Әдебиеттегі жаддизм бағыты


Жәдитшілдік - Ресей империясының мұсылман аймақтарына ортақ, дәстүр мен жаңашылдықтың синтезді құбылысы. Оны қарапайым тілге аударсақ, «жаңару», «елдікті сақтау үшін жаңа бағыт ұстау» дегенге саяр еді. Ресей империясының мұсылман халықтары тарихында негізі ортақ жәдитшілдік қозғалысының дамуы біртекті емес. ХХ ғасырдың 10-жылдары ол Қазақстанда - алаш, Әзірбайжанда - мусават, Қырымда - милли-фирк, Татарстанда - иттифак әл-муслимин қозғалыстарына ұласса, Өзбекстанда (Бұхара, Хиуа) мазмұны бастапқыдан біраз өзгерсе де «жадидизм» атауымен дами берді.
Жәдитшілдік - бірыңғай саяси сипаттағы қозғалыс емес, ол - ағарту ісі мен руханиятты тұтастай қамтыған идеялық негізі бар концепция әрі ағым. Концепция деуіміздің себебі, онда дара ағартушылардың ойларына табан тіреген, идея мен тәжірибенің арасын қосқан көзқарастар жүйесі бар. Ал ағым болуының мәнісі, ол белгілі кезеңде Ресей мұсылмандарын ағартудың бір жолын, бірақ тиімді жолын көрсетті. Алайда, бұл баламасы жоқ жалғыз жол емес болатын.
«Жәдит» термині Х!Х ғасырдың екінші жартысында өмір жүзіне шықты. «Жәдид-и» арабтың «жаңа» деген мағына беретін сөзі. ХІХ ғасыр соңында Ресей империясын әлемдік озық педагогика тәжірибесіне сәйкес, алғаш рет мұсылман балаларын дыбыс жүйесімен оқытуды қырым-татары, күллі зияның аузында жүрген ағартушы Исмаил Гаспринский бастайды. Бұл жүйе «усул жәдит» деп аталады (усул-әдіс деген сөз) . Қырымдағы Бақшасарайдың Зинджирлы медресесінде басталған осы жаңаша оқыту әдісі санаулы жылдарда Ресейдің күллі мұсылман аймағына, тіпті шетел - Үндістанға дейін тарайды.
Білім саласындағы И. Гаспринский жәдитшілдігі - Еділ зиялылары әл-Курсави мен әл-Маржани еңбектеріне табан тіреген, ХІХ ғасырдың 90- жылдары Қазандағы Мухаммадия, Маржания, Қасымия, Әмірхания, Әзімов, Уфадағы - Усмания, Ғалия, Хакімия, Хасания, Орынбордағы - Хұсайыния, Вятка губерниясындағы - Иж-Буби медреселерінің жаңаша оқыту жөніндегі алғашқы тәжірибелеріне сүйенген ізденіс еді.
Жәдитшілдіктің ұшқыны Қазақ жеріне де жетті. Жәдитшілдік ұғымының қазақ нұсқасы екі асудан тұрады деп есептейміз. Бірінші асу - 1890-1911 жылдар - үйрену, тәжірибе жинау шағы. Екінші асу - 1911-1920 жылдар - жәдитшілдік кең өріс алып, Алаш қозғалысына ұласу шағы. Негізгі ағартушылықтың көшбасшыларынан қарапайым оқыған азаматтарға дейін елдің ендігі алар биігін жәдитшілдікпен байланыстырды. Айталық, Ахмет Байтұрсынұлы: «Усул-жәдит, яки төте оқу жолы бар екенін білеміз, бірақ сол жол қазақ арасында аз таралған соң, біздің мақсатымыз да - сол оқуды қазақ арасына көбірек жаю», - десе, баспасөзбен қарым-қатынаста болған қарапайым оқыған Шахмұрат Түлекұлы бір өлеңінде:
«Әне, қадим қара бұлт үстін басқан,
Міне, жәдит бұл дүниеге нұрын шашқан», - деп жазады.
И. Гаспринский 1881 жылы күн тәртібіне қойған жүйелі жәдит мектебі үкімет тарапынан бірден қолдау тапқан жоқ. Жаңа мектептер стихиялы түрде әр-әр жерде жүректі адамдардың бастамасымен және иманды байлардың қаржысымен ашылды. Ресми деректерге қарағанда, қазақ арасында төңкеріске дейін 100-ге тарта жәдит мектебі болған. Мұндағы «тарта» дегеннің өзі нақты цифр емес екені түсінікті. Өйткені, ол кезде патша өкіметінің өзі мектеп-медреселер жайында бірізді санақ жүргізе алмаған. Себебі көп жерлерде балаларын оқытқысы келген ауыл-аймақ мұғалімді бейресми шақырып «көшпелі мектеп» ашаын болған. Ал кей аймақта патша өкміетінің христиандыру саясатынан үркіп, арабша суат ашар мектептерін мүлде жасырған. Кеңес тұсында жазылған «Қазақ ССР тарихының» өзінде: «Толық емес мәліметтерге қарағанда, Сырдария обылысының Шымкент уезіндегі бір ғана Түркістан учаскесінде бір мыңнан астам мектеп болған», - деген факт бар.
1900 жылы Түркістан а ймағының саяси ахуалын зерттеуші Ресей саясатшылары бұл өлкеде 1503 ірі мешіт, 11230 көпшілік мешіт, оларға тұтқа болған 12499 имам, 5755 мектеп, 5771 мұғалім, 66487 мүриді бар 686 ишан, 1526 шайқы (шейх) ясин сүресін оқитын 1415 мазар (ірі бейіт, қорым) бар екенін білгенде қатты қаймыққан. Ал 1908 жылы мектеп саны 6107-ге өскен. Бұларда 6361 мұғалім сабақ беріп, 14208 оқушы оқыған. Қыз балаларға арналған 801 мектепте 875 мұғалима сабақ беріп, 9773 қыз дәіс алған. Өлкеде жоғары дәрежелі 336 медресе жұмыс істеген. Сонымен бірге зағип, мүгедек т. б. ауыр тағдырлы жандарға арналған «қары-хана», «даляил-хана» деп аталатын 327 мектепте 360 мұғалім 4681 шәкіртті оқытқан. Оқу-ағарту саласындағы осы нәтиже Түркістанды мекендеген барлық ұлтқа ортақ деп есептейміз.
Сонымен қазаққа қатысы бар Түркістанның исламдық діни дәстүрін, ағарту жүйесін әдебиет пен мәдениет қамтыған рухани саладан тыс зерделеуге келмейді. ХХ ғасыр басындағы шығыстық діни білімі бар күллі ақын бұл тақырыпты айналып өткен емес. Қазақтың жарқын келешегі үшін сындарлы «батысшыл» болған, әрқашан «қазақты ақ жолға саламын десең, істің астарын қарастыр, істің сырты - жауға бел көрсеткен» деген позиция ұстаған Әлихан Бөкейхан дінге қатысты: «Ғұмыр ісі амал, әдіс атқарушыдан күтеді. Шариғат жолымен қазақ рәсімін жіңішкелеп тапсыруға амал, әдіс іздеу керек. Бізді шала, пікірі қоңыр молла шариғат-шариғат деп қорқытып жүр. Шариғат мақсұды да закон мақсұдындай: екеуінің іздегені жұртты бақытты қылмақ » - деп ой түйсе, қазақ жазуы мен тілінің реформаторы, ағартушы-жәдитшіл Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге ауыстырам деу құр әурешілік. Қазақты діннен айыруға болмаса, жазуынан да айыруға болмайтын жұмыс», - деп тұжырымдайды.
Қазақ арасындағы жәдитшілдік ағым 1890-1911 жылдары үйрену мен тәжірибе жинау кезеңін бастан кешіргенін дәлелдейтін дерек аз емес. Бұл аралықта алаш қауымын дүр сілкіндірген бірнеше ірі уақиғалар болды. Осылардың ішінде патша үкіметі 1891жылы жариялаған «Степное положение» (Дала ережесі) мен 1907 жылы шығарған «3 июнь Жарлығының» қасіреті алабөтен. «Степное положение» қазақ жерін қазыналық деп жарияласа, «3 июнь Жарлығының» қазақ секілді ұлттарды Мемлекеттік Думаға сайлау құқығынан айырады. Жер жат жұттың олжасы болып, құқық аяққа тапталса, момын деген миләттің де ашу-ызасын тудырады. Біле білген кісі осы кезде неге ұлттық газет-журналдардың шыққанын, не үшін елді ояту мақсатында ағартушылық шығармалардың туғанын түсінер еді.
Жәдитшілдіктің атын атап, түсін түстеп қолдаған ақындардың бірі - Мақыш Қалтайұлы. Ол - діндар ақын. Бірақ Мақыш біржақты емес, «Ең әуелі ғылым парыз құп біліңіз, Ғылымсыз ғибадат та болмайды тез» деген көқарасты кемел діндар. Жаңашылдық пен қазақтың қатысы туралы:
Жан біткен жаңа түрге қамданыпты,
Достақпен заманаша бол дегенді
Қас көріп, біздің қазақ шамданыпты.
Жәдитшілдіктің елге жасап отырған пайдасын Шәкәрім Құдайбердіұлы да көрді. Көріп көңілі сенді. Ақын «Мен қорқамын, қорқамын» деп басталатын өлеңінде:
Газет, журнал басылды,
Міне, оқы деп қуанттың.
Қазаққа ғылым шашылды
Ал қуан деп жұбаттың, - деп тәубешілік ой айта отырып, сезімнен жаралған кез-келген өнер адамы тәрізді ағымдағы өмірдің қайшылығынан түңілетіні бар.
Жүйелі оқуды ақын, аудармашы Бекет Өтетілеуұлы да қолдайды. Ол «Дүние ісі ақиретке кетпес», «Жиған-терген » кітаптарында жаңа оқу мен жаңғыруды баса айтады. Ақын:
Әуелі көзбен оқып тану керек,
Парқыны жақсы, жаман қану керек.
Мұнан соң миға тоқып «білемін» деп,
Басқаны сөйтіп қолға алу керек, -
деп жазады. Ал кейінгіге мұрасы қолжазба түрінде жеткен Бисен Жәнекешұлы есімді қаламгер:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz