Желі топологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Желі туралы жалпы түсінік

Орындаған: Исақ А.

Тобы: ИП-16-6к2

Қабылдаған: Ермекбаева Г.

Шымкент 2018ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Желінің түрлері . . . 4

Желі топологиясы . . . 6

Желілік бағдарламалық және техникалық құралдар . . . 8

Қорытынды . . . 10

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 11

Кіріспе

Желі - бұл мәліметтерді жіберу және өңдеу құрылғылармен құрылған объектілердің жиынтығы. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым, есептеуіш желіні бірінен кейін бірі бит жүйесіне келетін тәуелсіз құрылғылармен өзара байланысқан ақпарат жіберуді анықтады.

Ең қарапайым желі (network) минимум 2 компьютердің, бір-бірімен кабель арқылы байланысынан тұрады. Ол мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің дүниеге келуі тәжірибе қажеттілігімен қатар мәліметтерді қоса пайдаланудан туындады. Дербес компьютер - құжат, кесте дайындау, графикалық мәлімет және басқа да ақпараттарды құру үшін өте жақсы құрал. Бірақ тез арада өзінің ақпаратымен басқалармен бөлісу мүмкіндігін туғыза алмайды. Бірнеше компьютердің және олардың басқа құрылғылармен байланысын желі деп атайды.

Желінің түрлері

Тұжырымдамалық байланыс және бірге қолданушы компьютер қоры желілік әрекеттестік деп аталады. Желіде компьютермен бірге принтерлерді, модемдерді, өзге де құрылғыларды қолдануға болады.

Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасындағы ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желіні құрайды.

Компьютерлік желі дегеніміз - ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және бағдарламалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздеріңіз оқитын компьютерлік сыныптардағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сондай-ақ, бір мезгілде жүздеген тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастылылатын темір жол қатынасына билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз.

Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша бір-бірінен ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды (диск, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында құрылады.

Жергілікті желі (LAN) бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер (WAN) географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.

Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.

Жергілікті желінің барлық компьютерлері серверде жазылған қолданбалы бағдарламаларды және принтер, факс тәрізді сыртқы құрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

Жергілікті желі әрбір тұтынушыға бір-бірімен өте жылдам қатынасуға мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады: құжаттарды бірге пайдалану; құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс жасамай-ақ, әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге мүмкіндік алады; компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, өз жұмыс нәтижелерін серверде сақтау және архивтеу; сервердегі қолданбалы бағдарламалармен оңай байланысу; қымбат тұратын құрылғыларды, CD-ROM мәлімет жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын көлемді қолданбалы бағдарламаларды бірігіп пайдалануды жеңілдету, т. б.

Аймақтық - таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасында атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлы желі арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ISDN, Integrated Services Digital Network) көрсете алатын байланыстық телефон арналары қолданылады. Мұнда ISDN арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен көлемді файлдарды тасымалдау үшін жиі қолданылады.

Компьютерлер желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша немесе модем қажет. Жергілікті есептеуіш желілер - саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте желі әртүрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік үрдістерді автоматтандыру, әртүрлі құжаттарды жеңіл өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен байланыстыру бөлімдерінен тұратын байланыстыру жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір-бірімен қысқа желілік байланыс желісі арқылы (әдетте он, жүз метр) біріктірілген, сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болуы үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгелу шамасы артып кетеді.

Корпоративті есептеуіш желілерқашықта орналасқан бөлімдегі: филиалдардағы, қонақ үйлердегі т. б. тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі желісі - Banknet, негізгі банктің компьютерлерін оның барлық филиалдарының компьютерлерімен (аудандық бөлімшелерін қоса) біріктіреді.

Корпоративті желі жергілікті желілер арасында аса көрнектілерінің бірі. Өйткені, территорияның аумағы шексіз. Қазіргі кезде компьютерлік желі күрделі дамуда және бұл желіні көбінесе интранет деп атайды. Интранет интернет технологиясының негізі болғандықтан, оның кең мүмкіндіктері бар. Бұл желі пайдаланушының шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады. Ол интернет желісі және жергілікті желі топологиясын қолдану негізінде фирмалар байланысына немесе фирма құрылымындағы ақпаратты өңдеуге, беруге, сақтауға және енуге құпия сөздер (пароль) арқылы рұқсат ету қолданылады.

Корпоративтік ақпараттық жүйе дегеніміз - территориялық аймағы жағынан түрлі корпорацияларға бөлінген интегралдық байланыстыру жүйесі. Басқаша айтқанда, кеңейтілген мәліметтер талдауының негізінде әртүрлі шешімдерді ақпараттық жүйе арқылы қолдану, электрондық құжаттар алмасу және іс-құжаттар жұмыстарын жүргізу және т. с. с. болып саналады. Корпоративтік ақпараттық жүйе ақпараттық телекоммуникативтік технология арқылы бизнес -тұжырымдама, яғни, байланыстыру немесе біріктіру негізінде құрылған.

Желі топологиясы

Желі топологиясы оның негізгі қызметтік элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.

Шиналық топология. Мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді. Желінің жұмыс жасау үрдісінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды. (Сурет 1. )

Сурет 1. Шина топологиясының үлгісі.

Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін - желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады (Сурет 2. ) . Бұл топологияның артықшылығы - кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.

Сурет 2. Жұлдызша топологиясының үлгісі.

Сақиналық топология. Мұндай байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады (Сурет 3. ) . Бұл топологияның кемшілігі кез келген бір жұмыс станциясының істен шығу жалпы байланыста бұзады.

Сурет 3. Сақина топологиясының үлгісі.

Желілік бағдарламалық және техникалық құралдар

Компьютерлік желі архитектурасына қажетті бағдарламалық құралдар: желілік операциялық жүйе және желіні басқару бағдарламалық құралдары.

Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating System) - желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын бағдарламалық құрал. Ол желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша бағдарлауды, желілік құрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен жұмыс істеуді ұйымдастырады.

Желілік операциялық жүйе файлдармен қолданбалы бағдарламалардың үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналасқан ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден өзгертіле алады. Желілік операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.

Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ пайдаланылатын сыртқы құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу приоритетін айқындап отырады. Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып каталогтармен жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттілігін жүргізіп, желіні басқару қызметін жүзеге асырады. Кең тараған желілік операциялық жүйелерге Windows NT Server, Novell Netware, Banyan VINES т. б. жатады.

Желіні басқару бағдарламалық құралдары желіні қадағалау, басқару және ондағы мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рөл атқарады. Ол желіні тоқтатып қоюға мүмкіндік бергізбейтін және қысылшаң кездерді болдырмайтын, желіні жеке иеленудің жалпы құнын төмендететін басқару істерін алдын-ала жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті жүйелер топологиясы
Сақина топологиясы
Жергілікті компьютерлік желі
Локалды желілердің топологиясы
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТОПОЛОГИЯСЫ
Желілер топологиясы
Компьютерлік желілер жүйесі
Желіге қойылатын талаптар
Желілік операциялық жүйе түрлерінің жұмыс жасау принциптері
SDH желісінің топологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz