Геосаясаттың негізін қалаушылар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

М. О. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ЭНЕРГЕТИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Геосаясат түсінігі

Орындаған: Исақ А.

Тобы: ИП-16-6к2

Қабылдаған: Корганова С.

Шымкент 2017ж.

Жоспары

1. Геосаясат түсінігі.

2. Геосаясаттың негізін қалаушылар.

Геосаясат түсінігі.

Халықаралық қатынастар теорияларының дамуына белгілі бір географиялық кеңістікті бақылауға мүмкіндік беретін, мемлекеттің сыртқы саясаты тəуелді болатын факторларды айқындайтын көптеген идеяларды ұсынған авторлар елеулі үлес қосты.

Саяси ойлар тарихында географиялық ортаның қоғамға əсері туралы пікірлер Гиппократ, Аристотель, Платон еңбектерінде көрініс тапқан болатын. Француз ойшылдары Ж. Боден (ХVІ ғ. ) жəне Ж. Монтескье (ХVIІІ ғ. ) т. б өз еңбектерін климаттың адамдардың саяси мінез-құлқына ықпал ету анализіне арнап зерттеу үрдісін бекіте түсті. Алайда геосаясат халықаралық қатынастар теорияларында өзіндік бағыт болып ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басында қалыптаса бастады. 1900 жылы швед ғалымы Р. Челлен (1864-1922) мемлекетті ерекше географиялық организм ретінде қарастырып, «геосаясат» терминін енгізіп, оны өзінің саяси іс-əрекетінің бағыттарының бірі деп сипаттады. Дегенмен мемлекетке қатысты арнайы проблемаларды білдіретін оның бүкіл теориясынан тек тиісті термин ғана маңызды болып, «мемлекеттің географиялық организм немесе кеңістік феномені» ретінде сипатталған бөлігін білдіретін мағынаға ие болып қалды. Тұтастай алғанда геосаясат мемлекеттердің кеңістік қатынаста өзара органикалық қатынасын жəне тарихи себептілік ісəрекетін көрсететін «егемендік», «аумақ», «мемлекет қауіпсіздігі» құндылықтарына негізделген халықаралық қатынастар теориясына дендеп енді. Бұл таңсық емес еді, Рим империясы мен Алтын Орда, Британ т. б. əлемдік империялардың елеулі аумақтарды (географиялық кеңістікті) бақылап, үстемдігін басқа мелекеттерге таңдауға мүмкіндік беретін өз ресурстарын көрсетіп, өз білгенімен құрлықтардың тұтастай келбетін өзгерткенін білеміз.

Сол уақыттан бастап халықаралық қатынастар аренасында саяси өзгерістердің себебін жəне əлемдік саясатқа географиялық ортаның өктемдігін түсіндіретін геосаяси құрылым арқылы ғылымға нақты «тарихи заңдылықтар», əлеуметтік-дарвинизм, органицизм жəне географиялық фатализм идеялары мен ұғымдары үздіксіз енді.

Осындай ұғымдардың əсерімен халықаралық саясаттың табиғаты мен даму тенденциясын теориялық тұрғыдан түсіндіретін шекараларды сақтау жəне кеңейту, мемлекеттің теңізге шығу жолы, үкіметтің өз аумағын бақылауы жəне көрші мемлекеттерге ықпалын таңу сияқты идеялар орын ала бастады.

Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады. Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан - солтүстікте - Ресей, шығыста - Қытай және батыста - Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.

Геосаясаттың негізін қалаушылар.

Мистикалық-нәсiлшiл идеология ретiнде дүниеге келген нацизм айтылмыш кезеңде сыртқы саяси мәселелерде әлемдiк тарихта тұңғыш рет «геосаясат» ұғымын қолданды «Геосаясаттың» түп атасы - немiс географы Ратцель. Оның ұлт тарихы «лебенераумға» - өмiр сүру кеңiстiгiне қарай қалыптасады дейтiн идеясын кейiн доктор Карл Хаусхофер дамытып, осы негiзде Мюнхен университетi жанынан Геосаясат институтын құрған (институт «Туле ложасының» жариядағы ресми бүркемесi, ал Хаусхофер ложаның көрнектi мүшесi едi) . Доктор герман жастарын бағзыда арий нәсiлi мекендеген Азияға баруға үндедi. Хаусхофер тевтондық «Дранг нах Остен» (Шығысты, славян жерiн басып алу) ұранын көтердi деген сөз, тегiнде, кейiнгi антифашистiк насихаттың жанынан шығарып жүргенi. Байқағанға, Туле мүшелерi алғашқыда немiстер Шығысқа, Азия жерiне ағылшындармен күш бiрiктiрiп баруы керек деп есептеген. Сол себептi нацистер басында Англияны әлемдiк держава ретiндегi қуатынан айырмауды құнттады. Егер Англия немiстiң Орталық Еуропадағы ықпалының күшеюiне кедергi келтiрмесе, немiстер ағылшындардың Үндiстан беттегi қимылына бөгет жасамауға мақұл едi. Кейiнiрек Хаусхофердiң бел шәкiртi Рудольф Гесс жасаған жоспар бойынша Германия Польша мен Обь аралығына, ағылшындар Обь - Лена аралығына, американдар Лена мен Охот теңiзi аралығына иелiк етуi тиiс едi. Бұл жоспарда Орта Азия аймағы жоқ. Ол заман ағылшындар Үндiстан пен Ауғанстанды тұтымында ұстағаны мәлiм, демек кейiн сөз жүзiнде өзiн өзi дербес басқарады делiнген Тұтас Тұранды (Гросстүркiстан) геосаясат тiлiнде Орталық Азия деп аталған зор аумаққа ағылшын ықпалымен кiргiзу жоспарланғанын көремiз. Ұлыбритания Германияға соғыс жарияламай тұрып, 1939 жылы Герман Геринг фюрерге Англияға «қонақ» болып ұшып барғысы келетiнiн бiлдiредi. Гитлер негiзiнде қарсы болмаған. Бiрақ кейiн Герингтiң орнына Гесс ұшты. Хаусхофер жоспары сонда ғана белгiлi болды. Бiрақ бұл кезде нацистер Англияға басып кiру үшiн жасалған «Теңiз арыстаны» жоспарынан айнып, КСРО-ға шабуыл жасаудың «Барбаросса» жоспарына кiрiсiп кеткен едi.

Қайбір тәуелсіз мемлекет өзінің дүниеге келуімен бірге саяси дүниеден өзінің орнын ала отырып, айналасымен қарым-қатынастық ауан дәйектейтіні бар. Саяси айналаны (геосаясатты) дәйектеуде кәзіргі саяси қалыптың біраз ықпалы бар. Шынын айту керек, Қазақстанның ішкі кейпі күрделі болғандықтан, оның геосаясаты да қарапайым бола қоймайды. Сондықтан бұл жайт Қазақстан жағдайында ежіктеліп барып, сомдалатын болар. Жалпы, Қазақстанның болашақ ірі мемлекеттер қатарынан табылатын қайнарын ескере отырып, оның саяси айналасын былайша кейіптеген жөн:

- экономика жағынан еброазиялық бөрі, бұған мол байлық пен халықтың аса икемділігі, жастығы кепіл;

- географиялық жағынан Дүниежүзілік саяси кіндік, оған батыс-шығыс, оңтұс-солтұс көпірлер торабы болу мүмкіндігі мен географиялық орны куә;

- этнодемографиялық жағынан - түркілік қарашаңырақ, оған тарих та, объективтік жағдай да, барлық түркілердің Қазақстанды айнала орналасуы да итермелейді;

- діни сенімі жағынан - дүниежүзілік дін тартысының ешбіріне аса жақтаспайтын зайырлы мемлекет.

Осы аталған геосаяси жағдайы Қазақ мемлекетінің қазырдан бастап сыртқы ниетінің қалыптасуына негіз етілгені жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Геосаясаттың даму тарихы
Геосаясат сұрақ-жауап түрінде
Геосаясаттың теориялық-концептуалдық маңызы мен негіздері
Қазіргі әлемнің геосаяси бейнесі
Қазақстанның экономиканың қозғайтын күші шикізат
Геосаясат
Жапонияның қазіргі кездегі геосаясаты
«Ядролық дәуірдегі геосаясат»
Геосаяси жағдай
Адам жане биосфера жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz