Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне арналған бағдарлама құру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Ф. 7.04-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне арналған бағдарлама құру

Пәні: Қосымшалардың өзара әрекеттесу интерфейстері

Мамандығы 5B070400–Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету

Орындаған Исақ А. С. ИП-16-6к2
(студент а.ж.т., тобы)
Жетекші Дуйсенов Н. Ж.
(а.ж.т., қызметі)
Жұмыс келесі
бағаға қорғалды ___________
___ ______________

Нормабақылаушы
__________________________
(а.ж.т.)
Комиссия:

_____________________________
(қолы, а.ж.т)

_____________________________
(қолы, а.ж.т)

Шымкент - 2018 ж.
Ф.7.04-04

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы

БЕКІТЕМІН
ЕТжБҚ каф.меңгерушісі
ф.-м.ғ.к., доцент Ахметова С.Т.
_________________________
_________________20__ж.

курстық жұмысқа
ТАПСЫРМА №8
Қосымшалардың өзара әрекеттесу интерфейстері пәні бойынша

Студент Исақ Абзал Сейілбекұлы тобы ИП-16-6к2
(ф.а.ж.)
Тақырыбы: Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне арналған бағдарлама құру
Бастапқы деректер: курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

№ Түсініктеме жазба мазмұны Орындалу көлемі
мерзімі (беттер саны)
1 Кіріспе 10.11.18 2
2 Теориялық бөлім 10.11.18 6
3 Практикалық бөлім 15.11.18 9
4 Қорытынды 02.12.18 1

№ Графикалық бөлім мазмұны Орындалу Беттер Формат
мерзімі саны
1 Бағдарлама формалары 05.12.18 7 А4

Әдебиеттер: 1. Матаев С. Delphi 7 Бағдарлама құру негіздері: Оқу құралы
С. Матаев - Қарағанды, 2005. – 271б.
2. Культин, Н. Б. Основы программирования в Delphi 7 Н.Б. Культин. -
СПб.: БХВ-Петербург, 2013. - 640 с.
3. Hodges N. Coding in Delphi Nick Hodges. - Nepeta Enterprises, 2014. –
242 p.

Тапсырма берілген күні 28.09.18
Жұмыстың қорғалу күні 13.12.18
Жұмыстың жетекшісі т.ғ.к., аға оқытушы Дуйсенов Н. Ж. v
(қызметі, а.ж.т., қолы)
Тапсырманы орындауға қабылдаған
28.09.18
(студенттің қолы, уақыты)
Ф.7.04-06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті

Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебі

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасы

БЕКІТЕМІН
ЕТжБҚ каф.меңгерушісі
ф.-м.ғ.к., доцент Ахметова
С.Т.
_________________________
_________________20__ж.

курстық жұмысты қорғау
ХАТТАМА №____
Пәні: Қосымшалардың өзара әрекеттесу интерфейстері.
Студент Исақ Абзал Сейілбекұлы тобы ИП-16-6к2
(а.ж.т.)
Курстық жұмыс тақырыбы: Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне арналған
бағдарлама құру
Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауаптар алынды:
1._________________________________ _______________________________
2._________________________________ _______________________________
3._________________________________ _______________________________

Курстық жұмысты орындау барысында жинаған балы (мүмкін болған 60 баллдан)
___________, қорғау бағаланады (мүмкін болған 40 баллдан) __________ балл.
Қосынды балы _______________.

Жұмыстың бағасы ___________________________.

Курстық жұмыстың жетекшісі _________________________

Комиссия мүшесі ___________________________________

Комиссия мүшесі ___________________________________

Қорғалу күні __________________ 20__ж.

Аннотация

Курстық жұмыстың тақырыбы Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне
арналған бағдарлама құру.
Құрастырған: ИП-16-6к2 тобының студенті Исақ А. С.
Курстық жұмыс жетекшісі: т.ғ.к., аға оқытушы Дуйсенов Н.Ж.
Қорғалған уақыты: 13 желтоқсан 2018 жыл.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Курстық жұмыста құрылған жылжымайтын
мүлік агенттігінің жұмысын автоматтандыруға арналған бағдарламалық
қамтамасыздандыру болып табылады. Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыз ету кафедрасында орындалған Жылжымайтын мүлікті сату
агенттігіне арналған бағдарлама құру арнайы бағдарламасында сатылатын
жылжымайтын мүліктердің тізімі, жаңа жылжымайтын мүліктер туралы деректерді
енгізу және белгілі бір параметрлер арқылы іздеу немесе сұрыптауға
арналған. Бағдарлама қарапайым және түсінікті түрде жасалған. Бағдарлама
жылжымайтын мүлікті сату агенттігінің жұмысшыларының еңбегін жеңілдетеді
және еңбек өнімділігін жоғарылатады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыста қазіргі заманға сай жылжымайтын
мүлік агенттігінің шартын қанағаттандыратын жылжымайтын мүліктер мен олар
туралы нақты мәліметтерді қарау, өзгеріс енгізу, жаңа мәліметерді енгізу
мен іздеу жұмыстары жүргізілетін бағдарламалық қамтама көрсетілген.
Жүйе Delphi 7.0 бағдарламалау ортасын қолданылуымен іске асырылды.
Бағдарлама жазылуы барысында қолданушының ыңғайлығына және достық интерфейс
тұрғызуға көңіл бөлінді.
Курстық жұмыс анықтамалық жазбасы 33 беттен, оның ішінде 13 суреттен
және 1 кестеден тұрады.
Мазмұны

Нормативтік 6
сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Белгілеулер мен 7
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
Негізгі 10
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
1 Теориялық 10
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Delphi 7 бағдарламалау 10
тілі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .
1.2 Құрастырылып жатқан бағдарламаның 12
арналуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Бағдарламалық және аппараттық құралдарды таңдау және 12
негіздеу ... ... .
1.4 Техникалық 15
тапсырма ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
2 Практикалық 16
бөлім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
2.1 Құрастырылған бағдарлама 16
алгоритмі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Файлдық жүйенің физикалық 17
құрылымы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Бағдарлама 17
интерфейстері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
2.4 Бағдарламаны нақты мысалда 18
тексеру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер 26
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
Нормативтік сілтемелер

Бұл курстық жұмыста келесідей стандарттарға сілтемелер жасалған:
1. ГОСТ 7.32-2001. Ақпарат бойынша стандарттар жүйесі. Ғылыми-зерттеу
жұмыстарының есебі. Құрылымы мен рәсімдеу ережесі. (Қазақ сертификаттау
және стандарттау институты РММ)
2. СМЖ ОҚМУ ПР 7.04-2015 Оқу сабақтары. Сабақтарды өткізу мен
мазмұны, ұйымдастырудың негізгі шарттары.
3. Қосымшалардың өзара әрекетесу интерфейстері пәні бойынша курстық
жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау. ОҚМУ, 2017 ж.
Анықтамалар

Бұл курстық жұмыста келесідей терминдерге сәйкестік анықтамалары
қолданылған:
Бағдарламалық қамтама - есептеуіш техниканы тиімді қолдануды
қамтамасыз ететін және функционалдық есептерді шешуге арналған күнделікті
қолданылатын бағдарламалар жиынтығын құрайды. Бұл жүйе қолданушыға жұмыста
барлық ыңғайлы жағдайды қамтамасыз етуі тиіс.
Деректер қоры - компьютер арқылы тез арада іздеу және керек құжатты
алу мүмкіндігін арттыру үшін ұйымдастырылған деректер мен ақпараттар
жиынтығы.
Жылжымайтын мүлікті сату агенттігі - сатушы мен жылжымайтын мүлік
нарығындағы соңғы сатып алушы арасындағы делдалдық қызметтерді жүзеге
асыратын мамандандырылған коммерциялық ұйым болып табылады.

Белгілеулер мен қысқартулар

Бұл курстық жұмыста келесідей белгілеулер мен қысқартулар қолданылған:
ЭЕМ – электронды есептеуіш машина;
БҚ – бағдарламалық қамтама;
ОБП – объектіге бағытталған программалау;
ОЖ – операциялық жүйе.
Кіріспе

Қазіргі замандағы адамдар өмірін технологиясыз елестету мүмкін емес.
Адам мен оның өмірін қамтитын барлық салаларда қолданылатын технологиялар
XXI ғасырдың басты жетістігі деп тануымызға болады. ЭЕМ пайда болуынан
бастап, соңғы үлгідегі түрлі гаджеттер мен құрылғылар күнделікті
атқарылатын жұмыстарды тез, жылдам орындауға, автоматтандыруға, әрі уақытты
тиімді пайдалануға өз ықпалын тигізуде. Жыл санап технологиялардың
атқаратын қызметтері мен мүмкіндіктері дамуда. Осыған орай жарық көрген
елбасымыздың Цифрлы Қазақстан бағдарламасында Қазақстанда онлайн-сауда,
мобильді банкинг, халыққа цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау,
білім беру ісінде қолданылатын және басқа да салаларда қолданылатын цифрлы
технологияны дамыту керектігі айтылған.
Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Цифрлы Қазақстан
бағдарламасында келтірілгендей, барлық салаларда цифрлы технологияны
дамытудың маңызы зор. Соның бірі жылжымайтын мүлікті сату агенттігінің
жұмысын автоматтандыру. Бағдарлама арқылы агенттіктің қызметкерлерінің
көптеген мәліметтермен жұмыс атқаруын жеңілдету өзектілігі пайда болады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы. Курстық жұмыста құрылған жылжымайтын
мүлік агенттігінің жұмысын автоматтандыруға арналған бағдарламалық
қамтамасыздандыру болып табылады. Есептеу техникасы және бағдарламалық
қамтамасыз ету кафедрасында орындалған Жылжымайтын мүлікті сату
агенттігіне арналған бағдарлама құру арнайы бағдарламасында сатылатын
жылжымайтын мүліктердің тізімі, жаңа жылжымайтын мүліктер туралы деректерді
енгізу және белгілі бір параметрлер арқылы іздеу немесе сұрыптауға
арналған. Бағдарлама қарапайым және түсінікті түрде жасалған. Бағдарлама
жылжымайтын мүлікті сату агенттігінің жұмысшыларының еңбегін жеңілдетеді
және еңбек өнімділігін жоғарылатады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Бұл жұмыста қазіргі заманға сай жылжымайтын
мүлік агенттігінің шартын қанағаттандыратын жылжымайтын мүліктер мен олар
туралы нақты мәліметтерді қарау, өзгеріс енгізу, жаңа мәліметерді енгізу
мен іздеу жұмыстары жүргізілетін бағдарламалық қамтама көрсетілген.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазіргі таңда барлық мәліметтер мен
ақпараттар цифрлы түрде сақталынатынын ескере отырып, жылжымайтын мүлікті
сату агенттігінің қызметкерлірінің жұмысын жеңілдету және автоматтандыру.
Курстық жұмыстың міндеттері. Бағдарламаны құрастыру үшін Delphi 7
программалау ортасын таңдау, оның мүмкіндіктеріне шолу жасап, оларды
талдау, тақырыпқа сай техникалық тапсырма құру. Қойылған техникалық
тапсырманы орындау барысында БҚ-ны жобалау, жүзеге асыру, бағдарлама
қауіпсіздігін қарастыру.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі. Delphi ортасындағы деректор қоры
мен компонеттерімен жұмыс жасау. Жылжымайтын мүлікті сату агенттігіне
арналған бағдарламалық қамтамалар және интернеттегі түрлі хабарландыру
сайттары.
1 Теориялық бөлім

1. Delphi 7 бағдарламалау тілі

Әлемдегі көптеген бағдарламалаушылар Delphi программалау ортасында
жұмыс істейді және олардың көп бөлігі Delphi-де деректерді өңдеуге және
сақтауға арналған программалар құрады. Күнделікті коммерциялық және жеке
деректерді санамағанда (адам аттары, мекен-жайлар, есепшоттар) визуальды
интерфейс көмегімен жұмыс істеу қажет болатын көптеген мәліметтер бар:
дыбыстық файлдар, видеолар, WEB-парақшалар және т.б. Осындай көп ақпарат
арасында өзімізге керекті мәліметтерді алу үшін, оларды өңдейтін
программалар қажет.
Программа құруға ыңғайлы тамаша ортаның бірі – Delphi ортасы. Оны оқып
үйрену, түсіну және логикалық ойлауға өте қарапайым, әрі жеңіл. Оның
қызықты рекурсивті мүмкіндіктері, сонымен қатар қызықты есептер шығару
мүмкіндіктері бар. Delphi программалау тілдері арасындағы ең алғашқы
қарапайым және пайдалануға ыңғайлы тіл болып табылады. Бұл тіл жоғарғы және
төменгі деңгейлі тілдер арасындағы бөгетті бұзып, әр түрлі бағдарламаларды
тез және жылдам құруға мүмкіндік берді. Delphi – құрылымдық, объектіге
бағытталған бағдарламалау тілі. Қолдану ортасы қолданбалы бағдарламалық
қамтамасыз етуді жазу болып табылады. Бастапқыда Object Pascal деп аталды.
Дегенмен, қазіргі уақытта Object Pascal термині Delphi бағдарламалау
ортасының тілінде жиі қолданылады. Delphi 7 нұсқасынан бастап, Borland
ресми құжаттарында Object Pascal тілін белгілеу үшін Delphi атауы қолданыла
бастады. Delphi бағдарламалау ортасын жылдам, ыңғайлы және визуальды құру
ортасы деп те атайды. Себебі ол компилятормен бірге редактор және көптеген
дайын программалар жиынтығынан тұрады. Delphi-де шамамен 200-ге жуық дайын
компоненттер бар [1].
Бастапқыда Delphi программалау ортасы тек Windows қосымшаларын әзірлеу
үшін ғана жасалды, содан кейін Linux платформалары үшін (Kylix сияқты) іске
асырылды, бірақ 2002 жылы Kylix 3 шыққаннан кейін әзірлеу тоқтатылды және
Delphi 2007 шыққаннан кейін Microsoft.NET үшін де қосымшалар әзірлеу
тоқтатылды.
Delphi ерекшелігі: көптеген Delphi-де құрылған программалар негізінен
өндіріс және бизнес есептерін шешуге бағытталған. Бұл мәліметтер қорымен
және есеп беру жұмыстары басты шешілу керек есептер болып табылады.
Жоғарыда айтылғандай бизнес және өндіріспен тығыз байланысты
болғандықтан пайдаланушылар өздерінің есептерін шешу үшін өте ыңғайлы
программалау ортасын тапты. Delphi-дің Visual Basic және C++ сияқты
қолданушы интерфейсі бар. Қазіргі таңда көптеген өндірістік мекемелер
өздерінің бағдарлама интерфейсінің стандарты ретінде осы бағдарламалау
ортасын қабылдады. Delphi ортасында қолданушы интерфейсі визуальды
құрылады, соның нәтижесінде бағдарлама құрушы өз программысының визуальды
көрінісін жасай алады. Delphi-де басқа да қазіргі бағдарламалау тілдері мен
орталары сияқты, ОБП-ға негізделген. Программа құру барысында дайын
компоненттерді, олардың қасиетін, әдістерін және алдын-ала анықталған
оқиғаларды пайдалану арқылы аз ғана программа кодымен берілген
тапсырмаларды орындауға болады. Программа құрушы өзінің программасының
қолданушы интерфейсін құру барысында көп уақыт үнемдей алады. Delphi
қолданушыға өте ыңғайлы, тез программа құруға мүмкіндік береді [2].
Delphi ортасын іске қосқаннан кейін экранда бағдарламалау ортасының
төрт терезесі (Сурет 1) пайда болады:
1. Негізгі терезе (Project1)
2. Обьектілер инспекторының терезесі (Object inspector)
3. Форма конструкторының терезесі (form1)
4. Кодтар редакторының терезесі (Unit1.pas)
Экранның жоғарғы бөлігінде негізгі терезе орналасады. Онда құрал-
жабдықтар тақтасы (Standard, View, Debug және Custom) және компоненттер
палитрасы орналасады. Басты терезе Delphi жабылмайынша ашық тұрады. Басты
терезені жабу арқылы Delphi-ді жабамыз.

Сурет 1. Delphi программалау ортасы

Компоненттер палитрасындағы компоненттер арқылы бағдарлама құрылады.
Компоненттер Delphi программалау ортасының негізгі элементтері болып
табылады. Солардың көмегімен бағдарламаның пайдаланушы интерфейсін құруға
мүмкіндік береді. Delphi-ді іске қосқанда Standard палитрасы автоматты
түрде қолданушыға көрініп тұрады. Пайдаланушы өзіне ыңғайлы болу үшін
компонеттердің орның ауыстыра алады. Атап өтілген өзгерістер Palette
Properties терезесі арқылы іске асырылады.
Delphi-дің артықшылықтары келесідей: бағдарламаны өндеу жылдамдығы;
жасалған бағдарламаның өнімділігінің жоғарылығы; құрылған бағдарламаның
компьютер ресурстарын төмен деңгейде қажет етілуі; Delphi-де жаңа
компоненттер мен иструменттерді қосу арқылы бағдарламаның жұмыс жасау
қабілетін жоғарылату; Delphi-дің жеке құралдарымен жаңа компонент құрудың
мүмкіншілігі [3].

2. Құрастырылып жатқан бағдарламаның арналуы

Қазіргі таңда цифрлы технологияның дамыған заманы болғандықтан,
адамдар мен олардың өміріне қатысты салаларда цифрлы қызмет көрсету басты
рөл атқарады. Цифрлы қызмет көрсету XXI ғасырдың басты дертіне айналған
сыбайлас-жемқорлықтың алдын алу мен азайту жолында қосатын үлесі өте зор.
Осыған орай бағдарламалық қамтама жылжымайтын мүлікті сату агенттігінің
жұмысшыларына қызмет алушыларға тез және тиімді түрде қызмет көрсетілуі
мақсатында құрылған. БҚ-ның атқаратын функцияларына жылжымайтын мүлікті
сату агенттігінің жұмысшысына деректер қорында бар мәліметтерді қарауға,
керек болған жағдайда өзгеріс енгізуге немесе мүлдем өшіріп тастауға,
сонымен қатар сатушы тараптың өтінішімен жаңа деректерді қосуға, деректер
қорында бар мәліметтерге сатып алушы тараптың белгілі бір параметрлерге
қойған талаптарына сай іздеу жүргізу мүмкіндігі жатады. Жылжымайтын мүлікті
сатушы мен сатып алушы барда, жылжымайтын мүлікті сату агенттіктеріне
арналған бағдарламық қамтамалар нарықта өз құндылығын жоғалтпайды [4].

3. Бағдарламалық және аппараттық құралдарды таңдау және негіздеу

Бағдарламалық қамтаманы құрастыруға Delphi 7 бағдарламалау тілі әрі
ортасы, сонымен қатар Windows 10 ОЖ-сі таңдалынды. Windows 10 – Windows NT
отбасы құрамында Microsoft компаниясы әзірлеген дербес компьютерлер мен
жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйе. Қазіргі таңда Microsoft
ұсынған ОЖ-нің соңғы жаңа нұсқасы болып есептеледі.
Delphi ортасында деректер қорында жұмыс жасау үшін Database Desktop
утилитасы пайдаланылады. Database Desktop-ты ашқаннан кейін мәзір жолағында
File New Table командасын орындау арқылы жаңа кесте құрылады. Осы
команда орындалғаннан кейін кестенің типін таңдауға болатын Table Type
диалогты терезесі пайда болады (Сурет 2). Сіз өзіңіз қалайтын кез келген
кесте форматын таңдауынызға болады немесе таңдалған кесте типінің басқа да
нұсқаларын таңдау мүмкіндігі бар. Құрылып жатқан программа үшін Paradox 7
кесте типі таңдалынды

Сурет 2. Table Type диалогты терезесінде пайда болған таңдауға болатын
кесте типтері

Кесте типі таңдалғаннан кейін кестедегі өрістер мен олардың типін
таңдауға мүмкіндік беретін диалогты терезе пайда болады (Сурет 3).
Пайдаланушы өзіне қажетті мәліметтерді енгізіп, олардың типін көрсетіп қана
қоймай, енгізілетін мәлімет көлемі мен кілттік жолды таңдау мүмкіндігі бар.

Сурет 3. Мәліметтердің аттары мен типтерін таңдауға арналған диалогты
терезе

Paradox форматындағы кестедегі өрістер аты кеслесі ережелерге
бағынады:
- өріс аты 25 символдан көп болмауы тиіс;
- өріс аты басында пробел қоюға болмайды, тек арасында ғана, егер
деректер қорын болашақта басқа форматқа көшіру керек болса, онда
пробелді жол атына мүлдем қолданбаған жөн;
- өріс атында тік, квадратты немесе дөңгелек жақшаларды, сызықшаны,
сонымен қатар басқа символдар комбинациясын қолдануға болмайды.
Басқалармен салыстырғанда, Paradox кестелері өрістерге енгізілген
деректердің дұрыстығын автоматты түрде бақылауға мүмкіндік беретін түрлі
өрістер типтерінің ең бай жиынтығынан тұрады. Олардың тізімі Кесте 1-де
толығымен көрсетілген [5].
Кесте 1 – Paradox-тың өрістер типінің тізімі
Тип аты Мүмкіндігі
Alpha ұзындығы 1-255 байт аралығындағы символдардан тұратын
кез-келген деректер
Number 8-байттық сандық өріс, оның мәні оң және теріс болуы
мүмкін. Диапазоны -10308-ден 10308-ге дейін және сандар
көлемі 15 цифрдан аспауы тиіс
$ (Money) мәні оң немесе теріс болуы мүмкін сандық өріс. Әдетте
ондық бөлшек пен валютаны көрсету үшін қолданылады
Short -32768-ден 32767-ге дейінгі бүтін сандарды қамтитын 2
байттық сандық өріс
Long Integer -2147483648-ден 2147483648-ге дейінгі бүтін сандарды
қамтитын 4 байттық сандық өріс
# (BCD) BCD (Binary Coded Decimal) форматындағы деректерді
қамтитын сандық өріс. Есептеу жылдамдығы басқа сандық
форматтарға қарағанда сәл төмен, бірақ дәлдігі
әлдеқайда жоғары. Ондық разрядтан кейін цифр көлемі
0-ден 32-ге дейін бола алады
Date б.з.д 9999 жылдың 1 қаңтарынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік несие қызметтері
Ипотекалық несиелендірудің американдық моделі
Ипотекалық несиенің мәні
Электрондық үкімет деген не
Жер кадастрының мемлекеттік жүйесі
Жер учаскесінің құны
Коммерциялық банктердегі маркетингті жоспарлау
Активтің жіктеу санаты
Коммерциялық банктерде ипотекалық несиелеу механизмін жетілдіру
Коммерциялық банкттер
Пәндер