Математикалық модельдеу және есептеу процесін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ КАФЕДРАСЫ

КЕЙС

Пән атауы: Математикалық модельдеу және есептеу процесін ұйымдастыру
Тақырыбы: Модель түсінігі және түрлері

Орындаған: Рүстембек Д.
Тобы:
ИП-16-6к2

Қабылдаған: Дүйсенов Н.

Шымкент 2018ж.

Мазмұны

Кіріспе
Модель түсінігі
Модель түрлері
Имитациялық модельдер
Проблемалық сұрақ
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Модель (фр. modele, лат. modulus – өлшем) – белгілі бір зерттелетін
нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі
(бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Модель мен түп нұсқаны бір-бірінен
абсолютті түрде айыруға болмайды. Қарастырылып отырған құбылыс немесе
процесс абстрактылық нысандар мен математикалық заңдылықтар түрінде
берілетін модель математикалық модель деп аталады. Модельдің ең қарапайым
түрі нысандарды көрнекі етіп сурет, кескін, сызба формасында графиктік
түрде көрсету. Модельдің екінші түріне – нысандардың, процестер мен
құбылыстардың ауызша (қандай да бір тілдің көмегімен) суреттелуі,
сипатталуы жатады. Үшінші түрі –ақпараттық-логикалық модель, ауызша
сипатталған нысанды кескіндеп көрсету (формалау). Төртінші түрі –
динамиканың ішкі заңдарын, өзара әсерін, қасиеттерін көрсететін физикалық
нысандардың, құбылыстар мен процестердің математикалық түрде сипатталуы.
Мысалы, белгілі бір физикалық процестің уақыт ішінде өтуін баяндайтын
дифференциялдық теңдеулер жүйесі осы процестің моделі деп аталады. Модель
ұғымы логика, математика, физика, химия, кибернетика, лингвистика, т.б.
ғылым салаларында қолданылады. Ғылымда модель ұғымы әдетте модель жасау
әдісін қолдануға байланысты аталады. Алгебра мен математика логиканың
тоғысқан жерінде арнаулы пән – модельдер теориясы қалыптасты

Модель түсінігі

Уақыт өте келе нақты объектілер жасанды сызбалардың, суреттердің,
карталардың моделдік ерекшеліктері арқылы сипаттала бастады. Модель (Model,
simulator) – қасиеттері белгілі бір мағынадағы жүйенің немесе процестің
қасиеттеріне ұқсас объектілер немесе процестер жүйесі; сериялы бұйымдарды
жаппай өндіруге арналған үлгі, эталон. Ол материалдық объект түрінде,
математикалық байланыстар жүйесі ретінде немесе құрылымды имитациялайтын
программа күйінде құрастырылады да, қарастырылатын объектінің жұмыс істеуін
зерттеу үшін қолданылады. Моделге қойылатын негізгі талап – оның
қасиеттерінің негізгі объектіге сәйкес келуі, яғни парапарлығы. Моделдеу –
кез келген құбылыстардың, процестердің немесе объект жүйелерінің қасиеттері
мен сипаттамаларын зерттеу үшін олардың үлгісін құру және талдау; бар
немесе жаңадан құрастырылған объектілердің сипатын анықтау немесе айқындау
үшін олардың аналогтарында объектілердің әр түрлі табиғатын зерттеу әдісі.
Моделдеуші (модель субъектісі) тек адам бола алады, ал моделдеу
объектісі табиғи (өсімдік, күн системасы) және адам ықпалымен құрылып
жасанды болуы мүмкін.
Модельдеу жүйесі – зерттелетін жүйенің немесе оның элементтерінің
математикалық және физикалық аналогтарын құру және талдау.

Модель түрлері

Материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын
(кристалл торлардың моделдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио
басқарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілгенұлғайтылған көшірмелері.
Бейнелеуші моделдер (геометриялық нүктелер, математикалық маятник,
идеал газ, шексіздік).
Ақпараттық модель – басқару жүйесінде – автоматтандырылған өңдеуге
жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну; мәліметтер
базасында – тұтастық шектеулер жиынтығы, мәліметтер құрылымын тудыратын
ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін
байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін
анықтайды; мәліметтер мен олардың арасындағы қатынастарды математикалық
программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен
жүргізілетін операцияларды формальді баяндау.
Ғылымда, техникада және экономикада қолданылатын модельдерді үлкен екі
топқа,яғни физикалық және математикалық модельдер тобына бөлуге болады.
Физикалық модельдер зерттеліп отырған процестерді оның физикалық мәнін
сақтай отырып бейнелейді. Сондықтан физикалық модель ретінде, қарастырып
отырған объекттің зерттеуге маңызды қасиеттерін сақтайтын, нақтылы жүйелер
қолданылады. Физикалық модель өзінің түпнұсқасынан көбінесе өлшемімен ғана
ерекшеленеді.
Математикалық модельдеу деп, берілген процестерді зерттеу үшін
физикалық тәні әр түрлі болса да, ұқсас математикалық өрнектермен
бейнеленетін құбылыстары қарастыру әдісі. Мысалы, сызықты теңдеулер немесе
теңсіздіктер жүйелері, кәсіпорынның, әлде транспорт мекемесінің жұмысын
жоспарлайтын модел ретінде қарастырыла алады. Өзінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автоматтандырылған оқыту жүйесі
Математикалық модельді құру
Информатиканы оқыту әдістемесі
Математикалық және компьютерлік модельдеу идеяларын математикалық білімді тереңдетуде пайдалану ерекшеліктер
Имитационды модельдеу
Компьютерлік модель түсінігі және модельдердің жіктелуі
Зерттеу процессі кезіндегі экспериментті жоспарлау әдістері жайлы
«Экономика-математикалық моделдеу» пәніне оқыту
ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ
Математиканы оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану теориясы мен әдістемесі
Пәндер