Delphi – ОББ тілі


М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы
КЕЙС
Пән атауы: Бағдарламаларды өңдеудің құрал-жабдықтары
Тақырыбы: Delphi - ОББ тілі
Орындаған: Исақ А.
Тобы: ИП-16-6к2
Қабылдаған: Дүйсенов Н.
Шымкент 2018ж.
Мазмұны
Кіріспе
Әлемдегі миллиондаған бағдарламалаушылар Delphi-де жұмыс жасайды және олардың көбісі Delphi-де мәліметтерді өңдеуге және сақтауға арналған программалар құрады. Күнбе-күн коммерциялық және жеке мәліметтерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды интерфейс көмегімен жұмыс істеу керек болатын көптеген ақпараттар бар: дыбыс файлдары, видео көріністер, WEB-парақшалары және т. б. Осындай көп ақпарат арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі - Delphi ортасы. Оны оқып үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Delphi программалаудың структуралық тәртібін және программалаудың басқа тілдерге қарағанда жалпы жақсы дамыған. Оның қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару мүмкіндіктері бар.
Delphi программалау ортасы
Delphi программалау тілдері арасындағы ең алғашқы қарапайым және пайдалануға ыңғайлы тіл болып табылады. Бұл тіл жоғарғы және төменгі деңгейлі тілдер арасындағы бөгетті бұзып, әр түрлі бағдарламаларды тез және жылдам құруға мүмкіндік берді.
Delphi - бұл Borland International-дың қосымшаларды тез құруға арналған жеткілікті жаңа өнімі. Delphi - құрылымдық, объектіге бағытталған бағдарламалау тілі. Қолдану ортасы қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді жазу болып табылады. Ол бастапқыда Object Pascal деп аталды. Дегенмен, қазіргі уақытта Object Pascal термині Delphi бағдарламалау ортасының тілінде жиі қолданылады. Delphi 7 нұсқасынан бастап, Borland ресми құжаттарында Object Pascal тілін белгілеу үшін Delphi атауы қолданыла бастады.
Delphi типті жүйені тез және визуальды құру ортасы деп те атайды. Себебі ол өзіне компилятормен қоса редактор және көптеген дайын программалар жиынтығын қамтиды. Delphi-де шамамен 200-ге жуық дайын компоненттер бар.
Бастапқыда Delphi программалау ортасы тек Windows қосымшаларын әзірлеу үшін ғана жасалды, содан кейін Linux платформалары үшін (Kylix сияқты) іске асырылды, бірақ 2002 жылы Kylix 3 шыққаннан кейін әзірлеу тоқтатылды және Delphi 2007 шыққаннан кейін Microsoft. NET үшін де қосымшалар әзірлеу тоқтатылды.
Delphi ерекшелігі: көптеген Delphi-де құрылған программалар негізінен өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәлімметтер қорымен және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай бизнеспен және өндіріспен тығыз байланысты болғандықтан қолданушылар Delphi-ден өздерінің есептерін шешу үшін идеал көмекші құрал тапты. Delphi-дің Visual Basic және C++ сияқты қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі кезде көптеген фирмалар өз программа интерфейсінің стандарты ретінде қабылдады. Қолданушы интерфейсі визуалды құрылатын болғандықтан Delphi ортасында программалауды тез программа құру ортасы деп те аталынады.
Delphi-де басқа да қазіргі программалау орталары сияқты, объектілі бағытталған программаларға негізделген. Программа құру барысында дайын компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен берілген тапсырмаларды орындауға болады. Программа құрушыға өзінің программасының қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдей алады. Delphi қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді. Бұл ортаның құрал-саймандары өте көп және керек кезінде актив элемент үшін F1 пернесін басу арқылы көмек алуға болады.
Delphi ортасын жүктегеннен кейін экранда интегралданған программаланған ортасының 4 терезесі (Сурет 1) пайда болады:
1. Негізгі терезе (Project1)
2. Обьектілер инспекторының терезесі (Object inspector)
3. Форма конструкторының терезесі (form1)
4. Кодтар редакторының терезесі (Unit1. pas)
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-саймандар тақтасы (Standard, View, Debug және Custom) және компоненттер палитрасы орналасады. Негізгі терезе Delphi ортасы жабылмайынша ашық тұрады. Негізгі терезені жабу арқылы Delphi-ді жабамыз.
Сурет 1 - Delphi программалау ортасы
Тақырыбында сол сәтте ашылып тұрған проектінің аты тұрады. Проекті орындалу немесе проектілеу режимінде ашық тұруы мүмкін. Проект орындалу режимінде ашық тұрса онда [Running] сөзі қосылып жазылады.
Мәзір жолағы программаны басқаруға, тестілеуге және құруға керекті командалардан тұрады.
Құрал-саймандар тақтасындағы түймелер мәзірдегі белгілі бір командаға сәйкес келеді. Мысалы File менюіндегі Open командасын таңдасақ та немесе Standard құрал-саймандар тақтасынан Open түймесін бассақ та бір нәтижеге әкеледі. Құрал-саймандар тақтасындағы пернелер көмекші түсіндірмелермен жабдықталған. Егер тышқан курсорын перне қасына жақындатсақ онда көмекші түсіндірме шығады. Қолданушы құрал саймандар тақтасының орналасуын, көрініп немесе көрінбей тұруын Customize диалогтық терезесі арқылы өз қалауынша өзгерте алады және оларды тышқан курсоры арқылы жылжытуына болады. Customize терезесіндегі құрал-саймандар тақтасының үлгісінен тышқанның оң жақ пернесін басу арқылы шақырылады.
Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы программа құрылады. Компоненттер Delphi программасының негізгі элементтері болып табылады. Олар арқылы қолданбалы программаның қолданушы интерфейсін құруға көмек береді. Ең бірінші Delphi-ді жүктегенде Standard палитрасы ашық тұрады. Қолданушы өз қалауынша, компонеттер палитрасының орналасуын реттеуге болады. Осы өзгерістердің барлығын Palette Properties терезесінде жүзеге асырылады.
Delphi-дің артықшылықтары: қосымшаны өндеу жылдамдығы; жасалған қосымшаның өнімділігінің жоғарылығы; жасалған қосымшаның компьютер ресурстарына төмен қажеттіліктерін талап етуі; Delphi ортасына жаңа компоненттер мен құрылғыларды қосу арқылы қосымшаның жұмысын арттыру; Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент пен инструмент құрудың мүмкіншілігі.
Delphi-дің компоненттері
Компоненттер палитрасы - Delphi ортасының ең басты байлығы болып табылады. Ол негізгі терезенің оң жақ бөлігінде орналасқан жəне онда қажетті компонентті жылдам іздеуді қамтамасыз ететін ашылатын беттері бар. Компонент деп белгілі бір қасиеті бар, программист формалар терезесіне орналастыра алатын қандай да бір басқару элементін түсінеміз. Компоненттердің көмегімен программаның сұлбасы жасалады, жалпы жағдайда экранға көрінетін терезелер, батырмалар, таңдаулар тізімі жəне т. б.
Query компоненті алыстатылған SQL-серверлерге болмаса жергілікті мәліметтер қорына SQL-сұранысын құру және орындау үшін пайдаланылады.
DBGrid компоненті мәліметтерді жол немесе баған ретінде көрсететін, белгіленген мәліметтерге кестесін туғызу үшін пайдаланылады. Компонент визуальды.
DataSource компоненті - бұл компонент Table немесе Query компоненттері секілді мәліметтер қорымен байланыстыру үшін пайдаланылады.
MainMenu компоненті - бұл компонент формаға негізгі меню құру үшін қолданылады. Басты қасиеті Items арқылы менюге керекті сөздер жазылады. Немесе MainMenu компоненттінің үстінен 2 рет шерту арқылы жазуға болады. ShortCut қасиеті клавиатурадан басқаруға мүмкіндік береді.
PopUpMenu компоненті - тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы пайда болатын меню.
Panel компоненті - бұл компонент кең ауқымда қолданылады. Бұл компонент бір-бірімен байланысты бірнеше компоненттерді біріктіріп, бір жерде орналастыруға ыңғайлы. Panel компонентіндегі жазуды Caption қасиеті арқылы өзгертуге болады. Bevellnner, BevelOuter, BevelWidth, BorderStyle, BorderWidth қасиеттері арқылы компоненттің жиектерін көркемдеуге болады.
Button компоненті - бұл компонент ең көп қолданылатын компоненттер қатарына жатады. Caption басты қасиеті болып табылады. Басты оқиғасы болып OnClick болып табылады. Осы оқиғаға батырманы басқан кездегі орындалатын операторлар жазылады.
RadioButton компоненті - «радио түйме» болып табылады, аты айтып тұрғандай «арналарды ауыстыру» үшін қызмет етеді. Бұл дегеніміз, RadioButton құрамдастарының бірі таңдалса, басқа компоненттер автоматты түрде жойылады.
CheckBox компоненті - тәуелсіз қосқыш. CheckBox бағдарлама күйлерін көру/өшіру үшін қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz