бала ұғымының айқындала түсуіне мүмкіндік береді.
Әрбір анықтаманы оқушылар саналы меңгеру үшін мұғалім:
Оқушының грамматика оқулықтарынан ғана мысал келтіріп қоюымен қанағаттанбай, өз ойынан немесе оқыған көркем шығармаларынан ойланып, мысал айтуын талап етеді.
Анықтама өтілгеннен кейін дайын мәтін береді де, соның ішінде анықтама бойынша қажетті сөзді немесе сөз тіркестерін тапқызады. Кей балалардың өздері ойлап тапқан мысалдарын талдату арқылы пікірлерін дәлелдеуді талап етуге де болады.
Анықтама бойынша берілген ұғымның негізгі белілерін санап көруді ұсынады.
Анықтамалар мен ережелерді дәл, анық, толық айтуға үйретеді.
Тіл білімінің синтаксис саласын өткен кезде оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:
Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болуы шарт.
Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынына, оның қандай пайдасы барлығын түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағанда ғана белгілі бір дағды қалыптасады.
Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілуі шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.
Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындалып отырылуы шарт.
Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.
Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Әсіресе, балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа уақытқа мөлшерленеді де, үнемі жиі-жиі қайталауға негізделеді.
Шығармашылық жаттығулар көбірек болуы қажет.
Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.
Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитико-синтетикалық болғаны жөн: яғни грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу.
Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады [3,72].
Синтаксис бойынша жүргізілетін жаттығулардың ішінде кең тарағаны грамматикалық талдау болып табылады. Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Ауызша талдауда оқушылар бұрын оқылғандарына тоқталады, сөйлемдегі тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерді көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Жазбаша талдауда оқушылар сөйлем мүшелерін талдай отырып, олардың астын сызады немесе оларды айырып жазады, сұраулар қояды.
Грамматикалық талдау мазмұны жағынан морфологиялық, синтаксистік немесе аралас талдау болып бөлінеді. Көлемі жағынан толық немесе ішінара талдау болады.
Сөйлем мүшелері жайлы түсінік бергенде, олардың дара, күрделі, бірыңғай түрлері бары ескеріледі. Ал оларды арнайы оқытқанда, оқушыларға бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшелігін таныту мақсаты көзделеді. Оқушыларға сөйлем мүшелері жайлы түсінік бергенде қандай мүшенің дара, күрделі, бірыңғай мүше деп аталатының түсіндіріледі. Сөйлем мүшелерінің жоғарыда келтірілген түрлерінің қарағанда олардың жасалуын меңгеру қиынға соғатыны белгілі. Сондықтан да түрлі кестелер арқылы сөйлем мүшелерінің құрамын салыстырмалы әдіспен бір-бірімен салыстыра отырып түсіндіру аталған мәселеде елеулі көмек болары белгілі. Мұндай жұмыстар оқушылардың белсенділігін арттырады және жаңа материалды өздігінен іздене отырып білуіне қозғау салады [4, 152].
Енді алған білімдерін дағдыға айналдыру үшін оқушыларға мәтін беріп, сол мәтіннен сөйлем мүшелерінің құрамдық түрлерін анықтауды тапсыруға болады: дара, күрделі сөйлем мүшелерін табу, күрделі сөйлем мүшелерінің жасалу жолын түсіндіру; мәтіннен бірыңғай мүшелері бар сөйлемді теріп жазу; мәтіндегі бірыңғай мүшелері бар сөйлемнің тыныс белгілерін қойып жазу; ойдан жалпылауыш сөзі бар бірыңғай сөйлем мүшелері бар сөйлемді мысалға келтіру.
Келесі бір ескеретін жай - жаттығулардың барлығын тек қана жазбаша, немесе тек қана ауызша орындата беруге болмайды. Білім берудің қазіргі талаптары бойынша оқушы әрі жазып, әрі тыңдап, әрі сөйлеп үйренуі керек.
Жоғарыда баяндалған жүйемен, санамалап берілген жұмыстарды орындата отырып, оқушыларға сөйлем мүшелерін тиімді меңгертуге болады.
Сонымен, қорыта келсек синтаксисті оқытуда бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелерін меңгерту маңызды орын алады. Ал бұл мәселені сөз ету үшін сөйлем мүшелерін оқытудың дұрыс әдістемесін ұсыну қажет. Оқушыға сөйлем мүшелері жүйелі оқытылған жағдайда ғана ол синтаксистік талдауды сауатты жасай алады.

1.2 Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқыту тұжырымдамасы

Әдістеме ғылымы оқытудың заңдылықтарын зерттейді. Оқыту әдістемесі - оқытудың мазмұнын, мақсатын, міндетін, әдісін, сондай-ақ үйрету амалдары мен тәрбиені зерттейді. Ал әдіс білім алу мақсатындағы оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің өзара байланысын қарастырады. Әрбір әдісте өзіндік лингвистикалық, психологиялық, дидактикалық тұжырымдама бар. Әдіс - оқытуға арналған бағыт, яғни ол сөйлеу әрекетін тудыратын оқыту стратегиясы. Әдіс - оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің амалы.
Соның ішінде біз тоқталатын сала - сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемесі мен әдісі. Сөйлем мүшелерін оқыту мазмұны оқу материалдарын сұрыптау, іріктеу, ұйымдастыру, жаттығу түрлері арқылы, ал оқу үдерісінің мазмұны дағды мен біліктілікті қалыптастырудағы оқушы мен оқытушының байланысы арқылы анықталады. Әдіс түсінігі белгілі бір міндетті жүзеге асыру жолындағы шындықты теориялық және практикалық жолмен шешудегі амалдар мен тәсілдердің жиынтығы дейді А.Н.Щукин, ал Сейіл Жиенбаев: ...мұғалім сабақты біреудің көрсетіп бергенін айнытпай орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі әдіс қолдануға ерікті. Әдістеме рецепт те емес, тек педагогикалық кеңес, жол-жоба, - деп әдістеменің көптеген проблемаларына тоқталды, ол қазір де мәнін жойған жоқ. Мұғалімдерге ұсынылатын әдіс-тәсілдер ретінде дәріс сабағы, әңгіме, жаттығу орындау, тест және т.б.
Сөйлем мүшелерін оқыту кезінде мұғалім мынадай негізгі кешенді әдістерді ұтымды пайдаланғаны жөн: оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру әдісі, үйретудегі мотивацияны тудыру әдісі және үйретудің тиімділігін арттыратын бақылау әдісі. Бұл әдістер негізінде оқыту ұстанымдары қарастырылады. Мысалы, ана тілін есепке алу, коммуникативтік бағыт, сапалылық, сөйлеу жағдаяттық, ауызекі сөйлеу алға шығады, жинақтау, әдістемелік ұстаным, тілдік, лингвистикалық материалдарды іріктеу, сабақта оқу материалдарын өлшеммен беру, бекіту [5,57].
Сонымен бірге тілді оқыту әдісі - жаңа материалды түсіндіру, үйрету, меңгеруді ұйымдастыру мен бақылау; білім беру әдісі - оқушының үйрену процесіндегі танымдық және практикалық әрекетінде қолдану; яғни оқыту әдісі екі жүйеде: үйрету әдісі мен білім беру әдісінің негізінде практикада жүзеге асады.
Үйрету әдісі: көрсету, түсіндіру, ойландыру, жаттығуды ұйымдастыру, бағалау; ал білім беру әдісі: танысу, ұғыну, машықтану, өзі түзету, өзіне баға беру.
Көрсету әдісі бойынша оқытушы оқу материалдарын (дыбыс, сөз, сөйлем, мәтіндерді) таныстыру кезеңінде қолданады. Көрсету әдісін қолданғанда әр түрлі әдістемелік амалдар қолданылады. Мысалы, аудиовизуалды оқыту әдістемесі арқылы көріп-байқау қолданылады.
Таныстыру әдісі таныс емес материалды меңгеруде қолданылады. Оқушы оқытушының материалды таныстыру кезеңінде әр түрлі амалдарды қолданады. Мысалы, түсіну және есінде сақтауы үшін суреттерді, техникалық құралдарды пайдаланады.
Түсіндіру әдісі бойынша оқытушы жаңа материалдарды түсіндіруде оқушының сапаға жететіндей деңгейінде басшылық жасайды. Материалды талдап, дәлелдеп, оқушының сапалы түрде ұғынуына әрекет жасайды. Түсіндіру кезінде қажетіне қарай таныстыру, салыстыру тәсілдері мен көрнекілік, суреттер қолданылады.
Ойландыру әдісі бойынша оқушы тарапынан ойлау әрекетіне қатысты кешенді амалдарды біріктіреді (анализ, синтез, салыстыру, біріктіру), сонымен бірге таныс емес материалдарды меңгеруге бағытталады, тапсырмалар орындалады, нәтижесінде түсінік, ұғым, жаңа білім қалыптасады. Сабақта оқушының өзінше ойлау қабілетін дамыту, қорытынды жасатуға үйрету өте маңызды. Мысалы, жалғау түрін меңгеру, жаттығу орындау, мақал-мәтелдің мағынасын түсіну т,б. Сұрақ-жауап әдісінің ойландыруда маңызы зор.
Жаттықтыру әдісі - оқытушының оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы іс-әрекеті. Оқушы үйренген сөздік қорын ұтымды пайдаланып, оны сөйлеуде қолдануға жаттығады. Ол ұзақ жаттығудан өтеді. Жаттығулардың түрлі типтері ұсынылады (мысалы, арнайы жаттықтыратын және шығармашылық жаттығулар) [6,67].
Тілдік жаттығулар ережеге, грамматикаға, дыбыстауға, интонацияға құрылады, ал сөйлеу жаттығулары, монолог, сұхбат, мазмұндама және шығарма түрінде орындалады.
Сөйлем мүшелерін оқыту барысында грамматикалық ертегілер жаздырып үйрету де тиімді әдістердің бірі болып саналады. Мұғалім алдымен оқушыларға бір грамматикалық ертегіні оқып береді де, соның негізінде жаңа ертегі ойлап табуға итермелейді. Мысалы, төмендегіше ертегіні үлгі ретінде ұсынуға болады:

Бес ауылдың айтысы
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Бастауыш деген бір ауыл болады. Бұл өте үлкен ауыл екен. Осы ауылға Баяндауыш, Анықтауыш, Пысықтауыш, Толықтауыш деген ауылдар көшіп келіп қосылады. Бұлар бір ауылға сыйыспайды. Бастауыш тұрған жер тарлық етеді. Бір күні олардың басшылары жиналып кеңеседі. Бірінші сөзді Бастауыш бастайды:
- Мен өз ауылыммен тып-тыныш отырғанда, сендер келдіңдер. Бұл не сұмдық! Сендер келгендеріңмен қоймай, енді бізді өз ауылымыздан қумақсыңдар, - дейді.
Әрі қарай олардың арасында ұрыс-керіс басталады.
Баяндауыш:
- Мен сенің ісіңді, қимылыңды, жай-күйіңді білдіріп, ойыңды аяқтаймын. Менсіз сенің бір тиындық құның жоқ, - дейді.
Сонда Толықтауыш:
- Мен бәріңнің істеген істеріңді толықтырамын. Мен болмасам, сендердің жұмыстарың толық бітпейді, шала болып қалады, - дейді.
Ал Анықтауыш:
- Мен сендердің бәріңнен ілгерімін. Өйткені мен сендерді анықтап, айқындап тұрамын.
Пысықтауыш:
- Ал мен болсам, сендердің қайда екендеріңді, не үшін өмір сүретіндеріңді білдіремін. Менсіз сендер жоғалып кетесіздер.
Осындай талас-тартыспен біраз уақыт өткен соң, Кім сұрағы былай дейді:
- Бұларың не? Тыныш! Мен мынадай шешімге келдім: Баяндауыш біздің істерімізді аяқтаса, Толықтауыш ол істерді түгендесіп, толықтырса, Анықтауыш бізді айқындап тұрса, Пысықтауыш мекенімізді, мезгілімізді білдірсе, ешкімнен кем болмаймыз. Достасып, бір-бірімізге көмектесейік, - депті.
Содан бері олар тату-тәтті өмір сүріп келеді екен.

Грамматикалық ертегі жазу оқушыдан сөйлем мүшелері туралы толық білімді қажет етеді. Демек, ертегі жаза отырып, оқушы сөйлем мүшелері туралы тақырыпты кеңінен игереді, ой-өрісін кеңейтеді [7,91].
Сөйлем мүшелерін оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулық пен бағдарламаға сай білгендерімен, жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондықтан да мұғалім жаттығу жұмыстарын жүргізіп отырғаны дұрыс. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймайды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады. Өйткені, ғалым С.Рахметованың айтуынша: оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, абстракциялайды, жалпылайды, жаттығу арқылы білімін жүйелейді [8,169].

ІІ Бастауыш сыныпта сөйлем мүшелерін оқытудың әдістемелік негізі
2.1 Бастауыш сыныптарда сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Бастауыш мектеп - оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Баланың кейінгі және болшақтағы білімі бастауыш буындағы білімінің сапалығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың негізгі ерекшелігі - білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін бала талпынатындай және қызығатындай ұйымдастыру керек. Алдына қойған мақсатқа жету үшін мұғалім кез келген технологияны таңдауға ерікті. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру - мұғалім құзырындағы іс.
Бастауыш сыныпта көбірек қолданылатын технология - ойын. Ойын, өзіміз білетіндей, баланың басты іс-әрекеті. Сонымен қатар ойын - оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыратын, оқу үрдісін қызықты етіп өткізуге әрі олардың көңіл күйлеріне әсерін тигізетін оқыту құралы. Екінші техонология Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы.
Қазіргі заманғы білім беру технологияларының бірі - ақпараттық интерактивті тақтамен сабақ өткізу. Ол оқушының пәнге қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық, шығармашылық белсенділігін, дарындылығын дамыту факторларының бірі, сондай-ақ ұстаз үшін шеберлік пен сауаттылығын арттыра отырып, даму бағытына сәйкес іздемпаздылыққа үйрету құралы. Ақпараттық оқытудың тиімділігін төмендегі бағыттарға бөлуге болады:
білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті қор ретінде оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды,
ақпараттық технология оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы - оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдысын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу [9,84].
Бастауыш сынып оқушыларына сөйлем мүшелерін оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдердің түрлерін 6 кезеңге бөліп талдаған жөн:
Сабақты бастауға арналған әдістер; (үйге берілген тапсырмаларды сұрауға, қайталауға арналған әдістер)
Тыңдалымға арналған әдістер;
Айтылымға арналған әдістер;
Оқылымға арналған әдістер;
Жазылымға арналған әдістер;
Сабақты қорытындылауға арналған әдістер [10,42].

Сабақты бастауға арналған стартер әдістер
Сабақтың бас кезінде оқушылардың көңіл күйін көтеріп жіберу үшін және бір-біріне бойларын үйрету үшін стартер деп аталатын әдіс-тәсілдердің кейбірін қолдануға болады. Бұл әдістерді қолданғанда мұғалім өткен тақырып бойынша тапсырма бергені дұрыс, сонда оқушылардың өткен сабақтағы білімін тез және оңай жолмен байқауға болады. Мысалы Ұшақ ұшыру, Қар кесегі, Артығын алып таста, Сәйкестендір, Сөйлемді толықтыр, Жоқ сөздерді тап, Ыстық орындық, Домино, Білім ағашы, Жұбын тап, Карта, Пазл т.б. көптеген әдістерді қолдану арқылы өткен сабақты қаншалықты меңгергендігін байқау қиын емес. Бұл әдістер - кәдімгі үй жұмысын сұрау. Яғни балалар ойнап отырып үй жұмысын толықтай айтып береді. Аталған әтіс-тәсілдердің бастауыш сынып оқушыларын сөйлем мүшелерін оқытуда, жалпы бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай, оларға білім беруде тиімділігін жоғары деп бағалауымызға болады. Мысал ретінде төменде бір әдістің сабақта қолданылуын көрсетейік:

Пазл әдісі
Балаларға құрастыру үшін қиылып беріледі (оқушылардың алған білімін тәжірибеде қолдануға тиімді)

Тыңдалымға арналған әдістер
Тыңдалым дегеніміз - өте маңызды тілдік дағдыны қалыптастырады. Мендельсон (1995) мұғалімге оқушылардың білімін тексеруге емес, оның тыңдалым дағдыларын машықтандыруға баса назар аударуды ұсынған. Яғни оқушылардың тыңдалым дағдысын шыңдау арқылы тіл байлығын арттыруға қол жеткізуге болады. Тыңдалымға аудио, видео, лекция, сұхбат т.б. жұмыс түрлерін қолдануға болады. Бұдан басқа көптеген әдіс-тәсілдерді келтіруге болады, мысалы: Автор орындығы, Жұппен диктант, Концерт көру, Көріністер, Монолог, Бейнебаян, Сыдырма т.б. Тыңдалымнан оқушылар ақпаратты түсінуге, болжай білуге, сұрақтарға жауап беруге дағдыланады және тілдік қоры дамиды.

Бейнебаян әдісі
Оқушыларға интерактивті тақта арқылы бейнебаян тамашалау ұсынылады. Әр сөйлем аяқталғаннан кейін мұғалім бейнебаянды кідіртіп қоюы керек. Сол уақытта оқушылардан белгілі бір сөйлем мүшесін жазып алу талап етіледі.
Айтылымға арналған әдістер
Айтылым бірнеше мақсатта орындалады: қатысу үшін сөйлеу, түсіндіру үшін сөйлеу, өз білімін байқату үшін сөйлеу, бағалау үшін сөйлеу т.б. Айтылым дағдысына үйрету де жоспарлы түрде жүзеге асуы қажет. Айтылымда баланың сөйлеу тілі дамиды, сондықтан әр сабақта айтылымға байланысты мынандай әдіс-тәсілдерді қолданған жөн: Блиц кездесу, Дебат, Мен кіммін?, Үш қадамдық сұхбат, Шындық па, жалған ба? немесе Дұрыс па, бұрыс па?, Егер мен..., Серпілген сауалдар, Ақылдың алты қалпағы, Қар кесегі, ДЖИГСО, Ыстық орындық, Ақ терек, көк терек, Сандық логика.

Ыстық орындық әдісі
Сыныптан ерікті бір оқушы ортаға шығып орындыққа отырады. Қалған оқушылар оған өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды. Мүмкіндігінше көп оқушыларды қамту үшін сұрақтар санын сыныптағы оқушылар санына сай шектеген жөн. Аталған әдіс тақырыпты қайталау, немесе тоқсандық қайталауда кезінде тиімді болып саналады.

Оқылымға арналған әдістер
Оқылым белсенді немесе бейтарап болуы мүмкін. Яғни әңгімені түсініп оқу немесе көз жүгіртіп оқу. Бастауыш сыныптарда оқу жылдамдығын арттыру да бар. Ол жүгіртіп оқуға жатады. Мәтін ішіндегі цифрды немесе бір маңызды даталарды тауып алуда жүгіртіп оқу жүзеге асады. Ал мәтіннің мазмұнын айту үшін оқуда түсініп оқу жүзеге асады. Оқылым бөліміндегі әдіс-тәсілдер мәтін бойынша сұрақтар қоя білуге, мәтіннің идеясын, құрылымын анықтауға, мәтінге анализ жасауға негізделеді.
Оқылымға мынандай Бір мәтінмен жұмыс әдісі тиімді: сыныпты бірнеше топқа бөлеміз.
Бірінші топ - әңгіменің мазмұнын айтады.
Екінші топ - әңгімені зерттейді (мысалы сөйлемнің дара мүшелері, сөйлемнің күрделі мүшелерін табады)
Үшінші топ - жоғары деңгейлі сұрақтар құрастырады
Төртінші топ - әңгіме бойынша сурет салады
Бесінші топ - әңгімеге байланысты өлең құрастырады.
Сыныпта бала саны аз болса жұптарға бөлген де дұрыс немесе кейбір тапсырманы алып тастап қажет деп тапқан тапсырмаларды қосуға болады.

Жазылымға арналған әдістер
Жазылым әр сабақта жүзеге асатын қалыпты жұмыс. Оқушылар жазылымды күнделік толтырғанда, сынып және үй жұмысын орындағанда, сондай ақ құттықтау, эссе жазу, хат жазу сияқты жұмыстарды орындағанда да қолданады. Жазылым кезінде қатесіз жазу, оқып алып жазу немесе өз ойыңды жазу, суретке қарап жазу және естігеніңді жазу сияқты бірнеше түрлері бар. Жазылымға сөздік және көру диктанттары, шығармалар т.б. жатады. Жазылым үшін әр балаға сыныптағы оқушылардың фотоларын таратып, сол оқушы туралы қысқаша әңгіме жазуға тапсырма берген өте қызықты болады.

Аялдама әдісімен де жазылымды ұтымды әдіс қолдануға болады: автобустың артына сөйлемдерді жалғастырып мәтін құрастыру ойынын өткізу тиімді.
Бастауыш сынып оқушылары болғандықтан, аздап болса да олардың қиялына ерік берген дұрыс. Суретке қарап тұрып өз ойын жаздыру арқылы оқушының ойын қаншалықты сауатты әрі нақты жеткізе алатынын бағалауға болады.

Сабақты қорытындылауға арналған әдістер
Қорытындылауға арналған әдіс-тәсілдердің бір артықшылығы мұғалім бөлім біткенде оқушылардың білімді қаншалықты меңгергендігін байқай алады. Пирамида әдісі соның бір айғағы. Бұл үшін мұғалім үйде тыңғылықты дайындалып келуі қажет. Яғни бөлімдегі тақырыптарға байланысты көптеген суреттер дайындайды. Суреттерді жеке-жеке қиып үстел үстіне жайып қою керек. Әр оқушы өзіне ұнаған 4 сурет таңдап алады. Содан соң жұптасып екі оқушы суреттерін қосып ішінен 4 сурет таңдап алады. Енді бұл жұп басқа жұппен бірігіп тағы да суреттерін қосып ішінен 4 сурет таңдайды. Таңдалған 4 суреттен мазмұны бар, қызықты постер құрады да тақырып қойып бір әңгіме немесе ертегі құрастырып шығарады.

Түймедақ әдісі
Логикаға арналған тапсырмалар (барлық пәндерге қолдануға болады). Суреттердің астындағы жеке дөңгелектерді қиып немесе барлық дөңгелектерді қиып бергенде бала қайсысын қай жерге орналастыруды табады [11,22].

Бастауыш сыныптарда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
-- Сабақты белсенді өткізіп, әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау;
-- Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын санмен бағалау;
-- Қиялын дамыту үшін Менің ойымша деген жауапқа дағдыландыру;
-- Әр түрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, жаманын сынамау;
-- Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау;
-- Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз, қинап сұрамау;
-- Жеке тұлға ретінде Мен деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру. Мұғалім өз іс-тәжірибесінде сыни тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырып, шығармашылыққа баулуға көп көңіл бөлгені жөн.
Бастауыш білім берудің мақсаты: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру. Осы мақсатқа жетуде келесі міндеттер жүзеге асырылады:
1. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану
2. Сын тұрғысынан ойлау
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
4. Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану
5. Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану жайлы
ОҚУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие жұмыстарын жүргізу
Жоғары сыныптармен жүргізілетін тәрбие жұмыстары
Биологияны оқытуда гигиеналық тәрбие беру
Грамматика және тіл дамыту
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Пәндер