Саяси жүйе: анықтамасы, түрлері, құрылымы, қызметтері және тұрақтылық мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

1. Саяси жүйе.

2. Саяси жүйе түрлері.

3. Саяси жүйелердің жіктелуі мен қызметтері.

Саяси жүйе - билікті жүргізуші әлеуметтік топтар, таптар, ұйымдар мен мемлекеттер арасындағы өзара қатынастарды реттейтін, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін ұйымдар, мекемелер мен институттар жиынтығы. Оның негізгі элементтеріне мемлекет, саяси партиялар, дін орындары, қоғамдық-саяси ұйымдар және т. б. жатады.

Саяси жүйелердің жіктелуі

Саяси жүйелердің жіктелуі жөнінде ғалымдар арасында ортақ пікір жоқ. Саяси жүйені жіктеу зерттеушілер таңдаған өлшемге байланысты. Саяси жүйені жіктеудің ең кең тараған түрі, оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық деп бөлінуі.

Француз саясаттанушысы Ж. Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі:

1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, жекешілдік, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады;

2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең белуге бағдар ұстайды;

3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді;

4) Дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқару белең алады;

5) авторитарлы-консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады.

Г. Алмонд саяси мәдениет деңгейі мен құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені: ағылшын-американдық, құрылықтық-еуропалық, жарым-жартылай индустрияланған, тоталитарлық деп жіктейді. Саяси жүйенің ағылшын-американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Құрлықтық-еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Жарым-жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Тоталитарлық саяси жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар.

Қоғамның саяси жүйесі Елдің саяси қызметіне қатысып, саяси билікті жүзеге асыратын саяси институттардың, ұйымдардың, топтар мен жекелеген адамдардың жиынтығы.

Бұл барлық органдары бар мемлекет; қызметтерінде айқын саяси бағыты бар партиялар мен қоғамдық ұйымдар, қатаң саяси реңкі болмаса да, мемлекеттің саясатына манызды әсер ете алатын, (кәсіподак, кооперативтік, діни және т. б. ) қоғамдық, ұйымдар, сондай-ақ өскелен ұрпакты тәрбиелеу мен білім беруді (мектеп, институт, театр) жүзеге асыратын барлық мекемелер.

Кейбір саясаттанушылар қоғамның саяси жүйесіне заңға енгізілген идеялар, принциптер, идеологиялар моральды, сондай-ақ саяси мақсатты көздеген жекелеген адамдардын қызметін қосады.

Саяси жүйе қызметі - саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады:

1) қоғам дамуының мақсат-міндеттері мен жолдарын анықтау;

2) қабылданған мақсаттар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қоғам қызметін үйымдастыру;

3) материалдық және рухани құндылықтарды бөлу;

4) мемлекет пен әлеуметтік қауымдардың сан алуан мүдделерін келістіру;

5) қоғамдағы адамдар мен топтардың мінезқұлқын анықтаушы заңдар мен ережелерді дайындау;

6) саяси құрылыстың ішкі және сыртқы қауіпсіздігі мен түрақтылығын қамтамасыз ету;

7) саяси сананы қалыптастыру, қоғам мүшелерін саяси қатысу мен қызметке тарту;

8) заңдар мен ережелердің орындалуына бақылау жасау.

Саяси жүйе - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы.

Саяси жүйенің дамуы, саяси тұрақтылық және тұрақсыздық

Саяси тұрақтылық дегеніміз - қоғамның саяси жүйесінің қоғамдық өзгерістерге уақытында жауап беріп, шиеленістерді дер кезінде шеше алу жағдайын айтамыз.

Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптық сипаты бар. Сырттай қарағанда ол біртектес сияқты. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдай бермейді. Бірақ ол мойындауды еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс-әрекетіне бақылау жасайды.

Батыс саясаттанушыларының арасында саяси жүйені келесі түрлерге жіктейді: ағылшын-америкалық, құрылықтық-еуропалық, индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған, тоталитарлық.

Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы жа басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

Саяси жүйенің ағылшын-америкалық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлылығымен, біртектілігімен сипатталады. Бұл елдерде мемлекеттің алдына қойған саяси мақсат-мұратын және оған жетудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін халықтың бәрі қолдайды. Ол мәдениет еркіндік, тиімді есепқорлық, пысықтық, ұқыптылық, сяаси либерализмге негізделген.

Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:

Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;

Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;

Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады

Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;

Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады.

Құрылықтық-еуропалық саяси жүйенің ұсынатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениеттің жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады.

Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеде батыстың құндылықтары, этникалық салт-дәстүрлер, діни әдет-ғұрыптар шоғарланған. Мемлекет биліктері анық бөлінбеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси жүйе: анықтамасы, құрылымы және қызметтері
Саяси билік пен саяси жүйе: түсінігі, құрылымы және қызметтері
Экожүйе: анықтамасы, құрылымы, қызметтері мен түрлері
Саяси жүйе: ұғымы, құрылымы, қызметтері және адамның құқықтары мен бостандыктары
Қоғамдағы саяси жүйе: теориялары, құрылымы, қызметтері және Қазақстандағы реформалар мен сайлау жүйесі
Саяси жүйе: қызметтері, жіктелуі және тоталитаризмнің негізгі ерекшеліктері
Нарықтық шаруашылық: нарықтың анықтамасы, қызметтері, түрлері, құрылымы және бәсекелестік
Қоғамның анықтамасы, белгілері, құрылымы, типтері және қызметтері
Саяси мәдениет: ұғымы, құрылымы және қызметтері
Иммундық жүйе: құрылымы, мүшелері және қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz