Тәкен Әлімқұлов өмірбаяны, шығармашылығы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 2

Негізгі бөлім

  1. Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық өмірбаяны . . . 3
  2. «Ақбоз ат» шығармасының жазылу тарихы . . . 4
  3. «Ақбоз ат» шығармасының басты идеясы . . . 5

Кіріспе

Қазіргі қазақ әдебиетінде нағыз өнерпаздық өрістен табылар санаулы суреткер болса, соның бірі - Тәкен Әлімқұлов.

Тәкен Әлімқұлов үлкен прозаға өзінің атышулы «Ақбоз атымен» келді. Бұған дейін ол ақындық өнермен ұстасып, өзекжардысын өлең жолына қосып көрген. Александр Пушкиннен, Әлішер Науаидан, Михаил Лермонтовтан аударғандары әлі күнге дейін әдебиет құмар оқушының жадында. Ол Пушкиннің «Дауылын», Лермонтовтың «Измаил бей» поэмасының арнау жырларын қазақша әсем жеткізген-ді. «Қу ағашқа қонып ап, Жаннатың құсы жапанда, Көк қанаты жарқылдап, Қарайтын өстіп жаһанға» немесе «Бозғылт бір тартып жылтылдар аспан, Тұманда сұрғылт тамаша теңіз, Дауыл, көк, толқын бәрінен асқан, Емеспе ғажап шыңдағы сол қыз» деген жолдар шын шабыт иесінің жүрегінен туған еді. Тәкен Әлімқұловтың әдебиет зерттеумен айналысып құлаш-құлаш мақалалар жазған тұсы да сол елуінші жылдардан басталады.

Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық өмірбаяны

Тәкен Әліқұлов алпысқа жуық әңгіме, 7 повесть, 2 роман жазыпты. Демек, Тәкен шығармаларының дені әңгіме деуге керек. Белгілі сыншы Төлеген Тоқбергенов: «Тәкеңнің әңгімелерінен белгілі бір тақырыпты айрықша бөліп айту қиын. Мейлі ол өнер тақырыбын, мейлі өндіріс тақырыбын, мейлі қала не ауыл тірлігін, мейлі спорт жәйлі қозғасын, бәрінен бұрын адамға, адамның тағдырына соғып жатады. Ол ешқашанда тақырыпқа телініп қалған емес. Әлгі бізде жұмысшы тақырыбы, ауыл тақырыбы деп бөлетіндерді ойласақ, Тәкен Әлімқұловқа одан келіп кетер пәлендей ауыр салмақ жоқ. Өйткені, Тәкен ең алдымен өмірдің өзін, адамның ғұмырын, харекет - характерін суреттейді. Кейіпкерлері де кәдімгі өзіміз күнбе-күн көріп біліп жүрген «таныс бейтаныстар». Адам басындағы трагедиялық жәйттер, оғаш қылықтар, қызықты хикаяттар көркем, келісті тіл тауып, жеңіл әзіл, өтірік әжуа арласа ақиқатқа айналып жүре береді» деп мәлімдейді.

Тәкен көркем әдебиеттің негізгі объектісі - адам, адамның рухани дүниесі деп біледі. Ол әдебиеттің басты міндеті - тәрбиелік роль атқаруында деп ұққан.

Ол бұл міндетті алғашқы «Ақбоз атында-ақ» жақсы түсінген-ді.

Бірді-екілі очерк, анда-санда әңгіме жазғаны болмаса, көркем прозаға аяғын баспай жүрген Тәкен 1961 жылдың соңғы айларында «Жұлдыз» журналында «Қаратау перзенттерін» жариялай бастаған еді. Оқушы көпшілік әуелде елең ете қалған. Өйткені, Тәкенді жұрт бұған дейін ақын-сыншы деп келген. Сол «Қаратау перзенттері» бір жылдан соң «Ақбоз ат» боп дүниеге келді.

Роман лирикалық желі тауып, адамның ішкі дүниесін, сезім дүниесін ашуға құрылған. Кейіпкерлердің көбісі сол ішкі дүниесімен көзге ұрып, бедерлі, бітімді мінез-құлқымен, сыр сандығымен көрінген. Жағымды-жағымсыз кейіпкердің бәрі де нанымды, шыншыл күйде бейнеленген. Жағымды кейіпкердің бойынан да жарамсыз қылық, жаман сөз табылып қалады. Жағымсыз кейіпкерде жарамды қылығымен, жарқ еткен сөзімен көрініп қалады. Бұлайша суреттеу, асылы, шыншылдықтың, шығармашылық адалдықтың, шынайы көркемдіктің белгісі. Кейіпкер жағымды, жағымсыз деп алдын ала, белгілеп, жағымдының бәрін жақсыға, жағымсыз атаулыны жаманға қарай қақпайлап, көрінеу көзге бұрмалап, қуалай қайырып отыру әдет емес.

«Ақбоз атты» жақсы шығармалардың бірі деудің себебі де бұл шығарманың сол шындылығынан, табиғи көркемдігінен шығар.

«Ақбоз ат» шығармасының жазылу тарихы

Тәкеннің «Ақбоз аты» діттеген жерден шыққан, сәтті дүние деуге болады. Бүгінгі ауыл тұрмысын көркем тілмен қызықты әңгімелеп, қазіргі жастардың, жалпы замандастарымыздың мінез-құлқын дөп басып, дәл бейнелеп бергенін айрықша атаймыз. Сонау жаңа экономикалық саясат кезеңінен алпысыншы жылдардың басына дейінгі аралықтың көркем баянын тапқан, шыншыл шежіре шерткен шығарманың бірі деп қабылдаймыз.

Өзек болған оқиғаны журналист Елеусіз Досов баяндайды. Қамшыдай өріліп жатқан оқиға желісі - соның көрген, кездескен адамдармен тілдескені, естіген-білгені. Ораулы шиге, бояулы сәнді текеметке, түкті кілемге басылған ою-оймыштар да сол Елеусіз Досовтың әуелі Шіркімбай, Орал, Қараш, Мырзаштардан естігені, керіліп, жатқан кең даладан көргені. Бұл әке мен баланың, аяулы Гүлнәш пен атқұмар Біркімбайдың тағдыры. Өз баласын, бақытын бір атқа сатқан әке қаталдығы, ақылды әкенің қаталдығы, аласапыран тұстағы қазақ ауылының тағдыры. Оқиға барысына Орал мен Гүлнәш арсындағы ұзаққа созылған сүйіспеншілік хикаясы да тікелей әсерін тигізіп отырады.

Романдағы адамдар тағдыры бүгінгі тұрмыстың, шаруашылық өмірдің түбегейлі әлі де толық шешіліп бітпеген қиын мәселелермен ұштасып, құп үйлесіп кеткен. Біркімбайдың атқұмарлығынан жылқы шаруашылығының кей проблемалары жарқ етіп көрініп қалып жатқандай. Ал, түптеп келгенде, бұл-адамдардың ара қатынасы жайлы, жақсылық пен жамандық, ізгілік пен ездік, жоқшылық пен жомарттық жайлы шығарма. Бек тазалық, берік мақсат, асыл қасиет жайлы шығарма. Шығарманы оқи отырып, алыстағы ауылға бірге сапар шеккен журналист Елеусіз Досов пен Қараш Беков бірте-бірте суысып аралары суық тартып бара жатқанын аңғаруға болады. Сырттай сұлу, сөзуар Қараш уақыт өткен сайын өзінің бет жүзін танытып, берекесін жоғалта береді, бірте-бірте оқиға өрісінен қашықтап, жылыстап шеттей береді. Ақыры, Елеусіздің еңбегін иемденіп, Лизан тастап, біржола аулақтап, азғындап барып тынады. Сейдің ауданына бірге сапар шегіп, кейбір сөздерінен, мінез құлқынан оның мәңгілік дос емес екенін, баянды, тұрлаулы жолдас болмайтынын Елеусіз де, сол арқылы, соның баяндауы арқылы аңғаруға болады.

«Ақбоз ат» романындағы кейіпкерлердің көбі-ақ сыншыл, сыршылдығымен көрініп отырады. Әр қилы мінез қасиетімен есте қалып қояды.

Алдымен Елеусіз Досовтың өзі қарапайым журналистің бірі. Оның өмірге көзқарасы айқын турашыл, адал. Ол - кісінің көңілін қарайтып қабақ шытпақ емес. Аздап қожанасырлау, аңғырттау, сырттай жарқылдап тұрған жоқ, тіпті қораштау десе де болады. Алайда, оның жан сарайы таза, жақсылығы, қайырым, кешірімі мол, кездесіп тілдескендердің бәрі оны сыйлап, бүкпесіз сырласып жүре беретіні де содан. Мұндай жігіт алдамайды, жарға жығып, жер соқтырмайды. Сырға берік, ақылға серік адам.

Ал, оның қасындағы Қараш Беков - көрікті де білікті, сөзуар жігіт. Бірақ мұның жан түкпірінде тазалық жоқ. Өзін-өзі көзге ұрып, озық көрінгісі келеді. Шіркімбайдың оны «Дүрегей» деуі де тегін емес Бірде жалтаң, бірде тарпаң тұрлаусыз мінез бар. Содан болар, өз ауылдастары, сағынып көрісуге тиіс туыстары аз уақытта-ақ одан сырт айналып, сырдаң тартып шыға береді.

Шығармадағы сүйекті, сом тұлғалардың бірі- Біркімбай . Ол-турашыл, бір мінезді қажырлы адам. Жығылған жағынан тұрып келуі екі талай. Бірақ кек сақтамайды, кешірімді. Мынау тіршілікте ол өзі өмірдің мәні деп ұққан бір-ақ нәрсесі бар - ол жүйрік ат. Ол үшін ең керекті түлік - жылқы. Мінсең - көлік, шапсаң - жел, ішсең - дәрі. Бұл ата-бабасынан бері сүйекке сіңген дағдысы, одан ол айнымақ емес.

Енді колхоз боп, жаңа бағыттағы шаруашылық құрғанда да, сол әдетінен жаңылмайды. Жылқының керегі жоқ деген кісі - оның ең бірінші жауы. Ал, Ақбоз үшін туған қызына қаталдық етсе - ол пендешілігі. Оның осы пендешілігі көрінбесе, кейіпкер ретінде кімді сендірмек, қай оқушының көңілінен шықпақ? Ол қаталдығын өзі де айыптайды. Осы күнге дейін қысылады да. Бірақ, Ақбоз үшін қаталдықтыда өз басы кешірер еді.

«Ақбоз ат» шығармасының басты идеясы

«Ақбоз ат» романы, негізінен, жылқышылар өмірін суреттеуге арналған. Жылқышылардың өмірі мен тіршілігі, арманы мен мұраты журналист Елеусіздің көргендері мен көңілге түйгендері арқылы беріледі. Соған орай, романда Елеусіздің кәсіби қызметі айналасындағы жайларға да орын беріледі. Сөйтіп, романда бір емес, бірнеше кәсіп иелерінің өмірінің шындықтары қамтылады.

Роман кейіпкерлерінің басынан өткен түрлі өмір өткелдері де композициялық тұрғыда шебер суреттеледі. Солардың бәрінің ортақ арнасы, басты өзегі болып ауыл өмірі, жылқышылардың тіршілігі, солардың қилы тағдырлары алынады. Бұл орайда жазушы тек жүйрік жайын, тұлпар тағдырын ғана тамашалап кетпейді, жалпы жылқы малының түлік ретіндегі ерекшелігін, даралығын ашуға да үлкен мән береді. Осындай бір эпизод романның басында, журналист Елеусіз жылқышылар ауылына келген сәт аясында беріледі.

«Түнеген үйінен ұзаңқырап шығып кеткен қонақтар бастау басында шұрқыраған жылқыға қарай бұрылды. Кілең алқаракөк, алшақ кеуде, ботатірсектер қамыс құлағын тігіп, үріккен еліктей еліріп тұр. Танауларының желбіреп, кеудесінің болмашы алқынғанына қарағанда алаңсыз жайылып жатқан үйір емес, шамалы бүлік көрген үйір сияқты» (Т. Ә., 18)

Жылқы үйірінің осы көрінісі, осы күйі жылқылы ауылда өскен Елеусіздің көргені мен көңіліне түйгені бойынша берілген. Бұлар келгенде аз ғана бұрын жылқышылар үйірден бір биені ұстап алған екен. Бірақ асау бие айдауға да, байлауға да көнбей бұрқынуда. Үйірдің үрпиісіп тұрғаны осымен байланысты болып шығады. Жазушы жылқы үйірінің үркулі күйін, оның себебін тектен-тек суреттемейді. Осы көрініс арқылы басталатын басқа бір жайды алға тартады. Асау қаракөк бие жетекке де жүрмейді, айдауға да көнбейді, біресе оқыранып, біресе кісінеп, біресе тартынып, біресе бұлғақтап үйіріне қарай тартыншақтай береді. Бұдан кейінгі жайды жазушы былай суреттейді:

«- Үйірін қия алмай, бақұлдасып бара жатыр жануар!» - деді Біркімбай көңілі босап.

Қаракөк бие жүз метрдей ұзап шыққанда, артында қалған қара жабағысы шырылдап, үйірінен жырылып шықты. Біркімбай алдынан шығып қақпайлап, жылқы ішіне қуып тастады. Қара жабағы шалғайлап бара жатқан енесін қоңыраулы нәзік үнмен тағы да жоқтап еді, ана жақтан, мына жақтан кісінеу көбейіп. Екі-үш үйір жылқы азан-қазан болды да кетті . . .

Қаракөк бие мүлде қырсауланып, қырсығып қалды. Басынан тартқан, сауырынан сойқылдаған адамдарға ерегіскендей, кекжеңдеп, керенаулап ілгері қарай өндірімді жүріс бермеді.

Бұл жақтан қара жабағы да жырыла қашқақтайды. Құйрығын шаншып, жібек жалы желбіреп, шырқ айнала шауып шырылдайды.

Бір уақытта қара жабағы Біркімбайға қайыру бермей, қаңғалақ атып, шеттеп шығып кетті. Дәл сол сәтті күтіп тұрғандай, недәуір алыстап қалған қаракөк бие оқыс жұлынып, екі адамның арасынан тулап шығып кетті. Ноқтаның үзілген бауы толарсағын соғып бара жатыр.

Қаракөк бие жабағысына келіп жабысты. Емшектен баяғыда шығып кеткен құлыны бауырына енді. Енесі оқыранып, құлынының сауырынан иіскеді. Жайшылықта жаутаңдап, жалтаңдап тұратын нәркес көзі жасқа толып, жанарын қашырды . . .

Жирен сақал Нұрша келіп қаракөк биенің ноқтасына жармасқанда, ақ сақалды Біркімбай:

-Тарт қолыңды! Бұл биені енді саған жетектетіп жібере алман! - деп саңқ ете қалды. (Т. Ә., 19-20)

Берілген үзіндіде айрықша назар аударды қажет ететін тұс - құлын мен ененің бір-бірін қимаған, бірінен-бірі көз жазып қалғысы келмеген қимас түйсігі. Биенің құлынына, құлынның енесіне шырқырап ұмтылған, шыбын жандары шырылдап бұлқынған қылықтарында қайсібір адамдарға біте бермейтін асыл түйсік, қасиетті сезім жатыр деуге болар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеттану ғылымы және абайтану мәселелері
Т.Әлімқұлов сыншы және әдебиет зерттеушісі
Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық психологизм
КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
Қазақ прозасындағы кейіпкер болмысы және авторлық ұстаным. Суреткерлік шеберлік және көркемдік әдіс-тәсілдер
Қазақ прозасындағы қазақтың сал - серілері жайында жазылған шығармаларға тоқталу
Тәттімбет Қазанғапұлының өмірі мен шығармашылығы
ШАҒЫН ПРОЗАДАҒЫ АУЫЛ ӨМІРІ ЖӘНЕ ОНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗ
Жазушы шығармашылығы және жариялануы
Қасым Аманжолов - қазақтың ұлттық ақыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz