Көне Қытай философиясының негізгі ұғымдары


М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Ежелгі Қытай философиясы
Орындаған: Исақ А.
Тобы: ИП-16-6к2
Қабылдаған: Ибраева Н.
Шымкент 2018ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Ежелгі Қытай философиясы . . . 4
Көне Қытай философиясының негізгі ұғымдары . . . 5
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері . . . 6-7
Қорытынды . . . 8
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 9
Кіріспе
Ең көне философиялық ілімдер Ертедегі Қытай және Үнді, Греция және Римде Вавилон мен Египетте мыңдаған жылдар бұрын пайда болды.
Философияның пайда болуына мүмкіндік берген бірқатар алғы шарттар: ертедегі ғылым, ой қызметінің қол күші жұмысынан бөлінуі, демократия мен еркін азамат топтарының құрылуы. Ертедегі философияның негізгі тақырыбы алғашқы әлемдегі дүниені жаратудағы маңызды негіздеме.
Ежелгі шығыс философиясының дамуна айтарлықтай әсер еткен «азиаттық» өндіріс тәсілі. Философия патриархалдық және консервативтік түрде болды. Философия мифологиялық түсінікте дүниеге келді, мифологиялық ақпараттарды пайдаланды. Қытай философиясының тарихы да бұдан өзгешеленген жоқ.
Ежелгі Қытай философиясы
Басқа мемлекеттер секілді, Көне Қытай философиясының да мифологиялық тамыры бар. Ертедегі Қытайда мистикалық бағыттар дүниеге келді. Бұл бағыттардың арасындағы күрес барысында заттардың алғашқы бес элементі (металл, ағаш, су, от, жер) туралы, дамудың қарама-қарсы бастамалары (Инь және Ян), табиғи жолы (дао) туралы т. б. қарапайым материалистік идеялар кеңінен тарай бастады. Үш табиғи байланысты ақиқат - адам, жер, аспан тіркелген.
“Ши цзин”, “Шу цзин” әдеби-тарихи ескерткіштерде адамдардың еңбек және қоғамдық-тарихи практикасын тікелей жинақтау негізінде пайда болған кейбір философиялық идеяларды кездестіреміз. Көне Қытай философиясының гүлдену кезеңі б. з. д. VI-III ғғ сәйкес келеді. Бұл кезеңді қытай философиясының алтын ғасыры деп атайды. Дәл осы кезеңде «Дао дэ цзин», «Лунь юий», «Мо-цзы», «Мен-цзы», «Чжуан-цзы» философиялық-социологиялық ойдағы шығармалары пайда болды. Дәл осы кезде ұлы ойшылдар Лао-цзы, Конфуций, Мо-цзы, Чжуан-цзы, Снь-цзы өздерінің тұжырымдамалары мен идеялары шықты. Осы уақыт даосизм, конфуцияндық, моизм, легизм, натурфилософ қытай мектептерінің пайда болуымен ерекшеленеді. Олар кейінгі қытай философиясының дамуына үлкен ықпал жасады. Осы кезде қытай философиясының тарихына дәстүрленіп кеткен, қазіргі кезге дейін қолданып жүрген түсініктер мен категориялар, проблемалар қалыптасты.
Ежелгі Қытай философиясының ерекшеліктері:
1. Философия мен саясаттың тығыз байланысы. Әлеуметтік қайта құруды утопиялық жобада жоспарлау.
2. Символизм, әмбебаптық мағына беретін графикалық белгілерді, иероглифтерді қолдану /ян, инь/.
3. Философиялық идеялардың генераторы болған жаратылыстану емес, керісінше XIX ғасырға дейін философиялық-ұғымдық ақпарат жаратылыс дамуын анықтап отырды.
4. Мифологиямен тығыз байланыс.
Көне Қытай философиялық ойлар дамуының негізгі екі кезеңі: философиялық көзқарастың пайда болу кезеңі, ол б. з. д VIII-VI ғғ қамтиды және философиялық ойлардың гүлдену кезеңі - 100 мектептің бақталастық кезеңі, ол б. з. д. VI-III ғғ жатады.
Көне Қытай философиялық мектептердің алғашқы жіктелуі Сыма Цянның «Ши цзин» - («Тарихи жазбалар») кітабында берілген. Онда алты мектептің аты аталған: «инь және янь ілімін жақтаушылар» (натурфилософтар), мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар мектебі» (конфуциандықтар), «моисттер мектебі» (софисттер), «заңшылдар мектебі» (легисттер), «дао және дэ ілімінің жақтаушыларының ілімі» (даосисттер) .
Кейінірек, біздің заманымыздың межесінде, бұл жіктелу тағы төрт «мектептермен» толықтырылды, цзацзя немесе «эклектиктер мектебінен» басқалары, шынында Көне Қытай философиясына қатысы жоқ. Кейбір мектептер мектеп негізін қалаушының қоғамдық қызмет өзгешелігіне байланысты аталған, басқалары-ілімнің негізін қалаушының есімімен аталған, үшіншілері - осы ілімнің басты ұғым принциптеріне байланысты аталған.
Қытай философиясының ағымдары мен мектептерін біріктіретін ортақ шығу тегі. Олардың ортақ тамыры - Дао мәдениеті. Олардың арасындағы айырмашылық көзқарас бағдары мен Даоны соңғы қалпына келтіру әдістермен ерекшеленеді.
Осыдан Қытай философиясының негізіне алынған ерекшеліктер шығады: Қытай философиясы өзінің бастауы мен эволюциясында Дао философиясы болып табылады
Көне Қытай философиясынын негізгі ұғымдары
Адамды сүю (жэнь) - Конфуций философиясының маңызды катего-риясы. Ең әуелі әке мен ұлдың, билеуші мен шенеуніктердің, дос адам-дардың, аға-інінің арасындағы қарым-қатынастарды бейнелейді, сонан соң ғана жалпы адамдар арасындағы сүйіспеншілікті білдіреді.
Алтын орта (чжун юн) - Конфуций философиясының басты ұғым-дарының бірі. Бұл жетілген мораль үлгісі, адам еш нәрседе де шектен шығып кетпеуі керек дегенді білдіреді. Мысалы, тым қызба немесе тым жай болған дұрыс емес, орташа күйді сақтауға ұмтылу керек. Конфуций бұл ұғымды ағашты мысалға ала отырып түсіндіреді. Оның жоғарғы жағында орналасқан жапырақтарға жаңбыр мен күннің әсері тез жетеді, төмендегі жапырақтарға да аса ыңғайлы емес. Ең дұрысы, ортада орналасқан жапырақ болу. Алтын ортаға жету қиын, бірақ оған жеткен адам мәнді өмір сүреді.
Асыл адам, бекзат адам (цзюнь-цзы) - адамгершілігі жоғары, жан-жақты жетілген, «алтын ортаға» жеткен, ізеттілік, шыншылдық, сақтық секілді қасиеттерге ие және басқа адамдардың адамгершіліктік жетілуіне көмектесуші адам. Конфуциийдің пікірінше, мүндай қасиеттерге мемлекетті билеуші, басқарушы адам ие. «Асыл адамдар» көбейген сайын қоғам да жақсара түседі, мемлекетті басқару да жеңілдейді. «Асыл адамдардың» үлгісі зорлық арқылы бағындырудан әлдеқайда бағалы, себебі халықта үрей, қорқыныш емес. ез басшыларына деген сенім пайда болады. Бұл ұғымға қарсы ұғым - «темен адам» ұғымы.
Дао - дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай фило-софиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао - универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына ба-ғынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті - даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру.
Ди - ағаны сыйлау.
Инь және Ян - этимологиялық мағынасы «төбенің немесе өзен жа-ғасының көлеңкесі мен күнгейі» дегенді білдіреді. Инь мен Ян дүниедегі ретсіздіктерді тәртіпке келтіруші Көк пен Жер күштері ретінде қарасты-рылады. Олар бір-біріне қарама-қарсы, бірақ олардың үндесіп, бірігуі бар нәрсенің бәрін басқаратын адамды дүниеге әкелді, Инь - дүниенің раци-ональдік, «әйелдік» бастауы, Ян - бейсаналық, «ер адамдық» бастауы деп түсініледі. Қытай философиясында Инь мен Янның өзара әсерінен табиғат құбылыстары да, қоғамдағы өзгерістер де туындап отырады деп тұжы-рымдалады.
Ли - ритуал, салт, этикет.
Сяо - ата-ананы құрметтеу.
Тянься - (орысша «Поднебесная»), «Кекасты», Қытай елінің, мемле-кетінің синонимі, қытайлықтар өздерін қазірге дейін осылай атайды. Көк немесе Аспан ұғымы Қытай философиясында жер бетіндегі барлық бар нәрсенің алғашқы негізі және алғашқы себебі, ең құдіретті күш. Адамдардың тағдыры мен өмірін де, мемлекет істері мен табиғат құбылыстарын да анықтаушы және реттеуші Көк, ал мемлекетті билеуші оның жердегі өкілі, сондықтан да әрбір адам Көкке табынуға міндетті.
Ци - этимологиялық мағынасы «пісіп жатқан күріштің буы». дегенді білдіреді, бірнеше мағынаға ие: белгісіз, сапасы жоқ алғашқы зат; дүниеден жоғары космостық субстанциядан үшып шығып жатқан нөрсе; алғашқы материалдық-элементтер-денелер, атомдар және т. б. Ци алғашында тұтасып кеткен субстанциялардан тұрды, кейінірек таза мен бұлдырға -Инь мен Янға бөлінді деген түсінік қалыптасқан.
Жалпы алғанда, Қытай философиясының негізгі философиялық ка-тегориялары тарихи даму барысында көп өзгеріске ұшырай қойған жоқ, жалпы Қытай қоғамы мен Қытай философиясы секілді салыстырмалы түрде тұрақты, консервативті болды.
Көне Қытай философиясының негізгі өкілдері
Конфуций - Кун-Фу-цзы («Кун Үстаз») - біздің дәуірімізге дейінгі 551-479 жылдары өмір сүрген, көне Қытай философиясының ең көрнекті өкілі, «қызмет етушілер философиясы» деген атауға ие болган философиялық мектептің - Конфуцийшілдіктің негізін қалаушы. Бұл мектеп алғашында жу - «ғалым-интеллектуалдар мектебінің ілімі» деп аталды. Өзінің философиялық мектебін Конфуций өмірлік тәжірибе жинақтап, адамға қажетті алты өнерді - салттарды білу, музыканы түсіну, садақ ата білу, күйме арба айдау, жаза және санай білу істерін меңгерген, әбден кемелденген жасында құрды деп есептеледі. Өзінің қоғамдағы рөлін Конфуций әте қарапайым бағалап, өзін жаңа ілімді жасаушы емес, көне данышпандардың (шэн) «Шу цзин» және «Ши цзин» кітаптарындағы даналығын халыққа жеткізуші ғанамын деп түсінген.
«Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») еңбегі Конфуций туындысы ретінде қабылданады. Оның негізгі мазмұны - мемлекет пен жеке адамды жан-жақты жетілдіру жолдарын көрсету. Конфуцийдің пікірінше, мем-лекеттің жақсы болмағы оны құрап отырған адамдарға байланысты, сон-дықтан да жеке адамңың міндеті - мемлекетке, өзіне жоғары тұрған адамға қызмет ету.
Лао-цзы (ЛиДань) - даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге дейінгі VІ-V ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін зерттеушілер Лао-цзы Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары «Дао дэ цзин» шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лаоцзының шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжам-пікірлер айтады. Лао-цзы даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, өзгермейтін бастауы деп түсіндірді. Адам ойлаудада, іс-әрекетінде де осы дао жолын ұстануы, яғни «у -вэймен» айналысуы қажет. «У-вэй» «тыныш келісу» дегенді білдіреді, кейінірек «әрекетсіздік, ештеңеге араласпау» деген қазіргі мағынасында түсініле бастады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz