Ақпараттың қасиеттері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Ақпараттық технология және энергетика жоғары мектебі
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
БАЯНДАМА

Тақырыбы: Ақпарат және информатика пәні

Орындаған: Исақ А.
Тобы: ИП-16-6к2
Қабылдаған: Ермекбаева Г.

Шымкент 2017
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Ақпарат туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
Ақпаратқа қолданылатын негізгі амалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
Ақпараттық ресурстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
Ақпараттың қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
Ақпарат берілуінің сызбалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
Информатика пәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6 -7
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

Кіріспе

Ақпарат (лат. informatio - түсіндіру, мазмұндау) - ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білiм, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты.
Информатика - компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану зандылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы. Компьютерді жасап шығару мәселелерін, оны пайдалану зандылықтарын, ғылыми ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиетін, сондай-ақ оның жаратылу, түрлену, жеткізілу және адамзат қызметінің әр түрлі саласында пайдаланылу заңдылықтарын зерттейтін пән.

Ақпарат термині туралы жалпы түсінік

Ақпарат термині латынның information - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез-келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз. Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат - таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз - бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз. Сонымен, Ақпарат - белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.
Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін - дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі. Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байланысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.
Ақпараттың бағалылығы - оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады. Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі. Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б.
Компьютердегі барлық ақпарат тек қана екiлiк санау жүйесінде өңделедi. Екiлiк санау жүйесінің сандарын Бит (Bit) деп айтамыз. 1 Байт (Byte) 8 Биттен тұрады. Ақпараттың негiзгi бiрлiгi Байт болып есептеледi. Байтта тек қана бiр символ сақталады. Мысалы, 7 сыныптың информатика оқулығы 240 беттен тұрады, ал әр бетте 38 қатар, әр қатарда 68 символдан бар. Оқулықта ешқандай да сурет жоқ, тек қана мәтіннен тұрады деп есептесек, онда 240*38*68=620 160 символ немесе 620 160 байт, яғни 620 Кбайт ақпараттық мәлімет бар.
Ақпараттың қоғамдағы маңызы аса зор, ақпаратсыз ғылыми-техникалық прогрестің және экономикалық дамудың болмайтыны, адам толық қанды өмір сүре алмайтыны анық.

Ақпаратқа қолданылатын негізгі амалдар

Ақпараттың аса қажеттілігі - адам өмірінде және оның қызметінде белгілі бір мәселе жөнінде дұрыс шешім қабылдау қажет болғанда жиі кездеседі. Ақпаратты пайдалану және онымен жұмыс істеу белгілі бір амалдарды орындауды қажет етеді. Ақпаратқа қолданылатын негізгі амалдар мыналар:
-- ақпаратты жинақтау және құрастыру;
-- ақпаратты сақтау;
-- ақпаратты компьютер жадына енгізу;
-- ақпаратты компьютерде бейнелеу;
-- ақпаратты компьютер жадынан шығару;
-- ақпаратты берушіден пайдаланушыға жеткізу;
-- ақпаратты өңдеу;
-- ақпаратты қорғау.
Ақпаратқа қолданылатын амалдардың тізбегін ақпараттық процесс, ал оны жүзеге асыратын жүйелерді ақпараттық жүйелер (системалар) деп атайды.

Ақпараттық ресурстар

Ақпараттық ресурстар дегеніміз ақпараттық жүйелердегі (кітапханалардағы, архивтердегі, қорлардағы, деректер базалары мен банктеріндегі және т.б) жеке құжаттар мен олардың жиындары. Қысқаша айтқанда, ақпараттық ресурстар деп ақпараттық жүйедегі жалпы көпшілік пайдалана алатын ақпарат жиынын айтады.
Ақпараттық ресурстың материалдық ресурстан ерекшелігі - қоғамның дамуының нәтижесінде, егер материалдық ресурстардың көпшілігі азайып немесе таусылатын болса, ал ақпараттық ресурстар пайдаланғаннан азаймайды, керісінше, дамып көлемі арта береді.

Ақпараттың қасиеттері

Дәлдiгi - iстiң ақиқаттық жағдайын толық ашу керек.
Толықтығы - ақпаратты түсiнуге және белгiлi бiр шешiм қабылдауға жеткiлiктi болуы керек.
Бағалылығы - ақпаратты пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше аламыз.
Түсiнiктiлiгi - ақпараттың пайдаланушыға түсiнiктi тiлде жазылуы.
Объективтілігі және субъективтілігі. Мысалы, фотодағы табиғаттың суреті не құбылысы бізге объективті ақпарат береді. Ал адам салған бұл табиғат суреті объективті бола алмайды. Ақпатараттық процесс барысында ақпараттың объективтілігі әр қашан төмендейді. Мысалы, құқық пәндерінде бір оқиғаны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология. Оның ұғымы, мақсаты, принциптері, түрлері
Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Ақпарат, ақпарат түрі, қасиеттері
Ақпараттың түрлері
Ақпаратты жинақтау, беру, өңдеу және сақтау процестерінің жалпы сипаттамалары
Ақпарат азаматтық-құқықтық қатынастар объектісі ретінде
Ақпараттық процестер және олардың моделдері
Ақпарат және оның қасиеттері
Ақпарат және оның түрлері
Ақпараттың мөлшерінің өлшем бірліктері
Пәндер