Ортағасырлық мұсылман философиясының негізгі бағыттары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
М.О.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Орта ғасыр философиясы

Орындаған: Исақ А.
Тобы: ИП-16-6к2
Қабылдаған: Ибраева Н.

Шымкент 2018ж.
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Орта ғасырдағы батыс философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-8
Ортағасырлық араб-мұсылмандық философиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-10
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

Кіріспе

Ортағасырлар Еуропа тарихында V ғасырдағы Рим империясының құлауынан XIV-XV ғасырлардағы қайта жаңғыру дәуіріне дейінгі ұзақ кезеңді қамтиды.
Ортағасырлық философияның пайда болуын көбінесе Батыс Рим империясының (б.з.д. 47 жыл) құлауымен байланыстырады, бірақ мұндай мерзімдеу нақты емес. Бір ойдан екінші ойға көшу лезде пайда болмайды: Римді жаулап алу ғасырлар бойы қалыптасқан әлеуметтік қатынастарды да (себебі грек философиясы антикалық құлиеленушілік дәуіріне, ал ортағасырлық философия феодалдық дәуірге жатады), адамдардың ішкі дүниетанымын да, діни нанымдарын да біржолата өзгерте алмады. Қоғамның жаңа типінің қалыптасуы өте ұзаққа созылды. Б.з. I-IV ғғ. стоиктердің, эпикурліктердің, неоплатондықтардың философиялық ойлары өзара бәсекеге түседі, соның нәтижесінде ортағасырлық философияның негізін құрайтын жаңа сенімдер мен ойлар қалыптасады. Бұл мезгілде қалыптасқан философияның екі негізгі бастауы болған. Бірінші - платондық және аристотельдік дәуірден нәр алған ежелгі грек философиясы. Екінші бастауы - бұл философияны христиандық бағытқа бұрушы қасиетті жазба.

Орта ғасырдағы батыс философиясы

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Еуропа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тарауына байланысты шіркеу әкейлері мен пұтқа табынушылар философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне байланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың II ғ. бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жинақтап, кейін алолегетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстин Мученик(100 -- 167 жж.), Тециан (II ғ. екінші жартысы), Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс (160 -- 222 жж.), т.б. өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпы адамзат алдында тұрған маңызды, да күрделі мәселелерді көтереді деп, оларға ежелгі грек философтарынан гөрі тереңірек, ауқымды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да оларды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікірді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнына христиандық діни-философия жасауға бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай -- нактылық. Демек, кұдайдың да денесі бар. Жалпы, нактылық уакыттық бастамасы жоқ (тертуллин). Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гностиктердің тән және жан туралы ілімдерін сынға да алады. Апологеттердің христиан дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру қажет деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты және өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері ортағасырлық философияның келесі сатысы -- патристика, схоластика кезендерінде өз көріністерін тапты.
Патристика деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (IV -- VI ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий Майландский (340 -- 397 жж.), Августин Блаженный (III -- VI ғғ.), т.б. III -- IV ғғ. жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайшылдық, немесе адамдық табиғаты туралы), ал 323 ж. император Ұлы Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол - аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындайды. Негізгі еңбектері: Тәубеге келу, Құдай қаласы туралы, т.б.
Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып, оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайыкты болмаса да), немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынды. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндермен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин -- құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі Рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделер де бағынулары керек.
Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Еуропа елдерінде XII ғ. дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің негізін қалаушы ұлы Альберт пен Фома Аквинскийдің ілімдерімен ығыстырылды.
Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Еуропа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600 -- 700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Еуропа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия, т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі философиялық ілім схоластика (мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:
Балауса схоластика (IX -- XII ғғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір-бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді, универсализмге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақылойға діни сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің заңдылығын дәлелдеуді (Аристотельдің формалдық логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберийский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Августин Аврелий, т.б.
Кемеліне жеткен схоластика. (XIII ғ.). Аристотельдің еңбектері латын тілінде болса да, көпшілік арасына тарап, ғылым мен филосфияның теологиядан бөлінін (әл-Фараби мен ибн Руштың екі ұдай ақиқат теориясы негізінде), философиялық-теологиялық ілімінің қалыптасып, кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт, т.б.
Құлдырау қезеңі (ХІV-ХV ғғ.). Шынайы ғылыми және теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, кернаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретіңде қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан, т.б.
Схоластикалык тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог-схоласт, философ Пъер Абеляр (1079-1142 жж.) болды. Негізгі еңбегі: Бар және жоқ.
Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін - жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғаңдықтан, осы негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. Әмбебап жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойыңда бар. Сонымен қоса ол өзі жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де жалпылардың шын өмір сүретіндігіне деген сенім де, бір-біріне қайшы келмеулері керек. Адамға ең керекті нәрсе оның іс-әрекеті емес, құдайға деген сенімі.
Абеляр осындай екі-ұшты пікірлері үшін номаналистер жағынан да, реалистер жағынан да сынға түсті.
Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 ж. бастап католик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланған Фома Аквинский 1125 - 26 ж. туып, 1274 ж. қайтыс болды. Негізігі еңбегі: Теологияның жиынтығы. Ол Аристотельдің іліміне сүйене отырып, белсенді форма (реттілік принципі) мен тұрақсыз және қалыптаспаған материяның (болмыстың әлсіз түрі) арасыңдағы байланысты түсіндіру арқылы Иисус Христостың бойындағы құдайлық (идеялық) және адамдық (материалдық) қасиеттерін теориялық жолмен негіздеуге тырысады. Құдайдың арқасында қосылған алғашқы бастамалар -- форма мен материя -- жеке заттар әлемін тудырады.
Адамның өзі де жан (тұр қалыптастыратын принцип) мен дененің қосындысынан пайда болған. Жан таза форма ретінде күйреуі, жоғарылауы мүмкін емес. Бірақ ол жерде тіршілік пайда болғанға дейін жеке өмір сүрмеген, оны құдай жаратқан.
Рух пен материяның табиғаты туралы пікірталас жалқылар мен жалпылардың (универсалилер) табиғаты жөніндегі тартысқа айналды. Фома Аквинский Аристотельдің жалпы ұғымдар жалқылардың қалыптастыратын принципі ретінде жеке өмір сүреді деген іліміне сүйене отырып, универсалилер ақыл-ойдың жемісі болғанымен, санадан тыс, құдайдың ойында орын алғандықтан, өз алдына жеке-дара тіршілік етеді дей келіп, ибн-Сина сияқты универсалийлердің үш түрлі өмір сүретіндігін көрсетеді. Олар: 1) зат пайда болғанға дейін - кұдайдың ойында; 2) заттардың өзіңде - олардың мәні ретінде; 3) заттардан кейін, адамдардың ақыл-ойында - сол заттардың ұғымы, абстракциялық ойдың нәтижесі ретінде.
Заттардың мәні олардың түпнегізі - құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан адамдардың мақсаты - соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.
Аквинскийдің пікірінше, дін құдайдың табиғатын түсіндіретін ілім, сондықтан шіркеу оны уағыздаушы ретінде азаматтың қоғамнан жоғары тұрады. Демек, өкімет билігі құдайдан. Жердегі тіршілік о дүнедегі болашақ рухани өмірге дайындық болғандықтан, патшалық билік рухани (діни) билікке бағынуы керек. Рухани билікті жүргізетін аспанда - Христос, жерде Рим папасы. Аквинскийдің ілімі XIX ғ. аяғында қалыптасқан қазіргі кездегі философияда өзіндік орын алып отырған неотомизмнің теориялық және идеологиялық арқауы болып отыр.
Дунс Скот (1268 -- 1308 жж.) шотлаңд схоласты, Аквинскийдің іліміне қарсы сын айтып, құдайдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық мұсылман философиясы
Ортағасырлық Батыс және Шығыс философиясы
Орта ғасыр философиясы туралы
Орта ғасыр философиясы
Ортағасырлық араб-мұсылман философиясы
Ортағасырлық мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Греция философиясының негізгі даму кезеңдері мен мектептері
Антика мәдениетіндегі философия
Тақырыбы: «орта ғасыр психологиясындағы материалистік идеялар
Орта ғасырдағы Араб-мұсылман философиясы
Пәндер